ПӘнінің ОҚыту-әдістемелік кешен



бет5/10
Дата05.03.2016
өлшемі1.15 Mb.
#42392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сурет 3.
Формуланы бір жолға төмен түсіргенде ұяшықтар атындағы қатар нөмері бір бірлікке артты: А1 А2-ге, В1 В2-ге түрленді. Формуланы оңға немесе солға жылжытсақ, ұяшықтар атындағы әріптік бөлік өзгереді. Мысалы:Формуланы С2 ұяшығынан Е2 ұяшығына көшірсе, ол С2+D2 формуласына өзгереді.

Абсолютті сілтеме. Кейбір жағдайларда қатысты сілтеме принциптерінің әрекетін тоқтатуға, сөйтіп формуланы көшіргенде ұяшық адресін өзгертуге (яғни қатысты емес, абсолютті) болатын жағдайлар қажет болды. Бұл жағдайда адресті бекіту әдісі қолданылады. Ол үшін ұяшық атына $ белгісі қолданылады. Ұяшық адресін толық бекіту үшін $ белгісі екі рет қолданылады. Мысалы: $В$2.

Тек бағанды ($В2) немесе тек жолды (В$2) бекітуге болады (өзгеріссіз қалдыру). Бұл жағдайларда формуланы көшіргенде адрестің бір бөлігі өзгермейді де, бір бөлігі өзгереді.

Мысал 4. Әлемнің әртүрлі еліне туристік жолдамалардың бағасы туралы мәліметтері бар кесте құру керек. Баға теңге және доллар түрінде көрсетілуі керек.Жолдамалар бағасы алдымен доллар түрінде, доллардың теңгеге қатысты курсы берілуі керек. Осы мәліметтер көмегімен жолдаманың теңгедегі бағасы шығарылады.

В1 ұяшығында теңгемен өрнектелген доллар курсының мөлшері сақталады. С3 ұяшығындағы формула жолдаманың теңге түріндегі бағасы доллар түріндегі баға мен доллар курсын көбейту арқылы есептеледі. С4,С5,С6 ұяшықтарына формуланы клавиатурадан енгізбей, С3 –тен көшіруге болады. Осындай көшіруден кейін кесте мына түрге келеді.






А

В

С


1

Доллар курсы




Теңгемен

2

Елдер

Доллар бағасымен

Теңге бағасымен

3

Англия




=В3*$В$1

4

Болгария




=В4*$В$1

5

Бельгия




=В5*$В$1

6

Бразилия




=В6*$В$1

Сорттау формулалардың орнын ауыстыруға әкеледі, бұл кезде сілтемелер өзгереді, ал абсолютті (бекітілген) сілтемелер өзгермейді.

Диаграммалар, мәліметтер анализі. MS Excel–де диаграммалар тұрғызу және тізімдер мен мәліметтер қорын жасау жолдарымен танысу.

Диаграмма - мәліметтерді көрнекті графиктік бейнелеудің құралы, ол бірнеше шамаларды немесе бір шаманың әртүрлі мәндерін салыстыруға қолданылады.

Көптеген диаграммалар тік бұрышты координат жүйесінде салынады. Горизонталь Х осінен тәуелсіз айнымалы (аргумент) мәні, ал вертикаль У осінен тәуелді айнымалыны (функция) мәні салынады. Бір суретке бір уақытта бірнеше диаграмма салынуы мүмкін.

Кестелік процессордағы сандық мәліметтерді графиктік өңдеу кезінде:



  1. Диаграмма салынатын мәліметтер облысын (блок) көрсету

  2. Алынған ұяшықтар блогынан мәліметтерді таңдаудың тізбектілігін анықтау (жол бойынша немесе баған бойынша)

Баған бойынша таңдалған Х координатасының мәні сол жақ ең шеткі бағандағы мәндерден алынады. Ал қалған бағандар У координатасының мәндері болып есептелінеді. Бағандар саны бойынша салынатын диаграмма саны анықталады. Жолдар бойынша диаграмма салынған ерекшеленген ең жоғарғы жол Х координата, ал қалғандары У координатаның мәні болып табылады.

5 әртүрлі диаграммаларды қарастырайық. Әртүрлі кітаптарда оларды әртүрлі атайды: дөңгелек, диаграмма, бағанды, ярусты (қабатты), сызықты және аудандар диаграммасы. Диаграмма түрлері негізінен көп, біз тек көп тарағандарды қарастырып отырмыз.



І Дөңгелек диаграмма бір нүктедегі бірнеше шамалар мәнін салыстыру үшін қолданылады, әсіресе, шамалар қосындысы бір бүтінді (100 %) құраса, дөңгелек диаграмма қолдану тиімді.

Мәліметті көрнекті етіп көрсетуге дөңгелек диаграмма әр уақытта тиімді емес. І-ден, бір дөңгелекте өте көп сектор болуы мүмкін, ІІ-ден, әрбір сектор бір-біріне жуық болуы мүмкін.



ІІ. Бағанды диаграмма - әртүрлі нүктедегі әртүрлі шамаларды салыстыру үшін қолданылады.

Бағанды диаграмма аты айтып тұрғандай бағандардан тұрады. Бағандар ұзындығы салыстыратын шамалардың сандық мәнімен анықталады.



ІІІ. Сызықтық диаграмма бірнеше шамалардың бір нүктеден екінші нүктеге өткен кездегі өзгерісін көру үшін қолданылады.

Бағандарды әртүрлі бояу орнына белгілердің әртүрлі (ромбик, үшбұрыш, крестик т.б.б), сызықтардың түрлі қалыңдығы мен типі (пунктир, тұтас, т.б) , түсі қолданылады.



ІV. Ярустық диаграмма (қабатты) бірнеше нүктелердегі бірнеше шамалардың қосындысын көрнекті түрде салыстыруға және ол шамалардың әрқайсысының қосындыдағы үшін көрсететін диаграмма түрін айтады.

Ярусты диаграмма жасау бағанды диаграмма жасауға ұқсас. Ярусты диаграммада бағандар бірінің қосында бірі емес, бірінің үстіне бірі орналасады. Осыған байланысты диаграмманың вертикаль және горизонталь өлшемін есептеу ережесі де өзгереді. Вертикаль өлшемі ең үлкен шама мәнімен емес, шамалардың қосындысының ең үлкен мәнімен анықталады. Ал бағандар саны тіреу нүктесіне тең; әрбір тіреу нүктесінде бір көп ярусты (қабатты) баған болады.



V. Аудандар диаграмманы - ярусты және сызықты диаграммалардың гибриді.

Ол әртүрлі шамалардың әрқайсысының және олардың қосындысының өзгерісін бір уақытта бақылауға мүмкіндік береді. Мұнда бағандар үздіксіз облыс құрап бір-бірімен жалғанады. Осыдан диаграмма облыстар немесе аудандар диаграммасы деп аталады. Әрбір облыс белгілі бір шамаға сәйкес келеді, оларды әр түрлі түспен бояп отырады.


Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). Негізгі ұғымдар. МҚБЖ - нің функционалды мүмкіндіктері. МҚБЖ - мен жұмыс істеу негіздері. Қазіргі кезде мәліметтер қоры (МҚ) және мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) терминдері тек компьютерлерге қатысты қолданылады. Жалпы мағынасында мәліметтер қоры терминін белгілі бір нышандарына байланысты біріккен акпараттардың кез келген жиынына қолдануға болады. Мысалы, мәліметтер қоры ретінде поезд козғалысының кестесін немесе сатып алушылардың тапсырысы және тапсырыстың орындалуы туралы мәліметтер тіркелген кітапты қарастыруға болады. Мұнда мәліметтер қоры ретінде анық біріккен мәліметтердің жиыны қарастырылады. Сондықтан сіздің жазу кітапшаңыз, оған ақпаратты кұрылымды түрде жазбасаңыз, ол мәліметтер қорыт болып есептелмейді.

Көптеген МҚ-да алғашкы деректерді жинақтау кестенің көмегімен іске асырылады, оның жолы — қойманың бір объектісі жайлы толық акпаратты, ал бағаны — объектінің бір сипаттамасын білдіреді. Кестенің жолы (бір объекті туралы деректер) жазу деп, кестенің объектілері сақталған белгілі бір сипаттамалардан тұратын баған өріс деп аталады.



Мәліметтер қорының негізгі белгісі — ондағы ақпараттың жылдам ізделуі. Егер абоненеттің тегі, аты және әкесінің аты белгілі болып, телефон нөмірін табу қажет болса, бұл ақпаратты Телефондық-адрес кітапшасынан аласыз. Алайда егер фирмаңызда, мысалы, компьютерлермен сауда жасайтын кісінің жай-жапсары тапсырыстар кітабында хронологиялық тәртіппен ретгелген болса, онда белгілі бір қалада тұратын клиенттердің тізімін алуға немесе соңғы үш айда сатып алушылардың көп сұранысына ие болған компьютерлердің моделін анықтауға біраз уакыт жұмсалады.
Мәліметтердің реляциялық қоймалары

Соңғы уақытта мәліметтер қорының ішіндегі ең көп тарағаны — реляциялық мәліметтер қоры. Реляциялық мәліметтер қорында ақпарат бір немесе бірнеше кестелерде сақталады. Кестелер арасындағы байланыс бір не бірнеше сәйкес өрістер арқылы жүзеге асырылады.

Реляциялық мәліметтер қорында кестенің әрбір жолы бірегей. Жолдардың бірегейлігін қамтамасыз ету үшін кілттер қолданылады, олар кестенің бір не бірнеше өрістерінен тұрады. Кілттер тізбектелген түрде сақталады, бұл іздеу кезінде кестенің жазуларына тікелей қатынауды қамтамасыз етеді.

Реляциялық МҚБЖ-нің негізгі ерекшеліктері:



  • Барлық мәліметтер кесте түрінде сақталады.

  • Әртүрлі сипаттағы мәліметтер түрлі кестелерде сақталады.

  • Қойма құратын кесте мәліметтері арасында қарым-қатынас (реляцияның) беріледі.

  • Әртүрлі кестелердегі ақпарат мәліметтері жаңа сұратулар құру кезінде қолданылатын жаңа кесте түрінде бірігуі және ұсынылуы мүмкін.

Реляциялық МҚБЖ-нің жайпақ кестелерден айырмашылығы:


Сипаттама

Жайпақ кестелер

Реляциялық ДҚБЖ

Бірнеше кестелердің негізінде талдау жасау

Мүмкін емес

Стандартгы операция - көп құралдар

Алынып отырған орын

Қосарланушы ақпараттың кажеттілігі есебінен үлкен

Жекелеп байланысқан кестелердің қоймасы салалары есебінен орынды үнемдеу

Қарапайым амалдарды орындау

Колмен немесе жартылай автоматтандырылған

(аз өнімділік)



Жартылай автоматтан-дырылған немесе автомат-тандырылған

(жоғары өнімділік)




МҚБЖ құралдары көмегімен орындай аласыз:

• Сізге қызығушылық тудырған ақпаратты таңдау. Мысалы, соңғы екі айдағы белгілі клиенттердің барлық сатып алғаны жайлы мәліметтерді ала аласыз.

• Бүкіл кестені немесе тек таңдап алынған жазбалар мен өрістерді әртүрлі пішімде басу.

• Кестенің мәліметтерін графикалық бейнелеу, мысалы, компьютерлердің түрлі модельдерін сату туралы мәліметтер.

• Есеп беруді дайындау немесе кестелерден мәліметтерді тандау процесінде түрлі есептеулерді орындау.
Мәліметтер қорын құру

МS Ассеss реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі болып табылады. Реляциялық мәліметтер қоры— қазіргі уақытта едәуір кең тараған және ақиқат өнеркәсіптік стандарт. Реляциялық мәліметтер қорында барлық мәліметтер тікбұрышты кесте түрінде сақталады әрі мәліметтер қорымен орындалатын барлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі, МS Ассеss-те мәліметтер қоры ақпаратты енгізу, сақтау, қарау, таңдау және басқару үшін арналған құралдар жиынынан тұрады. Бұл құралдарға кестелер, пішімдер, есеп берулер, сұратулар жатады.

МS Ассеss-те мәліметтер қорын құрудың екі тәсілі бар. Бос мәліметтер қорын құрып алып, оған кестелерді, пішімдерді, есептерді және басқа объектілерді қосуыңызға болады. Мұндай тәсіл едәуір қолайлы, бірақ мәліметтер қорының әрбір элементінен жеке айқындылықты талап етеді. Бұдан басқа, барлық кажетті кестелермен, пішіндермен және есептермен айқын түрдегі мәліметтер қорын шебердің көмегімен құруға болады. МS Ассеss сізге арналған түрлі мәліметтер қорынан тұратындықтан, екінші тәсіл көп жағдайда қолдануға ыңғайлы. Екі жағдайда да кез келген уакытта өзіңіз құрған деректер қоймасын өзгертуге және кеңейтуге мүмкіндігіңіз бар
Мәліметтер типтері

Өріс атауы кестелер мәліметтеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын мәліметтердің типін айқындауға мәліметтер типі пайдаланылады. Өрістің мәліметтер типі Мәліметтер типі бағаны өрісінде енгізіледі. МS Ассеss-те келесі типтердің мәліметтері мүмкін болып табылады:



  • Мәтіндік

  • Сандық

  • Ақшалай

  • Санауыш

  • Даталар/уақыттар

  • Логикалық

  • МЕМО өрісі

  • ОLЕ объектісінің өрісі

  • Гиперсілтеме

  • Ауыстырулар шебері

Әрбір мәліметтер типі конструктор терезесінің «Өріс касиетгері» бөлімінде бейнеленетін өз қасиеттерімен үлестіріледі.
MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кестелер, пішіндер, есеп берулер, сұратулар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Пішіндер мен есеп берулерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілері деп аталады. Конструкторлық объектілері құрама объектілері болып табылады, яғни басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар және т. б.). -

Кесте деректер қоймасының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.

Пішіндер пішін терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен пішінді, оған алдын ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Пішіннің конструкторы көмегімен кез келген күрделі дәрежедегі пішіндерді құрасыз.

Есеп берулер деректер қоймасында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістерді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп беруіңізді дайындайсыз.

Сұраныс деректер қоймасынан ақпаратты алады, әлі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалдық ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып, бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді аласыз.

Деректерге қатынау беті MS Access немесе Microsoft SQL Server мәліметтер қорында сақталған Интернет немесе Интранет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған WEB - парақтың арнайы түрін ұсынады.

Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, пішінді ашады немесе есеп беруді баспаға жібереді.
MS Power Point. Негізгі түсініктері. Функционалды мүмкіндіктері. Жұмыс істеу технологиясы. Терезе құрылымы, презентация жасау әдістері. PowerPoint - презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы бағдарламаларының бірі. Ол Microsoft Office пакетінің құрауышы болып табылады және презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға (кейін кодоскопта пайдалану үшін) немесе 35-миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған.

PowerPoint презентацияны жоспарлауға, жасауға және көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыға үлгілердің түрлендірілетін жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады, Ехсеl, Lotus 1-2-3 және АSСІІ файлдарынан импорттаумен қоса, көптеген импорт/экспорт пішімдері қолдау табады. Мәтінмен жұмыс істеу, графиктер құру, презентация схемасын жобалау міндеттері және тіркемеге алу механизмі қарастырылған.

Slide Master бағыныңқы жүйесінің көмегімен презентацияның жалпы көрінісін және пішімін басқаруға болады. Сұрыптаушы слайдтардың тізбегін беруге және олардың өте кішкентай кескіндерін қарауға, сондай-ақ бір презентациядан басқасына көшірме жасауға мүмкіңдік береді. Программа 84 стильдерінің бірін таңдауды және екі-үш өлшемді графиктерді тұрғызуды қамтамасыз етеді. PowerPoint-қа дыбысты сүйемелдеу (МСІ) және бейне (АVІ) кірістірілген (ОLЕ 2.0 арқылы). Бұл өнім барлық объектілерді тамаша басқаруды, яғни өлшемдерді өзгертуді, жоғары дәлдікпен айналдыруды, жылжытуды және т.б. қамтамасыз етеді. Оның нұскасында Microsoft-тың басқа қосымшаларымен ықпалдастыру жақсартылған, сондай-ақ Visual Basic for Application қолдауы іске асырылған.

PowerPoint презентацияның барлық құрауыштарын экранға шығаруға немесе басуға, сондай-ақ презентацияларды кейінірек WEB-серверде басып шығару үшін WEB-бет ретінде сақтауға мүмкіндік береді.

Презентация жасау ыңғайлы болуы үшін, PowerPoint-та бірқатар шеберлер, үлгілердің арнайы құралдары (үлгілер, дайындамалар) бар, оларда мәтінді пішімдеудің, түспен безендірудің әр түрлі элементтері, графикалық, объектілері мен клиптер кітапханасы бар. Іс жүзінде, презентация жасағанда пайдаланушының лайықты үлгіні таңдап, өз қажетіне үйлестіруі жеткілікті. Бұл үлгілерді түсті, кеңістікті, безендірудің пайдалану принциптерін жетік игерген кәсіби суретші-дизайнерлер жасайды.

Презентацияны көрсету слайдтарды белгілі реттілікте көрсету процесі болып табылады (слайдтардың нөмірлері өсуі ретімен болуы шарт емес), бұл жағдайда слайдтарды ауыстыру қолмен немесе автоматты түрде жүргізіледі. Пайдаланушы үрдісті презентацияны басқару панелі немесе слайдтар навигаторының көмегімен басқарады. Сондай-ақ, ол гиперсілтемелер слайдтарындағы тапсырмалар мен басқарушы батырмалардың көмегімен интерактивті презентация жасай алады. Егер аудитория өте үлкен немесе тыңдаушылар баяндамашыдан алыс отырса, онда презентацияны, бейне мен дыбыс сүйемелдеуімен қоса, Интернет бойынша компьютерге қосылған проекторды пайдалану арқылы (қосу үшін проекторлар мастері қолданылады) көрсетуге болады. Microsoft Outlook немесе басқа пошталық программаның көмегімен көрсетуді белгілі уақытқа қоюға болады.

Жазу кітапшасы сияқты құралды қолданса, онда презентацияны көрсету барысында хаттама жүргізуге, жазбалар жазуға немесе презентацияға арналған мәселелерді Outlook мәселелерінің тізіміне қосуға болады. Слайдтарға түсінік беретін жазбаларды және жазу кітапшасының мазмұнын басып шығару мүмкіндігі бар, бұл презентация өткізу кезінде тыңдаушылардың ілеспелі материалды зерттеуіне көмектеседі.

Яғни, PowerPoint презентацияныңWord құжатына айналуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде толық және әдемі есеп берулер болып табылады. Ал керісінше, Word құжаттарынан презентация жасауға мүмкіндік береді. Слайд жасау үшін Harvare Graphics немесе Lotus Freelance сияқты кұралдармен дайындалған материалдарды қолдану мүмкіндігі бар.

PowerPoint желідегі жеке компьютерлер үшін презентация өткізуге, жиналысқа қатысушыларды оның өткізілетін жеріне бару қажеттігінен босатуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік редакцияланып (дайындалып) жатқан презентацияны жылдам қарап шығуға, ал оны көрсету кезінде тіркелген қатысушылар слайдтарда қаламсаппен жазуына, сурет салуына болады және бұл әрекеттер қалғандарының бәріне көрінеді (бірлескен жұмыс тәртібі қосылған жағдайда).

Microsoft Office-дегі Microsoft NetМееtіng қосымшаның бірлесуі деректерді бірлесіп пайдалануға және нақты уақытта әр түрлі қалалардағы адамдардың бір бөлмеде отырғандай бір-бірімен алмасуына мүмкіндік береді.

Желі бойынша жиналысты Office-нің кез келген қосымшасынан бастауға болады. Оны Microsoft Outlook көмегімен алдын ала жоспарлауға немесе бірлесіп пайдаланылатын PowerPoint презентациясынан әр уақытта ашуға болады.

Жиналысқа шақырылған пайдаланушы желі бойынша өту күні мен уақыты көрсетілген және жиналысқа қатысуға ұсыныс жасалған хабарды алады. Егер пайдаланушы шақыруды қабылдаса, оның компьютерінің экранында Собрание по сети инструменттермен бірлесіп пайдаланылатын презентация пайда болады.

PowerPoint менюі Microsoft Office-нің басқа қосымшаларындағы менюлерге ұқсас. PowerPoint батырмаларының көбі кескІні мен кызметі бойынша Microsoft Office-нің басқа косымшаларының сондай батырмаларымен сәйкес келетін әр түрлі инструменттер панельдерін ұсынады.

PowerPoint менюі:



  1. Файл. Microsoft Office стандартты менюі (пошталық хабар жіберу, оған презентациялар орналастыру, презентацияны Word-қа командаларын коса жіберу);

  2. Түзету. Командалар: операция нәтижесін орындатпау қиып алу, көшіру, кірістіру, табу, ауыстыру, басқа файлдармен байланыс жасау және объектіні редакциялау.

  3. Түр. Презентация түрін тандау, инструменттер панельдерін, сызғыштар мен бағыттауыштарды басқару, сондай-ақ слайд үлгілерін, тақырыптарды, шығарып берулер мен жазбаларды қарау, бейнелеу масштабын өзгерту және т.б. командалары;

  4. Кірістірме. Презентацияға әр түрлі объектілерді кірістіру командалары (күнді, уақытты, диаграмманы, кестені, дыбысты, фильмді және т.б.);

  5. Пішім. Қаріпті, туралауды, мәтін интервалдарын немесе слайд объектілерін, тізім маркерінің түрін, фонды, түс схемаларын, безендіру улгілерін және т.б. өзгерту командалары;

  6. Сервис. Microsoft Office әдеттегі инструменттері, сондай-ақ PowerPoint-тың ерекше командалары (жазу кітапшасымен жұмыс істеу);

  7. Слайдтарды көрсету. Презентациядағы объектілермен, слайдтармен түрлі әрекеттер жасау командалары (анимацияны баптау, құрамдас анимацияны қолдану, слайдтарды алмастыру әсерлері, проекторлар шеберін пайдаланумен бірге презентацияны баптау);

  8. Терезе және анықтама. Microsoft Office қосымшасының стандартты командалары.

PowerPoint-ті жүктегеннен кейін, презентация жасау әдісін таңдауға арналған диалог терезесі пайда болады (жаңадан үйренуші Мастер автосодержанияны пайдаланғаны жөн, тәжірибелі пайдаланушы бос презентацияға шығуына болады).

Мастер автосодержания (автомазмұн шебері) пайдаланушының жаңа презентацияны кезең-кезеңімен жасауын қамтамасыз етеді. Оның көмегімен жасалынатын презентацияның түрін (стратегия, бизнес-жоспар, өнімдер сату немесе қызмет көрсетулерді сату жоспары, оқыту, есеп берулер құрастыру, нашар жаңалықтар туралы хабар, жалпы баяндама және т.б.); шығару әдісін (экранға, 35-миллиметрлік пленкаға, мөлдір қағазға, түрлі-түсті немесе ақ-қара кескін); презентация параметрлерін таңдауға болады.

Мастер автосодержания диалог терезесінен іске қосылады, сондай-ақ Файл-Создать-Презентации командасының көмегімен презентация түрін таңдау диалогтық терезеге кіріп, аталған презентация үлгілерінің бірін тандауға болады.

Презентация үлгісі дегеніміз — белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдтар (мысалы, өнімдер сату мен қызмет көрсетулерді сату, оқыту және т.б.) жиынтығы, түс схемалары және слайд мәтіндерінің схемалары. Іс жүзінде презентация шаблоны Мастер автосодержания-мен жұмыс істегенде де колданылады, оны тандау тиісті диалог терезесінде іске асырылады (үсынылған тізімнен немссе тікелей көрсетумен .роі қажетті файл кеңейтілуі бар), яғни шебер мен үлгі презентация құруды автоматтандыру қызметін атқарады, бірақ жұмысты әр түрлі кезеңдерде бастайды.

Пайдаланушы көрсеткен параметрлер бойынша Мастер автосодержания бастапқы презентацияның белгіленген слайдтары бар схемасын құрады. Пайдаланушы бұл слайдтардың мазмұнын өз қажеттіліктеріне қарай өзгертуі керек. Тышқан шертуден (мәтін енгізу аймағы) немесе екі рет шертуден (графикалық объект аймағы) тиісті редакциялау үшін белгі-толтырулар ашылады да, пайдаланушы оларға өзінің мәтінін енгізеді немесе өзіне кажетті объектіні кірістіреді.



Бос презентация — презентацияны «нөлден» құрады және кәсіби пайдаланушының жұмыс істеуіне арналған.

Презентацияны түрлі тәртіптерде қарап шығуға болады:



  • әдеттегі (жалпы құрылым-жоспарды, презентация сценарийін, ағымдағы слайд пен оған арналған жазбаны көрсету);

  • құрылымның (жалпы құрылымды, слайдтың кішірейтілген кескінін — миниатюраны және оған арналған жазбаларды көрсету, бұл слайдтың мәтіндік бөлігін жылдам өзгертуге мүмкұндік береді);

  • слайдтарды сұрыптау (слайдтардың бүкіл реттілігін (тізбегін) және презентациядағы олардың орналасу тәртібін өзгертуді қарап шығу);

  • слайд (ағымдағы слайдтарды қарау немесе өзгерту);

  • жазба беттері (әр слайдқа арналған жазба бетін толтыру немесе қарау үшін).

Бір тәртіптен басқаға өту Вид менюі командаларының немесе бірқатар батырмалардың (презентация терезесінің сол жағында төменде) көмегімен жүзеге асырылады. Бұдан басқа PowerPoint бір терезеде презентацияның әр түрлі көрсетілімдерін (слайдтары, құрылымын, жазба беттерін) біріктіре алады. Бұл презентация жасағанда слайд қосу, мәтінді редакциялау және ескертулер енгізу операцияларын орындауды, сондай-ақ оны редакциялағанда құжат бойынша жылжытуды жеңілдетеді.

Презентациялардың басым көпшілігі түспен көрсетуге арналған, бірақ таратып беретін материалды, әдетте, қара-ақ тәртіпте басады, өйткені экранда тамаша көрінетін көлеңкелі құюларды, боялған объектілер мен фондарды пайдалану басылымды оқуға ыңғайсыз етеді.

Слайдтарды басылып шығарылатын түрінде бейнелеу үшін (сұр түстің градацияларын қолданумен), слайдтар тәртібінде Вид-Черно-белый командасын орындау немесе оны контекстік менюден таңдап, безендірудің қажетті нұсқасын орнату керек. Мысалы, егер Авто таңдалса, фон жасырылады да, слайдта тек мәтін мен графика көрсетіледі. Егер Черный с белой заливкой таңдалса, сұрдың барлық реңктері объектілердің құюларымен қоса жасырылады да, ақ-қара түсте бәрі басылып шығарылады.

Ақ-қара тәртібінде жұмыс істеу кезінде енгізілетін өзгерістер экрандағы презентация түстеріне әсер етпейді. Сондықтан ең тиімді нұсқа — түрлі түсті презентация жасап, тарататын материалдарды ақ-қара принтерде басып шығару керек.

Презентацияның кез келген құрауышын басып шығару үшін оны ашып, Файл-Печать командасын беріп, басылатын объектіні: слайдтарды, шығарып беретіндерді, жазбалар беттерін нсмесе құрылымды көрсету керек. Содан кейін басылуға тиісті слайдтар тобы және басылатын көшірмелер саны белгіленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет