9,10 – дәріс.
Целлолитикалық ферменттік препараттар
Кейбір елдерде беттік әдіспен, негізінен Trichoderma viride саңырауқұлағының культурасын пайдаланып целлюлозаларды өсіру жолға қойылған. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде тереңдік культуралардан целлюлозалар алу әдістері көміртек көздері ретінде тазаланған целлюлозаны немесе құрамында целлюлоза бар табиғи субстраттарды пайдаланатын қоректік ортада целлюлозалардың редуцент-микроорганизмдерін өсіруді қарастырады. Бірақ ортаның негізгі компоненті ретінде табиғи целлюлозаны пайдаланатын тереңдік целлюлоза алу бірқатар технологиялық қиындықтарға әкеледі. Ал ферментация үшін тазаланған целлюлозаны пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз. Құрамында еритін «индуктор» болатын қоректік ортаны пайдалану рационалды шешім болып табылады. Мұндай қоректік орта қызметін сүт өнеркәсібінің қосымша өнімі-сүт сарысуы атқара алады, оның негізгі компоненті лактоза болып табылады. БКСР ҒА-ның микробиология институты және Латв КСР ҒА-ның А.Кирхенштейн атындағы микробиология Институты целлюлолитикалық ферменттердің препараттарын алу технологиясын дайындады. Алдын ала сүт сарысуынан ақуызды бөліп алады.
Продуцент ретінде БКСР ҒА-ның микробиология Институтында бөлініп алынған Trichoderma lignorum ОМ534 саңырауқұлағын қолдануға болады, ол құрамында целлюлоза бар табиғи субстраттарды ыдыратуға қажетті целлюлолитикалық ферменттердің толық кешенін (С1, С2, Сх компоненттерді де қоса алғанда) алуға мүмкіндік береді. Егу материалы ретінде орта көлемінің 5% мөлшерінде енгізілетін 1-2 тәуліктік мицелий немесе споралар өлшендісі қолданылады. Ортаның құрамы келесідей: құбыр суымен 3есе сұйылтылған ашық түстендірілген сүт сарысуы, NaNO3-0.3%, (NH4)2SO4-0.06%, MgSO4*7H2O-0.05%. Культивирлеудің оптимальды температурасы 29˚С.
Кесте-2. Аэрация ортасының ферментатордағы целлюлазаның биосинтезіне әсері
Аэрация ортасы- орта көлеміне ауаның көлем саны
|
Ферментация ұзақтығы, мин
|
Ортаның соңғы РН-ы
|
С2 целлюлазасының белсенділігі, 1мл культуралдық сұйықтықтың бірлігі
|
РВ-ның культуралдық сұйықтықтағы құрамы,%
|
0,5
1,0
1,5
2,0
|
60-66
60-62
54-60
60-62
|
7,4
7,6
7,8
7,9
|
1,8
3,1
2,0
1,3
|
0,20
0,05
0,10
0,05
|
2-ші кестеден көрінетіндей, целлюлаза синтезі ортаның бір көлеміне бір көлем ауа жіберген кезде ең белсенді деңдейде жүреді(араластырғыштың айналу жиілігі 280 айн/мин).
Ферментация ұзақтығы (культуралды сұйықтықтағы целлюлазалардың максимал белсенділігіне жету уақыты) 60-62 сағатты құрайды.
Сүт сарысуы бар ортада T.lignorum целлюлазасы синтезінің өзіндік ерекшелігі культуралды сұйықтықта 36-54сағ интервалында ферменттердің белсенді жиналуі және келесі сағаттарда белсенділіктің өте тез төмендеуі болып табылады. Культуралды сұйықтықтағы целлюлоза жиналуының максимумы уақыт бойынша орта лактозасын максималды тұтынумен және 7,6-7,8 РН-пен сәйкес келеді. Бұл кезде ферменттің белсенділігі 3,0-3,С2 бірлік/мл; биомасса концентрациясы 10-12г/л, ақуыз мөлшері 1,1мг/мл және культуралды сұйықтықтағы редуцирлеуші қанттардың мөлшері 0,1% .
Содан соң, бірнеше сағаттың ішінде (орташа 2-4) РН-тың 8,0-8,1-ге дейін жоғарылауы және целлюлаза белсенділігін 2есе бірден төмендеуі байқалады. Ферментацияның аяқталғанын 7,8РН және тығыз сары түсті мицелийдің сыртқы түрі мен түссіз культуралды сұйықтық бойынша білуге болады. РН-тың 8,0 және одан да жоғары көтерілуі мицелий автолизінің болжауымен және культуралды сұйықтықтың лайлануымен бірге өтеді. Ферментация аяқталған соң бірнеше сағатта культуралды сұйықтықтағы целлюлазалардың белсенділігінің бірден төмендеп кетуі ортада сарысу ақуыздарының болуы есебінен түзілетін протеолитикалық ферменттердің әсерінен болатын сияқты.
Культуралды сұйықтықтан целлюлазаларды тұндыруды ацетонмен, изопропанолмен және желатин қосылған танинмен іске асыруға болады. Ацетон, изопропонол мен этанолды пайдаланған кезде культуралды сұйықтықтың көлеміне тұндырғыштың үш көлемін қосу керек. Ортаның бастапқы рн 7,6-7,8, температурасы 10-15°С. Тұнбаны тұндырғышты қосқаннан кейін 20-30 минут өткен соң бөліп алады.
Аммоний сульфатымен өңдеуді 80% қанығуда, ортаның бастапқы рн 7,8 және температурасы 10-15°С жағдайда жүргізу қажет. Тұнбаны 3000-4000 айн/мин кезінде 10-15 минут бойы центрифугирлеу арқылы бөледі. Ферменттік тұнбаны меофильді немесе вакуум астында, 10-12% қалдық ылғалдылыққа дейін 25-30°С температурада кептіреді.
Целлюлазаларды түрлі тұндырғыштармен бөлу нәтижелері 21- кесте
Тұндырғыштар
|
Препараттың көлемі, 1 л/г культуралдық сұйықтық
|
Препраттағы белоктың көлемі %
|
Препараттың активтілігі 2, ед./г
|
Шығу активтілігі, %
|
Ацетон
Изопропанол
Этанол
Сульфат аммония
Танин мен желатин
|
1,5
1,8-2,3
0,9
3,0-3,2
2,0
|
33
35-41
38
12-25
80
|
70
140-150
60
580
750-600
|
10
17-20
8
90
50
|
Целлюлазаларды түрлі тұндырғыштармен бөлу нәтижелері 21- кестеде көрсетілген.Одан белсенділігі мен шығындылығы бойынша жоғарғы көрсеткіштерге сульфатпен және танинмен тұндырылған препараттар ие екені көрінеді. Бірақ сульфатпен тұндырылған препарт жоғарырақ меншікті белсенділікке ие, препараттың ең жақсы үлгілері келесі көрсеткіштерді көрсетті: с1 – 1000 бірлік/г, с2 – 800 бірлік/г, сх - 1000 бірлік/г (целлюлолитикалық ферменттердің белсенділігі Mandels, Weber бойынша бірліктерде берілген.
Культуралды сұйықтықтан целлюлазаларды биомассамен бірге тұндырғанда препараттың шығымы орташа 10 есе өсті, бірақ белсенділігі төмендеді.
Культуралды сұйықтықтан целлюлозаны бөліп алудың сульфат-изопропилді әдісін пайдалану жақсы нәтиже береді. Целлюлолитикалық ферменттерді бөлудің оптимальді жағдайлары келесідей: температура 4-150С, культуралды сұйықтықтың бастапқы рн-7-8, аммоний сульфатымен өңдеу ұзақтығы 12-16 сағат, изопропональды концентрациасы 10%. Бұл кезде ферменттің белсенділігі бойынша шығымы 75-80% құрайды, ал алынған ферменттік препараттың белсенділігі с1 – 1000, с2 – 1130 және сх – 3900 бірлік/г құрайды. Препараттың минимальды тұрақтылығын қамтамасыз ететін кептіру түрі салыстырмалы төмен температурадағы миофильді немесе вакуумдық кептіру болып табылады.
11,12 – дәріс.
Ферменттердің және микроорганизмдердің тұтас жасушаларын иммобилизациялау
Ферменттер биологиялық объектілерде көбінесе түрлі жасушалық құрылымдардың- жиі мембраналардың (жарғақ) бетінде бекітілген күйде болады. Осының әсерінен ферменттер өздерінің белсенділігін ұзақ уақыт сақтайды. Технологияда ұзақ уақыт бойы бос ферментердің препараттары қолданылады; мұндай күйде оларды пайдалану ұзақтығы қысқа болады- тек бір өндірістік цикл. Молекулалық биология жетістіктері көптеген ферменттердің құрылысын нақтырақ зерттеуге мүмкіндік береді. Ферменттік белоктардың бірқатарының аминқышқылдық құрамы, олардың кеңістік конфиграциясы ашылады, белсенді орталықтары, ферменттік каталитикалық белсенділігінің байқауында түрлі функционалды топтардың алатын орны анықталды және т.б. Бұл пролонгирленген (ұзақ) әсерлі ферменттер өндірісі үшін теориялық база құрылған мүмкіндік берді,оларды кейде иммобилизацияланған, фиксацияланған немесе байланған ферменттік препараттар деп атайды. Ферменттер иммобилизациясының мәні- оларды белсенді формада ерімейтін негізгі бекіту немесе жартылай өткізгіш мембраналық жүйеге орналастыру.
Ферментті тасымалдағышқа бекіту адсорбциялық жолмен, химиялық байланыспен немесе ферментті органикалық немесе бейорганикалық гельге (капсулаға және т.б.) механикалық жалғау жолымен іске асырылады және бұл кезде ферментті тек оның белсенді орталығына кірмейтін және фермент- субстратты кешенінің түзілуіне қатыспайтын функционалды топтар арқылы ғана бекітуге ғана болады. Ферментті тасымалдаушы немесе матрицадәнді материал, талшықты құрылым, иілгіш бет, қабыршық немесе маталар, ортасы бос талшықтар, құбырлар, капсулалар және т.б түрлерінде бола алады. Тасымалдағыш бөлшектерінің өлшемдері маңызды рөл атқарады. Үлкен бетке ие болу керек, сондықтан диаметрі 0,1-0,2 мм бөлшектерді қолдану ұсынылады. Фермент тасымалдағышы табиғи зат та, синтетикалық полимерде бола алады. Иммобилизация үшін целлюлоза мен оның туындыларын- қышқыл карбоксиметилцеллюлозаны, ацетилцеллюлозаны және т.б кең қоданады. Целлюлоза суда ісінеді және оның гидроксильді топтары фермент молекуласының белгілі бөліктерін қосып алады. Синтетикалық тасымалдаушылардан полимерлі ион алмастырғыш шайырлар түріндегі карбоксилді немесе сульфоксильді хлоридтерді, диазотталған полиаминостеринді, метакрил қышқылының нитратты сополимерлерін атауға болады.
Ферменттің иммобилизациялау процесін глюкоамилазаның ацетилэтилцеллюлозаның тасымалдағышымен байланысында көрсетуге болады. Тасымалдағашты ісіну үшін тәулік бойына дистелденген суға салып қояды. Содан соң ісінген ацетилцеллюлозаға араластыру қатысында алдымен рН 5,5 болатын натрийацетатты буфер, одан кейінгі тазаланған фермент ерітіндісін қояды; аралсатырған соң қоспаға көлденең тігуші агент-глутарлы альдегид қосады. Соңғысы тасымалдағыштың амин тобы мен ферменттік белоктың карбоксильді тобының арасында амидтік байланыс түзеді бірнеше сағаттан соң алынған препаратты кезекпен тасымалдағышта сорбирленген белокты жою үшін натрий ацетатты буфермен және хлорлы натрий ерітіндісімен жуады. Осылайша иммобилизацияланған фермент 3-5°С температурада су немесе буфер қабатының астында сақталады.
Ферменттерді тасымалдағыштың бетіне бекіту иониттерге- катиониттерге (белсенді қышқылдық топтардан құралады) немесе аниониттерге (құрамында негізінен негіздік топтар болады) сорбциялау арқылы мүмкін болады. Сорбенттер- ферменттерді тасымалдағаштар ретінде алюмний гидрототығы немесе кальций фосфатының гелі, диатомит, модификацияланған крахмал, бентониттер, кизельгурлар және т.б жиі қолданылады. Ферменттер сорбциясын фермент ерітіндісін белгілі жылдамдықпен иониттер қабаты арқылы өткізу жолымен колонкаларда немесе реакторларда жүргізеді, ол мында сорбент пен ферментерітіндісін белгілі бір уақыт араластырады. Алынған өнімді иммобилизацияланған ферменттік препарат ретінде пайдаланды. Ферментті тасымалдағышқа адсорбциялау олардың ұзақ уақыта тұрақталуын қамтамасыз ете алмайды. Ұзақ уақытқа тұрақтануын ферментті ион алмастыра байланыстыруды қамтамасыз етеді, мысалы, ион алмастырғыш целлюлозаларда модификацияланған.
Кейбір ферменттердің иммобилизация әдістері 22- кесте
Иммобилизация әдісі
|
Классификациялық фермент нөмірі
|
Фермент аты
|
Адсорбция немесе иондық алмасу
|
1.11.1.6
2.7.7
3.1.1.8
3.2.1.21
3.2.1.26
3.4.4.1
3.4.4.4
3.5.1.1
3.5.1.14
|
Каталаза
Рибонуклеаза
Холинэстреаза
Β- Глюкозидаза
Инвертаза
Пепсин
Трипсин
Аспарагиназа
Аминоацилаза
|
Ферментті гельге орналастыру
|
1.1.1.27
1.1.3.4
1.11.1.7
2.7.1.1
2.7.7-
3.1.1.8
3.1.3.1
3.1.3.2
3.2.1.1
3.2.1.2
3.4.4.4
4.1.2.13
|
Лактатдегидрогеназа
Глюкооксидаза
Пероксидаза
Гексокиназа
Рибонуклеаза
Холинэстреаза
Щелочная фосфатаза
Қышқыл фосфатаза
α-амилаза
β-амилаза
трипсин
Альдолаза
|
Ферментті тасымалдаушығы көлденең қадау
|
1.1.1.27
1.1.3.4
1.11.1.7
2.7.7-
3.1.4.5
3.4.4.4
3.6.1.3
4.1.2.13
|
Лактатдегидрогеназа
Глюкооксидаза
Пероксидаза
Рибонуклеаза
Дезосирибонуклеаза
Трипсин
Аденозинтрифосфатаза
Альдолаза
|
Азидтық әдіспен ферментті химиялық байланыс арқылы тасымалдаушығы жабыстыру
|
2.7.7-
3.1.1.8
3.1.4.5
3.2.1.26
3.4.4.4
3.5.1.1
3.6.1.3
|
Рибонуклеаза
Холинэстреаза
Дезоксирибонуклеаза
Инвертаза
Трипсин
Аспарагиназа
Аденозинтрифосфатаза
|
Карбоимидтік әдіспен
|
1.1.3.4
1.11.1.7
2.7.7-
3.1.3.1
3.1.3.2
3.1.4.5
3.4.4.4
3.5.1.1
|
Глюкооксидаза
Пероксидаза
Рибонуклеаза
Щелочная фосфатаза
Қышқылдық фосфатаза
Дезоксирибонуклеза
Трипсин
Аспарагиназа
|
Бромциандік әдіспен
|
3.1.1.7
3.1.1.8
3.5.1.1
|
Ацетилхолинэстреаза
Холинэстреаза
Аспарагиназа
|
Диазотерлеу әдісімен
|
1.1.3.4
1.11.1.6
1.11.17
2.7.7-
3.1.3.1
3.2.1.1
3.4.4.4
|
Глюкооксидаза
Каталаза
Пероксидаза
Рибонуклеаза
Щелочная фосфатаза
α-амилаза
Трипсин
|
Изотиоциандық әдіспен
|
3.2.1.2
3.4.4.4
|
β-амилаза
трипсин
|
Кейбір елдерде ферментті гельге орналастыру әдістері кең таралған. Олардың кейбіреулері 22- кестеде көрсетілген . Кестеде көретіндей бір ферментті бірнеше әдістермен иммобилизациялауға болады. Осылайша лактатдегидрогеназаны тасымалдағышқа көлденең тігумен бекітіп, гельге қосуға болады; аспаргиназаны- тасымалдағышқа сорбциялық жолмен немесе химиялық (ковалентті) байланыспен және т.б бекітуге болады.
КСРО ғылым акдемиясының микроорганизмдердің биохимия және физиология институтында Mycrobacterium globiformis жасушаларын поливинилді спиртпен жасалған жартылай өткізгіш мембраналарға қосу әдісі дайындалады. Жасушалар иммобилизациясы үшін дистелденген судағы поливинилді спирттің 10%- дық ерітіндісі пайдаланылады. Тасымалданатын толық еріген соң ерітіндіге қыздыру және кейін салқындату арқылы жасушаның сулы ерітіндісін енгізеді, мұқият араластырады және гомогенді суспензияны Петри табақшаларына бөліп құяды. Қабыршақты кептіреді, өлшемдері 100-200 мм2 фрагменттерге ұсақтайды, 2 сағат бойы суық сумен жуады және гидрокортизан трансформациясы үшін қолданады. 30 тәулік бойы 4°С температурада кептірілген қабыршақты сақтаған соң 1,2-дегидрогеназаның белсенділігі 40% төмендейді. Ферментті 12 ай сақтаған соң ферменттің белсенділігі осындай болып қалады.
Иммобилизацияланаған бактериалды жасушалар 5 тәулік сақтаудан кейін де тіршілк қабілеттілігін сақтап қалуы таң қаларлық, яғни олар қоректік ортада өсе бастайды.
Поливинил спиртінің гелінде иммобилизацияланған бактериалды жасушаларды субстраттың үздіксіз ағыны жағдайында колонкаға салады, бұл кезде тұрақты дегидрогеназалық белсенділігі 8 тәулік бойы сақталады.
Иммобилизацияланған ферменттердің түрлі препараттардың құрамында 1-10% белок болады, ал ферменттердің белсенділігі еритін ферменттің бастапқы белсенділігінің 10-90% құрайды. Иммобилизацияланған ферменттерді төмен температурада белсенділігін жоғалтпай 3-12 ай сақтауға болады. Иммобилизацияланған ферменттер реакторлар мен клонкаларда апталап және айлап қолданылады, бұл ферменттердің еритін формаларын пайдаланумен салыстырғанда өте үлкен экономикалық эффект береді.
Соңғы жылдары Кеңес Одағында құрғақ амилолитикалық ферменнттерді спирттік және сыра қайнату өнеркәсіптерінің және мал шаруашылығының қажеттіліктеріне пайдаланылады. Бұл препаратты жиі «саңырауқұлақ уыты» деп атайды. Саңырауқұлақ уытын алу үшін таза культураны колбаларда, одан кейін кюветтерде көбейтеді.
Жасуша цитоплазмасында еріген ферменттер одан сумен немесе тұздардың сұйытылған ерітінділерімен оңай экстракцияланады. Содан кейін бұл ферменттерді аммоний сульфатымен фракционирлеу арқылы тазалайды және бір-бірінен бөліп алады
13,14 – дәріс.
Биологиялық белсендікке активаторлар және ингибиторлар әсері
Ферменттер белсендігі қатты дәрежеде реакциялы ортадағы әртүрлі қосымша иондар және қосылыстар мөлшеріне байланысты.
Ферменттің каталитикалық белсендігін қатайтын заттар активаторлар деп аталды.
Ферменттер активаторларының ролін көбінесе әртүрлі металдар ионы атқарады: K+, Ca2+, Mg2+, Zn2+, Fe2+, Cu2+, Mn2+, Co2+ және т.б. Ферменттерді белсендету үшін бір немесе бірнеше ион қажет. Мысалы, магний АТФ-тан (аденинтрифосфорлы қышқыл) басқа қосылыстарға фосфор қышқыл қалдықтарын орын ауыстыру реакциясын катализдейтін көп ферментті жүйелерге қажет ион болып келеді. Крахмал және липаза ыдырауын катализдейтін, майлардың ыдырауын тездететін α-амилаза ферменттері Ca2+, пероксидаза және каталаза - Fe2+, аргининды гидролитикалық ыдырату процесіне қатысатын аргиназа Co2+, Mn2+, Ni2+ иондарымен белсенеді.
Металлдар иондарының әсерінен ферменттер белсендігінің қатаюы, былай түсіндіріледі: көптеген ферменттер молекуласында бір фермент бар және ол металлофермент деп аталады. Егер диализ жолымен немесе басқа бір тәсілмен фермент молекуласынан және реакциялық ортадан металлды арылтса, онда фермент әсері толық тоқтайды. Металлоферменттерге құрамында темірі бар каталаза және пероксидаза, құрамына кальций, құрамында молибдені бар нитратредуктазасы бар α-амилаза жатады.
Бір қатар жағдайларда металл иондарының әсерінен ферменттер әсері белгілі бір деңгейде тұрады және оны металл иондары ферменттің белсенді ортасымен субстрат арасындағы координационды байланыстын пайда болуына үлесін салуына орай жоғарлатады. Металл иондары фермент молекуласының құрылымын және көбінесе белсенді ортаның белгілі бір, спецификалық құрылымын ұстап тұрады.
Фермент белсендеткіші басқада заттар болуы мүмкін. Амилаза белсендігі йода, брома және хлоридтер иондары болғанда жоғарлайды; ақуыздар ыдырауын катализдейтін протеолитикалық ферменттер ортада HCN, H2S және сульфгидрильді – SH-топтары бар заттар болғанда едәуір белсенеді. Солай әр ферменттің максимальді белсендігін көрсету үшін ортада қажет концентрацияда иондар немесе заттар болуы керек.
Ферменттер әсерін басатын заттарда бар. Олар фермент ингибиторы деп аталады.
Егер бір ферменттің немесе ферменттер тобының қызметін басса, онда бір немесе бірнеше биохимиялық үрдістердің жүруі әлсіздейді немесе мүлдем тоқтайды, зат алмасуда күрделі бұзылу болады және ағза өлуіде мүмкін.
Ингибитор ретінде реакцияның соңғы өнімі, метоболизмнің әртүрлі аралықтары болуы мүмкін, ферментативті белсенділікті реттеуде ингибиторлар орасан роль атқаруында күдік жоқ.
Спецификалық ингибирлеу принципі бойынша көптеген дәрілік препараттар, антибиотиктер, токсикалық заттар, тамақтанудың антиалиментарлы факторлары әсер етеді.
Тағамдық шикізатта және тағамдық өнімдерде кездесетін спецификалық ингибиторлар салтты рецептураларда және жаңа, түрлендірілген тамақ өнімдерінің күрделі композициялық құрамында құрама бөлік ретінде кездеседі. Антиферменттер (протеиназа ингибиторлары) шикі бұршақтыларда, жұмыртқа ақуызында, арпада және жылулық өндеуден өтпеген басқа өсімдік және жануар текті өнімдер құрамында болады. Осыған орай осы жұмыста кейбір ферменттер белсендігіне және тағамдық шикізатты өндеу кезінде өтетін биохимиялық үрдістерге олардың әсері есептеледі
Фермент белсендігі байланысты басты фактор орта реакциясы болып келеді. Жасушада бір уақытта жүздеген әртүрлі ферменттер болуы мүмкін және әр фермент белгілі бір рН интервалында белсендірек, оны рН оптимумы дейді. Кейбір ферменттердің рН оптимумы қатты айырмашылықтанады.
Мысалы, жануар ақуызының ыдырауын катализдейтін пепсиннің максимальды белсендігі рН 1,5-2,0 бірлік, ал α- және β-амилазы (өсіп кеткен жүгеріде) рН 6,0 бірл. болғанда байқалады. рН оптимальді мәні қышқыл немесе сілтілік жаққа қозғалады, фермент белдсендігі басында ақырындап әлсіздейді, содан кейін тез, жиі осындай белсендетілу көп ұзамай қайтарылмас сипат алады.
Көптеген өсімдік ферменттерінің ең жоғары белсендігі өсімдік жасушаларына тән әлсіз қышқыл немесе нейтральді реакцияда байқалады.
15,16 – дәріс.
Нан өндірісінде қолданылатын ашыту процесстері
Пайдалануына және әзірлеу тәсілдеріне байланысты қамыр ашытқылы, қаттама, бисквитті, үгілмелі, сусымалы, езілген, қайнатылған, жеңіл және басқаша түрде болуы мүмкін. Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері: бидай ұны - ақ ұн, жоғары, бірінші және екінші сортты ұндар. Сұйық зат - сүт, су, сүт қосылған су, простокваша. Простокваша қосқан қамыр тез көтеріледі, оның дәмінің қышқылын бәсеңдету үшін тұз қосады (бір шөкім). Құрғақ сүтті пайдаланғанда: жарты литр суға 50 г құрғақ сүт қосады.
Қант - ұнтақ құмшекер ұнмен араластырылады, ірі құмшекер немесе шақпақ қантты ерітеді. Қант көп қосылса қамыр ауырлайды да, нашар көтеріледі, пісіргенде көтерілмей жайылып кетеді.
Жұмыртқа - сары уызы мен ақ уызы немесе тек қана сары уызын алады. Сары уыз қамырды көпіртеді де, ақ уыз қатайта түседі. Жұмыртқаның орнына жұмыртқа ұнтағын қосуға болады (1 ас қасық ұнтақ 1 жұмыртқаға сай келеді және 3 ас қасық су). Май (қыздырылған) - сары май немесе тортасы айырылған май, маргарин, өсімдік майы, ірі қара майы пайдаланылады. Май қамырды жұмсартады. Ол көбейіп кетсе ашу процесі баяулайды және дайын тағам ауыр болып шығады. Ашытқы - жаңа немесе құрғақ. Жаңа ашытқыға аздап құмшекер (1 шай қасық) қосып, үгеді және тиісті норма бойынша (осы тағам үшін) жылы сүтке немесе суға езеді. Құрғақ ашытқыға (сондай-ақ салқын жерде сақталған ашытқыға) толтырыл салқын су (бөлме температурасында) құяды да, ол ақшыл түске еніп, әбден езілгенге дейін қояды. Езілген ашытқыны тар көзді сүзгіден өткізіп, жылытылған сүйыққа құяды да, одан кейін ашытқы әзірлейді.
Ашытқыны жабық ыдысқа - шыны аяққа, банкаға салып, салқын жерге қойса, ұзақ уақыт сақталады. Өте жоғары, сондай-ақ өте төмен температурада да ашытқының сапасы төмендейді. Ашытқы қамыр үшін қолайлы температура 30-35°C болып саналады. Тұзды қамыр иленетін суға салу (1 кг ұнға немесе жарты литр суға 10 г тұз, ал тұзды тағам әзірлегенде 20 г тұз салады) керек. Тұзды ұйтқыға салуға болмайды, өйткені оның ашытқылық қасиетін жояды. Дәмдеуіш пен тұздық - ваниль, ванилин, лимон немесе апельсин қабығының үгіндісі, мускат жаңғағы, кардамон, жүзім, цукат, әр түрлі жеміс эссенциясы. Қамырға картоп қосуға болады (қамыр жұмсара түседі), мұндайда әдетте қамырға май мен жұмыртқа аздау салынады. Картопты қамыр әзірленбестен бір күн бұрын пісіріп алады да, пайдаланар алдында тар көзді үккішпен үгеді. Картоп қосылған қамыр қоюырақ болады, өйткені ашу процесінде ол қоймалжыңдана түседі. Әдетте 1 кг ұнға 100 грамнан 250 грамға дейін картоп қосады. Қамыр әзірлеуге қосатын қоспаларды дәл өлшеген (рецептіде көрсетілгендей) жөн, ұнның, сұйықтық, ашытқының және дәмдеуіштердің ара қатынасын қатаң сақтау қажет. Қамыр илегенде салқындатылған азықтарды пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырдың бабына келу процесін төмендетеді.
Ашытқылы қамыр (дрожжевое тесто) - ашытқан немесе қышқыл бөлкелер, бәліш, самса, ватрушка, пончик, кулич, кекс әзірлеу үшін пайдаланылады. Қамырға қамыр дәмдеуіш қоспалар (май, жұмыртқа, қант) неғұрлым көп қосылса, ашытқыны да сол шамада салу керек. 1 кг ұнға 30 грамнан 60 грамға дейін ашытқы салады. Ашытқы салқын немесе ыстық болса, онда қамыр дұрыс көтерілмейді, сондықтан ашытқыны тек жылы суға немесе жылы сүтке езу керек. Қамыр илейтін судың 30°C-ден аспауы тиіс. Қамыр илер алдында ұнды елеу керек. Иленгеннен кейін қамырға аздап ұн сеуіп, оның көтерілуі үшін жылы жерге қояды, қамыр салынған ыдыстың бетін қақпақпен емес, сүлгімен немесе орамалмен жабу керек. Қамыр көтеріле бастағанда (2-3 сағаттап кейін) аздап басып, жұмсартып, тағы да көтерілуге қояды. Ашу процесінде қамырды 2-3 рет басып жұмсартқан жақсы. Бұл оны артық көмір қышқылы газынан арылтады да, оның орнын оттегі тазы толтырады. Сонда ашытқы саңырауқұлақтарының дамуына көмектеседі де, қамырды өсіріп, пісіретін тағамдар мөлшерін едәуір молайтады. Қамырлы ашытқымен және ашытқысыз ашытуға болады. Қамырға дәмдеуіштерді көп қосқанда ашытқы салып ашытады. Ол үшін алдымен ашытқыны, яғни сұйық қамырды әзірлейді. Норма бойынша қамыр илейтін суға немесе сүтке қажетті мөлшерде ашытқы ерітеді де, ұнның және тиісті қанттың жартысы себіледі. Әзірленген ашытқы көтерілуі үшін 1 сағат жылы жерге қояды. Осы мерзімде ол 2 есе ұлғаюы тиіс. Ашытқы көтерілгенде оған дәмдеуіш, тұз, қалған ұнды қосып, қамыр илейді. Қамырды қолға жабыспайтын және ыдыстан оңай алынатын етіп илеген жөн; ол әзір болғанда көпіршік пайда болады, қамыр сықырлап, ыдысқа жабыспайды. Иленген қамырды көтерілуі үшін 2-3 сағатқа қояды. Оның әбден бабына келгенін ашытқыдағы сияқты қамырдың басылуына қарап біледі.
Ашытқысыз тәсіл
Қамырды бірден дәмдеуішпен илейді де, көтерілуге қояды. Көтерілгеннен кейін оны нығыздап басып, тағы қояды. Ашытқы да, қамыр да көп тұрып қалса, қамырда қышқыл дәм пайда болады, ол тағамның сапасын төмендетеді. Дәмдеуіштің мөлшеріне қарай қамыр 2-3 сағаттан кейін көтеріледі. Қамырлы әдеттегідей ашыту үшін 1 кг ұнға 1 шай қасық тұз, 1 ас қасық құмшекер, 3 ас қасық май, 2 жұмыртқа, 2 стакан сүт немесе су, 30 г ашытқы керек. Әзірленген тағамның бабына келуі үшін пісірер алдында 12-20 минут жылы жерге қойып, бетін орамалмен жабады. Бұдан кейін оған көпіршітілген жұмыртқа жағып, духовкада пісіреді (жұмыртқаның орнына сүт қосқан кофе, қант салған сүт немесе суға араластырылған ақ уыз пайдалануға болады: уызды тағамның түсі күңгірт болуы үшін пайдаланады). Егер тарамды қуырып пісірсе, онда жұмыртқа жақпайды. Ашытқан қамырды пісіру үшін духовканы алдын ала 200- 300°C температураға дейін қыздырып алып, содан кейін пісірілетін тағамды қояды, 10-15 минуттай кейін температураны 180°C-қа дейін төмендетеді де, тағамды әбден пісіреді. Тағамның піскенін қабыршығының түріне қарай анықтайды (қызыл-сары түсті болуы тиіс). Нан көтеріліп «қомпиғанда» оны ағаш таяқшамен түйрейді: егер қамыр таяқшаға жабыспаса, ол әбден піскені. Пісіп, дайын болған тарамды алдын ала таза қағаз жабылған тақтайға қойып, ол жайымен сууы үшін бетін сүлгімен жабады. Ыстық тағамды әйнек, фаянс, фарфор тәрелкелеріне салуға болмайды, өйткені тағамның астыңғы жағы салқын әйнекке тигенде ылғалданып кетеді.
Ашыған қамырдан жасалған самса
Ашытқан немесе ашытпаған қамырды бетіне ұн себілген тақтайға салады да, бөлектеп кесіп алып, домалақтайды. Содан кейін бабына келуі үшін 10 минут тақтайдың үстінде қалдырады да, қалыңдығын 1 см етіп дөңгелектеп жаяды. Әрбір інелпекке әзірленген қоспаны салып, шеттерін шымшытпен жапсырып, самсаны сопақша түрге келтіреді. Самсаның біріктіріліп, жапсырылған жағын төмен қаратып, араларын біріктірмей май жағылған жылы қаңылтыр табаға тізіп салады да, бабына келуі үшін алдымен жылы жерге қояды. 10-15 минут пісіріледі. Піскен самсалардың бетіне сары май жағып, сүлгімен жауып қояды. Ашытқан қамырдан зәлітті кез келген начинкамен әзірлеуге болады. Қамырды екіге бөліп, әрқайсысын жұқалап жаяды. Бір қабатын алдын ала май жағылған қаңылтыр табаға салады, оған тегіс етіп начинка салып, екінші қабатымен үстін жауып, бәлішті қажетті формаға келтіреді. Бәліштің төменгі бетіне жұмыртқа уызы жағылған қамырмен әшекейлеуге болады. Ол үшін бәліштердің шеттерін кескенде қалған қамыр пайдаланылады (қамырды жұқа етіп жайып, пышақпен немесе қамыр кескішпен шырша, жұлдызша, дөңгелекшелер етіп кеседі). Бұдан кейін бәлішті жылы жерге қойып, көтерілуіне мүмкіндік береді, оған жұмыртқа жағады да, бу шығатындай етіп теседі. Бәлішті түрлі бейне жасамай-ақ әдемілеуге болады. Ол үшін бабына келген қамырға жұмыртқа жағылғаннан кейін қайшының ұшымен тең мөлшерде шеттерін үшбұрыштап тілу керек. Бұл тіліктер бір жағынан бәлішті әшекейлесе, екінші жағынан пісірген кезде бу шығатын саңылау болады. Оны пісіру үшін 25-30 минут духовкаға қою керек. Оны дастарқанға ыстық күйінде қояды (сары майды бөлек береді).
Ашытқан қамырдан пісірілген тәтті пирог
Ашытқан немесе ашытпаған қамырды кәдімгі самсаға арналғандай әзірлейді. Тәтті пирогтың ішіне повидло, джем, қайнатпа, алма және жас жидек салуға болады. Тәтті пирогты қамырға орамай жасайды: қамыр қабатын қалыңдығы 1 см етіп жаяды, қаңылтыр табаға немесе табаға салып шеттерін кеседі, ішіне начинка салады да, қамырдың шетін әдемілеп бүреді. Ал қалғанын жайып және жіңішкелеп тіліп, начинканың үстіне тор етіп тізіп салып, әсемдеуге болады. Ватрушканы самса сияқты етіп әзірлейді. Оның самсадан өзгешелік ватрушканы қамырға орамайды, әдетте оның ішіне ірімшік (кейде алма, қайнатпа) салады. Әзірленген қамырды домалақтан алады да, бір-бірінен арасын 3 см етіп май жағылған қаңылтыр табаға салып, 15-20 минут жылы жерге қояды. Қамыр бабына келгенде домалақ қамырды стаканның түбімен ұңғыл, сол жерге начинка толтырады. Ватрушкаға жұмыртқа жағып, 15 минут пісіреді.
Ашытқан қамырдан қуырылған самса, пончиктер және тоқаш
Қуырылатын самсаның қамыры пісірілетін самсаның қамырына қарағанда сұйықтау, дәмділігі төмендеу болуы мүмкін. Самсалардың жұмсақтығы да осыған байланысты. Ашытқылы немесе ашытқысыз қамырдың өлшемін өзгертіп, кәдімгі қамыр сияқты етіп әзірлеу керек, яғни 1 кг ұнға 21 /2 стақан сүт немесе су, 1 /2 ас қасық сары май, екі жұмыртқаның сары уызы, 1 ас қасық құмшекер, 1 шай қасық тұз және 30 г ашытқы керек. Қуырылған самсаның ішіне еттен, қырыққабаттан, күріштей басқа пісірілген жұмыртқа мен көк пияз, буға пісірілген картоп, қуырылған пияз, саңырауқұлақ салуға болады. Қамыр бабына келген бойда-ақ самса жасау үшін оның ішіне салатын начинканы алдын ала әзірлеу керек. Пісірілген самса қалай әзірленетін болса, қуырылғаны да солай әзірленеді. Пончик те нақ осылай әзірленеді, бірақ ол шар тәрізді болады, оның ішіне повидло, алма, қайнатпа салады. Ал тоқаштың ішіне ешнәрсе салмайды. Қуырылып болған пончик пен тоқашқа ваниль немесе талшын араластырылған қант ұнтағыш себеді. Тоқашқа қосып қаймақ қояды. Самса мен тоқашты және пончикті тортасы айырылған сары майға немесе қаз майына, яки өсімдік майына қуырады. Самсаны қуырмастан бұрын майға бір тамшы су тамызу арқылы оның қызу мөлшерін анықтайды. Қызуы жеткен майға, су тамызғанда ол қатты шыжылдауға тиіс. Майды самса еркін қалқып жүретіндей мөлшерде құнды. Самса тегіс қызарып, пісуі үшін оларды ауыстырып тұрады. Қуырылып болған самсаны кепсермен сүзіп алып, Майын сарқыл ағызу үшін елекке немесе сүзгі ожауға салады; содан кейін ыдысқа қотарады.
17,18 – дәріс.
Нан өндірісінде қамыр дайындаудың әр түрлі технологиялары
Ашытқан қоймалжың қамыр. Ашытқыға 2 ас қасық құмшекер, 4 ас қасық ұн қосып, сүтке (8 ас қасық) езеді. Араластырылған сұйық қамырды сүлгімен жауып, 10 минуттай жылы жерге қояды. Ашытқы бабына келгенде оған құмшекер, ұн, тұз бен жұмыртқаның сары уызын қосады, содан кейін жылы май мен сүт құяды, қамырды илеп, ол бабына келуі үшін жылы жерде ұстайды. Сары май жағады, содан кейін екі және төрт бүктеп, әр бүктелген қабаттарына тағы да май жағып, 10 минут тоңазытқышқа қояды. Осылайша үш рет қайталайды. Бұдан кейін қамырдың көтерілуіне мүмкіндік береді де, оны баптап пісіруге кіріседі. 1 кг ұннан иленген қамырдың қабаттарына жағу үшін 150-200 г сары май керек.
Ашытып қабатталған қамыр. 200 г ұн мен 500 г майды немесе маргаринді араластырып, қамырды илейді, одан соң тоңазытқышқа қояды. Ашытқыны былай әзірлейді: 500г ашытқы, 3 стакан сүт, 2-3 ас қасық ұн, 3 жұмыртқа, 100 г құмшекер, 1 шай қасық тұз керек. Ашытқы әзір болған кезде оған қалған ұннан (700 г) қамыр илеп, бабына келуі үшін бір жарым, екі сағат қояды. Осыдан кейін қамырды жазып, майға араластырған ұнды шаршылап кеседі де, оны жайма ортасына салады, шетін конверт сияқты етіп бүріп екіге бүктейді. Қамырды оқтаумен қатарлап жазады да енінен, одан соң ұзынынан үш бүктейді. Қамыр бабына келуі үшін оны тағы да бір-бір жарым сағат, одан соң қайта жайып, жарты сағат жатқызады. Содан кейін қамырды жазып, одан формасы әртүрлі тағамдар жасауға болады. Ашытып қабатталған қамырдан ширатпа тоқаш, ішіне начинка салып, қабатты нан, көкнәр, алма және жаңғақ салып пісіруге болады.
Бабына келмеген ашытқан қамыр. 50 г ашытқыны 3/4 стакан жылы сүтке езеді, оны 1 ас қасық құмшекермен, жарты шай қасық тұзбен, 200 г май немесе маргаринмен және 3 стакан ұнмен араластырады. Қамырды бабына келтірместен илеп, пісіреді. Мұндай қамырдай бәліш, самса, ватрушка, ұсақ печенье әзірлеуге болады. Ұсақ печенье жасау үшін қамырды жұқалап жаяды, ұзындығын 10 см етіп бөліп кеседі, оны сақина, ширатпа тоқаш және басқа формаға келтіреді, жұмыртқа жағып құмшекер (немесе талшын араластырылған қант, үсақталған жаңғақ қосылған қант) себеді.
Қабаттама қамыр (Слоеное тесто). Қабатты қамырды бірнеше тәсілмен әзірлеуге болады, бірақ оны сапалы дайындау үшін төменде көрсетілген ережелерді бұзбай сақтау керек.
-
Тағамды пісірер алдында міндетті түрде салқындатады (тоңазытқышта), бірақ көп тоңазытпайды.
-
Әзірленген тағамды суық сумен дымқылданған тақтаға салады, бірақ оған май жақпайды.
-
Тағамдық бетіне, қабаттардың шетіне жайылмайтындай етіп жұмыртқа жағады, әйтпесе шеті жабысып қалады да, қабат көтерілмейді.
-
Тарамды салқын күйінде ыстық (250°C-тан кем емес) духовкаға қояды.
Қабатты қамырдан тағам пісіруге (оның ішіне начинка пісірілгеннен кейін салынады) 10-15 минут, ал ішіне начинка салынған үлкен бәліштерге 15-25 минут уақыт керек. Қабатты самсаға мал етін және құс егін, қайнатпа алма және крем (тәтті пирог үшін) салуға болады.
Әзірлеудің бірінші тәсілі. Ұнды екіге бөледі, сары май қосылған бір бөлігін салқын жерге қояды. Ал екінші бөлігіне тұз және лимон шырыны немесе ерітілген лимон қышқылы қосылған жарты стакан су құйып илейді. Қамырды орамалмен немесе сүлгімен жауып 30 минут жатқызады, содан кейін оны көлемді етіп жаяды. Ұн араластырып, шаршылап кесілген майды жайылған қамырдың ортасына салып, конверт түрінде бүктейді де, шеттерін біріктіріп жапсырады. Содан кейін қалындығын 1 см, енін 20 см етіп жаяды. Төрт бүктеп, 30 минут тоңазытқышқа қояды. Салқындаған қамырды тағы да жайып, төрт бүктейді де қайта салқындатады. Үшінші рет те солай істейді. Осыдан кейін тағам әзірлеуге кірісуге болады. 500 г ұнға: 400 г сары май, 1 шай қасық лимон шырыны және 1 /2 шай қасық тұз, 2 стакан су қосады.
Әзірлеудің екінші тәсілі. 3 стакан ұн алып (1/4 стакан ұн жаймаға қалады), жарты стакан су, жарты шай қасық тұз және 1 шай қасық лимон шырынын немесе сірке суын қосады да қамырды илейді. 300 г сары майды 6-ға бөледі (50 грамнан), қамырды жаяды, майлық бір бөлегін тегіс етіп ірі үккішпен бүкіл қамырға үгеді, төрт бүктеп, қайта жаяды да, тағы 50 г май салады. Одан соң қамырды бүктеп, 1 сағат тоңазытады.
Бисквит қамыры. Бисквит қамырының негізі - жұмыртқа. Жоғары сортты ұн пайдаланылады. Бисквит қамырын картоп және бидай ұнының қоспасынан әзірлеуге болады, бірақ картоп ұны бисквитті құрғатады. Қант ұнтағын пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырды сұйылтып жібереді, ұсақ құмшекер пайдаланған жақсы. Хош иісті етіп, дәмін келтіру үшін қамырға лимон шырынын және цедра қосады, шоколад тортын әзірлегенде ұнтақ какао пайдаланылады. Бисквитті даярлауға кіріспестен бұрын оны пісіретін қалып әзірлеу керек. Егер өрнеуі алынбалы арнаулы қалып болмаса, оның орнына қаңылтыр таба аласа алюминий кастрюль пайдалануға болады. Қалыпқа алдын ала таза қағаз (аздап сары май жағылған) төселеді, ол түбіне және ішкі қабырғаларына нығыз жабы сып тұруы қажет. Егер қағаз болмаса, қалыпқа май жағыл, еленген кепкен нан ұнтағын немесе ұн себуге болады. Жұмыртқаның шикі ақуызын сарыуыздан мұқият айырады. Ақуызды тоңазытқышқа қояды (салқындатылған ақуыз тезірек көпіршиді). Кейде көпіршітер алдында ақуызға су (1 ақуызға1/ 2 ас қасық су есебімен) қосады. Бұл көпіршіген ақуыздың мөлшерін көбейтеді. Ақуызды көпіршіген күйінде қалдыруға болмайды, өйткені ол «басылып» қалады. Сарыуызды ағарғанға дейін құмшекермен үгіп езеді. Үгу процесі неғұрлым ұзақ болса, масса соғұрлым ағарып, мөлшері ұлғая түседі және бисквит те сапалы болады. Сарыуыз бен қант жақсы езілгеннен кейін алынған массаны ұнға араластырады, одан соң мұқият араластыра отырып, көпіршіген ақуыз қосады. Дайын болған массаны бірден қалыпқа құяды да, пісіру үшін сол бойда пешке қояды. Бисквитті 200 оС-тан аспайтын тұрақты температура жағдайында пісіру керек. Егер пештің температурасын анықтау мүмкін болмаса, онда қалыптық бетін дымқыл қағазбен ол бисквитке тимейтіндей етіп жабады да, 10 минуттай кейін піскенін тексереді. Егер бисквит ағарыңқы болса, қағазды алып тастауға болады. Бисквит салған қалыпты әбден піскенше қозғауға болмайды. Оның қалай пісіп жатқанын, оны отқа қойғаннан кейін 30 минут өткен соң, қалып тұрған торды немесе қаңылтыр табаны ептеп тартып қарап тексеруге болады. Даяр бисквитті алдымен қалыптан алмай бөлме температурасында салқындатады. Бисквиттен рулет, торт, пирожный және печенье жасайды. Рулет әзірлеуге арналған бисквитті салқындатуға болмайды, өйткені рулет ыстық күйінде қоюланып, ұйысып қалады. Егер бисквит күйіңкірең кетсе, ол салқындағаннан кейін күйген жерлерін үккішпен тазалаған жөн. Рулет үшін бисквитті қалыңдығын 2-21 /2 см етіп, қаңылтыр табала пісіреді, пісу уақытты 25-30 минут. Піскен бисквитті табадан алып, қағазынан тазартқан соң салфеткаға салады, әзірленіп қойылған начинканы жағады және ыстық күйінде рулет жасайды. Начинкаға джем, қайнатпа алма пайдаланылады. Торт үшін бисквитті биіктігі 8-10 см, диаметрі 22-25 см қалыпта пісіреді, пісу уақыты 50-60 минут.
Үгілген бисквит тамыры. Жұмыртқаның сарыуызын ақуыздан айырып алады да, құмшекер қосып, ағарғанша езеді. Одан соң кезектеп ұн және көпіршіген ақуыз (бір қасықтай) қосады, массаны араластыра отырып, қамырлы еппен аударады. Салмағы 1,5 кг тортқа арнай бисквит әзірлеу үшін 10 жұмыртқа, 250 г құмшекер, 250 г бидай ұлы керек. Келтірілген нан бисквитін әзірлеу үшін ұнның орнына түйіліп, еленген келтірілген нан пайдаланылады.
Қаймақты бисквит. Құмшекер мен жұмыртқаның сарыуызын ағарғанға дейін езеді, қаймақ пен ұнды араластырады. Одан соң көпіршітілген ақуыз салады да, еппен араластырады, формаға құйыл, көп қызбаған духовкада пісіреді. 2 стакан ұнға: 1,5 стақан қаймақ, 1 стақан құмшекер, 6 жұмыртқа керек. Даяр бисквитке ваниль араластырылған қант ұнтағын себуге болады.
Француз бисквиті. Жұмыртқаның сарыуызын құмшекерге езеді де, оған аз-аздап ерітілген май қосады. Одан кейін араластыруды тоқтатпастан лимонның сығылып алынған және сүзілген шырынын тамшылатып қосып отырады. Ұн араластырады. Бәрі жақсылап езілгеннен кейін көпіршітілген ақуызды қосып еппен араластырады. Қалыпқа сары май жағып, құмшекер себеді де, ортасына дейін толтырады. 180 оС температурада 1 сағат пісіреді. Дайын тарамды аздап салқындатады да, формалап алады, оны кем дегенде екі аптадан кейін пайдаланады. Мұндай бисквит қанша ұзақ тұрса, соншама дәмді болады. 500 г ұнға: 8 жұмыртқа, 500 г құмшекер, 500 г сары май, 1 лимон қажет.
Көпіршітілген бнсквит қамыры. Жұмыртқаның ақуызын көпіршітеді, нормалы құмшекердің 1/3 бөлегін қосады, сөйтіп кедіршіте отырып, бір-бірлеп сарыуыз және қалған қантты (аз-аздап) және ұн қосады. 6 жұмыртқаға: 1 стакан (250 г) құмшекер, 1 стакан ұн, ваниль қажет. Бисквит торты дәмдірек болуы үшін оған құмшекер мен судан әзірленген (1/3 стакан құмшекерді 1/2 стакан қайнаған суға езеді) сироп қосады. Салқындатылған сиропқа лимонның немесе апельсиннің цедрасын немесе кез келген жеміс эссенциясын қосқан жақсы. Бисквит печеньесін әзірлеу үшін: 6 жұмыртқа, 6 ас қасық құмшекер, 6 шай қасық картоп ұны керек. Бәрін езіп, алынған массаны кішкене қалыптарға құяды да пісіреді.
Үгілмелі қамыр (песочное тесто). Үгілмелі қамырдан бәліш, печенье, пирожный жасауға болады. Үгілмелі қамырды әзірлеудің көптеген рецептері бар. Оны әзірлеуге негізінен май, құмшекер, жұмыртқа, бидай ұны пайдаланылады, бірақ тағамдық түріне қарай олардың мөлшері өзгереді. Қамырға арналған сары майды (немесе маргарин) езу оңай болуы үшін оны жылы жерге қояды, бірақ отқа ерітуге мүлде болмайды; бәрінен жақсысы түнде бөлме температура жағдайындағы үйде қалдыру. Ұн құрғақ болуы тиіс, пайдаланар алдында оны елеу керек. Қамырды тақтайға қатты нығыздамай илейді, сонда май біркелкі тарайды. Қамыр тақтайға жабыспаса және тегіс болса, онда даяр болғаны. Содан кейін қамыр нығыз болуы үшін оны аз уақыт тоңазытқышқа қояды. Қамырды жайғанда оқтауды қатты баспау керек. Егер қамырдан рулетке арналған жайма жазылатын болса, онда әуелі қолмен ұзын ширатпа жасайды, кейін оны қажетті мөлшерге қарай жаяды. Қамыр жаймаларын қаңылтыр табаға салу үшін, алдымен оларды оқтауға орайлы, содан кейін табаға салып, еппен тарқатады. Үгілмелі қамырдың майын шылқытып та, өте құрғақ етіп те даярлауды болады. Қамырдың майы көп болса, табаға немесе қалыпқа май жақпайды, ал майы аз болса, табаға май жағыл, келтірілген нанның ұнтағын немесе ұн себеді. Үгілмелі қамырға лимон немесе апельсин цедрасын, ваниль, талшын қосуға болады. Оған жаңғақ, какао салады. Тағамға көпіршітілген ақуыз жағады. Үгілмелі қамырға, әсіресе майлы қамыр пісіретін духовканы алдын ала жақсылап қыздырады; бірқалыпты температурада (180-200ᵒС) пісіреді. Тағамның дайын болғанын оның түрінен біледі (ол қызғылт түсті болуға тиіс). Пісіп, дайын болған тағамды табадан немесе қалыптан дереу алу керек. Оны салқындағаннан кейін ғана кескен жөн.
Шайға немесе кофеге арналған үгілмелі печенье. Сарыуызды құмшекерге езеді, одан кейін май араластырады, ваниль қосады, ұнға араластырады, жақсылап илеп, арнаулы тетікпен (қамыр кескішпен) немесе пышақпен кесіп, печенье жасайды. Печеньені қаңылтыр табаға салады (мұның өзінде табаға май жақпаған жөн) және температурасы 200 оС-тан аспайтын духовкада 12-15 минут пісіреді. Әр печеньені қалақшамен немесе жалпақ пышақпен ептеп алады. Піскеннен кейін печеньеге ваниль араластырылған қант себуге болады.
200 г сары майға (немесе кілегей маргариніне): екі жұмыртқаның сарыуызы, 2 ас қасық құмшекер, 2 стақан бидай ұны және 1/4 ваниль ұнтағы керек. «Кәрзеңке» пирожныйы үшін де қамырды осылай әзірлейді, тек қамырға көпіршітілген бір жұмыртқаның ақуызын қосады. Қамырды үлкендігі грек жаңғағындай етіп жазып, одан соң арнаулы шағын формаларға келтіреді. «Кәрзеңкенің» ішіне крем, қайнатпа, желе салуға болады.
Ішіне жаңғақ салынған «кәрзеңке». Формаға май жағып, ұн себеді де, салқын жерге қояды. Үгілмелі қамыр әзірлейді, оны формаларға толтырады, духовкаға қойып, аздап пісіреді. Духовкадан алып, салқындатады. Одан соң үстіне жаңғақ пен жұмыртқаны және қантты ет тартқыштан өткізіп, әзірленген массаны қосады (форманы шетіне дейін толтырмау керек, өйткені пісірген кезде масса көтеріледі). Ішіне начинка толтырылған «кәрзеңкелер» тағы да оты баяу жанған духовкаға қойылады. Даяр болғанын жіңішке ағаш таяқшамен түйреп анықтайды, онымен жаңғақ массасын тесіп көреді: егер таяқшаға жұқпаса, онда пирожныйдың даяр болғаны. Форманы сүлгіге аударып салып, пирожныйды ыстық күйінде алады.
Салма үшін: 100 г қант, 1 жұмыртқа, 100 г ұсақталған жаңғақ қажет.
Антоновка алмасын қосқан бәліш. Ол үшін қамырды қақ бөліп, 2 шелпек жасау керек. Бір шелпекке көпіршітілген ақуыз жағып, оған құмшекер мен лимон цедрасына араластырылған туралған алма салады, алманың қабығын аршымай, тек өзегін алу керек, екінші шелпекпен үстін жауып, көпіршітілген сарыуыз жағады. Қамыр әзірлеген кезде оған екі жұмыртқаның сарыуызын, 1 ақуыз салады, екінші ақуызды шелпекті майлау үшін көпіршітеді. Жылы бәлішке аздап сары май жағып, ваниль араластырылған қант ұнтағын себеді.
Салма үшін: 5 антоновка алмасы (600 г), жарты стакан құмшекер, бір лимонның цедрасы қажет.
Лимон пайы. Май мен ұнды бұлғайды, құмшекер, тұз, сода, қаймақ қосады да қамыр илейді. Оны биіктігі 2 см етіп, ернеуінен келтіріп формаға салады. Жайманың бірнеше жерін шанышқымен теседі де, пісіреді (ақшыл қызғылт түске енгенге дейін). Қамырдай формаға келтіріп, пісірілген бәлішке былайша әзірленген крем толтырады: сарыуызды құмшекер қосып езеді, лимон шырыны, цедра және картоп ұнын қосып, бәрін жақсылап араластырып, салқын сумен (жарты стақан) сұйылтады. Одан кейін массаға қайнаған су құйып, үнемі араластыра отырып, крем қойылтылғанға дейін баяу жанған отқа қойып пісіреді. Қамырдай пісірілген формаға салқын крем толтырылады. Ақуызды қант ұнтағын қосып көпіртеді, 1 шай қасық лимон шырынымен араластырады да, кремнің үстіне салып, пышақпен тегістейді немесе әшекейлейді, бетін жылтыратып, қызартып пісіру үшін онша ыстық емес духовкаға қояды.
Қамыр үшін: 250 г бидай ұны, 100 г сары май, 50 г қаймақ, 1/4 шай қасық сода, бір салым тұз, бір ас қасық құмшекер қажет. Крем үшін: 3 сарыуыз, 1 лимонның шырыны, жарты лимонның цедрасы, 200 г құмшекер, бір жарым ас қасық картоп ұйы, 2 стақан қайнаған су керек. Жылтырату үшін: 3 ақуыз, 100 г қант ұнтағы, 1 шай қасық лимон шырыны қажет.
Шайға арналған құрғақ печенье (шоколад). Сарыуызды құмшекер мен майға езеді, бір шөкім тұз, лимон шырынын, ұн қосады да, қамырды илейді. Қамырды жұқалап (1 /2 см) жазады, май жағылған қаңылтыр табаға салады да, шала пісіріп алады. 1 стакан ұнға: 100 г сары май, 1 сарыуыз, 1 ас қасық құмшекер, 1 лимонның шырыны, тұзды дәміне енгенше салады. Ақуыз, құмшекер, түйілген бадам немесе грек жаңғағын, шоколадты араластырып баяу жанған отқа қояды, масса қойылғанға дейін араластырады. Алынған массаны қамырдың жартылай салқындап, жартылай пісірілген жаймамен жабады да, печеньенің үсті құрғағанға дейін бу пешіне салып пісіреді. Одан соң шаршы, тік бұрыш немесе қиықша (қалауы бойынша) етіп кеседі. Жаңғақ және мейіз салып келтірілген нан. Майды құмшекермен езеді де, біртіндеп көпіртеді, кефирге немесе қаймаққа жұмыртқаны, сода қосып араластырып, ұн салады да қамыр илейді, ірілеу уатылған жаңғақ пен мейіз қосады. Ені 4-5 см, қалыңдығы 2 см шұжық жасап, 200-220 оС температурада 20-25 минут пісіреді. Ыстық шұжықты енін 2 сантиметрден кеседі, салқындатады, олардың араларын 1 см етіп, табаға салады да, духовкаға кептіруге қояды. Кептіру үшін духовканы 250 оС-қа дейін қыздырып алып, 10-15 минут духовкаға қойып кептіреді. 3 стакан бидай ұнына: 200 г сары май немесе маргарин, 200 г құмшекер, 2 жұмыртқа, 1/4 стақан кефир, 1/4 шай қасық сода, 1/2 стақан мейіз, 1/2 стақан жаңғақ керек.
Жаңғақ печеньесі. Сарыуызды құмшекермен езеді, жаңғаққа араластырады, ұн қосады да, көпіршітілген ақуызбен араластырады. Содан кейін тақтайға салып, енін 3 см етіп, шұжық жасайды да, оларды 11/2 сантиметрден тілімден кесіп, май жағылған табаққа салады, әр тілімді кесек жаңғақпен әшекейлейді. 180-200 оС емпературадағы духовкада 20-25 минут пісіреді. 11/2 стақан жаңғаққа: 180 г құмшекер, 21/2 ас қасық ұн, 3 жұмыртқа қажет.
Шоколад кремді жаңғақ торты. 9 жұмыртқа, 2 ас қасық су, 10 ас қасық құмшекер, 10 ас қасық уатылған жаңғақ, 4 ас қасық келтірілген нан ұнтағы керек. Қамырды даярлап, формаға пісіреді. Торт салқындаған кезде өткір пышақпен екіге бөліп кеседі, сироппен шылайды:1/3 стақан құмшекерді 1/2 стақан ыстық суға ерітеді, салқындатып, арақ немесе коньяк (2-3 ас қасық) қосады, Тортқа әуелі екі жақ бетіне, содан кейін үсті мен шеттеріне крем жағады, кремді арнаулы формадан немесе пергаментті қағаздан жасалған, шеттері тіс тәрізді болып қиылған түтіктен торттың үстіне себелеп, әшекейлейді. Кремі бар жұмсақ малға крем қалай әзірленсе бұған да солай әзірленіп, 5-6 шай қасық какао қосылады.
19,20 – дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |