ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М072800– «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығына ОҚУ – Әдістемелік материалдар



бет3/5
Дата30.06.2016
өлшемі432 Kb.
#168046
1   2   3   4   5

Илік заттар (дубильные вещества) тамақ өнімдеріне (шай, кофе, кейбір жемістерге) өзіне тәе ауыз қуыратын дәм береді. Ауа оттегісі қатысында тотығады да, қою түске енеді. Илік заттардың болуы шайдың қою түске енеді. Илік заттардың болуы шайдың қою түсін, кесілген алмалардың тағы сол сияқты түсіндіріледі.

Бояғыш заттар тамақ өнімдеріне түс береді. Оларға хлорофилл, коротиноидтар, фловонды пигменттер антоциандар, хромопротеидтер және т.б жатады.

Хлорофилл - жасыл пигмент, жемістер мен көкөністерде болады, майларда жақсы ериді, қышқыл ортада қыздырғанда қою түмті зат феофитинге айналады (жемістер мен көкөністерді қайнатқанда).

Каратиодтар - өнімдерге сары, қызыл сары және қызыл түс беретін пигменттер. Оларға каротин, лакопин, ксантофилл және т.б жатады.каротин сәбізде өрікте, цитрусты жемістерде, салатта, шпинатта және т.б болады; ликопин томаттрға қызыл түс береді; ксантофилл өнімдерді сары түске бояйды.

Флавонды пигменттер - өсімдік текті өнімдерге сары және қызыл сары түс береді. Химиялық табиғаты бойынша гликозиттерге жатады. Пияз қабығында, алма қабығында пайда болады.

Антоциандар - әр түрлі түсті пигменттер. Олар жүзіс, шие, брусника қабығына түм береді, қызылшада және т.б-да болады.

Хромопротеидтер- еттің, қанның қызыл түсін негіздейтін пигменттейтін.

Фитонциттер – бактероцидтік қасиетке ие, пиязда, сарымсақта, хренде болады.

Экстрактивті заттар етте, балықта болады және иіс пен аромат береді.

Пектин заттары жемістерде, жидектерде және көкөністерде болады және қант пен қышқыл қатысында сілікпе түзу қасиетіне ие. Бұл қасиет кеңінен кондитер өндірісінде мармелад, пастилла, джем, желе және т.б жасауда қолданылады.

Пектинді заттар көптеген өсімдіктер жемісінің құрамында болатын заттар. Бұлардың әсерінен қатты жемісті қою шырындар қайнатыр суытқанда таңба түзейді. Осы қасиеті үшін Пектинді заттар мармелад, желе, пастилла өндірісінде пайдаланады. Пектинді заттар полигалактуран қышқылының калий және магний тұздары. Олар протопектин және пектин болып бөлінеді.


16,17 – дәріс. Өңдеу өндірісінде өнімнің сапасын нормалау
Жоспар:

1 Стандарттау және сертификаттау туралы заң

2 Стандарттың құрылымы және оның түсініктері
Стандарт – нормативті техникалық құжат, ереженің, қағидның орнатылған жиынтығы, стандарт объектісі және жетік мүшелерімен бекітілген. Материалдық заттардан басқа жалпы техникалық және үйымдастырмалы әдістемелі сипаттағы объектілерге қойылатын талаптар мен заңдар нормалары стандарт бола алады.

Стандарттың қызметі өнім сапасының өте жоғары болуымен күресуі. Қазіргі уақытқа дейін өндірістің стандартизациясы бұйымдардың қарапайым номенклатурасын қысқартуы және бөлшектерге стандарт пен жобалық элементтерді жетілдіру арқылы жүргізілген. Қазіргі уақытта өндірісті басқаруда жобалауды және өндірісті регламенттайтын нормативті-техникалық құжаттар кешені кеңінен қолданылады. Бұл кешенге: конструкторлық бірлік жүйе, өндіріс технологиясын дамытудың бірлік жүйесі, жаңа бұйымдарды өндірісіне орнатудың және өңдеуге қойылатын талаптардың стандарттар кешені.

Стандартты халықаралық, аудандық, мемлекеттік, республикалық, салалық және стандартты кәсіпорын деп айыруға болады. Негізінде бұларды жіктеу стандарттары ұлттық немесе халықаралық деңгейде өндіріледі.

Экономикалық қарым-қатынастың стандартизациясына зор көңіл бөлінеді. Стандарттар СЭВ аудандық стандарттауға үлгі болады.




Бақылау сұрақтары:

1. Стандартизация дегеніміз не?

2.Стандартизацияның мақсатын ата?

3.Стандартизацияға анықтама бер?

4.СТРК сөзінің мағынасы?

5.Қандай стандарттар болады?

6.ТУ сөзінің мағынасы қандай?

7.Стандарттардың нумерациясы қандай?

8.Стандарт құрамдары?

9.Қай жылы стандартизация туралы заң қабылданды?

10.Қай жылы сертификация туралы заң қабылданды?
18,19 – дәріс. Сапаны басқару жүйесін стандарттау
Жоспар:

1 Маркетинг жағдайындағы өнім сапасын басқару жүйесіндегі стандарттау

2 Өнімді штрихті кодтау.
Өнімнің сапасын стандартпен анықтау 1970 жылы бекітілген. Ол бойынша: «Өнімнің сапасы өнімнің тағайындалуына сәйкес жарамдылығын қанағаттандыратын, қажеттілігін анықтайтын өнімнің қасиеттер жиынтығы болып табылады» Бұл анықтама өнім сапасының технико-экологиялық табиғатына және сапаны көтеруге арналған ұйымдардың жұмысына сүйенеді. 60- жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында өнім сапасының жақсаруы мен формалардың дамуы үшін қолайлысы өнім сапасының ғылыми зерттеме тәсілдерін басқару болды.

Өнім сапасын басқарудағы қажеттілік бастапқыкезең ретінде қабылданды. Өнім сапасын басқарудағы бағдар қажеттілік сипаттары ретінде объективті түрде қызмет көрсетеді. Сонымен қатар өнім дайындау немесе құру үшін жұмыс құралдарының және таңдау тәсілдерінің негізі болып табылады.Өнімнің сапасын басқаруда факторға және шартқа тұрақты жобалы процесс әсер ететіні түсіндіріледі.Ол оптимальді дәрежедегі өнімнің шығуын және оның максимальді эффектифті қолданылуын қамтамасыз етеді.Негізгі жалпы басқару теориясының жағдайына ұқсас басқарылатын объектіде бағдарлама болуы керек.Бұл бағдарламаға қатысты тұрақсыз жоспар болуы керек және оның жағдайын жоспарға сәйкес келтіру мақсатында сыртқы күштерге жауап беретін қабілетке ие болуы керек.

Өнімнің сапасында қолданылатын басқару бағдарламасы сапасы жоғары болып табылады. Онда жаңа өнімді, стандартты және т.б. жобалайтын техникалық тапсырма формасы бар. Басқару объектісі ретіндегі өнімнің сапа тұрақсыздығына келетін болсақ, ол физикалық күштердің және әлеуметтік тозу әсерінен үнемі жоспардан ауытқып отырады.Іске асыру, басқару стратегияларын қадағалау және олардың орындалмауы жағдайында оларға қолданылатын ескерту тәсілдері кері принципті қолдануды қамтамасыз етеді. Өнім сапасын басқаруда бұл принцип қажеттілік негізінде жұмсалады.Өнімнің НТД-ға сәйкестігін тексеру орындалуы қажет.Бұл жұмыс тапсырыс беруші мен өнім шығарушы арқылы орындалады. Оған көптеген әртүрлі сынақ түрлері, сапаға байланысты инспекциялар, қолайлы мағлұматтар жиыны қызмет етеді. Өнімнің сапасын басқаружүйесіндегі кері байланыс принципін қадағалаудың негізгі ролі мемлекеттік стандартпен орындалатын мемлекеттік қадағалау жүйесіне тиесілі.

Өнімнің сапасын басқаруда жалғасын табатын және мақсатқа талпынатын мүмкіншіліктер келесідей функцияларды орындауы керек:



  • Техникалық дәрежеге қажетті сараптау;

  • Өнімнің сапасына қойылатын талаптарды мөлшерлеу;

  • Өнімді куәландыру;

  • Өндірістегі жаңа өнімді өңдеу және жетілдіру ұйымы;

  • Өндірісті технологиялық дайындау ұйымы;

  • Метрологиялық қамтамасыз ету ұйымы;

  • Кадрларды арнайы дайындау және оқыту;

  • Сапаны бақылау және өнімді сынау;

  • Өнімнің сапасын басқаруда мәліметтермен қамтамасыз ету т.б.

Басқада басқару жүйелері сияқты өнімнің сапасы бәрінен бұрын сапаны жоспарлау қарастырылуы керек. Ол жалпы басқару жүйесінің ажырамайтын бөлігі және шаруашылықты жоспарлау болып табылады. Сапаны жоспарлау оны жай басып шығаруға және онда сол не басқа сапа көрсеткіштерін орнатуға, оларды мемлекеттік жоспарға қосып, заңдастыруға болады деген сөз емес. Ең бастысы – берілген өнімді анықтайтын таңдалынған көрсеткіштерді ғылыми орнықтыру қажет. Сонымен қатар оны осы өнім дайындалатын шикізаттармен материалдар қасиеттерімен ұштастыру қажет. Мұндай таңдаулы көрсеткіштердің базасы ретінде ойлап шығарылған ғылым техника және технологияның соңғы жетістіктері есептеледі.

Сапаны жоспарлау керекті шара,бірақ оны басқарудағы шарттар әлі толық жетілдірілмеген. Бұл заңның орындалуын қадағалап отыру керек. Бұл функцияны арнайы мемлекеттік қадағалау ұйымдары орындауы қажет.

Сапаны басқару үшін алдымен оны өлшей алу керек. Ал, бұл өте қиын жұмыс. Өнімнің сапасын өлшеуге мүмкіндік беретін ғылым – квалиметрия деп аталады. Мұнда физикалық шамаларды өлшеуге болатын ережелер мен заңдар қолданылады, бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Физикалық шамалар табиғаттың объективті қасиеттерін көрсетеді, ал сапа көрсеткіштері – белгілі мақсатқа қажеттілікті сипаттайды.

Мысал келтіретін болсақ салмақ- физикалық шама, бұйым салмағы-оның тасымалдану көрсеткіші және т.б. Материалды өндіріс саласындағы сапаны басқару кең көлемде өнім сапасын басқару жүйесін әдістемелік бірлестік жағдайын тудырумен бірге және бір-біріне әсерін күшейтетін сатылы жұмысы қамтамасыз етеді. Бұл өнім сапасын басқарудағы мемлекеттікбасқарма басқарма (ӨСБМБЖ) атауына ие болды. ӨСБМБЖ-ның маңызды шараларының бірі өнім сапасын басқарудағы мәселелерін шешудің жиынтығы және техникалық, ұйымдық, экологиялық және әлеуметттік шаралардың өзара үйлесуін қамтамасыз етеді. Өнім сапасын кешенді басқару салааралық және салалық сонымен қоса мекеме дәрежесінде қамтамасыз етіледі.

ӨСБМБЖ негізгі мақсаты жоспарлы дүние жүзілік ғылыми-техникалық, өндірістік және әлеуметтік - экологиялық мүмкіндіктерін қолдану.Бұл мақсат белгілі мәселелерді шешу процесінде жүзеге асырылады.

Негізгі мәселелерге мыналар жатады:



  • Жаңа өнімді өндірудің қысқа мерзімде қажетті мөлшерде жасау,дайындау;

  • Сапалы өнімдердің шығуын көбейту;

  • Ескірген өнімді ауыстыру және уақытымен өндірістен алып тастау;

  • Тұтынушыға жеткенге дейінгі өнімнің сапасын сақтау;

Өнімнің сапасын басқарудағы сатыларға мыналар жатады:

  • Техникалық дәрежені және өнім сапасын- басқару нысаны;

  • Басқарма мақсаты-өнім сапасы қасиетін жоспарлау;

  • Басқарма сынағы- сапалы өнім алу мақсатын сипаттайтін көрсеткіштік дәрежелер;

  • Басқару субъектісі- берілген техникалық дәрежені және басқару сапасын қамтамасыз ететін тиісті жұмысшылар, басқару ұйымдары;

  • Басқару әдісі- техникалық дәреже мен өнім сапасының көрсеткіштеріне әсер ететін басқару ұйымдарының тәсілдері;

  • Басқару құралы- ЭЕМ,НТД.

Бақыланатын параметрлерге сәйкес мөлшерін бақылау мен альтернативке,мөлшерін бақылауды бір-бірінен айыра білу керек.

Мөлшерлі белгідегі сапаны бақылау-бір немесе бірнеше параметрлердің белгісі анықталады , ал келесі шешімдер осы белгілерге сай қолданылады.

Сапалық белгілердегі сапаны бақылау- әр тексерілген бірліктерді белгілі топқа жатқызады, ал шешімдерді әр түрлі топтағы сандар мен бірліктердің қатынасына байланысты қабылдайды.

Альтернативті белгілер бойынша- жиынтығы 2 топтан: жарамды және жарамсыз тұрады. Шешім өнім бірліктері санының анықтауынан табылған жарамсыз бірліктер немесе жарамсыз сандардан қабылданады. Бақылау құралы- визуалды,есептегішті,құралдық, әр түрлі үлгі,мысал ,біріккен және таңдамалы.



Бақылау сұрақтары:

  1. Штрихты кодтаудың мақсаты не?

  2. Алғашқы үш сан нені білдіреді.?

  3. Қандай сандар кодты дайындауды білдіреді.?

  4. Тауардың коды қандай сандар?

  5. Бақылау сандар нені білдіреді?


20,21,22 – дәріс. Қолданудың технологиялық нұсқаулықтары
Жоспар:

1 Қазіргі заманғы жем өндірісінің жағдайын анализдеу және әлемдік және отандық ғылымның даму тенденсиясы.

2 Құрама жем өнімдер өндірілу технологиясының шығарылатын өнім түріне байланыстылығы

3 Құрама жемде бидай шикізатының өңделуінің тереңдетілген технологиясы.


Отандық және шет елдәк ғалымдардың анықтауынша әлемнің барлық елдеріндегі жемге шығым жыл сайын көбеюде, ал оларды өндіретің ресурстар күрт азайған. Сондықтанда жемнің көптеген компоненттері жеткіліксіз, ал кейбіреулері басқа мақсатта қолданып жүр. Дәстүрлік және энергетикалық ресурстардың қысқаруы мен қымбаттауы расионға 80% ға артық дәндік компоненттердің болуына әкеп соқтырды. Бұндай жем толыққанды биологиялық өнім болып табылмайды.

Осыған байланысты жаңа рациональды өнімдерді іздеу және шикізат ресурстарын тиімді пайдаланудың рациональды технологиясын жасау актуалды болып отыр. Қазірде өндіріс орындарында 0,8 млн тоннаға жуық жем және 0,2млн тонна түрлі жемдік қоспалар өндірілуде. Дегенмен, жем өндірудің қол жеткен деңгейі сандық және сапалық жағынан мал шаруашылығын қанағаттандырып отыр. Есептеулер бойынша 2015 жылғы мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және балық шаруашылығын қанағаттандыру үшін толық рационалды жем өндіруді жылына 3 млн тоннаға дейін жоғарлату керек. Мал шаруашылығының қажетіне жарататың 100ден астам түрлі рецепті жемдер бар. Әдебиеттердегі мәліметтерге сүйенетін болсақ, кейбір жем түрлерінің құрамына 150 ден астам компоненттер кіреді.

Шикізат ассортименттерін көбейту және олардың технологиялық қасиеттерін жоғарлату – жем өндірісінің маңызды және актуалды мәселесі. Көптеген 10 жылдықтар бойы шикізат мәселесі қолға алынып келеді. Сондықтанда жемдік ресурстардың барлық түрлерін қолдану ерекше мәнге ие. Мұндай жағдайда жергілікті және қол жетімді жемдік өнімдерді іздестіру актуалды болып отыр.

Қазақстандағы жем өндіретін өндіріс орындары негізінен облыс орталықтары мен қалаларда орналасқан. Осы жерлерде сондай-ақ өндеу кәсіпорындары орналасқан. Осы өндіріс орындарындағы қалдықсыз өндіріс технологиясы комбикорм өндірісіне жарамды қалдық қоспалардың шикізат қорын алуға көмектеседі. Қазіргі кездегі нарық жем сапасына жоғарғы талап қойып отыр. Бұл талаптарды жемді байыту жолымен және жемге арнайы әсер ететін әдістерді қолдана отырып жүзеге асыруға болады.

Сонымен қоса жемнің сапасымен игерілу дәрежесі көбіне ондағы компоненттердің гранулеметриялық қасиеттерніне байланысты. Жануарлардың барлық түрлерімен жасына қарай жемнің оптималды ірілігі болады. Осыған орай жемнің құрамындағы бөлшектердің орташа оптималды көлемін анықтап алу қажет, яғни өте ұсақ бөлшектер болмауы керек. Айтып өту қажет республикада емдік профилактикалық жем рецептері зерттелмеген және жасалмаған. Жемдік өнімдердің санитарлық жағы ерекше актуалды және ол қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жоғарғы сапалы санитарлық талаптарға сай болуы керек. Жем өніміне деген қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында 2015 жылға қарай қуаты 80 тонна/күн 88құрама жем цехы және қуары 10т/к модульді типтегі 172 цех құрылысы жоспарлануда, сондай-ақ жұмыс жасап жатқан 30 құрама жем өндіріс орындарына жаңа технологиялар енгізу жоспарлануда.

Өндіріс орындарындағы технологиялық схемаларды анализдеу қазіргі кезде технологиялық процестің бірнеше бағытта дамып жатқанын көрсетті. Олардың негізгілері мыналар :



  • Бір компонентті ұсақтау – бір этапты дозалау. Ұсақтау және тазалау керек болатын барлық шикізат түрлерін дайындау;

  • Көп компонентті ұсақтау – екі этапты дозалау. Бұл схема бойынша технологиялық процес алдын ала қоспалардың құрамында шикізатты өндеуге негізделген. Бірінші этапта шикізат қоспасын формалайды, ал екінші этапта дайындауды қажет етпейтін компоненттер мен олардың қоспаларын дозалайды және соңғы араластырады.

  • Көп компонентті ұсақтау – бір этапты дозалау бұл технологиялық процес шикізат топтарын бірлестіре өндеуге негізделген.

Қазақстандағы жем өндірісіне бағытталған ғылыми мектептердің жұмыстары.

Жем өндірісі саласындағы техника мен технологияларды жарату мақсатында құрама жем өнеркәсібіне бағытталған көптеген ОДАҚТЫҚ ЖӘНЕ республикалық институттар жұмыс істеді. Осы және басқа мәселелер төңірегінде Воронеж (Ресей) , Киев (Украина), Рига(Латвия), Тбилиси(Грузия) және құрама жем өнеркәсібінің бүкіл одақтық Алматыдағы ғылыми - зерттеу инститтуттары айналысады. Құрама жем өнеркәсібінің ғылыми мектептері Ресейдің ірі ЖОО – да да жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда жем өнеркәсібіндегі жаңа технология мен техникалық мәселелері шешумен тек өндеу және тамақ өндірістерінің Ғылыми – өндірістік орталық айналысады. Жем өндірісіндегі жаңа техникалар мен технологияларды ойлап табудың негізгі бағыттары мыналар:



  • Қос этапты ұсақтау, екі есе түйіршіктеу, экструзиялау, экспандирлеу, жаншу , микронизация және т.б. дайын өнімнің қасиетің жақсартатын технологиялық процестерді ойлап табу.

  • Жем өнеркәсібінде дайын өнім алуға қолданылатын дәстүрлі емес шикізаттарды ойлап табу.

  • Дайын өнім мен шикізатты сақтаудың ғылыми негізін ойлап табу, шикізат пен жемнің сапасын бақылаудағы жаңа әдістерді жетілдіру.

Қалдықсыз технология құру, шикізатты үнемдеу және жылу-энергетикалық ресурстарға рұқсат беру;

  • Құрама жем өндірісінде жаңа технологияны және шикізаттың жаңа түрлерін қолданудың қарқындылығын бақылау.

  • Құрама жем өнімдер өндірілу технологиясы шығарылатын өнім түріне байланысты, өз кезегінде жануарлардың жас құрамы және белгілі түрлеріне арналған, өндіріске, құрама жем өндіретіндерге келесі технологиялық процестер қолданылады:

Сусымалы құрама жемдердің өндірісіндегі технологиялық процес ересек ауыл шаруашылығындағы құстар, шошқа, ірі қара мал, қой, жылқы, қоян, балық, жабайыларға өнім өндірудің негізі болып табылады.

  1. Түйіршікті құрама жемдер өндірісіндегі технологиялық процесс ересек малдар мен құстарға арналады.

  2. Ірі жануарлық комплекстердегі құрама жемдерді өндірудегі технологиялық процесс, 9-42 күн болған шошқаларға, 10-75 күн болған бұзауларға арналады.

  3. Туғанына 1-4 күн болған балапандарға арналған құрама жемдерді өндірудің технологиялық процесі.

  4. Терілі аңдарға арналған құрама жем өндіру технологиялық процесі.

  5. Иттерге арналған құрама жем өндіру технологиялық процесі.

  6. Асыл тұқымды бағалы балықтарға арналған құрама жем өндіру технологиялық процесі.

  7. Зертханалық жануарларға арналған құрама жемдерді өндірудің технологиялық процесі.

  8. Ауыл шаруашылығының жануарларына ақуызды-дәруменді қоспаны өндірудегі технологиялық процесі.

  9. Қоспаларды өндірудегі технологиялық процесі.

Сусымалы құрама жемдерді өндірудегі негізгі ересек малдар мен құстарға арналған белгілі таралған құрама жем мекемелері жабдықтарды қолданып, негізгі технологиялық әрекеттерді орындайды: шикізатты тазарту, ұсақтау, мөлшерлеу, араластыруды қамтамасыз етеді.

Түйіршіктк құрама жемді өндірудің технологиялық процесі түйіршіктеу жасымен негізделген.

Ірі мал өсіретін кешендердегі туғанына 9-42 күн болған торайлар мен туғанына 10-75 күн болған бұзаулар құрама жем өндірудегі технологиялық процесс дәнді терең түйіршіктер өңдеу, қуыру, экструдирлеу, булап жаншу желісі бар кәсіпорындарда орындалады.

Ауыл шаруашылығындағы жас құстарға (туғанына 1-4 күн болған балапандар) арналған құрама жемдегі жасұнық мөлшері аз және жоғары түзілген сүт мөлшері, бөлек технологиялық процес ретінде ұсақ жарма түрінде шығарады.

Жүнді (норка, күрең түлкі ) аңдарға арналған құрама жем өндіру процесі сондай-ақ терең бидай шикізатын өндіруді крахмалдың желімтектелу мақсатында және экструдирлеуге қолданылады немесе басқа өңдеу әдістеріне сай 20% майды шығару қарастырылады. Иттерге арналған құрама жемді өндірудің технологиялық процесі бидайдық шикізаттың тереңдетілген өңделуін, ұндық және майдың жоғары сапасын, өнімді қалыптауды енгізеді.

Бағалы балық түрлеріне, әсіресе жас балықтарға арналған құрама жемдерді өндірудің технологиялық процесі бірқатар арнайы әрекеттерді қамтиды: жұқа ұсақтау, дәстүрлі емес шикізаттарды шығару, жармалардың 0,2мм аз мөлшерінің жасалуы, ұсақ түйіршіктеу, сондықтан олар арнайы зауыттарда таратылады.

Ақуызды-дәруменді қоспаны өндірудегі технологиялық процесс негізгі ірі қара малдар мен құстарға арналған құрама жемдерді өндіру зауыттарында орындалады, олар жоғары ақуызды және минералды шикізат, бидайдың азайтылған құрамымен ерекшеленеді.

Нақты мекемелерде құрама жемдерді өндірудің технологиялық процесінде ол әр түрде, нұсқада таратылуы мүмкін:



  1. Мөлшерлеуге (бір құрамды ұсақтау – бір сатылы өлшеу) шикізатты даярлау құрама жем өндірудегі технологиялық процесс.

  2. Бөлінген бидайларды, түйіршікті шикізаттар мен шроттар, ақуызды-минералды шикізаттарды қоспа құрамымен өңдеу, екі сатылы мөлшерлеу арқылы құрама жемді өндірудегі технологиялық процесс.

  3. Өңдеумен бидай, түйіршікті шикізат және шроттар қоспа құрамымен, ақуызды-минералды шикізат екі сатылы мөлшерлеуден өткен, өңделген құрама жем өндірудегі технологиялық процесс.

  4. Бидайды түйіршікті шикізат және шроттарды үлесті өңдеумен бірге, ақуызды-минералды шикізат қоспа құрамымен, бір сатылы мөлшерленген өңделуден өткен құрама жем өндірудің технологиялық процесі.

  5. Барлық шикізаттар бір сатысы мөлшерленген, үлесті өңделген құрама жем өндірудің технологиялық процесі.

Ақуызды-дәруменді қоспа, қосындылар барлық сатыларда қабылдау мен шикізатты рационды қолдануды құрама жем өндірудің технологиялық процесі қамтамасыз етуі тиіс, жедел өндіріске беру, технологиялық дайындықты және барлық компоненттердің рецепт бойынша, технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу де тәртіпті сақтау, шикізаттың қарқынды өңделуі мен сапасы стандарт талабына сай өнімнің шығуына септігін тигізуі қажет.

Құрама жем мекемелердің магнитті қорғанысын магнитті оқшаулаумен «Ереже»-ге сай жолмен жүзеге асырылады.

Әр мекемеде «Ереже» негізінде «Өнім шығарудың технологиялық ережесі» жасалуы керек, ол өзіне барлық өндірістік процестегі шикізаттың түсуі мен өнімнің шығуына дейінгі аралықтағы жұмыстарды енгізеді:


  • Шығарылатын өнім сипаттамасы;

  • Шикізат және өнімді өндіруге арналған материал сипаттамасы;

  • Технологиялық сызбанұсқа;

  • Арнайы жабдықтар;

  • Машиналардың параметрлері мен жұмыс істеу тәртібі көрсетілген технологиялық процес сипаты;

  • Өнімнің (материалды баланс) шығу нормасы;

  • Технологиялық процесс, шикізат және өнімді бақылау;

  • Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өртке қарсы және жарылысқа қарсы шаралар және т.б.өнімді өндірудің технологиялық сызбанұсқасы графикалық түрде былай көрсетіледі:

  • Шикізатты қабылдау құралы, олардың өнімділігі және түсіру тәсілдері;

  • Барлық електердің көлемі мен мөлшері;

  • Шикізатты өндіріске берудегі транспортты-технологиялық жол,

  • Шикізатты дайындау және өңдеудің технологиялық жолы;

  • Технологиялық және көмекші жабдықтардың мөлшері, маркалары, жұмыс істеуші бөлімдердің сипаттамасы;

  • Өнімдер және қалдықтардың бөлек машиналарға, барлық шикізат топтарының бағытталуы;

  • Магнитті қорғаныс құралдары;

  • Тиеу орны, лоардың өнімділігі және тиеу тәсілдері;

  • Аспирациялы желілер.

Технологиялық тәртіп және өнімді өндірудің технологиялық процесі мекеме директоры(бас инженермен) бекітіледі.
3.Құрама жемде бидай шикізатының өңделуінің тереңдетілген технологиясы.

Бидай шикізатының екі қайтара түйіршіктелуі. Жас жануарларға арналған құрама жем өндіруде бидай шикізатының сапасын жақсарту мен тағамдық құндылығын жоғарлату мақсатында екі қайтара түйіршіктеу әдісімен өңдеу жүргізіледі. Сақтау үшін күш әсерімен бидай 55-65С-ге дейін қыздырылады. Түйіршік диаметрі 4,7 мм және одан көп болады. Қайтадан түйіршектеу диаметрі 3,5-4,7 мм , тығыздығы 0,5 МПа жүргізіледі. Бидай шикізатын экструдирлеуді бөлек цехтарда арнайы жабдықталған жүргізеді. Экструдирлеуге бидай шикізаты (бөлек бидай түрі, олардың қоспасы) жіберіледі.

Өндіру технологиясы келесі әрекеттерді қамтиды:


  • Бидайды экструдирлеуге дайындау;

  • Экструдерде өңдеу.

Ұсақтауды диаметрі 3-4 мм-лі електе бөлмеу арқылы жүргізеді.

Экструдирлеу булау қондырғысымен жабдықталған экструдирлерде КМЗ-2М, КМЗ-2У,ПЭК-125*3, КМЗ-2-де жүргізіледі.

Экструдирлеу бұрын бидайды сумен немесе ылғалдылығы 17-18 пайыз бумен ылғалдауды жүргізеді.

Экструдирлеу процесін келесі тәртіппен өткізеді:



  • Өнімнің шыққандағы температурасы 120-130

  • 1-3 кг/см будың қысымы (0,1-0,3 МПа)

  • Бу шығымы 50-75 кг/т;

  • Булаудан шыққан булы қоспаның температурасы 70-80

Экструдатты салқындатуды көлденең суытқыштарда Б6-ДПБ жүргізеді. Салқындаған түйіршіктерді ұсақтау стандартты ірілікті қамтамасыз ететін електерді қолданып, балғалы ұсақтағыштарда жүргізіледі. Экструдирленген бидай құрамы жас жануарларға құрама жем өндіруде қолданылады.

Бидай шикізатын (қауыздар өндірісінде) жаншу. Бидайды 4-5% суда ылғалдайды, 3-4 сағат Р=0,2-0,4МПа-да булайды. Бидай ылғалдылығы 20-25% , температурасы 100С. Жаншу саңылауы 0,2-0,5 мм жаншығыш машиналарда өткізіледі, қауыз қоршаған орта температурасы 10С болғанға дейін салқындатылады. Кептірілген қауыздарды бөлшектегіште ұсақтайды.

Бидайды (инфрақызыл сәулемен өңдеу) микронизациялау микронизациялау желісінде 6-15 мин аралығында бу шығыны 50-100 кг/т булау қарастырылады. Буланған бидай ылғалдылығы 10-25%, ИҚ сәулелерімен қыздыру 40-180 сек т=90-98С-де қыздыру, салқындату, ұсақтау жүргізіледі.

Бидай шикізатының қуырылуы. Қуырушы аппарат 700л сыйымдылықтағы цилиндрлі камерадан тұрады. Қуырушы камера жылу тасымалдағыш – май мен АМТ-300 250С температураға дейін қыздырылады.

Арпаны 1 мөлшерлегіште мөлшерлейді және тазалаудан кейін айырғышта 2, қабыршақтану қабыршақтануда 3 жүргізіледі, кейін қабығы алынуы 4 үшін аспирациялы құралдан өткізеді және 12т шанаққа құюға жіберіледі. Шанақтан мөлшерлегіш 1 арқылы бидай булаушы шнекке 5 және одан қуырушы аппаратқа 6 жіберіледі.

Нәтижесінде бидайды қуыруда түсі қоңырға айналады, жартылай жарылады. Жылу өңдеуден соң бидайдағы декстрин құрамы 1-1,5 дейін 10-12% дейін артады.

Қуыру процесі айналымды болып өтеді. Аппаратты арпа үлесі жүктеледі, бидайды қуыру жүгері және кейін ол аппараттан шығарылады, суытқыш 7-ге жіберіледі,суытылған арпа сыйымдылығы 12 т.жинақтаушы шанаққа түседі.

Арпаны өңдеу айналымы 60-90 минут көлемінде тиеу мен аппараттан түсіруден тұрады. Дайындалған арпа ұнтақталады, араластыру желісіндегі басты мөлшерлеуші шанаққа түседі.

Экспондат патогенді микроорганизмдерден босағаны суды жақсы ериді және өте жақсы електен ағады.Экстандирленген құрылымды жем көп құрамды бидай дақылы болуы мүмкін, жоғары концентрат ауыстырылатын энергия құрамынан, ақуызды концентрат және тұтынуға дайын құрама жемнен тұрады. Бидай және бұршақ тұқымдастарды 2т/с терең кездесу құрылымды жылулық өңдеу үшін жаңа технология құрылды.

Процестің негізгі сипаттамасы:



  • Бидайды 3-5 секунд уақытта экспандирлеу;

  • Жылу тасымалдағыштың орташа температурасы 300-450 С;

  • Дидайдың жарылу деңгейі -1,5-2,2;

  • Декстринизация деңгейі -35-50%;

  • Бұршақ тұқымластар мен қара бидаайда трипсин ингибиторлар төмендеу деңгейі -85-100%;

  • 1 т. Өңделген өнім 70-90квт/сағ. Электр энергиясын шығындайды.

4. Құрама жем өндірісіндегі дәстүрлі емес өнімдер

Карбамидті концентрат

Мочевинаны қолданудағы ұстап тұратын негізгі факторлардың бірі асқазан алдындағы жылдам өтетін гидролитз болып табылады. Осыған орай азоттың белгілі шығыны жүреді және жануарлардың улануы мүмкін. Сондықтан синтетикалық мочевинаны тиімді қолдану үшін протеинді қоспалар ретінде біркелкі жем түсуін немесе рубецтегі мочевинаның жылдамдығын ақырындатады. Бұл карбомидті көмірсулы құраммен қосылуға жеткізеді. Құрама жем өндірісінде карбомидті концентрат, бидай құрамын,карбомид және құрама жем зауыттарында натрий бентонит рецепті бойынша шығарылады.

Карбомидті концентрат мәселесі-карбамидтің гидролизі ақырындағанын қамтамасыз ету және оны күйіс қайыратын жануарларға қолдану.Мұндай жағдайда жануарлардың улануы асқазан шырында аммиак таралуы баяу жәнеи азотты байланысбіркелкі таралады. Карбомидті концентрат 40-80% шикі протеиннен (протеинді эквивалент) құрайды және құрама жемдерді қоспалармен күйіс қайыратын жануарлар үшін табиғи ақуызды құрамның рорнын толтыратынлар сипатында құрамына кіреді.

Дайын концентрат жарма және түйіршіктер түрінде болады.Нәтижесінде экструдирде өңделу карбомидтің құрамында физикалық байланысқан бидай құрамы және бентонит жағдайында болады.

Карбомид 1 фракцияға «ауыл шаруашылығына арналған» сәйкес келуі қажет

Сыртқы түрі-әлсіз түстіақ шар тәріздес түйіршіктер;

Дәмі-қышқыл;

Ылғалдығы 0,3%:

Құрғақ өнімдегі азот-46%-тен кем емес;

Биурет -1,0%-тен артық емес.

Түйіршіктелген кабомид полиэтиленді немесе қағазбы қаптарда қорапталған түрде беріледі. Әр қапта зауыт аты-алушы, өнім атауы, партия нөмірі, МЕСТ-ті массасы мен нөмірі жазылған түс қағазы болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет