ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет4/7
Дата16.06.2016
өлшемі8.85 Mb.
#140934
1   2   3   4   5   6   7

3. Каталитикалық риформингтің кең тараған процесі болып бифункциональды катализаторларда жүретін платформинг табылады. Платформинг катализаторы ретінде платина немесе алюмоплатина қолданылады. Алюмоплатина катализаторы – бетіне 0,6%-тен артық емес платина отырғызылған алюминий оксиді. Бұл катализаторларда екі каталитикалық активті орталығы бар: платинада дегидрлеу орталықтары және алюминий оксидінде изомерлеу орталықтары. Алюминий оксидінің қышқылдық қасиеттерін күшейту мақсатында оған галогендерді (фтор, хлор) промоторлар ретінде қосады. Көп жағдайларда гидрлеу және изомерлеу орталықтары бір біріне тәуелсіз болады. Каталитикалық риформинг процесінде газдар және сұйық өнімдер (риформат) түзіледі. Риформатты автомобиль және авиациялық бензиндердің жоғарыоктанды компонент ретінде немесе ароматты көмірсутектерді бөлу үшін қолдануға болады. Каталитикалық крекинг газдарынан сутекті, құрғақ газды С12 немесе С13 және С34 газдарын алуға болады. Риформинг бензиндері құрамында 60-70% арендер болады, олар экологиялық зиянды қосылыстар болып табылады.


Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: каталитикалық риформинг, көмірсутектердің айналулары, термодинамикасы мен кинетикасы, катализаторлары мен өнімдері.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Каталитикалық риформинг қандай мақсатпен қолданылады?

  2. Каталитикалық риформинг процесінің механизмін түсіндіріңіз

  3. Каталитикалық риформинг катализаторларының ерекшелігі?

  4. Каталитикалық риформинг катализаторларының регенерациясын қалай жүргізеді?

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Г.Қ. Бишімбаева, А.Е. Букетова. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. Алматы: Бастау, 2007. 203-212 б.

2 Ы.Қ. Тойбаев, Қ.А. Жұбанов. Химиялық технология негіздері. Алматы. 2011. 91-93 б.
Дәріс 16, 17 - Мұнай, газ, көмір мен олардың өңдеу өнімдерінің термототығу және каталитикалық процестері

Дәріс жоспары:



  1. Гидрогендеу процестерінің теориялық негіздері

  2. Гидротазалау

2.1 Гидротазалау процестерінің кинетикасы

2.2 Гидротазалау процестерінің катализаторлары

3. Гидрокрекинг

3.1 Гидрокрекинг катализаторлары

4. Гидрокрекинг жағдайларындағы көмірсутектер айналуларының химизмі

1. Гидрогендеу процестерді мұнай өндеуінде және мұнай химиясында кеңінен пайдаланады. Гидрогендеу процестерді жағармайлардың, дизельді және қазандық отындардың сапасын жақсарту, сонымен қатар жоғарыоктанды бензиндерді алу үшін қолданады. Бұл процестердің негізгі арнауы – өнделген мұнай фракцияларының құрамын реттеу, отындар, майлар және мұнайхимия шикізаттың пайдалану сипаттамаларын жақсарту мақсатында құрамындағы күкіртті және азотты қосылыстарды кетіру.

Гидрогендеу процестері негізгі екі бағытта дамып келеді:



  1. Молекулалық массасы төмен өнімдер алу мақсатында мұнай шикізатын үздіксіз деструктивті ыдыратып өндеу (гидрокрекинг);

  2. Әр түрлі мұнай фракцияларын қанықпаған және күкіртті қосылыстардан тазалау (гидротазалау).

Гидрокрекинг және гидротазалау – катализдік процестер. Каталитикалық гидрогендеу деп мұнай өнімдерін каталитикалық жолмен сутектендіру құбылысын айтады. Гидрогендік процестердің катализаторлары ретінде никель, кобальт, молибден, вольфрам сияқты металдардың оксидтері және сульфидтері, қышқылдық тасымалдаушыда – алюмосиликаттарда, алюминий оксидінде және т.б. қолданылады.

2. Мұнай өнімдерді гидротазалау немесе катализдік асылдату – МӨЗдарда өте маңызды. Гидротазалау процесті түрлі мұнай фракцияларын гетероатомды қосылыстардан тазалау мақсатында қолданады. Гидротазалау кезінде бір мезгілде тұрақсыз шектеусіз көмірсутектердің гидрлену арқылы сәйкес шектелген қосылыстар түзіледі. Гидротазалауды гидрлеуші катализаторларда жүргізеді. Гидротазалау катализаторларына қойылатын негізгі талап – каталитикалық уларға, әсіресе күкіртті қосылыстарға тұрақты болуы. Процестің тиімділігі катализатордың активтілігіне тәуелді. Гидротазалау процестің негізінде гетероатомды қосылыстардың экзотермиялық гидрлену реакциялар жатады. Бұл реакциялар нәтижесінде сутегісіз заттар бөлінеді:

RSR + 2H2 → 2RH + H2S ↑

RNHR + 2H2 →2RH +NH3

Кәдімгі жағдайда күкіртсутек газ тәрізді зат, мұнайөнімді қыздырғанда бөлініп шығады. Суармалау колонналарда түзілетін күкіртсутекті сіңіртеді, соңынан одан элементті күкіртті немесе концентрлі күкірт қышқылын алады.

Жалпы, мұнайды күкіртқұрылымды қосылыстардан тазалау әдістерді екі топқа бөлуге болады: күкірторганикалық қосылыстарды ыдыратып отындардан шығарып тастау тәсілдері; бір мезгілді күкірттің органикалық қосылыстарын таңдамалы бөліп алу және мұнай фракцияларын тазалау әдістері.

Гидрогенолиз күкірттің барлық органикалық қосылыстардың топтарына сипатты реакция:





Тұрақтылықтарына сәйкес келетін КОҚның гидрлену жылдамдығы мына ретте артады: меркаптандар > дисульфидтер > сульфидтер = тиофандар > тиофендер.

Гидрогенолиз жағдайларын өзгеруі – сутегі қысымының жоғарлануы, катализатордың активтілігі өсуі, температураның өзгеруі – КОҚдың гидрлену процесіне белсенді әсер етеді. Гидротазалаудан түзілген күкіртсутегі одан әрі элементті күкірт және күкіртті қышқыл алуға қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет