ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқу- әдістемелік материалдар



бет1/4
Дата19.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#147051
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-7.1.86/01 - 2014




«Тамақ өнімдерінің идентификациясы мен фальсификациясы» пәнінің оқу әдістемелік материалдары

№1 басылым

«11» қыркүйек 2014ж.



5В072800 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»

мамандығына арналған


«Тамақ өнімдерінің идентификациясы мен фальсификациясы


ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2014





Глоссарий

4

2

Дәрістер

4

3

Зертханалық сабақтар

4




4

4

58







  1. ГЛОССАРИЙ

Ауа-торлы сеператорлар – ірі, ұсақ, және жеңіл қоспалар, зақымданған бидайлар, шаңдардың сұрыптауға арналған машина.

Калибрования – ірілігі бойынша кейбір дәнді дақылдарды бірнеше фракицяларға бөліп сұрыптау үрдісін айтады.

Сепарирлеу – астық түйір қоспаларын бөлу үрдісін айтады, бұл үшін сепарратор машинасын қолданады.

Микроорганизмдер – астық түйірінің қаша алмайтын серіктестігі, олар астық түйірінің сапасын төмендететін негізгі факторлар болып табылады.

Сорбция – қоршаған орта буларынан әртүрлі газдар мен заттарды сіңіру қабылетін айтады.





  1. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ


1- тақырып: Тағамдық өнімнің идентификациясы.

Идентификация- жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б) топқа жататындығын сонымен тағдыры бір екендігін сезініп түсінуі. Бұл сөзді ғылыми әдебиетке З.Фрейд еңгізді. Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарының мақсаты- өнімнің, процестің және көрсетілген қызметтің сапасын қамтамасыз ету. Сапа- обьектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы. Сапа деген үш элементті қамтиды: обьект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәні толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек. Обьект ретінде іс -қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйемен жеке тұлға немесе сылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде өнім сапасын алуға болады. Шет елдерде соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесімен құқығын қорғау мәселесін осы өмнім сапасы тұрғысынан қарастырады. Процесс- өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және бәйекті іс- қимылдар жиынтығы. Көрсетілетін қызмет- беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс- қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары. Тауар- ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу- сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат. Сапаның екінші элементі – қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік. Сатының жоғары денгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. Сапаның үшінші элементі көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және сандық болып екіге бөлінеді. Сапалық көрсеткіштер- материалдың түсі, бұйымның түрі т.б. Сандық көрсеткіштер тауарды қолдану шеңберімен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады. Сапа көрсеткіші – тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін сандық көрсеткіштермен сипаттайды. Көрсеткіштер әр түрлі өлшердер мен келтіріледі немесе өлшемсіз болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда олардың атауы мен мәні анықталады.

Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы:


  • Сапаны бағалау;

  • Сапа жүйесі;

  • Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуге негізге алынатын техникалық заңнамалар;

  • Техникалық реттеу туралы түсініктеме;

Сапаны бағалау обьектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру.


  1. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ


2 – тақырып: Тағамдық өнімнің сапасын қамтамасыз ету
Тағамдық өнімнің сапасын қамтамасыз етудің бір бөлігі идентификация болып табылады.

Идентификация-тауарға сай мінездеме беру,маркілеуде көрсетілгендей немесе рұқсат етілген құжаттамадағыдай немесе басқа ақпараттағыдай талап етіліп жасалады.

Тағамдық өнімнің идентификациясының функцияналдық рөлі мынадай:


  • Шикізаттың,тағам өнмінің аталуы,типі және тауар партиясы көрсетіледі;

  • Ақпаратты тұтынушыға дұрыс жеткізу;

  • Тауардың ұзақтығын бекіту;

Тауарлық идентификацияның субьектісі болып дайындаушы-шикізатты және жартылай фабрикатты қабылдап,өндірістік тағамдық өнім,сатушы-келісім бойынша сатып алу сату,тауарды қабылдау және сатуға дайындау,тұтынушы өнімді сатып алушы,тауар жөнінде ақпаратты білу және өзіндік тәжірбие.Идентификацияның аталуына байланысты мынадай түрлері болады:ассортиментті,сапалы,партиялы.

Ассортиментті идентификация-тауардың аталуына сай ассортимент мінездемесі талап етілгендей көрсетіледі.Бұл идентификацияның түрі экспертиза және тағамдық өнім сертификациясында ерекше мағына береді.

Сапалы идентификация-бұл идентификацияның түрінде тағамдық өнімнің сапасы және стандартқа сай сапасы көрсетіледі.Бағаланған өнім қорытындысын идентификацияның мына түріне бөледі:

-стандартты;

-стандартты емес;

Өнімнің тағамдық мақсатқа жарамды және жарамсыз болуы.Стандартты өнімді,тауарлық сортына сай маркілеу немесе құжатта көрсетілгендей етіп бағалайды.

Партиялы идентификация-бұл идентификацияның түрі қиындау болып келеді,себебі тағамдық өнімнің бір партияға жатқызылуын анықтау болып табылады.

Ресейде тауар партиясына нақты идентификацияланған өнім консервісін маркілеу.Өнімнің басқа түріне мұндай маркілеу жасалмаған.Маркілеу тағамдық өнімнің идентификациясының маңызды ортасы бола алады.Басқа ортаға идентификацияның нормативті құжаттары-стандарттар,техникалық ұсыныс,ереже және т.б.Сапасын көрсететін көрсеткіштер сонымен қатар техникалық құжаттар,тауарлық сапа сертификаты.Ортаның көрсеткіші идентификацияның критерий регламенті деп аталады.

Идентификацияның критерийі-бұл өнімнің мінездемесі көрсетілген тауардың аталуы,маркілеуде немесе нормативті және тауарлы құжаттамада көрсетіледі.Мұнда көрсеткіштің 3 тобы көрсетіледі:

-органолептикалық;

-Физика-химиялық;

Микробиологиялық;



Тағамдық өнімнің мінездемесі органолептикалық және физика-химиялық сапасы сипатталады.Микробиологиялық көрсеткіші қауіпсіздік көрсеткіш болып табылады,бірақ идентификацияның критерийі бола алмайды.Бұл ортаның фальсификация түрі болып қосымшалар және бір ассортиментті тауарлар,бірақ төменірек сортты болады.Тағамдық қосымшаларды пайдалану фальсификация бола алады,егер рецептурада көрсетілмесе де рұқсат етілмесе де қолданыла береді.


  1. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ


3 - тақырып: Тағамдық өнімнің фальсификациясы
Фальсификация - [ лат. falsificare - қолдан жасау] - қолдан жасау; нақтылы, шынайы мәліметті жалған, өтірікпен алмастыру,азық - адам үшін тамақ көзі болып табылатын жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан, минералдан, микробиологиялық қолданыстан алынатын азық-түлік;
азық қоспалары - адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар;байытылған (фортификацияланған) тамақ өнімдері - ауруды профилактикалау мақсатында енгізілетін, тамақтың құнарын арттыру үшін бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және басқа да заттар қосылған тамақ өнімдері;
балалар тағамы азық-түлігі - балалар организмінің физиологиялық қажетіне сай келетін және үш жасқа дейінгі балалар тағамдарына арналған, арнайы мақсаттағы тамақ азық-түлігі;ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдері - тамаққа тиісті өңдеусіз пайдаланылмайтын, жануардан алынатын тамақ азық-түлігі мен шикізат, сондай-ақ азық және азық қоспалары;ветеринарлық сертификат - ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында және көлікте ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінің әрбір партиясына беретін, белгіленген нысандағы құжат;генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік, соның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;дайындалған күні - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) аяқталған күні;диеталық тағам азық-түлігі - ауруларды профилактикалау және (немесе) емдеу мақсатында адамдардың жекелеген санаттары үшін арналған арнайы дайындалған тамақ өнімдері;емдік-профилактикалық тағам азық-түлігі - зиянды кәсіптік факторлардың созылмалы әсерімен байланысты адам организміндегі бұзылудың алдын алу мақсатында адамдардың жекелеген санаттарына арналған, арнаулы тағам рациондарында пайдаланылатын арнайы тамақ өнімдері;есептік нөмірі - өндіру объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;жалған тамақ өнімдері - көрінеу және қасақана өзгертілген, қолдан жасалған және (немесе) ол туралы ақпарат көрінеу дұрыс емес немесе толық емес болып табылатын, жасырын қасиеттері мен сапасы бар тамақ өнімдері;жарамдылық мерзімі – тамақ өнімі өзіне қойылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес болуға тиіс уақыт кезеңі; жол берілмейтін қатер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деңгейінен асатын қатер;
қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері (бұдан әрі – ХАССП) – бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы бүкіл азық-түлік тізбегі бойынша өнім қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару қатер - тамақ өнімдерінің адам денсаулығына қолайсыз әсер ету ықтималдығы және бұл әсер етудің адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне әкелетін салдары;


  1. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ


4 – тақырып: Тағам өнімдерін маркілеу

Тағамдық құндылық - өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін, яғни энергетикалық, биологиялық, физиологиялық, органо-лептикалық құндылығын, сіңімділігін, сапалылығын сипаттайтын күрделі қасиет.Өнімнің энергетикалық құндылығы оның құрамындағы май, ақуыз, көмірсу мөлшерімен анықталады. Тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы 100 г-ға шаққанда кило-джоульмен (кДж) немесе кило-калориямен (ккал) өрнектеледі. Адам ағзасында 1 г май тотыққанда 9,3 ккал (37,7 кДж); 1 г ақуыз — 4,1 ккал (16,7 кДж); 1 г көмірсу — 3,75 ккал (15,7 кДж) энергия бөлінетіні белгілі. Ағза энергияның белгілі бір мөлшерін сол сияқты органикалық қышқылдар мен спирттер тотыққанда алады. Өнімнің химиялық құрамын біле отырып, оның энергетикалық құндылығын анықтауға болады. Өнімнің биологиялық құндылық өнімде биологиялық белсенді заттар мөлшерімен сипатталады: қажетті аминқышқылдары, витаминдер, макро- және микроэлементтер, полиқанықпаған май қышқылдары.Бұл компоненттер ағзаның ферменттік компоненттерімен синтезделмейді және сондықтан да басқа тағамдық заттармен алмастырылмайды. Олар алмастырылмайтын деп аталады және ағзаға тамақпен бірге (ет, балық, сүт өнімдерімен, т.б.) ену керек. Физиологиялық құндылық тамақ өнімдерінің адамның ас қорыту, жүйке, жүрек-қан тамыр жүйелеріне әсер ету қабілетімен және ағзаның ауруларға қарсы тұру қабілетімен анықталады. Мысалы, шай, кофе, дәмдік заттар, сүт қышқылды және басқа өнімдер физиологиялық құнды. Тамақ өнімдерінің органолептикалық (түйсіктік) құндылығы сапа көрсеткіштеріне негізделген: сыртқы түрі, консистенция, иісі, дәмі, құрамы, балғындылық дәрежесі. Сыртқы түрі бойынша қолайлы тамақ өнімдері: балғын немесе аз сақталған жемістер, ем-дәмдік жұмыртқа, балық, жоғары сапалы шикізаттан жасалған нан-тоқаш өнімдері тәбетті жоғарылатады және тез сіңеді, себебі оларда биологиялық белсенді заттар көп. Тамақ өнімдерінің дәмі мен иісі маңызды орын алады, сондықтан кейбір жағдайда оған жету үшін ақуыз заттарының сіңімділігін төмендетуғе негізделген өңдеу әдістерін қолданады (мысалы, балықты және шұжық өнімдерін қақтау). Күңгірт түсті, дұрыс емес формалы, беті тегіс емес және өте жүмсақ немесе қатты консистенциялы, биологиялық белсенді заттары аз, тағамдық құндылығы төмен тамақ өнімдерінің сіңімділігі нашар болады. Сыртқы түрі мен консистенциясында ақаулары бар өнімдерде көбінесе адам ағзасынеа зиянды заттар болады. Тамақ өнімдерінің сіңімділігі өнімнің қай бөлігі ағзада толығымен қолданылатынын көрсететін сіңу коэффициентімен өрнектеледі. Сіңімділік өнімнің сыртқы түріне, консистенциясына, дәміне, оның құрамында болатын тағамдық заттардың мөлшері мен сапасына, сонымен қатар адамның жасына, көңіл күйіне, тамақтану жағдайына, талғамына, әдетіне жөне т.б. факторларға байланысты. Аралас тамақтану кезінде ақуыздардың сіңуі - 84,5%, майдың сіңуі — 94%, көмірсулардың сіңуі - 95,6% құрайды.Тамақ өнімдерінің сапалылығы органо-лептикалық және химиялық көрсеткіштермен (түсі, иісі, дәмі, консистенциясы, сыртқы түрі, химиялық құрамы), токсиндердің (улы заттар), ауру тудырғыш микробтардың (салмонеллалар, ботулинустар және т.б.), зиянды қоспалардың (қорғасын, сынап), улы өсімдіктердің тұқымдары мен бөгде қоспалардың (металл, шыны, т.б.) болмауымен сипатталады. Сапалылығы бойынша тамақ өнімдерін кластарға жіктейді: тағайындалуы бойынша қолдануға жарамды тауарлар (ешқандай шектеусіз өткізуге рұқсат етіледі); тағайындалуы бойынша қолдануға шартты жарамды тауарлар (стандартты емес немесе жойылатын ақауы бар тауарлар); тағайындалуы бойынша жарамсыз қауіпті тауарлар (өткізуге рұқсат етілмейді жөне жойылу керек немесе белгілі бір ережелерді сақтай отырып басқа өнімге айналдыру керек).

  1. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ


5 - тақырып: Азық-түлік өнімдері тауарының сапасы және оны бақылауда ұстау
Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi - тамақ өнiмдерiнiң оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде зиянды болып табылмайтындығы мен қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулығына қауiп туғызбайтындығына негiзделген сенiмдiлiк күйiнiң болуы;биологиялық белсендi қоспалар - тамақпен бiр мезгiлде пайдалануға немесе тамақ өнiмдерiнiң құрамына енгiзуге арналған табиғи (табиғимен бiрдей) биологиялық белсендi заттар;тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды теңестiру - белгiлi бiр тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды нормативтiк, техникалық құжаттардың талаптарына және оларға қоса берiлетiн құжаттардағы және жапсырмалардағы ақпараттарға сәйкестiкке келтiру жөнiндегi қызмет;  тамақ өнiмдерiнiң сапасы - оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде адамның тамаққа қажеттiлiгiн қанағаттандыруға қабiлеттi тамақ өнiмдерi қасиеттерiнiң жиынтығы тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдар (бұдан әрi - материалдар мен бұйымдар) - тамақ өнiмдерiн дайындау, буып-түю, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану кезiнде қолданылатын материалдар мен бұйымдар, оның iшiнде технологиялық жабдықтар, құралдар мен құрылғылар, ыдыстар, ыдыс-аяқтар, асханалық керек-жарақтар;нормативтiк құжаттар – тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiне, олардың сапасы мен қауіпсiздiгiн бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану, сапасыз, қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жаратуға немесе жоюға қойылатын талаптарды белгілейтін ұлттық стандарттар, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормалар және басқа да нормативтiк құқықтық актілер;тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың айналымы - сатып алу-сату (оның iшiнде экспорт және импорт) және тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды берудiң өзге де тәсiлдерi (бұдан әрi - сату), оларды сақтау және тасымалдау;  

      Тамақ өнiмдерi - адамның тамаққа пайдаланатын табиғи немесе өңделген түрдегi өнiмдер, оның iшiнде балалар тамағының өнiмдерi, шөлмектелген су, алкогольдi өнiм, сағыз, сондай-ақ азық-түлiк шикiзаты, тамақтық қоспалар мен биологиялық белсендi қоспалар;  

      азық-түлiк шикiзаты - өсiмдiк, мал, микробиологиялық, минералдық, қолдан жасалған шикiзат және тамақ өнiмдерiн дайындау үшiн пайдаланылатын су;  

      балаларды тамақтандыру өнiмдерi - 14 жасқа дейiнгi балаларды тамақтандыруға арналған және балалар организмiнiң физиологиялық қажеттiлiктерiне жауап беретiн тағам өнiмдерi;  

      диеталық тамақтандыру өнiмдерi - шипалы және профилактикалық тамақтандыруға арналған тамақ өнiмдерi;  

      тамақ қоспалары - тамақ өнiмдерiне белгiлi бiр қасиеттер беру және (немесе) олардың сапасын сақтау мақсатында тамақ өнiмдерiне оларды дайындау процесiнде енгiзiлетiн табиғи немесе жасанды заттар мен олардың қосылыстары;  

      тамақ өнiмiнiң тағамдық құндылығы - тамақ өнiмiнiң адамның қажеттi заттар мен энергияға физиологиялық қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын қасиеттерiнiң жиынтығы;  

      жарамдылық мерзiмi - ол аяқталғаннан кейiн тағам өнiмi мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болып саналатын кезең. Жарамдылық мерзiмiн сақтау шарттары сақталған жағдайда, тамақ өнiмiнiң тұтынушының өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне кепiлдiк беретiн сақтау шарттарын көрсете отырып, тамақ өнiмдерiн дайындаушы белгiлейдi; 

      сақтау мерзiмi - белгiленген сақтау шарттары сақталған жағдайда, тамақ өнiмiнiң нормативтiк құжаттамада немесе сату-сатып алу шартында көрсетiлген өзiнiң бүкiл қасиетiн сақтайтын кезең. Сақтау мерзiмi өткеннен кейiн тамақ өнiмi пайдалану үшiн жарамды болуы, бiрақ оның тұтынушылық қасиеттерi (тұтынушылық құны) төмендеуi мүмкiн;  

      тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiнiң куәлiгi - тамақ өнiмдерiн дайындаушының (жабдықтаушының) тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар тобының сапасы мен қауiпсiздiгiнiң нормативтiк, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжаты;  

      тамақ өнiмдерiн қайта жарату - тамақ өнiмдерiн нормативтiк құжаттардың талаптарына жауап бермейтiн және адамдардың өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауiп төндiретiн жарамсыздыққа жатқызу рәсiмi және оларды жою;  

      бұрмаланған тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар - қасақана өзгертiлген (қолдан жасалған) және (немесе) жасырын қасиеттер мен сапаға ие, олар туралы ақпараттар қасақана толық емес немесе қате болып табылатын тамақ өнiмдерi, материалдар мен бұйымдар.




  1. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ


6 - тақырып: Азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерінің химиялық және биологиялық тектегі ксенобиотиктармен ластануы
1. Тамақ өнiмдерiнiң сапасына, буылып-түйiлуiне, таңбалануына, бақылау (талдау) әдiстерiне, бағалау рәсiмдерiне және тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiнiң нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн растауға қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бекiткен нормативтiк құжаттарда белгiленедi.  

      2. Тамақтық және биологиялық белсендi қоспалардың, тамақ өнiмдерiнiң (малдан алынатын азық-түлiк шикiзатынан басқа) тамақтық және энергетикалық құндылығына, қауiпсiздiгiне, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу (сату) және қоғамдық тамақтандыру қызметтерiн көрсетуге қойылатын талаптар ұлттық (мемлекетаралық) стандарттарда және санитариялық қағидалар мен нормаларда белгiленедi.

      3. Малдан алынатын азық-түлiк шикiзатын (ет, балық, құс, жұмыртқа және басқа) дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу кезiнде сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар ұлттық (мемлекетаралық) стандарттар мен ветеринариялық-санитариялық қағидалар мен нормаларда белгiленедi.
      Өсiмдiктен алынатын азық-түлiк шикiзатының сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар санитарлық ережелер мен нормаларда және фитосанитарлық ережелер мен нормаларда белгiленедi.
      Жоғарыда көрсетiлген талаптар ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне, халықтың тамақтану ерекшелiктерi мен денсаулық жағдайына, тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзатының ықтимал қауiптi қасиеттерiне, оларды тамаққа пайдаланудан адамдардың денсаулығына зиян келуi қаупiне, сондай-ақ олардың әлеуметтiк және экономикалық зардаптарына негiзделедi.

      4. Ұлттық стандарттарды, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормаларды стандарттау және сертификаттау саласындағы қадағалау, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринариялық қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi фитосанитариялық қызмет өз құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтедi. Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң


сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету 

       1. Заңды және жеке тұлғалар тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн:


      нормативтiк және техникалық құжаттардың талаптарын, ал олар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген, ұқсас өнiмдердiң сапасы мен қауiпсiздiгiне талаптар белгiлейтiн нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарды сақтау;  

      азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң дайындау, сақтау тасымалдау және сату кезiндегi сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастырушылық санитарлық-гигиеналық, алдын алу және эпидемияға қарсы, малдәрiгерлiк-санитарлық, технологиялық, инженерлiк-техникалық, агрохимиялық және фитосанитарлық iс-шараларды жүргiзу;  

      сапаны басқару жүйесiн енгiзу арқылы тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне, оны дайындау, сақтау, тасымалдау және сату шарттарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды жүргiзу;  

      нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiкке мiндеттi түрде сертификаттауға жататын тамақ өнiмдерiне сертификаттауды және өнiмдi санэпидсараптаманы жүргiзу арқылы қамтамасыз етедi.  

      2. Нәтижелерi сертификаттаудың мақсаттары үшiн пайдаланылмайтын азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн зерттеудi белгiленген тәртiппен аттестациядан өткен зертханалар жүзеге асырады.  

      3. Тамақ өнiмдерiн сертификациялық сынауды сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесiнде тiркелген зертханалар сынақтарды жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүргiзедi.  

      4. Дайындаушы мүмкiн болатын бұрмалаушылықтан өз өнiмiн қорғау жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi. 




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет