ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет3/7
Дата12.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#195645
1   2   3   4   5   6   7

2.                        өндіріс сатысы бойынша: ағындық сақтандыру , техникалық өндіріс, көлік материалдар қорлары, аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, жинақтаушы ұйымдар және дайын, өнімді шығаратын нормативтер олардың өлшемі мен динамикасы материалдарды ресурстардың дайын тауар, қызмет түрлеріне айналу процесін сипаттайды.

3.                        орындалған қызметтер бойыншажоспарлы, экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, еңбек, экология, басқарушылық, құқықтық т.б болып бөлінеді.



4.                        іс-әрекет ету уақыты бойынша: перспективті, ағындық, шартты тұрақты және уақытша, бір реттік және маусымдық болып бөлінеді.

5.                        тарату сферасы бойынша: сала аралық, салалық, ішкі өндірістік, халықаралық, республикалық, аймақтық және жергілікті болып бөлінеді.

6.                        тағайындалу әдісі бойынша: есептік, аналитикалық,эксперементалды, ғылыми аналитикалық зерттеу, статистикалық болып бөлінеді.

7.                        мәндерінің анықталу нысаны бойынша: кестелік және аналитикалық болып бөлінеді.

8.                        детальді дәрежесі бойынша: индивидуальды, топтық, бөлшектік, үлкейтілген, жеке және жалпы спецификалық және жиынтықты

9.                        сандық мәні бойынша: оптималды мүмкін, масимум, минимум және орташа

10.                     мақсаттық белгіленуі бойынша: шығындық және техникалық бағалау және технологиялық, экономикалық, оперативті, өндірістік, күнтізбелік, жоспарлы нормативтер.

Еңбек нормасының жүйесі бойынша кәсіпорын иелеріне фирма мамандарының жұмыстарын әртүрлі элементтерімен кешендерін орындауға жұмсалған шекті  еңбек шығындарының жиынтығы –уақыт нормасы. Бұл - өнім бірлігін дайындауға, бір жұмысты немесе қызметтерді орындауға, жұмыс уақытын қажетті немесе ғылыми негізделген шығындарды бейнелейді (минут) дана, сағ(дана)



Өндірілім нормасы – жұмыс уақытының сәйкес есептік кезеңде дайындалған өнімдердің қажетті кешенесін белгілейді. Жұмысшылар санының нормасы, өндірістік процестерге қызмет көрсететін, берілген жұмыс көлемін орындау үшін сәйкес категориядағы жұмысшылардың қажетті санын анықталады.

Қызмет көрсету нормасы – бір жұмысшы топ бригадаға бекітілген аудан және басқа да өндірістік объектілерінің өлшемі жұмыс орындарының саны өндірістік тапсырмалардың нормасы, ол бір жұмысшыға немесе бригадаға жұмыс уақытының берілген (смена, апта, ай, тоқсан) орындалатын жұмыстар немесе қызметтер, дайындалған өнім, номенклатуралары бекітеді.

Басқару нормасы – бұл кәсіпорынның сәйкес бөлімінің бір жетекшісіне бағынатын жұмысшылар санын шектейді.

Жұмыс уақыт номенклатурасына: еңбек процесінің ұзақтығы , жұмысшының еңбек сыйымдылығы және жұмысшылар сананың нормативті жатады.



Ұзақтық нормативы- бір станок немесе жұмыс орындағы жұмыс бірлігі орындалатын жұмыс уақыт есептік шамасы.

Еңбек сыйымдылығының нормативы – бір өнім өндірісіне кететін әртүрлі жұмыстарды орындауға жұмсалған еңбек шығының жоспарлы шығыны.

     Еңбек сыйымдылығының   нормативі 3 бөлінеді:

1.технологиялық көрсеткіштер – дайындық жұмыстарды детальді құру және дайындау, машиналарды жинау және монтаждау сияқты еңбек құрамына техниканың әсер ететін негізгі жұмысшының еңбек шығынына байланысты.

2.өндірістік емес -  өнім өндіруге жұмылдыратын негізгі және қосымша жұмысшының шығындары кіреді.

3.толық емес – белгілі бір өнім бірлігін өндіруге өнеркәсіптік - өндірістік персоналдардың еңбек шығынының жалпы шамасын сипаттайды.

Толық емес жоспарлау кезенінде тікелей және жанама шығындар бөлініп қарастыру қажет. Толық еңбек сыйымдылығы өндірісті дайындау, қызмет өрсету және басқаруға кететін еңбек шығындарының суммасы. Жұмыс уақыт жұмсалған шығынның түрі бойынша нормалар мен нормативтер келесі категорияға бөлінеді:

1.Негізгі және машина – уақыт

2.Қосымша уақыт      

3.Жедел уақыт

4.Жұмыс уақытына қызмет көрсету уақыты

5.Жұмысшының демалу және жеке қажеттер уақыты

6.Дайындау және қорытындылау уақыты

7.Бірыңғай және типтік нормалар.

 

       Тақырып 6. Стратегиялық жоспарлау



Фирма қызметін стартегиялық жоспарлау (СЖ).

  1. СЖ мәні.

  2. СЖ міндеттері мен кезеңдері.

  3. Фирмалардың стратегиясы.

Стратегиялық жоспар әр уақыт өзгеріп отыратын ортада компания өз мүмкіндіктерін қолдануға жәрдемдесу үшін жасалады. Бұл бір жағынан компанияның мақсаттары мен мүмкіндіктерінің, екінші жағынан нарықтың өзгермелі мүмкіндіктерінің арасындағы стратегиялық сәйкестікті тағайындау және сақтау процесі.

Стратегиялық жоспарлау компаниядағы жоспарлаудың қалған түрлері үшін фундамент болып табылады. Ол компанияның жалпы мақсаттары мен миссиясын анықтаудан басталады. Содан кейін нақтылы мақсаттар бекітіледі. Ол үшін ұйымның ішкі ортасы туралы, олардың бәсекелестері, нарықтағы ахуал мен компания қызметіне әсер ете алатын жайттар жөнінде толық ақпарат жиналады. Бұл процесс SWOT-талдау деп аталады. SWOT-талдауды өткізгеннен кейін компанияның күшті және әлсіз жақтары туралы, мүмкіндіктері мен келешекте кезігетін қауіптер туралы толықтай түрдегі есептілік даярланады. Содан соң жоғарғы басшылық қызметтің қай түрімен нақтылы айналысуы керектігін, олардың әрбіреуіне қандай қолдауды көрсету керектігін шешеді. Өз кезегінде, белгілі бір тауарға немесе қызмет түріне жауапты әрбір бөлімше өзінің маркетингілік жоспарларын жасауы тиіс. Осылайша, бөлімшелер деңгейінде жүзеге асырылатын маркетингтік жоспарлау стратегиялық жоспарлауды жеңілдетеді.

Жоспарлау процесі төрт кезеңді қамтиды: талдау, жоспарлау, іске асыру және бақылау. Осы төрт кезеңнің өзара байланысы төмендегі суретте келтірілген:



Талдау


Жоспарлау
Стратегиялық жоспарларды жасау

Іске асыру
Жоспарларды орындау

Бақылау
Сандық анықтау

1-сурет. Жоспарлау процесі.


Компанияның стратегиялық жоспары компанияны дамытатын қызмет бағыттары және олардың әрбіреуімен байланысты міндеттерді анықтайды. Содан соң қызмет бағытының әрбіреуін толығырақ жоспарлаған жөн. Стратегиялық мақсаттарға жету үшін компанияның негізгі шаруашылық бірліктері барлық облыстарда – маркетингте, қаржылық саясатта, бухгалтерлік есепте, жабдықтауда, өндірісте, кадрларды таңдауда және т.б. бірегейлі жұмыс істеуі тиіс.

Фирманың жалпы стратегиясы мен маркетингтік стратегиясы көп жағдайларда бір-бірімен дәл келеді.

Кәсіпорында маркетингтік жоспарлау кәсіпорынның болашақ шығындары мен табыстарын анықтау үшін қолданылады. Алдымен тұтынушылар саны анықталады, осыған сәйкес өндірілетін өнім көлемі мен оны өндіруге қажетті шығындар есептеледі. Стратегиялық жоспарлау алдағы ұзақ мерзімге саналған кәсіпорынның қажетті экономикалық өсуі мен даму деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол көптеген ішкі және сыртқы экономикалық процестердің өзара әрекетінің негізі болып табылады.

Стратегиялық жоспарлау кең мағынада өсуді жоспарлауды, кәсіпорын дамуының жоспарлауын және инновациялық жоспарлауды білдіреді.

Стратегиялық жоспарлаудың қажеттілігі келесі жағдайлармен айқындалады:

- Стратегиялық жоспар кәсіпорын дамуының перспективалы бағыттарын айқындайды,

оның негізгі қызмет түрлерін анықтайды, сондай-ақ, қажеттіліктер құрылымын, жоспарлау процесін, өнімнің қозғалуы мен өткізілуін, нарықтық бағалардың қалыптасу механизмін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.


  • ол кәсіпорынның әрбір бөлімшесіне нақты мақсаттарды тағайындайды, бұл мақсаттар кәсіпорын дамуының жалпы стартегиясымен бірегейленеді.

  • Кәсіпорынның барлық функционалдық қызметтерінің жұмыстарын координациялайды;

  • Стратегиялық жол басқарушыларды өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, мүмкіндіктер, шектеулер және қоршаған ортаның өзгерістері тұрғысынан қарағанда кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын дұрыс бағалауға ынталандырады;

  • Стратегиялық жоспар ұзақ мерзімге кәсіпорынның альтернативті іс-әрекеттерін анықтайды;

  • Стратегиялық жоспар қолда бар экономикалық ресурстарды бөлуге негіз жасайды;

  • Ол жоспарлаудың, ұйымдастырудың, басқарудың, бақылаудың және кәсіпорын қызметін бағалаудың негізгі функцияларын бірегей стратегиялық басқару жүйесіне бірктіреді.




  1. СЖ міндеттері мен кезеңдері.

Стратегиялық (перспективті) жоспарлау өзара байланысты 3 міндеттерден құралады:

  1. кәсіпорынның миссиясын анықтау;

  2. миссияны ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттер түрінде көрстеу;

  3. қойылған мақсатқа жетудің стратегиясын әзірлеу.

Миссияны анықтау, яғни «Кәсіпорынның жағдайы 5-15 жылдан кейін қандай болады?» деген сұраққа жауап беру деуге болады.

Жалпы түрде стратегия кәсіпорынның міндеттерін іске асыруға және анықталған миссиясын орындауға бағытталған басқарушылық және ұйымдастырушылық шешімдердің жүйесі.

Экономикалық стратегия ең маңызды талапқа, алдын-алу белгісіне жауап беру керек. Оның тауарлық және бағалық саясат, өндіріс шығындрын төмендету, кәсіпорынның бағалы қағаздар нарығындағы іс-әрекеттері сияқты құрамдастары үйлесімді оранласуы керек.

Стратегиялық жоспарлау бірнеше өзара байланысты кезеңдерден тұрады. Алдымен ұйымның ішкі және сыртқы ортасына зерттеу жүргізіледі, содан соң фирманың негізгі ориентирлері анықталады. Фирма 1-ші және 2-ші кезеңдердің нәтижелерін салыстырады, стратегиялардың мүмкін болатын нұсқаларын анықтайды, содан кейін нұсқалардың ішінен біреуін таңдап, өзінің стратегиясын қалыптастырады. Ақырғы кезеңде фирма төменгі деңгеймен ұсынылғандарды қарастырып, қорытынды стратегиялық жоспарды дайындайды.

Кәсіпорынның ішкі ортасы келесідей негізгі элементтерден тұрады: өндіріс, қаржы, маркетинг, персоналды басқару, ұйымдастырушылық құрылым. Сыртқы орта жұмыс ортасынан (экономикалық ресурстармен жабдықтаушылар, бәсекелес фирмалар және БАҚ), сондай-ақ, жалпы ортадан (экономикалық, технологиялық, саяси және әлеуметтік факторлар) тұрады. Жұмыс ортасын фирманың микро ортасы деп, ал жалпы ортасын макро орта немесе «фирманың экологиясы» деп атайды.Ұйым ортасының маңызды факторлары анықталғаннан кейін олар жөнінде толық ақпаратты жинастыру қажет. Ортаны бағалаудың ең кең таралған әдістерінің бірі болып SWOT-талдау (SWOT – ағылшын сөздерінің алғашқы әріптері бойынша: «күш», «әлсіз жақтары», «мүмкіндіктер», «қауіптер») табылады. Бұл әдіс стратегиялық талдау мен фирманың нақты перспективаларын анықтауда және де фирманың инновациялық ортасын диагностикалық талдау үшін қолданылады.

Ішкі және сыртқы ортаны талдағаннан кейін фирма алдыңғы кезең нәтижелеріне негізделген өзінің қызмет ориентирлерін анықтайды. Фирма қызметі ориентирлерінің барлық жиынтығын басты 3 типке топтастыруға болады:



  1. идеалдар – жақын болашақта жетуге есептелмеген ориентирлер;

  2. мақсаттар – толық көлемде жетуге тиеселі жалпы ориентирлер;

  3. міндеттер – фирманың нақты сандық өлшемді ориентирлері.

Стратегиялық талдаудың ең кең әдістеріне үзілістер талдауын, шығындар динамикасын талдау мен тәжірибе қисығы, нарық динамикасын талдау, стратегияны талдаудың портфельдік әдістері (Бостон Кеңестік Топ матрицасы), кешенді іскерлік PIMS талдау, Мак-Кинси «7С» моделі, бәсекелестік талдау әдісі.
3. Фирмалардың стратегиясы.

Стратегиялық талдау кезеңінен кейін стартегияны қалыптастыру жүргізіледі. Ол стартегиялық баламалардың ішінен біреуін таңдауға бағытталған. Стратегияны қалыптастыру процесі 3 стадиядан тұрады:



  1. фирманың жалпы стратегиясын қалыптастыру,

  2. бәсекелестік стратегияны қалыптастыру;

  3. фирманың функционалды стратегияларын анықтау.

Фирманың жалпы стратегияларынң әртүрлілігін негізгі 3 типке жатқызуға болады: өсу стратегиясы (тік және көлденең интеграция), тұрақтану стратегиясы, қысқарту стартегиясы (шұғыл бұрылыс стратегиясы, бөліну стратегиясы, ликвидациялау стратегиясы). Кей кезде жалпы стратегияны портфельді деп атайды, өйткені ол фирма инвестицияларының деңгей мен белгісін айқындайды, яғни ұйымның инвестициялық портфелінің белгілі бір құрамы мен құрылымын қалыптастырады.

Фирманың бәсекелестік стратегиясы бәсекелестік артықшылықтарға жетуге бағытталған.

Функционалдық стратегиялар фирманың әрбір функционалдық бөлімшесі үшін арнайы жасалынады және де олардың келесі түрлері болады: НИОКР стратегиясы, өндірістік стратегия, маркетингтік стартегия, қаржылық стратегия, персоналды басқару стартегиясы, ақпараттану стратегиясы (реинжиниринг), қауіпсіздік стартегиясы.

Фирманың қортынды стратегиялық жоспары келесілерден тұрады:



  • Фирма әрекетінің саясаты.

Стратегиялық жоспардың толық ашылған көрінісі келесі бөлімдерді қоса алады:

    1. Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері;

    2. Кәсіпорынның ағымдағы қызметі және ұзақ мерзімді міндеттері;

    3. кәсіпорынның негізгі стратегиялары және оның баламалары;

    4. Функционалды стратегиялар;

    5. Ең мәнді жобалар;

    6. Сыртқы операциялардың сипаттамасы;

    7. Салымдар мен ресурстарды бөлу;

    8. Мүмкін тәуекелдер;

    9. Қосымшалар: есептеулер, справкалар, іскерлік құжатнама, сонымен қатар сату көлемінің, пайданың, ақша ағымдарының және т.б. іріленген көрсеткіштері.



  1. Стратегиялық жоспардың мәні мен құрамы

  2. Стратегиялық жоспардың ерекшеліктері

  3. Стратегия элементтері мен түрлері

 

1 СҰРАҚ

Стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімді бағытталуы қажет. Осы жерге персонал жұмысшыларының жоғары сапасын және жұмысшылардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мақсатымен әртүрлі өндірістік техникалық факторлар мен ұйымдық басқарушылық құрылымды кезең бойынша жүзеге асыру негізінде экономикалық өсудің  жоғары  қарқынына жетуге бағытталуы тиіс, корпорацияның өсуіне, оның өлшемінің артуы келесі көрсеткіштер бойынша қызметтердің кеңейтуді (өндіріс көлемі, нарықтағы үлесі, мамандар саны, сату шамасы, таза табыс және тағы басқа жатады)



Даму – бұл индивидтің өз қалауларымен басқа тұлғалардың қажеттілігін қанағаттандыруға өз мүмкіндіктермен талабын арттыру процессі. Даму өмір сүру деңгейіне қарағанда сапамен тығыз байланысты.

Сонымен стратегиялық жоспарлау кәсіпорынның келешектегі ұзақ мерзім кезеңінде  даму деңгейімен экономикалық өсуін қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау процессі келесі өзара байланысты қызметтерді жүзеге асырады:

1.            Ұзақ мерзімді стратегияны анықтау.

2.            Стратегиялық бөлімшелерді құру.

3.            Маркетинг мақсатын негіздеу.

4.            Жағдайлық талдау

5.            Маркетинг стратегиясын құру

6.            Практиканы жүзеге асыру

Ұйымның даму стратегиясын зерттелмеген нарықтық жағдайларды есепке ала отырып, сыртқы орта мен оның қызметінің мүмкін ішкі перспективаларын зерттеу нәтижелерінде анықталады.

2 СҰРАҚ

Шетелдік фирмаларда стратегиялық жоспарлау тәжірибесінде келесі ерекшеліктерін бөліп қарастырайық.

1.Жоспар әдетте келешекте әрекет етудің бір ғана стратегиясын құрайды.

2.Жоспарда фирманын барлық әлсіз және күшті жақтары бағаланады.

3.Жоспарда болжамдар мен алдын ала ұйғарымдар, тұжырымдар көрсетіледі.

4.Көптеген жоспарда тәуекел бағаланбайды, бірақ әртүрлі мүмкін болатын іс әрекет нұсқаларын қарастырғанда ескеріледі.

5.Барлық жоспарлар фирманың қаржылық қызметтерінің негізгі көрсеткіштерінің бейнелейтін, күтілетін мақсаттар негізінде құрылады. 

6.Ұзақ мерзімді жоспарда қажетті инвестицияның көлемі, күтілетін табыстар мен шығыстар, ұзақ мерзімде төленетін дивиденттер туралы мәліметтер бейнеленеді.

7. Жоспарда мүмкін болатын фирмалардың бірігуі нәтижесіндегі диверсификация бағасы беріледі.

Фирманың дамуының біртұтас стратегиясы ретінде «7С» үлгісі алынған. Құрылым (система), жүйе қызметкерлер (сотр), стиль, біріккен құндылықтар (сов.ценности) және қабілеттер жиыны – 7С білдіретін сөздер сияқты әлеуметтік экономикалық факторлар өзара әрекет ету механизмін сипаттайды.



Даму стратегиясы

























 

                қабілеттілік                                                    құндылықтар

                  жиыны                                                                жиыны

 

                құрылым            жүйе        қызметкерлер         стиль



 

     1-сурет.  Фирма дамуының «7С» үлгісі.

 

Баға – белгілеу стратегиясы баға белгілеу мақсатын жүзеге асыру көлемімен құралдар мен әдістер жиынтығы.

Құрал әдістер жиынтығы – тауарлардың жағдайындағы өзгеру динамикасын жөңдеуге мүмкіндік береді.

Баға белгілеу стратегиясының мақсатын:

1.нарық жағдайын түрлендіру

2.сұранысқа бағалау өзгерісінің әсерін төмендету

3.мүмкін бәсекелестерді шектеу

Жаңа тауарға баға белгілеу стратегиясы:

1.нарыққа ену стратегиясы

2.«қаймағын алу» стратегиясы

Баға белгілеу стратегиясы – тактикалық жоспарлауда стратегиялық жоспарлау мақсаттарына сәйкес тактика деп қарастырылады.

Кәсіпорынның стратегиялық мәселелерін төмендеу бір құралы ретінде

         Сұраныс, баға белгілеу стратегиясының түрлері:

1.Маркетингтік стратегиясы – тауарын стр, баға, өнімінің нарыққа қозғалысы стр.

2.Қаржы стратегиясы – кәсіпорынның дамуының корпоративті стратегиясын жүзеге асыру үшін қаржылық ресурстарды қалыптастыру және оларды пайдалану  бағыттарын анықтау.

 Қаржы стратегиясы – кәсіпкерлік құрылым (кәсіпорынның активті өсуінде көрінеді)



жинақтау және тұтыну стр.

қарыз стратегия (несие сомасы, несие беру көздері, қайтару мерзімі)

функцион. стратегия және ірі бағдарламаларды қаржыландыру стр.

     4. Инновациялық стратегия – шығарылған өнімнің бәсекелік қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік беретін кәсіпорынның инновациялық саясаты (қорғану, төтеп беру)



Қорғану стратегияс – шығарылған өнімнің өмір сүру циклін тұрақты ұстап тұру, өзінің орнын нарықта сақтап құру позициясы.

Төтеп беру стратегиясы - өсім стратегиясын жүзеге асыру бойынша жаңа технологиялық шешімдерді құруға бағытталған.

Өндіріс стратегиясы - өнімді шығару көлемінде кәсіпорының қызметінің негізгі бағытын қамтамасыз етеді. Оның 3 негізгі альтернативті стратегиясы бар.

- сұранысты толық қанағаттандыру

- орташа сұраныс деңгейі бойынша өнім өндіру

- төмен сұраныс деңгейі бойынша өнім өндіру



Мамандарды басқару стратегиясы – еңбектің тартымдылығын шешу, мотивация персоналды аттестациялау, жұмыс бастылық деңгейін тұрақты ұстап тұру, тиімді жұмыс орындарын құру.

Ақпараттандыру стратегиясы – басқарудың жаңа тиімді әдістерін еңгізу (реинжиниринг)

 

 Тақырып 7. Тактикалық жоспарлау



 

Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.

Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

-          қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;

-          жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

-          бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.


Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарда жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді. Инвестициялау объектілері 1.1- суретте көрстетілген.

 

Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Инвестициялардың жіктелу белгілері 1.2- суретте берілген.



Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.

Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.

Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.

Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.

Ұзақ мерзімді инвестицилар деп кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипатына қарай тікелей және тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-дилерлік компаниялар) немесе инвестициялық қорлар қатыса алады.

Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады.  Жеке инвестициялар жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.

      Инвестициялық қызметті басқару

Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.

Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:

-          инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару – бұл инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;

-          жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман талаптарына сай әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;

-          жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару – бұл кәсіпорын тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен сипатталады.














Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың инвестицияларды басқару барысына толығырақтоқтала кетелік (1.3-сурет).

Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі – бұл елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей көрсеткіштерді ескереді:

-          жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік тауарлардың өндіріс көлемінің динамикасы;

-          ұлттық табысты бөлудің динамикасы;

-          мемлекеттің инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуі, бақылауы және ынталандыруы;

-          инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар нарығының, даму деңгейі.

Келесі кезең – кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар өз қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі инвестициялаудың негізгі нысандарын анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі.

Экономика салаларының инвестициялық тартымдылығын зерттеу барысында жүргізілген талдау жұмыстары келесідей маңызды сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді:

-          осы саланың елдегі және әлемдегі дамуының тарихи негіздері;

-          бәсекелестік шарттары – салаға кіру кезіндегі бөгеттердің болуы, саладағы бәсеклестердің өзара қатынастары, солардың өнімі тәріздес тауарлардың пайда болу мүмкіндігі;

-          өндірушілердің өндірістік қабілеті мен сатып алушылардың төлем қабілеттілігі;

-          осы салаға байланысты қолданыстағы заңнаманың негіздері.

Аталған мәліметтер бойынша осы саладағы кәсіпорындарға инвестициялар салудың тиімділігі мен болашағы туралы қорытындылар қалыптасады.

Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың нақты объектілерін таңдау, инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша сараланып, солардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап алынады.

Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі – инвестициялардың өтімділігін анықтау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорындар жекелеген инвестициялық объектілер бойынша инвестициялық жағдайдың өзгеруі нәтижесінде болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін ескерулері қажет. Сондықтан да барлық өзгерістерді жан-жақты қадағалап, инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды қайта инвестициялау туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек. Осындай жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша алдын-ала инвестициялардың өтімділігін бағалап, солардың ішінен өтімділік деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге асырған абзал.

Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі – инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар тарту туралы шешім қабылданады.

Жоғарыда аталған шаралардың барлығын жүзеге асырған соң кәсіпорынның инвестициялық қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын кәсіпорынның барлық инвестициялық жобаларының жиынтығы болып табылады.

Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі – инвестициялық тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар қолданылады.

       Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі міндеттері келесідей болуы тиіс:

-          кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;

-          өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті инвестициялық жобаларды анықтау;

-          инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету;

-          кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті объектілерге салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру.

Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей:

-          капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;

-          іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;

-          мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;

-          жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып қалыптастыру;

-          қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;

-          өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен қайтарылуы;

-          инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану.

Инвестициялық саясаттың ріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру  және инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі керек:

-          өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;

-          инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;

-          бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.

Қаражаттарды қолайлы экономикалық және техникалық жағдайлар жасай алатын өндірістерге немесе экономика салаларына бағыттаған жөн.

Түптеп келгенде, кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

-          нақты және қарыз капитал тарту үшін, инвестициялық белсенділікті арттыру үшін кәсіпорын шеңберінде әкімшілік және экономикалық жағдайлар жасау;

-          инвестициялық қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін инвестициялық ресурстарды орналастырудың оңтайлы механизмін қалыптастыру;

-          қарыз капитал тартудың оңтайлы стратегиясын қалыптастыру;

-          отандық және әлемдік құнды қағаздар, несие, ақша нарықтарына шығуға қолайлы жағдайлар жасау;

-          барлық инвестициялық жобаларды міндетті түрде тәуелсіз сарапшылар бағалауынан өткізуді ұйымдастыру; инвестициялық жобалар тек  экономикалық табысты және салынған капиталдың өтелімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар сыртқы несие берушілерді (кредиторлар мен инвесторларды) тартудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігін де қамтамасыз етуі тиіс;

-          меншік нысанына қарамастан (мейлі коммерциялық нысандағы объектілерге, мейлі мемлекет меншігіндегі объектілерге болсын), инвестицияларды қорғаудың және сақтандырудың үнемі қолданыста болатын жүйесін қалыптастыру;

-          елдегі инвестициялық жағдайдың шарттары мен ондағы өзгерістерді үнемі қадағалау және бақылау жүйесін қалыптастыру, қажет кезінде инвестициялық жобаларға тиісті өзгертулер мен түзетулер енгізу.

 

Инвестициялардың экономикалық мәні.

Инвестициялар - әр түрлі саладағы кәсіпорындарға ұзақ мерзімді капитал салымдары, кәсіпкерлік жобалар, әлуметтік-экономикалық бағдарламалар немесе инновациялық жобалар. Инвестициялар ұзақ мерзімді салымдардан бірнеше уақыттан соң табыс әкеледі деп есептеледі. Инвестиция сөзі латын тілінен аударғанда «жұмылдыру» дегенді білдіреді. Инвестициялар келесі белгілері бойынша бөлінеді:

1.      Инвестициялардың түрлері бойынша: ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар, т.б. құнды қағаздар, жылжитын және жылжымалы мүліктер, авторық құқықтармен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар, табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары,т.б.

2.      Ақша құралдарын салу объектісі бойынша:

2.1.   нақты инвестициялардың материалдық активтерге салынуы;

2.2.   материалды емес активтер: лицензиялар, патенттер, тауар белгісі және кадрларды дайындауғакететін шығындар;

2.3.   қаржылық инвестициялар: депозиттер, банктік салымдар, құнды қағаздар.

3.      Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша:

3.1.   тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың  тікелей қатысуы талап етіледі;

3.2.   жанама инвестициялар – бұл ақша құралдарын өз қалауынша неғұрлым тиімді орналастыратын және жұмылдыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы жүзеге асырылады.

4.      Инвестицияландыру кезеңі бойынша:

4.1.   қысқа мерзімді (1 жылдан аспайды);

4.2.   ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары).

5.      Меншік түрлері бойынша:

5.1.   жеке инвестициялар азаматтардың, мемлекеттік емес нысандағы кәсіпорындардың жеке ақша құралдары;

5.2.   мемлекеттік инвестициялар – ол әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік бюджеттік көздерінен қаржыландыруды білдіреді.

6.      Инвестордың қатысу түрлеріне байланысты:

6.1.   қайта құрылған кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынастар

6.2.   инвестор толық иеленетін кәсіпорындар құру;

6.3.   жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді акция, облигациялар, басқа да құнды қағаздарарқылы алу.

7.      Тәуекел дәрежесі бойынша:

7.1.   тәуекелсіз инвестициялар, мысалы: бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша күтілетін табыстар қауіпсіз салымды анықтайды;

7.2.    тәуекелді инвестициялар – бұл инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы: уақыт, салыну объектісі бойынша факторларға тәуелді болып табылады.

8.      Ұдайы өндіріс түрлері бойынша:

8.1.   жаңа алаңдарда және бастапқы бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құралдар, кәсіпорындар, ғимараттырдың салынуы;

8.2.   шаруашылық жүргізіп отыратын кәсіпорындардың кеңеюі бойынша өндірістік қуаттылықты арттыру мақсаттардағы қаражат салымдары;

8.3.   шаруашылық жүргізіп отыратын кәсіпорындарды қайта құру;

8.4.   техникалық қайта қамсыздандыру – бұл жекелеген цехтарды, өндірістерді, бөлімшелерді техникалық, экономикалық өндіріс деңгейлерін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешеніне қаражат салымдары.

 

 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы мен инвестициялық қызметі. Инновациялық жоба.



Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын, өзіне тән заңдылықтары бар объективті процесс. Инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады:

  1. Кәсіпорынның өмір сүру циклінің сатылары;

  2. Жалпы даму стратегиясы;

  3. Инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтық жағдайлары;

  4. Құралдарды салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның тартымдылығы.

 

Тиімді немесе озу стратегиясы – бұл жаңа технологиялық шешім қабылдаумен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен айрықшаланатын инновацияларға байланысты стратегиясы.

            «Инновациялық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес (3 шілде, 2002 жылы) инновациялық жоба – бұл инновацияларға қол жеткізуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулер мен жұмыстар кешенін жүргізу жоспарынан, сондай-ақ техника-экономикалық көрсеткіштерден тұратын құжат.

            Инновация - өндірістік кәсіпорынның бәсекелік қабілеттілігін көтеру мақсатында, жаңа және жетілдірілген тауар өндіруді ұйымдастыруға бағытталған технологиялық, ғылыми жаңалықтарды енгізу бағытында жүргізілген шаралардың жиынтығын және соның нәтижесінде қол жеткізуге болатын экономикалық және әлеуметтік салдары.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет