ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Тақырып 13. Өнімді өндіруге және өткізуге кететін шығындарды жоспарлау



бет7/7
Дата12.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#195645
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып 13. Өнімді өндіруге және өткізуге кететін шығындарды жоспарлау.

  1. Фирмаішілік шығындардың жіктелуі

  2. Өнімнің озіндік құнын жоспарлау

  3. Нарықтағы бағаны жоспарлау

  4. Баға белгілеу әдістері

 

  3. Бағаға әсер ететін факторлар:

1.      Өндіріс шығыны

2.      Сұраныс

3.      Тұрғындардың сатып алу қабілеттігі(ақша табысына байланысты)

4.      Ақша өрісінің жағдайы (ақша көлемі,инфляция,ұлттық ақша бірліктері,вольюталық бағандардың қозғалуы және т.б)

5.      Бәсеке

6.      Бағаны мемлекеттік реттеу

7.      Тауар сапасы

8.      Тасымалдау көлемі

9.      Сатушы мен сатып алушылар арасындағы өзара қарым-қатынас

10.  Жеткізу шарттары

Баға белгілеу мақсаттары:

         Нарықта қалуды қамтамассыз ету;

         Пайданы мейлінше көп табу;

         Рарық үлесін жаулап алу;

         Тауар сапасы бойынша берілетін нарықта жетекші (лидер)орын алу

             Кез келген нарықта бір баға түрі бағалық элементтердің қалыптасу процесіне байланысты. Құрамдас элементтері бойыншатауар бірлігінің бағасы (б) былай анықталады:



                                     Б=Оқ+П+ҚҚС +Сқ

Мағынасы: Оқ-тауардың өз құны

                    П-пайда

                    Сқ-Делдалдық сауданың үстемесі ол оның жеке шығ-ы ,пайдасы және ҚҚС-тан тұрады.

             Егер фирма акциздік тауарды өткізетін болса ,онда тауар бағасы мынаған тең

                Б=Оқ+П+А+ҚҚС+Сқ

А-акциз

Баға-тауар(жұмыс,қызымет)құнның ақшалай көрінісі



Кәсіпорынның баға саясаты- нарықтық экономикада кәсіпорынның өмір сүруін қамтамассыз ететін бағаны анықтау оған баға белгілеу әдістерін таңдау,баға жүйесін қалыптастыру, нарықтық баға стратегиясын таңдау кіреді.

 

 Баға жүиесі келесі параметрлерді сипаттайды:



  1. Баға деңгейі –ақшалай соммадағы бағаның абсолютті сандық мәні;

  2. Баға құрылымы-баға элементінің  пайыздық немесе үлестік қатысын көрсетеді

  3. Баға серпіні(динамикасы)-бұл белгілі бір уақыт кезеңіндугі баға деңгейінң өзгеруі

Баға белгілеу әдістері

Шығындық әдіс                                         Параметірлік әдіс

Толық шыгындар әдісі                                     Үлестік баға әдісі

Стандарттық шығындар әдісі                          Болл ә

Тікелей шығындар әдісі                                   Регрессиялық әдіс

Мақсатты пайда алу әдісі

1.      Толық шығындар әдісі манаполиялық кәсіпкерлер үшін арналған мұнда өткізу толығымен кепілденген. Бұл әдісте айнымалы(тікелей) және тұрақты (үстеме) шығындардың жиынын және пайданы қосу арқылы баға қосылады.

Бөнім = Өқ+Пр+С

Ө-өзіндік құн

С-жанама салықтар

Пр-пайда

 

Стандартты шығындар әдісі нақты шығынның нормотивтен ауытқуы иесінен норма бойынша шығындар есебі негізінде баға белгілеуге мүмкіндік береді



   Тікелей шығындар әдісі бойынша айнымалы шығындарға белгілі бір үстеме пайданы қосу жолмен баға белгілеуді білдіреді.

    Зиянсыздық және мақсатты пайда алу әдісі күтілетін пайда көлемін қамтамассыз ететін баға белгілеуді білдіреді. Есептеу негізі болып зиянсыздық графигін құру табылады.

    2) Параметірлік баға белгілеу әдістері тауардың техника-экономикалық параметірлері щсы негізделген.

Үлестік баға әдісте қатаң келешектерді болдырмау үшін бағытталған (арентированный) бағаларды пайдаланылады.

  Балдық әдіс- сандық өлшеуге тікелей жатпайтын параметірлері әр түрлі тауар бағасын белгілеу кезінде қолданылады (қолайлылық,дизайн,қуат,түс,дәле,иіс т б)

Регрессия әдісі параметірлердің жиынына байланысты баға өзгерісін маделдеу және тауар бағасын анықтауымыз үшін регрессия теңдеуін  пайдалану. Баға параметірлеріндегі функция ретінде болады.

Б=f(х1,х2,х3....,Хn);

Мұндағы Х1,Х2,Х3,n- тауар сапасының негізгі параметірлері

 

Тақырып 14. Қаржылық жоспар.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері

2.                 Кәсіпорын бюджеті және оның түрлері

3.                 Кәсіпорындағы пайданы жоспарлау

4.                 Өндіріс рентабельділігін жоспарлау

 

1) Қаржылық жоспарлау –  кәсіпорынның табыстары мен шығындарының өзара байланысын қамтамасыз ететін және қаржылық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қаржы бойынша іс- әрекеттерді жоспарлау.

Қаржылық жоспарлау барысында келесідей есептеулер жүргізіледі:

1.      кәсіпорынның табыстары (пайда) мен шығыстарын жоспарлау

2.      меншікті айналым қорларына қажеттіліктерді есептеу

3.      ақша ағымдарын талдау және жоспарлау

4.      қажетті қарды ресурстарын есептеу (ішкі және сыртқы қаржыландыру көлемі мен құрылымы, несиелік ресурстарға қажеттіліктер)

5.      кәсіпорынның табыстары мен шығындарының балансын құру

Қаржы жоспары стратегиялық, ағымдық, оперативті жоспардың құраушы бөлігі болып табылады.

Ағымдық қаржылық жоспарлаудың негізі болып табыстар мен  шығыстардың балансы, ақша қаражаттары қозғалыстарының жоспары және пайда мен зиян жоспары табылады.

Оперативті қаржылық жоспарлау – төлем күнтізбесін, кассалық жоспар және қысқа мерзімді несиеге қажеттіліктердің есебін құру болып табылады.

Қаржылық жоспар бөлімдерінің мазмұнын келесі негізгі табыстар мен шығыстар баптарынан көрсетуге болады:



I.                Табыстар мен қаражат түсімдері:

1. өнімді өткізуден түсетін түсім

2. басқаларды өткізуден түсетін түсім: (негізгі қорлар)

3. жоспарланған өткізуден түскен тыс табыстар: (басқа кәсіпорынның жарғылық капиталына үлестік қатысудан түсетін түсімдер, бағалы қағаздардан алынатын табыстар, банк т.б қаржылық несиелік мекемелердің депозиттік шоттағы ақша қаражаттары, мүлікті жалға беруден түсетін түсімдер)

4. негізгі қорлар және материалдарды емес активтерді қалпына келтіруге амортизациялық аударымдар

5. басқа кәсіпорындардан түсетін қаражаттар (ғылыми зерттеу жұмыстары жөніндегі келісім шарт бойынша құрылыста үлестік қатысудан болатын түсімдер)

6. бюджеттік емес қорлардан түсімдер

7. басқа да табыстар

II. Шығыстар мен қаражат аударымдары:

1.   табыс салығы

2.   таза пайданың жинақтау немесе тұтыну қорларына бөлінуі

3.   ұзақ мерзімді инвестициялар

4.   басқа да шығыстар

Қаржылық менеджмент бұл – кәсіпорынның нарықта қызмет етуінің стратегиялық және тактикалық мақсаттарына жетуге бағытталған кәсіпорынның қаржыларын басқару жүйесі.

 Оперативтік қаржылық жоспарлау:

1.                 төлемдік күнтізбені құру – бұл барлық есептеулерде жүргізудің нақты ретін немесе (тәртібін) және мерзімін анықтау. Бұл бюджет және бюджеттік емес қорларға уақытылы төлем аударуға және кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2.                 кассалық жоспар – бұл банктен нақты ақшаларды өз уақытында алу және оның түсімдерімен пайдасына бақылауды қамтамасыз ететін кәсіпорынның кассасы арқылы өтетін нақты ақшалардың айналым жоспары. Кассалық жоспардың бөлімдері:

а) нақты ақшалардың түсім көздері

б) шығыстар 

с) еңбек ақы және басқа да төлемдердің есебі

д) белгілі бір мерзімдегі жұмысшылар мен қызметшілерге еңбек ақы төлеу күнтізбесі жатады.

 

2) Бюджеттеу – қаржылық шығындар мен нәтижелерді анықтау мақсатымен кәсіпорын және оның бөлімшелерінің жалпы бюджетін құру жолымен кәсіпорын қызметінің өндірістік қаржылық жоспары.

     Бюджжет – қаржылық нәтижелермен қаражаттарды анықтауға мүмкіндік беретін кәсіпорынның кірістері мен шығыстарын сипаттайтын жоспардың сандық көрсеткіштері.

Бюджетті құру кезеңдері:

1.                 сатуды болжау және бюджетін дайындау

2.                 өндірістің күтілетін көлемін анықтау

3.                 өнім өндірісімен оны өткізуге байланысты шығындар есебі

4.                 ақша ағымдарын есептеу және талдау

5.                 қаржылық есеп беру формасын немесе нысандарын құру



Операциялық бюджет - өндіріс, өнімді өткізу, кәсіпорындарды және оның жеке бөлімшелерінің басқару шығындарын сипаттайтын бюджет жүйесі.

Операциялық бюджетті құру барысында әртүрлі шығындардың бюджеті дайындалады, атап айтқанда:

1.                 сату бюджеті

2.                 өндіріс бюджеті

3.                 шикі зат материалдарды сатып алу және пайдалану бюджеті

4.                 еңбек бюджеті

5.                 жалпы цехтық шығыстар бюджеті немесе сметасы

6.                 цехтық өзіндік құн бюджеті

7.                 жалпы өндірістік өзіндік құн бюджеті

8.                 өндірістік  өзіндік құн бюджеті немесе толық  өзіндік құн

9.                 коммерциялық шығыстар бюджеті

10.             басқарушылық шығыстар бюджеті

11.             толық  өзіндік құн бюджеті

12.             пайда мен зиян бойынша бюджет



Қаржы бюджеті -  қорлар көздері (құрылымы, көлемі) мен оларды пайдалану бағыттарын бейнелейтін жоспар. Бұған кіретіндер:

1.                 ақша қаражаттарының қозғалыс бюджеті (түсімдер, төлемдер)

2.                 күрделі қаражат салымдары

3.                 бюджеттік бухгалтерлік баланс



Бюджеттік бухгалтерлік баланс – жоспарланған операцияларды орындау шартындағы кәсіпорынның қаржылық және мүліктік жағдайының өзгерісін сипаттайды. Бұл баланс 2 бөлікке бөлінеді: активтер және пассивтер.

 

3) Кәсіпорынның қаржылық қызметін жоспарлау өндірістің соңғы нәтижесімен тығыз байланысты. Пайда немесе фирма табыстарын максимизациялау стратегиялық, тактикалық, ұзақ мерзім, қысқа мерзім фирмаішілік жоспарлаудың соңғы мақсаты болып табылады.



Қаржы – шаруашылық субъктілермен мемлекеттің ақшалай табыстары жинақтарының құрылуы, бөлінуі, қайта бөлінуі мен пайдалануы процесінде пайда болған экономикалық қарым-қатынастар.

ҚР «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңына сәйкес (2008 жыл 28 ақпанда шыққан).



Кірістер – есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелерінің азаю нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы.

Өнімді өткізуден түсетін табыс – кез-келген сату деңгейінде бағаның өнім өткізуге жоспарланған санына көбейту жолымен анықталады:

*Np


бұйымның нарықтық құны

– бұйымның өзіндік құны

Np - өткізілген өнім көлемі

Пайда және зиян туралы есеп беру нысаны:

1.                 өнімді өткізуден түсетін табыс

2.                 өткізілген өнімнің өзіндік құны

3.                 жалпы табыс (зиян) (1-2)

4.                 кезең шығыстары оның ішінде:

 а) жалпы және әкімшілік шығыстар

 б) өткізуге байланысты шығыстар немесе коммерциялық шығыстар

 в) пайызды төлеуге кететін шығындар

    5. негізгі қызметтен түсетін пайда (зиян) (3-4)

    6. негізгі емес қызметтен түсетін табыс

    7. салық салуға дейінгі пайда  (зиян) (5+6)

    8. корпоротивті табыс салығы бойынша шығыстар (30%)

    9. салық салғаннан кейінгі пайда (зиян) (7-8)

   10. ЧС бойынша табыс (зиян)

   11. таза пайда (зиян)

Қаржылық есеп беру формалары:

-                    бухгалтерлік баланс, форма  

-                    пайда мен зиян туралы есеп, форма №2

-                    ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, форма №3

-                    капиталдағы өзгерістер туралы есеп, форма №4

-                    түсіндірмелік жазба

Пайда келесілер үшін бағытталады немесе бөлінеді:

1.                 кәсіпорынның өндірістік дамуын қаржыландыру

2.                 тұтынушылық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру

3.                 әлеуметтік мәдени саланы қаржыландыру

4.                 еңбек ақылық жоғары төлемдер үшін еңбек ақы қорына аударымдар

5.                 қайтарымдылық қажеттіліктер мен басқа да мақсаттар үшін

 

4) Фирманың тиімді жұмыс істеуі өнімнің бәсекеге қабілеттілігін тауарлар мен қызметтердің табыстарын көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі ол - өндіріс рентабельділігі.

Рентабельділік көрсеткіш жалпы пайданың шығындарға қатынасымен анықталады. Рентабельділіктің түрлері:

1.                 өндіріс рентабельділігі

2.                 нім өнім рентабельділігі

3.                 сату рентабельділігі

4.                 меншікті капитал рентабельділігі



Жалпы өндіріс рентабельділігі (Ро) – кәсіпорынның табыстарымен сипатталады және ол келесі формула бойынша анықталады:
 – кәсіпорынның жалпы пайдасы

 – негізгі өндіріс қорлардың орташа жылдық құны

 – материалды айналым қорының нормаланған жиыны немесе сомасы

Өнім рентабельділігі - өнімнің пайдалылығын (жеке өнім түрлері немесе жалпы тауарлық өнім бойынша) және келесі формуламен анықталады:
 - өнім рентабельділігі

 - өнім бірлігінен түсетін пайда (жалпы тауарлық өнім бойынша)

С - өнімді өндіруге және өткізуге кететін шығындар (толық өзіндік құн)

Сату рентабельділігі () - әрбір өткізілген өнімнің 1тг кәсіпорынның қаншалықты пайда (пайызбен) алатынын көрсетеді және ол мына формуламен анықталады:
- жалпы табыс

- өнімді өткізуден түскен түсім



Меншікті капитал рентабельділігі () - әрбір 1 тг шаққандағы меншікті капиталдан түсетін пайдамен сипатталады және келесі формуламен анықталады:
– таза пайда

– меншікті капиталдың құны



Негізгі қорлардың рентабельділігі – бұл көрсеткіш негізгі қорлардың немесе өндірістік қорлардың жеке корпорацияларында, өндірістік салаларында жұмыс істеу тиімділігін айқындап көрсету үшін қолданылады және мына формуламен анықталады:
– салық салуға дейінгі пайда

- негізгі қордың орташа жылдық құны



1 мысал; Өнімді өткізуден түскен түсім 500000 ақша бірлігін құрайды, өнімді өндіруге кеткен шығындар 350000 а.б құрайды, материалды құндылықтарды өткізуден түскен пайда 15000 а.б, мүлікті жалға беруден түскен пайда 5000 а.б құрайды, салықтық төлемдер 70000 а.б, ал кәсіпорынның меншікті капиталы 1600000 а.б, т/к: таза пайданы, салық салуға дейінгі пайданы, сату рентабельділігі және кәсіпорынның меншікті капиталының рентабельділігін.

Шешімі: П=500000-350000=150000

Салық салуға дейінгі пайда 150000+5000=155000

К/о т.п 170000-70000=100000

Т.п б/ша (100000/500000)*100%=20%

М.к б/ша (100000/1600000)*100%=6,25%

мысал: Базистік кезеңде айнымалы шығындар 450000 а.б құрайды, тұрақты шығындар 200000 а.б, өнімді өткізуден түскен табыс 700000 а.б, анықтау керек: есепті кезеңде өнімді өткізу 20% ұлғайған жағдайда өнімді өткізуден түскен пайда қалай өзгереді.

 Шешімі:  Б.к.п 700000-(450000+200000)=50000

Е.к.п (700000*1,2)-(450000*1,2)-200000=100000

П.ұл 100000/50000=2



3 мысал: Кестенің мәліметтерін пайдаланып әрбір нұсқа бойынша қатарларды толтыру қажет.

 

 



 

 

Кесте-1



Нұсқа №

Баға а.б

Өзіндік құн а.б

Пайда а.б

Рентабельділігі %

1

1000

900

100

11,1

2

1000

1000

0

0

3

1000

1100

-

-9

4

3000

2400

600

25

5

1250

250

1000

400

6

3500

2500

1000

40

7

125000

25000

1000

4

 

мысал: Кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен табысы 150369 а.б құрайды, өткізілген өнімнің өзіндік құны 125829 а.б, кезең шығындары жалпы және әкімшілік шығыстары 11099, өткізу бойынша шығыстар 12917, пайызды төлеу бойынша шығыстар 4807, т/к: негізгі қызметтен түсетін табыс; негізгі емес қызметтен түсетін табыс 4366 а.б.



3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ  ЖОСПАРЫ

 

1.Тапсырмалар. Кәсіпкерлік даму шарттары Бизнес жоспар құрамы. 

Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді  пайдаланып,  келесі мәселелерді талқылауға  жинаңыздар:

.Соңғы жылдары дамыған елдерде шаруашылық қызметіне әлеуметтік баға беру бизнестің әлеуметтік құндылықтарға, өз мүддесімен, ең алдымен  Экономика, адам еңбегі табиғи қорлар  саласында үйлестіруге деген қатынасын. Нарық инфрақұрылымы  түрлері: банк тік жүие, биржалық жүие, маркетинг тік құрылымдар,салық мекемелері,сауда палатасы консалтинг т. б. құрылым түрлері. Сату және сатып алу нарығындағы қалыптасқан жүйелер  Экономика, бизнес  көрсеткіштерінің өсүі

Негізгі әдебиеттер: [6] бет. 5 – 19, 21 – 23; [14] бет. 100 – 109; 
[7]   бет. 11 – 17; [14]   бет.  145 – 154.

      Бақылау сұрақтары:

1. Бизнес объектілері меншік түрлері.

2.Корпорациялар.

3. Серіктестіктер түрлері

          2.Тапсырмалар. Кәсіпорын талғау, жоспарлау. 

 Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді  пайдаланып,  келесімәселелерді талқылауға  жинаңыздар:

Негізгі бәсеклес компаниялары, компаниялардың жоспарланған бизнесте алатын орны, ұтымды және осал жерлері көрсетіледі., Конкуренттік мүмкіншіліктеріне объективті түрде баға беріледі немесе ұсына аласыз; клиенттеріңіз кімдер және олардың ұсынымдары; кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы және капиталының құрылымы жатады.Барлық сипаттар ақпарат түрінде болады және болашақ немесе жүргізіліп отырған бизнеспен байланыста ғана келтіріледі. Кәсіпорын орналасқан жерді таңдау бизнестің шығын бөлігіне әсер етеді.

Негізгі әдебиеттер: [4] бет. 13 – 19, 119 – 123; [12] бет. 100 – 109; 
[7]   бет. 11 – 17; [14]   бет.  145 – 154.

Бақылау сұрақтары

1.Жалпы резюме, кәсіпкерлік негізгі көрсеткіштерімен параметрлері.

2.Бизнес жоспар дың түиіні, барлық есептелген позицияларының шешімші мазмуны ретінде келтіріледі.

3Бизнес жоспарлық сипаттар, кәсіпорын орналасқан орны, профилі, жұмыс тәжірибесі, сатып алушыға қандай өнімді немесе қызметті ұсынасыз.

3.Тапсырмалар.  Бизнес кәсіпкерлікті несиелендіру.

       Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді  пайдаланып,  келесімәселелерді талқылауға  жинаңыздар:

     Коммерциялык банктердің керемет мумкіндігі мен оларды басқа қаржылык институттардан ерекшелейтін сипаттама - ақшаларды қуру мен жою болып табылады.Ақшаны құру несиелік жуйенің икемділігімен іске  асады. Өзнің депозиттік және несиелік операцияларымен уақытша бос ақша каражаттарын шогырдандырып, оларды несие турінде усынады, сонымен, олар халык шаруашылығын ақшаға деген кажеттігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын  құрайды.

 Банктерден 100 млн. тенге мөлшерінде 3 жылға несие алынған. Жыл сайынғы банкілік проценті (пайызы) 6 %.   Бастапқы алынған сомаға байланысты қайтару сомасын есептеу керек.  Егер процент, паиызы кудрелі және жай ставкамен берілсе қайтарылатын соманың есебі.

Негізгі әдебиеттер: [4] бет. 7 – 29, 39 – 103; [13] бет. 100 – 109; 
[7]   бет. 11 – 17; [14]   бет.  145 – 154.

 Бақылау сұрақтары:

1.Ақшаларды қуру, депозиттік операциялар

2.Несиелік операциялар түрлері.

3.Халык шаруашылығын  ақшаға деген кажеттігін қанағаттандыруы.

4.Тапсырмалар. Жарнама жоспары. Тауарлар  мен қызметтерді сатып өткізу .

         Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді  пайдаланып,  келесімәселелерді талқылауға  жинаңыздар:

         Жарнама мәні маңызы және өнімді өткізу функциясы, жарнамалық компанияны ұйымдастыру, жарнама тарату каналдары. Бұқаралық ақпараттардағы жарнама орны. Сыртқы жарнама,  электронды жарнама.Тауардың жарнамалық қорабы, түрлері: парфюмерия, косметика салаларында және т.б. Жаңа  тауар нарық базарына шығарудың алдында потенциалды алушыларды тауармен кең ауқымды таныстырылады. Жарнамалық жоспар дайындалғанда, барлық бөлімшелер мен келісілгенде, түзетулер қабылданған соң, тауарды буып түю, өткізу жылдарына қарасты алынған жарнама идеялары тауар нарық базарына шығарылады

Жарнама түрлерінің тиімділігі фирмалық стильді жасау іске асыру шаралары.                     Бизнестің  жеке түрінің кең дамуына логотиптің септігі зор, тауар сатылуына тиімді түрде әсер етеді. Логотип (гр,logos сөз,  typos ерекшілік, белгі)  фирманың немесе осы фирма тауарлары тобының ( толық немесе қысқарған атын арнаиы әсемдеп сызып жасау.

Негізгі әдебиеттер: [2] бет. 13 – 19, 29 – 123; [13] бет. 100 – 109; 
[7]   бет. 11 – 17; [14]   бет.  145 – 154.

                                 Бақылау сұрақтары:

1.Тауарға қанағаттанатын тұтынушылар контингенті;

2.Бәсекелес қажеттіліктер;

3.Тауарлық себебі (мотив) күші, сипаттамасы;

5 Тапсырмалар. Ұйымдастыру жоспары. Менеджмент

        Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді  пайдаланып,  келесімәселелерді талқылауға  жинаңыздар:

Команданың біліктілігі мен кәсіптілігі. Команда лидері туралы, идея немесе жоба инициаторы туралы ақпарат беріңіз. Басқару командасының әрбір мүшесінің біліктілігі мен кәсіптілігін сипаттаңыз. Жобаны жүргізу барысындағы өкілеттілікті беру функциялары мен дәрежесін анықтаңыз.Басқаруды дұрыс ұйымдастыру - жұмысы дұрыс жолға қойылғанда басқа бизнеске жақсы ойларды енгізудің кілті."Біз компанияға емес, адамдарға инвестиция жасаймыз" деп инвесторлар жиі айтады.

  Фирманың ұйымдастыру кұрылымына басқарудың сызба нұсқасы (атқарымдық, бөлімшелік, қалыптамалық), бөлімшелер құрамдары, олардың міндеттері мен өзара байланысты қызметтерін үйлестіруенеді.

Негізгі әдебиеттер: [4] бет. 21 – 29, 115 – 128; [13] бет. 100 – 109; 
[7]   бет. 11 – 17; [14]   бет.  145 – 154.

       Бақылау сұрақтары:

1.Жұмыстың бернесіне, үдерісіне, жабдық пен өнімнің түріне немесе тұтынушылар категориясына (жоғары, орта, төменгі буын) байланысты қызмет түрлері;

2.Міндеттер мен өкілеттікті бөлу, т.б.

3.Басқаруды ұйымдастыру құрылымының түрілері.

6. Тапсырмалар.   Тәуекелдік. Банкроттыққа ықтималдылықты алдын ала ескерту. Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді  пайдаланып,  келесімәселелерді талқылауға  жинаңыздар:

 Аудиттық қорытынды шешімдері аудит фирмаларымен клиенттер арсында қатынастар. Аудит әдістері ақша ағымында жүйелік аудит ерекшелігі құнды қағаздар аудиты..Бюджетке басқа да төлемдер толықтығы дұрыстығы. Бухгалтерлік есеп және балансын дер кездігі. Қолма – қол ақша ағынының аудиті.Қолма – қол операцияларын тексеру, алдыңғы құжаттарды түбегейлі қарау олардан алуы және ақша берілуін, кассалық кітап, құндылықтарды аналитикалық есеп кітабы, кассада сақталатын, ревизиялық акті, регистерлерді тіркеуі.

Негізгі әдебиеттер: [6] бет. 10 – 19, 79 – 103; [7] бет. 101 – 109; 
[7]   бет. 11 – 17; [14]   бет.  145 – 154.

Қосымша әдебиеттер:  [8] бет. 27 – 49.  [12] бет 282  309

     Бақылау сұрақтары:

1.Шетел валютасымен операцияны тексеру.

2.Аудитордың тексеру объектісі болып: экспорттаушы өзінің валюталық табысын пайдаланады.

3.Кеден төлемдері және тасымал шығындары

  7.Тапсырмалар.  Бизнес жоспар технологиясмы

Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді  пайдаланып,  келесімәселелерді талқылауға  жинаңыздар:

Технико-экономикалық негіздеу (ТЭН)

Өнеркәсіпті дамыту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНИДО)

Кәсіпорын қызметінде бизнес жобаны жүргізу жұмыстарын бірнеше этапта жасау ұсынылады:

мақсаттың құрылымын қайта құру, яғни лоарды маңыздылық және бағыну дәрежесіне қарай, сондай-ақ мерзімді белгілері (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) бойынша бөлу;

қызметтің күшті және әлсіз жақтарын анықтау және болашақтағы қауіп-қатердің алдын-алу мүмкіндіктерін қолдану;

 жобаны жүргізгенде қауіп-қатер мен кәсіпорынның әлсіз позицияларының болашақтағы жағдайдың нашарлауына әсер ету дәрежесін анықтау;

басты мақсатты нақтылау және оны сандық түрде анықтау;

кәсіпорын қызметінің функционалды облыстары бойынша басқа деңгейдегі мақсаттарды сандық мөлшерін анықтау арқылы бөлу.

Негізгі әдебиеттер

1.                        ҚР Азаматтық кодекс. Алматы 1994

2.                        Буров В. П.Бизнес план фирмы  М. 2005

3.                        Ақша, несие, банктер. Оқулық (жалпы ред.Ғ.С. Сейтқасымов) Алматы. Экономика 2001

4.Ильбисинов Ш.С.Организкция и управление предприятием. Электронный учебник 2002

5.Internet: http// yaca/ yandex/ yca/ cat/ Buisiness.



4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Студенттердің өздік жұмысы берілген курс бойынша аудиторлы сабақ түрінде диалог режимінде және аудиториядан тыс түрінде кеңес беру арқылы жүргізіледі.

Дәріс материалдары мен оқу құралдарымен қатар студенттер біздің еліміздің мерзім сайын шығатын басылымдарды, сондай-ақ, экономикалық журналдар мен салалық журнал мен газеттерді жүйелі түрде оқып отырған дұрыс болады. Осының бәрі курс материалын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ерекше назарды біздің елемізде шыққан немесе шығарылып жатқан заңдарды, ҚР Президентінің Жарлықтарын, экономикалық реформаларды енгізу және іске асыруға байланысты жоспарлар, бағдарламалар мен басқа да нормативтік актілер мен мәліметтерді зерттеуге аудару қажет

Берілген курс бойынша арнайы оқу-тәжірибелік құрал дайындалған. Бұл құралда берілген курс бойынша оқылатын тақырыптарға арналған бақылау сұрақтары, есептер және тесттік тапсырмалар және өзін-өзі тексеру сұрақтары енгізілген. Берілген құралдың соңында студентке есеп шығарғанда қажет болатын барлық формулалар келтірілген және нақты әдебиет ұсынылады. Берілген тапсырмаларды студенттер аудиторлы және аудиториядан тыс уақытта орындау қажет. Есептерді шығарғанда студенттер оның нәтижелерін жеке дәптерге енгізуге тиіс. Оны оқытушы семестр аяғында тексереді.

Аудиторлық СОӨЖ сабақтарда пікір талас, диспуттар, әртүрлі көзқарастарды тыңдау, талқылау түрінде жүргізіледі, аудиториядан тыс СОӨЖ рефераттар мен баяндамалар түрінде тапсырылады және оқытушы оларды сұрау арқылы тексереді;

СӨЖ тапсырмалары жазбаша немесе ауызша түрінде беріледі, ол пәнің жұмыс бағдарламасында келтірілген талаптарға тәуелді болады;

СӨЖ бойынша жазбаша тапсырмаларды А4 форматтағы қағаздарда орындалуға тиіс (компьютермен), бет параметрлері: 2:2:2:2. Кегль 14 Times New Roman, интервал 1,5.

Студенттер, сонымен қатар, қосымша рейтинг алу үшін өздік жұмыстарын реферат түрінде жазуға мүмкіндік алады. Рефератты оқытушыға міндетті түрде рецензия жазу үшін тапсырылады. Рецензия жазылғаннан кейін студент өз рефератын топ алдында қорғайды. Семестр бойы студент 2 реферат жаза алады. Рефераттардың тақырыптары төменде көрсетілген. Қажет жағдайда студент оқытушымен ақылдасып, басқа тақырыпқа реферат жаза алады.

Рефераттар тақырыптары:



  1. Фирма қызметінің SWOT талдауы.

  2. Фирманың қаржылық жағдайын талдау.

  3. Өткізу көлемін болжауға нарықтық факторлардың әсері.

  4. Фирма қызметін инвестициялық жоспарлау.

  5. Фирма өнімінің сапасы мен бәсекелестік қабілетін болжау және жоспарлау.

  6. Өнімді өткізу нарығындағы бәсеке.

  7. Тәуекелді сандық талдау әдісі.

  8. Тәуекелді сапалық талдау әдісі.

  9. Өнімді өткізуді болжау әдістері.

  10. Фирма қызметін болжау қажеттілігі.

  11. Ұйымдастырушылық жоспарлау.

  12. Өндірістік тәуекелдің негізгі түрлері.

  13. Экономиканың әртүрлі салаларында фирмаішілік жоспарлаудың қажеттілігі.

  14. Фирма мүмкіншілігі мен потенциалын талдау және бағалау.

  15. Өнімді өткізу нарығын талдау және бағалау.

  16. Тәуекелді бағалау және сақтандыру.

  17. Фирманың маркетингілік қызметін жоспарлау.

  18. Еңбекті төлеуді жоспарлау және ынталандыру.

  19. Фирманың өндірістік бағдарламасын жоспарлау.

  20. Фирма қызметін құқықтық жағынан қорғау.

  21. Іскерлік ортаны болжау және болжау түрлері.

  22. Фирма дамуының стратегиясы.

  23. Фирма қызметін стратегиялық жоспарлау.

  24. Фирманың маркетингілік қызметінің стратегиясы.

  25. Фирманың іскерлік жоспар мәні және қағидалары.

  26. Фирманың қаржылық жоспары.

27. Бизнес-идеялар мен жобаларды жүзеге асырудың теориялық мәселелері.

28. Бизнес-жоспар ұғымы, құрылымы, ерекшеліктері.

29.. Стратегия "Қазақстан 2030".

30. ҚР 2003-2015 жыл. Арналған индустриялдық-инновациялық даму стратегиясы.

31. Жоспарлы экономика кеше, бүгін, ертең.

32. Индикативти жоспарлау.

33. Стратегиялық менеджменттің стратегиялық жоспарлаудағы маңызы және орны.

34. Макроэкономикалық жомпарлау.

35. Нарықтық экономикадағы жоспарлау ерекшеліктері.

36. Стратегиялық жоспарлау процесі.

37. Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі.

38. Жоспарлау принциптері және оның сипаттамасы.

39. ҚР экономика және бюджеттің жоспарлау министрлігінің қызметі, ролі.

40. Стратегиялық жоспарлаудың әдістемесі.

41. ҚР сыртқы экономикалық байланыстар стратегиясы.

42. Аймақтық стратегиялық жоспарлау.

43. Фирманы стратегиялық басқару.

44. Кәсіпорын деңгейіндегі стратегиялық жоспарлау.

45. Мемлекеттік органдардың жоспарлау қызметтері.

46. Жоспарлау әдістері.



47. Стратегиялық жоспарлау кезеңдерінің сипаттамасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет