ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Дәріс тақырыбы. Топ арасындағы психологиялық феномен ретінде



бет3/5
Дата16.06.2016
өлшемі396.5 Kb.
#140729
түріАнализ
1   2   3   4   5

Дәріс тақырыбы. Топ арасындағы психологиялық феномен ретінде.

Жоспар.


  1. Топтар арасындағы психологиялық феномен ретінде.

  2. Топтар мен ұжым, жеке адамды қалыптастырудың негізі ретінде.

3. Әлеуметтік психологияда топтар классификациясы.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

«Феномен» термині грек тілінен аударғанда «құбылыс». Әрбір ғылымның өз феномені болады сол сияқты әлеуметтік психологияныңда. Оның құрылысы түрлі негіздерге байланысты болады Топ жеке адамның дамуына көмектеседі. Іс-әрекеттің эффективтілігіне әсерін тигізеді. Әлеуметтік психология мынадай феномендерді зерттейді. Жеке адам проблемасы - әлеуметтік жағдайы, өзара жеке қатынасы, ролі. Көбіне масса түрлі құбылыстары: кластар, ұлттық психологиялық ерекшеліктері, әдет-ғұрыптары т.б. Микро орта және макро орта – кіші топтар, біздің өмірізбен байланысты жалғасады. Үлкен топтарды макро орта құрайды: мемлекеттер, ұлттар, партиялар, кластар, әлеуметтік қоғамдар (экономикалық, кәсіби-профессионалдық, мәдениет т.б.) Бұл орта адамның тәртібі мен психикасына саясат, идеология, мәдениет арқылы кіші топ деңгейінде тікелей әсер етеді. Адамның тәртібі мен психикасы әлеуметтік ортаға байланысты, ол өте күрделі ұйымдасқан қоғам. Ұжым дегеніміз – қоғамның бір бөлігі болып табылатын адамдар тобы, ол қоғам мақсатына бағынатын, іс-әрекетте жалпы мақсат көздейтін адамдар тобы. Ұжым үнемі қозғалыста, өзгерісте, даму үстінде болады. Топ – адамдар қарым-қатынасы. Адамдар тобы олардың қажет мұқтаждықтарын өтеу жолындағы өзара бірлесуі. Осыған байланысты топтар классификациясы құрылады. Топтың түрлеріде сан алуан. Әлеуметтік топтар классификациясы.

Формалды және формалды емес топтар. Бірінші және екінші топтар.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:



  1. Феномен дегеніміз не?

  2. Ұжым мен топ, жеке адамды қалыптастыруды дегенді қалай түсінесіздер?

  3. Әлеуметтік психологиядағы топтар классификациясының қандай түрлерін білесіздер?

Әдебиеттер:

1. В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.

2. Д.Майерс. Социальная психология. Питер.1994

3. А.И.Донцов. Психология коллектива. М., 1984

4. Я.Л.Коломенский. Психология взаимоотношений в группах. М., Изд.БГУ.1976



Дәріс тақырыбы. Топтар арасындағы қарым-қатынас.

Жоспар.


  1. Жекеаралық қатынастар феноменологиясы.

  2. Сыйысушылық және келісушілік.

  3. Білім беру жүйесіндегі жекеаралық қатынастар.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі – олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе – адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде қалыптасады.

Қарым-қатынас, бірлескен практикалық және рухани іс-әрекет процесінде адамдар арасында пайда болатын қатынастар қоғамдық қатынас ретінде анықталады. Адамдар арасындағы психологиялық қатынастар ресми және ресми емес болып екіге бөлінеді. Сондай-ақ іс және жеке басты (немесе жекеаралық) қатынастар бар. Іскерлі қатынас ортақ оқу немесе еңбек іс-әрекетімен байланысты анықталады. Психологиялық қатынастардың негізгісі жекеаралық қатынас болып табылады. Жалпы екі өзара әрекеттесіп жүрген адамның ұқсастығы (ерекшелігі) негізгі факторлармен анықталады: әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, психофизиологиялық.

Субъектінің сыртқы немесе дүниеге бағыттылығы (экставерттілік немесе интраверттілік) өзаралық қатынасқа әсер ететін маңызды сипат болып табылады. Өзаралық тартымдылықтың қалыптасу механизмі (достық қатынас негізінде) жас және жағдайға байланысты спецификасы бар. қанағаттандырады. Бірін-бірі түсіну процесі тұрақты жекеаралық тартымдылықпен аяқталады.

Ерлі-зайыпты жұптардың өзаралық қатынастары. Р.Хилл неке серігін таңдау нәтижесін анықтайтын келесі негізгі факторларды көрсетті. Сыйысушылыққа қарсы – қақтығыс. Қақтығыс негізінде әдетте – субъективті не объективті әр түрлі тенденциялардың (мотив, қатынас, әрекеті мен жеке бастың мінез-құлқы, содай-ақ топтың да) қақтығысы түсініледі. Ортақ міндетті шешу жағдайындағы эмпатия. Адамның уайымдауы үнемі байқалып тұрады. Эмпатия формасы жекеаралық қатынастың түрі мен сипатына байланысты. Эмпатияның ең жоғарғы формасы толық жекеаралық идентификацияда көрінеді.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:



  1. Топ аралық қатынастардың түріне сипаттама беріңіз?

  2. Әлеуметтік таным үрдісінде байқаушының қандай психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы бар?

  3. Қақтығыстың анықтамасын беріңіз. Қақтығыс қалай дамиды?

Әдебиеттер:

1. В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.

2. Д.Майерс. Социальная психология. Питер.1994

3. А.И.Донцов. Психология коллектива. М., 1984

4. Я.Л.Коломенский. Психология взаимоотношений в группах. М., Изд.БГУ.1976



Дәріс тақырыбы. Топтағы жеке адамның рөлі.

Жоспар.


  1. Жеке адам туралы түсінік.

  2. Әлеуметтік психологияда жеке адам мәселесі

  3. Жеке адам топтық процесте.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады. Жеке адам қоғамдық қатынастардың әрі объектісі, әрі субъектісі. Жеке адам қоғамдық тарихи категория. Жеке адамның психологиялық құрылымы. Жеке адам проблемасын зерттеумен – философия, социология және этика, педагогика және генетика айналасады. Жеке адам прорблемасы маркстік социология структурасында маңызды орын алады, сол сияқты жалпы психологиядада. Жеке адамды зерттеу социологиялық және жалпы психологиялық жолмен. Сонымен маркстік социология жеке адамды – мынадай сапада қарастырады - әлеуметтік топтың нақты уәкілі ретінде.

В.А.Ядов., Е.В.Шорохов жеке адамды социологиялық тұрғыда қарастырды. А.Г.Ковалев- жекеадамның үш құрылымын көрсетті. К.К.Платонов- ж.а. төрт қосқұрылымын көрсетті.

А.Н.Леонтьев – жеке адамды ол іс-әрекетпен тығыз байланысты қарастырады.

Әлеуметтік психологияның міндеті – жеке адамның толық құрылымын ашу, ол қоғамдық қатынастардың объектісі және субъектісі болып табылады.

Жеке адам топтық процесте. М.Шоу жеке адамды топтастыруды үш классқа бөліп қарастырды.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


  1. Жеке адамның қоғамдық мәнін қалай түсінуге болады?

  2. Әлеуметтік рольге түсінік беріңіз.

  3. Әлеуметтік психологияда жеке адам мәселесін кімдер қарастырды.

Әдебиеттер:

1. В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.

2. Д.Майерс. Социальная психология. Питер.1994

3. А.Г.Ковалев. Коллектив и социально-психологические проблемы руководства. 2-е ид.М:, 1976

4. Е.В.Руденский. Социальная психология. М., 1977



Дәріс тақырыбы. Топтық динамика және топтардың даму деңгейі.

Жоспар.


  1. Әлеуметтік психологияда кіші топтардың феноменологиясы.

  2. Кіші топтағы динамикалық процестерге жалпы сипаттама.

  3. Кіші топтың құрылуы.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Феномен – тікелей индивидтің тұтас қабылдауы. Топ мәселесі – адамдар тобы бұл тек әлеуметтік психологияда ғана емес, социологияның сұрағы болып табылады. Кіші топтар мәселесі әлеуметтік психологияда жақсы өңделген. Кіші топтарды зерттеуге деген қызығушылық ертеден басталған, қоғам мен өзара қатынас және жеке адам мәселесі талқыланады. Жеке адамның өзара қатынасы оның ортамен қалыптасуы. Осы мәселені талдауда кіші топтар – бірінші орта сияқты болады, бұнда жеке адам өзінің алғашқы қадамын және өмір жолын дамытады. Адам бірінші күннен бастап өзінің нақты кіші топтармен байланысты, сол арқылы өзінің іс-әрекетін ұйымдастырады.

Кіші топтар схемалық талдау. Кіші топтар мүшесі жағынан өте көп емес, жалпы әлеуметтік әрекетпен біріккен, тікелей қарым-қатынаста болады. Кіші топтар классификациясы.

Кіші топтарды зерттеу өзінің алғы шарты ретінде топтың бірқатар «тұрақтыларын» сипаттайды: топтың шектерін, құрылымын, композициясын анықтау. Әлеуметтік психологиялық талдаудың басты міндеті – топтың өмірінде болып жатқан процестерді зерттеу болып табылады. Тағы бір маңызды міндеті – топ қалай дамиды, өз дамуында қандай кезеңдерден өтеді, әрбір кезеңде әр түрлі топтық процестер қалай өзгеріске ұшырвйтынын көрсету. Топтық қысым феномені. Бұл феномен әлеуметтік психологияда конформизм феномені деп аталады. «Конформизм» сөзі қарапайым тілде «бейімделушілік» дегенді білдіреді. Алғаш рет конформдылық моделін белгілі зерттеулерінде С.Аш көрсеткен.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1.Әлеуметтік психологияда кіші топтар феноменологиясына сипаттама беріңіз.

2.Топтық динамика түсінігіне анықтама беру.

3.Кіші топтардың қандай түрлерін білесіздер?

Әдебиеттер:

1. В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.

2. Д.Майерс. Социальная психология. Питер.1994

3. Я.Л.Коломенский. Психология взаимоотношений в группах. М., Изд., ТГУ.1976

4. Пайнс Э., Маслач К. Практикум по социальной психологии. Питер.2000.
Дәріс тақырыбы. Жалпы коммуникация.

Жоспар.


  1. Әлеуметтік психологияда үлкен топтардың феноменологиясы.

  2. Үлкен топтар мен кіші топтардың арақатынасы.

  3. Үлкен әлеуметтік топ психологиясының мазмұны мен құрылымы.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Үлкен әлеуметтік топтардың сипаттарын әлеуметтік-психологиялық зерттеу бірқатар қиындықтар тудырады. Әлеуметтік психология үлкен әлеуметтік топтар психологиясы бөлімінсіз шын мәніндегі әлеуметтік психология бола алмайды. Жеке адам қалыптасуы процесінде кіші топ және өзара қарым-қатынас ролі қаншалықты маңызды болғанымен, олар өз тұрғысынан нақты тарихи әлеуметтік нормалар, құндылықтар, бағдар және қажеттіліктерді құрмайды. Қоғамдық психологияның барлық осы және басқа да құрылымдық элементтері үлкен топтардың тарихи тәжірибесі негізінде пайда болады. Бұл тәжірибе белгілік, мәдени және идеологиялық жүйелермен жинақталады. Әрине, қоғамдық психологияның құрылымдық элементтерін түсінуде үлкен әлеуметтік топтар тәжірибесімен қатар, массалық әлеуметтік процестер мен қозғалыстар да маңызды мәнге ие. Адамдардың сандық қатынастағы «үлкен» құрылымдары екі түрге бөлінеді. Барлық осы көрсетілген үлкен топтардың оларды кіші топтардан өзгешелейтін бірқатар ортақ белгілері бар. Үлкен топтарда, кіші топтарда болмайтын, әлеуметтік мінез-құлықтың спецификалық реттеушілері болады. Бұлар - әдептер, салттар мен дәстүрлер. Олардың болуы спецификалық қоғамдық тәжірибе мен осы тәжірибенің тарихи формаларының қайта жаңғыруының қатысты тұрақтылығымен байланысты. Үлкен топтардың психологиялық сипатында спецификалық тілдің болуы маңызды роль атқарады. Этникалық топтар үшін – бұл өздігінен қажетті сипаттама, басқа топтар үшін «тіл» белгілі бір жаргон ретінде көрінуі мүмкін, мысалы: профессионалдық топтарға, жастарға тән. Үлкен әлеуметтік топ психологиясының құрылымы бірқатар элементтерден тұрады. Келесі мәселе – үлкен топ және оған кіретін әрбір жеке индивидтің психологиялық сипаттамаларының арақатынасы. Сонымен қатар, әлеуметтануға тән дәстүрлі әдістер – статистикалық талдау әдістері қолданылады. Бұдан басқа, әлеуметтік психология тіл білімі саласынан алынған әдістерді қолданады, себебі үлкен топтарды зерттегенде белгілік жүйені талдау жүзеге асады. Әлеуметтік түсінік – индивидуалдық емес, топтық әлеуметтік түсініктер көмегімен әлеуметтік таным құралы. Әрбір топ әлеуметтік түсініктер көмегімен әлеуметтік дүниенің, оның институттары, билігі, заңдары, нормаларының белгілі бір бейнесін құрастырады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


  1. Үлкен әлеуметтік топқа қандай топтарды жатқызамыз?

  2. Үлкен және кіші әлеуметтік топтардың анықтамаларын атаңыз.

  3. Топты талдау параметрлерінің негізгілерін атаңыз.

Әдебиеттер:

    1. Социальная психология. Под.ред.А.В.Петровский. ЛГУ.1979

    2. В.С.Агеев. Психология межгрупповых отношений. М., МГУ.1978

    3. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1995

    4. Пайнс Э., Маслач К. Практикум по социальной психологии. Питер.2000.



Дәріс тақырыбы. Әлеуметтік бірлік және әлеуметтік байланыстар.

Жоспар.


  1. Әлеуметтік бірлік туралы түсінік.

  2. Әлеуметтік заңдар.

  3. Әлеуметтік байланыстар мен іс-әрекеттер.

  4. Әлеуметтік ұйымдар.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Адамдар өмір сүру үшін материалдық және рухани игіліктерді жасайды, оларды бөліседі және тұтынады. Әлеуметтік бірлік дегеніміз – қоғамның субъектісі және объектісі болатын, іс-әрекет етуші адамдардың жиынтығы. Әлеуметтік бірліктің негізгі салалары: - адамдардың өмір сүру және іс-әрекет жағдайлары, тарихи қалыптасқан территориясы, өзара қатынастағы адамдардың әлеуметтік институттары. Сөйтіп адамдардың өмір сүру және іс-әрекет ету процесінде шексіз, әртүрлі әлеуметтік байланыстар қалыптасады. Әлеуметтік бірлік әлеуметтік байланыстар мен олардың элементтерінің – жеке адамдардың қатынасы негізінде қалыптасады, өмір сүреді және дамиды. Әлеуметтік бірлік – қоғамның дамуының басты бұлағы. Әлеуметтік бірлік – толық алғандағы қоғам емес, бірақ ол қоғамның ерекше, өзіндік өлшемі. Бірлік әлеуметтік өзгерістердің барлық түрлерін қамтиды. Әлеуметтік заң - әлеуметтік құбылыстардың, процестердің, әсіресе адамдар қызметінің немесе іс-әрекетінің маңызды, қажетті байланысы. Табиғат заңдары сияқты, әлеуметтік заңдар да уақиғаның табиғи даму барысында қалыптасады. Әлеуметтік байланыстардың түрі мен сипаты әрқилы: өмір сүру, даму, себептік, саяси, құрылымдық т.б. Әлеуметтік байланыс деп, - адамдардың, нақтылы бірлікте, белгілі уақытта, өзінің қандай да бір болмасын мақсатына жетуге бағытталған, біріккен іс-әрекетіне жағдай туғызатын факторлардың жиынтығын түсінеміз. Әлеуметтік іс-әрекеттің объективтік және субъективтік жақтары бар.

Адамдар қоғамда топтарға бірігеді. Соның нәтижесінде көп мүшесі бар үлкен әлеуметтік топтар құрылады. Олар әр түрлі байланысқа негізделеді. Үлкен топтардың бірнеше түрлері болады, олар әр түрлі тәртіп белгілеріне сәйкес құрылады. Ұсақ топтар және үлкен топтар болады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:



  1. Әлеуметтік бірлікті қалай түсінесіз?

  2. Әлеуметтік байланыстар деген не?

  3. Әлеуметтік заңдардың іске асырылу тәсілдері.

Әдебиеттер:

1. В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.

2. Д.Майерс. Социальная психология. Питер.1994

3. Я.Л.Коломенский. Психология взаимоотношений в группах. М., Изд., ТГУ.1976

4. Пайнс Э., Маслач К. Практикум по социальной психологии. Питер.2000.



Дәріс тақырыбы. Әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары.

Жоспар.


  1. Практикалық әлеуметтік психология кәсіби әрекет аймағында.

  2. Практикалық әлеуметтік психологияның әдістері.

  3. Психокоррекция туралы түсінік.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Өнеркәсіп өндірісі бүгінгі күнде қолданбалы әлеуметтік психологияның зерттеулерін ең басты тұтынушы болып отыр. Психологиялық климаттың пайда болуы көп түрлі. Жоғарыдан төмен қатынас басқару стилін зерттеу жұмыстарын қарастырады. Яғни басшы мен қызметкерлердің және жеке бас қасиеттері қатынастары, мінез-құлық пен қарама-қайшылық, басқару жүйесінде болатын – тәуелділік. Көлденең қатынастар жүйесі мінез-құлықты зерттеудің ұжымдағы мүшелердің іс-әрекеттегі қарым-қатынастары, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қатынастар. Қолданбалы деңгейдегі ұжымның құрылымы табиғат жөніндегі жаңа ойлар, идеялар, жеке тұлға арасындағы қарым-қатынастар. Өндірістік мекеменің әлеуметтік психологиялық жаңа мәселелерін зерттеу деген – ол өндірістік ұжымның ішіндегі коммуникация мәселесі. Ірі кәсіпорын мен ұсақ бөлімдерінің психологиялық климаты арасындағы айырмашылық. Лидер мәселесі. Бүгінгі күнде психолог маманның өндірістік кәсіпорындардағы мақсаты – бұл жай ғана қолданбалы зерттеулерді жүргізу емес, өзіндік әлеуметтік психологиялық білімдерді енгізе жүру және мәселені шеше жүру болып табылады. Коммуникатор жалпы ақпарат жүйесінде «ұжымдық» сипатта болады, өйткені оның орнында жеке индивид емес, белгілі әлеуметтік топ болады, бұл хабарлама кезінде, редакциялау, өңдеу және т.б. жұмыстар кезінде байқалады. Психологиялық мәдениетті үш негізгі компоненті.

Психолог – қажетті психологиялық әдістемелерді меңгерген, арнайы базалық – психологиялық білімі бар маман. Психокоррекция – бұл адам психологиясы мен мінез-құлқындағы кемшіліктерді арнайы психологиялық әсер ету жолымен түзетуге бағытталған шаралар жүйесі. Сонымен қатар психокоррекциялық әсер етудің объекттеріне – ұжым, тұлға, отбасы, топ жатады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:



  1. Қоғамдағы әлеуметтік психологияның орны мен дамуына сипаттама беріңіз.

  2. Әлеуметтік психолог-практик қызметінің стратегиясы тоқталыңыз.

  3. Психокоррекция түрлеріне анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

    1. Социальная психология. Под.ред.А.В.Петровский. ЛГУ.1979

    2. А.Г.Ковалев. Коллектив и социально-психологические проблемы руководства. 2-е ид. М:, 1976

    3. Е.В.Руденский. Социальная психология. М., 1997.

    4. Пайнс Э., Маслач К. Практикум по социальной психологии. Питер.2000.


3. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ

1-тәжірибелік. Әлеуметтік психологиянң тарихи қалыптасуы.

Мақсаты: Әлеуметтік психология пәнін студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру.

Жоспар.


  1. Әлеуметтік психологияның пайда болуы.

  2. Әлеуметтік психологияның өзіндік ғылым ретінде бөлініп шығуы.

  3. Әлеуметтік психологияның концепциясындағы: Халықтар психологиясы. Көпшілік. Әлеуметтік үйрету теориясы.

  4. Экспериментальды кезеңдерде әлеуметтік психологияның дамуы.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында әлеуметтік психология пән ретінде дамып қалыптасуын, ғылым ретінде бөлініп шығуын ашып көрсету. Пән аралық байланысын мысалдар келтіре отырып, түсіндіру керек.

Әдебиеттер:

1.Андреева Г.М. Социальная психология.М., 1980

2.А.В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.

3.Социальная психология. Под.ред. А.В.Петровский М., 1979

18.Шибутани Т. Социальная психология. М., 1997



2-тәжірибелік. Әлеуметтік психологияның методологиялық негіздері.

Мақсаты: Әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдістерінің ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Жоспар.


1. Методологиялық проблемеларды әлеуметтік психологияда зерттеу.

2. Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері: (бақылау, іс-құжаттарын зерттеу, сұраунама, тест, эксперимент) жалпы түсінік.

3. Психологиялық тренингтер: (қарым-қатынас тренингі; аутотренинг; шығармашылық тренингі; өзіне сену тренингі).

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында зерттеу әдістеріне анықтама бере отырып пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп жаңа нәтижелерге жетудегі рөлін ашып көрсету керек. Әлеуметтік психологияда қоданылатын әдістер басқа ғылымдар да қолданылады, дегенмен олардың әлеуметтік психологияда қолданудың кейбір өзгешеліктерін ашып көрсету. Тренингтерге жалпы түсінік беру.

Әдебиеттер:

1. Андреева Г.М. Социальная психология.М., 1996.

2.А.В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.

3.Социальная психология. Под.ред. А.В.Петровский М., 1979

4.И.Ә.Абеуова., Ермекбаева Л.К. Әлеуметтік психология. А., 2012ж.
3-тәжірибелік. Қарым-қынастың әлеуметтік субъектілердегі өзара әрекеті.

Сабақтың мақсаты: адам өмірінде қарым-қатынастың түрлері мен формаларын студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.
Жоспар.


  1. Адамның және қоғамның өміріндегі қатынастың рөлі.

  2. Қарым-қатнынастың функциялары.

  3. Қарым-қатынастың түрлері мен формалары.

  4. Өзара түсінушілік механизмдеріне сипаттама.

  5. Әлеуметтік жағдайлар Р.Бейлс брйынша.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында анықтама бере отырып, оның мазмұнын, құралдарын, тәсілдерін ашып көрсету. Қарым-қатынастың адам үшін қажеттілігін және оның қоғам дамуындағы ролін ашып көрсету керек.

Әдебиеттер:

1.Социальная психология. Под.ред.Петровский.М., 1987.

2.Майерс Д. Социальная психология. Питер. 1994

3 И.Ә.Абеуова., Ермекбаева Л.К. Әлеуметтік психология. А., 2012ж.

4.А.А.Леонтьев. Психология общения. Изд.Тарту.1976

5.Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1995
4-тәжірибелік. Психологиялық әсерлердің классификациясы.

Сабақтың мақсаты: қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті, перцептивті жақтырын қаншалықты аңағарғаныдығын сараптау.

Жоспар.


  1. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы.

  2. Қарым-қатынастың интерактивті жағы.

  3. Қарым-қатынастың перцептивті жағы.

Әдістемелік нұсқау: Коммуникация құралдарына анықтама. Коммуникативті процестегі Г.Ласуэллдің бес элементін ашып көрсету: оптико-кинестикалық, паралингвистикалық, экстралингвисталық, уақыт пен кеңістік, проксемика. Визуальді қарым-қатынастары анықтама беру. Әлеуметтік перцепция термині Дж.Брунер 1947ж. әлеуметтік әрекет теорисы. Т.Парсонс. Коммуникативті ықпалдарға (сендіру, иландыру, жұқтыру, қақтығысу т.б.)

Әдебиеттер:



    1. Андреева Г.М. Социальная психология.М., 1996.

    2. А.В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.

    3. А.А.Леонтьев. Психология общения. Изд.Тарту.1976

    4. М.И.Бобанова. Социальные нормы и регуляция поведения. М., 1978.


5-тәжірибелік. Жеке қатынас және әлеуметтік қатынас.

Сабақтың мақсаты: әлеуметтік қатынас мәселелері туралы студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау.

Жоспар.


1. Жеке қатынас және әлеуметтік қатынас туралы түсінік.

2. Әлеуметтік қатынастың құрылымы мен элементтері.

3. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.

4. Әлеуметтік қатынастар (агрессия, альтуризм, қақтығысу, келісу).

Әдістемелік нұсқау: Жеке адамның және әлеуметтік рөлдерге түсінік беру. Әлеуметтік қатынастағы агрессия, альтуризм, қақтығысу оның түрлері мен стильдерін ашып көрсету. Әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу типтеріне анықтама беру.

Әдебиеттер:



  1. В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.

  2. Д.Майерс. Социальная психология. Питер.1994

  3. А.Г.Ковалев. Коллектив и социально-психологические проблемы руководства. 2-е ид. М., 1976

  4. Е.В.Руденский. Социальная психология. М., 1997



6-тәжірибелік. Психодраманың даму фазасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет