2. Кесте режимінде жұмыс істеу
Кестелер - МБ-ның негізгі объектілері. МБ жасау алғашқы кесте құрудан басталады. Ал, кестеде оның өрістері және сол ерістердің типтері мен касиеттері анықталады. Access-те кесте құрудың 5 тәсілі бар.Кесте ішкі бетін ашып,Құру(Создать) батырмасына шертсек,1 суретте көрсетілген Жаңа кесте сұхбаттасу терезесі шығады. Бұл терезеде жаңа кесте құрудың бірнеше тәсілдері көрсетілген.
1 сурет. Мәліметтер базасын құру режимін таңдау терезесі
Кестережимін таңдағаннан кейін бірінші жолда өріс атауын беріп, ал төменірек әрбір өрістің мәліметтерін енгізе отырып, Кесте құру мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл режим Excel-де кесте құру тәсіліне ұқсас. Кестеде 20-ға дейін өріс болуы мүмкін. 5 суретте Кесте режимінде автомобильдердің маркалары туралы мағлұматтары бар кестені құру үлгісі келтірілген. Бірінші жолға өріс атаулары (“Поле1”, “Поле2 және т.с.с. орнына), ал қалған жолдарға осы өрістердің мәндері енгізіледі. Бір өрістен 2-ші өріске өту үшін Tab жәнеShіft-Tab немесе бағыттауыш тілсызықтары бар пернелерді қолдануға болады. Мәндерді енгізіп біткеннен кейін, сұхбаттасу терезесінде кестеге ат беруге болады (стандартты ат – Кесте 1), сонымен қатар автоматты түрде енгізілетін түйінді (ключевое) өріс – реттік нөмірлер де көрсетіледі. Содан кейін кесте құрылымын Конструктор режимінде көруге болады (2 сурет). Өрістердің типі енгізілген мәндер негізінде автоматты түрде анықталады.
3. Конструктор режимінде кесте құру
Кестені құру барысында Конструкторрежимін таңдап кесте өрістерінің сипттамасын анықтайық. Мұнда әрбір өріске ат беріп мәліметтер типін және оның сипаттамасын беріп, бұл өрістің қасиеттерін анықтау керек.
Мысалға объект ретінде автомобильді алайық. Бұл объектінің өрістерінің сипаттамасы 2 кестеде келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |