Кестелерді енгізу (Импорт таблиц) шебері және Кестелермен байланыс (Связь с таблицами)шебері басқа қолданбалы программаларда құрылған дайын мәліметтер базаларынан кестелер құруға мүмкіндік береді. Кестелерді енгізу шеберін қолданғанда сыртқы файлдан жұмыс істеп тұрған ағымдағы МБ-ға мәліметтер мен объектілердің енгізу (импорт) жүзеге асырылады. Кестелермен байланыс шеберін қолданғанда, ағымдағы мәліметтер базасында сыртқы файл кестелерімен байланысқан кестелер құрылуы жүзеге асады.
Кесте құруға арналған жаттығулар
Мәліметтер базасын құрған кезде кестелерді жобалаудыңтөмендегідей ережелеріне сүйену керек:
– кестедегі бар өрістер мәні арқылы есептеліп шығатын өрістер құрмаңыздар;
– қайталанатын өрістер құрмау керек;
– әрбір жазба үшін бір мәнді қайталап сақтайтын өрістер құрмаңыздар;
– әрбір жазба қайталанбайтын бірегей (уникальный) болуы керек;
– қайталанбайтын бірегей түйін (уникальный ключ) болуы тиіс;
Мәліметтер базасының пәндік саласына мыналар жатады: адамдар, жануарлар, кітап, автокөлік, компьютер,
программалау тілі, оқитын пән, техникалық әдебиет, сессия, сурет, кино, спорт, аудиокассеталар, видеокассеталар, өсімдік әлемі, жануарлар әлемі, көлік, байланыс, емхана, әуежай, институт, театр, аспаздық іс, жарыстар, табиғи құбылыстар, апаттар, теңіздер, өзендер, сапарлар және т.с.с.Бір саладағы бір немесе бірнеше объектілерді бөліп алуға болады, мысалы, "Емхана" саласы үшін мынадай объектілер алуға болады: емхана, ауру адам, дәрігер, палата, бөлім, кіші медициналық персонал, Лаборатория, дәрілер және т.б. Әр объектінің 5-10 сипаты (қасиеті) болуы керек. Мысалы, Емхана объектісі мынандай қасиеттер немесе өрістер арқылы сипатталуы мүмкін: Емхана нөмірі, Емхана аты, бас дәрігердің аты-жөні, емхананың профилі, жататын орын саны, персонал саны және т.б. "Ауру" объектісі мынандай қасиеттер немесе өрістер арқылы сипаттауға болады: аурудың аты-жөні, емделу карточкасының нөмірі, палатаның нөмірі, диагнозы, емделу істері, емдеген дәрігердің аты-жөні және т.с.с. Әрбір саланың және әр объектінің сипаттау дәлдігі мен толықтылығы шешілетінмәселеге және тұтынушының қандай ақпарат керек ететініне байланысты болады. Әрбір объектүшін бір жеке кесте құрылады. Кестедегі нақты объектілердің сипаттамалары бар жазбалар саны 40-100-ден кем болмауы керек, сонда ғана әртүрлі Access құралдарымен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі.
Лабораториялық жұмысты жүргізу үшін мыналарды орындау керек:
Ақпараты мәліметтер базасында сақталатын пәндік саланы анықтап, бір немесе бірнеше объектілерді таңдап алып, олардың өріс атауларын, мәліметтер типін, нақты мәндерін анықтау керек;
әр түрлі объектілерге арнап Кесте режимі, Конструктор, Кестелер шеберісияқты үш мүмкіндік арқылы кесте құру қажет;
Конструктор режимі үшін бірсыпыра өрістерге арнап, алдын ала олардың қасиеттерін тағайындау, мысалы, енгізу бет пердесі (маскасы), келісім бойынша бірден берілетін мәндер және т.с.с.;
МБ терезесінде тұрып, Ашу (Открыть) батырмасын шерту арқылы таңдаған базаның ішкі мәндерін көріп шығу;
МБ терезесінде тұрып, Конструктор батырмасын шерту жолымен кесте құрылымына және өрістер сипаттамаларына өзгертулер енгізу;
Достарыңызбен бөлісу: |