Конструктор режиміне кіріңіз. "Шыққан жылы" өрісі үшін Мәнге шарт беру (Условие на значение)сипаттамасын беріңіз, мысалы Between 1950 And 1998 түрінде. Бұл барлық кітаптардың 1950ж. және 1998ж. арасында шыққанын білдіреді.
Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз да, кітаптың шыққан жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1947, жүйенің реакциясын байқаңыз.
Конструктор режиміне кіріңіз. “Шыққан жылы” өрісі үшін Қате түралы мәлімет (Сообщение об ошибке) қасиетті беріңіз, мысалы, “Кітап шыққан жылы 1950 және 1998 жылдар арасында жатыр” деген мәліметті енгізіңіз.
Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз, кітап шыққан жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1999, оған Accessжүйесінің қалай жауап беретінін байқаңыз.
Тура сол сияқты өрістердің басқа қасиеттерімен де жұмыс істеп шығыңыз.
Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.
3 жаттығу
Кесте шебері режиміне кіріңіз де, Мәліметтер базасында бар кестелер негізінде жаңа кесте құрыңыз.
“Қызметкерлер” кестесінен мынадай өрістер алыңыз: “Табельдік нөмір”, “Фамилиясы”, “Аты”, “Әкесінің аты”, “Лауазымы”, “Үй телефоны”, ал “Клиенттер” кестесінен “Компанияның аты” өрісін алыңыз.
Мәліметтерді кестеге енгізіңіз.
Конструктор режиміне кіріп, кейбір өрістердің атауларын аздап өзгертіңіз.
2 жаттығудағы көрсетілгендей етіп кейбір өрістерге алдын аласипаттамалар беріңіз.
4 жаттығу
Конструктор режиміне кіріңіз және белгілі бір пәндік саладан бір объектіні сипаттаңыз (1 жаттығуны қараңыз).
Конструктордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, объект сипаттамаларына аттаулар беріп, олардың типтерін анықтаңыз.
2 жаттығудағы көрсетілгендей кейбір өрістерге алдын аласипаттамалар беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |