Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары :
-
Пирафитті балдырлардың клетка құрылысы?
-
Пирафитті балдырлардың көбеюі?
-
Пирофитті балдырлардың биологиялық ерекшеліктері?
-
Перидиум – Peridinium клеткасы?
-
Пиррофит балдырларда жыныссыз көбею?
-
Клеткасы дорзовентраль түзілуі?
-
Пиррофит балдырлардың түрі?
Тест тапсырмасы
1. Пиррофит балдырлардың неше түрі бар?
А. 1100
В. 100
С. 1600
Д. 10 мың
2. Пиррофит балдырлардың жыныссыз көбеюінде кездесетін процесс?
-
Зооспора, аплоноспора
-
Гонидия, коккамен және планококкамен
-
Моно -, тетра -, полиспоралармен
-
Зооспоралармен және конидиялармен
-
Аско және базидиоспоралармен
3. Жыныстық көбею жолы кездесе ма?
-
Жоқ
-
Ия
-
Моно -, тетра -, полиспоралармен
-
Зооспоралармен және конидиялармен
-
Аско және базидиоспоралармен
4.Пиррофит балдырлар неше класқа бөлінеді?
А. 2
В. 10
С. 16
Д. 1
5. Пиррофит балдырлардың класын тап?
-
крифтофиттер және динофиттер
-
Зооспора, аплоноспора
-
Моно -, тетра -, полиспоралармен
-
Зооспоралармен және конидиялармен
-
Аско және базидиоспоралармен
6- АПТА
(3 балл)
Тақырып: Эвгленалы балдырлар
Жоспар
-
Эвгленаларға сипаттама
-
Эвгленалардың көбею ерекшеліктері
-
Эвгленалар классификациясы
ОБСӨЖ мәтіні: Эвгленалар бір клеткалы, бір ұзын талшығы жәрдемінде таза жасыл хромотофоралары арқылы актив әрекеттенеді. Клеткасының пішіні көбінше элиппс, ұзын болып келеді. Оларда целлюлозалы қабық болмайды. Оның қызметін целлюлозаның сыртқы қабығы қалыңдауы нәтижесінде пайда болатын перипласт немесе пеликула деп аталатын үстіңгі қабат атқарады. Пелликула иілуші болғандығы себепті клетка өз денесін, пішінін өзгертіріп тұрады.
Цитоплазмада бір немесе бірнеше хромотосфорлар болады, онда жоғары өсімдіктер хлорапластындағы сияқты хлорофилл а және б каротин және ксантофиллі бар. Кейбір эвгленаларда қызыл реңді астаксантинде кездеседі. Фотосинтез нәтижесінде крахмал жиналмайды оған ұқсас парамилон пайда болады. Парамилон жалтырақ дәндерге ұқсас көріністе хромотофорда немесе оның төңірегінде жиналады. Хромотофор көбінше жұлдыз, лента ірі пластинка және диска тәрізді болып, клетка қабығы жанында жайласқан. Хромотофор пиреноидты және пиреноидсыз болады. Эвгленалар клеткасының алдыңғы бөлімінде ворониа тәрізді сайлық болып олардан бір немесе екі талшық шығып тұрады. Тірі эвглена клеткасының алдыңғы бөлімінде қызыл нүкте стигма жайласып ол орототаксис жарықтықтан әсерлену ерекшеліктеріне ие.
Көбеюі. Клетканың бойына қарай екіге бөліну жолымен амалға асады. Бөліну алдынан талшықтарына тастайды ядро, стигма және хромотофорлар бөлінгеннен соң, клетканың алдыңғы бөлімінде саңлау пайда болады. Ол үлкейіп екі клетка пайда болады. Талшықтар пайда болған соң актив әрекеттене бастайды. Эвгленалар табиғатта ақпайтын түрлі экологиялық жағдайдағы су қоймаларында кездесуі мүмкін. Эвгленалар миксотроф және сапрофит қоректенуіне байланысты ластанған су қоймаларында биологиялық тазалануында үлкен роль ойнайды. Эвгленалардың табиғатта 400-ге жақын түрі кездеседі олар екі қатарға бірігеді негізгі өкілдері эвглена және трахемонас.
Эвглена – Euqlena viridis. Клеткасы ұршық бір талшықты цитоплазматикалық перипласт қабығымен оралған клетканың алдыңғы бөлімінде воронка тәрізді бума болып, ол цитоплазмадағы қысқарушы вакуола мен байланысады. Буынның жан бөлімінде қызыл гематохроль пигменті мен толған көзі жайласқан. Цитоплазмада бір ядро және жасыл реңді жұлдыз тәрізді даналы, лента тәрізді пиреноидсыз хромотофоралары болады. Қор зат ретінде көмірсулар, парамилондар пайда болады. Эвглена денесі ұзынына жай бөліну жолымен көбейеді. Көл мен суларды азотты органикалық заттарға бай кіші су қоймаларында кездесіп, олардың гүлдеуіне себепші болады.
Трахеломонас – Trachelomonac. Оның бір талшықты әрекетшең клеткасы домалаң немесе эллипс тәрізді үйшіктің ішінде жайласқан. Бір талшығы сыртқа шығып тұрады. Темір бірікпесері не бай кіші су қоймаларында кездеседі. Эвгленалылар бір клеткалы формалары ішінде цитоплазманың ішінде крахмал орнына парамилон пайда етуімен басқа балдырлардан айырмашылығы бар. Эвгленалылар басқа бөлім балдырлардан ешқандай туысқандық байланыстары жоқ.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Тест тапсырмасы:
1. Эвгленаның басқа өсімдіктермен жалпы бірлестігі
-
Оксиген фотосинтезіне қабілеттілігі
-
Яросының болмауы
-
Хромотофорасының болмауы
-
Вакуолясының, клетка шырындысының болмауы
-
Клетка қабырғасының ультраструктурасы
2. Эвглена талломының формалары
-
Бір клеткалы, талшығы бар
-
Пластинкалы
-
Сифональды, сифонокладальды
-
Бір клеткалы, коккоидты (қозғалмайтын)
-
Ризоподикальды
3. Эвгленаның қандай пигменттер болады?
-
Хлорофилл, каротин, ксантофилл
-
Хлорофилл а және в, каротиноидтар, ксантофиллдер
-
Хлорофилл а, каротиноидты, билихромопротейдтер
-
Хлорофилл а, д, фикобилиндер, карабинолды, ксантофилдер
-
Хлорофилл а,с, каротиндер, ксантофиллдер, фикобилиндер
4. Эвгленаның қандай көбею формалары белгілі?
-
Бөліну жолы
-
Вегетативті, жыныссыз және жынысты көбеюлер
-
Жыныссыз, жынысты
-
Вегетативті, жынысты
-
Вегетативті, жыныссыз формалар, жынысты көбею жоқ
5. Эвгленаның атмосфера азоттары қайсы органдарда фиксация болады?
-
Гетероцисте
-
Акинеттерде
-
Экзоспорада
-
Эндосперада
-
Зооспорада
6. Эвгленаның классификациясына қандай критериялар қабылданған?
-
Тіршілік жасау мекен – жайлары, клетка құрылыстары
-
Талломдарының дифференциясы
-
Көбею ерекшеліктері, панцарь морфологиясы
-
Өмірлік циклі типтері
-
Талломдар құрылысы және көбеюі
7. Эвгленаның клеткасында қандай қор заттары жиналады?
-
Көмірсулар, парамилон
-
Крахмал
-
Гликоген, валютин, цианофитті дән
-
Хризоламинарин, майлар
-
Багрянкалы крахмал, филородозид
8. Эвгленаның бөліміне қандай кластар кіреді?
-
Trachelomonac
-
Chlorococcophyceal, hormoqoniophyceal
-
Xanthotrichophyceal, Xantosiphonophyceal
-
Baqinophyceal, floridephyceal
-
Chrysomonadophyceal, chrysosphaerophyceal
9. Эвгленаның қолайсыз жағдайларда вегетативті көбеюдегі маманданған формалары
-
Гетероцисталар
-
Гормогониндер
-
Эндоспоралар
-
Экзоспоралар
-
Акинеттер
10. Эвгленаның клетка қабықтарының ерекшеліктері
-
Элиппс, ұзынша
-
Перипласт, кокколиттер
-
Целлюлозды үйшелер
-
Сулы, трубкалы түзілімдер
-
Пеликула
11. Эвгленаның протопластарының бөлінуі анықтығы
-
Ядро эквиваленттері, тилакоидтардың, қор заттарының жайласуы
-
Хлоропластардың симметриялы жайласуы
-
Орталық вакуоляларының клетка шырынымен болуы
-
Клеткада ядроның жайласуы
-
ЭПР-дің жоғары дамуымен
12. Эвгленаның клетка қабырғасы
-
Перипласт немесе пеликула
-
Ішкі – целлюлозалы, сыртқы каллозды
-
Пектинді, мурейн қабатты
-
Хитинді
-
Целлюлозалы қабығы жоқ пелликула
7- АПТА
(5 балл)
Тақырып: Қызыл балдырлар
Жоспар:
1. Қызыл балдырлардың түрлеріне сипаттама
2. Қызыл балдырлардың көбеюі мен классификациясы
ОБСӨЖ мәтіні: Қызыл балдырлардың түрлерінің жалпы саны 4 мыңдай болады. Олар тропикалық және субтропикалық елдердің теңіздерінде климаты қоңыржай болып келетін облыстарда да көптеп кездеседі. Тек аздаған түрлері ғана суы тұщы бассейндер мен топырақта өседі.
Қызыл балырлардың талломы ұзындығы 2м – ге жететін көптеген бұтақтанған жіпшелерден, сиректеу пластинка немесе жапырақ тәрізді құрылымнан тұрады. Ұлпаларға дифференциациялану байқалады. Талломының өсуі диффузды немесе төбелік клеткалары арқылы жүзеге асады. Ең қарапайым түрлерінің талломы бір клеткалы немесе колониялы болып келеді. Өмірлік циклында қозғалмалы талшықты формалары болмайды. Хромотофоралары көп жағдайда диск тәрізді келеді, Сондықтан да мұндай балдырларды агар алуға қажетті шикі зат ретінде пайдаланады.
Екінші бір түрлерінің клетка қабықшаларының сыртын известь қаптап тұрады, әртүрлі өрнек түзеді. Мұндай түрлер коралырифтердің түзілуіне қатысады. Қызыл балдырлардың клеткаларында хлорофилл, каротин, ксантофил, қызыл фикоэритрин, көк фикоциан пигменттері болады. Осыларға байланысты қызыл балдырлардың талломасы ашық – қызылдан, көкшілдеу – күлгін түске дейін боялады.
Көбеюі. Қызыл балдырлар вегетативті, жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Вегетативті көбеюі сиректеу үзілген талломдарында арнайы өсу бүршіктері пайда болады. Олардан жаңа особьтар жетіледі.
Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Споралары спорангияның ішінде бір – бірден немесе төртеуден (тетраспоралар) пайда болады. Споралар спорангияның қабықшасының жыртылуының нәтижесінде босап сыртқа шығады да қабыққа оранады соң судың түбіне шөгіп өсе келе жаңа таллом (гаметофит) береді. Жыныстық көбеюі оогамиялық жолмен жүзеге асады. Аналық жыныс органы карпоген қысқа бұтақтардың қолтығында бір – бірден өседі. Карпогон – колба пішінді, ол кеңейген түпкі бөлімнен және жоғарғы жіңішке түтік тәрізді мойны трихогинадан тұрады. Қарапайым түрлерінің трихогинасы болмайды. Антеридий және карпогон сыртқы құрылысы жағынан айырмашылығы жоқ әр особьтарда дамиды. Антеридиден босаған аталық гамета (спермация) судың ағынымен карпогонға келіп трихогинаға жабысады да, қабықпен қапталады, соң трихогина арқылы карпогонның кеңейген бөліміне өтіп жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Коллоквиум сұрақтары:
-
Қызыл балдырлардың клетка құрылысы?
-
Қызыл балдырлардың көбеюі?
-
Қызыл балдырлардың классификациясы?
-
Жыныстық көбеюі оогамиялық жолмен жүзеге асуы?
-
Жыныссыз көбеюі?
-
Қызыл балдырлар вегетативні көбею жолдары?
-
Қызыл балырлардың талломы?
-
Бангиевалылар класы?
-
Қызыл балырлардың талломының өсуі?
-
Қызыл балырлардың өмірлік циклы?
Тест тапсырмасы
1. Қандай балдырлар ең тереңдікте тіршілік ете алады?
-
Қызыл
-
Қоңыр
-
Жасыл
-
Көк – жасыл
-
Диатомды
2. Қандай пигменттердің арқасында қызыл және қоңыр балдырлар теңіздің терең қабатында өсе алады?
-
Ксантофиллдер мен каратиноидтар
-
Каратиноидтар
-
Хлорофилдер
-
Фикобилиндер
-
Ксантофиллдер
3. Қызыл балдырлар үшін қоректенудің қай түрі тән?
-
Автотрофты
-
Хемотрофты
-
Гетеротрофты
-
Фототрофты
-
Сапрофитті
4. Бір жасушалы балдырлардың көбеюі қалай жүреді?
-
Жынысты және жыныссыз
-
Жынысты
-
Жыныссыз
-
Бүршіктену
-
Спора арқылы
5. Теңіздерде көп жасушалы балдырлардың қайсысы кездеседі?
-
Қызыл
-
Жасыл, қоңыр, қызыл
-
Жасыл, қоңыр
-
Жасыл, қызыл
-
Тек қоңыр
2-курс бойынша 3- семестр
екінші аралық бақылау
№
|
Тақырыптар
|
Апта
|
Ұпай саны
|
Бақылау түрі
|
1
|
Қыналар
А)Түсі,пигментті
Ә)Шарушылықтғы маңызы
|
8 апта
|
2 балл
|
Тест тапсырмалары
Бақылау тапсырмалары
|
2
|
Кілегейлілер
А)Классификациясы
Ә)Жасуша құрылысы
|
9 апта
|
4 балл
|
Бақылау тапсырмалары
Тест
|
3
|
Саңырауқұлақтар
А)Саңырауқұлақтардың гифасы
Ә)Спорофитті,паразитті саңырауқұлақтар
|
10 апта
|
5 балл
|
Глоссарий
Тест
Бақылау сұрақтары
|
4
|
Оомицеттер
А)Фитофтора құрылысы
Ә)Биологиялық маңызы
|
11 апта
|
5 балл
|
Тест
Тапсырмалары
Глоссарий
|
5
|
Зигомицеттер
А)Мукор құрылысы
Ә)Көбеюі
|
12 апта
|
5 балл
|
Бақылау тапсырмалары
Тест
|
6
|
Қалталы саңырауқұлақтар (Аскомицеттер) класы - Ascomycetes
А)Классификациясы
Ә)Жалпы сипаттамасы
|
13 апта
|
4 балл
|
Глоссарий
Реферат тақырыптары
Тест
|
7
|
Базидиомицеттер класы - Basidiomycetes Телиобазидиомицеттер
Ә)Биологиялық маңызы
|
14 апта
|
5 балл
|
Коллоквиум
Тест
|
8
|
Ашық тұқымды өсімдіктер А)Өсімдіктің өсу мүшелері
Ә)Өсімдіктің көбею мүшелері
|
15 апта
|
-
|
-
|
|
|
|
30 балл
|
Жалпы 1,2 аралық бақылау ұпай саны – 60 балл
|
8- АПТА
(2 балл)
Тақырып: Қыналар
Жоспар:
-
Қыналар бөліміне жалпы сипаттама
-
Шаруашылықтағы маңызы
-
Классификациясы
-
Кілегейлілер бөліміне жалпы сипаттама
Сабақтың мақсаты : Студенттерді қыналар, кілегейлілер бөлімдерінің өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері, классификациясы және шаруашылықтары маңыздары туралы түсініктер беру.
Сабақтың мазмұны Қыналардың 20 мыңнан астам түрлері белгілі. Құрылысы. Бұл комплексті симбиотикалық организмдер. Олар екі компоненттен тұрады : балдырдан және саңырауқұлақтан. Балдырлар организмінің өміріне қажетті углеводтарды синтездейді, олар талломда лихенин түрінде жинақталады. Ал сңырауқұлақтың гифалары организмге қажетті суды өз бойына сіңіреді және тұрақтандырады.
Қыналардың талломы саңырауқұлақтың матасқан гифаларынан және олардың арасында орналасқан жасыл немесе көк – жасыл балдырлардан тұрады. Талломның екі түрі болады : гомомерлі және гетеромерлі.
Талломның бір жерінде балдырлар басым болса, екінші жерінде саңырауқұлақтың гифалары басым болады. Талломның балдырлар басым болып келетін қабатын гонидиалды қабат деп атайды. Қыналардың өзін құрайтын компоненттерінде биологиялық ерекшеліктері болады. Мысалы, қыналар балдырлар мен саңырауқұлақтар өспейтін жерде өсе алады. Сонымен қатар жар тастардан, топырақтың бетінен, ағаштың діңдерінен кездестіруге болады.Әсіресе тундрада олар көптеген территорияны алып жатады.Қыналар ұзақ уақыттар бойы сусыз өмір сүре алады.Талломдарының формаксына қарай қыналарды үш морфологиялық типке бөледі : қаспақты,жапырақты, бұталы.
Көбеюі. Қыналар тек вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныстық және жыныссыз көбеюлері қыналардың компоненттерінің тек біреуінде саңырауқұлақтарда ғана болады.
Шаруашылықтағы маңызы. Қыналардың халық шаруашылығында маңызы зор. Олар солтүстік бұғыларының азығы. Классификациясы. Қыналар төрт класқа бөледі: фиколихенес класы, қалталы қыналар класы, базидиалды қыналар класы, дейтеролихенес класы.
Бөлімнің құрамында 500 –дей түр бар. Талломы клеткаларға дифференциаланбаған және тұрақты формасы болмайтын көп ядролы, цитоплазмалық маса плазмодий түрінде болады. Оның мөлшері үлкен диаметрі бірнеше ондаған сантиметрге жетеді.
Кілегейлілер гетеротрофты өсімдіктер, сапрофиттер,сиректеу паразиттері де кездеседі.Сапрофиттерінің плазмодиі көп жағдайда сары,қызғыштау және түссіз болып келеді. Кілегейлілер секундына 0,4мм жылдамдылықпен қозғалады. Қор заттары жиналған сайын плазмодийі ашық құрғақ жерге жылжып шығады да,көптеген споренгийлер береді. Оның барлығына ортақ қатты қабықшасы болады. Көптеген түрлерінің цитоплазмалық массасынан капилиций деп аталатын жіпшелер түзеді. Бұл жіпшелер бойына суды көп жинайды және спорангилердің қабықшалары жарылған соң споралардың шашылуын қамтамасыз етеді. Споралары қолайлы жағдай туғанда өседі. Көп жағдайда әр спорадан бірден төртке дейін зооспора түзіледі және олар бөлінуге қабілетті болып келеді.
Зооспоралар талшықтарын тастап миксамебаларға айналады. Миксамебаларда көбеюге қабілетті болып келеді. Жыныстық процесі миксамебалардың, кейде зооспоралардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде олардан диплоидты плазмодийлер түзіледі. Паразит миксомицеттердің спарангилері болмайды.Споралары миксомицеттердің осы тобының иесі болып табылатын өсімдіктердің клеткаларында жиналады.
Классификациясы. Кілегейлілер бөлімі мынадай кластардан тұрады : протостелділер класы, миксогастралар немесе нағыз кілегейлілер класы, акразиалар немесе клеткалы кілегейлілер класы, плазмодиофоралар класы. Осылардың ішіндегі ең кең тарағаны плазмодиофоралар класы.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Тест тапсырмалары:
1. Қыналар құрылысындағы компоненттер
-
Балдырлар саңырауқұлақтар
-
Балдырлар
-
Саңырауқұлақтар
-
Зоопланктондар
-
Микроорганизмдер (бактериялар)
2. Қыналар неше класқа бөлінеді?
-
5
-
1
-
2
-
3
-
4
3. Кілегейлілердің түрлер саны
-
500
-
100
-
200
-
300
-
400
4. Кілегейлілер бөлімінің кластары
-
Барлығы
-
Протостелділер
-
Микогастралар
-
Плазмодиафоралар
-
Акразиалар
5. Қына біртұтас ағза екенін қалай түсіндіруге болады?
-
Селбесіп өсетін саңырауқұлақ пен балдырлардан құралған
-
Көп жасушалы көк – жасыл балдырлардан тұрады
-
Тек бір – бірімен ұйысқан жіпшелерден құралған
-
Тек біржасушалы жасыл балдырлардан тұрады
-
Қынаның қабаттамасы саңырауқұлақтың жемісті денесінен тұрады
6. Қына қабаттамасында жасыл балдырлар қандай роль атқарады?
-
Фотосинтез нәтижесінде органикалық зат түзеді
-
Қынаның көбеюіне қатысады
-
Топырақтан суды сіңіреді
-
Қынаның өсуіне әсер етеді
-
Құнарсыз жерлерде өсуіне әсер етеді
7. Қыналардың практикалық маңызы қандай?
-
Бұғыларға азық, бояу алынады
-
Тыңайтқыш алынады
-
Басқа өсімдіктердің өсуі үшін топырақ түзеді
-
Қыста құстарға азық
-
Шөлді жердің топырағын бекітуде маңызды
8. Қынаны ауаның тазалығын көрсететін индикатор деуге себеп
-
Таза ауалы жерде өседі
-
Ауаны тазартады
-
Ауаны тазалайды
-
Ластанған ауалы жерде өседі
-
Ауаны дымқылдайды
Бақылау сұрақтары :
1. Қыналардың табиғаттағы түрлер саны?
2. Қыналар талломының құрылысы?
3. Қыналардың көбею жолдары?
4. Қыналардың шаруашылықтағы маңызы?
5. Қыналардың классификациясы?
9- АПТА
(4 балл)
Тақырып: Клегейлілер
Жоспар.
1. Кілегейлілердің түрлеріне сипаттама
2. Кілегейлілердің көбеюі мен классификациясы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары
-
Кілегейлілер бөлімінің түрлер саны?
-
Кілегейлілердің биологиялық ерекшеліктері?
-
Кілегейлілердің классификациясы?
-
Кілегейлілердің көбею жолдары?
-
Кілегейлілердің шаруашылықтағы маңызы?
-
Зооспоралар талшықтары?
-
Кілегейлілер бөлімі кластары?
-
Паразит миксомицеттердің спорангилері?
-
Кілегейлілер гетеротрофты өсімдіктер?
-
Нағыз кілегейлілер класна сипаттама?
Тест тапсырмалары
1. Кілегейлілердің түрлер саны
-
100
-
200
-
300
-
400
-
500
2. Кілегейлілер бөлімінің кластары
-
Протостелділер
-
Микогастралар
-
Плазмодиафоралар
-
Акразиалар
-
Барлығы
3. Саңырауқұлақтар бөлімінің түрлер саны
-
10,000
-
20,000
-
30,000
-
50,000
-
100000
4. Саңырауқұлақтар талломасының атауы
-
Дене
-
Өркен
-
Бүршік
-
Өзгерген өркен
-
Мицелий
5. Саңырауқұлақтардың қоректенуі
-
Автотрофты
-
Фотоавтотрофты
-
Барлық денесімен
-
Гетеротрофты
-
Хемотрофты
6. Саңырауқұлақтардың неше түрі өсімдіктерде паразит өмір сүреді?
-
2000
-
4000
-
6000
-
8000
-
10000 нан астам
7. Саңырауқұлақтардың көбеюі (негізінен)
-
Жынысты
-
Жыныссыз
-
Вегетативті
-
Спора арқылы
-
Жыныссыз, вегетативті жынысты
10- АПТА
(5 балл)
Тақырып: Саңырауқұлақтар
Жоспар:
-
Құрылысы
-
Қоректенуі
-
Көбеюі
-
Классификациясы
Сабақтың мақсаты: Студенттерді саңырауқұлақтардың биологиялық ерекшеліктері, құрылысы, қоректенуі, көбеюі, классификациялары мен таныстыру.
Сабақтың мазмұны Саңырауқұлақтардың 100000 – дай түрі блгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофилл болмайды. Кейбіреулері бірклеткалы организмдер болып келеді, көпшілігі көпклеткалы организмдер.Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не спорофиттерге, не паразиттерге жатқызады. Спорофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.
Құрылысы. Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе грибница деп аталынады. Мицелий гифа деп аталатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозалан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі болады : төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының целлюлозаға жақын углеводтардан және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады. Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады. Крахмал еш уақытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көп жағдайда матасып жалған ұлпа – плехтенхима түзеді. Одан келешегінде жыныстық спора дамитын жемісті дене түзеді. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтан да олар тек ылғалды жерлерде өседі.
Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлар мен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесіп өмір сүруі жиі байқалады.Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың, қайыңның, қарағайдың, шыршының және емен ағашының түбінде, рыжиктердің шыршалы және қарағайлы ормандарда, подосиновиктердің көк теректің түбінде өсетіндігі белгілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі. Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен ішіне өтеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады, ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады.
Қалпақты саңырауқұлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктер мен балдырларға қарағанда басқаша қоректенеді саңырауқұлақтардың клеткаларында хлорофилл болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді. Саңрауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Симбиоз процесінің нәтижесінде жаңа организмдер пайда болады. Мысалы : қыналар, микориза.
Көбеюі. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы артраспоралары (оидийлері) арқылы клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі: хламидос – полары арқылы қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар бүршіктену арқылы гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею.
Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады. Зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангияспоралары: ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесінде экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы.
Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады : изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді.
Жоғарғы дәрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің формасы ерекше болып келеді : гаметангиогамия сырт құрылыстары әр түрлі болып келетін жыныс органдарының ішіндегі гаметаларға бөлінбеген заттарының қосылуы : самотогамия вегетативті гифаның екі клеткасының қосылуы : сперматизация - аналық жыныс органының қозғалмайтын клеткаларымен ұрықтануы. Ядролар әдетте бірден қосылмайды. Қарама – қарсы жыныстық белгілері бар ядролары алдымен қосарланып жақындасып дикариондар түзіледі. Дикариондардың саны оларды түзетін ядролардың синхронды бөлінуінің нәтижесінде көбейе түседі. Біраз уақыттар өткеннен соң дикариондардың ядролары қосылады да диплоидты ядро түзеді. Енді диплоидты ядро мейоз жолымен бөлінеді де, гаплоидты ядролар береді.
Олардың әрқайсысы жыныстық көбею спораларының ядросына айналады. Сонымен жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі ядролық фаза алмасып келіп отырады : гаплоидты, дикарионды және диплоидты. Оның ішінде диплоидты фаза өте қысқа болады, ал өмірлік циклдың негізгі бөлігі гаплоидты және дикарионды фазаларда өтеді. Жыныстық көбею спораларының екі типі бар : 1) аскаспоралар, эндогендік жолмен ерекше клеткаларда – қалталардың ішінде пайда болады. Бұл әдетте дикарионның ядролары қосылғанннан кейін жүретін мейоз және митоз процестері арқылы іске асады. Жыныстық көбею спорасының екіншісі базидиооспоралар, олар экзогендік жолмен, көп жағдайда төртеуден ерекше клеткалардың ұшында пайда болады. Саңырауқұлақтарда жыныстық споралардың түзілуі олардың өмірлік циклының аяқталуын көрсетеді. Сонымен қоректену ерекшелігіне байланысты пластидтерінің болмауы гифаларының қабықшаларында хитиннің болуы артық қор заттары ретінде гликагеннің жиналуы саңырауқұлақтарды жануарларға жақындастырады. Ал шексіз өсуі, қоректік заттарды суыру арқылы қабылдауы оларды өсімдіктерге жақындастырады өсмдіктер мен жануарлардың саңырауқұлақтар гифалардан тұратын вегетативтік денесі арқылы және өмірлік циклында гаплойдты және диплоидты ядролық фазаларынан басқа үшінші дикарионды фазасының болуымен айқын ажыратылады.
Классификациясы. Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді.Хитридиомицеттер класы, гифохитромицеттер класы, оомицеттер класы, зигомицеттер класы, аскомицеттер класы, базидиомицеттер класы, жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Алғашқы 4 кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Глоссарий
-
Хитридиомицеттер класы
-
Гифохитромицеттер класы
-
Оомицеттер класы
-
Зигомицеттер класы
-
Аскомицеттер класы
-
Базидиомицеттер класы
-
Жетілмеген саңырауқұлақтар класы
Тест сұрақтары
1. Саңырауқұлақтар талломасының атауы
-
Мицелий
-
Дене
-
Өркен
-
Бүршік
-
Өзгерген өркен
2. Саңырауқұлақтардың қоректенуі
-
Гетеротрофты
-
Автотрофты
-
Фотоавтотрофты
-
Барлық денесімен
-
Хемотрофты
3. Саңырауқұлақтардың неше түрі өсімдіктерде паразит өмір сүреді?
-
10000 нан астам
-
2000
-
4000
-
6000
-
8000
4. Саңырауқұлақтардың көбеюі (негізінен)
-
Жыныссыз, вегетативті жынысты
-
Жынысты
-
Жыныссыз
-
Вегетативті
-
Спора арқылы
5. Саңырауқұлақтар бөлімі неше класқа бөлінеді?
-
7
-
1
-
2
-
3
-
5
6. Саңырауқұлақтардың мицелиясы неден құралған?
-
Гифалардан (жіпшелерден)
-
Клеткалардан
-
Бүртікшелерден
-
Ұлпалардан
-
Органдардан
Бақылау сұрақтары :
1. Саңырауқұлақтардың биологиялық құрылысы?
2. Саңырауқұлақтардың гифалары?
3. Саңырауқұлақтардың мицелийсі?
4. Сапрофитті саңырауқұлақтар?
5. Паразитті саңырауқұлақтар?
6. Саңырауқұлақтардың класстары?
7. Саңырауқұлақтардың паразитті түрлері?
8. Саңырауқұлақтардың пайдалы түрлері?
9. Саңырауқұлақтардың залалдылығы?
10. Адам және жануарларда кездесетін клетка құрылысы?
-
АПТА
(5 балл)
Тақырып: Оомицеттер
Жоспар:
А)Фитофтора құрылысы
Ә)Биологиялық маңызы
ОБСӨЖ мәтіні: Оомицеттер класына 300 түр жатады. Олардың мицелиі көп ядролы, көп бұтақтанған, мүшеленбеген жіп шумақтары (гипалар) – дан тұрады. Жіп шумақтарының қабықшалары целлюлозадан тұрады, хитині болмайды. Жыныссыз көбеюі екі талшығы бар зооспоралар арқылы жүзеге асады. Жыныстық процесі оогамиялы зиготасы диплоидты. Көптеген түрлерінің өмірлік циклі сулы ортамен байланысты.
Фитофтора. (phytopthora infestans) – картоптың жапырағында өмір сүретін паразит. Мицелиі жапырақтың мезофиліне еніп жатады. Гипалары клетка аралық клетка қуыстарында өсіп ұлғаяды, содан соң өскіншелері арқылы клеткалардың ішіне енеді, олардың өлуін жеделдетеді. Устьица қуысы арқылы сыртқы шығып тұратын гипалардың ұштары зооспорангия сабағы болып есептелінеді. Олар бұтақтанып өсіп, ұштарында зооспорангийлер жетіледі. Осы спорангийлер спорангия сағақтарынан бөлініп, картоптың жапырағына барып түседі. Соң олар жапырақтың ұлпасына устьица қуысы арқылы өтіп жаңа гипалар береді не болмаса зооспораға айналады. Зооспоралар зақымданбаған жапырақты зақымдауға қабілетті болады.
Жыныстық көбеюі осы саңырауқұлақтың шыққан жері Мексикада ғана белгілі. Ол осы саңырауқұлақтың иесі болып табылатын өсімдіктен тыс жерде топырақта жүреді. Гипаларында оогонийлер мен антеридийлер жетіледі. Оогонийдің формасы шар тәрізді болып келеді, оның ішінде бір ядролы жұмыртқа клеткасы жетіледі.
Антеридийі бар гипа оогонийге қарай өседі. Антеридийдің өскіндері поралары арқылы оогонийдің ішіне жұмыртқа клеткасына жетеді. Нәтижеде антеридийдің ішіндегі затының бір бөлігі, бір ядросы мен жұмыртқа клеткасына қосылады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы қабықшамен қапталып ооспораға айналады. Тыныштық кезеңді басынан өткізген соң ооспора мейоз жолымен бөлініп, зооспорангия түзетін гифаға айналады. Ооспоралары мен мицелийлері өсімдіктің қалдықтарында және түйнектерінде қыстап шығады. Зақымдануы топырақ арқылы және түйнектері арқылы жүреді.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Тест тапсырмасы
1. Фитофтора өсімдіктің қай түрінде өмір сүреді ?
-
Картоптың жапырағында
-
Капустаның жапырағында
-
Алманың жапырағында
-
Сәбіздің жапырағында
-
Құлпынайдың жапырағында
2. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында не болмайды?
-
Көлденең перделер
-
Клетка қабықшасы
-
Зооспоралары
-
Ұлпасы
-
Хлорофилл
3. Саңырауқұлақ денесі қандай компоненттерден тұрады?
-
Тарамдалған жіпшелерден (гифа)
-
Жіп тәрізді балдырлардан
-
Қаттамалардан
-
Өлі жасушалардан
-
Талшықтардан
4. Төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер неше бөлімнен тұрады?
-
13
-
2
-
4
-
8
-
10
5. Оомицеттер класының неше түрі бар?
-
300
-
200
-
400
-
800
-
10000
6. Жыныссыз көбеюі қалай жүреді?
-
Зооспора
-
Жынысты
-
Вегетативті
-
Гаметалар арқылы
-
Жыныссыз, жынысты вегетативті
7. Жынысты көбеюі қалай жүреді?
-
Оогамиялы
-
Зооспора
-
Вегетативті
-
Гаметалар арқылы
-
Жыныссыз, жынысты вегетативті+
8. Көптеген түрлерінің өмірлік циклі қандай ортамен байланысты?
-
Сулы орта
-
Жіп тәрізді балдырлы орта
-
Қаттамалардан
-
Өлі жасушалардан
-
Талшықтардан
ГЛОССАРИЙ
Оомицеттер
Оогамиялы
Гаметалар
Антеридий
Зооспоралар
Устьица
Гифа
12- АПТА
(5 балл)
Тақырып: Зигомицеттер
Жоспар:
А)Мукор құрылысы
Ә) Зигомицеттер көбеюі
ОБСӨЖ мәтіні:
Зигомицеттер класы. Зигомицеттерге 400- дей түр жатады. Олардың мицелийлері біртұтас, перделерге бөлінбеген. Гифаларының қабықшаларында хитин болады. Жыныссыз көбеюі спорангиоспоралары немесе конидийлері арқылы жүзеге асады. Зооспоралары болмайды. Түрлерінің барлығы жер бетінде өседі.
Негізгі өкілдерінің бірі мукор (mucor mucedo) ол нанда, көкеністерде, көңде басқа органикалық субстраттарда сапрофит ретінде өседі. Гифалары біртұтас, перделерге бөлінбеген, ерекше бұтақталған, көп ядролы болып келеді. Жыныссыз көбеюі шар тәрізді спорангилердің ішінде пайда болатын споралардың көмегімен жүзеге асады. Споралар ылғалды субстратқа түсіп, өсіп жаңа гифалар береді. Жыныстық жолмен сирек көбейеді. Ол тек физиологиялық жағынан бір – бірінен айқын айырмашылықтары болатын екі мицелийі қатар өскен жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда мицелийдің гифалары бір – біріне қарама – қарсы бағытта өседі де ұштары жуандап түйіседі. Олардың арасын көлденең перделер бөліп тұрады.
Гифалардың түйіскен жерлеріндегі клетка қабықшалары еріп, олардың ішіндегі заттары да, ядролары да қосылады. Пайда болған зигота қара түсті қалың қабықшамен қапталады да біраз уақыт таныштық кезеңін басынан өткізеді. Содан соң зигота мейоз жолымен бөлінеді де өседі. Одан ұрықтық гифалар пайда болады. Осындай гифалардың үстінде спорангийлер жетіледі, ал олардың ішінде көптеген гаплоидты споралар дамиды.
Қолайсыз жағдайларда гифалар бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оларды ондии деп атайды. Ондии қалың қабықшамен қапталуы келешегінде хламидоспораларға айналады. Қолайлы жағдай туысымен хламидоспоралар өсіп мицелийге айналады.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтар
-
Гифалардың түйіскен жерлері?
-
Қолайсыз жағдайларда гифалар бөлініу?
-
Зигомицеттер түрлеріне сипаттама?
-
Гифаларының қабықшаларындағы зат?
-
Жыныссыз көбеюі?
-
Негізгі өкілдері?
-
Жынысты көбеюі?
Тест тапсырмасы
1. Зогомицеттердің қолайсыз жағдайда гифалар бөліктер не деп атайды?
-
Опдим
-
Мицелий
-
Гифа
-
Спора
-
Зооспора
2. Зигомицеттер түрлер саны қанша?
-
400
-
200
-
300
-
600
-
500
3.Эдаскомицеттер класс тармағы жемістерінің неше түрі бар?
-
3
-
1
-
2
-
4
-
5
4. Зигомицеттер мицелийлері ?
-
Гифа
-
Опдим
-
Мицелий
-
Спора
-
Зооспора
5. Зигомицеттер гифалар қабықшасы неден тұрады?
-
Хитин
-
Опдим
-
Мицелий
-
Спора
-
Зооспора
-
АПТА
(4 балл)
Тақырып: Қалталы саңырауқұлақтар (Аскомицеттер)
класы - Ascomycetes
Жоспары :
1. Аскомицеттердің таралуы
2. Аскомицеттердің көбеюі
3. Аскомицеттердің классификациясы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
ГЛОССАРИЙ
-
Антеридий
-
Гемиаскомицеттер
-
Эуаскомицеттер
-
Локулоаскомицетер
-
Аскоген
-
Архикарп
Реферат тақырыптары:
-
Қалталы саңырауқұлақтар ерекшеліктері
-
Аскомицеттердің таралуы мен маңызы
-
Қалталы саңырауқұлақтардың көбеюі
-
Қалталы саңырауқұлақтардың классификациясы
Тест тапсырмасы
1. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында не болмайды?
-
Клетка қабықшасы
-
Көлденең перделер
-
Зооспоралары
-
Ұлпасы
-
Хлорофилл
2. Саңырауқұлақ денесі қандай компоненттерден тұрады?
-
Тарамдалған жіпшелерден (гифа)
-
Жіп тәрізді балдырлардан
-
Қаттамалардан
-
Өлі жасушалардан
-
Талшықтардан
3. Зогомицеттердің қолайсыз жағдайда гифалар бөліктер не деп атайды?
-
Мицелий
-
Гифа
-
Спора
-
Зооспора
-
Опдим
4. Қалталы саңырауқұлақтарды (аскомицеттер) жыныссыз көбеюі
-
Конидиялар арқылы
-
Споралар арқылы
-
Зооспоралар арқылы
-
Мицелиялар арқылы
-
Гифалар арқылы
5. Қалталы саңырауқұлақтар класс тармағы
-
Гемиаскомицеттер
-
Эдаскомицеттер
-
Локулоаскомицеттер
-
Вегетативті
-
Барлығы
6.Эдаскомицеттер класс тармағы жемістерінің неше түрі бар?
-
1
-
2
-
3
-
4
-
5
7. Қастауыш саңырауқұлағы қайсы өсімдіктер тұқымдастарының паразиті
-
Астық тұқымдастардың
-
Тілшегүлділер тұқымдастарының
-
Лалагүлдер тұқымдасының
-
Асфоделалар тұқымдасының
-
Жуалар тұқымдасының
8. Базидиомицетті саңырауқұлақтар түрлерінің жалпы саны қанша?
-
10000
-
15000
-
20000
-
25000
-
30000
-
АПТА
(5 балл)
Тақырып: Базидиомицеттер класы - Basidiomycetes
Жоспары :
1. Базидиомицеттерге жалпы сипаттама
2. Базидиомицеттердің өмірлік циклдері
3. Базидиомицеттердің классификациясы
Түрлерінің жалпы саны 30 мыңдай. Мицелийлері көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Жыныссыз көбеюі конидийлер арқылы жүзеге асады, бірақ сирек болады. Жыныстық процессі екі гаплоидты гифаның бөліктерінің қосылуы арқылы жүзеге асады. Арнайы жыныстық органы болмайды. Гетероторальды түрлерінің мицелийлерінің қарама – қарсы белгілері бар (+ және) особьтарының гифалары қосылады. Бұл жағдайда дикариондар түзіледі. Олардың ядролары синхронды бөлінеді.
Жыныс процесі дикарионның ядроларының қосылуымен мейозбен және төрт базидиоспорасы бар базидийдің түзілуімен аяқталады. Құрылысы жағынан базидийлер әртүрлі болады. Холобазидия жекелеген бөліктерген, гетеробазидия екі бөліктен тұрады : төменгі кеңейген (гипобазидия) және гипобазидияның өсіндісі болып табылатын үстіңгі бөліктен (эпибазидия).
Эпибазидия көп жағдайда екі немесе төрт бөліктен тұрады және олар бірқатар түрлерінде гипобазидиядан көлденең перделері арқылы бөлініп тұрады. Мұндай күрделі базидияны гетеробазидия деп атайды. Базидийдің үшінші түрі фрагмобазидия көлденең перделері арқылы төрт бөлікке бөлінген болады. Фрагмобазидия қалың қабықшалы телиоспора деп аталатын клеткалардан пайда болады оларды телобазидия деп атайды.
Өмірлік циклдары. Базидиомицеттердің өмірлік циклінде дикарионды фаза басым болып келеді, гаплоидты, диплоидты фазалары өте қысқа. Көптеген түрлерінің базидиоспоралары формасы мен мөлшері әртүрлі болып келетін жемісті денелерінде түзіледі. Жемісті денелері борпылдақ өрмекшінің торы тәрізді тығыздалған киіз тәрізді ағаш тәрізді қатты болып келеді. Гимений қабаты көп жағдайда жемісті дененің төменгі жағында орналасады. Ол базидийден, парафизден және цистадан тұрады. Цистада – гимениальды қабаттың үстінен көтеріліп көрініп тұратын парафиздерге, басқа мүшелеріне қарағанда біршама үлкен болады. Жемісті дененің гимений түзетін бетін гименифора деп атайды. Ол жылтыр, жоғарғы деңгейде жетілгендерінде формасы тікенек, пластинка, түтікше тәрізді болып келеді.
Классификациясы. Базидиальды саңырауқұлақтар үш класс тармағына бөлінеді: халобазидиомицеттер, гетеробазидиомицеттер, гетеробазидиомицеттер, телиобазидиомицеттер. Осы үш кластың ішіндегі маңыздысы және табиғатта кең таралғандары халобазидиомицеттермен телобазидиомицеттердің өкілдері.
Телиобазидиомицеттер:
Бидайдың қатты қаракүйесі (Tilletia caries) басқа қаракүйелер секілді паразит. Зақымданған масақ зақымданбаған масаққа қарағанда жеңіл, өйткені олардың дәндерінің көпшілігі телиоспораға толы болады. Телиоспоралар шар тәрізді түсі қара және үсті кедір – бұдыр болады. Астықты бастырғанда споралар дәнге жабысады, ал тұқымды сепкенде топыраққа түседі. Телиоспоралар көктемде тұқыммен бірге өседі. Өсер алдында дикарионның ядролары қосылады, содан соң зигота мейоз арқылы бөлінеді, соң фрагмобазидия дамиды. Оларда гаплоидты базидиоспоралары түзіледі. Екі гетеральды базидиоспоралар қосылып екі ядролы клетка түзеді. Осындай клеткадан дикарионды гидза пайда болады. Ол алдымен дәннің қауызынаның астынан соң ұрықтың өсу конусына одан өскінге өтіп өсімдікпен бірге өседі. Соң гифа гүл шоғырына еніп дәннің ішінде ұлғаяды да оның ішіндегі қоректік заттарын өз бойына сіңіреді. Дәннің іші телиоспораға тола болады. Қарабидайдың, арпаның қатты қаракүйелері болады.
Бидайдың тозаңды қаракүйесі (ustilaqo tritici) өмірлік циклі біршама күрделі. Зақымдалған масақтың дәннің қауыздары жыртылып қара түсті телиоспоралармен жабылады. Олар бидайды қатты телиоспораларына қарағанда ұсақ және үсті кедір – бұдыр емес тегіс болады. Телиоспоралар жел арқылы зақымдалмаған масақтың гүліндегі аналығының аузына келіп түседі, өнеді, олардан фрагмобазидия дамиды. Бірақта базидиоспоралар түзілмейді, фрагмобазийдің гаплоидты клеткалары екеу – екеуден қосылып, дикарионды гифалар айналады. Дикарионды гифалар гүл түйініне өтіп эндосперм мен ұрықтың ішінде ұлғайып өседі, бірақ оларды бұзып жармайды. Зақымданған дәннің формасы мен салмағы жағынан зақымданбаған дәннен айырмашылығы болмайды және өсуге қабілетті келеді. Зақымдану топырақта емес, өсімдік гүлдеген және дән байлаған кездерде жүреді. Келесі жылы тұқымды жерге сепкеннен кейін ұрық өне бастайды. Осы кезде мицелийде ұрықпен бірге өсіп оның өсу конусына өтеді. Одан әрі ол сабақтың бойымен жоғары қарай жылжып қоректік заттар жиналатын гүл шоғырында ерекше қарқынмен өсіп ұлғаяды.
Клеткалар бөлініп, қалың қабықшамен қапталып, теллоспораға айналады. Бұл жағдайда гүл шоғырының түрі өзгеріп қаракүйенің ұсақ тозаңына айналады. Бұлармен күресу басқа қаракүйелерге қарағанда қиын, өйткені мұнда қаракүйе мицелийлері дәннің ішкі ұлпасында орналасады. Олармен күресу үшін тұқымды 3-4 сағат бойы 28-320 градустағы жылы суға салу керек, бұл кезде мицелий өсе бастайды, ал ұрықтың өсуіне уақыт жетпейді. Одан кейін тұқымды 7-8 мин, 52-530 градустан астам суға салады. Бұл кезде өскен мицелий күйеді, ал ұрыққа ешқандай зиян келмейді. Егістікке таза сортты сұрыптап алу керек.
Дейтеромицеттер: Түрлерінің жалпы саны 300 мыңдай. Гифалары мүшеленген. Көбеюі конидилері арқылы жүзеге асады. Жыныстық жолмен көбеймейді. Бұлар паразиттер мен сапрофиттер. Көптеген түрлері табиғатта аса кең тараған. Жетілмеген саңырауқұлақтар көп жағдайда ауыл шаруашылық дақылдарын ауруға шалдықтырады және оларды өлуге әкеліп соқтырады.
Классификациясы. Жетілмеген саңырауқұлақтардың классификациясы конидия сағақтарының орналасуымен мен конидилерінің формасына негізделген. Бұл түрлерінде конидия сағақтарының орналасуымен конидийлерінің формасына негізделген. Бұл түрлерінде конидия сағақтары жалғыздан орналасып, онша үлкен болмайтын шоқ түзеді. Оны кореми деп атайды, Екінші бір түрлерінде конидия сағақтары жалғыздан орналасып, онша үлкен болмайтын жоқ түзеді. Оны кореми деп атайды. Екінші бір түрлерінде гифалары матасып жапырақтың үстінде ложе немесе строма деп аталынатын құрылым түзеді. Үшінші бір түрлерінің конидиилері шар тәрізді немесе сопақтау болып келген, жоғарғы жағында тесігі бар қуыстың пекнидидің ішінде орналасады.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Коллоквиум сұрақтары
1. Базидиомицеттерге жалпы сипаттама?
2. Базидиомицеттердің өмірлік циклдері ?
3. Базидиомицеттердің классификациясы?
4. Жетілмеген саңырауқұлақтардың классификациясы?
5. Дейтеромицеттер түрлерінің жалпы саны?
6. Телиобазидиомицеттерге сипаттама?
Тест тапсырмасы
1. Базидиомицетті саңырауқұлақтар түрлерінің жалпы саны қанша?
-
10000
-
15000
-
20000
-
25000
-
30000
2. Базидиялы саңырауқұлақтар неше класс тармаққа бөлінеді?
-
1
-
2
-
3
-
4
-
5
3. Шампиньонның жеміс денесі қайсы органында пайда болады?
-
Мицелийде
-
Тамырында
-
Гипасында
-
Бүршіктерінде
-
Спораларында
4. Шампиньон қандай ортада өседі?
-
Ылғалды топырақта+
-
Ауада
-
Құры топырақта
-
Су ортасында
-
Ағаштарда
5. Төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер неше бөлімнен тұрады?
-
2
-
4
-
8
-
10
-
13
6. Төменгі сатыдағы гетеротрофты өсімдіктер неше бөлімнен тұрады
-
1
-
2
-
4
-
6
-
8
7. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесінің атауы
-
Өркен
-
Мицелий
-
Гифа
-
Таллом
-
Бүршік
15- АПТА
Тақырып: Ашық тұқымды өсімдіктер
Жоспар:
А)Өсімдіктің өсу мүшелері
Ә)Өсімдіктің көбею мүшелері
ОБСӨЖ мәтіні: Қазіргі кездегі флорада ашық тұқымдылардың 800-дей түрі бар. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Ашық тұқымдылар барлық континенттерде таралған. Түрлерінің саны аз болмағанымен, олар климаты салқын зонада және тауларда үлкен орман түзеді.
Құрылысы. Спорофиттері негізінен ағаштар, сиректеу ағаштанған лианалар немесе бұталар. Шөптесін формалары жоқ. Бүйірінен бұтақтанады,сабағы моноподиальды өседі. Сабағы екінші рет қалыңдайды.Көптеген түрлерінің түтіктері жоқ, сүрегі тек трахеидтерден тұрады. Сүзгілі (електі) түтіктерінің серіктік клеткалары болмайды. Бір түрлерінің жапырақтары үлкен, тілімделген, папоротник тәрізділердің жапырақтарына ұқсас, ал екіншілерінде олар ұсақ, тұтас, қабыршақ тәрізді, немесе ине тәрізді (қылқан -хвоя) болып келеді. Ашық тұқымдылардың аздаған түрлерінен басқасының барлығы мәңгілік жасыл өсімдіктер. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы. Кіндік тамырында да жанама тамырларында да микориза түзіледі. Ашық тұқымдылардың негізгі белгілерінің бірі сол, олардың тұқымбүрі (семязачатки), немесе тұқымбүршігі (семяпочки) болады. Тұқымбүрі дегеніміздің өзі метаспорангий, ол ерекше қорғаныш қызметін атқаратын қабықша интегументтен қапталған. Тұқымбүрлері метаспорофилдерінде ашық орналасады, олардан ұрықтанғаннан кейін, дән пайда болады.
Дәннің пайда болуы ашық тұқымдылардың споралы өсімдіктерге қарағанда көп мүмкіндікке (артықшылыққа) ие болуын және құрлықта басым болуын қамтамасыз етті.
Ашық тұқымдылардың өмірлік циклін қарастырғанда,мысал ретінде кәдімгі қарағайды (сосна обыкновенная ) аламыз. Ол спорофитінің биіктігі 50м –дей болатын, 400 жылдай өмір сүретін өсімдік. Діңі жақсы жетілген,онда бүйірлік бұтақтары топтасып орналасады. Сабақтары моноподиальды бұтақтанып өседі. Ұзарған бұтақтарының сыртын қоңырлау – қызғыш түсті, қабыршақты жұқа (чешуевидный) жапырақтары жауып тұрады. Осы жапырақтардың қолтығында қатты қысқарған өркендер пайда болады, оларда екі – екіден ине тәрізді жапырақтар (қылқандар) орналасады. Ине тәрізді дапырақтың, немесе қылқанның (хвоя) көлденең кесіндісінің формасы жалпақтау дөңес болып келеді, оның ортасында өткізгіш шоғы орналасады.
Қарағай шамамен 30-40 жылдан кейін спора түзе бастайды. Спорофилдері жиналып бір – бірінен айқын – айырмасы бар, бір өсімдіктер болатын екі түрлі бүр (стробил, шишки) түзеді. Әдетте аталық бүрлері (стробилдері, шишки) топтасып, ал аналық бүрлері жалғыздан орналасады.
Ұрықтануы. Тозаң аталық бүршіктерден (стобилдерден) тұқымбүріне желмен келіп түседі. Оны нуцеллус пен интегументтің арасын толтырып тұратын қоймалжың, сұйықтың тамшысы оңай ұстайды. Бұл тамшы микропиле арқылы, сыртқа шығып тұрады. Кебе келе тамшы тозаңды тұқымбүрінің ішіндегі нуцелуске қарай тартады. Тозаңданған соң, микропиле жабылады. Осыдан кейін барып, аналық бүршіктің қабықшалары тығыздалып бірігеді. Аталық гаметофит, өзінің одан әрі дамуын метаспорангидің ішінде жалғастырады. Тозаңның экзинасы жарылады да, интинмен қоршалған вегетативтік клетка тозаң түтігін түзеді, ол нуцеллустың ұлпасына еніп, архегонияға қарай өседі. Антеридиальды клетка бөлініп екі клетка береді: тірсек клеткасын және сперма түзетін клетканы. Олар тозаң түтігіне өтеді. Ал тозаң түтігі оларды өз кезегінде архегонияға жеткізеді.
Ашық тұқымдылардың папоротник тәрізділерге қарағанда бірқатар прогрессивтік белгілері бар : гаметофиттері дербестігін түгелдей жоғалтқан, олар спорофиттерінде пайда болады және соның есебінен өмір сүреді ұрықтануы сумен мүлдем байланыссыз, спорофиттің ұрығы гаметофиттің есебінен қоректенгенімен, дәннің ішінде тұрады және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан жақсы қорғалған. Ашық тұқымдылардың дәндерінің ерекшелігі, олардың табиғатының екі жақтылығында қоректік ұлпа эндосперм гаметофитке (п) жатады, ұрық жаңа спорофиттің (2п) бастамасы болып табылады, сыртқы қабықпен (спермордермамен) нуцеллус аналық спорофиттің (2п) ұлпасынан пайда болады.
Классификациясы. Ашық тұқымдылар 6 класқа бөлінеді. Ол кластар мыналар :
1 класс-тұқымды папоротниктер, немесе лигноптеридопсидтер (Liqnopteridopsida немесе Pteridospermae).
2 класс-саговниктер немесе цикадопсидтер (Cycadopsida)
3 класс-бенетиттер немесе бенеттитопсидтер (Вennettitopsida)
4 класс-гнеталар немесе гнетопсидтер (Gnetopsida)
5 класс-гинкголар немесе гинкгопсидтер (Ginkqoopsida)
6 класс-қылқан жапырақтылар немесе пинопсидтер (Pinopsida).
Тұқымды папоротниктер класы – Liqnopteridopsida немесе Pteridospermae.
Тұқымды папоротниктер ең ертеде пайда болған және ең қарапайым ашық тұқымдылардың бірі. Қазіргі кездерде олар толығымен жойылып кеткен. Бұл папоротник тәрізділер мен ашық тұқымдылардың арасын байланыстырып тұрған топ (переходная группа). Папоротник тәрізділермен оларды жапырақтарының құрылысы, сыртқы түрі, микроспорофиллдері мен микроспорангилерінің құрылыстары жақындастырады. Ал ашық тұқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, тұқым бүрлері мен дәндерінің болуы жақындастырады. Ал ашық тұқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, тұқым бүрлері мен дәндерінің болуы жақындастырады. Қазіргі кездерде тұқымды папоротниктердің жүздеген түрлері сипатталып жазылады. Олардың аса кең таралған туыстарына мыналар жатады : климматотека (Calymmatotheca), медуллоза (Medullosa), кейтония (Caytonia), глоссоптерис (Glossopteris).
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары :
1. Ашық тұқымдылар тұқымбүрінің құрылысы?
2. Ашық тұқымдылардың ұрықтануы?
3. Ашық тұқымдылардың тұқымдануы?
4. Тұқымының орналасуы?
5. Ашық тұқымдылардың дәндерінің құрылысы?
6. Ашық тұқымдылардың классификациясы?
7. Тұқымды папоротниктер класы?
8. Саговниктер кластары?
2-курс 4 семестр бойынша
бірінші аралық бақылау
№
|
Тақырыптар
|
Апта
|
ОБСӨЖ
сабағының ұпайлары
|
Бақылау түрлері
|
1
|
Мүк тәрізділерді ажыратуға болатын белгілер
А) мүктің анатомиялық құрылысы
Ә) Бауыр мүктер
|
1 апта
|
2 б
|
Бақылау сұрақтары
Тест
|
2
|
Қос жарнақтылар магнолиопсидтер (Maqnoliopsida) немесе Dicotyledones А)Жапырақ түрлері
Ә)Жүйкелену
|
2 апта
|
2 б
|
Глоссарий
Тест
|
3
|
Раушангүлділер тектес бос желектілер қатарлар тобы – Melophyta Choripetalae Ә)Фотосинтездің өсімдік үшін маңызы
|
3 апта
|
3 б
|
Тест
|
4
|
Бұршақтар тұқымдасы – Fabaceal, Papilionaceal
Ә)Сабақ түрлері
|
4 апта
|
3 б
|
Реферат
Тест
|
5
|
Құлқайырлар тұқымдасы – Malvacea Құлқайырлар тұқымдасының жалпы сипаттамасы
Мақта туысының морфологиялық ерекшеліктері
|
5 апта
|
4б
|
Бақылау сұрақтары
Тест
|
6
|
Раушандар тектес бір жабынды өсімдіктер қатарлар
тобы – Melophita monochlamydel.
-
Раушандар тектес біржабынды өсімдіктерге жалпы сипаттама
-
Шамшаттар тұқымдасы
-
Қайыңдар тұқымдасы
|
6 апта
|
4 б
|
Тест
|
7
|
Раушандар тектес біріккен желектілер
қатарлар тобы – Melophyta Sympetalae.
Шырмауықтар тұқымдасы
Арамсоялар тұқымдасы
Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы
|
7 апта
|
4б
|
Коллоквиум
Тест
|
Барлығы: 1 аралық бақылау бойынша - 22 балл
|
-
апта
(2 балл)
Тақырып: Мүк тәрізділерді ажыратуға болатын белгілер
Жоспар
1. Гаметофит
2. Мүктер өркеннің өсуінің формасы
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары
-
Мүктер өркеннің өсуінің формасы?
-
Талломының ерекшеліктері?
-
Маршанциялардың түрлері?
-
Бауыр мүктер айырмашылықтары?
-
Мүктәрізділер сырт құрылысы экологиясы?
-
Гаметофит дегеніміз?
Тест тапсырмасы
1. Мүктәрізділер бөлімі.
-
Бауырмүктер, нағыз мүктер классы
-
Плауындар, полушниктер кластары
-
Тұқымды, папртниктер, саговниктер, бенетиттер кластары.
-
Қосжарнақтылар, даражарнақтылар кластары.
-
Қырықбуындар класы.
2. Мүктердің қандай түрлері табиғатта кең таралған
-
Маршанциялар
-
Плауындар, полушниктер кластары
-
Тұқымды, папртниктер, саговниктер, бенетиттер кластары.
-
Қосжарнақтылар, даражарнақтылар кластары.
-
Қырықбуындар класы.
3. Мүк тәрізділер бөлімі.
-
Bryophyta
-
Gumnospermatophyta, pinophyta
-
Angiospermatophyta , magnoliophyta
-
Polypodiophyta
-
Еguisetophyta
4. Нағыз мүктер класы.
-
Briopsida
-
Magnoliopsida dicotyledoneae
-
Liliopsida monosotyledoneae
-
Riniopsida
-
Lignopteridopsida
5. Риниофиттер класы.
-
Riniopsid a
-
Magnoliopsida dicotyledoneae
-
Liliopsida monosotyledoneae
-
Briopsida
-
Lignopteridopsida
Достарыңызбен бөлісу: |