Пәннің мақсаты: Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы курсы с



бет18/22
Дата17.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#142220
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Бауыр мүктер класы


Hepaticopsida

Magnoliopsida dicotyledoneae

Liliopsida monosotyledoneae

Briopsida

Lignopteridopsida


    1. апта

(2 балл)

Тақырып : Қос жарнақтылар магнолиопсидтер

(Maqnoliopsida) немесе Dicotyledones
Жоспар :

  1. Қос жарнақтылардың жалпы сипаттамасы

  2. Магнолиялылар тұқымдасы

  3. Лаврлар қатары

  4. Бөріқарақаттар тұқымдасы

  5. Сарғалдақтар тұқымдасы

Түрлерінің саны 200 мыңнан астам (300 тұқымдас) маңызды өсімдіктер.

Магнолиялылар қатарлар тобы немесе көп жемістілер. Оларға 30-дай тұқымдас жатады. Негізінен ағаштар сиректеу бұталар, суда, құрғақта өсетін шөптесін өсімдіктер. Көп жемістілер Евразия, Солтүстік және Оңтүстік Американың тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Көп жемістілер жабық тұқымдылардың ішіндегі ең көрнекті топ.

Магнолиялылар тұқымдасы – Maqnoliceal.

200-ден аса түрі бар (20 туыс). Көпшілігі жойылып кеткен. Олар өткен геологиялық дәуірлерде кеңінен таралған. Оңтүстік Австралиядан Шпинцберген, Гренландия аралдарына дейін таралған. Соң климаттық салқындауына байланысты Солтүстік бөлігі жойылған. Қазіргі кезде олардың ареалы үзік. Түрлерінің ең көп таралған орталығы Қытайдың Оңтүстік Шығыс, Индоқытай, Индияның Солтүстік элементтері. Гүлдері үлкен, өсімдік сабақтарының жоғарғы жағында орналасады, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған шеңбер бойымен орналасады. Аталық, аналықтары жеке –жеке орналасады. Олардың сан мөлшері көп спираль бойымен орналасады. Жемістерінің дәні көп жағдайда үлкен. Олар топтамалар жиынтығы (сборная листовка) сиректеу жаңғақшалардың жиынтығынан тұрады.

Магнолия туысы – Maqnolia. 70-тей түрі бар олардың 20 сәндік өсімдіктер, мәдени жағдайларда өсіріледі. Гүл формуласы Са3,Со, А. Бұрынғы одақтас республикалар жағдайында сібір магнолиясы – магнолия сибирская – М oвоvata деген бір түрі өседі. (Курил аралдарында) мәдени отырғызылатын түріне үлкен гүлді магнолия –М. qrandiflora жатады. Ол флоридадан шыққан мәңгі жасыл ағаш үлкен гүлді түсі балауыз тәрізді ақ жағымды иісті болады. Құнды заттар жасайтын материал.

Лаврлар тұқымдасы – Lauraceal.

Тұқымдас 45 туыс, 2500-3000 түрді өз ішіне алады. Олар барлық уақытта жасыл ағаштар, бұта кейбір жағдайда хлорофилсіз, паразиттікпен өмір сүруші түрлері бар. Лаврлар негізінен тропикалық, субтропикалық мекен – жайларда өседі. Жапырақтары қарапайым немесе күрделі бірінен оң бірі жайласқан немесе қарама – қарсы.

Гүлдері жапырақ қолтығындағы топ гүлде жайласқан, актиноморф, бір жынысты, немесе екі жынысты, ұсақ тостаған гүлдері қарапайым аталықтары 2, 3 қатар болып жайласқан, аналығы бір жеміс жапырақты жемісі дәнек немесе резервуар жапырағында эфир майлары бар. Тамаққа жұмсалады. Мәдени жағдайда Laurusnoвіlis түрі өсіріледі.

Нимфеялар –тұңғиықтар – Nymphaceal. Түрлерінің жалпы саны (4 туыс) шыққан жері тропиктер. Суда батпақты жерлерде өсетін көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары судың бетінде немесе су қабаттарында орналасқан. Тамыр сабақтары жақсы жетілген, гүлдері аса үлкен диаметрі 35см-ге дейін жетеді. Гүл құрылысы алуан түрлі. Гүлсерігі қарпайым немесе қосарланған, күлте жапырақтары көп.

Гүл формуласы. Са 3+5 Са3 А6 С3. Тұңғиықтардың қазіргі кездегі әртүрлі құрлықтарда географиялық таралуы және қазба қалдықтары туралы мәліметтер олардың ертеден пайда болғандығын дәлелдейді.

Өкілдері. Ақбоз тұңғиық – Nymhaea alba. Elpoha, алдыңғы Азияда таралған өсімдік. Тамыр сабағы үлкен, сабағы болмайтын шөптесін өсімдік. Жапырағы суда жүзіп жүреді. Гүлдері аса үлкен, жағымды иісі бар тостағанша жапырақтарының саны (3-5) күлтежапырақшаларының аталықтарының және жеміс жапырақшаларының саны өте көп және спиральдың бойымен орналасады. Оларды қоректік жем ретінде және илік заттар алуда пайдаланады. Өкілдері аппақ қардай тұңғиық. N. Condida. Египет лотосы

N –lotos. Африкада өсетін сәндік өсімдік. Кәдімгі сары тұңғиық кубышка, кубшинка – Nuphar luteum – үлкен жуандығы 5-6 см келетін тамыр сабағынан шығатын жапырақтары ұзын сағақты су өсімдігі. Гүлдері жалғыз сары немесе қызғылт түсті тостағаншасы 5-6 жасыл жапырақты күлтесі 13-15 сары, қызғылт түсті, гүл түйіні үстіңгі 10-16 ұялы.

Бөріқарақаттар тұқымдасы – Веrвеridaceal. Бұл тұқымдасқа жер шарында кең таралған 600-ден астам түр жатады. Жапырақтары спиральдың бойымен орналасады. Олар қарапайым немесе күрделі. Гүлдері циклді, мүшелерінің саны тұрақты. Гүл серігі нашар диффиренцияланған оның ішкі шеңбері аталықтарынан пайда болған нектарниктерден тұрады. Гүл формуласы P3+3 IV3+3 A3 +3 ,Cl1, N – нектарник жемісі шырынды, сиректеу қауашық немесе жаңғақша. Бөріқарақаттардың барлығында берберидик алколойды жиналады. Бөріқарақаттарды дара жарнақтылардың белгілері болады. Гүлі 3 өлшемді, өткізгіш шоқтары шашыраңқы орналасады, кейде тұқым жарнағы біреу.

Бөріқарақаттар туысына (барбарис Вerberis) негізінен Америкадат кеңінен таралған 200-ден астам түр жатады. Кәдімгі бөріқарақат (барбарис обыкновенный –В. Vulqaris). Жерорта теңізі маңындағы елдерде және Орталық Европаның қоңыржай климатты аудандарында өседі. Оларды сәндік бұта ретінде парк, скверлер, көше бойын когалдандыруда отырғызады. Тамыр, сабағы, қабығынан бояу алады. Жемістерін кондитер өндірісінде пайдаланады. Астық себілетін аудандарда тбидай егілетін жерлерде олар паразит саңырауқұлақ жатты. Пункцияның (Punciinia qraminis) –тің аралық иесі есептелінеді. Соның үшін олармен күрес шарасын жүргізеді.

Сарғалдақтар тұқымдасы. Бұл тұқымдаста 2000 түр бар (45 туыс). Олардың көпшілігі қоңыржай және салқын климатты аймақтарда кеңінен таралған. Кейбір түрлері тропикада өседі. Сарғалдақтар көп жағдайда ылғалы мол шалғындарда және ормандарда өсімдік жабындыларын құрайды. Негізгі өмірлік формасы – көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Олар тамырсабақ, түйнек түрінде жер астында қыстап шығады, бұталар, лианалар, жапырақтарының жапырақ серігі болмайды. Олар қарапайым, қалақша тәрізді тілімделген сабаққа кезектесіп немесе қарама – қарсы орналасады. Гүлдері алуан түрлі – ациклді, гемицикльді, актиноморфты, зигоморфты, гүл серігі қарапайым, қосарланған, гинецейі апокарпты немесе йенокарпты. Жемістері көп жағдайда қарама – топтамалар жиынтығынан (сборная листовка) жаңғақшалардың жиынтығынан, немесе жидек тәрізді болады.

Сарғалдақ гүлділердің бойында көп жағдайда улы алколоидтар болады. Оларды мал жемейді. Бұлар сәндік және дәрілік өсімдіктер. Бұлардың негізгі өкілдері : тегеурінгүл туысы – Dolhinium 200 түр, борда 80түр, Қазақстанда 28 түр бар. Бір және көп жылдық өсімдіктер. БОР-да кең таралған түрі дала сокиркиі (С. reqalis). Сокирки туысы – Consolida. Бұл жаздық, күздік егістіктерінің арам шөбі. Улы қорғасын туысы – Aconitium туысы 60 түрі бар. Олар Солтүстік ендікте таудың күн түсетін бөліктерінде өседі. БОР –да 50 түр, Қазақстанда –14 түрі бар. Көпжылдық шөптесін өсімдіктер улы аканитін алколоиды бар. Қазақстанда кең таралған түрі шөмішгүл жапырақты маралоты (василистник водосборолистный – Thalic frum aquileqicefolim), ол биіктігі 1м-дей көпжылдық өсімдік).

Сарғалдақ туысы (лютик - Ranunculus), 600 – дей бар. Ылғалы мол жерлерде, батпақтарда доминант болып саналады. Сарғалдақ түрлері барлық континенттерде кездеседі. БОР-да 180 түр, Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Олардың ішінде кең тарқалғаны күйдіргіш сарғалдақ лютик едкий –R. acris, сарғылт сарғалдақ (лютик золотист R –furicomus, улы сарғалдақ (лютик ядовитый R - sceleratus) т.б. Олар көп жылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу біржылдық улы өсімдіктер. Гүл формуласы Са5,Со5,А.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет