ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет13/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.42 Mb.
#2663
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ХУІ ғ. ІІ жартысында Малидің ішкі саяси жағдайы құлдырай түсті. Көрші елдер территорияға кіруге мүмкіндік берді. Малидің басты қастары сыпайлық мелекет және Ятенге мем лекеті болды. Ең негізгі ядросы мандинго тайпасында патриархаттық отбасы болды. Олардың қатарына құлдарда кірді. Осындай бірнеше патриархаттық отбасылар «дугу»деген ауылдық қоғамға бірікті. Бұлардың жеке мүлік теңсіздігі жүріп жатты. Қатардағы қоғамның адамдары жер шаруашылығымен кеңінен айналысты.

Төменгі сатыдағы қоғамда «құлдар қоғамы» тұрды. Олар өздерінің жағдайына қарай бірнеше категорияларға бөлінді. Құлдардың көпшілігі әскери қатарда болды. Құлдық мәңгі болған жоқ, әрбір құлдар келе бері қоғамдағы дүниеге құқылы болды.

Қоғамның жалпы адамдары және құлдар патриархтық отбасының жерлерін жұмасына 5 рет өңдеп отырған, ал қалған 2 күні өздерінің отбасыларына арнап , өз жұмыстарымен айналысқан.

Жерді бөліп беру бұл патриархтық отбасның қолында болды, құлдар еңбегіненбау-бақшаның жартысын алып отырды. Жерді сатып алу құқығы, тұғын үй құқығын Мали мем лекеті шешті. Халықтың жеке мүлкі және саяси жағдайы құлдардан құралған әскери отряд басқарды. Құлдардан құралған әскери гвардияның бастықтары өздері сияқты құл тобынан шыққан. Ақырындап олар үкен топқа дейін көтерілген. Құлдар гвардиясы мемлекеттік саяси жағдайына үлкен рөл атқарды.

Малидің діни адамдары бірнеше ақсүйектерден құралған. Бұларға құқылы жалпы қоғамдағы адамдар, құлдар, шенеттер жатқан. Жоғарғы феодалданғандар жер иемденуге толықтай құқылы болды. Феодалдық қарым-қатынастар патриархалдық пен құл ұстаушылықпен тығыз байланыста болды. Діни адамдар ішінде өздерінен шыққан адамдар болған жоқ алғашында. Кейінірек олардың ішіне жақын туыстарынан құралды. Мали елінде бірнеше орында жер иеліктерге құқылы Кейта халқы тұрды. Жергілікті тұрғындар осы тайпадан шыққан адамдар мемлектінің көптеген жерлердің бөлігін иемденген.

Орта ғасырлық Малиде шаруашылық өте мықты болды. Малидегі ауылдық қоғамда шаруалар еш қандай айырбаспен айналысқан жоқ. Себебі барлық жерде өнімдер бірдей болды. Жергілікті сауда орындары болды. Дегенмен олар кішігірім аймақтарда орналасқан. Малиде ішкі сауда –саттық дамып келді. Бұл негізгі тұзбен, мыспен, алтынмен , құлдарды сатумен, тері сауда керуені жүрді. Мали мемлекеті Солтүстік Африкамен алтын саудасымен айналысуды қолға алды. Алтын саудасымен ақсүйектер , құлдардың басшылары қатысқан. Алтынға айырбас ретінде шыныдан жасалған заттар, бұлдар, қару-жарақтар,және т.б. Солтүстік Африкадан әкелінген заттар сауда ретінде жүрді. Алтын көбінесе ішкі саудаға тұз айырбасымен жүрді. Батыс Суданда тұз бағалы болды, тұз тек алтын айырбасына жүрді, тұзды айырбасқа жіберу үшін құлдарды қолданған.

Тұз айырбасы үлкен қолданыста жүрді. Тимбуктың және Дженне қалалары сауда орталығы болды. Шаруалар тігін- тоқулармен, тері –жіппен, қайық өңдеумен шұғылданды. Қалаларда Солтүстік Африкандықтардың саудагерлері, проповедтық және мұсылман қорғаушылар мекендеді. Бұлар негізінен жеке аймақтарды өзбеттерінше өмір сөрген.

Г) ХУІ- ХУІІ ғғ. Орталық Мали



ХУІ ғасырда Мали мемлекеті құлдырай бастады. Ең бір қас жауы Сонгай патшалығы болды. 1498-1499 жж. Багалудың ірі аймағын, 1500-1501жж. Диара жерін, 1506-1507 жж. Галам аймақтарына шабуыл жасап, өзіне қоршап алды. Согай патшалығының шекарасы Текура жеріне дейін созылды. Соңында Малиге батыс жатқанда шабуыл жасалына бастады. 1530ж. Малидің қарамағында болған Бамбукты жаулады. Малидің патшасы ІІ Мамуди 1534ж шығар жол болмағандықтан партугалдықтардан көмек сұрады. Партугалдық посол Перес Фернандес қарсылас ретінде шықты бірақ Мали үшін бұл кеш болды. Себебі Мали көптеген жерлерінен айырылды. Дегенмен Мали өінің оңтүстік жағын сақтағанымен саяси жағынан құлдырап кетті. Согайлықтар Малидің саяси жағы мен әскер жағдайына қысым көрсетіптұрды.

Солтүстік Суданға басып кіргенде мароккандықтар және сонгайлықтарға қарсы шықты. Осыған қоса Сонгайлықтар Малиден алысай түсті. ХУІІ ғ.басқа да қас жаулары пайда болды. Олар бомбара халқы болған еді. 1600 жылы Сегу аймағында мемлекетін құрды. өздерінің діні анимистика бола тұра, 1645 жылы Малидің мұсылман патшасына діни соғыс жариялап, оңтүстік аймаққа шабуылдады. 1670ж. Бобара мемлекетіндегі Сегу аймағы ең мықты мемлекеті болып саналды. Сегу Битон патша, Массина және Багома жерлері жаулап алынған еді.



ІІ. Сонгай мемлекеті немесе Гао және

оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Мали мемлекеті құлдырағаннан кейін Сонгай мемлекеті пайда болды. Согай мемлекеті Малидің шығыс бөлігінде тұрған. Бұл жағдай ХУ ғ. дейін болды, өйткені Малиден осы кезде тәуелсіз болды. Көршілес елдерді өзіне бағындырып, бүкіл Нигердің орта ағысынан Дженнеге дейін жаулап алды. Мемлекет басында бебрбер тайпасынан шыққан адам тұрды.

Тимбукту районына сауда орталығы, шығысқа көшірілуі Малиді әлсіретіп, ал сонгайлықтардың экономикалық дамуы жақсара түсті. Гүлденуі- ХУ ғ. ортасы Әли Бераның билеуінің кезеңі болды (1461немесе 1465-1492жж). Әли Тимбуктуды жаулап, 7 жылдан кейін Дженне сауда орталығы басып алды. Сонымен қоса өзінің батыстағы және оңтүстік батыста территориясын кеңейтіп, көптеген әскермен кеденшілеі және мемлекет қарым-қатынаста болды. Оның әскерлері Янтенге, Гурма халқын, тонаган халқын, берберлер мен фулбелерді әлсіретті. Мұның мақсаты территориялар мен жер өңдейтін құлдарды жаулап алу еді. Сонгайдың ең жоғарғы дамыған кезеңінің бірі. Нигерия бассейнін және Сахарадан бобо мен моси елдеріне дейін жаулап алу кезеңі.

Әли Бер 1492 жылы қараша айында соғысқа аттанған кезде қаза табады. Оның ұлы Бакари Даоның билеуі қысқа болды. Ангоо соғысында Мұхаммед Туре соңғы сонгай әскерін талқандап, сонгайдың патшасы деп өзін Мұхаммед І (1493-1528жж) жариялады.

І Мұхаммедтің тұсында мықты әскер қатары болды. Үлкен ер адамдар әскер қатарына қосылуды шақырды, әскери іс біткен соң өз бұрыңғы тіршілігіне қайта оралуға рұқсат етілді. Бұл мемлекеттің экономикасының мықты болып дамуына әкелді.

І Мұхаммед билік кезінде көптеген елдерді жаулап алып 1506-1507,1512,1513 жылдары хаусандықтармен Кациноны жаулап, және басқа хаусандық кебби мемлекетімен әскери шартқа отырды. 1517 жылы Кама Кейта бсқарған Багана елі жанданып, Гао жерінде ішінара соғыс болып Сонгай державасы әлсіреп, көршілес елдер шапқыншылыққа шықты. Сонгай елінің билеушілері шаруашылығында әрбір 300-500, тіпті 1000 құлдан ұстаған. Құлдар ақырындап қарапайым шаруаларға айналып,өз қожайындарына төлем ақы төлеп тұрды. Екінші қатардағы құлдар өздерінің әке-шешелері сияқты біреуге сыйлық ретінде берілген жоқ. 3-4-ші сатыдағы құлдар бос болып есептелді., дегенмен бұрынғы қожайындарына экономика жағынан бағынышты болды. Құлдар сонгайдың тарихи даму жағына да көмектесті.

Сонгайдың қалалық шаруаларының азық-түлік шаруалығы мемлекетте жақсы дамыды. Тимбуктудың «Тарих-аль-Фетташ» сонгайдың шежіресінде 26 тігін шеберханасы әрбір 50 жұмысшыға дейін жеткен. Шеберхананың 70-тен 100-ге дейін жеткен жұмысшылары болған.

11

Сонгайдың тарихи құлдар мен жартылай бос адамдармен байланысты бодһлды. Двюгоран құлдар тобы сонгай мемлекетіне қарсы шығып, олар Туарегов және Санхаджей халқымен аз шайқасқан жоқ.



Құлдар тобы Сонгайды әлсіретіп, мемлекеттің құлдырауының негізгі факторы болды.

А) Моси тайпасы құрған мемлекет

Б.з.б. І мың жылдықтың аяғында ауыл шаруашылықтың дамумен қатар, моси тайпасының шаруасы мен сауданың қатар, ХІ ғ Вагадугу, Ятенге, Фада және Гурма мемлекеті құрылды. Моси халқы ХІХғ дейін өмір сүрді. Франция жаулап алғанға дейін. Вагадугудың пайда болуы көршілеселдерді жаулап алумен байланысты. Мемлекет 16 ауылға бөлінді. Мемлекетке 5 «негізгі» ауыл бағынды, қалған 11 ауылды жергілікті адамдар басқарды.

Мемлекетті 16 санновниктен құрылған адамдар биледі. Бұл санновниктер басқа билеушілер сияқты құлдар ұстады, жер иеліктері болды. Вагадугу және Ятенге, т.б. мемлекеттерде құлдарды сататын базарлар болған.

Екінші ірі мемлекет- ХІІ ғ. пайда болған Ятенге, астанасы- Гурси. ХІІ-ХІУ ғғ. территориясын Сонгай мемлекеті мен Мали билікті атадан мирасқа қалған адмдар билікті жүргізді. Олар әдейі бастыққа моси тайпасынан шыққандар болды. Жаулап алынған жерлер «жер бастықтары» жергілікті тұрғындар басқарды. «Жер бастықтары» ауылшаруашылығы туралы шешімдер қабылдап отырды.

Ятенгеде жиі салық төлеп тұрған, салықты- нионьсе, само, диула, фульбе тайпалары төлеп тұрды. Мосилер салық төлеп тұрған жоқ, салық, кеден жинағы және сауда керуені шөппен, тұзбен, малмен жиналып тұрған.

Б) Хаусандық мемлекеттер

Сонгайдың кең территориясының шығыс бөлігінде Чад көліне дейінгі жерде Хауса тайпасы қоныстанды. ХІІІ ғ. Суданның тарихи деректерінде Орталық Суданда деген дерек бар. Арабтың саяхатшысы Лев Африканский Хауса тайпасының мәдениеті, әлеуметтік жағдайы туралы мінездеме берген.

Хаусада құлдар рөлі өте маңызды болды. Олардың еңбектері кеңінен таралған. Нақты хаусандық мелекеттің тарихы туралы деректер жоқ. Хаусанның УІІІ-Х ғғ. жылнамаларында қалаларына жататыны туралы мәлім ғана бар. Экономика жағынан Хаусанның негізгі қаласы- Кано. Кано көптеген қалалармен сауда-саттық қатынаста болды. Әсіресе кола жаңғағымен Гонджа мемлекетімне байланыста болды. ХІУ ғ. Хаусандық мемлекеттерде ислам діні пайда болды. Бірақ, ислам дінін негізінен үкімет басшылары мен қала тұрғындарының біраз бөлігі қабылдады Дегенмен, ауыл аймақтарда африкандық анимистика дініне сыйынды.

ХІУ ғ. І жартысында Каноның гүлденген кезі еді. Каноның жаңа астанасы салынды, мешіттер мен құрылыстар тұрғызыла бастады. Хаусанның қалаларына көз тігкен –Сонгай мемлекетінің жау патшасы Барну болды. Бұл екі елді бір-біріне сауда –саттыққа қарсыластыққа әкеп соқты. ХУІ ғ. Сонгай халқы, құлдыраған кезде Хаусан мемлекеті гүлденіп, өз тәуелсіздігін алып, жандана түсті. Жетістікке қол жеткізген Хаусанның халқының арқасында болды.

В) Йоруба мемлекеті

Нигерия және Дагомеяның оңтүстіктегі Африканы ежелгі мәдени орталығы болды. Осы аймақта жататын ХУ ғ. халықтар туралы нақты деректер жоқ. Сөйтсе де, қолда табылған археологиялық қазбалардан бұл халықтардың мәдениеті жоғары дамығанын көрсетеді. Күміс және қоладан жасалған мүсіндер Бенина, Нупе, Иле, Ифе терракоталық статуеткалар дәлел. Йоруба қаласында санаулы жүз мың ғана халық тұрған, және үлкен ғимараттары болған.



ІХ ғ. Йорубада феодалды қатынас орнады және тайпа қатары мен құлдық ұстау болды. Йорубаның экономикасы ретінде жер шаруашылығы мен егіншілік кенінен орын алды. Қолөнері де жоғары дәрежеде дамыды. Шаруашылықпен айналысты, көп тауарлар Гвиней жағалауына дейін жеткен. Көбіне тері өнімі мен әйнек бұйымдары дамыды, металл өңдеу мен керамика бөлімін жасады. Йоруба мемлекетіне ірі қаланың бірі Ойо болды. Оның құрылуы ІХ ғ және Хғ. жатады. Ойоны басқарған патша Алафина болды. Ойо қаласы мемлекеттің астанасы болды. Діни Ифе қаласы тек Йоруба халқының орталығы болып қана қоймай, сонымен қоса Оңтүстік Нигерияда діни сенімдер таралды. Өкімет билігі атадан мұра ретінде беріліп отырған. Бұл мемлекетте өлім жазасы болған, тіпті мемлекет билеушілеріне бірдей заң жүрген Мемлекет ауылды жерлерге 2 жылға басқарушыларды тағайындаған. Ауылдарда ақсүйектер кеңес администраторы құралған. Маңызды рөлді әскери қолбасшылар атқарды. Ойо қаласында салық жзүргізілді. Негізгі мемлекеттің пайдасына қарапайым шаруалардың салығы, саудагерлердің тауарларынан кішігірім аймақтағы базарларынан пайда тигізген.

Г) Эфиопия

Жаңа замандық ұзақ тарихы бар Эфиопия Африка еліне жатады. Эфиопияның солтүстік жағында Аксум деген мелекет құрылды. Солтүстік-шығысыта Африканың сауда орталығы болған. Негізгі айналысқан шаруашылықтары- егіншілік және мал шаруашылығы болды. Шаруалар арпа, бидай, күріш, қант таяқшаларын өсірді. Кең көлемді бау-бақшаны жақсы меңгерген. Көп территорияларын жасыл ормандар алып жатты. Қолөнершілер әртүрлі мата түрлерін өңдеумен, тері өнімдерінен неше түрлі заттар, үй бұйымдарын тоқумен шұғылданған. Африканың ең үлкен сауда орталығы Аксум барлық жерлерге аты жайылған. Аксум жерінде грек саудагерлерінің саны көп болды. Аксум мен рим – грек қарым-қатынасы грек мәдениетіне әсер етті.

Аксумның гүлденуі ІУғ жатады. Аксумның патшасы тек қана Эфиопияның облыстарына билік жүргізіп қана қоймай, сонымен қоса Оңтүстік Африка аймағында биледі. Аксум Суданның мемлекетінің Мероэ деген қаласын тартып алды. Шамамаен 353 жылы Аксум Византия патшалығымен сауда-саттықпен тығыз байланыста болған кезде, Аксум християн дінін жариялаумен байланысты болды.

УІІ ғғ. Арабтар саудагерлерінің қатысуымен Аксум құлдырай түсті. Саяси және әлеуметтік жағдайы да өзгерді. 630-640 жж. Арабтар Аксумның ішкі жағдайын құлатты. Армахан ислам дінін таратып, оңтүстік Эфиопияға әсерін тигізді. УІІ-Х ғғ. аксумдықтар ақырында Абиссин аймағына тарала бастады. Бұл процессс бірнеше 100 жылға созылды. Аксумдық патшалар орталығы биліктері әлсірей бастады. Аксум бірнеше бөліктерге бөлінді.

Хғ. Эфиопияның ескі астанасы құлады. Аксумдық патшалығы өмір сүруді тоқтатты. Эфиопия жаңа патшалықтың қолына түсті.(Фалаша-иудей тайпасы болуы мүмкін). Себебі Эфиопия жылнамаларында Хғ-дан ХІІ ғ-ға дейін Аксум туралы хабар бермейді. ХІІ ғ. билік християндық династия Загвей биледі. Бұлар Ласта ақсүйектерден шыққан. Осы династия 100 жыл өмір сүрді. Династины билеген Лалибала, тауларда християн шіркеуін қашап салдырған. Осы тамаша ескерткіштер орта ғасырлық Эфиопия архектурасының бірі.

ХІІІ ғ билік басына Соломондар династиясы келді. Өзін жаңа Эфиопияның билеушісімін деген Хайле Селассие болды. бұл династияның бірінші билеушісі Йекуне-Амлаке (1270-1285жж). Эфиопияның астанасы- Шао ауылының Анкобер қаласына ауыстырылды. Бұл бұрыңғы Эфиопияның оңтүстік аймағы болған. Орта ғасырдағы Эфиопияны билеген әрбір билеуші өз пайдасына мемлекетті басқарған, өз қалтасына кедейлердің ақшаларына, салықтарына күн көріп отырған. Феодалдардың жерлерін өңдеумен шаруалар мен құлдар айналысқан. Орта ғасырда Эфиопияда салық ісі асты. Ерекше салық «дерго» болды. оның анықтамасы- басшылар мен ақсүйектер салық төлеген жоқ.

Орта ғасырларда үй құлдары болды. құлдардың еңбегінің сауда орталығында қолданылған. Құл ұстау Эфиопияның заңымен тіркелген. Егер құл ұстаушы өзінің құлын өлтірсе, басқа адамдар сияқты жазаланған. Ал құл өзінің қожайыны туралы заңға шағымдануына құқылы болды. Шаруа болған құл сатылуға тыйым салынды.

Мемлекеттің феодалдардық жағдайы, ішкі саяси жағдайы, кеден ісі, сауда –саттық ісі нашарлай, әлсірей түсті. Кеңінен таралған сауда керуені болды. Билікте мұсылмандар болғандықтан саудагерлер феодалдық және мемлекеттік іске қатысқан жоқ.

Д) Конго

ХУІ ғ Батыс тропикалық Африканың халықтары әр түрлі сатыда тұрды, тек біраз бөлігі ғана өз мемлекеттерін құрды.



ХІІІ ғ басы ХІУ ғ баконго тайпасынан шыққан Конго мемлекеті пайда болды. астанасы- Мбанза-Конго (Англияның территориясында). Соғысқа шығудың арқасында Конго территориясы кеңейе түсті. Мемлекет 6 ауылға бөлінді. Орта ауылда Конгоға қарап тәуелді болып, салық төлеуге тиіс болды. Конгоның көп бөлігі жер шаруашылығымен айналысатындар құрады. Жер жалпы қоғамның иелігінде болды, бірақ оларды бақылап отырған ауыл басшысы –Нкулунту болды. Ал кең көлемді мемлекет ішінде Мали Конго болды. Өз жерлерлерінен басқа, Нкулунтудың жерлерін өңдеп, жарты бау-бақшасын беріп отырған.

Жалпы қоғамның адамдары әртүрлі жазаға ұшырап отырған. Аң аулау мен балық аулау екінші сатыдағы жұмыстар болды. Ағаш бұйымдарын, піл сүйектерінен түрлі бұйымдар жасаумен шұғылданған. Барлық жерлерде сауда дамыған кез еді. Базарларда тұз сататын керуендер терілер, тоқылған заттар астылды. Бұл жерлерде құлдар да жүрді. Құлдардың қожайындары ақсүйектері болған. Құлдарды басқа елдерге сатып жіберуге , өлімге қиюға құқылы болған. Қарыз құлдар, құлдардан туған балалар «үй құлы» немесе «ошақ құлы» деп есептелді, олардың жағдайлары оңай болды. Еуропаның құл саудагерлері құлдармен өте қатыгез болды. Бұл құлдар қашып кетуіне әкеп соқты (бұл Сан- Томе теңіз жағалауында 4 жылға созылған).

Ел басшысы- патша Конгон, толығымен биледі. Лата әр жерге ақсүйектер отбасынан шыққан адамдарды билік басына қойды, және туыстары билеген. Конго жерінің Нзинга-а-Нкуве қаласы християн дінін қабылдап Жоао да Сильва атымен аталды. Астананың аты Сан Сальвадорға ауысты. Бұлар партугалдар мен римдіктермен қарым-қатынаста болды. Ішкі саяси жағдайдағы құл сату айналысуы, және соғыстар Конго мемлекетін әлсіретті.

Ж) Луба

ХУІ ғасырдың І жартысында Катанги территориясында Луба мемлекеті негізін салды. 1959 жылғы Кисале өзенің жағалауындағы қазба жұмыстары ХІІ-ХІІІ ғ мәдениеттің дамуына көз жеткізеді.

Луба өзінің гүлденуі Танганьики көлінен шығыстағы Бушимани көліне дейін, Маньемнен солтүстіктің Замбидің шекарасына дейін созылып жатты. Болуба өзінің жаулап алынған жерлеріне де қоныстанып отырды. Талқандалып, таралған халықтар Конго жеріне аттанып қоныс тапқан. Катанги және балуба жерінің халықтары мыс пен тұзға бай болғандығы соншалықты, бүкіл Орталық Африкаға дейін жайған.

Билік басында жер иеліктің қожайынымын деп есептегендер отырды. Оның қолында саяси және діни билік болды. Билеушілердің қатарына ақсүйектер де кірген, оның көбі әскер басшылары болған. Әрбір билеушілер әр аймақты, округтерді басқарып отырған. Көпшілікті құраған жер иеленушілер еді. Әрбір отбасы жерлерді өңдеп, өз жерлеріне қожайын болған. Жиған тергендерінен жоғарғыларға төлем төлеп отырды. Катангидің жер иеленушілері, саудагерлері, балықшылары, аңшылары өздерінің еңбектерімен айырбас жасаған. Ақша ретінде мыстың әртүрлі формалары жүрді.
27 Дәріс. Орта ғасырлар кезеңіндегі Азия және Африка елдерінің мәдениеті, даму ерекшеліктері.

Мақсаты:

Жоспары

1 Шығыс ренессансы.

2 Ғылым, білімнің дамуы.

3. Мәдениеттің даму ерекшелктері.



4.Дүние жүзілік мәдениетке қосқан үлесі.

Захиреддин Мұхаммед Бабыр атақты Ахмет Яссауи, Лұтфи, Әлішер Науаи тәрізді шығыс әде­биетінің құзар биік көгінде тұрған таланттардың бірі.

Бабыр өзбектің классикалық әдебиетін, әсіресе Әлішер Науаи­дың бай әдеби мұрасын ілгері да­мытқан ақын. Бұған Бабырдың лирикалық өлеңдері (жинағы) «Ба­бырнамасы», «Мұфассалы», «Ба­быр жазбалары», «Ғаріптер ісі» тағы да басқа толып жатқан шы­ғармалары дәлел. Бұл шығармалар өзбек халқы әдеби тілінің негізін салуға, сондай-ақ классикалық шығыс әдебиетін бұрынғыдан да әрі дамытуға қо­сылған үлкен үлес болды.

Бабырдың әдеби мұрасы әлі де болса өзінің та­рихи-эстетикалық бағасын жоғалтқан жоқ. Қайта жылдар жылжып, ғасырдан-ғасырға жеткен сайын Бабыр қалдырған әдеби қазына қалың оқушы қа­уымның көңілінен шығары анық. Оның «Бабыр­намасы» - әлем мәдениетінің ең үздік шығармала­рының қатарына жатады. «Бабырнаманың» ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда көшірілген нұсқалары қа­зірдің өзінде Ленинград, Калькутта, Гагра, Хайда­рабад, Манчестр, Лондон, Эдинбург секілді дүние жүзінің бірнеше қалаларында сақтаулы. Бабыр ли­рикаларының қолжазба нұсқалары Париж бен Үн­дістан кітапханаларынан табылуы да - ақын поэ­зиясына деген халықтар сүйіспеншілігінің айқын белгісі. Ал, оның музыка туралы, поэтикалық өнер, жаңа әліппе туралы, соғыс техникасы жайында жаз­ған ғылыми еңбектері Орта Азия, Ауғанстан, Үндіс­тан, Иран халықтарының тарихында баға жетпес ескерткіш есепті.


Әмір Темір (Құтбуддин Темір Гүркап, Темірлан) - қолбасшы, мемлекет қайраткері. 1336 жылы Түркістанда туып, 1405 жылы Самарқан қаласында жерленген. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. 1361 жылдан Қашқария уәлаятының билеушісі болды. 1370 жылы Мауераннахрды алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Осыған байланысты Ақсақ Темір (парсыша Темірленг) атанған.

Әмір Темірдің қолбасшылық дарыны арқасында Хорезм мемлекеті (1372-1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат, Хорасан (1381), Қандағар (1383), Оңтүстік Әзірбайжандағы Сұлтания (1384), Тебриз, Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370-1390 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға оннан астам жойқын соғыс жорығын ұйымдастырды. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы ресейдің төуелсіздік алуына оң жағдай туғызды. 1390 жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мамлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шаққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Сүйегі Самарқандағы Гүр Әмір кесенесіне жерленді.

Әмір Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394-1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483-1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір империясы ыдырап кетті.

Орта ғасырда өмір сүріп, артына өшпестей із қалдырған шығыс поэзиясы алыптарының бірі, азербайжан халқының ұлы ақыны Мұхаммед Физули. Физули өз кезінде көп нәрседен хабары бар үлкен білімді адам болған. Ол азербайжан, араб, парсы тілін жақсы білген және сол тілдерде көркем шығармалар жазған. Ол тілдерді жақсы меңгеруінің арқасында Таяу Шығыстың мәдениетімен, әдебиетімен түгел дерлік таныс болған. Оның поэзиясын оқып отырғанда ақынның тарих, медицина, астрономия, география, логика, философия тағы басқа да ғылымдармен жақсы таныс болған адам екендігін аңғаруға болады. Ол өзінің «Пікірлер жүйесі» деген шығармасында ертедегі гректің философтарына тоқтап Платонның, Аристотельдің, Гераклидтің, тағы басқа да ескі грек философтарының шығармаларынан мысалдар келтіреді. Бұлардың барлығы да Физулидің өз заманында біраз нәрседен хабары бар, білімді адам болғандығын дәлелдейді. Физули араб, парсы, үнді, өзбек әдебиетін өзінің азербайжан әдебиетіндей жақсы білген. Сондықтан да ол өз шығармаларында Абу Новастың, Хасанның, Хаганидің, Низамидің, Әлішер Науаидің, Ахмеди Шейхтың аттарын жиі атап, шығыс мұсылмандарының әдеби өмірімен таныс екенін аңғартып отырады.

Ақын 1537 жылы «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасын аяқтап, одан кейін философиялық шығармалар жазуға кірісті.

Бірақ ақын бұл кезде де үш тілде ғазалдар мен одалар жазуын тоқтатқан жоқ. Сөйтіп ол өзінің «Жүрек досы», «Денсаулық пен дерт», «Шарықтау мен сенім», «Кезбе мен тақуа» және т.б. да философиялық шығармаларын өз өмірінің соңғы кезіне дейін жазды.



Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмет әл –Бируни –Орта Азияның әмбебап ғалымы.

Яки бір өзі –тұтас бір әлем. Ол –һәм астроном әрі математик, һәм географ әрі

гнолог, һәм дәрігер әрі ақын, һәм тарихшы әрі этнограф, һәм философ әрі филолог.

Ғылымның осынша саласында жемісті еңбек Әбу Райхан Бируни 973 жылдың

күзінде шырылдап дүниеге келген

Әмбебаб –ғұлама Бирунидің ғылыми мұрасы ұшан –теңіз. Бүгінгі зерттеушілердің айтуы бойынша, ол 150 кітап жазған көрінеді. Бір өкініштісі, бұлардың бірқатары бізге жетпеген, жетсе де үзіліп –жұлынған нұмсқалары ғана. Әйтсе де оның «Үндістан», «Өткен буындардың ескерткіштері», «Асыл тастар», «Масғұт таблицалары» және басқалары бірнеше әлем тілдеріне аударылып, ғылымғы кеңінен танымал болып отыр. Соның нәтижесіде Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін Коперникпен 500 жыл бұрын, дененің жерге қарай тартылуын Галилей мен Ньютоннан 600 жылдай бұрын анықтағандығын бүкіл әлем мойындады. Ғылыми еңбегінің мансұқталмай, мойындалуы жеткілікті.

ӘЛ ХОРЕЗМИ (783–850). Толық есімі – Әбу Абдаллах (немесе Абу Жаббар) Мұхаммед ибн Мұса Әл Хорезми. Адамзат өркениетінің дамуына және қалыптасуны өлшеусіз үлес қосқан, көне өркениеттер тағылымының тал бесіктерінің бірі Ежелгі Хорезм еліндегі Хиуа қаласында дүниеге келген. Ол - әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы. Деректер бойынша арғы аталары бұл аймақта, Соғды әлемінде кең таралған зороастризм дінінің қасиетті абыздарынан болған.

Ғалымның латынша есімі «Алгоризми», «Алгоритми» түрінде айтылған. Әл-Хорезми – жан-жақты энциклопедист ғалым болған тарихи ерекше тұлға Оның есімі негізінен әлемге, кейінгі ұрпақтарға математика саласындағы зерттеулермен танымал болды. Сондықтан, қазіргі математика ғылымдарының, алгебра ғылымының атасы болып саналады

Осындай астрономиялық және математикалық еңбектерімен бірге оның жағрапия саласындағы шығармасының да орны бар. Хорезми адам мекендейтін құрылықтың, онда орналасқан әртүрлі халықтар мен жер бедерін, өзен-көлдерін, тау-құмдарын, теңіз-мұхиттарын, мемлекеттері мен қалаларын мен сауда жолдарын көрсете қамтитын жер шарының жағрапиялық картасын құрастырды. Бұл мақсатта ол түрлі ғылыми саяхатшылардың, алысқа сапар шегерін саудагерлердің мәліметтерін пайдаланумен қатар, Византия, Хазария және Ауғанстан елдеріне ғылыми экспедициялар ұйымдастырып, бұл саяхаттарға, шәкірттерімен бірге зерттеуші ретінде тікелей өзі қатысқан. Мысалы, ол карта құрастыру барысында жер меридианының бір градусының ұзындығы туралы өте дәл есептеулер жүргізді.
Солтүстік және Солтустік Шығыс Африка елдеріне грек мәдениеті ықпал етті. Аксумды 4 ғасырдағы - жергілікті жердің жазуына реформа болды. Сол жазулар қазірге дейін қолданып жүр.

3-4 ғ. құрылыс Аксумдыа зор дамыды . Сарайлар, қамалдар салынып, “балшықтардың көмегімен қосылды. Үйдің немесе сарайдың сыртқа шығып тұрған валналарда ағаштан маймылдың , мүйізтұмсықтардың суреттерін әшекейлендіріп жасалынды . Аксумда қала қабырғалары легенді білмеген. Қорған 5 ғ. пайда болды . Алғашында Будда храмдары болып, кейін хрестиян шіркеулері салына бастады. Аксум қайықтары бір- біріне бай лап қойылған тақтайладан жасалынды. Аксумда Африка бір інші рет Библия аударылды.

Аксумның қоғамдық өміріндкгі маңызды оқиға 4 ғасырда християн дінін

қабылдауы болды. Бұл дін Аксумды солтүстігі көршісі Шығыс Рим империя

сымен жақындастырды. Жаңа діне ену қысқа мерзімді шұғыл процесс

болван жоқ, ол бірте-біртежүзеге асырылды . Шығыс Рим империясынан

азаматтар келіп , елдегі християн дінін таралуына қызмет жасады.

Те гін тамақтар таратылып , християн храмдарын салдыртып

“буддизм”біржола жойылып кетті деуге болмаады. Тіпті Эзананың өзі

де християн дінін қабылдамады . Аксумда ресми християн Діні 452 жылы

үстемдік етті.

Мәдениет XY – XYII Орта ғасырларға жоцқын соғыстарға қарамстан Завкавказьеде, Орта Азия да дами бастады. Бұл кездегі армиян халқы мәдениетінің тарихындағы маңызды оқиға - кітап басып шығарудың басталуы болды. Армияның бірінші кітап бастырушы – Италияда өмір сүрген Акоп еді. 1512 жылы Венецияда армияның ең бірінші кітабы Парза – тумар басылып шықты. Ең бірінші армиян баспаханасы 1567 жылы Ыстамбулда ашылды.1584 жылы Римде 1633 жылы Парижде де армиян баспаханалары ашылды. Грузиядағы кітап басу ісі XYII ғасырдың бірінші жартысында басталды. Ең біріншісі грузин кітабы 1629 жылы Римде басылып шықты. XY – XYI ғасырларда Грузияның сәулетөнері дами бастады. XII – XIII ғасырларда Давид Рареджа Вардзиа монастырлары, Икалтомен Гелатиде, Гегтиде тамаша сарайлар салынды. XYI ғасырда Ананури қамалдары салынған.

Арменияда XIII ғасырда Ани қаласында Саргис сарайы, Мренде Сахмадин сарайы салынды. XII – XIY ғасырларда Армениядағы Гладзор, Ахпат, Санаин, татев монастырларында жоғарғы мектептер білім беру ісін жалғастырды. XY ғасырда өмір сүрген армиян тарихшысы Товма Мецопский Тимур билігі кезіндегі Армения тарихын жазды. XIII ғасырда ірі армиян ақындары Фрик, Константин Ерзнкайскийлер 1250 – 1340 өмірсүрді Оның Көктем деген поэмасы сақталған.

XY - XY I ғасырларда Әзірбайжанда да сәулетөнері, әдебиет дами түсті. Сәулет өнерінің ең тамаша ескерткіші XIII ғасырда салынған Пиф – ханег мавзолейі, XI Y ғасырда салынған диван – хане деп аталатын ширван – шахтар сарайының комплексі. XY ғасырдағы азербайжан сәулет өнерінің тағы бір тамаша ескерткіші – Табриздегі зәулім көк мешіт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет