Өзіндік бақылауға сұрақтар:
-
Мал шаруашылығында өсірудің қандай әдістері қолданылады?
-
Будандастырудың биологиялық маңызы қандай?
-
Желі бойынша ауылшаруашылық малдарын өсірудің ерекшеліктері неде?
Ұсынылатын әдебиет:
1. Н.Б. Цирельсон. «Основы животноводства», 1974, Москва.
2. И.И. Поляков. «Основы животноводства», М., 1980.
3. А.В. Бакай. «Животноводство», М., 1985.
Дәріс 9. Мал шаруашылығындағы сұрыптау мен жұп таңдау
Дәрістік сабақтың мазмұны:
-
Табиғи сұрыптаудағы Ч.Дарвин ілімі.
-
Сұрыптаудың тәжірибедегі мәні және маңызы.
-
Жұп таңдаудың маңызы және түрлері.
Сұрыптау - жалпы түрғыдан алғанда адамға ежелден түсінікті ұғым. Тіпті сонау басында аңшылыкпен айналыскан кездің өзінде тағы хайуанаттарды адам өзінде бір талғамы бойынша атқан. Сол сиякты хайуанаттарды қолға үйреткен кезеңде де адам белгілі бір талғамды басшылыққа алғаны сөзсіз.
Сұрыптаудың ғылыми теориясының негізін қалаушы Ч.Дарвин (1809-1882) болды. Ол органикалық дүниенің эволюциялық дамуында, тірі организмнің жаңа түрлерінің, жаңа тұқымдық топтардың пайда болуында сұрыптаудың шешуші ролі барын анықтады. Ч.Дарвин сұрыптау, тұкым қуалаушылық және өзгергІштік бірге отырып, эволюцияның негізгі қозғаушы күшін құрайтындығын дәлелдеі. Өзгергіштік әр ұрпақта оңша көзге көрінбейтін, көптеген жаңа нәсілдік қасиеттер туғызады. Ал, сұрыптау осы көзге көрінбейтін, ұсақ, пайдалы жаңа нәсілдік касиеттерді жинақтап, белгілі бір арнаға түсіріп отырады. Сөйтіп, тіршілік формалары бірте-бірте өзгеріп, дамып отырады.
Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясынын негізгі қағидаларының бірі табиғи және қолдан сұрыптау болып табылады. Дарвин табиғи сұрыптауды анағұрлым иекмді түрлердің өмір сүруі немесе тірі қалу үшін жүргізілген күресі ретінде анықтаған. Бұл, егер тұқым қуалаудың өзгерістері тиімді белгілердің пайда болуына әкеліп соқса, онда мұндай малдар табиғи жағдайларда емір сүріп, артына ұрпак калдыра алады деген сөз. Табиғи сұрыптау пайдалы белгілердің тұкым қуалаушының жолымен берілуіне, осындай белгілері бар малдар санынын көбеюіне жеткізеді. Егер тұкым куалаудың өзгерістері пайдасыз белгілердің (нашар төзімділік т.б.) пайда болуына әкеліп соқса, онда мұндай малдар өлім- жітімге ұшырайды. Сөйтіп, табиғаттың өзі анағұрлым күшті, төзімді өмір сүру ортасына икемделген малдарды одан әрі өсіп көбеюі үшін сұрыптап отырған. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы нақ осылайша жүзеге асады.
Адам ет-сүт, жүн және т.б. өнімдерін мал беретін пайдалы белгілері бар малдарды сұрыптап көбейтеді. Ауыл шаруашылық малдары жан-жакты өнім беретіндігімен бағаланып, сұрыпталады. Мысалы: сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиыр малы тірі салмағы, сүт беруі, сүт майлылығы және ұрпағының сапасы бойынша сұрыпталады.
Малдың конституциясы мен экстерьері бойынша бағалау және сұрыптау. Малдың конституциясы мен экстерьері бағалау арқылы, ұнамды типті сұрыптау оңайға түседі, яғни ол жан-жақты бағаланып, шаруашылыкка пайдалы белгілері бойынша іріктеледі. Тандалатын малдың дені сау, өнімділігі бойынша жақсы көрсеткіштерге ие болуы тиіс. Әсіресе, экстерьерді бағалағанда малдың дене бөліктерін өнімділігіне байланысты сұрыпталады.
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малын экстерьері бойынша сұрыптағанда басты назар желін формасы мен көлеміне, біркелкілігіне, орналасуына және емшектерінін көлеміне аударыланады. Сонымен қатар, баскалардан айырмашылығы ұзын әрі терең кеудесіне кабырғалары қиғаш орналасқан. Құрсак бөлігі ұзындау және көлемді болуымен сипатталып, сұрыпталады. Осындай экстерьерді малдардың сүт бөлуі жоғары болып келеді.
Етті багыттағы ірі қара малын сұрыптағанда ет шығымы мен оның бағалы сорттарын беретін дене бөліктерінің ерекшеліктеріне назар аударады. Ет бағытындағы малдардың кеудесі кең, тереқ, домалак, белі жалпак, бұлшық еттері барлық дене бөліктерінде, әсіресе кеудесінің арткы бөлігінде өте жақсы дамығандығымен сұрыпталады. Өнімділігі бойынша бағалау және сұрыптау. Өнімділік - ауыл шаруашылық малдарының басты шаруашылыкка пайдалы қасиеті. Сондыктан ол малды белгілері бойынша кешенді бағалауды сұрыптаудың барлық әдістеріне кіреді, Малдарды шығу тегі бойынша болғанында ата-тегі мен бойынша өнімділігіне басты назар аударылады.
Ұрапығының сапасы бойынша бағалау және сұрыптау. Малдардың асыл тұқымдык бағалылығын анықтау, онын ұрпағынын сапасы бойынша жүргізіледі. Ұрпағының сапасы бойынша аналықты және аталықты бағалап, тандайды.
Аталық пен бойынша бағалау және сұрыптау. Әрбір тіршілік иесінде түқым қуалаушылык тең дәрежеде жүреді, яғни, жартылай
салдар 85-110 кг салмаққа жеткенде, оларды тірі кезеңдегі-кыртысмайынын (шпик) қалыңдығы бойынша бағалайды.
Мал басын толықтыратын және асыл түкымды жас төлдер 6 айлығына дейін ата-енесінің жиынтык класы бойынша және тірілей салмактық класы бойынша бағаланады. 6 айдан соң көрсетілген үш көрсеткішке тұлғасының ұзындығына берілетін класс косылады, ал тірілей салмағы 85-110 кг шамасына жеткенде тірі кезінде анықталмаған кыртысмай калындыгына арналған класс қосылады. Бүл тұракты көрсеткіш ретінде асыл түкымды шошкалар табыннан шығып кеткенге дейін келесі бағалау кезінде ескеріліп отырады.
Қой малдарын бағалау ерекшеліктері. Қой шаруашылығында тұқымды бағалау өнім бағытына байланысты әр түрлі болады. Әдетте, койларды негізгі селекцияланатын белгілері толық көрінгенде бағалайды. Бонитировканың екі түрін: қамау кезінде әрбір малды бағалаудың барлык керсеткіштерін бонитировка кілтінін көмегімен арнаулы журналға жазып отырады. Класты бонитировкалауда жекелеген малдардын сапасын жазуды жүргізбейді, белгілі бір класка жатқызған малдардың санын есепке алып отырады.
Конституциялық - өнімділік сапасын бағалау нәтижелері бойынша қойларды класқа беледі. Оны жүргізгенде қойларды бонитировкалау жөніндегі нұскаулардың талаптарын басшылыққа алады.
Биязы және биязылық жүнді койларды бонитировкалағанда 4 класқа: элита, 1,2 және 3 класқа бөледі. Ал биязы және қылшық жүнді қойлардың будандарын да 4 класқа ажыратады, бірақ элита класы берілмейді. Роман қойларын, жүнді-етті және құйрыкты қойларды бағалау да 4 класқа бөлінедІ: элита 1,2,және 3 кластан тұрады.
Малды алдағы уақытта пайдалану үшін, өнімділігі айқын көрінген уақытта өміріне бір рет негізгі баға беріледі. Өнімділік бағытына байланысты бонитировканы өткізу уақыты да әртүрлі. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдарын көктемде бірінші қырқу алдында бір жасында, ал элита класына жатқандарын екінші рет екі жасында жеке бонитировкалаудан өткізеді. Елтірілік бағыттағы қой тұқымдарын 1-3 күндігінде бағалайды. Тондық бағытгағы жас малдарды 7-8 айлығында, жаз мезгілінің аяғында немесе күз мезгілінін басында бонитировкалайды. Ал қылшық жүнді, етті-майлы бағыттағы қой малдарын бірінші шағылыс алдында, күзде бағалайды. Жас малдар бұл кезеңде 18 айлық жаста болады.
Сұрыптау аяқталған соң, яғни малдар бағаланып, тұқым асылдандыруға ерекше түрлер калдырылған соң, жұп таңдау жұмысы жүргізіледі.
Жұп таңдау - іріктеп алған малдың ішінен ұнамды ұрпак бере
алатын бір-біріне лайықты аталық және аналык жұп кұру.
Сұрыптау мен жұп құрудың нәтижесі адамның малға әр түрлі әдістерді қолдана отырып, оларды күтіп-бағу, өсіруіне, асылдандырудағы будандастыру жүйесіне байланысты сапалык өзгерістерден көрінеді.
Жұп қурудың принциптері мен формасы. Тәжрибе жүзінде жұп құруды жеке және топтық деп бөледі.
Жеке жұп кұруда өте сапалы ұрпак алу мақсатында іріктеліп алынған аналықты қандай аталықтан ұрықтандыру керектігін шешеді. Ол үшін аталық пен аналықтың сапалық және сандық көрсеткіштерін, конституциясын, экстерьерін, шығу тегін және т.б. көрсеткіштеріне жан- жақты назар аударады.
Жеке жұп кұрудын нәтижесі сапалы, әрі көзделген мақсатта ұрпақ алуда тиімді болып келеді.
Топтық жұп құру. Бір топ аналыкка жалпы немесе жеке ерекшеліктері бойынша шығу тегі мен сапасы анықталған бір немесе екі аталықты бекітеді. Жұп құрудың қай формасын алсақ та, бір міндетті шешеді, яғни, ол, жыл өткен сайын алынатын ұрпақтың сапасын жоғарылата түседі. Осыған байланысты біз жұп тандауда жалпы баскару принциптерін анықтай аламыз. Мысалы, ол принцип: өте жақсы мен өте жақсыны жұптастырып, одан да өте жақсы, яғни, аналық пен аталықтың ең тандаулы касиеттерінен біріккен ұрпак алуға негізделген, яғни, ол сапасы жағынан өз ата-анасынан да асып түсуі тиіс.
Жұп құрудың жоспары. Асыл тұқымдык жұп таңдаудың формасы мен әдістерін қолдану маңызды, әрі күрделі іс. Қой отармен жүмыс жасасақ та, ең алдымен жаксылап ойланып, жоспар құру кажет. Жұп кұрудың жоспарын жүмысшылар өңдейді. Ол көбінесе отарға бонитировка жұмысы жүргізілгеннен кейін жасалады. Шаруашылықтың бағытына және асыл тұқымдық жұмыс сатысына байланысты жұп кұру жоспарын аталықтарға бір уакытта, бір жылға немесе бірнеше жылға құрады.
Малдың асыл тұқымдық сапасын кешенді белгілері бойынша бағалап, алдағы уакытта пайдалануға жарамдылығын анықтайды. Оны селекцияда бонитировка деп атайды.
Ет бағытындағы ірі қара малына бонитировканы жайылым аякталған соң, тірі салмақ қосып, экстерьер көрсеткіштері анық көрінетін уақыт, тамыз айы мен қазан айының аралығында жүргізеді.
Сүт және сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдарын кешенді бағалағанда: тұқымына және шығу тегіне, салмағына, ұрпағының сапасына, өнімділік қабілетіне басты назар аударады.
Өзіндік бақылауға сұрақтар:
-
Сұрыптау және жұп таңдау дегеніміз не?
-
Сұрыптау және жұп таңдауда белгілер кешені бойынша малдарды бағалау немен тұжырымдалады?
-
Инбридинг дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.
-
Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.
-
Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
-
Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.
Дәріс 10. Асыл тұқымды жұмыс жөнінде жалпы түсінік
Дәрістік сабақтың маңызы:
-
Асыл түқымды жүмыс және оның міндеті
-
Асыл түкымды жүмысты жүргізу шаралары.
-
Асыл түкымды жүмысты жүргізу критериі.
Асыл тұқымды жұмыс аз шығын шыгырып, мол, әрі сапалы өнім өндіру мақсатында жүргізіледі.
Асыл тұқымды жұмыс шаралары:
1. Малдарды жоспарлы түрде сұрыптау және жұптау;
2. Экстерьері бойынша бағалау;
3. Конституциясы бойынша бағалау;
4. Көзделген мақсат ұрпак алу үшін жұптастыру;
5. Жас малдарды өсіру;
6. Малдарды азыктандыру, күтіп-бағу;
7. Ветеринарлық-санитарлық және зоотехникалық шаралар.
Асыл тұқымды жұмыс жүргізу мерзімінде асыл тұқымды малдарға құжаттар мен мемлекеттік асыл тұқым кітабына (мал түрі, сүт беру талабына сәйкестігін, сүт майлылын, тірі салмағын әр түкымға жеке толтырады) енгізіледі.
Мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарда малдың ата-тегінің құжаттары (малдың ата-анасы, ата тегі, олардын өнімділігі мен асыл тұқымдық сапасы) толтырылады.
Асылдандыру шараларын асыл тұқымды жұмыс жүргізетін станцияларда немесе қолдан ұрықтандыру пункттерінде жүргізеді. Барлық жұмыс ұйымдасқан түрде, қолда бар тұқымнан жоғары өнімді азық шығынын өтей алатын тұқым алумен сәтті аяқталуы тиіс.
Асыл тұқымдық қызметті ұйымдастыру. Қызмет көрсетуге: малдардың асыл тұқымдық сапасын және өнімділігін жақсарту шараларын жүргізу міндеттеледі.
Қызмет бөлімі: асыл тұқымдық бірлестіктері (асыл тқұымдық станциялар, қолдан ұрықтандыру станциясы).
Қызмет көрсету ұйымы: асыл тұқымдык жоспарларды өңдейді, қолдан ұрыктандыру станцияларын іріктеп, бонитировканы және асыл тұқымдық кітапқа тіркеуді жүргізеді. МАК (ТК)- ғы малдарға арнаулы формадағы жеке карточка ашып, сонда тіркейді. Карточкаға жыл сайын малдың асылдандыруға пайдалануын және өнімділігін толтырып отырады.
Өзіндік бақылауға сұрақтар:
-
Біздің еліміздегі асыл тұқымды істі ұйымдастыру жүйесі туралы айтыңыз.
-
Асыл тұқымды және пайдалнушы шаруашылықтардағы асыл тұқымды жұмыс ерекшеліктері немен тұжырымдалады?
-
Асыл тұқымды ядроны қалыптастыруды орындау кезінде қандай талаптарды орындау керек?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.
-
Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.
-
Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
-
Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.
Дәріс 11. Тұқым туралы түсінік.
Дәрістік сабақтың мазмұны:
-
Түқымды анықтау. Т\қымнын негізгі белгілері.
-
Түкымды сактап қалу шаралары.
-
Түқым күрылымы. Т\қым шығару.
Тұқым туралы түсіпік. Үй жануарлары ғана тұқымдарға ажыратылады. Зоотехнияда ауыл шаруашылық малдарының жіктелуінің негізгі жүйелік бірлігі болып тұқым, сонымен қатар, зоологтарда түрлер табылады. Тұкым өндірістің негізгі заты және ауыл шаруашылық малдарының эволюииясының қорытындысы. Қазіргі уакыттағы барлық тұқым түрлері адам еңбегінің нәтижесі. Қазіргі уакытта жер шарында барлығы 2737 бас тұқым бар, оның ішінде ірі қара малы - 1000, шошқа -203, қой - 160, ешкі - 20, жылқы -250, құс - 232, қоян ~ 60, ит- 400, бұғы -12.
Тұқым туралы түсінік ең алғаш XI1 гасырда адам малдарды шағылыстыра бастағанда пайда болды. Бұдан тұқымның тұрақты белгілері, өзгермейтіндігі және шығу тегі ерекше белгіленеді. Оқымыстылар (Зеттегаст, Вилькенс, Кронахер, Крюгер, Адамец және т.б.) «тұқым» туралы түсінікті әртүрлі талкылады. Ч. Дарвин тұқымды түр және үй жануарының әр түрлілігі, адам еңбегімен қажеттілігін қаматамасыз ету мақсатында шығарылған деп түсіндіреді. Д.А.Кисловский тұқым жайлы үлкен жануарлар тобы кіретін, солардың жалпы белгілерін өндеп шыгарған, талапқа сай және тез бейімделгіш, өзіндік белгілерін жоғалтпаған, басқа тұкыммен шағылыстырғанда жақсартушы әсерін береді деп түсінді.
Түрдегі конституцияның қалыптасуына эндокриндік және нерв жүйелері әсер етеді. Сонымен қатар қолдан сұрыптау, азықтандыру, күтіп-бағу жағдайлары мал конституциясының қалыптасуында зор роль атқарады.
Конституция - өнімділік бағытымен тығыз байланысты. Ет бағытындағы ірі қара (қазақтын ак бас, герефорд, шароле, шортгорн тұқымдары) және ауыр жүк тартатын жылқылары (шайр, клейдесдаль) болбыр типті конституцияға жатады.
Мықты типтегі шошқалар — орташа өнімділігімен сипатталады. Қоңдылық - сыртқы формасынын жағдайы, малдың семіздігі мен пайдалануына байланысты бағаланады. Ол: заводтық, көрмелік. жұмыстық, жаттығатын жөне бордақылынатын қоңдылықтарға бөлінеді.
Заводтық қоңдылық - жақсы қоңдылығымен ерекшеленеді, мал организмінде қоректік заттар жеткілікті жөне қор ретінде сақталады, бірақ ұлпалардың майлануы байқалмайды. Мұндай кондиция балансты азықтандырумен, жақсы күтіммең малдарды ұтымды пайдалануға жол ашады. Заводттық қоңдылықта барлық асыл туқымды аталық және аналык малдар болуы тиіс.
Көрмелік қоңдылық - бұған көрме талаптарын канағаттандыратын малдар кіреді. Мал өніміне, түріне байланысты көрме тапаптары да әр түрлі. Көбінесе көрмелік қоңдылыққа мол азықпен азықтандырғандағы малдың «сәнді» түрлері жатқызылады.
Жұмыстық қоңдылық - малдар (жылқы., мүйізді ірі қара) орташа коңдылықтарымен, өте жақсы дамыған бұлшық еттерімен және мықты сүйектерімен ерекшеленеді.
Жаттығатын қоңдылық - малдар (жүйрік желісті жылқылар) денесінің құрғақтығымен, организмдегі артық су мен майдың болмауымен ерекшеленеді және жарыстарда жоғары күштеулерге кабілетті.
Бордақыланатын қондылық - бұл бұлшық еттері ерекше
бұлшықтанған, көп мөлшерде май жинайтын малдар.
Экстерьер - малдың сыртқы дене бітімін тұтас алғандағы түрі. Бұл терминді алғаш зоотехния ғылымына 1768 жылы енгізген, француз оқымыстысы К.Буржель болды. Оның пікірі бойынша малдың басының формасы мен көлемі бойынша дене бітімінін ара қатынасын табуға болады деп көрсетті. Малдың дене үйлесімділігіне ерекше назар аударады. Арабтың ветеринар-врачы Абу-Бекра, жылқы экстерьері жөнінде кітап жазды. 1717 жылы Ю.М. Долгпруковтың экстерьерді бағалау әдістері туралы жазылған «Конская» атты кітабы Россияда жарык көрді. Француз ғалымы Ф. Гелон XIX ғ.ғ. 3-ші жартысында, сүт айнасы көлемі бойынша сиыр сүттілігін анықтады.
Сүт айнасы - бұл желінді малдың артқы жағынан қарап жан-жақты бағалау. Бірақ бұл әдіспен сиыр сүттілігін аныктауға рұқсат берілмеді. Ен алғаш малдың экстерьері жөніндегі оқу құрылымын В.Н. Всеволодов (1832) Россияда «Наружный осмотр (экстерьер) домашних животных, преммущественно лошадей» деген атпен шығарды. Осы сияқты көптеген орыс оқымыстылары: М.Г. Ливанов., М.И. Придорогин., П.П.Кулешов., Е.А. Богданов., Е.Ф. Лискундар организм функциялары мен формасыынң, өнімділік бағытымен дене бітімінің байланысын жете зерттеді.
Осының нәтижесіңде тек Англияда XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдын басында көптеген аса бағалы мал тұқымдары шығарылды. Мысалы: етті бағыттағы шортюри, герефорд, абердин-ангус сиырлары, лейстер, линкольн, геметшир койлары, ірі ақ шошқа. Осы уакқытта Германияда остфрез, Голландияда - голланд сүтті сиырлары. Швецарияда сүтті-етті бағыттағы симментал мен швиц тұқымдары шығарылды.
Мал тұқымының қалыптасуына, дамуына әсер ететін келесі күшті фактор - табиғи-географиялық орта. Үй жануарларының бағып-күтуін адам өз мойнына алғанмен, сыртқы табиғи-географиялық орта ерекшеліктерімен шектеледі. Сондықтан жаңа мал тұкымын шығару қолдағы бар мал тұқымын одан әрі жетілдеру жұмыстарын нәтижелі жүргізу үшін, табиғи-географиялық орта әсерінің бағыттарын жете біліп, оны ұтымды пайдалану қажет.
Тұқымды жіктеу. Еңбек өнімділігі сапасына және санына, тұқым шығаруға кеткен шығынға байланысты тұқымды: жергілікті (абориген), заводтық жөне өтпелі деп үш топқа бөледі:
Аборигендік немесе жергілікті тұқымдар - негізінен табиғи сұрыптаудың әсерінен қалыптасқан. Олардың өнімдік қасиеттерінің дамуына адам аз араласқан. Аборигендік тұқым малы жан-жақты (диверсалды) өнім бергенмен, олардың ешқайсысы жақсы жетілмеген, бірақ белгілі - бір ауа-райы жағдайларына бейімделгіш келеді.
Заводтык немесе мәдени тұқымдар - көп жыл бойына жүргізілген сұрыптау, жұп таңдау және белгілі бір жағдайда бағып-күту, азықтандыру сияқты жұмыстар, негізінде калыптасқан тұқымдар жатады. Бұл топқа жататын мал тұқымдарыңың өнім көрсеткіштері жоғары және осы өнім бағытына мамаңдандырылған.
Өтпелі тұқымдардың қалыптасуына адам қатынасуы тұрғысынан карағанда ол заводтық тұқымдар мен аборигендік тұқымдар арасындағы аралық орынды алады. Бұл топқа жататын тұқымдардың эволюциясында, әсіресе соңғы уакытта қолдан сұрыптау, бағып-күту, азықтандыру, қолайлы жағдай туғызу елеулі роль атқарып келеді. Өтпелі тұкымдарға тән ерекшелік құрылым бөліктерінің әр тектілігі.
Тұқым құрылымы. Мал тұқымдары өзндік ерекшеліктері бар әр түрлі кұрылымдық бөліктерден тұрады. Мал тұқымдарының құрылымдық бөліктеріне: аймақтық тип (отродье), тұқым ішіндегі тип (внутрипородный тип), заводтық тип, аталық із (линия) және аналық ұя (семсйство) жатады.
Аймақтық тип - ауа райында ерекшеліктері бар жер жағдайына жаксы бейімделген, тұқымның үлкен бір бөлігі. Кез-келген тұқымда аймақтык тип болуы шарт емес. Ол тек ареалы кең, әр түрлі аймақтарында өсуіне жақсы бейімделген мал тұқымдарының құрамында болады.
Тұқым ішіндегі тип - мал тұқымы құрамында жалпы тұқымға ортақ қасиеттерімен қатар өнім бағытында, дене бітімі мен пішінінде, тіршілік ортасы әсерлеріне төзімділігіне қарай болатын ерекшеліктері бар тұқым топтары болады.
Заводтық тип – өнімінде өзіндік ерекшеліктері бар және оларды ұрпақтарына тұрақты бере алатын, асыл тұқымды мал өсіретін заводтың тұқымы.
Аталық із – деп мал өнімді еркек малдан тараған соған ұқсас өнімді мал тобын айтамыз. Аталық ізге оның негізін салушыға туыстық қатысы бар және өнімді линия стандартына сәйкес келетін барлық малдарды жатқызады.
Аналық ұя – деп, мал өнімді ұрғашы малдан тараған, анасына ұқсас өнімді, ұрғашы ұрпақтар тобын айтамыз. Мақсатты жүргізілген селекциялық жұмыстар негізінде қалыптасады. Өздеріне тән өнімділік, биологиялық ерекшеліктерін ұрпақтарына тұрақты бере алады.
Тұқымдық топ (породная группа) – деп адамның белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайда жүргізілген творчествалық еңбегінің нәтижесінде қалыптасқан, құнда өнімдік, немесе биологиялық ерекшеліктері бар және оны ұрпағына жеткілікті дәрежеде бере алатын мал тобын айтамыз. Тұқымдық топтың мал тұқымынан айырмашылығы, оның саны мен генсологиялық құрылымы ұзақ уақыт өзара шағылыстыруға әлі жеткіліксіздігінде.
Тұқым – тұқымдық топтың саны қажетті мөлшерге жетіп, өнімдік құнды ерекшеліктері мен нәсілдік қасиеттері сақталса, оны жаңа мал тұқымы ретінде бекітеді. Мал тұқымының күрделі құрылымын сақтау үшін асыл тұқымыды жұмысты үздіксіз жүргізу қажет.
Зоотехникалық практикада инбридингті тығыз, баяу және алыс деп ажыратады. Тығыз инбридингті (әкесін қызымен, үлын шешесімен, бауырын карындасымен қосақтау) линяны құру кезінде, өте қажет болғанда ғана қолданады. Көп жағдайда баяу инбридинг жиі қолданылады, мұндай кездері зияңды салдарлар сирек байқалады және онша қауіпті емес, ал аталарының бағалы касиеттері нығайтылып, инбридннгті жүргізу табысты өтеді.
Буданастыру - бұл әртүрлі тұқымға жататын, сондай-ак таза тұқымды малдарды будандармен және будандарды өзара қосақтау. Дүние жүзіндегі казіргі тұқымдардың көпшілігі шағылыстырудың әртүрлі әдістерімен шығарылған. Шағылыстыру тек қана жаңа тұқымдардың шығарудың тиімді әдісі емес, сонымен бірге будандас малдардың өнімділіг шапшаң арттыруды қамтамасыз ететін өте маңызды әдіс болып табылады. Өзара үйлесетін түкымдарды шағылыстырудан алынған будандар өзіңің өнімділігі және өнім сапасы жагынан ата-аналарынан кемтүспейді, тіпті өнімділігінің саны сен сапасы жағынан олардан асып
түседі.
Егер екі түкьгмды пайдаланса мүндай шағылыстыруды қарапайым; үш одан коп түқымдарды пайдаланғанда - күрделі деп атайды. Қойларды өсіру кезінде қойылатын мақсатқа баиланысты шакылыстырудың бірнеше түрін: өндіріс (түрі жаңарта), өнеркәсіптік (заводтык), еркін (кан жақарту) және алма-кезек қолданад^
Өзіндік бақылауға сұрақтар:
-
Тұқым түзілуге және тұқым эволюциясына қандай факторлар әсер етеді?
-
Тұқым құрылымы деп нені түсінеміз?
-
Ауыл шаруашылық малдарының қандай тұқым классификациясын білесіз?
Ұсынылатын әдебиет:
1. Н.Б. Цирельсон. «Основы животноводства», 1974, Москва.
2. И.И. Поляков. «Основы животноводства», М., 1980.
3. А.В. Бакай. «Животноводство», М., 1985.
Дәріс 12,13. Малдарды азықтандырудың ерекшеліктері.
Дәрістік сабақтың мазмұны:
-
Азықтандырудың мал шаруашылығындағы ролі.
-
Малдарды толыққанды азықтандырудың жаңа заманғы ілімі.
Ірі қараны азықтандыру. Қолдағы сиырдың сүттілігі алдымен оның дұрыс азықтандырылуына байланысты. Әрбір литр сүт түзу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден астам қан өтеді екен.
Ал тәулігіне оншақты литр сүт шығатын сиырларды алсақ, олардың желін тамырлары арқылы 5—6 мың литрдөн астам қан өтетінін өсептеу қиын өмес. Осы қан құрамында сүтті түзуге қажетті бүкіл қоректік заттар мен қосындылар жеткізілуге тиіс қой. Ал олар қайдан алынбақ? Қан құрамына малдың ас қорыту жолдарындағы қорытылған азықтық қоректік заттары сіңіріледі. Сондықтан қан мен қажетті қосындылар сүт түзу үшін, малды жан-жаңты толықтырылған азықтық, рациондармен жеткілікті дәрежеде азықтандыруқажет.
Сиырды дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратьш мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары — үлкен қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді. Бұл алдыңіғы қарындарда көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Осы қарындар олардың өсіп-өнуіне әбден қолайлы. Алдыңғы қарындарда ұлтабардағыдай өте қышқыл реакциялы қарын сөлі немесе тұз қышқылы болмайды, ал күйіс қайыру кезінде сиырдың сілекей бездері шығаратын сілекейі көп мөлшерде үлкен қарынга құйылъш, ондағы ортаға микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы сілтілік реакция береді. Содан барып алдыңғы қарындарда әбден күйселіп, шайналып, ұсақталмаған азық бөлшөктері біршама уақыт кідіретіндіктен олардың қоректік заттарын пайдаланьш, көптеген
микроорганизмдер өсіп-өнеді. Олар бір клеткалы жануар тектес (микрофауна) және қарапайым өсімдік тектес (микрофлора) ор-ганизмдерден тұрады. Өздерінің тіршілік процестеріне үлкен қа-рынға түскен азықтық заттарды пайдаланып, өз денесінің қо-сындыларына енгізед,і. Мысалы, азықтық азоттың заттарды игеріп, өз денесі белогының амин қышқылдарын түзеді. Олар белоктық азот пен белок емес заттардың (амидтердің), сонымен қатар тіпті анорганикалық азотты (карбамид сияқты химиялық қосындыларды) да игере алатындығын ескерсек, осы микробиологиялық түзу арқылы сиырларға құнсыз азоттық, қосындылардан ауыспайтьш амин қышқылдарына байытылған құнды белоктар жеткізіледі. Міне, осыдан эволюция барысында макроорганизм (сиыр) мен микроорганизмдер (үлкен қарын микрофлорасы мен микро-фаунасы) бір-біріне қажетті жағдай туғызып, өзара тіршілік етеді.
Алмастыруға келмейтін аминқышқылдарымен қатар алдыңғы орындардағы микроорганизмдер маңызды витаминдерді (В12 цианкобаламин, К витамині) де түзетінін ескерсек, олардың азықты биологиялық өңдеуден өткізуінің малға қаншалықты маңызды екенін ағару қиын емес.
Сондықтан ірі қараның азық рационын олардың алдыңғы қата-рындарында өтетін микробиологиялық процестерді ескере отырып жасау қажет. Азық рационы арқылы алдыңғы қарындардағы микробиологиялық түзуді неғұрлым ұлғайта алсақ, малды жоғары сапалы белоктың заттармен, қажетті витаминдермен солғұрлым қамтамасыз ете аламыз. Оның алғашқы шарты — сиыр рационы-ның бірыңғай сақтап, тез бұзбай, ал қолданылатын жаңа азықтарды біртіндеп, азаздап енгізеді. Сондай-ақ қысқы азықтандырудан жазғы жайылымға ауыстырғанда да осы қағиданы ұмытпай, қысқы азықтарды жайылым отымен біртіндеп қана ауыстыру қажет. Сонда ғана сиырды іш өту індетінен сақтандырьш, қысқы рациондарға бейімделіп қалған микроорганизмдер ассоциациясын сақтап қалуға болады.
Сиыр азықтандыруды дұрыс ұ.йымдастыру үшін оның жасына, тірілей салмағына, физиологиялық жағдайына, өніміне қарап оларға қажетті қоректік заттар мөлшерін (азықтық нормасын) анықтауға болады. Қазіргі кезде сиырларга 80-нен астам қоректік және биологиялық активті заттардың қажет екендігі белгілі больш отыр. Әрине азыңтандыру барысында олардың бәрінің деңгейін бақылау мүмкін емес. Сондыңтан сиыр организмінің қоректік заттарға деген мұқтаждығын көрсететін нормалық көрсеткіштер ретінде ең маңызды алты көрсеткіш алынады.
Олардың ішіндөгі негізгісі — организмнің жалпы энергиялың мүқтаждырын көрсететін Советтік азық өлшемі. Қазіргі уақытта бұл өлшем ретінде құнарлылығы өгіз денесіне 150 грамм май байлайтын 1 кг сұлы алынған. Советтік азықөлшемімен қатар құндылығы алмасу энергиясының 2500 килокалориясына тең энергиясының
2500 килокалориясына тең энергиялың азық өлшемі де қолданылады.
Белоктық қажеттіліктің көрсеткіші ретінде қорытылатъш про-теин,, минералдық көрсеткіштер ретінде — ас тұзы, калций жәнө фосфор, витаминдік көрсеткіш ретінде — каротин алынған. Міне, осы алты көрсеткіш малдың азық нормасын белгілейді. Әсіресе организм қажеттігін энергиядан кейін белоктық заттармен қамта-масыз етудің маңызы өте зор. Өйткені олар организмдегі пласти-калық, құрылымдық түзу процестерін қамтамасыз етеді.
Сиырларды азықтандыру нормасы
тілер бақшалық дақылдар ,ірі азықтарға пішен, пішендеме,сабан топан, жемге қүрама жем, астық және бұршақ тұқымдастар дәні, кебек, күнжара, шроттар жатады.
Көк азықтар — ірі қараның жазғы уақыттағы негізгі азығы. Жақсы жайылымда сауын сиырлар тәулігіне 70 килограмға дейін көк балауса жей алады. Жас көк балаусаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан жалпы құндылығы 0,18—0,29 азық өлшемі аралығында болады. Орташа химиялық құрамын алғанда түрлі жайылым отында 60—80% су, ал құрғақ затында 20—25% протеин, 10—18% клөтчатка, 4—5% май, 35—50% азотсыз экстравтік заттар, 9—11% минералды (күлді) заттар болады. Құрамында мал организмінің тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік және биологиялық белсенді заттар, ең алдымен витаминдер, өте жақсы сіңірілетін болғандықтан көк азықтардың қоректілігі мен құндылығы өте жоғары бағаланады. Жалпы қоректілігі жағынан көк азықтардың құрғақ заты құнарлы жемдермен тең түссе, биологиялық және витаминдік бағалылығы жағынан олардан анағұрлым басым.
Жазғы уақытта сиырларды күн ұзағына (тәулігіне 14—16 сағат), әсіресе ертеңгі және кешкі салқынды пайдаданып өріске шығарған жөн. Жайылымда сиыр жақсы серуендейді. Оның үстіне күн сәулесін қабылдап, ширайды, денесіне белок, май, минералды заттар және витаминдер қоры жиналады. Олардың өнімділігі артып, өнімінің сапасы жақсарады. Мысалы, сүт құрамында каротин көбейгендіктен одан шайқалған май сары түсті, мол витаминді келеді. Сиырлардың күйті жақсы келіп, ұрықтанғыш қабілеті артады.
Көктемгі уақытта көк шыға сиырларды бірден жайылым отына шығаруға болмайды. Қысқы ірі азықтарды бірден шырынды көк балаусамен алмастырса, алдыңғы карындардағы микробиологиялық, процестер күрт өзгеріп, көптеген ішкі газдар пайда болады. Сөйтш сиырдың іші кеуіп (тимпания) кетеді. Тіпті іші де өтеді. Оның алдын алу үшін малды жаңа шыққан көк балаусаға біртіндеп, өріске шығар алдында ірі азықтар беріп алып жайған жөн. .
Өзіндік бақылауға сұрақтар:
-
Азықтандыру нормасының мал шаруашылығындағы маңызы қандай?
-
Малдарды азықтандыру және типтік рацион туралы айтыңыз.
-
Толыққанды азықтандыруға бақылау қалай жүргізіледі?
Ұсынылатын әдебиет:
1. Н.Б. Цирельсон. «Основы животноводства», 1974, Москва.
2. И.И. Поляков. «Основы животноводства», М., 1980.
3. А.В. Бакай. «Животноводство», М., 1985.
Дәріс 14. Мал шаруашылығы саласы технологияларының негізі.
Дәрістік сабақтың мазмұны:
-
Мал шаруашылығының халықтық маңызы.
-
Мал шаруашылығының пайда болуы.
Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды саласы, ол қалқымызды әртүрлі тағамдармен,жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдері мен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан өңделген өнімдер калориялығы жағынан жоғары биологиялық аса құнды азық болып ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері, елтірілер, киім, аяқ киім және т.б. өнеркәсіп тауарларын дайындауға қажетті шикізат көзі болып табылады. Малдың мүйізі мен тұяқтарын, сүйектерін өңдеу арқылы олардан әртүрлі бұйымдар, сувенирлер, түймелер, клей және т.б. заттар жасайды. Кейбір өнімдерінен (ішкі мүшелері мен ұлпаларынан) дәрі -дәрмектер мен препараттар жасалады. Кейбір өнімдерінің қалдықтарынан мал азығы (тартылған сүт, ет-сүйек ұны, сүйек ұны) үшін қолданылады. Малдың қиы бағалы мүшейкалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Малдың кейбір түрлерін (жылқы, түйе, өгіз, есек) күш-көлік ретінде пайдаланады.
Ауыл шаруашылығының негізгі саласы ретінде мал шаруашылығына қой, ешкі сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады. Малдың бірнеше түрін өсіру арқылы әртүрлі қажетті тағам мен шикізат өнімдерін қамтамасыз етуге болады.
Ғылымның ғарыштап дамуына байланысты мал шаруашылығы ғылымы да көптеген нәтижелерге жетті. Мал шаруашылығы ғылымының негізін зоотехния құрайды. Зоотехния ғылымының мал өнімдерін мол өндіруде,өнімнің өзіндік құнын төмендетуде,мал тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды жолмен азықтандыруды.жақсы бағыт-күтуді ұйымдастыруды зерттейтін ғылымдар жиынтығы.Осы ғылымның дамуы мен Респуликамызда еңбек етіп жүрген аграрлық сектордағы ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде мал тұқымының көптеген түрлері шығарылып,жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.Бұлардың қатарында атап айтар болсақ мүйізді ірі қара шаруашылығынды мол ет өнімін беретін қазақтың ақбас сиыры, оңтүстік жерлеріне бейімделген сүтті бағыттағы Әулие ата сиыры қос бағытты өнім беретін етті-сүтті Алатау тұқымы; жылқы шаруашылығында өнімділігі жоғарлатылған жәбі жылқысы, Қостанай жылқысы, республикамыздың климаттық жағдайларына бейімделген Ахалтеке және таза қанды ағылшын жылқыларының тұқымдары;қой шаруашылығында биазы жүн беретін қазақ мериносы, арқар мериносы, солтүстік және оңтүстік қазақ мериностары, биазылау жүн беретін кроссбредті қойлар, цигай қойы,етті майлы тұқымнан қазақтың мол өнім беретін жетілдірілген жергілікті қойлары мен Еділбай қойы,дегерес қойы және т.б. түрлі-түсті қаракөл елтірілерін беретін қаракөл қойлары,үй құстарының бірнеше тұқымдары мен кросстары шығарылды.
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады
Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі — ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі
Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.
Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.
Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км2-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған.[1]
Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда.
Өзіндік бақылауға сұрақтар:
-
Мал шаруашылығының халықтық маңызщы туралы айтыңыз .
-
Мал шаруашылығы қай кезде пайда болды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Н.Б. Цирельсон. «Основы животноводства», 1974, Москва.
2. И.И. Поляков. «Основы животноводства», М., 1980.
3. А.В. Бакай. «Животноводство», М., 1985.
Лекция 15. Малдарды бонитировкалау
Дәрістік сабақтың мазмұны:
-
Бонитировка туралы түсінік.
-
Асыл тұқымды шаруашылықтарда бонитировка жүргізу.
^Бонитировка - малды ірІктеу (таңдау) мен жеке-жек^ бағалаудын практикалык тәсілі.
Бонитировкамен малдың өнімділігІ мен тұқымдық бағасын мына белгілер бойынша аныктайды: шығу тегі, экстерьері. тірі салмағы, онІмділігі, т.б. Аналық пен аталыктарды бағала бағыттагы негізінде ең жаксысын ІрІктеп алады.
Түқымдык және трварлы бағыттағы шаруашылыктағы барлық мащар бонитировакалануы керек. Бонитировканы инструкция бойынша әткізеді, бонитировкалаудьщ екі түрі бар; бірі - кластық, екІншісі – жеке бонмтировкалау. Кластық бонитировкалау товарлы бағыттағы шаруашылықтарда қолданылады. Жеке-жеке бонитировкалау асылдандыру шаруашылықтарында колданьілады.
Малдарды жылда бокитировкалайды: койды - көктемде (қыркуға дейін), ірі кара, шошка мен жылкыны - жаздын аяғында - куздің басында (тамыз-кьгркүйек).
Малдарды бонитировкалауды жүргізу зоотехник, малдәрігер маманы, шаруашылык басқаруьшан тұратын комиссияның кузырында. Сондай-ақ, комиссия жұмысына бригадир, сауьшшы, малшы, жылкышы, т.б. катысады. Комиссня барлық малдарга жеке баға береді және оны келешекте қолдануға корытынды жасайды.
Бонитировкалауда малдар келесі белгілері бойьшша бағаланады: сиыр- шығу, тірі салмағы, экстерьері, сауылуы және сүтінін майлылыгы; бүка - шығу тегі, тірі салмағы. зкстерьері мен урығынын саласы; жун бағытьшдагы кой - шыгу тегі. тірі салмағы, экстерьері. жетілуі, сутттілігі. өнімдІлІгІ; қабан - шығу тегі, тірі салмағы, экстерьері мен урығының сапасы; бие — шыгу тегі, өсуі, экстерьері мен урығынын сапасы.
Бонитировканы барлық зоотехникалык документгерді қолданыл малды тікелей карау мен жүргізеді. Малды тікелей қарауда коңдылығьш, салмағын өлшейді, елшемдерін алады, малдын типін аныктайды және оның экстерьерІн бағаланды.
Зоотехникалык жазбалар бойынша бонитировкалық кластың саны да түрліше. Мысалы: ірі қара ушІн 4 класс; элита -рекорд, элита, \~ш\ және 2-ші класс; шошка малына —3 класс; элита, 1~ші, 2-шІ класс; биязы жүнді койға - класс; ],2-ші. 3-ші, 4-ші класс, бірінші кластан элита тобына ең жаксылары алынады.
Әлита - рекорд пен элита класына көрсеткіштер жоғарылайды, 2-ші класта төмендейді.
Лробонитировкаланған малдардың класын аныктаган сон топтарға бөледі. Ірі караны асыл тұқымдастыру шаруашылықтарында малдын асылтүқымдык тағайындалуына сәйкес келесі топтар құрылады:
]) негізгі асылтүқымдық топқа - ірі қараның асылтуқымдык сапасының жоғарысын жатқызады;
2) екінші тұқымдық топта - тайыншаларды тұкымдык табынды
кенейту ушін, ал букаларды тукымға сату үшін есіреді;
3) үшінші тогтқа - жарамсыз деп белгіленген малдарды жатқызады.
Бул малдарды шаруашылықтан шығару керек (бордакылауға кояды).
Товарлы - сүтті бағыттағы шаруашылыктарда малды келесі уш топқа бөледІ:
1) түқымдық ядро - табьшнын негізгі бөлігі, оған тұкьшдык букалар мен өнімділігі жоғары сиырлар жатады;
өндірістік топ - сүт алу ушін, оған тукымдық қасиеті сәл темендеу
сиыр, тайыншаларды жаткызады;
өндірістік топ - ет алу үшіи, оган ет бағытында өсірілетін төл,
жарамсыздалған буқа мен сиырлар, әнімі төмен сиыр жатады.
4) бонитировка аяқталган соң, малдьщ өнімділІк және тұқымдык касиеті сипатталатын есеп беріледі және шаруашылыкта жүргізілетін -асьштүқымдық жумьтс багаланады.
Бонитировка материалдары негізінде жасалады:
1. толді есіру мен ересек малды азыктандыру жоспары;
өнімі төмен аталықтарды алмастыру реті мен уакытынын жоспары;
асылтүкымдык малды сатып алу мен сату жоспары;
малдарды шағылыстыру жоспары;
малдарды жукпалы емес. жүқпалы және паразитарлык аурулардан
қорғау бойынша жыл бойы жасалатын ветеринарлық шаралардың
л<оспары.
Өзіндік бақылауға сұрақтар:
-
Малдарға бонитировка жүргізудің мақсаты қандай?
-
Бонитировкаға, бонитировка түрлеріне түсінік беріңіз
Ұсынылатын әдебиет:
1. Н.Б. Цирельсон. «Основы животноводства», 1974, Москва.
2. И.И. Поляков. «Основы животноводства», М., 1980.
3. А.В. Бакай. «Животноводство», М., 1985.
3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Практикалық сабақ 1. Малдың дене бітімі. Глоссарий
Практикалық сабақтың мазмұны:
1.Малдың дене бітімінің құрылысының заңдылығы.
2.Мүйізді ірі қараның мүшелері.
Сабақтың мақсаты: Мал денесінің мүшелерімен танысу, малшаруашылығындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды оқу
Организмнің ішкі құрылысы зат алмасуы мен өнімдік бағыты дене мүшелерінің дамуы мен сырт тұлғасымен тығыз байланысты. Сондықтан сырт тұлғасына қарап малдың тұқымын, дене құрылысының өнімдік бағыты мен өнімділігін, денсаулығының мықтылығын, өсіру жағдайлары мен өндірістік технологияға бейімділігін болжауға болады.
Малдың анатомиялық физиологиялық ерекшеліктерімен байланысты қарастырылған сырт пішіннің оның экстерьері деп атайды. Мал экстерьері сыртқы дене мүшелерінің айқындалып, көрінуімен айғақталады. Басты дене мүшелеріне маолдың басы, шоқтығы, кеудесі, арқасы, белі, сауыры, аяқтары, желіні, сыртқы жыныс мүшелері, теріснің, сүйегінің және бұлшық еттерінің дамуы жатады.
Мүйізді ірі қара малдың мүшелері
Бас. Өнімдік бағыты, өнімділігі, дене бітімі мен жынысына қарай малдың басы түрліше болатындықтан, оның көлемң мен профилін анықтап, мүйіздеріне, құлақтарына, көздеріне, әукесіне, тістеріне баға береді. Сүтті сиырдың басы шағын, жеңіл, ұзынша және жіңішкелеу болып келеді. Етті сиырдың басы жалпақ, бет сүйектері қысқалау келеді. Жұмыс малының басы ауыр ауқымды. Сиырдікіне қарағанда бұқаның басы шомбал, маңдайы мен желкесі кең болады.
Мойын. Жануар мойын денесіне ұзындығының 27-30 пайызын құраса- орташа, одан кем болса-қысқа, артса- ұзын болып саналады. Ұзындығымен қоса мал мойынын аумағымен жуандығына қарай бағалайды. Сүтті сиырдың мойыны ұзын, жіңішке, терісі қатпарлы болып келеді. Етті малдың мойыны қысқа, әукесә жақсы жетілген. Сиырдікіне қарағанда бұқа мойын жуан да қысқа.
Шоқтық. Шоқтық құрылысы алғашқы арқа омыртқалар қырының, жауырын биіктігінің, ондағы бұлшық еттердің дамуына байланысты. Оның шамасымен пішінін бағалайды. Сүтті сиыр шоқтығы түзу, жуандығы орташа, бұлшық еттері әлсіздеу. Етті малдың шоқтығы аласа әрі жуан кейде аша тәріздес, бұлшық еттері дамыған. Шоқтықтың өте биік әрі ашалануы малдың свртқы пішінін үлкен кемістігі болып табылады.
Кеуде. Тіршлікке маңызды жүрек пен өкпе орналасқандықтан, кеуде жануар сыртқы пішінінің негізгі мүшелерінің бірі. Оны ұзындығы тереңдңгі мен жауырын сыртындағы енімен бағалайды. Денсаулығы мықты, мол өнімді малдың кеудесікең әрі терең болады. Оның тереңдігі шоқтық биіктігінің 50 пайызынана асса- терең де жақсы дамығын кеуде болып бағаланады. Одан таяз әрі жіңішке кеуде организм әлсіздігін білдіреді.
Жота. Дене бітімінің үйлесімдігімен мықтылығын аңғартады. Жота иілуі – малдың сыртқы пішінінің үлкен кемістігі.
Бел. Бел ойыстанбай малдың сауырына өтуі тиіс. Оның қысқа, тегіс әрі жалпақтығы дене бітімінің мықтылығын мезгейді.
Сауыр. Сербек сүйекті тұсымен жамбас буыны, шондай төмпешігінде түзу әрі жалпақ болуға тиіс. Жанауар сауырын қасқылығы мен ұзындығы, жалпақтығы мен жіңішкелігі, түзулігі, көтеріңкілігі мен салбыраңқылығы бойынша бағалайды. Бөксенің шатыр тәріздес қушық, салбыраңқы болуы сыртқы пішін кемістіктеріне жатады.
Аяқ. Жанауар аяқтарын олардың дұрыс тік орналасуларына, мықтылығы мен бұлшық еттерінің дамығандығына сіңірлерінің жетілуіне, тұяқтарының беріктігіне қарап бағалайды. Жүріс буындардың жақындығы, артқы аяқтарының қылыш тәріздес иілуі, піл сирақтылықпен жалпақ табандылық сыртқы пішіннің кемістігі болып табылады.
Желін. Сүтті сиырдың сыртқы пішінін бағалаудағы маңызды мүше. Оны пішіні бөлімдерінің дамуы, емшектерінің орналасуы мен өлшемдері, сауу жеңілдігімен сүт шығару жылдамдығы бойынша бағалайды.Сүттілігі мол сиыр желіні тостаған не ванна тәріздес алдыңғы және артқы бөлімдері дамыған, емшектері машинамен сауға ыңғайлы салалы, цилиндр тәріздес, біркелкі дамыған алшақ орналасқан.Жұмыр, әсіресе ешкі желінді сиыр сүттіліг кем болады.
Ұрғашы және еркек малдың жыныс мүшелері мен жыныстық белгілері жақсы жетілуге тиіс. Еннің дамуына, оның ұмада орналасуына, еннің шамасы бірдей болуына көңіл бөледі.
Бақылау сұрақтары:
-
Ірі қара малдың дене мүшелерін атаңыз.
-
Дене мүшесіне анықтама беріңіз.
-
Өлшемдерді өлшеуге арналған құралдарды айтыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.
-
Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.
-
Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
-
Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.
Практикалық сабақ 2. Малдың бойын өлшеу және тұлға индекстерін есептеу. Малдың сыртқы пішіні мен дене бітімін бағалау.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Малдың бойын өлшеу және тұлға индекстерін есептеу.
-
Малдың сыртқы пішіні мен дене бітімін бағалау.
Сабақтың мақсаты: Малдың бойы мен дене тұрқын өлшейтін құралдармен жұмыс істеуді үйрену, олармен малдың бойы мен тұлғасының өлшемдерін алып, денесінің индекстерін шығаруды үйрену. Малдың сыртқы пішінін бағалау арқылы дене бітімі жөнінде тұжырым жасау.
Малдың сыртқы пішіні көз мөлшермен бағалау көп жағдайда оның дене тұлғасын сипаттау үшін аздық етеді және малдың мөлшері, дене бөліктерінің шамалары туралы нақты мәлімет бермейді.
Малдың бойын өлшеу – жеке анатомиялық өзара байланысты тұлғаның арақашықтыөтарын өлшеу. Өлшемдерді пайдалана отырып, қандайда бір малдың топтарын немесе мал отарын тіпті тұқымдарды салыстыруға болады.
Мал шаруашылығының тәжірибесінде малдарды бойын, дене бітімін зерттеуде, бонитировкада, көрмелерде сараптау кезінде, мемлекеттік асыл тұқымды және завод кітаптарының жазбаларында өлшейді. Малдарды өлшеудің негізгі құралдары өлшеуіш таяқ, өлшеуіш таспа, өлшеуіш циркуль болып табылады.
Тұлға индекстері. Дене өлшемдері мен тұлға индекстері бойынша малдың (мал тобының) сыртқы пішінінің мал басымен немесе тұқым стандарты мен салыстырғандағы дамуының графикалық кескінін салуға болады.
Бақылау сұрақтары:
-
Малдардан қандай өлшемдерді алады?
-
Конституция типтерін сипаттаңыз.
-
Интерьерді зертеу әдістері.
-
Экстерьерді бағалау әдістері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.
-
Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.
-
Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
-
Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.
Практикалық сабақ 3. Жұмыртқаның инкубациялық қасиетін және морфологиялық құрылысын зерттеу.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Жас құсты өсіру.
-
Жұмыртқа құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Құстың дене бітімін, жұмыртқаның морфологиялық құрлысын және қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмыртқаның инкубациясы қазіргі заманғы құс шаруашылығында уздік тәсіл. Алғашында құс жұмыртқасын инкубациялау құс топтарын өндіру үшін жасалды, бірақ біртіндеп инкубация құстардың өнімділігін жоғарлататын және құс шаруашылығының негізгі өнімдері жұмыртқа мен ет өндірісін ұлғайтуды қамтамасыз ететін фактор болып қалыптасты.
Азықтандырудың жетілдендірілген тәсілі жылдың барлық мезгілінде жас құстан жоғары өнімді құстарды алуға мүмкіндік береді. Жұмыртқа шығаратын құстардың тобын жыл бойы немесе көп реттілігін қамтамасыз ету құстардың жұмыртқа табуын жоғарлатады және жыл бойы жұмыртқаның біркелкі шығымын қамтамасыз етеді.
Етті құстардың жоғарғы өнімділгі негізінен әрбір жұмыртқалайтын жас құстың өсірілу санымен байланысты. Сондықтан барлық жарамсыз жұмыртқаларды жылдың әр уақытында жұмыс істейтін инкубатордың көмегімен жас құс алуға пайдаланады.
Бірақ жұмыртқа инкубациясы туралы айтқанмен оның дәмдік сапасы туралы айту үшін жұмыртқаны биологиялық объекті ретінде қарастырамыз.
| -
— қабығы,
-
— Қабықасты пленкасы,
-
— ақуыздық жабынды,
-
— канатик (халаз),
-
— Сұйық ауыздың сыртқы қабаты,
-
— тығыз ақуыз,
-
— сарыуызды жабында,
-
— сарыуыз,
-
— өскінді диск (бластодиск),
-
— сары уыздың қою қабаты,
-
— сарыуыздың ашық қабаты,
-
— сұйық ақуыздың ішкі қабаты,
-
— ауалы камера,
-
— қабық үсті пленкасы (кутикула).
|
Құс жұмыртқасы күрделі жыныс клеткасы болып табылады.
Ол өскін үшін қажетті заттардан тұрады: сарыуыз -калориялы азықтың бай қоры; ақуыз- өскін үшін су және азықтың көзі болып табылатын және соққыны жұмсартатын серпінді қабық; қабықшалар, өскінді физикалық зақымданудан қорғайды және қоректік заттарды сақтауды қамтамасыз етеді. Жабындылардағы тесіктерден өскін тыныс алады.
Бақылау сұрақтары:
-
Инкубациялау режимі дегеніміз не?
-
Жұмыртқаның морфологиялық құрлысын атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.
-
Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.
-
Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
-
Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.
Практикалық сабақ 4. Жүннің құрылысын және сапасын зерттеу
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Жүннің талшықтарының құрылысы
-
Жүн талшықтарының типтері.
Сабақтың мақсаты: Талшық типтерін, жүн түрлерін көз мөлшермен анықтауды үйрену.
Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк.
Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе тері шикізаты өңдеуге жіберілетін қой терісінен қырқып алынған жүн табиғи жүн деп аталады. Жүннен тоқылған, бірақ киілген бұйымдар мен тоқымаларды өңдеуден алынған жүн де табиғи жүнге жатады, бірақ ескі немесе қалпына келтірілген жүн деп аталады. Қазіргі өнеркәсіп жүннен басқа мақта, зығыр, кендір, жүт, кенеп және басқа да өсімдік текті талшықтарды, сондай-ақ химия өнеркәсібі жасап шығаратын жасанды және синтетикалық талшықтарды пайдаланады.
Жүн — терінің арнаулы түзіндісі, ол белокты қосылыс — кератиннен тұрады. Жүн кератинінің ерекшелігі мынада: онда басқа белоктардағыға қарағанда күкірттің мөлшері едәуір көп болады.
Жүн эмбрионалдық кезеңде-ақ қалыптаса бастайды. 60—70 күндік эмбрионның терісінде жүн талшықтарының фолликула деп аталатын бастамасы пайда болады. Оны бірінші реттік және екінші реттік фолликулалар деп бөледі. Жүні әркелкі болып келетін қойдың бірінші реттік фолликуласынан қылтық, сондай-ақ аралық немесе өлі жүн өсіп жетіледі, ал биязы жүнді қойларда одан — неғұрлым қалың түбіт өсіп жетіледі. Бірінші реттік фолликула түзілуден бірнеше күн өткен соң екінші реттік фолликула пайда болады. Шағын өлшемді болып келетін екінші реттік фолликуладан неғұрлым жіңішке түбіт талшықтар өсіп шығады. Қозы туғаннан кейін теріде жаңадан фолликулалар түзілмейді.
Фолликулалар санының аз немесе көп болуы малдың тұқымына, тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, сондай-ақ саулықтарды буаз кезінде азықтандыру жағдайларына байланысты. Фолликулалардың келешектегі дамуы да азықтандыруға байланысты болады. Қозы қолайсыз жағдайларға тап болғанда онда түзілген фолликулалар толық жетіле алмайды және осының салдарынан түк (жүн) түзе алмайды. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: буаз саулықтарды құнарлы азықпен азықтандыру және төлдерді күтіп-бағудың жақсы жағдайларын түзу арқылы фолликулалардың жетілуіне ықпал жасауға және осы арқылы қойдың жүн өнімділігін арттыруға болады. Шамамен 120 күндік эмбрионның фолликулаларынан қылшықтар өсіп жетіле бастайды, олар бұдан соң біртіндеп терінің бетінде пайда болады.
Фолликулалар теріде топ-топ болып орналасады. Осындай топтың әрқайсысына бір бірінші реттік және бірнеше екінші реттік фолликулар, бір тер безі және бірнеше май бездері кіреді. Терінің қылшықпен бірігіп өскен учаскесі түк үрпісі деп, ал талшықтың үрпіні қоршап жатқан төменгі бөлігі — түк баданасы деп аталады. Түк (жүн) осы беліктен өседі. Түк баданасының клеткалары қоректік заттарды қан тамырларының капиллярлары арқылы қабылдайды. Клеткалар бөліну жолымен көбейеді және біртіндеп үрпіден қашықтай береді, ал қашықтай келе олар қорек қабылдауды тоқтатады да қасаңданады, сөйтіп, жансыз қасаң түзілістерге айналады. Міне, осы түзілістер жүн талшықтарының массасын құрайды. Қылшықтың теріде болатын бөлігі түк түбірі деп, ал терінің бетіне шығып тұрған қалған бөлігі түк өзегі (кіндігі) деп аталады. Талшықтың түбірі тұрған жерді түк қынабы деп атайды. Қынаптың бүйір жақтарына май бездері орналасқан. Олардың шығару өзектері қынаптың ішкі жағына оның жоғарғы бөлігінен келіп кіреді. Құрылысының осындай болуының арқасында қылшықтың түбір белігі май бездерінің секреті — тері майымен үнемі майланып тұрады.
Қылшықтың құрылысы. Әр түрлі қылшықтардың өзіне тән гистологиялық құрылысы болады. Түбіт талшықтары қабыршақты және қыртысты қабаттан тұрады, ал басқа қылшықтардың бұған қоса өзек қабаты болады.
Қабыршақты қабат — талшықты судың, күн мен шаң-тозаңның және т. б. бүлдірушілік әрекетінен қорғайтын, оның сыртқы қабықшасы. Ол әр түрлі пішінді қасаңданған клеткалардан тұрады. Мәселен түбіттің қабыршақты қабаты қыртысты қабатты қамтитын сақинаға ұқсас. Неғұрлым жуандау келген басқа талшықтардың қасаңданған клеткалары үй шатырындағы бірін-бірі ұштаса жабатын черепица тәрізді жалпақ болады. Осындай құрылысының арқасында қылшық жал тәрізденіп келеді. Қабыршақтың зақымдануы қылшықтың мықтылығын, серпімділігін және басқа да физикалық қасиеттерін бұзады.
Қыртысты қабат — қылшықтың негізгі массасы. Ол ұршық тәрізді клеткалардан тұрады және қабыршақты қабаттың астыңғы жағында болады. Талшықтың мықтылығы, серпімділігі мен созылғыштығы қыртысты қабаттың касиетіне байланысты. Қыртысты қабаттың клеткаларында бояғыш зат — пигмент болады, жүннің түсі осы пигментке байланысты.
Өзек қабаты тек қана қылтықта, өлі жүн мен аралық жүнде болады. Ол талшықтың ортаңғы белігін алып жатады және өзара бос байланысқан клеткалардан тұрады. Қлеткалардың арасындағы қуыста ауа толы болады. Өзек қабаты тұтас қара сызық немесе үздік-үздік сызық түрінде қылшықтың ортаңғы бөлігіне орналасады. Бұл қабат неғұрлым мықты жетілсе, талшықтардың беріктігі соғұрлым нашар болады. Мұндай қылшықтардың бұйрасы аз және кейде тез үзіледі.
Жүн талшықтарының түрлері. Қойдың жүнін талшықтары жөнінен мынадай негізгі түрлерге бөледі: түбіт, қылтық, аралық жүн және өлі жүн. Қылтықтың түрлері ретінде қатаң қылшық пен қозы жүн кездеседі.
Түбіт — жүннің ең бағалы бөлігі болып табылады. Биязы жүнді қойлардың жүні түбіттен тұрады. Түбіт қылшықтарының жіңішкелігі 14,5—25 микрон аралығында, ал ұзындығы 5—15 см аралығында болады. Түбіт талшықтары әрқашан да жақсы бұйраланып тұрады. Қылшық жүнді қойлардың жүнінде де түбіт болады, ол, әдетте, оның төменгі қатарын түзеді.
Қылтық — жүннің маңызы шамалы бөлігі. Ол әр текті ұяң және қылшық жүннің құрамына кіреді. Қылтығы аз иректелген. Ол әрқашан дерлік түбіттен ұзын болады (роман қойларының жүнінен басқа). Қылтығының жіңішкелігі 50—150 микрон аралығында және онан артық та болады.
Өзінің техникалық сапасы бойынша аралық жүн қылшықтардың бағалы түрлерінің бірі болып табылады. Оған едәуір мықтылық пен серпімділік қасиет тән. Оның бұйралығы әдетте толқын тәрізді болып келеді. Жуандығы жөнінен түбіт пен қылтықтың арасындағы орташа түр болып саналады. Аралық жүннің орташа диаметрі көбінесе 26—50 микрон аралығында болады. Аралық жүн — жартылай биязы жүнді қой түқымдары жүнінің негізі, ол барлық ұяң және қылшық жүнді қойларда да кездеседі. .
Өлі жүн — мата жасау ісіне жарамсыз келеді. Ол морт, қатты болады, бұйрасыз және бояу алмайды. Өлі жүн талшығының жуандығы 100—400 микрон аралығында болады. Қой жүнінде өлі жүн кездескен жағдайда бұл жүннің құндылығы күрт кемиді.
Қатаң қылшық дегеніміз қылтықтың жоғарғы жартысында шайыры жоқ түрі. Осының нәтижесінде талшық қатты, морт болып, қалыпты қылтыққа карағанда мықтылығынан айрылады. Жабағы жүнде кездесетін қатаң қылшық жүннің құндылығын кемітеді.
Қозы жүн дегеніміз биязы жүнді койдың бір жасқа дейінгі қозыларының жүнінде кездесетін талшықтар. Қозы жүн өте ұзындығымен, талшықтарының жуандығымен және бұйрасының аз болуымен көзге түседі. Жүнді бірінші рет қырқудан кейін мұндай талшықтар, әдетте, түседі де, оның орнына биязы жүнді қойларға тән талшықтар өседі.
Жабын жүннің өнеркәсіптік маңызы жоқ. Бұл қысқа жүн, талшықтары түзу және өте қатаң. Ол қойдың сирақтарында, бастың бет бөлімінде, кейде құйрығы мен құрсағында өседі.
Жүннің түрлері. Жүннің мынадай түрлері болады: биязы, биязылау, үяң және қылшық жүн. Биязы жүн диаметрі 25 микроннан аспайтын түбіттен тұрады. Ол жақсы ұсақ бұйраларының болуымен, мықтылығымен, созылғыштығымен және басқа да жақсы қасиеттерімен көзге түседі. Ол биязы жүнді қойлардан, сондай-ақ қылшық жүнді қойлар мен биязы жүнді қойлардың қошқарының жоғары қанды буданынан алынады. Ең жақсы биязы жүн меринос жүні деп аталады.
Биязылау жүн де бір текті болып келеді және неғұрлым қылшықты түбіттен немесе аралық биязы жүннен немесе диаметрі бойынша ажырату қиынға түсетін осы талшықтардың қоспасынан тұрады. Биязылау жүн талшықтарының жуандығы 25 микроннан астам. Биязылау жүнді қой тұқымынан, қойдың тез жетілетін етті тұқымдарынан, сондай-ақ қылшық жүнді қой саулықтарын жартылай биязы жүнді қойдың қошқарларымен шағылыстырудан алынған кейбір будандардан осындай жүн алынады. Биязылау жүннің ерекше бір түрі — кроссбред жүнін жүннің осы түріне жатқызады, ол өзіне тән бұйрасының болуымен, талшықтарының жіңішкелігінің біркелкілігімен, өте ұзын болуымен және кейде өңінің жылтырлығымен көзге түседі. Биязы жүнді қой саулықтарының линкольн қойының қошқарларымен буданынан, сондай-ақ кейбір таза тұқымды қойлардан (солтүстік кавказдық етті-жүнді, тянь-шаньдық қой, т.б.) осындай жүн алынады.
Әр текті жүн ұяң жүн деп аталады. Мұндай жүн I— II ұрпақтың (қылшық жүнді қойдың саулықтары X биязы жүнді қой тұқымының қошқарлары) буданынан, тәжік және сараджи тұқымының қойларынан алынады. Ол түбіттен, аралық жүн мен айтарлықтай жіңішке қылтықтан тұрады.
Жүннің техникалық қасиеттері. Жүннің техникалық қасиеттеріне оның талшығының ұзындығын, жіңішкелігін, бұйралығын, мықтылығын, иілгіштігі мен созылғыштығын, серпімділігін, өңінің жылтырлығы мен түсін жатқызады. Қойларды бонитировкалау мен жүнді кластарға бөлу кезінде осы қасиеттерге қарай отырып, жүннің құндылығын белгілейді.
Жүн талшығының ұзындығы — оның құндылығын анықтайтын, жүннің негізгі қасиеттерінің бірі. Жүннің табиғи ұзындығын талшықтың иректерін түзетпестен, табиғи күйінде штапелінде немесе тұлым жүнінде өлшейді. Жүн талшығын көрместен, иректері түзетілгенше созып алған өлшемді қылшықтың нағыз ұ зындығына жатқызады.
Жүн талшықтарының ұзындығы қойдың тұқымына, жынысы мен жасына, жылына неше рет қырқылатынына және малдың жеке ерекшелігіне байланысты. Биязы жүнді қой тұқымдарынан ең қысқа жүн алынады, оның ұзындығы, әдетте, 5—10 см болады. Кейбір биязылау етті-жүнді қой тұқымдарынан ең үзын жүн алынады. Мысалы линкольн, куйбышев және басқа қой тұқымдарының жүнінін. ұзындығы 12 айлық кезінде 20—40 сантиметрге жетеді. Қылшық және үяң жүнді қойлардың жүн талшықтарының ұзындығы 20—30 сан-тиметрге жетеді. Көктемгі қой қырқу кезінде олардың жүнінің ұзындығы 7—10 сантиметрден 25—30 сантиметрге дейін, ал күзгі қой қырқу кезінде 7-ден 15 сантиметрге дейін жетеді. Қойдың жасы өскен сайын жүн талшықтарының ұзындығы өзгереді. Бір жастағы қозыларда ол барынша ұзын болады. 5—6 жастан асқан қойлардың жүнінің өсуі баяулайды.
Малдың денесінде ұзындығы әркелкі жүн өседі. Қойдың жаурыны мен бүйірінде және санында ең ұзын, ал бауырында ең қысқа жүн талшықтары өседі. Жүннің ұзындығы қойды азықтандыру дәрежесіне байланысты және ол жүн қырқу шамасына күшті әсер етеді: жүн талшықтары неғұрлым ұзын болса, басқа жағдайлардың бәрі бірдей болған кезде, қырқылатын жүннің мөлшері соғұрлым көп болады.
Жүн талшықтарының ұзындығы оның жіңішкелігімен көбінесе кері қатынаста болады. Неғұрлым жіңішкелеу келетін, бір текті жүн неғұрлым жуандау келетін жүн талшықтарынан көп жағдайда қысқалау келеді. Алайда мал тұқымын асылдандыру жұмысын іскерлікпен жүргізе білу арқылы жүн талшықтарының ұзындығы оның қажетті жіңішкелігіне сай келетін қой отарларын құруға болады.
Жүн талшығының жсіңішкелігі — жүннің сапасын анықтайтын, маңызды қасиеттерінің бірі. Оны қылшықтың көлденең қимасының диаметрін өлшеу арқылы анықтайды да, микронмен белгілейді. Жуылған 1 кг биязы жүннен (талшықтарының орташа диаметрі 20— 25 микрон) 3—4 м2, ал 1 кг қылшық жүннен (45—55 микрон) бар болғаны 1 м2 шамасында сапасы жақсы жеңіл мата жасап шығаруға болады.
Қойды бонитировкалау, жүнді кластарға бөлу және сорттау кезінде оның талшығының жідішкелігін көз мөлшерімен анықтайды, бірақ ол үшін мол тәжірибе керек. Бақылау үшін жіңішкелігі алдын ала микроскоппен дэл анықталған жүн үлгілерін (эталондарды) пайдаланады. Қазіргі уақытта біздің елімізде барлық бір текті жүннің (биязы және биязылау) жіңішкелігін анықтау үшін жүнді кластарға бөлудің бірыңғай системасы (жүйесі) жасалған. Бұл жүйе бойынша бір текті жүннің 13 негізгі класы белгіленген, оларды сапа деп атап, 80, 70, 64, 60, 58, 56, 50, 48, 46, 44, 40, 36 және 32 цифрларымен белгілейді. Көрсетілген әрбір сапаға жүннің белгілі бір жіңішкелігі сай келеді.
Бақылау сұрақтары:
-
Жүннің гистологиялық құрылысын атаңыз.
-
Жүн талшықтары қандай негізгі типтерге бөлінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.
-
Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.
-
Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
-
Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.
|
Достарыңызбен бөлісу: |