Бақылау сұрақтары:
1)Пәннің мақсаты мен міндеттері.
2) Пәнді оқыту тапсырмалары.
3) Пәннің негізгі терминдерін ата.
Әдебиеттер:
4.1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.
4.1.3. Жақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология Алматы, 2003- 290 б.
техники.- М.:Стройиздат. 1975.-240 с.
Дәріс № 2
Тақырыбы: Өнеркәсіптік экологияның мәселелері мен міндеттері. Өндірістер мен өндірістік кешендердің қызметіне табиғат жағдайларының әсер етуі.
Мақсаты: Өнеркәсіптік экологияның мәселелері мен міндеттері мен танысу. Өндірістер мен өндірістік кешендердің қызметіне табиғат жағдайларының әсер етуі мен танысу.
Жоспар -
Өнеркәсіптік экологияның мәселелері.
-
Өнеркәсіптік экологияның негізгі міндеттері мен принциптері.
-
Өндірістер мен өндірістік кешендердің қызметіне табиғат жағдайларының әсер етуі.
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қо йнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи молықтыру.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері мынадай:
Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, ебегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі болашақ және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді еңгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандырудыеңгізу;
Биологиялық алуан түрлікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды камтамасыз ету;
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғану үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
Халықтың, қоғамыдқ бірлістіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы.
Азаматтардың кейбір экологиялық міндеттері төменде келтірілген:
Қоршаған табиғи ортаны таза сақтауға, табиғи байлықтарады ұиымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарын және заңдарды, ережелерді орындауға;
Жеткіншек ұрпаққа экологиялық тәрбие, білім беруге жәрдемдесу мен қатар өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға;
Тағы басқа да заңда қарастырылған міндеттердің бәрін орындауға.
Бақылау сұрақтары
1) Өнеркәсіптік экологияның мәселелері қандай.
2) Өнеркәсіптік экологияның негізгі міндеттерін ата.
3) Өнеркәсіптік экологияның негізгі принциптерін ата.
Әдебиеттер:
4.1.1. Қоршаған ортаны қорғау туралы. Қазақстан республикасының Заңы.-Алматы: « Жеті жарғы», 1998.- 96 бет.
4.1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.
.
Дәріс № 3
Тақырыбы: Өнеркәсіптік ластанулардың классификациясы, жіктелуі және қоршаған ортаның ластануларының негізгі көрсеткіштері.
Мақсаты: Өнеркәсіптік ластанулардың классификациясымен, қоршаған ортаның ластануларының негізгі көрсеткіштерімен танысу.
Жоспар
1) Өнеркәсіптік ластанулардың классификациясы.
2) Қоршаған ортаның ластануларының негізгі көрсеткіштері.
Қоршаған табиғи орта негізінде екі жолмен ластанады. Оның бірі табиғи жол, екіншісі антропогендік, яғни адамның іс-әрекетінің нәтижесінде ластануы.
Ауаның табиғи жолмен ластануы қандай дәрежеде өтсе де атмосферадағы ғаздардың тепе-теңдігін бұза алмайды, алайда, қолайсыз әсері біраз уақытқа дейін орын алуы мүмкін.
Негізінде қоршаған табиғи ортаның сапасына, яғни құрамы мен қасиеттеріне зиянды әсер тигізетін қауіпті химиялық және биологиялық заттар, радиоактивті материалдар, өндіріс пен тұтыну қалдықтарды, шу, тербеліс, магнитті өрістер және басқа да физикалық ықпалдар болып саналады.
Қоршаған ортаның антропогендік жолмен ластануына себеп болатын көздерге қара және түсті металлургия, транспорт, электр энергетикасы, ауыл-шаруашылығы, мұнай, газ, көмір, химия өндірістері, тұрғын-коммуналдық шаруашылық, құрылыс материалдарын өндіретін және басқа да халықшаруашылық салалары жатады.
Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Мысалы, шойын мен болат өндірістері ауаны улы көміртек (П) оксидімен, алюминий зауытының түтіні фтор қосылыстарымен, қағаз өндірісі – күкірт оксидімен, сутекті күкіртпен, меркаптандармен, жасанды талшық өндірісі күкіртті көміртек және сутекті күкіртпен ластайды.
1 тонна шойынды өңдегенде атмосфераға 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкірт оксиді, 0,1-0,5 кг марганец, мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын, сынап, сирек металдардың қосылыстары бөлінеді. Ауаны ластайтын қатты заттар негізінде оның төменгі қабаттарында шоғырланады:
Биіктік (км) 0,1 1 2 3 4 5 6
1 куб.см ауадағы
қатты бөлшектердің саңы 45000 6000 700 200 100 50 20
Бақылау сұрақтары
1) Өнеркәсіптік ластанулардың жіктелуі.
2) Қоршаған табиғи орта негізінде нешек жолмен ластанады.
3) Қоршаған ортаның антропогендік жолмен ластануына себеп болатын көздер.
Әдебиеттер:
4.1.1. Қоршаған ортаны қорғау туралы. Қазақстан республикасының Заңы.-Алматы: « Жеті жарғы», 1998.- 96 бет.
4.1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.
4.1.3. Жақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология Алматы, 2003- 290 б.
4.1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с.
4.1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с.
Дәріс № 4
Тақырыбы: Энергетиканың түрлері.
Мақсаты: Энергетиканың түрлері мен танысу.
Жоспар
1) Энергетикалық ресурстар.
2) Энергетиканың түрлері.
Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Энегетикалық ресустар олардың табиғатына, алу жолдарын және басқа да нышанына байланысты топтастырылады.
Қатты органикалық отын және уран ресуртарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Лтаны Америка елдерінде.
Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. тонна, оның ішінде 50% ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд. Тонна.
Кейбір елдердегі барланған кен орындарындағы көмірдің мөлшері, млрд.тонна: АҚШ-430, Германия-100, Австралия-90, Англия-50, Канада-50, Индия-29, ТМД елдері-290, оның ішінде Қазастанда-51. Орта есеппен жылына Қазастанда 80 млн.тоннаның үстінде көмір алынады, оның 40% ашық әдіспен.
Дүниежүзілік мұнай қоры 840млр. Тонна шартты отын көлемінде бағаланады, оның 10%- анықталған, ал 90% божамдық қорлар. Дүниежүзілік рынокта негізі мұнаймен қамтамасыз ететін Таяу және Орта Шығыс елдері. Мұнайдың 66% осы елдерде, 4%-Солтүстік Америкада, 8-10% Ресейде, қалған мөлшері басқа елдерде. Жапония, Германия; Франция тағы басқа көптеген дамыған елдерде мұнай кен орындары жоқ.
Дүниежүзілік табиғи газдың қоры 300-500 трлн.м. Табиғи газдардың үлкен қорлары Иракта, Сауд Арабиясында, Алжирде, Ливияда, Нигерияда, Венесуэлада, Мексикада, АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Ұлыбританияда, Норвегияда, Голландияда, Ресейде, Қазақстанда. Жыл сайын Ресей 800-850 млрд. м 3 табиғи газ өндірсе, Қазақстанда 5-7 млрд.м3 шамасында өндіріледі.
Жоғарыда көрсетілген отын түрлерін жер қойнауынан алған кезде жер беті келбетніің өзгеруі, топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы, атмосфера мен сулардың ластануы орын алады. Сондықтан табиғи ортаны сақтау мақсатында ғаымдардың болжамы бойынша 2020 жылға дейін жер қойнауынан алынатын отындардың 205 млрд. тоннадайы зияндығы аздау отын түрлеріне айырбасталып, яғни сарқылмайтын энергия ресурстарына олардан алынатын электрэнергияның мөлшер 8%-ке дейін жетеді.
Жыл бойы жер бетіне түсетін күн сәулесінің күші 178 мың ГВт энергияға тең, бүкіл адамзаттың жұмсайтын энергия мөлшеріне бұ шамамен 15 мың есе жоғары. Осы энергияның 30% қайтадан космос әлеміне қайтарылады, 50%- сініріледі, 20% геологиялық циклға, 0,06% фотосинтез процесіне жұмсалады.
Күн - өте үлкен қуатты энергия көзі. Оның 22 күн ішінде жерге берген энергия қуаты бүкіл Жер әлеміндегі органикалық отынның қуатына тең. Күн қуатын өнеркәсіп пен тұрмыс жағдайында қалай қолдануға болатыны бұл да шешілмеген проблеманың бірі. Аз болса да күн сәулесін қолдануға негізделген кейбір қондырғылар белгілі. Жуковский қаласындағы Ковров механика зауыты қуаттылығы жылына 100мың м3 суды жылытуға арналған күн сәулесін пайдаланатын жылу коллекторларын шығарады.
АҚШ-та, Испанияда, Иорданияда электр тоғын алу үшін күн сәулесін қолданатын жылу электрқондырғылар іске қосылған. Бұларда жартылай тоқ өткізетін аспаптарды қолданатын күн сәулесі электр тоғына өзгертіледі. Американдық эксперттердің шешімі бойынша фотоэлектрқондырғылар қоршаған ортаға әсерін тигізбейді екен, оларда жылжымалы бөлшектер болмағандықтан шу болмайды және судың да қажеті жоқ. Кұн сәулесінен жұмыс істейтін батарияларды тұрғын үйлерді жылжытуға, ыстық сумен қамтамасыз етуге, әртүрлі материалдарды кептіруге, технологиялық процестерде қолдануға болады. Желдің жылдамдығы 5м/сек жоғары болатын жерлерде электрэнергияны желден алуға болады. Желдің энергиясын кеңінен қолдану мақсатында Канадада, Германияда, АҚШ-та, Францияда, Швецияда ұлттық бағдарламалар жасалған.
Жел энергиясынан электр тоғын алу процестеріне экологиялық тұрғыдан қарасақ, мұны таза технологияға жатқызуға болады. Шу және теледидар жүйесінде кездесетін тағы да басқа бөгеуілдердің мәселесі шешілетін проблемалар деуге жатады.
Қазақстанда жыл бойы жел болып тұратын аймақтар жеткілікті, осыған байланысты жел энергиясы біз үшін сарқылмайтын ресурс. Сондықтан жел энергиясын кеңінен қолдану экологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді.
Экологиялық жағдайға зияндық әсері жоқ деп тағы бір энергия түрін атуға болады, Бұл жер қабатында болатын геотермалдық энергия. Дүниежүзілік осы энергия түрі негізінде бірнеше геотермалдық жылу электрстанциялары жұмыс істейді. Ең қуаттылығы жоғары ГеоЖЭС АҚШ-та.
Жалпы геотермалдық энергия қоры 200гВт шамасында, негізінде ол Тынық мұхиттың төңірігінде шоғырланған.
Ресейде геотермалдық энергия қоры Камчатка, Сахалин және Курил аралдарында, жалпы қоры 2000 мВт. Қазіргі кезде қуаттылығы 11 мВт-қа және 50 мВт-қа тең екі ГеоЖЭС Камчаткада іске қосылған. Курил аралдарында және Камчаткада 300-500м тереңікте судың температурасы 200 0с-ге дейін жетеді.
Геотермалдық энергетиканың дамуының негізгі бағыты – термалдық сулардың жылуын пайдалану немесе су сіңіретін тау жыныстарының қабатына қолданған суды жіберіп, осы тереңдіктегі жылуды электр энергиясына айналдыру. Тереңдіктегі жылуды пайдалану технологиясы экологиялық тұрғыдан зиянсыз. Махачкала, Омск, Кизляр, Черкаск, Тбилиси қалаларында термалды сулар тұрғындарды жылы сумен қамтамасыз етуге бағытталған,
Жылы сулар қоры Қазақстанның да көптеген жерінде кездеседі. Олар үйлерді жылытуға, спорт кешендерінде, санаторийларда, т.б. жағдайларда қолдануын табуда.
Тағы бір энергя көзі – биомасса. Оның құрамындағы күкірттің мөлшірі 0,1%, ал күлділігі-3-5%-тен аспайды. Биомассадан алынған газды отын ретінде пайдаланып, турбогенераторлардың көмегімен электр тоғын алу жолы басқа белгілі әдістермен бәсекелесе алады. Биомасса қалдық ретінде көп мөлшерде қант пен шарап зауыттарында борық қамысын өңдегенде шығады. Борық қамысынан қант, шарап алу дамып келе жатқан елдердің 80-де жолға қойылған. Осыған байланысты тек борық қамысын пайдалану арқылы бұл өсімдік өсетін елдерде энергияның 50%-тей мөлшерін алуды жолға қоюға болады.
Осы синтетикалық отын ХХ1 ғасырдың негізгі энергия көздернің біріне айналуына толық мүмкіндік бар. Ағаш биомассасынан алынған матанолды отын ретінде жаққанда шыққан көміртек оксидінің мөлшері бензинді жаққанда блінетін газ көлемінен 2 еседей төмен. Метанолға альтернативті этанолды қант өндірісінен шыққан биомассадан ферменттер көмегімен алып, оны бензиннің орнына қолдануға болады.
Анаэробты микроорганизмдер штаммаларының арнайы түрлерін жасап биогаз қолданудың экология эәне экономика жағынан болсын тиімді жолдарын табуға болады. Биогаздан энзимдер қолдану арқылы алынған этанолдың бағасы бензинмен қолдану арқылы алынған этанолдың бағасы бензинмен салыстырмалы келеді. Және қаіргі жағдайда қалдықтардан биогаз алу технологиясы өзін 3-5 жылда ақтап, табиғи органикалық ресурстарды үнемдеуге ықпал жасайды.
Болашағы зор потенциалды энергия түріне мұхиттардың жылу, ағыс, толқындар мен тасу энергия түрлерін жатқызуға болады. Мұхит тасуларының техникалық энергия потенциалы болжам бойынша 780 млн.кВт шамасында. Канадада қуаттылығы 20млн.кВт, ал Ресейдің Мурманск ауданында қуаттылығы 400млн.кВт, Алыс Шығыста қуаттылығы 87 млн.кВт энергия беретін станциялар іске қосыған.
Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялықжәне физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына (белгісіне) байланысты топтастырылады (кесте).
Бастапқы (бірінші) қоры
|
Екінші қоры
|
Сарқылатын (көмір, мүнай, тақтатас, табиғи газ, жаңғыш заттар)
|
Көмірді іріктегенде және байытқанда шыққан қосымша өнімдер:
Гудрон, мазут және мүнай өңдегенде шыққан қалдық өнімдер; ағаш дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар, бұталар.
|
Сарқылмайтын немесе қайтадан орнына келетін (ағаш, гидроэнергия, жел және күн энергиясы, геотермальдық энергия, жертезек, термоядролық энергия )
|
Жаңғыш газдар (домна, кокс ); тастанды газдардың жылуы; салқындату жүйесінен шыққан ыстық су; күш беретін өнеркәсіп құрылысының тастанды буы
|
Бақылау сұрақтары:
1) Энергетикалық ресурстар.
2) Энергетикалық ресурстардың топтастырылуы.
Әдебиеттер
4.1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.
4.1.4. Луканин В.Н., Трофименко Ю.В.Промышленно-транспортная экология. - М.:Высшая школа, 2001, - 273 с.
4.1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с.
4.1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с.
Дәріс № 5
Тақырыбы: Өнеркәсіптің атмосфераны ластауы.
Мақсаты: Ауаны ластаушы көздері мен танысу.
Жоспар
1) Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфера мен адам өміріндегі маңызы.
2). Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.
3). Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары.
Жер атмосферасы (грекше: аtmos — бу және sphaira - шар) — Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера дел Жерді онымен бірге айнала жүріп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 10 тонна. Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.
Атмосфераны зерттеуші мамандардың пікірінше, ол Жер бетінен қашықтаған сайын түрлі температурадағы бірнеше аймақтардан тұрады.
Атмосфераның құрылысы бірнеше қабат кұрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосферадан тұрады. 1000 км және одан ары қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар әлем кеңістігіне таралады. Осы қабатта атмосфера бірте-бірте планета аралық кеңістікке ауысады.
Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейінен биіктігі — 10-12 км, экваторда — 1-6-18 км, полюстерде - 7-10 км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзіліп, найзағайлар күн күркіреуі жүреді. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км — ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның қөп бөліп осы қабатта жинақталған, озон Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.
Стратосферадан кейін 50 км биіктікте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан әрі қарай төмендеп, 80 км биіктікте — 70°С –қа түседі. Мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-600 км биіктікте температура +1600° жетеді. Атмосфераның қабаттарындағы ауа биіктеген сайын сұйылып, қысым төмендейді.
Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта экзосфера орналасқан.
Бақылау сұрақтары:
1) Жаратылыстағы атмосфералық ауа құрамы қандай газдардан турады.
2) Тропосфера деп қай қабатты атайды.
3) Тропопауза деп қандай қабатты атайды.
4) Стратосфера деп қандай қабатты атайды.
5) Мезосфера деп қандай қабатты атайды.
6) Ионосфера деп қандай қабатты атайды.
7) Магнитосфера деп қандай қабатты атайды.
8) Ауа ластаушы көздер.
Әдебиеттер
4.1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.
4.1.4. Луканин В.Н., Трофименко Ю.В.Промышленно-транспортная экология. - М.:Высшая школа, 2001, - 273 с.
4.1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с.
4.1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с.
Дәріс № 6
Тақырыбы: Газ және шаң түріндегі шығарылымдарды тазарту.
Мақсаты: Ластаушы және зиянды газдарды тазалау әдістері мен танысу.
Жоспар:
-
Шаң мен газды ұстайтын және тазалайтын әдістер. Құрғақ тозаң ұстағыштар.
-
Ылғалды тозаң ұстағыштар.
-
Электр сүзгімен тазарту әдіс.
4) Химиялық тазалау әдісі. Термиялық (күйдіру) әдісі.
Адам денсаулығымен қоршаған ортаға химиялық биологиялық немесе физикалық әсерін тигізетін өнеркәсіп кәсіпорындары немесе басқа объктілер үшін санитарлық сақтау белдем» міндетті түрде олардың құрамына кіретін компонентке жатады.
Санитарлық ақтау белдемі-атмосфераны ластайтын кәсіпорындард елді мекеннен бөліп тұратын, міндетті түрде ағаш егілген зиянды заттаектер қауіпсіздік деңгейгедейін таралатын және арнайы гигиеналық талаптар орындалатын аумақ.
Санитарлық норманы анықтайтын құжаттарға сәйкес барлық өнеркәсіпорындарында олардың қуатына, технологиялық процестерді іске асыру жағдайына қоршаған ортаны ластайтын компоненттердің зияндық класына және тазалау процестерінің нәтижелеріне байланысты санитарлық сақтау белдемі белгіленіп, тұрғын кешеннен қандай алшақтықта орналастыруға болатыны анықталады. Өндірістік кәсіпорындар үшін бес кластық санитарлық сақтау белдемі бар. 1 класты кәсіпорын үшін-2000м, П кластыға-1000м, Ш кластыға-500м, 4 кластыға-300м, 5 кластыға-100м. Тамақ өнеркәсіп кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, ойын-сауық пен мәдени орындар үшін ССБ-50м.
ССБ сыртында зиянды заттектердің ауадағы мөлшері шекті рауалы концентрациядан аспауы қажет С
Атмосферадағы зиянды заттаектерді ШРК артық шығармайтын технологиялық процестермен жұмыс жүргізетін кәсіпорындарды елді мекендердің ішінде орналастыруға болады. ССБ ішінде өрт депосын, моншаны, кір жуатын үйді, көлік тұрақтарын, қоймаларды, әкішлік қызмет үйін сату нүктелерін және т.с. орналастыруға болады, ал тұрғын үйлерді, бала-бақшаны, мектепті, емдеу сауықтыру мекемелерін, бақты орналастыруға болмайды. Бұл аймақтың территориясы міндетті түрде көгалдандырылады, газға төзімді ағаштар мен бұтақтар түрлері егіледі. Себебі өсімдіктер биосүзгіш ролін атқарып, зиянды қоспаларды радиоактивті бөлшектерді сүзіп шуды сіңіріп алады. Бұл жерде РРР- белгілі бағытта тұратын желдің орта жылдық қайталанулылығы (%), Р- бірқалыпты айналма жел бағытының қайталанулылығы, % ; L-есептелінетін ССБ-нің ұзындығы, м; L-ССБ нормативтік шамасы, ол кәсіпорынының жататын класына байланысты 2000м, 1000м, 500м, 300м, 100м немесе 50м тең.
ССБ аумағын технологияны өзгерткенде, тиімділігі жоғары және сенімді тазарту құралдарын пайдаланғанда қысқартуға болады.
Ауа шекарасыз, үнемі жылжымалы түрде болатынына байланысты оны қорғау шараларынның аймақтық немесе жергілікті деңгейде ғана мәні бар емес, бұл ғаламдық масштабта қаралатын мәселе болып саналады.
Бақылау сұрақтары:
1) Шаң мен газды ұстайтын және тазалайтын әдіс түрлері.
2) Құрғақ тозаң ұстағыштар.
3) Ылғалды тозаң ұстағыштар.
4) Электр сүзгімен тазарту әдіс.
5) Химиялық тазалау әдісі.
6) Термиялық (күйдіру) әдісі.
Әдебиеттер:
4.1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.
4.1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с.
4.1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с.
4.2.4. Родионов А.И., Клушин В.Н., Торочешников Н.С. Техника защиты окружающей среды.М.:Химия, 1989.
Дәріс № 7
Тақырыбы: Санитарлық қорғаныш аймақтары.
Мақсаты: Санитарлық-гигеналық талаптарымен, Өндірістік кәсіпорындар үшін санитарлық сақтау белдемі мен танысу.
Жоспар
1) Санитарлық сақтау белдемі.
2) Санитарлық-гигеналық талаптар.
3) Өндірістік кәсіпорындар үшін санитарлық сақтау белдемі.
Қоршаған ортаға зиянды заттарын шығару көздері болып табылатын өнеркәсіптер үшін,зиянды кластарға сәйкес санитарлы қорғау зоналары/СЗЗ-қабылданады.
Адам деңсаулығы мен қоршаған ортаға химиялық, биологиялық немесе физикалық әсерін тигізетін өнеркәсіп кәсіпорындары немесе басқа объектілер үшін санитарлық сақтау белдемі міндетті түрде олардың құрамына кіретін компонентке жатады.
Санитарлық сақтау белдемі – атмосфераны ластайтын кәсіпорындарды елді мекеннен бөліп тұратын, міндетте түрде ағаш егілген, зиянды заттектер қауіпсіздік деңгейге дейін таралатын және арнайы гигиеналық талаптар орындалатын аумақ.
Санитарлық норманы анықтайтын құжаттарға сәйкес барлық өнеркәсіп кәсіпорындарына олардың қуатына, технологиялық процесстерді іске асыру жағдайына, қоршаған ортаны ластайтын компоненттерінің зияндық класына және тазалау процестерінің нәтижелеріне байланысты санитарлық сақтау белдемі ССБ белгіленіп, тұрғын кешеннен қандай қашықтықта орналастыруға болатыны анықталады.
Өндірістік кәсіпорындар үшін бес кластық санитарлық сақтау белдемі бар.
Бақылау сұрақтары:
1) Санитарлық-гигеналық талаптар
1) Санитарлық сақтау белдемі дегеніміз не.
2) Бірінші класты кәсіпорын үшін санитарлық сақтау белдемі.
3) Санитарлық-гигеналық талаптарды ата.
4) Екінші класты кәсіпорын үшін санитарлық сақтау белдемі.
5) Үшінші класты кәсіпорын үшін санитарлық сақтау белдемі.
6) Төртінші класты кәсіпорын үшін санитарлық сақтау белдемі.
7) Бесінші класты кәсіпорын үшін санитарлық сақтау белдемі.
Әдебиеттер
4.1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.
4.1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с.
4.1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с.
4.2.4. Родионов А.И., Клушин В.Н., Торочешников Н.С. Техника защиты окружающей среды.М.:Химия, 1989.
Дәріс № 8
Тақырыбы: Су пайдаланушылықты классификациялау. Жер беті және жерасты суларын ластаушы көздер, суларды тазарту тәсілдері.
Мақсаты: суларды тазарту тәсілдерін білу.
Жоспар
1) Су пайдаланушылықты классификациялау.
2) Жер беті және жерасты суларын ластаушы көздер.
3) Суларды тазарту тәсілдері.
Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганиземдерді және жылуды еңгізетін көзді ластаушы көз деп алу судың сапалық нормасын бұзатын компоненттерді ластағыш заттар деп атайды.
Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: физикалық күйіне байланысты-ерімейтін, колоидты, еритін табиғатына қарай-минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық.
Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи суларда еріген түрде әртүрлі газдар сонымен, қатар еріген тұздар болады. Бұлардың бар жоғы химиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады, себебі еріген қоспалар құмды және қағаз сүзгіштермен ұсталмайды.
Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан т.б жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болған заттарға олардың қалдықтары, өсімдік майлары, қағаз, т.б ал жануарлардан пайда ьолған заттарға, мысалы мал ткандары, желім заттар жатады. Суда еритін минералды және органикалық қосылыстардан басқа ерімейтін қалқыма немесе коллоидты бөлшектер кездеседі.
Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге-бактериялар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары т.б кіреді.
Суды негізінде ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары құрамында әртүрлі агрохимикаттары бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығының ағындылары су қоймаларына жауын-шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады.
Әртүрлі мақсатта қолданылған судың 80-85%-тейі ластанған ақаба су түрінде табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420км қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7000км таза суды ластандыра алады. Суды ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде, ал гидросферадағы ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд.т\жылына олардың ішінде ең қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды, мұнай мен өнімдерін беттік активті заттар ауыр металдардың, тұздардың,радионуклеидтерді, пестициттерді және басқа да органикалық және анорганикалық улы заттарды, биогендерді атауға болады.
Жоғарыда қарастырылған улы заттектердің ішінен суперэкотоксикантқа мұнай мен мұнай өнімдерін жатқызуға болады. Сулы ортада олардың концентрациясы 1мг\м-ке жеткеннен бастап улылық қасиетін көрсетеді. Мұндай мөлшерінің шамасы 200-300мг\м жеткенде экологиялық тепе-теңдік бұзылып, балықтың және судағы басқада ағзалар түрінің реттегіш механизмі өз мүмкіндігінің ең төменгі шегіне жетеді де, одан ары қарай ортанын кез-келген қолайсыз факторларына төзімсіз бола бастайды, яғни экологиялық тұрақтылық жойылады. 1 т мұнай суға төгілсе, аумағы 2,6 км шамасында судың беткі көлемінде тұтас үлпек түзеді. Қабықшаның қалындығы төгілген мұнай мөлшеріне байланысты келеді. Желдің әсерімен қабыршық судың сыртқы қабатымен салыстырғанда екі еседей артық жылдамдықпен қозғалады. Осыған және тотығуға берік болғандықтан мұнай қалдықтары елеулі қашықтыққа таралу мүмкіншілігі бар. Судағы мұнайдың көлемі 800мг\м жеткен жағдайда фитопланктондардың тіршілік нысаны тегжеліп, түгелімен жойылып кетуі мүмкін.
Мұнай өндейтін, коксхимия және басқа да өндірістердің ақаба суының құрамына кіретін фино қосылыстарын табиғи су қоймаларына түскенде өсімдіктермен тірі организмдер де жүретін маңызды биологиялық процестердің жүруін тегжейді, әсіресе балықтардың өсіп-өнуіне айтарлықтай зиян келтіреді.
Біздің республикамызда балық шаруашылығы негізінде өндіріс дамыған аймақтарда орналасқан, олардан шыққан қалдықтардың көп мөлшері, әсіресе ақаба сулары, су қоймаларын, атап айтқанда, Каспий теңізіне, Жайық, Ертіс өзендеріне, Бұқтырма су қоймасына, Балқаш көліне және т.б су объектілеріне тасталып тұрады.
Соңғы 10 жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скажиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактармен бояулардың, пестициттердің тамақ өнімдерінің, т.б. құрамына кіретін өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активтік заттар құйылып келеді. Олар су қоймаға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1 мг\л деңгейінде болса-планктон 5 мг\л-ден жоғары болса балықтардың жаңсыздануы байқалады. Пестициттер сияқты бұларды химиялық биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға соғады.
Суда ерімейтін кейбір пестициттер мұнай өндейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші ластаушы түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Осы қосылыстар өсімдіктерде судағы ұсақ жәндіктерде көп мөлшерде жинақталады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді, сөйтіп біртіндеп жануарлар әлемінің өкілдері уланады.
Жылына гидросфераны ластайтын антропогендік ластағыштардың жалпы массасы 15 млрд. Тоннаға жетіп отыр. Су объектілерінің ішінде ең көп ластанатын көзге өзендерді жатқызуға болады, себебі орта есеппен олардығы ластағыштардың концентрациясы 400 мг\л жетіп отыр. Сонымен қатар, өзендер теңіздер мен иұхиттарды ластайтын ең күшті фактор болып табылады. ЮНЕСКО деректері бойынша жыл сайын өзендердің суымен 325 млн. Тонна темір, 205 млн. Тонна қорғасын, 7 млн. Тонна фосфор теңізге түседі. Кейбір улы заттектер мұхиттарда бірнеше жыл бойы сақталып теңіз фаунасына және адамдардың денсаулығына қауіп туғызады. Ластану мұхиттың бойымен біркелкі тарамайды, ол негізінде жағалау жазықтықта және контенентальды шельф аудандарында жиналады, бұлардың үлесіне барлық мұхит кеңістігінің шамамен 10% тиеді, бірақ онда балықтың 90% ұрық шашып , өсіп-өніп және ауланады.
Қышқылды жауын-шашынның немесе ақаба сулар әсерінен ластану нәтижесінде сулы ортаның рН мағынасының өзгеруі, әсіресе төмендеуі алюминий және ауыр металдар қосылыстарын ерігіштігін жоғарлатады, еріген түрге айналған қосылыстар өсімдіктермен организмдерді уландырады. Содан кейін адам организіміне өтіп әр түрлі ауруға шалдықтырады.
Бақылау сұрақтары:
1) Судың қолдану саласына байланысты классификациялау.
2) Табиғи және шайынды сулар, өздерінің көрсеткішьеріне байланысты қандай топтарға бөлінеді.
3) Судың сапасына қойылатын талаптар
Әдебиеттер
4.1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б.
4.1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с.
4.1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с.
4.2.4. Родионов А.И., Клушин В.Н., Торочешников Н.С. Техника защиты окружающей среды.М.:Химия, 1989.
4.2.5.Наркевич И.П. Классификация промышленных отходов //Хим.пром.1980.-№4.С.51-54.
4.2.6. Наркевич И.П.,Печковский В.В. Утилизация осадков сточных вод.Л.: Стройиздат, 1989.
4.2.7. Краснобородько И.Г. Деструктивная очистка сточных вод от красителей. Л.:Химия, 1988.
Достарыңызбен бөлісу: |