Скандинавияаралық стандарттау ұйымы(ИНСТА)
Скандинавияаралық стандарттау жөніндегі ұйымы 1952 жылы құрылды. Олардың мүшелері – өздерінің ұлттық стандарттау жөніндегі ұйымдарымен кіретін Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция және де стандарттау мәселелерімен айналысатын басқа он ұйым.
ИНСТА қызметтерінің басқа ұйымдардан оны айыратын басты ерекшелігі, ол аймақтық жалпыскандинавиялық стандарттар әзірлемейді. Бұл елдер экономикасында сыртқы сауданың көп үлесі халықаралық стандарттар кеңінен пайдалануға көшкендігіне көп байланысты. Мысалы, дания 70-ші жылдардың басында ақ ұлттық стандарттар әзірлеуден толық бас тартып халықаралық және аймақтық нормативтік құжаттарға көшті.
ИНСТА өзінің негізгі міндеттерін скандинавиялық мемлекеттердің келісілген ұлттық стандарттарын жасауға ұлттық нормативтік құжаттарының техникалық талаптарын унификаттауға ықпал етуден; қайталануды болдырмау үшін стандарттау жөніндегі жұмыстар туралы ақпарат алмасуды ұйымдастырудан; стандарттар жасау бойынша және ИСО, МЭК, СЕН және басқа ұйымдарға мүше елдердің келісілген позициясын анықтау тәжірибелерін таратудан көреді.
Стандарттар келістірілуінде ИНСТА мамандары мына ережеге сүйенеді: «4F»: Forbruker (тұтынушы), Fabrikant (өндіруші), Forskrifter (қауіпсіздік), Forsksning (зерттеу нәтижелері).
Дайындалатын нормативтік құжаттар негізіне ИСО, МЭК халықаралық стандарттары, СЕН және СЕНЭЛЕК еуропалық стандарттары мен басқа да ұйымдар стандарттары алынады. Әзірленген нормативтік құжаттарды ИНСТА-ға мүше елдердің барлығы құптаған жағдайда ғана мүше елдер өздерінің ұлттық стандарты ретінде пайдаланады.
Ұйым іс-әрекеттерінің маңызды бағыты Скандинавия елдері арасындағы өзара түсіністікке жету. Ол үшін жыл сайын жүйелі түрде барлық даулы мәселелерді талқылайтын кездесу өткізіп тұрады.
Сонымен қатар, кез келген аймақтық ұйымдар сияқты, ИНСТА өзінің күш жігерін скандинавия аймағында және ЕО елдері сауда саттықтарындағы болатын техникалық кедергілерді жоюға бағыттайды. Бұл мәселелерді шешудің негізгі жолдары- стандарттарды үйлестіру, сынау нәтижелерін өзара мойындау, өнім сәйкестігін сертификаттау бірыңғай жүйесін жасау. Бұл жұмыстағы үлкен рөлді ЕАСТ мүшесі ретінде Дания, Норвегия және Швеция ойнайды. Үйлестірілген стандарттарға сәйкестеп өнімді сынау мен бақылау нәтижелерін автоматтандырылған өзара мойындау сәйкестендірілген, аймақтық саудадағы техникалық кедергілерді жоюға арнайы бағдарлама әзірленді.
ИСТА мүше елдерінің сәйкес ұлттық органдары ақпараттануы үшін үйлестірілген стандарттар каталогтары басып шығарылады. ИНСТА-ның басып шығаратын баспасы жоқтың қасы. Оның жұмыстары стандарттау жөніндегі ұлттық журналдар мен КОПАНТ бюллетенінде хабарланады.
Ұлттық стандарттарды үйлестірудегі бағыттар болып машина және станок жасау, жұмыс орны қауіпсіздігі, өртке қарсы құралдардың эксплуатациялық сіңімділігі мен қауіпсіздіктері танылады.
№14 дәріс. Оңтүстік-шығыс Азия елдері халықаралық ассоциациясы(АСЕАН)
Оңтүстік-Шығыс Азия елдері Халықаралық АССоциациясы 1994 жылы Стандарттау мен сапа жөніндегі кеңсу комитетін құрды. Бұл аймақтық ұйымның құрамына АСЕАН мүше елдер – Малайзия, Таиланд, Индонезия, Сингапур, Филаппин. Бруней Дарусалам, Вьетнам стандарттау және сертификаттау жөніндегі ұлттық ұйымдары кіреді. Осы елдердің сауда-өнеркәсіп палаталары комитетке мүше. Аталған елдердің көпшілігінің ұлттық стандарттауы мен халықаралық стандарттарды пайдалануы өте жоғары деңгейде.
Малайзияда стандарттау жөніндегі ұлттық ұйым – Малайзиялық стандарттар мен өнеркәсіптік зерттеулер институты (СИРИМ) 1975 жылдан бар. СИРИМ өзінің статусы бойынша – акционерлік қоғам құқығындағы ассоциациясы, бірақ акцияның негізгі иесі малайзия үкіметі. СИРИМ басшылығымен Малайзияда ұлттық стандарттау мен сертификаттау жүйесі құрылды.
СИРИМ-нің негізгі міндеттері:
- сауда мен өнеркәсіпке ықпал ету үшін стандарттауды әрі қарай дамыту мен жетілдіру;
- адам өмірі мен денсаулығы үшін өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- стандарттарды енгізу бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарға кеңес беру;
- жаңа технология төңірегінде ғылыми- зерттеулер жүргізу;
- ИСо және МЭК халықаралық стандарттары туралы ақпараттармен өнеркәсіп аумағын қамтамасыз ету және оларды ұлттық ретінде қабылдауға ықпал ету.
СИРИМ стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға Малайзияның атынан қатысады, оның басшылығымен елде МЭК-тің электрондық және электртұрмыстық жабдықтар қауіпсіздігі бойынша негіз қалаушы стандарттары енгізілді. Барлық қолданыстағы осы сала өнімдері ұлттық стандарттары МЭК стандарттарымен үйлестірілген. Ол осы өнімдердің қарқынды жетілуіне ықпал етуде.
БСҮ бағалауынша Малайзия 90-шы жылдары әлемдік сауданың 25 көшбасшыларының бірі болды. Бұған көп дәрежеде сынау зертханаларын аккредиттеу жүйесін жасауы, экспорттық өнімдерді сертификаттау, 9000 сериялы ИСО стандарттарына сәйкестенуге сапаны қамтамасыз ету жүйесін сертификаттаулар ықпал етті.
Таиландтың стандарттау және сертификаттау жөніндегі ұлттық органы – Тайланд өнеркәсіп стандарттары институты (ТИСИ) өз қызметтерін айрықша ұйымдастырумен ерекшеленеді. Ол стандарттау жұмыстарының барлығын (жоспарлаудан қабылдауға дейін) атқарады. ТИСИ стандартты бекітетін өнеркәсіп министрлігінің құрылымдық бөлігі. Стандарт жобасы мәтін бойынша, сондай-ақ техникалық талаптар бойынша да мүдделі жақтардың толық келісуімен кейін ғана қабылданады. Келісу бойынша барлық жұмыстарды ТИСИ жүргізеді. Тайланд үкіметі түрлі сала өнімдерін ұлттық стандарттар талаптарына толық сәйкес болғанда ғана сатып алып, ұлттық стандарттауға көмек жасайды. ТИСИ және де өнім сәйкестігін сертификаттауға жетекшілік жасайды, сонымен қатар сынауды тікелей институт және оның тапсырысымен өнеркәсіп және университет зертханалары жүргізеді. Елде 10 сертификаттау жүйесі қызмет етеді.
Индонезияда стандарттау жөніндегі ұлттық ұйым – Индонезия стандарттау жөніндегі Ұлттық Кеңесі (ИСС) 1984 жылы Президент Декретімен құрылды.
Кеңес міндеттеріне мыналар жатады:
- стандарттау мен сертификаттау жөніндегі түрлі ұйымдар жұмыстарын, сондай-ақ стандарттау бағдарламаларын үйлестіру;
- стандарттау және метрология төңірегінде ұлттық саясат әзірлеу және Президентке сәйкес ұсыныстар беру;
- әзірлеуге қатысқан барлық талаптар консенсусқа жеткеннен соң ұлттық стандартты қабылдау;
- әлемнің метрологиялық орталықтарында ұлттық эталондарды дұрыстау және ұлттық дұрыстау тәртіптерін жоспарлау.
ИСС халықаралық ұйымдарға Индонезия атынан қатысады, бірақ сынау зертханалыры мен сертификаттауды аккредиттеу оның құзыретіне кірмейді.
Барлық ұлттық ұйымдар – Стандарттау және сапа жөніндегі кеңес беру комитетіне мүшелер мемлекеттік болып келеді және олардың жұмыстарын мемлекет (өздігінен қаржыландырылатын СИСИР – Сингапур ұлттық стандарттау жөніндегі ұйымнан басқа) қаржыландырады.
АСЕАН елдерінің іс жүзінде барлық ұлттық стандарттары ерікті сипатта (Малайзияда 100%, Индонезия, Тайланд – 97, Филиппиндерде – 95, Сингапурда 91%). Техникалық заңның тура әсері ету жағдайында ғанан стандарттар міндетті статуста.
АСЕАН барлық елдері 9000 сериялы ИСО стандарттарын қабылдады. Сингапур көрсетілетін қызмет сапасын басқару жөніндегі 14000 сериялы ИСО стандартын енгізуде.
АСЕАН-ға мүше-елдер Стандарттау және сапа жөніндегі кеңес беру комитетінің басқаруымен аймақтық стандарттауға қомақты үлес қосты. Комитет қызметтері стандарттау мен сапа жөнінде стандарттаудың жалпы мәселелерін, өнеркәсіптің мемлекеттік және жеке секторларында стандарттау осы сала жұмыстарын ақпараттық қамтамасыз етулерін қамтиды.
Панамерикандық стандарттар комитеті (КОПАНТ)
Панамерикандық стандарттау комитеті 1961 жылдан жұмыс атқарып келеді. Комитет – Аргентина, Боливия, Бразилия, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Доминикам республикасы, Мексика, Панама, Парагвай, Перу, Тринидад-Табого, Уругвай, Венесуэла 9лтты0 9йымдарын, сондай-ақ басқа елдер – Коста-Рика, Сальвадор, Гватемала, Гондурас және Никарагуаның аймақтық ұйымдарын біріктіреді.
Ұйымның басты мақсаты – аймақтық саудадағы техникалық кедергілерді жою. КОПАНТ осы мақсатқа жетуді – аймақтық стандарттарды әзірлеу мен кеңінен қолдануда ынтымақтастықты дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін іске асыру құралы ретінде стандарттауды насихаттаудан: ұлттық стандарттау бағыттарындағы мәселелерді таңдауға ықпал етуден; ИСО мен МЭК жұмыстарына латынамерикалық елдердің белсенді қатысуы мен халықаралық ұйымдар талаптарымен аймақтық нормативтік құжаттарды жоғарыф мүмкіндікке үйлестіруге ықпал етуден көреді. КОПАНТ бұл бағытта аймақтық стандарттауды халықаралық стандарттар қамтылмаған аймақтарға немесе ерекше аймақтық норма мен ережелер орнатуды керектігіне байланысты қолдануды қажет санайды.
КОПАНТ-тың ұйымдастырылу құрылымы дәстүрлі. Оның басында барлық мүше-елдер болатын жоғары орган – Бас ассамблея. Атқару кеңесі, Атқарушы хатшы және Техникалық үйлестіру хатшылығы үш жылға сайланады. Жұмыс органдарын – қызметтері арнайы комиссиямен(даму, заңдар мен регламенттер, сертификаттау мен сәйкестік белгілер, қаржы, метрология бойынша) үйлестірілетін техникалық комитеттер жатады.
Сондай-ақ, КОПАНТ-тың қызметі мүше елдердің ұлттық ұйымдары жұмыстарын жетілдіру, атап айтқанда стандарттау жөніндегі ұлттық органдар қызметкерлерін оқыту мен біліктілігін көтеру.
Аймақ мемлекеттерінің өлшемнің метрлік жүйесін қабылдауын ұйымдастыру мен оған көшуге ықпал етуі – КОПАНТ-тың ең қомақты еңбегі.
Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімдер
Техникалық кедергілер туралы келісімдер халықаралық стандарттау шеңберінде Бүкіләлемдік сауда ұйымы(БСҰ) мүшелері қызметтерінің ережелеріне арналған БСҰ-ның 40 құжаттарының бірі.
Құжаттағы олардың атын сақтай отыра ережелердің бірнешеуін қарайық.
1. Үйлесімділік. БСҰ мүшесі халықаралық стандарттар (ерікті техникалық құжат сияқты), регламенттер (құжатты орындауға міндетті) немесе сәйкестікті бағалау жөніндегі ережелер болғанда, олардан айырмашылығы бар ұлттық құжаттамаларды әзірлемеуі керек.
2. Ұлттық тәртіп және беделін түсірмеу. Импорттық өнімдер сапасын бағалау жағдайының қолайлылығы отандықтан кем болмауы керек. Әйтпесе, импорттық өнімге отандыққа қарағанда көп қатаң талаптар қойылмауы қажет.
3. Нотификация (хабарлама беру) және транспаренттілік (ашықтылық). Егер қандай да бір ел халықаралықтан айырмашылығы бар нормативтік құжатты (НҚ) қабылдағысы келсе, онда ол ел БСҰ Хатшылығына осындай қадам жасауының себебін негіздеген және құжат жобасы қысқаша баяндалған хабарлама береді. Ол БСҰ-ның кез келген мүшесіне (сұраныс бойынша) нормативтік құжаттар жобасына сәйкес пікір дайындауына кемінде 60 сөтке беруі керек. Барлық бекітілген нормативтік құжаттар дереу жариялануы және ел іші мен одан тысқары елдердің барлық мүдделі жақтары үшін ашық болуы қажет.
4. Стандарттау туралы ақпарат. БСҰ мүшелі, саудалық қатынастардағы әріптес ұйымдарға жасырын кедергілер (тарифтік емес кедергі) жасауы мүмкін стандарттау жүйесіндегі барлық өзгерістерімен құлағдар болуды қарайды. Сондықтан, БСҰ әр мүшесі ел қолданысындағы және әзірленіп жатқан стандарттар, регламенттер және басқалары туралы ақпаратты қиналмай алатын бір немесе біренше ақпараттық орталықтар ашады. Бұл ережені орындау үшін Қазақстанда Ұлттық ақпараттық орталық ашылды.
№15 дәріс. Халықаралық стандарттау тәжірибелеріндегі маңызды мәселелер
Халықаралық стандарттау басымдықтарын айқындау
Халықаралық стандарттау төңірегіндегі басым бағыттарды сатндарттау ауқымындағы саясат мәселелері жөніндегі Жұмыс тобы (ЖТ) анықтайды. Ол Еуропалық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) 45-ші кезектен тыс Сессиясының шешімімен 1990 жылы құрылды және 1970 жылдан ЕЭК көмекші органы – тандарттау төңірегіндегі саясатқа жауапты үкіметтің лауазымды жақтары Мәслихаттарының мирасқоры.
Жұмыс тобының маслихаттары жыл сайын шақырылып тұрады. Мәслихатта – халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттаулардың даму барысы талқыланады; стандарттаудың сынау, сынау зертханаларын аккредиттеу және сертификаттау нәтижелерін мақұлдау мәселелері бойынша жүргізілген жұмыстар туралы аймақтық және басқа ұйымдардың хабарламалары тыңдалады; міндеттер анықталып, оларды орындау жолдары белгіленеді; ағымдағы жылдық жұмыстардың бағдарламалары қабылданады. Бағдарламалар саудадағы техникалық кедергілерді бірте-бірте азайту немесе жоюға және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа ықпал етуге бағытталған.
Жұмыс тобы стандарттау мен сертификаттау жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдармен тығыз іскерлік байланыс жасайды, ИСО/МЭК әдістемелік нұсқауларына толық сәйкес келетін әдістемелік нұсқаулар дайындауды икемдестіріп тұрады. Оның жұмысына іс-жүзінде әлемнің бар аймағы елдерінің стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдары, сондай-ақ үкіметаралық (БСҰ, ЕО, ЕАСТ, МОЗМ) және үкіметтік емес (МЭК, ИСО, ЕОИС және басқалары) ұйымдар өкілдері қатысады. Сөйтіп, ЕЭК Жұмыс тобы дайындаған стандарттау жөніндегі басты бағыттар негізінде әлемнің барлық елдеріне қатысты болады.
Жұмыс тобының (үкіметтік лауазымды жақтар маслихатының) қабылдаған құжаттарының ішіндегі ең маңыздысы – стандарттау төңірегіндегі саясат туралы үкіметтерге Ұсыныстар кешені. Онда, 1970 жылдан бастап барлық кезеңдеріндегі стандарттау жөніндегі басқа ұйымдар қатысуымен еуропалық аймақ елдері, ИСО және МЭК лауазымдық жақтары қызметтерінен қорытынды шығару принциптерінің жинағы бар. Бұл құжат стандарттау үшін негізгі басым бағыттар мен міндеттерді анықтады:
- денсаулық сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау;
- ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа ықпал ету;
- үйлестірілмеген нормативтік құжат себебінен болған халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жою.
Стандарттау төңірегіндегі саясат бойынша БҰҮ ЕЭК ұсынымдары, әдеттегідей басқа ұйымдардың осындай әзірлемелеріне қосарлану емес, толықтыру болып келеді.
Стандарттар мен техникалық талаптарды үйлестіру төңірегінде «Стандарттар мен техникалық ұйғарымдарды халықаралық үйлестіру» Ұсынымдары мен халықаралық стандарттауға жататын нысандар Тізімі жасалынды. ЕЭК жұмысы тобы Ұсынымдары негізінде стандарттау жөнінде ЕЭК Тізімін құрастырады. Ол бәрінен бұрын денсаулық сақтау мен қауіпсіздік техникаларына, қоршаған ортаны қорғауға, ластанулармен күреске, энергия мен шикізаттарды тиімді пайдалануға қатысты үкімет есептеуі бойынша болатын барлық секторларды қамтиды. Бөлінетін басымдылықтарға ортақ – халықаралық саудада байқалатын келісілген стандарттардың жоқтығы.
Тізім стандарттау жөніндегі (мысалы, техникалық талаптар, норма, жіберілетін деңгейлер, қауіпсіздіктің негізгі сипаттамаларын, маркілеу, бақылау әдістері және басқаларын әзірлеу) белгіленген жұмыстар сипатын және негізгі жұмыстардың орындалуын, сонымен қатар оған мүдделі, яғни бірлесіп қызмет жасауы мүмкін ұйымдастыруларды орнатады. Сөйтіп, Тізім стандарттаумен айналысатын халықаралық ұйымдар жұмыстарындағы қосарлануды болдырмауға мүмкіндік береді.
Тізім БҰҮ ЕЭК мүше-елдер ұсыныстарын ескере жүйелі түрде жаңартылып тұрады. Жұмыс тобымен құпталған ұсыныстар қарап шығуға қабылданады. Онда ұлттық заңнамалардағы айырмашылықтарға байланысты халықаралық мәселелер де ескеріледі.
Тізімде стандарттауды қажет ететін 15 сектор белгіленген:
1. Атомдық энергетика, радиациялық қауіпсіздік және радиациядан қорғау;
2. Құрылыс жабдығы мен элементтері;
3. Электр және электрондық жабдықтар, бөлшектер;
4. Қоршаған ортаны қорғау;
5. Өртке қарсы күрес және ұрлықтардан сақтану жүйелері;
6. Машина жабдықтары;
7. Денсаулық сақтау;
8. Ауыл және орман шараушылығы тракторлары мен машиналары;
9. Көлік жабдығы;
10. Ақпарат өңдеу;
11. Энергетика;
12. Материалдар;
13. Басқа өнімдер мен жабдықтар;
15. Сапаны қамтамасыз ету мен бағалау.
Әр сектор бойынша бірінші кезектегі міндеттер (Аккритерийі) белгіленген. Бірінші сектор бойынша – радиациялық қауіпсіздік, ал негізгі ұйымдар - МАГАТЭ⃰, ФАО/ВОЗ қауіпсіздік стандарттарын жасайды. Осы критерий бойынша ағынды сулардағы радиоактивтілігі үнемі бақылауда және апат болған жағдайда (бұнымен МЭК айналасуы керек) реакторларды бақылауда қолданылатын аппаратура сипаттамасын арнайылап дайындау; сәуле өткізу мен радиоактивтілік бойынша (негізгі жұмысты МАГАТЭ, ФАО, ВОЗ, МКРЗ⃰⃰,МБТ⃰⃰ және басқалары орындайды) жіберілетін деңгейлер орнату; жоғары радиоактивті қалдықтарды сақтау (қауіпсіздік нормасы мен ережесін ИСо мен ОЭСР****) белгіленген.
Стандарттау төңірегіндегі саясат жөніндегі Жұмыс тобы өзінің бірнеше мәслихатын нарықтық экономикаға көшкен Орталық және Шығыс елдеріне арнады. Жұмыс тобы оларға қатысты сынау нәтижелері мен сертификаттау жүйелерін өзара мойындауды, сапа кепілдігін жетілдіруді, ұлттық стандарттау жүйесінің халықаралықпен үйлесуін марапаттайды.
ЕЭК көмекші органдары стандарттау төңірегіндегі саясат бойынша өнімнің техникалық талаптары мен сынау әдістерін әзірлеуде жұмыс тобының ұсынымдарын пайдаланады.
ЕЭК-нің, сонымен бірге Жұмыс тобының да барлық құжаттары ерікті сипатта болады және әр ел өз мүддесі мен мүмкіншілігіне қарай оларды қолдану тәртіптерін орнатады.
Стандарттарды орналастыру
Стандарттарды үйлестіру – стандарттардағы өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өзара алмасымдылығын, сынау мен ақпарат нәтижелерін өзара ұғынуды қамтамасыз ету үшін оның мазмұнын басқа стандартпен сәйкестендіру.
Үйлестірілген стандарт – техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт.
Үйлестірілген стандарттардың бір қатар айырмашылығы болады: формасы бойынша, түсініктемелік ескертулерінді, жекеленген арнайы нұсқауларында және т.с.с.
ИСО/МЭК2 нұсқауы мынандай терминдер ұсынады: ұқсас стандарттар және унификатталған стандарттар. Ұқсас стандарттар – мазмұны мен форм асы бойынша толық ұқсас, үйлестірілген стандарттар. Бұл көбіне ұлттық стандарттау жүйесінде қабылданған стандарттың (халықаралық, аймақтық) дәл аудармасы. Бұл стандарттар белгіленуімен (шифр, код) ғана ажыратылуы мүмкін.
Унификатталған стандарттар – мазмұны бойынша ұқсас, бірақ айырмашылығы ұсынылу формасында болатын үйлестірілген стандарттар.
Үйлестірілген стандарттар – сол стандарттарға сәйкес ұсынылған ақпарат үшін сынау нәтижелерін өзара түсіну мен өнім, процестер және қызмет көрсетулердің өзара алмасымдылығын қамтамасыз ететін, стандарттаумен айналасатын түрлі органдармен бекітілген, бәрі бір нысанға жататын стандарттар (1.1 ҚР СТ).
Үйлестірілу деңгейі стандарттың қандай нормативтік құжатқа қатысты үйлестірілуіне қарай бөлінеді. Халықаралық деңгйде үйлестірілген стандарттар – халықаралық стандартпен, аймақтық деңгейде үлестірілген стандарттар аймақтықпен үйлестірілген. Үйлестірулер көбіне екіжақты немесе көпжақты келісім щеңберінде жүргізіледі. Көпжақты негізде үйлестірілген стандарттар стандарттау жөніндегі көп органдармен үйлестірілген болса, екіжақтылары – стандарттау мен айналысатын екі органмен ғана үйлестірілген.
Үйлестірілген стандарттар біржақты келісілгенмен және салыстыратын стандарттармен бірдей емес екенін ескерген жөн.
Келісілген стандарт (біржақты келісілген стандарт) – бұл басқа стандартпен былай келісілген нормативтік құжат: бірінші стандартқа сәйкес ұсынылған өнім, процестер, көрсетілетін қызметтер, сынаулар мен ақпараттар екіншінің талаптарына жауап береді, бірақ керісінше болмайды.
Салыстырылмайтын бір жақты келісілген де стандарттар үйлестірілген (эквивалентті) болмайды, себебі өнімнің (көрсетілетін қызметтердің) өзара алмастырылымдылығын қамтамасыз ете алмайды.
Стандарттарды үйлестірудің тауарлармен (көрсетілетін қызметтермен) өзара тиімді алмасымды кеңейту, сертификаттау бойынша келісім жасау, ғылыми-техникалық мәселелерді шешу және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мен тереңдету, материалдық және энергиялық ресурстар шығынын оңтайландыру, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша тиімді шараларды күшейту үшін маңызы зор.
БҰҰ ЕЭК стандарттарды үйлестіру жөніндегі өзінің ұсынымдарында бұл процестін тиімділігіне әсер ететін келесідей принциптік маңызды кездерді белгілейді: стандарттаумен айналысатын органдар жұмыс жоспарларын құрастыруда ескеруі қажет болатын халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықпен үйлестіру жөніндегі іс-әрекеттерді айқын байланыстырылуын; үйлестіру үшін нормативтік құжатты таңдау дұрыстығының рөлінің үлкндігін.
ЕЭК таңдаудың келесідей критерийлерін ұсынады:
- стандарттау нысаның өзара ауыстырымдылығы мен техникалық сыйысымдылығы деңгейін қамтамасыз ету дәрежесі мен оның ынтымақтастықтың экономикалық және техникалық тиімділігіне әсері;
- өнім сапасын сынау мен бақылау нәтижелерін өзара мойындау үшін стандарттың маңызы;
- стандарттың басқа нормативтік құжаттарға әсерінің дәрежесі;
- стандарттың саудадағы техникалық кедергіні шын жасайтын немесе жасай алатын қабілеті.
Сондай-ақ БҰҰ ЕЭК ұсынымдары халықаралық стандарттарды ұлттық стандарттауда пайдалану тәртіптеріне де қатысты: ұлттық стандартты әзірлеуде негіз ретінде халықаралық стандарттарды, ұлттық стандарттарды пайдалану дұрыс және басқа елдер ұлттық стандарттарына назар аудару. Ол кезде ұлттық стандарттар мәтіндерінде олардың халықаралық нормативтік құжаттарға сәйкестігі немесе ауытқулары туралы нұсқаулар беру көзделеді.
Ауытқулар сондай стандарттар нысандары болатын өнім (көрсетілетін қызмет) бойынша сауда келісіміне өте қолайлы жағдайлар жасауға дәлелді суреттелуі қажет.
Стандарттарды үйлестіру халықаралық стандарттар әзірлейтін ұйымдар жұмысына елдердің қатысуына ықпал етеді.
Стандарттарды үйлестіру бойынша белсенді іс-әрекеттер ТМД щеңберінде жүргізіледі.
Ұлттық стандарттарды үйлестіру дәрежесіне әсер ететін факторларға сыртқы саудаға ел экономикасы бағытының деңгейі, ішкі нарықтың сыйымдылығы жатады. Осыған байланысты, мысалы, Солтүстік Еуропа елдерінде ұлттық стандарттар фондының көп бөлігін «мұқабалық әдіспен» қабылданған халықаралық немесе тікелей қолданумен пайдалынатын нормативтік құжаттар құрайды, ал ұлттық стандарттар халықаралық стандарттармен көп көлемде үйлестірілген.
Батыс еуропалық мемлекеттердің ұлттық стандарттарының 70-80%-ы халықаралықтармен үйлестірілген. ТМД елдерінен, ресейде түрлі әдістермен ИСО стандарттарының 20% дейіні және МЭК стандарттарының 60% жуығы қабылданған. Қазақстан да осы бағытта жұмыстар атқаруда.
Стандарттардың басқа елдердің халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарымен үйлестірілуі – елдің халықаралық ынтымақтастықтардағы жалғыз мақсаты емес, сонымен қатар негіз қалаушы стандарттарды халықаралық ережелер және ұсынымдармен үйлестіруге де жетудің маңызы аз емес. Стандарттау мен үйлестіру бойынша халықаралық ынтымақтастықтан, соңғы жылдары болып жатқан сыртқы және ішкі нарықтар жағдайларындағы тауарлардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстардың тиімділігі байланысты болады.
Сонымен қатар халықаралық ретінде отандық стандарттарды қабылдауға жету де маңызды. Ол жағынан Батыс Еуропа елдерінің көп жетістіктерін салыстыруға болмайды. ТМД елдері бойынша, бұл бағытта Ресейдің ағаш материалдарына бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік стандартының негізіндегі ИСО стандартын атап өтуге болады.
Ел стандарттарын ФАО/ВОЗ комиссиясының «Кодекс Алиментариус» халықаралық стандарттарымен үлестіру маңызды мәселе болып түр. «Кодекс Алиментариус» стандарттарының бұрын атап өткендей, тамақ өнімдері мен оларды өндіруге талаптары бар: гигиеналық талаптар және микробиологиялық және тағамдық қоспалар жөніндегі қағидалары; пестицидтер, ластауыштар қалдықтарына қатысты тиым салулар; талдау жүргізу мен үлгі алу әдістері, сондай-ақ маркілеу жөніндегі талаптар.
Осы бағыттарда стандарттарды үйлестіру ішкі нарыққа және де экспортты-импортты операциялар бойынша да тағамдық өнімдер мен оларды өндіретін шикізаттар бойынша бір қатар мәселелерді шешуге жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі міндеттерге мыналарды жатқызуға болады: адам өмірі мен денсаулығы үшін тағамдық өнімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету; елге сапасыз, қауіпті және бұрмаланған тағамдық өнімдердің әкелінуінен тұтынушыларды қорғау; отандық тағамдық өнімдердің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру: екіжақты және көпжақты қатынастағы тағам өнімдерінің сертификаттау жүйелерін екіжақты мойындау.
Соңғы жылдары үйлестірудің акценттері ұлттық стандарттау, метрология және сертификаттау жағына қарай ауып барады. Бірыңғай еуропалық нарық жасау, Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық экономикаға көшуі, Америка континентінде еркін сауда туралы келісім және басқа жағдайлар мен процестер халықаралық сауданың жахандануына әкеледі: барлық елдер мен континенттер бойынша тауардың көп массасы араласады, ол саудадағы техникалық кедергілер мәселелеріне әлемдік қауымдастықтың назарын тіпті көп дәрежеде аудартады. Бұл бағыттағы жетекші рөлді тауар және көрсетілетін қызметтермен әлемдік еркін саудаға ықпал ететін, тауарды стандарттау мен сертификаттау бойынша ынтымақтастық аясын анықтайтын БҰҰ ЕЭК жалғастыра береді.
Достарыңызбен бөлісу: |