ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В080700 «Орман шаруашылық ісі» мамандығына арналған


-9- дәріс Құндылығы шамалы екпелерді қайта жаңарту және нысаналы мақсаттағы орман дақылдарын құру



бет4/6
Дата07.07.2016
өлшемі0.89 Mb.
#183409
1   2   3   4   5   6

8-9- дәріс Құндылығы шамалы екпелерді қайта жаңарту және нысаналы мақсаттағы орман дақылдарын құру
Дәріс жоспары:

1. Құндылығы шамалы екпелерді қайта жаңарту

2. Сүрек дайындалатын теректердің плантациялық дақылдары

3. Себет тоқуға және киіз қанқасын жасауға арналған талдардын плантациялық дақылдары
Орман алқаағаштарын қайта құру тұқым құрамын жақсарту және олардың шығымдылығын арттыру үшін жүргізіледі. Қайта құру деп әдетте құндылығы аз орман алқаағаштарын орман екпелерін өсіру жолымен шаруашылық жағынан құнды ағаштармен алмастыру түсініледі.

Өзінің құрамы, толымдылығы, оның жасына орай күтілетін жетілушілігі, өнімділігі мен орындайтын пайдалы функциялары телімнің орман өсіру шарттары мен ормаңның нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін 5 және одан жоғары жастағы құндылығы аз алқаағаштар қайта құрылуға жатады.

Қайта құру қоры мыналарды қамтиды:


  • барынша шығымды сүрекдіңдерін өсіру үшін жарамды телімдерде бұта тоғайы;

  • басты тұқымды ауыстырған арзан қол құндылығы аз жұмсақ жапырақты тұқымды табиғи өскен жас ағаштар;

  • сапы бұзылған тығыздығы аз (тығыздығы 0,5 және одан төмен) немесе зақымдалған алқаағаштар мен жасы 2 сыныпты және одан астам қалаусыз қажетсіз тұқым басым шығымдылығы төмен сүрекдіңдер;

  • шіріген, көп жылдық өскінді, түбі көктеген және тамыр атпасынан түлеген алқаағаштар.

Қайта құрылатын алқаағаштарының жағдайына, олардың тұқымдық құрамына, ондағы басты тұқым саны мен олардың телім аумағы бойынша таралу тегістігіне қарай алқаағаштарды қайта құрудьң тұтастай, дәлізді және шоқ ағаштық-топтық тәсілдер колданылады.

Қайта құрудың тұтастай тәсілі құндылығы аз алқаағаштарын, мысалы бұталы тоғайларын толықтай ауыстыру қажет болатын жағдайларда қолданылады. Бүл жағдайда құндылығы аз алқаағаштарын немесе бұталарды жаппай түбірімен қопару жүргізіледі. Түбірі қопарылғаннан кейін тамыр атпасы мен арамшөп өсімдіктеріне толық жою үшін алаң жыл бойы қара парда болып, одан әрі онда орман өсіру жағдайына барынша сәйкес келетін құнды тұқым екпесі өсіріледі.

Дәліздік тәсіл шамамен сол ендегі шабылмайтын дәлізаралық ықтырма қалдыра отырып, әдетте ені 3-6 м дәліздермен алқаағаштарды алдын ала шабуды немесе тазартуды білдіреді. Дәліздер ені қайта құрылатын алқаағаштардың биіктігінен кем болмауы тиіс. Дәлізді түбірлер мен бұталардан тазарту, тамырларды қопару тамыр қопарғыштар мен бұта кескіштердің көмегімен жүргізіледі. Одан кейін жасалған дәліздерде кейіннен екпе көшеттерін немесе көшеттерді отырғыза отырып, топырақты өңдеуді жүргізеді.

Шоқ ағашты-топтық тәсіл құрамында басты тұқымдар бар тығыздығы әркелкі алқаағаштарға қолдану ұсынылады. Бұл ретте өсіп тұрған алқаағаштарды түбірімен алу жасалмайды, құнды тұқымдар бос дерлерге, алаңдар мен алаңқайларға алдын ала ішінара дайындалған топыраққа шоқ ағаштар немесе топты түрінде отырғызылады.

Алқаағаштарын қайта құрудың барлық тәсілдері кезінде екпелердің тығыздығы өсу орны жағдайларының үлгілерімен және кесілмеген дәлізаралы қықтырмаларда (дәліздік тәсіл кезінде) және телімдерде (шоқ ағаш-топтық тәсіл кезінде) басты тұқымның табиғи молығуымен айқындалады. Қайта құрудың бұл тәсілдері кезінде отырғызылған өскіндердің жұмсақ жапырақты тұқымдылармен немесе бұталармен көмкерілу мүмкіндігін ескерген жөн. Сондықтан бұл жағдайда қайта құрудың табыстылығы көбіне жарықтандыру мен тазартудың уақтылығы мен жүргізу сапасына байланысты болады.

Тікпе ағаш көшеттері ретінде қайта құрылатын алқаағаштарында екпелерді өсіру үшін екпе көшеттері мен көшеттерді пайдалануға болады. Шөптесін өсімдіктер мен қажетсіз жапырақты тұқымдылардың қарқынды өсуі байқалатын қолайлы өсу жағдайы кезінде көшеттерге артықшылық берген жөн. Мұндай тікпе көшеттер арқылы өсірілген екпелер агротехникалық күтімсіз және жарыктандырудың аз мөлшерімен өсуі мүмкін.
2. Нысаналы мақсаттағы орман дақылдарын құру
3. Сүрек дайындалатын теректердің плантациялық дақылдары

Теректер түрлері. Шығымдылығы жоғары плантациялық екпелерді өсіру үшін республиканың оңтүстігі мен оңтүстік- шығысына мыналар ұсынылады:


  • П.П. Бессчетновтың «Қазақстандық», «Қайрат», «62027-1» жергілікті селекциясының будандас түрлері;

  • түрлес теректер - Болле, тарамды, алжир.

Телімді таңдау. Плантациялық екпелерге арналған телімдер тегіс суару жүргізуге мүмкіндік беретін азғана еңісі бар, мүмкіндігінше тегіс болуы тиіс. Жер жеткілікті көлемде болған кезде бірінші кезекте топырақтың жеңіл немесе орташа механикалық құрамы бар, сортаң емес немесе сортаңдығы әлсіз құрамды телімдерді игерген жөн. Әсіресе алаңның суармалы сумен қамтамасыз етілуішілігіне назар аудару кажет, өйткені Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің кұрғакшылық жағдайында шығымдылығы жоғары плантациялык терек екпелерін суарусыз өсіру мүмкін емес. Жер асты суларының 1-3 м орналасу деңгейі олар үшін оңтайлы.

Топырақты дайындау. Плантациялық екпелер жақсы өңделген топыраққа өсіріледі. Оны кейіннен атыздар бойынша тегіс суаруды қамтамасыз ету үшін алаңдарды жоспарлаудан бастаған жөн. Жоспарланғаннан кейін топырақтың механикалық құрамына, оның шымдалу дәрежесі мен арамшөп өсімдіктерінің болуына қарай топырақты міндетті түрде күзгі терең кайта жыртып немесе терең қопсыта отырып, қара немесе ерте пар жүйесі бойынша дайындайды.

Көшеттерді отырғызу. Әлсіз немесе орташа сорланған топырақта плантациялық екпелерді отырғызу кезінде Болле немесе «62027-1» буданы терегі сияқты ақ терек бөлігінің теректеріне басымдық берген жөн. Отырғызуды көшеттердің жапырақтары түскеннен кейін күзде немесе бүршік жарғанға дейін ерте көктемде жүргізуге болады.

Бір жылдық көшеттер жаксы тікпе ағаш көшеттері болып табылады. Бұл ретте тамыр мойыны топырақ бетінен 0-25 см тереңдікте болатындай есеппен теректің көшеттерін біршама терең отырғызуға ұмтылған жөн.

Плантациялық екпелерді өсіру кезінде теректердің көшеттерін 1 га отырғызу орны санымен 3,0 х 1,5 немесе 3,0 х 2,0 тиісінше 2220 және 1660 данадан отырғызған жөн.

Атыздарды бөлгеннен кейін бірден суарылу жүргізіледі, ол топырақтың отыруына және оның отырғызылған өскіннің тамырларына тығыз жатуына әсер етеді.



Плантациялық екпелерге күтім жасау. Отырғызылғаннан кейін алғашқы екі жыл ішінде кемінде 3-4 рет топырақты копсыту және арамшөптерді отау жүргізіледі. Бірінші жылдың күзінде плантацияларға түгендеу жүргізіп, ал көктемде қажет болған кезде - оларды екі жылдық көшеттермен толықтырған жөн. Үшінші және төртінші жылдары қатар аралары мен қатарлардағы күтімдер санын жыл сайын екеуге дейін азайтуға болады. Плантацияларды алғашқы екі жыл ішіндегі вегетациялық кезеңде кемінде 4-5 рет суару керек. Одан кейінгі жылдары суару санын 2-3-ке дейін азайтуға болады. Суару нормасы 1 га-ға - 500-600 м3.
Терек алқаағаштары топырақтан қоректік заттардың көп мөлшерін тұтынады,осыған байланысты органикалық және минералдық тыңайтқыштарды шашу қажеттілігі туындайды.

Кейіннен екі вегетациялық кезең ішінде 120кг/га(мамыр,тамыз)азот тыңайытқышымен қосымша 2 мәрте қоректендіре отырып,фосфорлы тыңайытқышты 90кг/га жане азотты 120кг/га бастапқы шашу кезінде теректің барынша қарқынды өсуі байқалады.Органикалық тыңайытқышты – га-ға 120 кг фосфор қоспасына 20 т көң,сондай-ақ20т/га сеебімен таза көң шашу да жақсы нәтиже береді.

Теректің тынайытқышты қабылдаушылығы әсіресе,олар шашылғанан кейін 3-4 жылда пйда бола бастайды.

Қысқа мерзім ішінде жоғары сапалы сүрек алу үшін бірінші жылдан бастап отырғызылған өскіндердің діңіне кутім жасау қажет.Бұл плантациялық екпелерде ағаштардың сирек орналасуына қатысты бастапқы кезеңде теректерде күрт тармақтаудың пайда болуына байланысты болады,осыған орай кезең сайын олардың бұталары мен физиологиялық пассивті өркендерін кесіп отыру қажет.Бұл жұмысты ерте көктемде жургізген жөн.Отырғызылғаннан кейін бірінші жылы тек бір ғана дамыған өркен қадыра отырып,артықтары кесіледі.Бүйірлік бұталарды кесуді 3-4 жылдан соң бастайды.Бірінші кезу кезінде діңгектің төменгі бөлігінің шамасымен 1/3 басталады,екінші жылы (6-8жыл) діңгектің төменгі жартысы және үшінші жылы (10-12жыл)діңгектің 2/3бөлігі босатылад.Кесу орнын саңыырауөұлақ ауруларын болдырмас үшін мүмкіндігінше бақша қарамайын жаққан дұрыс.

Теректер 10-12 жасқа жеткен кезде плантациялардан күтімдік кесу тіртібінде ағаштардын жартысы кесіледі және кесілген бағандар ұсақ тауар сүрегі ретінде сатылады.Бұл қоректік алаңды ұлғайту есебінен өалған өсімдіктерді барынша ірі мөлшердегі сүрек етіп өсіруге мүмкіндік береді.

Плантациялық екпелерді өсірудің агротехникасын сақтау кезінде 20 жылдық терегі бар 1 га жерден 700-800 м3 тауар сүрегін алуға болады



4. Себет тоқуға және киіз қанқасын жасауға арналған талдардын плантациялық дақылдары

Талдардың түрлері.Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағдайында плантациялық екпелерді өсіруге арналған талдардың мейлінші перспективалық түрлері:

Шыбық түрлесе талдар(себеттік),күлгін тал(тобылғы сары),ақ тал(боз тал),үшкір жапырақты талқ(қызыл тал).

Себет тоқуға арналған талдар плантациясы.Плантацилық екпелерді жақсы өнделген топыраққа өсіру қажет.Оны кейіннен атыздар бойынша тегіс суаруды қамтамасыз ету үшін алаңды жоспарлаудан бастау керек.Топырақтың механикалық құрамына,оның шымдалу дәрежесі мен арамшөп өсімдіктерінің болуына қарай топырақты міндетті түрде күзгі терең қайта жыртып немесе терең қопыста отырып,қара немесе пор жүйесі бойынша дайындайды.



Көшетерді отвырғызу.Себет тоқуіа арналған шыбықтарды алу мақсатында плантация салу үшін себеттік немесе күлгін талдардың бір жылдық пайдаланған дүрыс.

Көшеттерді отырғызу күзде және көктемде жүгізілуі мүмкін.Қолдай да,және механикалық отырғызу да есеп жасалған плантацияларда 0,8*0,5м.мөлшерінде отырғызу орыны дайындалады.Бұл тығыз шыбықтар плантациясында бүйірлік өркендердін аз болуымен және барынша тегіс болатындығымен байланысты.

Күзгі және көктемігі отырғызу кезінде көшетердін жер үсті беті 20-25см.биіктікте түбірінен кесіледі.Бұл агротехникалық тәсілді мінтеті түрде жасау қажет,өйткені ол көшеттердің дұрыс жерсінуіне және жұқа шыбықтар санының көп болуына ықпал етеді.

Плантация тіршілігінің екінші жылында өркендер өсімін жақсарту мақсатында мүмкіндігінше фосфорлы қолдану затын -60кг/га және азот80кг/га есебінен минералдықтыңайтқыштар шашу керек.

Шыбықтарды кесу жыл сайын жүргізіледі.Шыбықтарды дайындауға арналған қолайлы уақыт-терен күз,алайда оны жүргізу барлық қыс кезеңі ішінде жалғасуы мүмкін және көктем басталғанға дейін айақталуы тиіс.

Плантацияда шыбықтарды дайындау кезінде оларды кесудің дұрыстығы мен құралдардынң жағдайын тексеріп отыру керек.Кескеннен кйінгі түбірлер биіктігі топырақ бетінен 20-25см және кеспелер тегіс болуының маңызы зор.Сондай-ақ жыл сайын келесі жылы сапасы жақсы өркендердін пйда болуын қамтамасыз ету үшін шыбықтардын қалындығына қарамастан оларды түгелдеу кесіп отыру керек.



Киіз үй керек жарақтарына арналған талдар плантациясы.Телімді таңдау.Киіз үй керек жарақтарын алу үшін ұшсыз деп аталатын талдарды,яғни бөрік басы белгілі бір биіктікте кезең сайын кесіліп отырылатын ағаштар пайдаланылады.Плантация 20-25 жыл пайдаланылатын болғандықтан телімді таңдауда барынша мұқият болу керек.Плантацияға арналған алаңды мүмкіндігінше жер асты сулары жақын орналасқан ойыстарда таңдау керек.Жақын жерде су көзі міндетті түрде болуы тиіс.

Топырақты дайындау топырақты міндетті түрде күзгі терең қайта жыртып немесе терең қопсыта отырып,қара немесе ерте пар жүйесі бойынша жүзеге асырылады.

Отырғызу ақ тал немесе үшкір жапырақты талдың бір жылдық көшеттерімен 2,0*1,5 немесе 1,5*1,5 м,орналастыру орнына отырғызу арқылы жүргізіледі,яғни 1 га плантацияға 3300 немесе 4400 көшет отырғызылады.

Плантация күтімі кезең сайын суарудан,топырақты қопсытудан және тыңайитқыш шашудан тұрады.

Отырғызғаннан кейін екінші жылы ерте көктемде ұштарын 1,3-1,5 биіктікте кесу жүргізіледі,бұл кейіннен көптеген бүйірлік өркендердің шығуына ықпал етеді.Бірақ, киіз үй керек жарақтарын алу үшін өскіннің әрбір данасында тек 2-3 жақсы дамыған өркен қалдыру керек.Қайтадан және кейінгі кесу айналым кезінде діңде қалдырылатын өркендер саны бастапқыда 3-4ке дейін,одан соң 6-7 және одан да көп мөлшерге дейін көбейтіледі.Плантацияны оны еккеннен кейін төртінші жылдан бастап пайдаланады.

Плантацияны пайдалану кезінде әрбір кесуден кейін алқаағаштарын минералды тыңайтқыштармен қосымша қоректендіріп отыру керек,ол 90 кг/га фосфорлы және 60 кг/га азот қолданыстағы заттар есебінен қатарлар арасын өңдеу кезінде көктемде шашылады.

10-дәріс Грек жаңғағы мен пістенің плантациялық дақылдары
Дәріс жоспары:

1. Грек жаңғағы мен пістенің плантациялық дақылдары

2. Шырғанақ пен итмұрынның плантациялық дақылдары

Грек жаңғағының плантациясы.Грек жаңғағы – жылу сүйетін тұқым.Оның ойдағыдай өсу үшін 100 , жоғары температурадағы кемінде 150 күн керек.яғни белсенді температура жиынтығы 2000-22000.Жарық сүйгіш тұқымға жатады.Жарық жақсы болған кезде өзіне тән күмбез бөрік басы пайда болады.Бөрікбасының жақсы дамуы қалыпты жеміс беруі үшін қажет.

Жаңғақ ылғалды көп талап етеді.Ең өнім бергіш алқа ағаштар солтүстік экспозициялардың ылғалды бөктерлерінде,тауөзендері жайылмаларында,сайларда өседі.Батыс Тянь-Шаньның таулы ормандкарында жаңғақ алқа ағаштары суарусыз қалыпты өсе береді,онда жауын-шашын көлемі жылына кемінде 800мм құрайды.



Телімді таңдау.Тау бөктері мен таулы аймақтарда плантациялар үшін солтүстік,солтүстік – батыс және солтүстік- шығыс экспощзицияларының тегіс үстірттері мен бөктерлері беріледі.Құламасы 200 астам бөктерлерді,сондай –ақ салқын ауа массасы жиналатын қазаншұңқырлар мен ойпатттарды пайдаланбаған жөн.Жаңғақ плантацияларын өсіру үшін қуатты құмайт жіне саздақ топырақты таңдаған дұрыс.Суару жағдайында оларды топырық қабатының қуаты кемінде 0,5 м ұсақ тастар төгселген топырақта да өсіруге болады.Жер асты сулары деңгейі жақын телімдерде , сондай-ақ сортаң топырақтарда плантация өсіруге болмайды.

Топырақты өңдеу.Тегіс үстірттер мен құламасы 80 дейінгі ылдилы бөктерлерде топырақты өңдеудің негізгі тәсілі тұтастай жырту; 8-120 дейінгі бөктерлерде жыртылған террасалар;құламасы 12-200 бөктерлерде бульдозерлі террессалар дайындалады.Тұтастай өңдеу кезінде қара пар жүйесі қолданылады.

Грек жаңғағын отырғызуды жапырақтар түскеннен кейін күзде немесе вегетация басталғанға дейін ерте көктемде 2-3жылдық көшеттермен жүргізеді.

Грек жаңғағының өнімі бөрікбасының шамасына байланысты болатындықтан ағащтар арасындағы қашықтық оларға жарық түсу қамтамасыз етілетіндей түрде болуы тиіс.Қуатты топырағы бар суармалы жерлерде қскіндер арасындағы қашықтық 16-18 м,қызғылт топырақты жерлерде 12-16 м,ұсақ тастар төселетін тасты топырақтарда 10-12

м,болады.Суарылмайтын террасаларда бір қатардағы ағаштар арасындағы қашықтық 10-12 м болуы ұсынылады.

Плантация күтімі топырақ күтімін,суаруды,тыңайтқыштар шашуды,кесуді және ағаштардың бөрікбастарының қалыптастыруын білдіреді.

Пісте плантациясы. Пісте – құрғақшылыққа барынша төзімді ағаш тұқымдарының бірі,көлденең тарамдалатын және тереңдігі 7 м дейін жететін қуатты тамыр жүйесі болады.Батыс Тянь Шаньның оңтүстік бөлігінің құрғақ тау бөктерінде өсетін пісте көбіне таза алқа ағаштарын құрайды,онда басқа ағаш тұқымдары өсе бермейді.

Пісте – жарық сүйгіш ағаш тұқымы.Олардың алқа ағаштары ешқашан тығыз өспейді,әдетте ағаштар бір бірінен біршама қашық орналасып өседі.

Пісте айрықша құрғаққа төзімділігімен қатар аязға жоғары төзімділігімен де ерекшеленеді,ол 410 дейінгі төмен температураға шыдайды.

Пісте плантацияларының өсуіне арналған жақсы топырақ әдеттегі құмайтты және жеңіл саздақ сұр топырақ болып табылады.Әлсіз және орташа шайынды қиыршық тасты сұр топырақтың жарамдылығы төмен.



Топырақты өңдеу.Құламасы 80 дейін ылди бөктердегі топырақты өңдеудің негізгі тәсілі тұтастай жырту,8-120 дейінгі бөктерлерде жыртылған террасалар,құламасы 12-200 бөктерлерде бульдозерлі террасалар дайындалады.

Топырақты тұтастай өңдеу кезінде плантация қара пар жүйесімен дайындалады.



Плантацияны отырғызу.Плантациялық екпелер тұқым егу арқылы отырғызылады,бұл үшін пістелердің барынша құнды түрлері бар сау ағаштардан дайындалған тұқымдар пайдаланылады.

Тұқым егу көбінесе көктемде 10-15 пісте тұқымы себілетін шұңқырға отырғызылады.Егуге дейін бір ай бұрын тұқымдар елеу арқылы стратификацияланады.

Пісте ағаштары қоректенудің үлкен өсу алаңын қажет ететінін ескере отырып,егу орындары тегіс телімдерде 6х8 немесе 8х8 м,террасаларда 6м сайын қайталатын схема бойынша орналасады.Тұқымдарды террасарда отырғызу оның жиегінен 40-50 см қашықтықта сыртқы қиябет бойынша жүргізіледі.

Тұтастай екпелерді отырғызу кезінде пісте екпелері жеміс бергенге дейінгі қатар аралығын жыртылған жерге егілетін екпелер үшін пайдалануға болады.



5. Шырғанақ пен итмұрынның плантациялық дақылдары

Қазақстанның оңтүстік-шығысында шырғанақ пен итмұрынның плантациялық дақылдарын өсіру үшін тау бөктерлеріндегі, тау алаптарындағы телімдері, өзендердің ауқымды аңғарлары жарамды болып табылады. Суару жағдайлары болған кезде тау бөктері аймағының шөл-далалы аумағын пайдалануға болады .



Телімді таңдау. Плантацияға арналған телімді таңдау кезінде мыналарды қамтамасыз ету қажет;

-плантацияға бөлінетін алаң тегіс, ойдымсыз жане атыздар бойынша тегіс суаруды жүзеге асыру мақсатында 2-3 шегінде азғана біртегіс еңісі бар биік емес бөктерлі болуы тиіс;

-жер асты суларына таяу телім деріне плантация салмаған жөн;

-топырақтың құнарлығы жеткілікті, механикалык құрамы жағынан жеңіл, жақсы ауа алмасатын жане шымдалған болуы тиіс;

-плантацияға арналған телім жасанды сурауды қаматамасыз ету үшін су көзіне таяу орналасуы тиіс.

Топырақты плантацияға дайындау плантациялық соқалармен 35-40см тереңдікте үйіндісіз жырту арқылы қара пар жүйесімен жүргізіледі.

Отырғызу. Шырғанақ пен итмұрынды бүршік жарғанға дейін көктемде отырғызады, топырақ қатқанға дейін күзде де отырғызуға болады.

Шырғанақты отырғызу орнын орналастыру-4*2немесе4*2,5м,итмұрын-4*2,5м.

Шырғанақ пен итмұрын плантациясын өсіру үшін уақыты әртүрлі жане қарама-қарсы тозаңдануға қабілеті вегетациялық кобейтілген бірнеше сорттарды отырғызады.

Плантация салу кезінде жоғары сапалы сортты көшетті пайдаланады;сүректелген қалемшелерден алныған екі жылдық көшеттер. Олардың биіктігі 50-60см., тамыр мойнының диаметрі 6-15мм. Болуы тиіс.

Итмұрын плантациясын салу үшін вегетациялы жаксы дамып, өскен көшеттер пайданылады; тамырланған қалемшілер немесе екі жылдық тамыр атпалары , биіктігі кемінде 80-120см, тамыр мойнының диаметрі 8-12мм болуы тиіс.

Жеміс беретін көбейгіш дарақтардан басқа , шырғанақ плантациясына тозаңдандырғыш түрлерін де отырғызу керек.Көбейгіш және тозаңдандырғыш дақылдар қатынасы – 1/8-1/14;оларды орналастыру жеміс бергіш өсімдіктерді тозаңдандырғыштан 6-7м барынша қашықтата отырып,тегіс жүргізілуі тиіс.1 га жерге 4х2,5м орналастыру кезінде 1000 отырғызу орны пайда болады,оның ішінде 70-сі тозаңдандырғыш және 930 – көбейгіш дарақтар.

Итмұрын плантацияларында әрбір негізгі сорттың 3-4 қатары сайын басқа өнім сортының 1 қатар тозаңдандырғышын отырғызады.осы арқылы плантацияда 2-3 сорт болуы мүмкін.

Отырғызу жұмыстарын жүргізгеннен кейін бірден топырақты жырту қабаты тереңдігіне дейін ылғалдай отырып, 1га 600-800м3 су есебінен атыздар бойынша суару жүргізу қажет.



Топырақ күтімі және тыңайтқыш.Жыл сайын күзде өнім жиналғаннан кейін қатар арасының ортасынан терең қопсыту ұсынылады 20-25м.

Қатардағы арамшөптерді отау және тамыр атпаларын жұлу қолдай жасалынылады.бұл ретте қолдау күтімі саны бір жаз ішінде 2-3 ретке дейін жетуі мүмкін.

Шырғанақ пен итмұрын топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштарды шашу арқылы жақсы өседі.3-4 жылда 60-90 кг/га суперфосфат, 60-80 кг/га азот және калий қолдану затын қоса отырып 20-40т/га көң шашқан жөн.

Шарғанақ пен итмұрыннның қалыпты өсуі мен жүйелі жеміс беруі үшін жасанды суару мен қамтамасыз ету керек.Отырғызу жылы суару саны – 8-10 рет; одан кейінгі жылдары ауа райы жағдайына қарай 3тен 6 ретке дейін 600-800 м3 /га құрайды.

Шырғанақ көшеттерін отырғызғаннан кейінгі кесу бір өркені бар өскінді аз ғана қысқарту түрінде ғана жүргізіледі және көп діңгекті немесе бір діңгекті төмен штамбты бұта қалыптастыраға бағытталған.Бірінші 4-5 жылішінде жеміс берместен бұрын тым ұзын және жіңішке өркендерін қысқарта отырып,артығын алып тастап отырған жөн,бұл шағын және биік емес бөрікбасы қалыптастырады.

Итмұрын плантацияларында отырғызғаннан кейінгі бірінші жылы бұталардың бөрікбасын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.Осы мақсатта бүршіктер бөрткенге дейін бірінші кезекте әлсіз зиянкестер зақымдаған бұталарды алып тастай отырып,кесу жүргізіледі.Олардың бұталануын көбейту үшін бір жылдық бұтақтар 20-25 см қысқартылады.Бөрікбастың қалыптасуы 3-4 жылда аяқталады.Қалыптасқан бұтаның 15-20 қаңқа бұтасы болады.



Жемістерді дайындау.Республиканың оңтүстік-шығысында шырғанақ тамыз-қыркүйекте;итмұрын – шілде – тамызда піседі.Жемісті жинау қолдан жүргізіледі.Жиналған жемістерді тек аспа астында ғана кептіру керек.

11- дәріс Кесілген, өртенген жерлерге орман екпелерін қайта құру
Дәріс жоспары:

1. Кесілген, өртенген жерлерге орман екпелерін қайта құру

2. Орманды күту жұмыстарында арборицидтерді қолданғану

Орман шаруашылық тәсілдері мен орман екпелерін қайта құру тек қана қандағашты, тамыр атпалы көктеректі, жас бұтақты қайыңдардың орындарын басады, яғни қылқан жапырақтылар – емен, шаған, үйеңкі және тағы басқаларымен. Бұлар табиғи немесе жасанды жолмен пайда болған. І топқа жататын ормандардың өте жақсы өсу жағдайларын қамтыған құндылығы төмен отырғыларда қайта құру жұмыстарын белгілейді. Қайта құрудың 2-ші қатарында болатын орманның ІІ тобындағы өскіндер мен тамыр атпалардан қалыптасқан отырғылар жатады олар шымылдық астында 1,5 – 2000 қылқан жапырақты дана мен биіктігі 0,5 метрден биік болып, ауданда біркелкі орналасып сүрек діңдерді сату мүмкіндігі болса. Соңында қалпына келтіру жұмыстары ІІІ топ ормандарында жүргізіледі. Әдетте қайта құру, біртекті топтастыру, бірқалыпты қайта құру және тегіс қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Олар қайта құратын екпелердің құрамына, шығу тегіне, бірігуіне, жағдайына байланысты, ең бастысы - шымылдық астындағы шаруашылық жағынан құнды түрлердің жас өскіндерінің болуымен байланысты.

Жалпылап қайта құру тәсілін жиі өскіндер мен тамыратпалар тегі бар ұсақ жапырақты 5-20 жылдық өсімдіктерде және биіктігі 6-7 метр болып, шаруашылықта құнды түрлерімен және ауданда біркелкі өсуімен көзге түссе. Бұл жас өскіндерде ені 4-8 метрлік ашық жол салынады. Келешекте ол жолдарды сиректетеді немесе тегіс кесіп тастайды.

Қайта құрудың біртекті топтастыру тәсілін аралас 5-20 жастық толықтығы бірқалыпты емес және шымылдық астындағы топтар 0,05 га дейін және шаруашылықта құнды түрлері бар біртекті ағаштарда қолданылады. Топтар мен біртекті шашылған дәндерден өскен ағаштардың үстінен сапасы екінші сатыдағы ағаш түрлері кесіледі немесе шаруашылықта құнды ағаштарға өсу мүмкіншілігі жақсартылады. Ол өсуді нашарлататын жапырақты өсімдіктен арылуымен байланысты. Бір қалыпты қайта құру - шашылған дәннен өскен ағаштардың үстіндегі шымылдықты сиректетумен байланысты және шаруашылықта құнды түрлерді бірнеше тәсілмен сақтауды жүргізеді.

Қайта құру жұмыстары жоғары қарқынды орман шаруашылығында қолданылады және ол өскіндердің жоғарысындағы ұсақ жапырақты тамыр атпалардан дамыған ағаштарды жоюмен байланысты, олардың ішінде шаруашылықта құнды түрлер болмауы керек. Жағымсыз ағаштар мен бұталардан арылу «Секор» бұта кескішімен, балтамен және ағаш пен бұта өсімдіктерін жоятын арнайы химиялық заттармен, яғни арборицидтермен жүгізіледі.

Жағымсыз ағаштармен күресу шараларында қолданылатын негізгі арборицид түрлеріне амин тұздары, бутил және т.б. эфирлер 2,4-Д, пиклоран препараттары (раундап, гармон, т.б.), вельпар, гардоприм жатады. Бүрку тәсілін құрғақ, тыныш ауа райында таңғы немесе кешкі сағаттарда, ереже ретінде, жоғарғы бүршік қалыптасып және қылқан жапырақтыларда өркендер ағаштанғанда жүргізіледі. Бүркіп шашуға ұшақтар (АН-2, АН-2М) және тікұшақтар (КА-26, МИ-2), тракторлар (орманда қолданылатын аэрозольді бүріккіш генератор ЛАГО-У, аэрозольді генератор АГ-4Д-2), сонымен қатар арнайы, арқаға салып жүретін бүріккіштер (ОРП, ОМР-2,т.б.) қолданылады. Арборицидтерді ағаш қабығына жағу арқылы және діңінің камбиіне енгізу арқылы да қолданады. Бұл тәсілдерде жаққыштар пайданылады, өңдеу аппараты (АБО-1) және сүректік инжектормен (ИД-1, ИД-2, ИП-4), «Кобра» аппараты қолданылады.



3.3 – сурет. Бүркіп шашуға арналған тікұшақ КА-26



3.4– сурет. Сүректік инжектор ИП-4 аппараты
Арборицид ретінде жүйелі түрде әсер ететін препараттар қолданылады. Жапырақтарға түскеннен кейін жүргізу жүйелерімен ағаш тамырына жетеді, сонымен қатар таңдамалы әсер ететін болып келеді. Яғни жағымсыз ағаштарды (сұр қандағаш, көктерек, қайың, орманжаңғақ, тал, т.б.) жойып, пайдалы (шырша, балқарағай, майқарағай, қарағай, т.б.) түрлерге зиян келтірмейді.

Орманды күту жұмыстарында арборицидтерді қолданғанда, мына –



ларды ескеру керек. Олардың жоғары токсинді болуын, бірақ та адамдар мен жануарларға қауіпсіз, ағзада жиналмауын және вегетациялық кезеңде толық ыдырауы қамтамасыз етілу керек.

Топырақ түзілуін мақсатқа сай өзгертуге қабілетті тек адамзат қоғамы ғана. Адамның табиғатты өзгерту процесі топыраққа тарайды. Бұл адамзат дамуның деңгейіне байланысты. Жер өңдеп, егіншілік басталғаннан бері орман аймағын өңдеу үшін от қою қолданды. Бұл кезде орман өртеніп, босаған жерлерге егін егілді. Жер тозған соң оны тастап, жаңа орман алқабы өртеліп, жаңа жерлерге егін егілген. Егіншіліктіңең ежелгі жүйесітыңайған жерді қолдану. Бұл жүйе падаланылған жер учаскелері тозған соң ұзақ уақытқа егімей бос қалдырады, ал тыңайтылған жерлер аз уақыттан соң қайта егіліп пайдаланылады. Біртебірте бос жерлер саны азайып, егіс аралық үзіліс уақыты азаяды (1 жыл). Осылайша жерді пар айдап пайдалану екі және үш ауыспалы егіс қолданылады.

Бірақ жерді бұлай күштеп пайдаланутыңайтыш қоспау, агротехниканы төмен деңгейде қодану түсімді нашарлатып, өнім сапасын азайтты. Қазіргі егіншілік жүйесі топырақ құнарлылығын қолдауға, арттыруға бағытталған. Осы мақсатта топыраққа түрлі тыңайтқыш қосады, қышқыл топырақты әктейді, өңдеу процесін механикаландырады, егін егу айналымын ғылыми тұрғыдан негіздейді, топырақты азотқа байыту үшін ауыспалы бұршақ тұқымдас шөп егуді қолданады. Жеді мелнорациялау шаралары: құрғату, суландыру, эрозияға қарсы шаралар т.б. қолданылады. Топырақ өндіріс құралы ғана емес, еңбек өнімі де болады. Кейбір топырақтардың өзгертілуі соншалық оларды ерекше типке бөлуге болады. Осыларға Қырымдағы жүзім өсіруге екі мың жыл бойы пайдаланып келе жатқан плантаждалған топырақтар, Орта Азияның ежелгі суармалы жазиралары жатады. Топырақ георафиясы және егіншілік Егіншілік те ерекше географиялық жағдайда жүзеге асады. В.В.Докучаев ілімінше топырақ түзуші факторлардың өзара әрекеттесуі әсерінен пайда болады. Осы өзара әрекеттесудің бұзылуытың тың жерлердің мәдени жерлерге айналуы қалыптасқан топырақ режимін күрт бұзып, оның қасиеттерін өзгетеді. Сондықтан егіншілік жүйесі түрлі табиға жағдайда пайдалы шаралар, басқа жағдайларда қолдануға келмейді. В.Р.Вильямс шөп егумен қатар жұргізілетін егіншілік әдісін ұсынды, топырақтың құрылымы мен азот құрамын қалпына келтіру үшін топыраққа шөп түрлерін егеді. таңдаулы тұстарда егіліп, жайылымдық мал шаруашылығы дамыған.

Топырақты өңдеу, мелиорация, тыңайтқыш қосу және т.б. шаалар географиялық жағдайларды ескеріп жоспарлануы және жүзеге асырылуы керек. Бұл жайт ғылыми-зерттеу тыңайтқыштар институты деректері бойынша берілген тыңайтқышты түрлі топыраққа қосу тиімділігі туралы кестеде жақсы көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет