ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В080700 «Орман шаруашылық ісі» мамандығына арналған



бет2/6
Дата07.07.2016
өлшемі0.89 Mb.
#183409
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. Қазақстан Республика –

сының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексі.

  1. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А. К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы. 1996.-244 с.

  2. «Земледение с основами почвовединие и агрохимии».

  3. А.М.Лыков, А. А. Коротко, Т. Г. Громокова «Земледение с почво –

веденим».

  1. А. М. Дурасов, Т. Т. Тазабеков «Почвы Казахстана».


3-дәріс. Ағаш отырғызу және себу орындарын орналастыру тәсілдері, ағаш тұқымдыларды араластыру сызбалары мен түрлері
Дәріс жоспары:

1. Ағаш отырғызу

2 Орман дақылдарының жиілігі
Отырғызу және егу орындарын орналастыру- бұл өсімдіктерді алаңдарға бөлу тәсілі. Ол қатарлы және биотоптық болуы мүмкін. Қатарлы тәсіл, әдетте тұтастай дақылдарды өсіру кезінде пайдаланады. Бұл ретте қатар арасындағы қашақтық қабылданған жобаға қатаң сәйкестікке белгіленеді, мысалы: 1,5; 2,0 немесе 3,0м. Кейде отырғызу қатарлары топтарға немесе ықтырмаға орналасады: 3-5 (немесе одан да көп) бір бірінен азғана қашықтықта орналасады (1,5; 2,0; 3,0м), одан соң 5-6м (және одан да көп) кең ашық жер қалдырылып, қайтадан жақын қатарлар жолағы жалғасады. Отырғызу және егу орындарының бұлай орналасуы ықтырмалы деп аталып, әдетте кесілген, өртенген жерлерде күрт еңісі бар тауларда және террасалар бойына екпеағаштар өсіру кезінде топырақты жолақтай ішінара өңдеуде қолданылады.

Биотопты дақылдарды отырғызу орындары топпен орналасады, олардың әрқайсысыда бірнеше өсімдік отырғызылады. Биотоптар әдетте, алаңдар бойынша ішінара дақылдар кезінде немесе соқалық атыздар бойына отырғызу орындарын звенолық орналастыру кезінде өсіріледі. Звенолық орналастыру кезінде биотоптар бір біріне жақын орналасып (0,3-0,5м), бір қатарға отырғызылатын 3-5 өсімдіктен тұрады. Звенолар арасындағы қашықтық 3-5м. Биотоптарда өсірілетін орман дақылдарында бөрікбастарының түйісуі тез жүреді, табиғи іріктелу барынша қарқынды болып, нәтижесінде алқаағаштар келешекте ағаштардың барынша төзімді даналарынан тұратын болады. Аралас орман екпеағаштарын өсіру кезінде тұқымдар араласуының мынадай схемасы мүмкін болады: таза қатарлар (бір тұқым қатары екінші тұқым қатарымен кезектесіп отырады); ағаш аралық (бір қатарда бір тұқым басқа тұқыммен кезектеседі); ықтырма (бір тұқымнан құралған бірнеше таза қатар бір немесе бірнеше екінші тұқымның таза қатарымен араласады); топтық (жекелеген биотоптар рақылы тұқымдардың кезектесуі жүреді).

Араластыру схемасын таңдау кезінде сүректі және бұталы тұқымдардың биологиялық және орман шаруашылық қасиеттерін ескерген жөн.

Араластыру үлгісі- бұл дақылдарда олардың барынша орынды үйлесуін аралық бәсекелестіктік күші мен нысандары немесе өзара көмекті ескере отырып, алаңда тұқымдарды орналастыру тәртібі. Басты, жанама тұқымдар мен бұталар араласады. Сыртқы орта жағдайларына қатысты араласатын тұқымдарға қарай, олар былайша бөлінеді:


  • Сүректі-бұталы үлгі- қоректену алаңын ұлғайту масқатында басты тұқым ағаштары сирек орналасуы тиіс жағдайлар үшін ұсынылады. Қалған орындарға көлемі шағын болғандықтан топырақты қатты құрғатпайтын бұталар егілуі тиіс. Бұл үлгіде бұталардың көмегімен тұйықталған орман қолтығы жасалады. Бұл аралас үлгідегі бұтаның міндеті- шөптесін өсімдіктерді өсірмеу.

  • Сүректі-көлеңкелі үлгі- бұл үлгіде бұта орнына шөптесін өсімдікті өсірмеу үшін топырақты көлеңкелеп қана қоймай, басты тұқымның бүйірін көлеңкелей отырып, бірмезгілде оған «қабысушы» болатын көлеңкеге төзімді жанама тұқым егіледі.

Бұл үлгі ылғал қамтамасыз етудің жақсы жағдайлары бар орман өсіру аймақтары үшін мейілінше қолайлы.

  • Сүректі-көлеңкелі бұталы (аралас) үлгі алдыңғы екі үлгінің туындысы болып табылады. Орман дақылдарының бұл үлгісі Қазақстанның солтүстік облыстарында қарағайды жел әсерінің тербеуімен қайыңның зақымдауынан қорғау үшін бұта беткі орман тұқымын рөлін атқаратын қарағайлы-қайыңды алқаағаштарын өсіру кезінде пайдалану үшін кеңінен таралған.



  1. Орман дақылдарының жиілігі

Екпеағаштардың тығыздығы-бұл ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізгеннен кейін бірден орман екпеағаштарының 1га-дағы отырғызу орындарының саны.

Дұрыс таңдалған екпеағаштар иығыздығы мен алаңдағы отырғызу орындарын орналастыру сипатынан алқаағаштардың өсу барысы мен қалыптасуы, олардың төзімділігі, қатарлар мен қатар аралығындағы бөрікбастардың жымдасу мерзімі, топыраққа агротехникалық күтім ұзақтығы, ағаштардың саралау мен алқаағаштарының табиғи сиреуі, сондай-ақ өсірілетін сүрек саны байланысты болады.

Қазақстанның топырақты-климаттық жағдайларының саналуандығы өсірілетін орман екпеағаштарының тығыздығы бойынша стандартты ұсынымдар беруге мүмкіндік береді. Сондықтан ағаш отырғызу жұмыстарын жобалау және жүргізу кезінде екпеағаштарының бастапқы тығыздығын, яғни әрбір нақты жағдайда алаң бірлігіне отырғызылатын өсімдіктер санын белгіленеді.



Отырғызу орындарының бастапқы тығыздығы мен орналасуы мыналарға байланысты болады:

  1. сүректі екпеағаштардың биологиялық және орман өсірушілік қасиеттері-жарықты барынша жақсы көретін тұқымдыларды (қарағай, балқарағай, қайың) көлеңкеге шыдамды тұқымдыларға (шырша, емен) қараған барынша сирек орналастырып отырғызған жөн;

  2. дақылдар құрамы- таза тұқымдыларды тығыз, араластарын сүректі және бұта тұқымдылардың өзара әсерін ескере отырып, сирек отырғызу керек;

  3. өсу орны жағдайларының үлгілері-жұтаң және құрғақ тұқымдыларды тығыз, құнарлы және ылғал тұқымдыларды сирек;

  4. экономикалық жағдайлар мен өсіру режимі-ұсақ тауарлы сүректі күту үшін кесуге қарай өткізу қажеттілігі болған кезде-тығыз, олай болмаған жағдайда-сирек;

  5. орман екпеағаштары алаңының жай-күйі мен пайда болуы, дақылдарды өндіру әдісі-тұтас дақылдар-барынша тығыз,ішінара дақылдар-барынша сирек өсіріледі. Егу арқылы өсірілген дақылдар, әдетте отырғызылған дақылдармен салыстырғанда барынша тығыз болады.

Екпеағаштардың тығыздығына қойылатын жалпы талаптар мынаған саяды:

  • Екпеағаштардың тығыздығы шөптесін өсімдіктерді өсірмеу және орман жағдайын жасау мақсатында ағаштардың бөрікбастарын тез жымдасуы қамтамасыз етілетіндей түрде болуы тиіс (орынды шектерде);

  • Екпеағаштардың бастапқы тығыздығын бастапқы 5 жылда 20-30 және 40%-ға дейін қопарылып құлауы есебінен таңдалуы қажет;

Екпеағаш тығыздығы ағаштардың қалыпты өсуін қамтамасыз етуі, яғни топырақ қорегі алаңы,жарық,бұтақтарды шауып тазалау оңтайлы болуы тиіс
4-5- дәріс . Орман дақылдары үшін жер дайындау
Дәріс жоспары:

1. Жерді жаппай өңдеу

2. Жерді ішінара өңдеу

3. Орманда тұқым себу және ағаш отырғызу
Өсу орнының жағдайына, топырақтың механикалық құрамына және олардың шымдау дәрежесіне қарай топырақты сүдігерлеп өңдеу, көктемгі жер жырту,қара немесе ерте пар салу байланысты болады.

Сүдігерлеп өңдеуді жеңіл шымдалған құмды және құмдауытты топырақтар мен егер, ол тамырсабақ және тамыратпалық арамшөптерден тазартылған болса, уақытша ауыл шаруашылығына пайдаланудан шыққан жерлерде рұқсат етіледі. Ол өңдеудің мына тәсілдерін тізбектеп қолдануды қамтиды:

  • Күзде 10-12 см тереңдікте дискілі құралдармен топырақты түлету;

  • 12-15 күннен соң кемінде 30 см тереңдікте сүдігерлеп жырту;

  • Ылғалды жабу мақсатында 2 ізбен ерте көктемгі тырмалау;

  • Бір мезгілде тырмалай отырып, жаз ішінде 3-4 мәрте қопсыту (тереңдігі 10-12см );

  • 30-35см тереңдікте парды күзгі үйіндісін қайта жырту;

  • Бір мезгілде тырмалай отырып, отырғызу алдындағы қопсыту.

Ерте пар оның алдыңғы жүйеден айырмашылығы ол көктемгі жер жыртуды, бір мезгілде тырмалай отырып, 3-4 мәрте қопсытуды, ылғалды жабу үшін парды күзде қайта жыртуды, бір мезгілде тырмалай отырып, отырғызу алдындағы қопсытуды қамтиды. Бұл тәсілдердің әрқайсысы қара пар жүйесі бойынша топырақты өңдеу кезіндегідей мақсаттарды ұстайды. Бұл тәсіл механикалық құрамы бойынша арамшөп басушылығы әлсіз, жеңіл және орташа құмдауыт топыраққа қолданылады.

Сортаңды белгісі бар топырақты тұтастай өңдеу кезінде, топырақ қабатын бетке аудару арқылы терең жер жырту кезінде кейіннен ірі тасты, жер бетін қопсытуға, орман екпеағаштарын отырғызуға қиындық келтіретін тығыз сортаң жиек жер бетіне шығарылатын есте ұстау керек. Бұл жағдайда жырту тереңдігін бірте-бірте ұлғайтқан жөн: әуелі қабатты сортаң қабатқа дейінгі тереңдікке аудару арқылы жыртып, топырақ тереңдеткіштері немесе үймесіз соқалармен парды жырту кезінде 30-35см толық тереңдікте сортаң қабаты уатқан жөн.



Ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланғаннан кейін алаңды тұтастай өңдеу. Орман дақылдары қорында бұрын ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алаңдар кездесуі мүмкін.

Уақытша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану(1-2 жыл) кезінде орман екпеағаштары алаңы астық және жер жырту арқылы егілетін дақылдарды егуге берілуі мүмкін. Бұл ретте жерді жырту арқылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдары- бұршақ, бақша өнімдері, жүгері т.б басымдық берген жөн, өйткені күту үдерісі кезінде арамшөптер жойылады. Бұл жағдайда топырақты өңдеу өнім жиналғаннан кейін бірден сүдігерлеп жырту жүйесі бойынша жасалады.

Егер, мұндай алаңда бәрібір қопсытуға тиіс болса, оларды өңдеуді өнім жиналғаннан кейін бірден орылған жерді 5-7см тереңдікте аударудан бастаған жөн, ол топырақ бетінде қалған дәндердің өсуіне әсер етеді. Одан соң 2-3 апта өткеннен кейіе шыққан арамшөптер 30-35см тереңдікте соқа алды сырмасы бар соқамен жойылады. Бұдан соң көктемде-ылғалды ерте жабу,7-8 күннен соң бір мезгілде тырмалай отырып, қопсыту, жазбойы топырақты қара пармен күту.

Топырақты тереңдікте өңдеу. Орман екпеағаштарын, әсіресі құрғақ жағдайда өсіру кезінде арнайы тереңдете жырту соқаларының көмегімен топырақты өңдеу өте тиімді болып табылады. Қазіргі заманғы тереңдете жырту соқалары 50см ендікті қамти отырып,60см дейін тереңдете жырту жүргізуге мүмкіндік береді.

Жердің терең жырту топырақтың ауа-жылулық, сулы және режимін айтарлықтай жақсартады, бұл егілген өсімдіктің бастапқы жылдары жақсы жерсінуі мен өсуіне айрықша маңызды. Бұдан өзге, терең жырту кезінде топырақтың қоректік заттарға барынша бар қабаты отырғызылатын екпе көшеттердің тамыр жүйесінің жаппай таралу аймағына ауысады.

Жерді тереңдете жыртуды қыркүйектен кешіктірмей бастау ұсынылады. Бұдан кейін келесі жылы ерте көктемде 2ізбен тырмалай отырып, ылғалды жабу және жаз бойы бір мезгілде тырмалай отырып 3-4 мәртелік қопсыту жүргізіледі. Күзде 25-27см. тереңдікте үйіндісіз жырту, қыста қар тоқтату жыұыстарын жүргізген дұрыс. Келесі көктемде ылғалды жауып, тырмалай отырып, отырғызар алдыңдағы қопсыту жасалғаннан кейін орман дақылдарын отырғызу жүргізіледі.

Жер қабатын аудара отырып, тереңдете жырту кәдуілгі және оңтүстік қара топырақты, сондай-ақ тығыздалған карбонат қабаты жоспарланған жырту тереңдігінен төмен орналасқан кезде Қазақстанның солтүстік облыстарындағы қызғылт топырақ үлгісі жағдайында ұсынылады.



2. Жерді ішінара өңдеу

Топырақты ішінара өңдеу тұтастай өңдеу мүмкін емес немесе орынсыз алаңдарда: ағашы кесілген жерлер, өртеңдер, селдір ормандар, жапырақты шыбықтар мен бұталар өсіп кеткен алаңдарда; құлама баурайларда, тұтастай өңдеу жерді желдің бүлдіруіне әкелуі мүмкін құмды жерлерде қолданылады.

Қазақ орман шаруашылығы ҒЗИ республиканың солтүстіктің жазық жерлеріндегі ормандар үшін алаң бірлігіндегі түбір санына байланысты топырақты өңдеудің еңбекті қажетсінетін дәрежесі бойынша орман екпеағаштары 4 топқа бөлінуді ұсынады, олар:


  • Мейлінше аз еңбекті қажетсінетін (1га-ға түбірлердің немесе ағаштардың 300 данасы);

  • Еңбекті қажетсінетін (1га-ға түбірлердің немесе ағаштардың 301-600 данасы);

  • Еңбекті күшті қажетсінетін (1га-ға түбірлердің немесе ағаштардың 600-ден астам дана);

  • Күрделі ( 1га-ға табиғи молығу бөлігі бар түбірлердің немесе ағаштардың 300-ден астам данасы );

Бірінші топтағы ағашы кесілген жерлерде топырақ өңдеуді, онда екпе көшеттер немесе көшеттердің 2 немесе 4 қатарын отырғызу үшін 1-3м аралықта кесінділермен 3-тең 6м дейінгі ендегі жолақтармен жүргізу ұсынылады. Бұл ретте минералдану дәрежесі 70-80% құрайды. Бұл жолақтарда топырақ өңдеу қара немесе ерте пар жүйесі бойынша жүргізіледі.

II және III топтағы ағашы кесілген жерлерде топырақ өңдеу II-ші топта 3,0-3,5м III-ші топта 4-5 м сайын кесінділермен тар жолақтармен немесе атыздармен жүзеге асырылады. Бұл ретте топырақтың минералдану дәрежесі тиісінше 41-50 және 30-40%-ды құрайды.

Ертіс жағалауындағы жолақ ормандар мен Қостанай облысының дефляцияға ұшыраған жеңіл құмды және құмдауыт топырағында өскен аралдық қарағай ормандарында олардың арасында аралық 3-6м болатын ені 6-дан 12м дейінгі жолақтар жасалады. Бұл ретте жолақтар кеңірек жыртылған сайын жолақ аралық кеңістік те соғұрлым кең болуы тиіс.

Қазақстан алтайының таулы ормандарында ҚазОШҒЗИ топырақты жолақты өңдеуді бульдозермен немесе еңістігі 20-220 дейінгі баурайларда ойдағыдай пайдалануға болатын түбір қопарғыш-жинағышпен жүргізуді ұсынады.

Бульдозердің жұмысы кезінде орман екпеағашы алаңы трактордың жоғарыдан төмен қарай қозғалысы кезінде ұзындығы 5-20м үзілімді жолақ түрінде өңделеді. Жолақтар арасындағы қашықтық 2,5-3,5 м болатын олардың ені 3-4м. Бульдозермен топырақты өңдеуді жеп жамылғысы қатты дамыған 1 га жерде 600 данадан кем түбір бар ағашы кесілген жерлерде қолданған орынды.

Бұталары жиі немесе 1 га жерде 600 данадан астам түбір бар ағашы кесілген жерлерде топырақ өңдеуді түбір қопырғыш-жинағышпен жүргізген дұрыс. Бұл құралмен топырақ олардың орташа қашықтығы 2,5-3,0м болатын ені 1,5-2,0 үзілімдермен өңделеді.

Еңістігі 200 астам баурайларда топырақты орман екпелеріне арнап өңдеуді әмбебап бульдозерлер мен террасерлердің көмегімен шұңқырлы-үймелі(сатылы) террас орнату жолымен жүргізуге болады.

Болады. Терраса полотносының ені 3,5 – 4,0 м, террассалардың осьтері арасындағы қашықтық баурайдың еңістігіне ( 20-300 ) қарай 7-9 м аралағында болады. Еріген және жаңбыр суларының жақсы сіңуі үшін полотноға 4-50 кері еңіс жасалады. Террассаларды салу үдерісінде олардың полотносы тығыздалады, бұл топырақтың су сіңірушілігін төмендетіп, олардың опырылу қаупі күшейеді. Осыған байланысты қопсытқыштардың әртүрлі үлгілерімен оларды қопсыту қажеттілігі туады.

Солтүстік Тянь-Шанның таулы ормандарындағы еңістігі 5-6-дан 20-250 дейіңгі баурайлы телімдердегі топырақ ішінара жолақты немесе соқалы атыздармен өңделеді.

Топырақты алаңдармен дайындау оны жолақтармен және атыздармен өңдеу мүмкін болмаған жағдайларда: ағашы кесілген жерлерде, өртеңдерде; басты немесе екінші дәрежелі қажетсіз сүрек ормандарда, сондай-ақ еңістігі 200 тау баурайларында, тасы жиі топырақтарда жүргізіледі.

Қазақстан Алтайының таулы ормандары үшін тығыз тамырлы тұқымдар жиі шығатын немесе тасы жиі топырақты телімдерді өңдеуді 1 x 1 м мөлшеріндегі алаңдармен қолдай жүргізу ұсынылады. Алаңдар бұл ретте алаң ортасы аралығындағы орташа қашықтық 4 x 3 м кезінде 1 га-ға 800-850 дана санында шахмат тәртібімен орналасады.

Солтүстік Тянь-Шанның таулы жағдайларындағы еңіс баурайларында ( 200 астам ) топырақ 1,5 x 1,0 м, ал өте еңіс баурайларда 1,8 x 0,8 м көлемінде террасса түріндегі алаңқайлар орнатумен дайындалады. 1 га-дағы алаңқайлар саны 1100-1600 данаға дейін. Алаңқайлар қолдай орнатылады.

Түбірлер, бұталар мен тастар жоқ баурайлардағы алаңдар әдетте шахмат тәртәбәмен орналасады. Ағаштар, бұта өскіндері мен жартастар бар телімдерде олар қолайлы жерлерде орналасады.
3. Орманда тұқым себу және ағаш отырғызу
Қазақстанда екпеағаштар тамыр жүйесінің ерекшеліктері оны қайта отырғызу мүмкіндігін мүлдем болдырмайтын ірі дәндері бар сүрек тұқымдары ( емен, жаңғақ), сондай-ақ пістелер үшін егу арқылы өсіріледі. Емен мен грек жаңғағының да шыбықты тамыр жүйесінен дамиды. Сондықтан олардың екпеаағаштарын егу арқылы өсіру олардың биологияларына орынша сәйкес болады. Отырғызу кезінде тамыр жүйесі кесіліп, шыбық тамырының үрдісі бұзылады.

Отырғызу барынша сенімді нәтижелерді қамтамасыз еткенімен, тұқымынан егу арқылы негізінен сексеуіл екпеағашы өсіріледі. Бұл орман екпеағашы жұмыстары көлемінің көптігімен және қатаң шөлейтті жағдайлармен түсіндіріледі.



Ағаш отырғызу. Отырғызу әдісімен орман екпеағаштарын отырғызу көп жағдайда егуден гөрі сенімді және экономикалық жағынан өзін өзі ақтайды. Отырғызудың артықшыдығы, ең бірінші орман екпеағаштары алаңында тамыр жүйесі топырақтың барынша терең қабатында орналасып, құрғауға аз ұшырайтын жас өскіндердің отырғызыылуына байланысты болады.

Отырғызу әдісімен орман екпелерін отырғызу кезінде оң нәтижелер алу үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:



  • отырғызу материалы стандартты болуы тиіс;

  • отырғызу материалы, сондай ақ қазып алу, тасымалдау, көміп қою және отырғызу уақытында кеуіп қалудан сақьалуы тиіс;

  • ағаш отырғызу материалдарын отырғызар алдындағы өңдеу дұрыс жүргізілуі тиіс ( сұрыптау, тамырларын кесу, топырақ батпағына аунату );

  • топырақ мұқият дайындалуы тиіс;

  • отырғызу және тамыр жүйесін көму сапалы жүргізілуі тиіс.

Отырғызудың жақсы мерзімі – ерте көктем. Бұл кезеңде топырақта ылғал жеткілікті болады, жаңа тамырлардың өсуі басталып, жылудың күшеюі бірте-бірте жүреді, өсімдіктердің физиологиялық жағдайы барынша қолайлы. Көктемгі отырғызу өсімдіктердің вегетациясы басталғанға дейін бастап, топырақтың беткі қабаты кепкенге және бүршік ату басталғанға дейінгі мерзімде жүргәзәлуә тиіс. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде бұл мерзім 10-12 күн шегінде. Отырғызуды кешіктіру жерсінудің төмендеуіне және отырғызылған ағаш отырғызу материалдарының елеулі бөлігінің өқлап өалуына әкеледі.
6- дәріс Орман дақылдарына күтім жасау
Дәріс жоспары:

1. Агротехникалық күтім жасау

2. Күтім жасаудың орман өсіру шаралары
Агротехникалық күтім екпеағашты отырғызғаннан бастап орман шымылдығы тұтасқанға және оларды көмкерген алаңға көшіргенге дейін жүргізіледі.

Агротехникалық күтімге мынадай негізгі іс-шаралар кіреді:



  • отырғызылған екпе көшеттері мен көшеттерді механикалық әдіспен отырғызғаннан кейін, сондай ақ жекелеген жағдайларда оларды аязды топырақ қысқаннан кейін немесе желмен бүліну нәтижесінде топырақпен көмілгеннен кейін қолдай түзету;

  • топырақты қопсыту және екпеағаштардың қатары мен қатар араларындағы шөптесін өсімдіктерді жұлу;

  • шөпті ору немесе отырғызылған өсімдіктерге көлеңке түсуін болдырмау мақсатында оларды таптау;

  • арамшөп өсімдіктерін жою үшін топырақты гербицидтермен өңдеу.

Агротехникалық күтімдердің жоғарыда аталған түрлерін жүргізу орындылығы топырақты-климатты жағдайларға, отырғызылған сүректі тұқымдылардың биологиялық ерекшелігіне, топырақты дайындау тәсілі мен сапасына, екпеағаш алаңының санаты мен пайда болу жағдайына, арамшөп өсімдіктерінің түрлік құрамы мен өсу дәрежесіне байланысты болады.

Шығыс Қазақстан және Солтүстік Тянь-Шанның таулы ормандарының ылғалды және қоңыр салқын климаты жағдайында сүректі өскіндер үшін шөптесін өсімдіктердің жарық, жылу, қоректік заттар үшін күресі басталады. Бұл жағдайда күтімнің негізгі мақсаты отырғызылған жас өскіндері көлеңкелейтін өсімдіктерді жою болып табылады. Оған қоса, күзде және қыста биік шөптесін жас екпеағаштарды құлатып, көктемде екпеағашының жер үсті бөлігі шөп пен қардың қалың қабатында қалып қояды. Екпеағашының шықпай қалу қаупі шөп өсуінің жақсаруымен күшейе түседі.

Қазақстанның далалық және құрғақ аймақтарыныңмқұрғақшылық жағдайларында шөптесін өсімдіктері мен жас сүректі өскіндер арасында ылғал үшін күрес бірінші орынға шығады. Бұл жағдайда топырақ бетінен ылғалдың көтерілуіне ықпал ететін топырақ түтікшелері бұзылады. Бұл жағдайда әдетте бір мезгілде жүргізілетін арамшөпті отау мен топырақты қопсыту орман екпеағаштарына агротехникалықкүтімнің негізгі түрі болып табылады.

Алғашқы екі жылда, әсіресе оларды отырғызған жылы барынша қарқынды және мұқият күткен жөн. Бұл екпеағаштарының өсуі үшін қолайлы жағдайлар туғызуға және қатарлар мен қатар араларында олардың бөрікбастарының барынша тез жымдасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кейінгі жылдардағы күтім оның алдындағы күтімнен кейін арамшөптердің өсуіне қарай жүргізіледі.

Агротехникалық күтім жүргізудің ұзақтығы мен олардың қайталанушылығы ауданның топырақты-климаттық жағдайына байланысты болады: климат ыстық және құрғақ болған сайын барынша ұзақ уақыт бойы жасалатын күтімдер саны көбейе түседі. Әдетте, орман екпеағаштарына күтім қарқыны солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжуы бойынша өседі.

Ағаш өсетін аймақтар бойынша күтім санын бағдар ретінде есептеу керек, өйткені ол нақты алғанда нақты топырақтық-климаттық жағдайларға, өсірілетін сүрек тұқымдастарының биологиялық ерекшеліктеріне, топырақты дайындау тәсіліне, қатарлар арасының ені мен отырғызу тығыздығына, яғни өсірілетін екпеағаштары бөрікбастарының жымдасу мерзімін айқындайтын факторларға байланысты болады.

Орман екпеағаштарын өсіру кезінде арамшөп өсімдіктерін жою тек қана механикалық тәсілмен емес, гербицидтер ( раундап, диурон т.б.) қолданылатын химиялық тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.

Гербицидтерқолдана отырып, орман екпеағаштарына күтім жасау ерте көктемде басталады. Топырақты дайындаудың агротехникасы мен орман екпеағаштары телімдерінің санаттарына қарамастан, қатарларға орман екпеағаштарын отырғызғаннан кейін бірден топырақпен араласып әрекет ететін гербицидтер салынады және химикаттың топырақпен дұрыс араласуы мақсатында жеңіл тырмалармен қатараралық тырмалау жүргізіледі.

Құнарлы топырағы бар ағашы жаңадан кесілген жерлерде өсірілетін орман екпеағаштары арасын бірден қажетсіз жалпақ жапырақты тұқымды ағаштар мен бұталар басып кетеді. Бұл отырғызылған басты тұқымды ағаштың өсуі үшін қолайсыз экологиялық жағдай туғызады. Арборицидтерді пайдалана отырып, химиялық күтім жасау бұған қарсы күрестің тиімді шараларының бірі болып табылады.

Арборицидтер - бұл қажетсіз, екінші дәрежелі тұқымдас ағаштары ( тал, қара ағаш, көк терек, бұталар ) жою немесе өсуінбәсеңдету үшін күтімнің орман шаруашылығы шаралары кезінде басты тұқымды ағаштарға түсетін жарықты көбейту мақсатындапайдаланылатын химиялық зат. Арборицидтер химикатты қажетсіз ағаштардың бөрікбастарына немесе түбірлеріне шашу жолымен қолданылады. Егілгеннен кейін 5-6 жыл болған орман екпеағаштарына арборицидтерді қолдану ұсынылады.

Техникалық препаратты шашу дозасы орташа есеппен 1 га-ға қолданылатын заттың (қ.з) 2-3 кг құрайды.

Өңделген алаң бойынша гербицидтермен бөлу үшін олар егіледі немесе сумен араластырылады. Сулы ерітінділермен жұмсақ кезінде тракторлы бүріккіштерді қолданған жағдайда 1 га-ға 300-500 л, арқаға асатын бүріккіштермен жұмыс жасау кезінде 1 га-ға 1000 л сұйықты жұмсаудың оңтайлы нормасы болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстанның ауыл шаруашылығында шетелде өндірілген бірқатар гербицидтер пайдаланылады — банвел, глисол, ураган-форте, базагран, глифоган т.б, оларды республика аумағында 2003-2012 жылдары ішінде пайдалануға рұқсат етілген. Алайда, тиісті тәжірибе тексерулерінсіз оларды орман екпеағаштарына қолдануға болмайды деп санаймыз.

ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті 2004 жылғы 3 желтоқсанда бекіткен Орманды молықтыру және орман өсіру жөніндегі мемлекеттік орман қоры телімдерінде іс-шараларды жүргізу ережесіне сәйкес арамшөп өсімдіктері мен қажетсіз сүрек діңдеріне қарсы күрес үшін химиялық заттарды қолдану қолданыстағы арнайы нұсқаулықтарға сай және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жергілікті органдардың келісімі бойынша айрықша жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Орман екпеағаштарына күтімнің ерекше түрлері қатарына оларды толықтыру жатады. Толықтыру жүргізу қажеттігі отырғызғаннан кейін бастапқы екі жыл ішінде барлық екпе көшеттері мен көшеттерінің жерсінбеуіне байланысты. Бұған топырақты сапалы дайындамау, екпеағаштарын отырғызу жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптарды сақтамау, қолайсыз ауарайы жағдайлары, екпеағаштарына мал жаю т.б себеп болуы мүмкін. Қураған өсімдіктердің орнына екпе көшеттерін немесе көшеттерді отырғызуды, әдетте күзгі түгендеу нәтижесі бойынша келесі жылдың көктемінде жүргізеді. Жерсінуі 25%-ден жоспарлы жерсінуге дейін дақылдар толықтырылуы тиіс. Бұл үшін сапасы жоғары ағаш отырғызу материалдарын пайдалану қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет