12-13-14-дәріс Орман қоры учаскелерінде кесілген, өртенген ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi іс-шараларды жүргізу ережесі
Дәріс жоспары:
1. Орман қоры учаскелерінде кесілген, өртенген ормандарды молықтыру
2. Орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi іс-шараларды жүргізу ережесі
3. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу
Сүректерді тасып әкету мен кесілген жерлерді тазалауды қосқанда, кеспеағаш жұмыстары аяқталған соң, шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың сақталған өскіндері мен жетілмеген жіңішке ағаштарының ауданы бүкіл кеспе ағаштың 75 пайыздан кем емес болуы керек (кеспе ағашты бензинді арамен кесіп, трактормен сүйреп тасығаннан соң), ал ағаш дайындағыш машиналармен дайындағанда – 60 пайыздан кем болмауы тиіс. Ағаш дайындаған кезде қар түскен кеспеағаш аймағының өскіндері мен шыбықтарының (мөлдектің жалпы ауданында кесу жұмыстарына дейін есепке алынған) 70 пайызы, ал қарсыз кезде 60 пайызы сақталу керек.
Орман пайдаланушы өскіндерді кесу қалдықтарынан тазалап, көлеңке түсіретін ағаштар мен бұталардан босатып, түзетіп, қалың топтарды сиретіп отыруға міндетті.
Толымдылығы 0,6 аспайтын кесуге түсетін екпелердің қолтығында тұқымдар мен өскіндердің өсуіне жағымды жағдайлар жасау мақсаты мен тұқымдықтар бар кезде топырақтың үстіңгі қабатын минералдандырады.
Топырақтың үстіңгі қабатын минералдандыру ағашы кесілген жерлер мен алаңқайларда топырақтың механикалық құрамына және ылғалдылығына, топырақ жамылғысының тығыздығы мен қалыңдығына, төсеніштің қалыңдығына, кеспеағаш жұмыстары кезіндегі топырақтың үстіңгі қабатының минералдану дәрежесіне, тұқымдықтар санына және учаскенің басқа да жағдайларына байланысты, топырақты механикалық немесе химиялық заттар мен өңдеу арқылы жүргізіледі.
Минералдандырылған қабаттың үлесі бүкіл ауданның 30 пайыздан кем емес болуы керек. Соқаның және фрезердің жолақтары тұқымдықтар үшін – 5 метр немесе сақталған өскіндер мен шыбық топтарына – 2-3 метр жақын орналасуы керек.
Топырақ бетін минералдандырудың оңтайлы мерзімі – тұқым түсуінің алдындағы кезеңі, яғни жаздың аяғы немесе күздің басы.
Топырақты минералдандыруды гүлденуі мен жеміс беруі үшінші балдан кем болмайтын тұқым өнімімен бірге тұқым беретін жылы өткізеді. Гүлденуі мен жеміс беруі балын анықтау «Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі №299 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №6259 тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Орманның барлық өсу кезеңіндегі жаңаруы ағаштардың жастары, мөлшері және жай-күйі бойынша түбір мен тамырдан балақ шыбықтар құру қабілетіне ие болатын осындай сүректерді кескеннен кейін қарастырылады. Бұл ретте ағаш кесуді қыста жүргізеді, түбірлерді аласа етіп қалдырады (өзен аңғарындағы жағдайларда су тасуының биіктігі мен ұзақтығы ескеріледі), кеспеағаш тазалауды балақ шыбықтар мен тамыр атпа өскіндері пайда болғанға дейін аяқтайды. Еменнің балақ шыбықтан жаңаруы екі генерациядан, ал қайың, көктеректе – үш генерациядан аспауы тиіс.
Жас ағаштарға, орманның табиғи жаңаруы учаскелерінде үй және жабайы жануарлардан зақымдану қауіпі туса, оларды барлық жағынан немесе мал айдайтын жерін қоршап қою керек.
Ағашы кесілген жерлердегі өздігінен шыққан, сақталған өскіндер мен шыбықтардың саны аз болғанда, орманның табиғи жаңаруы табысты болуы үшін қосымша көшеттердің отырғызылуы мүмкін. Бұл кезде отырғызу орындарының саны, осы жағдайлар үшін жаппай отырғызылған орман өсімдіктерінің 25 пайыздан аспауы керек.
Орманның табиғи жаңаруына жүргізілген жәрдемдесу шараларының қорытындысы мемлекеттік орман иеленушісінің комиссиясымен бағаланады.
Шаруашылық қызметтің шектелген режімі бар ормандарда (орман бақтарында, ұлттық табиғи парктерде, жасыл аймақтарда және т.б.) орманның табиғи жаңаруына әсер ету шаралары шаруашылық жүргізу режімін бұзбаған жағдайда ғана басталады.
Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары тек табиғи жаңаруы ойдағыдай болады деп күтілетін орман типі топтарында ғана жүргізіледі.
Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларына мыналар жатады:
-
ағаш дайындау кезінде шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың өміршең өскіндері мен шыбықтарын сақтау;
-
кеспеағаш жұмыстары аяқталған соң өскіндер мен табиғи тұқымдануды күтіп-баптау;
-
топырақтың үстіңгі қабатын жартылай минералдандыру;
-
ағашы кесілген жерлерді қоршау;
-
шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың табиғи жаңаруының кейбір жерлерде өскіндер мен табиғи (өз бетінше) тұқымданудың жетіспеушілігі немесе біркелкі еместігі байқалса, табиғи жаңартуға қосымша ретінде басты тұқымдылардың көшеттері отырғызылады.
Тұқымдықтарды (ағаштар мен шоқ ағаштарды) қалдыру кеспеағаштарды бөлгенде және кескенде табиғи түлеуді қамтамасыз ететін маңызды жағдай және міндетті орман өсірушілік шара ретінде, орманды табиғи түлету шараларына өз бетінше шара түрі ретінде енгізілмейді. Қалдырылған тұқымдықтарды орналастыру және олардың саны мемлекеттік орман құру жерлеріндегі ормандарды кесу ережелерімен анықталады.
2. Жанарған жерлерге орман өсіру
1. Босатылған уақыт шегінде шаруашылыққа құнды тұқымдарды табиғи жаңару, табиғи жаңаруға жәрдемдесу арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман иеленушілер орман дақылдарын құрады.
2. Орман дақылдарын құруға арналған мемлекеттік орман қоры учаскелері орман дақылдары қорын құрайды да, мынадай санаттарға бөлінеді:
a) 1-2 жыл бұрын ағашы кесілген жерлер;
ә) 3 және одан көп жыл бұрын ағашы кесілген жерлерде ормандардың шаруашылық құнды тұқымдыларының босатылған мерзім уақытында табиғи жаңаруы болмаса;
б) өрттің салдарынан (өртеңдер) немесе басқа да себептерден жойылған екпелер учаскелерінде босатылған мерзімде, ормандарда шаруашылық құнды тұқымдыларының табиғи жаңаруы күтілмесе;
в) жойылған және есептен шығарылған орман екпелері;
г) алаңқайлар, сондай-ақ қазба байлықтары алынғаннан кейінгі орман өсіруге жарамды жағдайға келтірілген жерлер;
д) ауыл шаруашылығына пайдаланудан шығарылған, орман өсіруге жарамды жерлер;
е) орман өсіруге жарамды құмдар, жыралар және басқа да ормансыз жерлер; бұл жағдайда осы категориядағы жерлер агрохимиялық-топырақ зерттеулерінен кейін орман дақылдары қорына енгізіледі:
ж) орман дақылдарын егу тәсілімен қайта құруды қажет ететін құндылығы аз орман екпелері.
3. Бірінші кезекте орман дақылдары қорының жерлері игеріледі:
а) су және жел эрозиясына ұшыраған жерлер;
ә) елді мекендердің жасыл аймақтарында және өзендер, көлдер, су қоймалары, тоғандар т.б. су нысандары жағалары бойына орналасқан жерлер;
б) биік шөп өсімдіктері мен жылдам өсіп кететін қаупі бар қылқан жапырақтылардың жаңадан кесілген жерлері және өртең алаңдары;
в) жоғарғы класс бонитетіндегі екпелерді өсіруге жарамды, тың жерлердегі орманмен қамтылмаған жерлер;
г) құнды ағаш тұқымдарын енгізу үшін қарастырылған, құны төмен екпелердің кесілген жерлері;
д) орман өсіруге жарамды жағдайларға келтірілген, пайдалы қазба байлықтарын өндіруден қалған жерлер.
Орман дақылдары қорын игерудің нақты кезегі орман орналастыру және жобалау-іздестіру жұмыстарымен анықталады.
4. Орман дақылдарын егуге учаске дайындау кезінде, барлық алдағы орман дақылдары операцияларын сапалы атқару үшін, сондай-ақ өрт қауіпін азайту және дақылдардың санитарлық жағдайын жақсарту үшін жағдай жасау жөнінде іс-шаралар жүргізіледі.
Учаскені дайындау мыналарды қамтиды:
а) жерді табиғи қалпында зерттеу;
ә) орман дақылдарына учаске бөлу;
б) болашақ дақылдар қатарын немесе топырағы өңделетін жолақтарды белгілеу және машиналардың жұмыс істеуіне қауіпті жерлерді белгілеу;
в) учаскені жаппай немесе жолақтармен құлаған ағаштардан, тастардан, қажетсіз ағаш өсімдіктерінен, кішкентай түбірлерден, кепкен ағаштардың діндерінен тазалау;
г) түбірлерді қопару немесе оларды орман екпелері техникасына бөгет жасамастай биіктікке дейін қысқарту;
д) топырақ бетін тегістеу, оның аумағын мелиорациялау, беткейлерде террасалар жасау;
е) топырақта шамадан тыс орныққан зиянды құрт-құмырсқалармен алдын-ала күрес жүргізу.
5. Учаскені зерттеген кезде оның жағдайы мен орман егуге жарамдылығы анықталады, шаруашылыққа құнды тұқымдардың жас өміршең өсімдіктерінің саны мен орналасуы, құлаған ағаштар және кесу қалдықтарымен қоқыстану дәрежесі, түбірлердің саны мен биіктігі, машиналардың жұмыс істеуіне қолайлылығы, топыраққа зиянды құрт-құмырсқалардың орнығуы белгіленеді, орман өсіру жағдайының типі нақтыланады және орман дақылдарын егу тәсілдері анықталады.
6. Орман дақылдарын егуге жер бөлгенде, оған орман шекараларына, жолдарға және басқа планшетте белгіленген тұрақты белгілерге байланыстыра отырып геодезиялық зерттеулер жүргізіледі.
Орман дақылдарын техникалық жобалауды осы салаға маманданған жобалау-iздестiру ұйымдарымен орман иеленушілердің келісімімен жүзеге асырылады.
7. Орман дақылдарын егу үшін ағашы кесілген жерлерді дайындау орман пайдаланушылар мен кеспеағаш жұмыстарын орындаған кезде жүргізіледі.
Жаппай тазалаған кезде құлаған ағаштар, қажетсіз орман өсімдіктері, кішкентай түбірлер және тастар учаскенің шекарасына ысырылады немесе оның аумағына 25-50 метр сайын жиналады.
Жартылай тазалау, жаппай тазалау мүмкін болмаған немесе қажет емес жағдайларда, ені әртүрлі жолақтармен, сондай-ақ орман дақылдарын дәліз тәсілімен және бөлек еккенде жүзеге асырылады.
8. Жаппай түбірлерден тазалау, ерекше құнды орман дақылдарын егу, топырағы бай ағашы кесілген жерлер немесе өртеңдерде арам шөптер және тамыр атпа немесе балақ ағаш екпелерінің қарқынды даму қауіпі туғанда арнайы жолақтар жасау үшін жүргізіледі.
Құнарсыз топырақта, ағашы кесілген жерлер мен өртеңдерде және беткейдің тіктігі 6 градустан асқанда, топырақ эрозиясын болдырмау үшін, сондай-ақ орман аймақтарындағы сазды және өте сазды жерлерде түбір тазалағанда оның су-физикалық қасиеттері төмендейтін болса, түбірлерді жаппай тазалауға тыйым салынады.
Түбірлерді жартылай тазалау әдетте егілетін тұқымдылардың биологиялық ерекшеліктеріне және басқа да факторларға байланысты ені 2 метрден кем емес жолақтармен жүргізіледі.
Учаскелерді тазалағанда және түбірлерді қопарғанда топырақтың жоғарғы құнарлы қабатының мұқият сақталуы қамтамасыз етіледі.
9. Ғылыми ұйымдары әзірленген, топырақты өңдеу тәсілі, орманды қалпына келтіру жөніндегі қолданыстағы аймақтық ұсыныстарға және топырақ өңдеудің нормативтік-техникалық талаптарына сәйкес, орман типінің тобына немесе орман өсіру жағдайларына, орман екпелері қорының санатына, учаске дайындау тәсілі және қабылданған орман дақылдарының типіне байланысты осы салаға маманданған жобалау-iздестiру ұйымдарымен таңдалады.
Топырақ өңдеу барлық учаскеде (жаппай өңдеу) немесе оның бөлігінде (жартылай өңдеу) механикалық немесе химиялық тәсілдермен іске асырылады. Топырақты әртүрлі механикалық (тракторлық) құралдармен өңдеу негізгі тәсіл болып табылады.
Топырақты жаппай өңдеу, барлық аумақта өңдеу жұмыстарына кедергі келтірмейтін учаскелерде жүргізіледі (6 градусқа дейінгі беткейде және топырақта су және жел эрозиясы болмағанда).
Топырақты бөлектеп механикалық өңдеу жолақтап жырту, жолақтар мен алаңдарды минералдандыру немесе қопсыту, соқалау немесе жыра жасау, кішкентай төмпешіктер жасау (қатарлар, жолдар, төбешіктер), шұңқырлар дайындау жолдарымен іске асырылады.
Топырақты соқалап немесе жолақтап өңдеген кезде құралдар жүрісі жолақтардың түзулігі мен паралельдігін қамтамасыз ету керек.
10. Сусыма құмдары, қажет болған жағдайда, бұталардан ықтырмалар жасау жолымен немесе шөп өсімдіктерін егу, механикалық қалқалар қою (қалқалар, бұтақтар, қамыс немесе сабан бумалары), жер бетіне жабысқақ заттар тастау және басқа да тәсілдермен бекітеді. Бұл жағдайда, басты тұқым егілгенге дейінгі алдын-ала егілген бұталар орман дақылдары көлеміне есептелмейді.
11. Тау жағдайларында топырақ өңдеу тәсілі жердің географиялық аймағын, бедерін, беткейлердің орналасу тәртібі мен көлбеулігін, топырақтың төсенішінің су өткізгіштігін, топырақтың тастылық дәрежесін, учаскенің мөлшері мен қолайлылығын, эрозиялық процестердің пайда болу және даму қауіптілігін ескере отырып таңдалады. Беткейлердің көлбеулігіне, топырақ және басқа да жағдайларға байланысты таулы учаскелерінде топырақ өңдеудің мына тәсілдеріне рұқсат етіледі:
а) тасы көп және тасы аз топырақты 6 градусқа дейінгі тау беткейлерінде – жаппай өңдеу;
ә) 6 градустан 12 градусқа дейін тау беткейінде: тасы аз топырақтарда – жолақтап жырту, сондай-ақ түбін қопсыта отырып, қабаттар бойынша бороздалар кесу; құрғақ және биік өсімдіктер өспейтін тасты топырақты террасаларда – жолақтап қопсыту, түбін қопсыта отырып, бороздалар кесу немесе микротеррасалар дайындау; бұталар немесе биік шөп өсімдіктері өсіп кеткен учаскелерде – бульдозер немесе жинағыш қопарғыштар мен ұзындығы 15-20 метр, арасы 3-4 метр дайындалған үзік-үзік жолақтармен ұзын жағымен қабаттар бойына аралары 2,5-3,5 метр етіп орналастырылады;
б) 12 градустан 20 градусқа дейінгі жайпақ беткейлердегі терең және орташа профильді тастары аз топырақтарда – бульдозерлермен немесе қопарғыш-жинағыштармен беткей бойына 3-5 метр үздік-үздік қысқа жолақтар жасалады;
в) тік беткейлердегі (21 градустан жоғары) астыңғы жыныстары су өткізгіш болатын топырақтарда топырақты сатылап немесе алаң етіп дайындауға рұқсат етіледі.
г) аз мөлшердегі тасы өте көп топырақтарда – алаң жасап қолдан өңдейді, шұңқырлар дайындайды.
12. Топырақты химиялық гербицидтермен өңдеу «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекшелік ретінде алдын ала топырақты өңдемей-ақ орман екпелері көшеттерін жақсы тазаланған ағашы кесілген жерлерге 1 гектарға 500 дейін түбірлер болып, тез өсіп түлейтін тұқымдар қауіпті болмаса егуге рұқсат етіледі, сондай-ақ арамшөптен таза, жыртылған жерлерде, құмдарда, ағаш егуге жарамды тегістелген үйінділер және басқа да жерлерде, орман екпелерінің өсуіне бөгет жасайтын өсімдіктер өспейтін және өте құрғақшылыққа ұшырамайтын желерге де сондай тәсілмен егуге рұқсат етіледі.
13. Құрамы бойынша орман дақылдары таза немесе аралас болуы мүмкін.
Басты тұқым жергілікті орман құраушы тұқымдылардан таңдалады, ал оң тәжірибелер болғанда интродукциялық тұқымдылардан да таңдалады. Ол шаруашылықты жүргізу мақсатына дәл келуі және жердің орман өсімдіктері жағдайларына сәйкес болуы керек.
Ілеспелі тұқымдылар мен бұталарды таңдағанда, олардың басты тұқыммен өзара әсерін ескеру керек.
Ілеспелі ағаш тұқымдылары мен бұталар екпелерге басты тұқым қатарының өз қатарымен алмасуы жолымен енгізіледі.
14. Орман дақылдарының алғашқы жиілігі және отырғызатын (себетін) орынды орналастыру жоғары өнімді сүрекдіңнің қалыптасуын қамтамасыз етуі тиіс.
Орман өсімдіктерін орманды жерге ауыстыру жасында бір гектарға қажет өсімдіктердің саны нақты орман өсіру жағдайлары үшін қолданыстағы стандарттармен белгіленеді.
Орман өсімдіктерін көшеттермен отырғызғанда, отырғызылған өсімдіктер саны стандарт бойынша оларды орманды жерлерге ауыстыруға белгіленген саннан кем болмауы тиіс.
Көшеттермен отырғызылған сексеуіл өсімдіктерінің алғашқы жиілігі 1 гектар жерге 1,78 мың дана отырғызу орнынан кем болмауы керек.
15. Орман зиянкестері мен аурулары таралған ошақтарда отырғызылған (себілген) алғашқы жиілік және өсімдіктердің құрамы орманды қорғау жөніндегі ұсыныстарға сәйкес қабылданады.
Мақсатты орман дақылдарын құрғанда, отырғызылатын (себілетін) орынның саны мен орналастыру схемасы арнайы ұсыныстар және техникалық талаптармен белгіленеді.
Екпелердің бастапқы жиілігінің нақты нормалары, қатар аралығының рұқсат етілген ені және қатардағы отырғызатын (себілетін) орынның ара қашықтығы басты ағаш тұқымының түріне, орман өсіру жағдайларының типіне, өсімдіктерді егудің әдісі мен мақсатына, көшеттердің мөлшеріне байланысты. Бұл нормалар орман өсіру аймақтары бойынша ғылыми ұсыныстарға сәйкес жобалау ұйымдары мен орманды қалпына келтіру жөніндегі өңірлік нұсқаулықтармен белгіленеді.
16. Орман дақылдарын құрудың негізгі әдісі отырғызу болып табылады. Отырғызу су және жел эрозиясына ұшырайтын тым ылғалды және отырғызылатын орынның арам шөптермен тез өсіп кететін учаскелерде, сондай-ақ ылғалы аз аудандарда жүргізіледі. Айрықша отырғызуға селекциялық көшеттер, сондай-ақ қылқан жапырақты тұқымдардың дақылдарын қолдана отырып, дақылдар егіледі.
Отырғызуға көшеттер, сондай-ақ қалемшелер пайдаланылады, олар орман дақылдарының өсу сенімділігін қамтамасыз етуге, агротехникалық күтіп-баптау қажеттілігін азайтуға және орман дақылдарын орман көмкерілген жерлерге ауыстыруды тездетуге мүмкіндік береді.
Кебуден зиянкестер мен ауруға шалдығудан қорғау үшін, сондай-ақ дақылдар тез қалыптасып тез өсуі үшін, отырғызар алдында көшеттер әртүрлі заттармен өңделеді.
17. Шөл және шөлейт аймақтардағы жеңіл механикалық құрамдағы топырақтарда орман өсіруге қолайлы жағдайларда сексеуіл, черкез, жүзгін және басқа да құмды бекітіп тұратын өсімдіктерді, сондай-ақ Қазақтың шағын қыратты тауларының далалы аймақтарында құнды ағаш тұқымдылары басым тік беткейлерде (21 градустан астам) тұқым себумен өсіруге рұқсат етіледі. Қатаң орман өсіру жағдайларында механикалық құрамы орта және ауыр топырақта екпелерді көшетпен егеді.
Тұқым себу әдісімен: емен, талшын, жаңғақ, бадам, пісте және басқа да тұқымдары ірі жапырақты ағаштарды егуге рұқсат етіледі.
Орман екпелерін себу тәсілі, егу нормасы және басқа да технологиялық талаптар ғылыми ұсыныстарға, өңірлік нұсқауларға (басшылықтарға) сәйкес осы салаға маманданған жобалау-iздестiру ұйымдарымен белгіленеді.
18. Ағаштарды отырғызу және себу кезінде тыңайтқыштар, зиянкестер мен аурулардан өсімдікті қорғайтын заттар сондай-ақ кейіннен тыңайтқыш және шөп ретінде және басқа да мақсаттар үшін арнайы шөп өсімдіктерінің тұқымы бірге қолдануы мүмкін.
Көпшілік жағдайларда себу мен отырғызудың жақсы мерзімі бүршік жарғанға дейінгі ерте көктем болып табылады.
Жағымды ауа райы жағдайларында, егер де өсімдіктер суға тұншықпаса, суыққа және үсікке ұрынбаса жаз аяғында және күзде отырғызу мен себуге (ірі жапырақты тұқымдарды) рұқсат етіледі.
19. Агротехникалық күтіп баптауларға мыналар жатады:
а) өсімдіктерді қолмен тіктеп қою оларды шөп және топырақтың басып қалмауы мен суықтың сығымынан сақтайды;
ә) шөп және ағаш өсімдіктерін жоя отырып, қатар бойындағы және араларындағы топырақты қопсыту;
б) егілетін өсімдіктерді қажеті жоқ шөп және ағаш өсімдіктерінен механикалық немесе химиялық құралдармен өңдеу;
в) қатар арасындағы қажеті жоқ шөп және ағаш өсімдіктерін шабу немесе жаншу.
Орман өсімдіктерін минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру және суару агротехникалық күтімдерге жатады, бірақ олар арнайы шара ретінде жоспарланады және жүргізіледі.
20. Орманды аймақтарда агротехникалық шараларды негізінен басты тұқымдылар арам шөптер және қажетсіз ағаш өсімдіктері тұншықтырып тастамау мақсатында жүргізіледі.
Орманды дала, далалық, шөл және шөлейт аймақтарда агротехникалық күтім негізінен топырақта ылғалдың сақталуына және үнемді пайдалануына бағытталады. Өте қуаңшылық жағдайларда ол орман дақылдарын орманды жерлерге ауыстырғанда да жалғаса береді.
15- дәріс Ормандарды молықтыру мен орман өсірудің тиімділігін бағалау
Дәріс жоспары:
1.Ормандарды молықтыру мен орман өсірудің тиімділігін бағалау
2.Ормандарды молықтыру, орман өсіру жөніндегі орындалған жұмыстардың сапасына дәлелдеу
1. Ормандарды молықтыру, орман өсіру жөніндегі орындалған жұмыстардың сапасына дәлелдеу үшін және оларды жақсарту жөнінде уақтылы шаралар қабылдау:
а) орман дақылдарын және орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізген жерлерді техникалық қабылдау;
ә) орман дақылдарын орман көмкерілген жерлерге ауыстырғанға дейінгі күзгі түгендеу;
б) орман дақылдарын орман көмкерілген жерлерге ауыстыру;
в) орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесудің жүргізілген шараларының нәтижелерін есепке алу жүргізіледі.
Көрсетілген іс-шаралар атқарылған жұмыстардың көлемі мен сапасын нақтылауға мүмкіндік береді. Алынған деректер қажетті күтім шараларын жоспарлау үшін пайдаланады, сондай-ақ санитарлық есептілікті және техникалық құжаттамаларды қамтиды.
2. Орман дақылдарының және орманның табиғи жаңаруына жүргізілген жәрдемдесу шараларының барлық учаскелері кезекті орман орналастыру кезінде зерттеледі, оларға қажетті шаруашылық іс-шараларын жобалайды.
3. Ормандарды молықтыру және орман өсіру жұмыстарының соңғы кезеңі орман дақылдарын және табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары жүргізілген алқаптарды орман көмкерілген жерлерге ауыстыру болып табылады. Егілген екпелерді неғұрлым өнімді сүрекдіңді қалыптастыру үшін негіз болып табылатын құнды ағаш екпелерінің жас өскіндерінің санатына енеді.
Шаруашылық жағынан құнды жас өскіндерге мемлекеттік орман қорын жақсартатын, осы орман өсіру талаптарына және халық шаруашылығының экономикалық талаптарына неғұрлым толық жауап беретін қылқан жапырақты, қатты жапырақты, сондай-ақ басқа да ағаш тұқымдары жатады.
4. Осы кезеңдегі ормандарды молықтырудың жай-күйі мен оның тиімділігі мыналарды:
а) жаппай кесудің және өртеңдердің жалпы ауданына орманды қалпына келтіру жалпы ауданының қатынасына тең ормандарды молықтыру коэффициенті;
ә) шаруашылық жағынан құнды екпелер санатына енгізілген жас ағаштар ауданының ормандарды молықтыру жұмыстары жүзеге асырылған жалпы ауданға қатынасына тең ормандарды молықтырудың тиімділігі коэффициенті;
б) жаппай кесудің және өртеңнің жалпы ауданына енгізілген жас ағаштардың ауданының қатынасына тең шаруашылық жағынан құнды екпелер санатына енгізілген жас ағаштар коэффициенті;
в) егер көрсетілген коэффициенттерінің мәні бірге тең болса (немесе оған жақындаса), онда бұл ормандарды молықтырудың ойдағыдай жүргізілгенін сипаттайды.
5. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі жүмыстардың сапасын бақылау жасауды уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
№ 1-тәжірибелік сабақ
Тақырып: Радиациялық тепе-теңдік және оның құрамдары
Сабақтың мақсаты – радиациялық тепе-теңдікті анықтау
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары
Радиациялық тепе-теңдіктің негізгі элементтерін анықтау және есептеу
Достарыңызбен бөлісу: |