ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Стандарттау және сертификаттау жүйелері» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет3/4
Дата26.02.2016
өлшемі380 Kb.
#26443
1   2   3   4

Жұмыс мақсаты: Стандарттардың категориялары және түрлерін, стандарттаудың объектілерін және стандарттардың бірнеше түрлерінің құрылымдық элементтерін салыстыру.
Жұмысты орындау:

1. Осы тақырып бойынша дәріс материалын оқу.

2. Бірнеше стандарттарды салыстырып, олардың категориялары мен түрлерін анықтау. Нәтижесін 4.1. кестеге енгізу.

3. Әр түрлі стандарттар түрлерінің құрылымын салыстыру. Нәтижесін 4.2. кестеге енгізу.

Жұмысты орындауға методикалық ұсыныстар:

Стандарттардың келесі категорияларын бөледі:

- халықаралық;

- өңірлік;

- ұлттық;

- ұйым стандарты;

- Қазақстан Республикасын стандарттау бойынша ұсыныстар;

-шет мемлекеттар стандарттары, ұйм стандарты, технико-экономикалық ақпарат классификаторлары, шет мемлекеттердің стандарттау бойынша ұсыныстар және нормалары, талаптары;

- үкіметтік емес стандарт;

- консорциум стандарты;

- алдын ала ұлттық стандарт.


Стандарттар түрлері:

- негізге алынатын стандарт;

- өнімге, қызметтерге, процесстерге бақылау әдістеріне стандарт;

- өнімге (қызметке) стандарт;

- процесске стандарт;

- өнімге әскери стандарт.


Стандарттың құрылымдық элементтері – бұл стандарттарды тұрғызу, жеткізу, рәсімдеу, мазмұны және белгіленуі элементтер жиынтығы. Жалпы стандарттар келесі құрылымдық элементтерден тұрады:

- титул парағы (міндетті элемент);

- алғы сөз (міндетті элемент);

- осы стандарттқа жеке меншік құқығы туралы мәлімет (міндетті элемент);

- мазмұны (қажет болғанда);

- атауы (міндетті элемент);

- кіріспе (қажет болғанда);

- қолдану аймағы (міндетті элемент);

- нормативтік сілтемелер (болған кезде);

- анықтамалар және терминдер (болған кезде);

- стандарт мәтінінде қолданылатын белгіленулер және қысқартулар (болған кезде);

- талаптар (басты және міндетті элемент);

- міндетті және ұсынылатын қосымшалар (болған кезде);

- осы стандарттарды жетілдірген кезде қолданылған кітапханалық мәліметтер, яғни құжат туралы ақпараттық мәлімет (болған кезде);

- стандартты белгілі кәсіптік топтамаға өнімнің баспалық-кітап Әмбебап ондық жүйесі (ӘОЖ) жатқызу туралы мәлімет (міндетті элемент).

- осы стандарттың белгіленуі (міндетті элемент).

ҚР территориясында қабылданған стандартты тұрғызу, жеткізу, рәсімдеу, мазмұны және белгіленуіне жалпы талаптар ҚР СТ 1.5 бекітілген. ҚР СТ талаптар міндетті немесе ұсынылған болуы мүмкін.

Кесте 4.1



Кесте 4.2




Бақылау сұрақтары:

1. Стандарттар түрлерін атаңыз.

2. Стандарттар категорияларын атаңыз.

3. Стандарттың қандай құрылымдық элементтері міндетті болып табылады?

4. Процесстерге стандарттарда не қарастырылады?

5. Техникалық регламенттердің қандай түрлері бар?


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 5

ТАҚЫРЫБЫ: ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРДІ ОҚЫП МЕҢГЕРУ
Жұмыс мақсаты: Техникалық регламенттерде орнатылған талаптар мен мазмұнын меңгеру.
Жұмысты орындау:


  1. Техникалық регламенттерде бекітілген талаптар мен мазмұнын оқу.

  2. Оқытушы берген нұсқа бойынша 5.1 кестені толтыру қажет:

-техникалық регламенттің атауы және таралу аймағын анықтау;

-техникалық регламенттерде бекітілген талаптармен мазмұнын оқу:

Кесте 5.1

Техникалық регламент атауы

Бекітілген мерзімі

Таралу аймағы

Мазмұны





































3.Бақылау сұрақтарына жауап беру

Бақылау сұрақтары:


  1. Техникалық регламенттерді жетілдіру мақсаты.

  2. Техникалық регламенттерде бекітілген талаптар

  3. Техникалық регламентте не болу қажет?

  4. Зиян келтіру қауіп-қатер дәрежесін ескере отырып техникалық реттеу объектілеріне қойылатын арнайы талаптар техникалық регламенттерде болуы мүмкін?

  5. Техникалық регламенттерді жетілдіру, сараптау, қабылдау, өзгерту және тоқтату ерекшеліктері.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 6

ТАҚЫРЫБЫ: НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН СТАНДАРТТАРДЫ ОҚЫП МЕҢГЕРУ
Жұмыс мақсаты: Негізге алынатын стандарттар бойынша теориялық білімді қалыптастыру.
Жұмысты орындау:

1.Оқытушы берген нұсқа бойынша 6.1 кестені толтыру:

-стандарттау объекттерін бекіту; категориясын және стандарт түрін;

-негізге алынатын стандарттарға сәйкес ерекшеленетін элементтерін бекіту;


Кесте 6.1

Стандарт белгіленуі

Стандарт атауы

Стандарт категориясы

Стандарт түрі

Стандарттың бекітілген күні

Стандартты енгізу күні

Құрылымдық элементтері

Стандарт бөлңмдері

Ескерту

















































































2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.


Бақылау сұрақтары:

  1. Негізге алынатын стандарттардың объектісі не?

  2. Стандарттардың қандай категориялары негізге алынатын бола алады?

  3. Қандай орган негізге алынатын стандарттарды жетілдіреді?

  1. Негізге алынатын стандарттарды жетілдіруге негіз не болып табылады?

  2. Ұйымдастырушы-әдістемелік стандарттар негізге алынатынға жатады ма?

  3. Жалпытехникалық стандарттар негізге алынатынға жатады ма?

  4. Негізге алынатын стандарттарды қандай орган бекітеді?

  5. Негіге алынатын стандарттар қанша уақытқа бекітіледі?

  6. Қандай жағдайларда негізге алынатын стандарттарды жояды?

  7. Негізге алынатын стандарттарға қандай жағдайда өзгерістер жетілдіреді?

  8. Төмендегі стандарттардың қайсысы негізге алынатын стандартқа жатады: ГОСТ 1.0; ГОСТР 5798; ТУ19РК2365; ОСТ 3498 ; ГОСТ 2.11; СТРК 5.0; ИСО 6587; ГОСТ Р 1.0; СТ РК 2.0; СТ РК 3.0; РСТ Каз. ССР 5432; ФС РК 56770984 ТОО; ОК 001; СТ ИСО 5432.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ №7



. ТАҚЫРЫБЫ: СТАНДАРТТАРДЫҢ АЙЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЫЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Жұмыс мақсаты: Стандарттардың айлық және жылдық көрсеткіштерімен танысу
Жұмысты орындау № I (Стандарттардың айлық көрсеткіштері):

  1. Көрсеткіштердің тағайындалуын бекіту

  2. Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің құрылымын оқу.

  3. 7.1 кестені көрнекі құралдарға сәйкес ресімдері.

  4. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Кесте 7.1

Көрсеткіштердің шығу жылы

Көрсеткіш №

Осы жылдағы номер саны

Осы көрсеткіште қандай ақпарат жарияланған

Көрсеткіштердің құрылымдық элементтері

Бөлім

Класс

Тобы

































































Бақылау сұрақтары:

  1. Стандарттар көрсеткіштерінің қандай түрлерін білесіз?

  2. Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің басылым мерзімділігін атаңыз.

  3. Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің негізгі мазмұнында қандай ақпарат келтіріледі.

  1. Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің қосымшасында қандай ақпарат келтірілген?

  2. Стандарттардың қандай көрсеткіштерінде бекітілген стандарт туралы ақпарат келтірілген?

  3. Стандарттардың қандай көрсеткіштерінде өзгертілген стандарт туралы ақпарат келтірілген?

  4. Қандай САКде (ИУС) күшін жойған стандарттар туралы ақпарат келтірілген?

  1. Қандай САКде өзгертулер қабылданған стандарттар туралы ақпарат келтірілген?

  2. Қандай САКде стандарттарға қабылданған өзгерту мәтіндері басылады?


Жұмысты орындау №2 (Стандарттардың жылдық көрсеткіштері):

  1. Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің тағайындалуын бекіту.

  2. Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің құрылымын, мазмұны және тұрғызу принципін оқу.

  3. Оқытушы берген көрнекі құрал материалдары бойынша 7.2 кестені толтыру.

  4. Бақылау сұрақтарына жауап беру

Кесте 7.2

САК басылған жылы

САК қанша томнан тұрады

САК бірінші томында қандай ақпарат келтірілген

САК екінші томында қандай ақпарат келтірілген

САК үшінші томында қандай ақпарат келтірілген

САК соңғы томында қандай ақпарат келтірілген
























































Бақылау сұрақтары:

1 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің басылу мерзімділігі?



  1. Стандарттардың жылдық көрсеткіштері неше номерден немесе томнан тұрады?

  2. Стандарттардың жылдық көрсеткіштеріне қандай стандарт келтірілген?

  3. Жылдық көрсеткіште қандай принцип бойынша стандарттар топталған?

  4. Көрсеткіштің қандай бөлімінде, классында және тобында мыналарға стандарттар келтірілген: портфелдер, силикаттар, рюмкалар, қант, селен, селитра, жеміс дақылдары, кілем жолдары, духи, іс-қимыл, май өлшегіш

  5. Стандарттардың жарамдылық уақытын жылдық көрсеткіш бойынша білуге болама?

  6. Көрсеткіштің қандай томында пәндік көрсеткіш орналасқан және ол не үшін қажет?

  7. «Белгілер үшін» графасында қандай ақпарат келтірілген?

  8. Бір жұлдызшамен стандарт белгіленуі нені білдіреді?

  9. Екі жұлдызшамен стандарттың белгіленуі нені білдіреді?

  10. Үш жұлдызшамен стандарттың белгіленуі нені білдіреді?'

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 8

ТАҚЫРЫБЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жұмыс мақсаты: ИСО 9001 халықаралық стандарттың мазмұнын ашу, ХС ИСО 9001 құрылымын оқу.
Жұмысты орындау:

1. ИСО 9001: 2008 халықаралық стандартының мазмұнымен танысу.

2. Осы нормативтік құжаттың құрылымын анықтау және құрылымдық элементтер тізімін беру.

3. Әр элемент мазмұнын қысқаша сипаттау және нәтижесін 8.1 кестеге толтыру.

4.Халықаралық стандарттың құрылымдық сұлбасын келтіру (студентке сұлба түрін таңдауға мүмкіндік береді – «граф», кесте және т.б).

Кесте 8.1. Халықаралық стандарт сипаттамасы




№ п/п

Құрылымдық элемент атауы

Элементтің қысқаша мазмұны

Элементтің тағайындалуы












5. Мемлекетаралық стандарттардың құрылымдық элементтеріне және мазмұнына қойылатын талаптармен.

6. Мемлекетаралық және халықаралық стандарттарды жетілдіруге талаптардың айырмашылығын анықтау және нәтижесі бойынша 8.2 кестені толтыру.

Кесте 8.2 Сәйкестік кестесі




№ п/п


Халықаралық стандарттардың құрылымдық элементтері

ҚР СТ мемлекеттік стандарттардың құрылымдық элементтері









7.ИСО 9001-2009 халықаралық стандартын қолдана 8.3 кестені толтырыңыз

Кесте 8.3 – Халықаралық стандартқа сүйенген Қазақстан Республикасының ұлттық стандартқа сәйкестігі туралы мәлімет

Сүйенетін халықаралық стандартың белгіненуі

Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының сәйкестігінің атауы және белгіленуі



















8.Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Бақылау сұрақтары:


  1. Халықаралық стандарттардың мақсаты не?

  2. СМЖ жалпы талаптарын келтіріңіз

  3. СМЖ құжаттарына қойылатын талаптары қандай?

  4. Басқару қандай міндеттерге жауапты?

  5. Кіммен жетілдіріледі?

  6. Сапа аймағындағы саясатына қандай талаптар қойылады?

  7. СМЖ инфрақұрылымында не болуы мүмкін?

  8. Менеджментті сараптау және деген не және қандай процедураны қойылады?

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 9

ТАҚЫРЫБЫ: СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Жұмыс мақсаты: Сәйкестікті растау аймағындағы нормативті-техникалық базасын, ұйымдастырушылық құрылымын оқып меңгеру.
Жұмысты орындау:

1. Сәйкестікті растау жүйесінде қолданылатын келесідей негізгі терминдерді есте сақтау қажет: сәйкестікті растау, үшінші жақ, сәйкестікті растау органы, сынақ зертханасы, міндетті сәйкестік, ерікті сәйкестік және басқалар.

2. Қазақстан Республикасының ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі негізгі мақсаттары мен міндеттерін оқу қажет. Бұл тақырыпты оқу кезінде Қазақстан Республикасының ТРМЖ сәйкестікті растау жөнінде орындайтын қызмет түрлерін қарастыру қажет.

3. Қазақстан Республикасының ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі ұйымдастырушылық құрылымын, нормативтік-әдістемелік базасын оқу.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі замандағы сертификаттаудың мәні.

  2. Сәйкестікті растаудың объектілері болып не табылады?

  3. «Сәйкестік сертификаты» анықтама беріңіз.

  4. Міндетті және ерікті сәйкестікті растау дегеніміз не?

  5. ҚР ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі негізгі жағдайы.

  6. ҚР ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі мақсаттары мен міндеттері.

  7. ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі қызмет түрі.

  8. ҚР ТРМЖ ақпараттық қамтамасыз етудің негізі болып табылады?

  9. ҚР ТРМЖ сертификаттау процесіне қатысатын екі жақтың жауаптылығы қалай бөлінеді?

  10. ҚР ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі ұйымдастырушылық құрылымы қандай?

  11. ҚР ТРМЖ сәйкестікті растау жөніндегі нормативтік-әдістемелік базасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 10

ТАҚЫРЫБЫ: СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ ЖӘНЕ СЫНАҚ ЗЕРТХАНАЛАРЫ ҰЙЫМДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жұмыс мақсаты: СР және СЗ қойылатын негізгі талаптарды оқу.
Жұмысты орындау:


  1. Бұл тақырыпты оқу кезінде ҚР ТРМЖ органының тәуелсіз және сауатты болып табылуы үшін сәйкестікті растауды жүргізетін органға қойылатын негізгі талаптарға назар аудару қажет.

  2. Тәжірибелік сабақты орындау кезінде ҚР СТ «Сертификаттау жөніндегі органға қойылатын талаптар» сәйкес сәйкестікті растау бойынша аккредиттеу жүргізетін орган талаптары оқытылады, аккредиттеу кезінде қажетті құжат толтырылады, аккредиттеу аймағы анықталады, нақтырақ:

  1. Сәйкестікті растау органын аккредиттеуге ұсыныс;

  2. Аудитория туралы мәлімет;

  3. Сәйкестікті растау органының тексеру актісі;

  4. Сәйкестікті растау аккредиттелген орган аттестаты;

  5. Аккредиттеу аймағы;

  6. Сәйкестікті растау органымен бірге қызмет жасайтын ұйымдар тізімі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Сәйкестікті растау органына қойылатын талаптар.

  2. Сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген орган талаптары.

  3. Сәйкестікті растау боойынша аккредиттелген орган қызметіне инспекциялық бақылау.

  4. Аттестат мерзімін ұзарту және қосымша аймақта аккредиттеу талаптары.

  5. Сынақ зертханаларына және сынақ орталықтарына талаптар

.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 11

МІНДЕТТІ СЕРТИФИКАТТАУ
Жұмыс мақсаты: Міндетті сертификаттауға жататын, соынмен қатар құжаттың әр тараптарына жүретін тұтынушы тауарларды, тауар тізімін міндетті сәйкестік растау жүргізуді оқу.
Жұмысты орындау:

1. 25, 26, 28, 29, 30, 31 статьяларын оқу.

2.Міндетті сертификаттауды жүргізуге блок-сұлба жетілдіру, әр этапта орындаушыны және осы этапқа сәйкес жетілдіру қажет.
Бақылау сұрақтары:

1. Қандай жағдайда міндетті сәйкестікті растау жүргізіледі?

2. Міндетті сәйкестікті растаудың объектісі не болып табылады?

3. Сертификат қанша мерзімге жарамды?

4. Міндетті сертификаттауды кім жүргізеді?

5. Міндетті сәйкестікті растау аймағында өтінушінің құқықтары мен міндеттері.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 12

ЕРІКТІ СЕРТИФИКАТТАУ


Жұмыс мақсаты: Ерікті сертификаттауға жататын, соынмен қатар құжаттың әр тараптарына жүретін тұтынушы тауарларды міндетті сәйкестік растау жүргізуді оқу.
Жұмысты орындау:

1. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қолдана отырып, 22, 23 статьяларды оқыңыз.

2. Ерікті сертификаттаудың блок-сұлбасын талаптары жетілдіру, мұнда барлық қажетті құжаттарды көрсету арқылы.
Бақылау сұрақтары:

1. Ерікті сертификаттау дегеніміз не?

2. Сәйкестікті растау мақсаттарвы.

3. Сәйкестікті растау принциптері.

4. Кімнің қалауы бойынша ерікті сертификаттау жүргізіледі?

5. Ерікті сертификаттауды кім жүргізеді?

6. Ерікті сертификаттау ерікті сәйкестікті растаудан несімен ерекшеленеді?
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 13

ТАҚЫРЫБЫ: ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ


Жұмыс мақсаты: Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібімен танысу.

Жұмысты орындау:

1 Өнімді сертификаттау кезінде негізгі операцияларға көңіл аудару.

2 Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі келтірілген:

1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау;

2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау;

3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу;

4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау;

5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау;

7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу;

8) Сертификат беру;

9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.

11) Осы тәртіп бойынша оқытушы берген тапсырмаға сай негізгі құжаттамаларды толтыруды үйрену.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет