Практикалық сабақ 5. Мал тұқымы.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Мал тұқымының түрлері.
Сабақтың мақсаты: кең таралған үй жануарларының тұқымын анықтауды үйрену және зерттеу.
Мал түлігі әр түрлі бағыттағы өнімді тұқымдарға бөлінеді. Мал түлігінің тұқымына шыққан тегі бір, физиологиялық, морфологиялық және шаруашылық белгілерінің ұқсастығы бар, ұрпағына өзінінің тұқымдық белгілері мен өнімдік қасиеттерін тұрақты түрде ұзақ уакыт беріп тұратын мал тобы жатады. Бір тұқымға жататын малдың дене пішімі, төлділігі, өнімі, бояуы және көлемі жөнінен айырмашылығы аз, басының саны сұрыптау мен жұптау жұмысын жүргізуге жеткіліті болуға тиіс.
Мал тұқымын топтастыру. Әр түрлі мал тұқымында дене бітімі, салмағы, төлділігі, мінез-құлқы және өнім беру деңгейі жөнінен біршама айырмашылық болады. Оларды жіктеп топтастыруды келесі жолдар мен жүргізеді:
-
Жағрапиялық топтастыру бойынша – ойпаттық (голландық, холмогор, ярослав, шортгорн, қара-ала т.б), таулық (шветтік, симменталдық, т.б), далалық (укаиндық, далалық қызыл, т.б. ) топтарына бөлед;
-
Зоологиялық топтастыру бойынша –малды басының құрылысы ( тар маңдайлы, маңдайлығ қысқа басты ірі қара малы), құйрықтылығы( ұзын құйрықты, құйрықты қойар), құлағы мен басының сыртқы пішіміне( шошқада) қарап бөледі;
-
Тұқымның жақсартылып, жетілу деңгейі мен топтастырғанда - қарапайым, зауыттық және тұқым аралық топтарына бөледі.
Қарапайым топқа тұқым даму кезінде қалыптасқан, әбден жер сіңген, жергілікті ауа райына төзімді, мықты, бірақ өнімділігі аз монғол, якут, жәбе жылқысы, қалмақ, сібір, қырғыз, кавказ сиыры, қылшық жүнді қой тұқмдары жатады.
Зауыттық тұқым қолдан сұрып тау, күтіп бағу және азықтандыру нәтижесінде пайда болған орлов және орыстың желіс жылқысы, владимир ауыр жүк тартатын жылқысы, қара-ала, шведттік, сименталдық, герофорт және шортгорн, қазақтың ақ бас сиыры, әулие көл, Әулие ата секілді мүйізді ірі қара мал, аскаий, кавказдық, қазақтың биязы жүнді, қазақтың архар мериносы секілді қой , ірі және украиндық ақ, Жетісулық қара шұбар секілді шошқа тұқымдары жатады.
Аралық тұқым түрі қарапайым тұқымды асылдандыру барысында пайда болған қазақ және кабардин жылқасы, юрин және истебе сиыры, сокол қойы мен молдаван шошқасын жатқызуға болады.
Негізгі өніміне қарай мүйізді ірі қара малды – сүт және ет, қойды- жүн, ет, елтірі. Тондық тері және сүт, шошқаны- ет және май, жылқыны-ет, сүт және көлік күші, спорт, туйені- ет, сүт және көлік күші бағытындағы тұқымдарға бөледі.
Негізгі өнімі мен қоса өндірілетін қосалқы өнімі бойынша:
А. Мүйізді ірі қара малдың жылына басына -4-5 мың кг сауылатын сүтті, етті және аралас өнімді тұқымын;
Б. Қойдың биязы жүнді, ұяң жүнді, тондық, елтірілік, етті майлы, етті-жүнді-сүтті, жүнд- сүтті тұқымын;
В. Жылқының мініс, желіс, ауыр жүк таситын және спорттық тұқымын ажыратады.
Бақылау сұрақтары:
-
Қарабайыр тұқым дегеніміз не?
-
Зауыттық тұқым дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.
-
Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.
-
Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
-
Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.
Практикалық сабақ 6. Малдарды таңбалау және алғашқы зоотехникалық еспке алу.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Малдарды таңбалау.
2. Алғашқы зоотехникалық еспке алу.
Сабақтың мақсаты: малдарды таңбалау тәсілдерімен және алғашқы зоотехникалық және асылтұқымдық есепке алудың негізгі формаларымен танысу.
Қазіргі кезде мал шаруашылығында таңбалаудың әртүрлі әдістер қолданылады. Таңбалаау түрі малды қолдану мақсаты мен ұзақтығына , бағып күту жағдайына , қолданатын технологияға және басқада факторларға байланысты.
Таңбалау әдістерін мынадай түрлерге бөлуге болады:
-
Ұзақ уақыт сақталатын таңба негізінен асылтұқымдық тіркеуде қоданылады;
-
Аса ұзақ емес уақытқа таңбалау (бордақылаудағы мал, әртүрлі физиологиялық куйіндегі малды бөліп алу, жайылым кезіңінде табын құру және т.б).
Барлық таңғбалар айқын болып, үлкен ара қашықтықтан малды бекітпей көрінуі қажет, адам мен малға қауіпсіз және ұзақ уақытқа сақталуы керек. Таңбалау және таңбаны оқып таңу көп еңбекті және ұзақ уақытты, ерекше күрделі құрал- жабдықты талап етпеуі керек.
Таңбалау әдістері:
А. Құлаққа ең салу арқылы таңбалау
Б. Татуйровка арқылы таңбалау
В. Суықпен таңбалау
Мал басының белгіленіп есепке алынуын арнайы формадағы алғашқы есеп журналдарына тіркеп жазу арқылы жүзеге асырады. Зоотехникалық практикада мал басының өзгеруін – өсім мен өлім актілерін, бір жастық- жыныстық топтан екіншісіне ауыстыру, бракқа шығару, табындағы айналымын тіркеп, жазу арқылы; жемшөп шығының – жайылым оты мен шабындықтардың өнімділігін бағалау , дайындалған жемшөпті тіркеу, азықтандырудағы мал азығының шығының тіркеу; өнім өндірілуін- бақлау сауындардың көрсеткіштерін, сауылған сүт сауымын арнайы журналғ түсіру, сиырлар тірілей салмғы мен сүттілігін тіркеу, сүт майлылығы мен құрамын журналға жазу арқылы жүзеге ассырады.
Бақылау сұрақтары:
-
Алғашқы зоотехникалық есепке алуға не кіреді?
-
Таңбалау қандай тәсілдермен іске асады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Н.Омарқожаұлы, А.И. Шуркин. Мал шаруашылығы практикумы. – Астана, BG – print. 2007.
-
Н.Омарқожаұлы, Б.Р. Әкімбеков. Мал шаруашылығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.
-
Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
-
Н.Омарқожаұлы, М.Ш. Кенжебай, Б.Ж. Кожабаев. Жалпы зоотехния.- Оқу құралы.- Астана, 2009.
Достарыңызбен бөлісу: |