ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазіргі таңдағы химияның өзекті мәселелрі» «6М011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет10/11
Дата01.07.2016
өлшемі0.99 Mb.
#169258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

КОЛЛОКВИУМ № 2. Металдардың жалпы қасиеттері мен алу жолдары. І -ІІІ топтардың негізгі топша элементтерінің химиясы. (14 апта).

2.1

Металдардың жалпы қасиеттері мен алу жолдары. І, ІІ топтардың негізгі топша элементтері.

Заттардың металдық күйі. Негізгі белгілері, құрылымының зоналық теориясы, металдық байланыс. Металдық байланыс түзуге бейім элементтердің электрон құрылысының ерекшеліктері, ол элементтердің периодтық жүйеде орналасуы. Металдардың кристалл торларының түрлері. Металдар құймалары туралы түсінік. Құймалардың маңызды компоненттері. Металдардың жалпы физикалық қасиеттері. Металдардың жалпы химиялық қасиеттері. Ерітінділер мен құймалардың электролизі. Металдарды ерітінділермен құймалардың электролизі арқылы алу жолдары. І,ІІ топтардың негізгі топша элементтер атомдарына жалпы сипаттама, жай заттардың химиялық және физикалық қаиеттері, алу тәсілдері. Элементтердің маңызды қосылыстары: гидридтер, оксидтер, гидроксидтер, пероксидтер және тұздарының қасиеттері, алынуы. Судың кермектілігі және оны жою әдістері.



2.2

III,VIII топтардың негізгі топша элементтері.

ІІІ топтың негізгі топша элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері. Бор. Аллотропиялық модификациясы, кристалдық бордың маңызды физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы. Борсутектерінің құрылымының ерекшелігі, олардың қасиеттері. Металдар боридтері. Бор нитриді. Бордың оксидтері және гидроксидтері, құрылысы, қасиеттері. Ортобор қышқылы. Бура. Алюминий. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы. Алюминийдің маңызды қосылыстары: оксидтер, гидроксидтер, гидрооксоалюминаттардың, тұздарының алынуы, қасиеттері. VIII топтың негізгі топша элементтердің периодтық жүйедегі орны және атомдардың электрондық құрылысы. МО әдісі тұрғысынан екі атомды молекуланың бола алмайтындығын түсіндіру. Иондану потенциалы. Табиғатта таралуы, оларды бөлу әдістері, физикалық қасиеттері. Ксенонның, криптонның маңызыды қосылыстары, олардың қасиеттері, алынуы және қолданылуы.



КОЛЛОКВИУМ № 3. Қосымша топша элементтерінің химиясы. (15 апта).

3.1.

Қосымша топша элементтерінің жалпы сипаттамасы.

Элементтер атомдарына жалпы сипаттама, жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері. Алу әдістері.



3.2.

VI, I, II топтардың қосымша топша элементтері.

VI, I, II топтардың қосымша топша элементтер атомдарына жалпы сипаттама. Жай заттардың химиялық және физикалық қасиеттері. Хром. Хромның табиғи қосылыстары. Хром және феррохромның алынуы. Хромның қосылыстары (ІІ, ІІІ, УІ) оксидтерінің, гидроксидтерінің, тұздарының алынуы. Химиялық және физикалық қасиеттері. Хром оксидтері мен гидроксидтерінің қышқылдық-негіздік қосылыстарының өзіне тиісті иондарының радиустарымен зарядтарының ұлғаюына тәуелділігі. Гидроксо және оксо хроматтар (ІІІ). Хромның (ІІІ) комплексті қосылыстары. Хром қышқылдары, олардың қасиеттері. Хроматтар және дихроматтар. Олардың болу ортасы. Хром (УІ) қосылыстары тотықтырғыштар ретінде. Хром қоспасы. 6 топтың негізгі және қосымша топша элементтерінің қасиеттеріне салыстырамалы сипаттама. Мыс, күміс, алтын. Элементтердің табиғатта табылуы. Алу әдістері. Оксидтер, гидроксидтер, тұздар. І топтың негізгі және қосымша топша элементтерінің қасиеттеріне салыстырмалы сипаттама. ІІ топтың қосымша топша элементтерінің оттекпен қосылыстарына жалпы сипаттама. Мырыш гидроксидтерінің және оксидтерінің амфотерлігі. Гидроцинкаттар. +1 тотығу дәрежесін көрсететін элементтер қосылыстарының физикалық және химиялық қаиеттері.



3.3.

VII топтың қосымша топша элементтері.

Элементтер атомына жалпы сипаттама. Жай заттарының химиялық және физикалық қасиеттері. Марганец. Марганецтің табиғи қосылыстары. Табиғи қосылыстардан марганецті алу. Ферромарганец. Марганец қосылыстары. Марганецтің оксидтері және гидроксидтері. Олардың қасиеттерінің марганец атомының тотығу дәрежесіне тәуелділігі. Марганецті және марганец қышқылдары, манганаттар және перманганаттар, олардың тотықтырғыштық қасиеттері. Перманганаттардың тотықтырғыштық қасиеттерінің ортаның рН-на тәуелділігі.



3.4.

VIII топтың қосымша топша элементтері.

Элеметтер атомдарына жалпы сипаттама. Жай заттардың химиялық, физикалық қасиеттері. Темір қатарының элементтері. Темірдің маңызды құймалары: шойын, болат, легирленген болаттар. Шойын өндіру және оны болатқа айналдыру химиясы. Тікелей тотықсыздандыру арқылы темір алу. Темір, кобальт, никель (ІІ, ІІІ) маңызды қосылыстарының қасиеттерін салыстыру. Олардың алынуы. Ферраттар, темір, кобальт, никельдің қосылыстары. Платина қатары элементтерінің қасиеттеріне жалпы сипаттама.



3.5.

Лантаноидтар және актиноидтер.

f –элементтері қатарының атомдарының электрондық құрылысының ерекшеліктері. Атомдардың мүмкін болатын тотығу дәрежелері және валенттілік күйлері. Лантаноидтар. Табиғатта таралуы. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері. Лантаноидтарды бөлу әдістері. Оксидтер. Гидроксидтер. Тұздар. Актиноидтар. Жай заттар қасиеттеріне қысқаша сипаттама. Жаңа элементтер синтезі. Уран. Табиғатта таралуы. Уранның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері. Уранның маңызды қосылыстары.




ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:

Негізгі әдебиет тізімі


  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы, 1992.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.

  3. Аханбаев К. Химия негіздері. – Алматы, 1985 ж.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.:Высш.шк,1981.- 679 с.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия: Учебное пособие для вузов. - 27-е изд., стереотипное /Под ред. Рабиновича – Л.:Химия, 1988 – 704 с.

  6. Қарсыбеков М.Ә., Қарсыбекова Н.М. Анорганикалық химия. – Алматы, 2005.

  7. Карапетьянц М.Х., Дракин С.И. Общая и неорганическая химия.- 4 е изд., стеротип.-М.: Химия. 2000.- 592 с.

  8. Зайцев О.С. Неорганическая химия (Теоретические основы. Углубленный курс). М.: Просвещение, 1997.- 320 с.

  9. Спицин В.И., Мартыненко Л.И. Неорганическая химия. Часть 1. М.: Изд-во МГУ, 1994.- 624 с.

  10. Суворов А.В., Никольский А.Б. Общая химия.-4-е изд., испр. - СПб.: Химиздат, 2000.-624 с.

  11. Степин Б.Д., Цветков А.А. Неорганическая химия. - М.: Высш.шк., 1994.-

608 с.

13.Хьюи Дж. Неорганическая химия.-М.: Химия, 1987.- 696 с.

14.Дей К., Селбин Д. Теоретическая неорганическая химия.- М.: Химия, 1976.-

568 с.


15. Коттон Ф. Уилкинсон Дж. Современная неорганическая химия. В 3-х томах.-М.: Мир, 1975.

16. Слейбо У., Персонс Т. Общая химия.- М.: Мир, 1979.- 550 c.

17.Дикерсон Р., Грей Г., Хейт Дж. Основные законы химии. В 2-х томах. - М.:

Мир, 1982.

18. Браун Т., Лемей Г. Химия в центре наук. В 2-х томах - М.: Мир, 1983.

19. Кемпбелл Дж. Современная общая химия. В 3-х томах.- М., 1975.

20. Анорганикум / Под ред. Л.Кольдица. в 2-х томах. - М.: Мир,1984 .

21. Химия и периодическая таблица/ Под ред. Е.М.Соколовской, Л.С.Гузея.- М.:

Изд-во Моск.ун-та, 1989. – 640 с.

22. Беремжанов Б.А., Нурахметов Н.Н. Жалпы химия.- Алматы: Мектеп, 1993.-

678 с.

23. Практикум по общей и неорганической химии/ Под. ред. М.М. Буркитбаева,



К.Б. Бекишева - Алматы: Казак. университет, 2002.

24. Танашева М.Р. и др. Неорганическая химия, вопросы и упражнения. –

Алматы, Казак университет, 2000 г.

25. Бабич Л.В. Практикум по неорганической химии. - М.: Просвещение 1991 г.

26. Сборник упражнений и усложненных задач с решениями по химии. – Минск,

«Вышэйн школа», 1973.- 234 с.

27. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии. – Ленинград: «Химия», -

1985. – 263 с.

28. Ахметов Н.С., Азизова М.К., Бадыгина Л.И. Лабораторные и семинарские

занятия по неорганической химии. – М.: ВШ, 1979 – 255 с.





Қосымша әдебиет тізімі


  1. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. –М.: высш.шк, 1997.- 527с.

  2. Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.А., Цветков А.А. Основы номенклатуры неорганических веществ.-М.:Химия, 1983.-112с.

  3. Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.А. химические свойства неорганических веществ.- М.: Химия, 1997.- 480 с.

  4. Любимова Н.Б. Вопросы и задачи по общей и неорганической химии.-М.: Высш.шк., 1990 - 351с.

  5. Зайцев О.С. исследовательский практикум по общей химии.-М.: Изд-во МГУ,1994.-480с.

  6. Практикум по неорганической химии /Под ред.проф. В.П.Зломанова.-М.: Изд-во Моск.ун.-та,1994.-320с.

  7. Практикум по общей и неорганической химии: /Л.С.Гузей и др Под.ред. С.Ф.Дунаева.-М.: Изд-во Моск. Ун-та, 2000-87с.

  8. Коровин Н.В., Минулина Э.И., Рыжова Н.Г. Лабораторные работы по химии.- М.:Высш.шк., 1998.-256с.

  9. Васильева З.Г., Грановская. Лабораторные работы по неорганической химии.- Л.:Химия, 1986.-288с.

  10. Хомченко Г.П. Практикум по общей и неорганической химии с применением полумикрометода.- М.:Высш.шк., 1980-333с.

  11. Практикум по неорганической химии. /Под.ред. Н.Н.Павлова, С.В.Петрова.-М.:Высш.шк.,1986.-296с.

  12. Иванова М.А., Кононова М.а. Химический демонстрационный эксперимент./Под ред. С.А.Щукарева.-М.:Высш.шк., 1984.-208 с.

  13. Платонов Ф.Б. Лекционные опыты и демонстрации по общей и неорганической химии. /Под ред. Г.П.Хомченко.-М.:Высш.шк., 1976.-327с.

  14. Четков И.Н. Химический эксперимент с малым количеством реактивов.-М.:Просвещение, 1989.-191с.



БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ.

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ.


  1. Бейтарап ортада мырышты электрохимиялық коррозияға ұшыратса қандай зат түзіледі? Қышқылдық ортада (HCl)?

  2. Келесі реакция теңдеулеріндегі өнімдерді атаңыз: Li + O2→? Li + С→? (коэффициенттер көрсетілмеген).

  3. Реакция теңдеулерін аяқтаңыз: Fe + Cl2→? FeSO4 + Cu→? (коэффициенттер көрсетілмеген).

  4. Қандай металды көп мөлшерде тұздарының балқымасын электролиздегенде алады?

  5. Қалыпты жағдайда 65 г мырыш сумен әрекеттескенде қандай өнім және неше грамм түзіледі?

  6. Қандай металдар сумен әрекеттеспейді?

  7. 1 моль темір сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттескенде қандай зат және неше грамм түзіледі?

  8. Соданың алынуының техникалық әдісін атаңыз?

  9. Бериллийдің алу жолын атаңыз?

  10. 106 г натрий карбонаты 200 г кальций гидроксидімен әрекеттескенде неше грамм каустикалық сода түзіледі?

  11. Rb мен Na қандай тотығу дәреже тән болады?

  12. Сілтілік металдар сумен әрекеттескенде сутегін бөліп шығарады. Қандай заттың реакциясы жарылғыш қасиетімен жүреді?

  13. Реакция теңдеуін аяқтаңыз: LiOH→? (коэффициенттер көрсетілмеген).

  14. Натрий пероксиді 1 моль көміртегі диоксидімен әрекеттескенде неше литр оттегі бөлінеді?

  15. КО3 ыдырағанда қандай өнімдер түзіледі?

  16. Бір периодта орналасқан сілтілік және сілтілік-жер металдардың атомдық радиусы мен химиялық активтілігін салыстыр?

  17. 9 г бериллий сумен әрекеттескенде неше литр сутегі бөлінеді?

  18. 9 г бериллий сілті ерітіндісімен әрекеттескенде неше моль сутегі бөлінеді?

  19. Реакция тендеуін аяқтаңыз: Ве +2НСl + 4H2O→?

  20. Қандай реакциялар бериллий оксидінің амфотерлік қасиеттерін дәлелдейді?

  21. Судың жұмсартуының химиялық әдісін атаңыз?

  22. Қандай реакцияда көрініп тұр: кермектік суда сабынның көп жұмсалатыны?

  23. ІІІ топтың негізгі топшадағы қандай элемент жерде таралу бойынша 3 орында тұр? Бұл элемент сұйытылған HCl қалай әрекеттеседі?

  24. Бордың максималді коваленттілігі нешеге тең болады? Бордың қандай модификациялары белгілі?

  25. Аммиактың 1 молімен бор оксиді әрекетессе қанша грамм боразон түзіледі?

  26. Суда ерігенде бор ангидриді қандай қышқылдарды түзеді?

  27. Қандай реакция теңдеуінде ортобор қышқылдың натрий гидроксидімен әрекеттесуі көрсетілген?

  28. Алюминийдің йодпен әрекеттесу реакциясында қандай зат катализатор болады?

  29. Реакция теңдеулерін аяқтаңыз: Mn2O3 + 2Al→? 3Na2O + 2Al→?

  30. Al2O3 2 л КОН (w=50%), ρ=1,5 г/см3 ерітіндісімен әрекеттескенде неше грамм калий алюминаты түзіледі?

  31. Қандай реакциялар Al(OH)3 амфортерлік қасиеттерін дәлелдейді?

  32. 204 г алюминий оксидінің балқымасын электролизге ұшыратқанда неше литр оттегі бөлінеді? Өнімнің шығымы 75%?

  33. Сілтілік металдардың ауадағы оттегіге қатынасын сипаттаңыз?

  34. Өнеркәсіпте сілтілерді қандай әдіспен алуға болады?

  35. Сілтілік металдардың гидроксидтерінің суда ерігіштігін сипаттаңыз?

  36. Суда еріген заттарды тотықсыздандыру үшін сілтілік металдарды қолдануға бола ма?

  37. Литийдің ерекшелігін басқа сілтілік металдармен салыстырғанда қалай түсіндіруге болады?

  38. Бериллий мен магнийдің гидроксидтері қандай қасиеттермен сипатталады?

  39. Сілтілік-жер металдардың гидроксидтеріне сипаттаманы беріңіз?

  40. Судың тұрақты және уақытша кермектігі дегеніміз не?

  41. Кальцинирленген соданың формуласын көрсетіңіз?

  42. Судың тұрақты кермектігін қалай жоюға болады?

  43. Ізбестің сөндіру процесінің химиялық негізін анықтаңыз?

  44. ІҮ топтың негізгі топша элементтерінің сыртқы электрондық денгейінің формуласын анықтаңыз? Бұл элеметтерге қандай тотығу дәрежелер тән болады?

  45. Қандай реакция көміртегінің тотықсыздандырғыш қасиеттерін дәлелдейді?

  46. Реакция барысында метан бөлінсе алюминий карбиді қандай затпен әрекеттеседі?

  47. Қандай қышқылды ыдырату арқылы зертханада басқа газдардың қоспасы болмайтын СО газын алуға болады?

  48. 21 г угарлы газды (СО) толық бейтараптандыру үшін неше грамм NaOH қажет болады?

  49. Қандай реакция барысында фосген түзіледі?

  50. Қандай газдардың қоспасы синтез-газ деп аталады?

  51. Угарлы газдың 5 молімен толық әрекеттесу үшін неше грамм темір қажет?

  52. Зертханада СО қандай реакция арқылы алады?

  53. СО2 қандай қасиеттермен сипатталады? Қандай реакциялар мұндай қасиеттерін дәлелдейді?

  54. 44 г көміртегінің диоксиді кальций гидроксидінің артық мөлшерімен әрекеттескенде қандай заттар және қандай мөлшерде түзіледі?

  55. Реакция теңдеуін аяқтаңыз: 2NaHCO3→?

  56. Қандай реакция мүмкін емес?

  57. Қандай заттың судағы ерітіндісі улы қышқыл болып саналады? Оның формуласы қандай?

  58. Қандай реакция бойынша кремнийді алуға мүмкін емес?

  59. Кремний ыстық концентрлі сілтімен әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Суық сілтімен әрекеттескенде?

  60. Реакция теңдеуін аяқтаңыз: SiO2 + 2NaOH→?

  61. Кремний қышқылдардың жалпы формуласын анықтаңыз? Н2SiO3 қалай алуға болады?

  62. Қандай силикаттар суда ериді?

  63. Терезе шыныны алу үшін қандай заттар шикізат болып саналады?

  64. Қандай заттардан цементты алады?

  65. Қандай реакцияда Sn2+ тотықсыздандырғыш қасиеттерін көрсетпейді?

  66. 23,9 г PbO2 тұз қышқылымен әрекеттескенде қандай газ және неше литр бөлінеді?

  67. NaHCO3 сулы ерітіндісі қандай реакциямен сипатталады?

  68. Келтірілген тұздардың ішінде қайсысы термиялық тұрақты?

  69. Көміртегінің қандай оксиді тотықсыздандырғыш қасиеттерімен сипатталады?

  70. Келтірілген қышқылдардың ішінде қайсысы синилді қышқыл?

  71. Қандай реакцияда СО тотықсыздандырғыш қасиеттерін көрсетеді?

  72. Қандай минералдарда кремнийдің мөлшері ең көп болады?

  73. Кремнийдің аллотропиялық модификацияларын атаңыз?

  74. Қалыпты жағдайда кремний қандай жай заттармен әрекеттеседі?

  75. Кремний қандай қышқылдармен немесе қышқылдардың қоспасымен әрекеттеседі?

  76. Силанның дұрыс формуласын көрсетіңіз?

  77. Силанның алу жолын көрсетіңіз?

  78. Келтірілген қандай элементтердің сыртқы электрондық деңгейі ns2np3 формуламен өрнектеледі?

  79. Азоттың максимальді валенттілігі нешеге тең болады? МОӘ тұрғысынан азот молекуласының химиялық инерттілігі қалай түсіндіріледі?

  80. Аммиак молекуласындағы азотқа қандай гибридтену типі тән болады?

  81. Аммиак қандай қасиеттермен сипатталады?

  82. Аммиак натрий мен әрекеттескенде қандай қосылыстарды түзеді?

  83. Қандай жағдайда аммоний тұздарының қыздырғанда ыдырау процессі қайтымсыз жүреді?

  84. Азоттың зертханада алу жолын көрсет.

  85. Гидразинде азоттың тотығу дәрежесі нешеге тең болады? Гидроксиламинде?

  86. 33 г гидроксиламин ыдырағанда неше моль аммиак түзіледі?

  87. Азот (ІҮ) оксидін суық суда еріткенде қандай заттар түзіледі? Ыстық суда?

  88. Қандай элементтердің нитраттары қыздырғанда бос металды, азот (ІҮ) оксидін және оттегіні бөліп ыдырайды?

  89. N2O оксидінің алу жолын көрсет.

  90. Сіріңкенің жануы қандай реакцияға негізделген?

  91. Фосфоритті қышқылдың (Н3РО3) молекуласында неше ОН-тобы бар?

  92. Фосфор сумен каталитикалық жолмен әрекеттескенде неше литр сутегі бөлінеді, егер реакцияға 62 г фосфор қатысса, ал сутегінің практикалық шығымы теориялықтан қарағанда 50% болса?

  93. Қандай тыңайтқыштың құрамында фосфор болмайды?

  94. Қандай металдар сұйытылған азот қышқылымен әрекеттескенде NH4NO3 түзеді?

  95. V А топ элементтерінің Э2О5 оксидтердің элементтің реттік номері артқан сайын негіздік қасиеттері қалай өзгереді?

  96. Азот қышқылын қара шыныдан жасалған қалбырларда сақтайды, себебі бұл қышқыл күн сәулесінің әсерінен келесі заттарды түзе ыдырайды.

  97. Гидразин дегеніміз?

  98. Пирофосфаттар дегеніміз?

  99. Табиғатта қандай қосылыстар түрінде азот кездеседі?

  100. NH4+ ионның өрістегі конфигурациясын көрсет

  101. Азотты қышқылдын тұздары, мысалы NaNO2 ?

  102. 5,6 л азот сутегімен әрекеттескенде қанша литр аммиак түзіледі?

  103. Қандай реакцияда гидроксиламин тотықтырғыш қасиетін көрсетеді?

  104. Қандай реакцияда гидроксиламин тотықсыздандырғыш қасиеттерін көрсетеді?

  105. Қандай оксид полимеризация реакциясына қатысады?

  106. Қандай реакция арқылы зертханада NO оксидін алуға болады?

  107. Зертханада қандай реакция арқылы NO2 алады?

  108. Қандай металл сұйытылған азот қышқылымен әрекеттеседі?

  109. Қандай металл концентрлі азот қышқылымен әрекеттесу керек?

  110. Қандай қышқыл ең күшті?

  111. Гидразинның дұрыс формуласын көрсет

  112. Келтірілген элементтердің ішінде қайсысы жартылай өткізгіш?

  113. Келтірілген элементтерді электртерістілігі арту бойынша орналастыр?

  114. Қандай заттың құрамында күкірт жоқ?

  115. Күкірт натрий гидроксидімен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі?

  116. Күкірт сутегі KMnO4 және K2Cr2O7 әрекеттескенде қандай қасиетімен сипатталады?

  117. Күкірт сутегінің судағы ерітіндісінде қандай тұздар түзілу мүмкін?

  118. Реакция теңдеуін аяқтаңыз: 4Ag+2H2S+O2→?

  119. Na2S, MgS, Al2S3, SiS2, P2S5. Қандай сульфид қышқылдық қасиетімен сипатталады?

  120. Күкірт (ІҮ) оксидінің молекуласында гибридтенудің типі қандай?

  121. Мыс концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде қандай газ бөлінеді?

  122. Күкірт ангидриді мен оған сәйкес болатын қышқылдың формуласын анықта?

  123. Фосфор концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде қандай қышқыл түзіледі?

  124. H2S – H2Se – H2Te қатарында қышқылдық қасиеттері қалай өзгереді? Тотықсыздандырғыш қабілеті?

  125. Қалыпты жағдайдағы күкірттің молекуласының құрамын көрсет?

  126. Табиғатта халькогендер қандай қосылыстар түрінде кездеседі?

  127. Зертханада күкіртсутегін қандай реакция арқылы алады?

  128. Келтірілген күкірттің қай қосылысы тотықтырғыш қасиетпен сипатталады?

  129. Қандай келтірілген қышқыл ең күшті?

  130. Қандай реакция арқылы зертханада күкіртті газды алады?

  131. Қандай реакцияда SO2 тотықсыздандырғыш қасиетін көрсетеді?

  132. Қандай реакцияда SO2 тотықтырғыш қасиетін көрсетеді?

  133. 2SO2+O2↔2SO3+Q. Температураны артқанда тепе-теңдік қалай өзгереді?

  134. Полярлы қосылыстың формуласын ата?

  135. Галогендердің сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық құрылымын көрсет?

  136. Атомдардың ядро заряды артқан сайын галогенид-иондарының радиусы және жай заттардың химиялық активтілігі қалай өзгереді?

  137. Қалыпты жағдайда қандай галоген сұйық күйде болады?

  138. Төменде келтірілген қандай затта фтор бар?

  139. Қыздырғанда қандай галоген қайта айдалады?

  140. Гх8Н2О формуламен бейнеленетін галогендердің сумен қосылыстары қалай аталады?

  141. Қандай галоген ең күшті тотықтырғыш?

  142. Фтор қандай тотығу дәрежеде бола алады?

  143. Фтор ксенонмен әрекеттесе ме? Егер әрекеттессе, реакция теңдеуін жазу керек, егер әрекеттеспессе себебін айту керек?

  144. Бромның, иодтың әсерінен бензол сақинасы қандай түске боялады?

  145. Фторсутек сумен әрекеттескенде қандай қышқыл түзіледі?

  146. ClO2 суда ерігенде қандай қышқылдар түзіледі?

  147. Төменде келтірілген қай қосылысты тағам ретінде қолданады?

  148. Неге хлордың атомдық массасы 35,5 тен?

  149. Өнеркәсіпте хлорды қалай алады?

  150. Тұз қышқылының максималды концентрациясы нешеге тен?

  151. Калий хлориді мен титан хлориді әрекеттескенде түзілген заттың аталуы қандай?

  152. Калий гипохлоритінің диспропорициялану реакциясын көрсет?

  153. Төменде көрсетілген иондарды тұрақтылығы арту реті бойынша орналастыр?

  154. Төменде келтірілген реакциялардың қайсысы бертолет тұзының диспропорциялану реакциясына жатады?

  155. Хлордың қай оттекті қышқылы ең күшті?

  156. Қай галогеннің спирттік ерітіндісі медицинада қолданылады?

  157. Йод пен күміс нитраты әрекеттескенде қандай заттар түзіледі?

  158. Келесі реакция теңдеуін аяқта 2KCl+I2

  159. Йодсутегі концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде қандай қосылыстар түзіледі, егер күкірт ең төмен тотығу дәрежеге аусса?

  160. Берілген қосылыстарды тотықсыздандырғыш қасиеттері арту бойынша орналастыр?

  161. 11,2 л Br2 KI әрекеттескенде неше грамм KBr түзіледі?


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет