ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химия-1» пәні


Дәріс материалын оқығаннан соң студент білуі керек



бет4/6
Дата21.06.2016
өлшемі464.5 Kb.
#151247
1   2   3   4   5   6

Дәріс материалын оқығаннан соң студент білуі керек:

1.Металдарды алу;

2.Металдардың химиялық қасиеттерін;

3.Қосылыстарының химиялық қасиеттерін және қолданылуын.

4.Элеменнтердің комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Жалпы сипаттамалары ;

2.Табиғатта кездесуі, алу, қасиеттері

3. Оксидтері, гидроксидтері, алу, қасиеттері, қолданылуы

4.Тұздары, алу, қасиеттері, гидролизі
Дәріс 15 II A топша элементтері
1.II A топша элементтері . Жалпы сипаттамалары 2.Берилий қосылыстарының қасиеттері, оксидтері, гидроксидтері .

3.Сілтілік-жер металдары, қасиеттері, алу, қолданылуы

4 Be )2 )2 1s22s22p ↑↓ □□□ →↑ ↑ □□ промотталады (электронның басқа орбитаға өтуі) max. коваленттілік –IV: 2 алмасу механизмі бойынша, 2-донорлы-акцепторлық механизм бойынша Be→Al диагоналдық ұқсастық бар.

Кездесу: Be жер қойнауында аз. BeО× Al2О3 – хризоберилл. Be3Al2(Si6O18)-берилл. Табиғи қосылыстарды BeF2 не BeCl2 айналдырып, BeF2 + Mg→Be+ MgCl2 магнийтермиялық әдіспен алады.

BeCl2(NaCl қоспасымен, балқу температурасын төмендету үшін қосады) → эл-з Be+ Cl2 Физикалық және химиялық қасиеттері : Be-диамагнетик. 2s2 Be беті (Al сияқты) оксидпен жабылып тұрады. Е0Ве2+/Ве = -1,7В болса, Е0Al3+/Al = -1,67В өте жақын, сондықтан қасиеттері де ұқсас Be, Al – амфотерлі. Be+Н+ (ОН-)→ қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. Be+Г2→ ВеГ2 галогенидтер; Be+О2→ оксид бериллийдің;



Қосылыстары: BeO 1) Be(OH)2→ ВеО + Н2О

2)BeNO3→ ВеО + NO2 + O2

3) (BeOH)2CO3→ BeO + H2O + CO2

Be(OH)2↓+2NaOH→Na2[Be(OH)4] гидроксоқосылыс.

Be(OH)2↓+2HCl→ [Be(H2O)2]Cl2 аквақосылыс.

Be(OH)2 – негіздік қасиеті жоғарырақ.



Қолданылу: Be – атомдық техникада (отражатели, замедлители и источники нейтронов, в авиации, ракетотехнике.).

12Mg )2 )8 )2 …3s23p, иондану энергиясы бериллийге қарағанда аз, Mg–де қосылыс түзгіш, тірі организмде, мысалы, хлорофилл.

Кездесу: Силикаттар, хлоридтер, карбонаттар, сульфаттар.

АЛУ: MgCl2 балқыма эл-з Mg+ Cl2.

MgCO3- магнезит, CaCO3×MgCO3 -доломит, KCl×MgCl2×6H2O – карналлит.

Mg–парамагнитті, активті металл. Mg+H2O→суық жүрмейді;

Mg+H2O→ t0 , ериді, бірақ біраздан соң металдың еруі тоқтайды, себебі беті гидроксидпен жабылады.

Mg+ Н+ → гидрид түзіледі, Mg+HF→ жүрмейді. Mg+OH-→ жүрмейді.

Mg+ауа→ t0 MgO+Mg3N2; Mg+Cl2 t0 MgCI2; Mg+S→ t0 MgS;

Mg+N2 t0 Mg3 N2; MgO Тб=28500C MgO+ауа→Mg(OH)2+MgCO3

MgSO4∙7H2O; сілтілік металлдармен қос тұз түзеді: Ме2SO4 ×MgSO4×6H2O.



Қолдану: Ti, Zr, V, U алу үшін Mg–термия Mg–ға Al, Zn, Mn қосылған «электрон» деген балқыма (сплав) ең жеңіл конструкционды материал, берік, ракета, авиация, автомобиль құрылысында колданылады.

Сілтілік жер металлдар
20 Ca )2 )8 )8 )2 …3s23p63d4s2

56Ba )2 )8 )18 )18 )8 )2 …5s25p65d6s2

38Sr )2 )8 )18 )8 )2 …4s24p64d5s2

IA және Ca, Ba, Sr қасиеттері ұқсас, қосылыс түзбейді. Са – жер қыртысында 5- орында O2, Si, Al, Fe, Ca. CaCO3-кальцит, мрамор, ізбес. SrSO4- целестин. BaSO4 –ауыр шпат.



АЛУ: МеO+ Al→ Al2O3+Ме алюмотермия.

CaCl2 балқыма ® Ca+Cl2 - электролиз.

Me+H2O, H+ → Ме(ОН)2 + Н2;

Me+O2, Г2→ МеО, МеГ2; Ме+N2, S, H2 t0 нитрид,сульфид, гидрид.



МеO MeCO3 t0 МеO+ CO2; Ме(NO3)2→ МеO+2NO2+1/2O2.

МеO+ H2O→ Ме(OH)2 +Q. Ме(OH)2 – күшті негіздер Ca(OH)2→Sr(OH)2→Ba(OH)2 ерігіштігі артады.

Me+O2 t0 MeO2 пероксид түзеді (Be, Mg- пероксид түзбейді)

MeO2 – күшті тотықтырғыш, пероксидтер. MeF2 суда ерімейді,қалған MeГ2 суда жақсы ериді. Me+H2→ MeH2 - тотықсыздандырғыш, MeH2+2H2O→ Ме(OH)2 +2H2; Me+S→MeS; CaSO4+2C→CaS+2CO2 2|C-4e-→C4+



|S6++8e-→S2- 2MeS+2H2O↔Me(HS)2 +Me(OH)2 - еритін тұздарының гидролизі. CaO+3C→ CaC2+CO, кальций карбиді. CaSO4→SrSO4→BaSO4 ерігіштігі азаяды.

CaSO4 ×2H2O- гипс; Ca(NO3)2×4H2O; Si(NO3)2×4H2O; Ba(NO3)2

Mg2+, Ca2+ тұздары суды «кермектейді». Уақытша Ca(HCO3)2,

Mg(HCO3)2 t0 МеСО3 ¯ + Н2 О + СО2; тұрақты кермектік CaSO4, CaCl2, MgSO4 тұздары әсерінен болады, оны кетіру үшін соды қосады:



MgCl2+Na2CO3→ MgCO3 ¯ + 2NaCI; Ca-термия әдісі арқылы d-металлдарын, ванадийді, лантаноидтарды алады. Мына реакция арқылы ацетилен алады: CaC2+H2O→Ca(OH)2+C2H2

Дәріс материалын оқығаннан соң студент білуі керек:

1.Металдарды алу;

2.Металдардың химиялық қасиеттерін;

3.Қосылыстарының химиялық қасиеттерін және қолданылуын.

4.Элеменнтердің комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Табиғатта кездесетін қосылыстары

2. Металдарды алу, қасиеттері, қолданылуы

3. Қосылыстары, қасиеттері

Практикалық сабақтар мен БОӨЖ орындауға арналған тапсырмалары
ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ d – ЭЛЕМЕНТТЕРІ

VIII В топша элементтері


  1. Балқытқан кезде жүретін мына реакциялар теңдеулерін аяқтау қажет: а) Fe2O3+KNO3+KOH→…; б) Fe2O3+KClO3+KOH→…

  2. Күкірт қышқылы ортасында K2FeO4 және калий иодиді арасында жүретін реакция теңдеуін жазу керек.

  3. Na2CO3 ерітіндісін а) темір (II) сульфаты ерітіндісіне: б) темір (III) сульфаты ерітіндісіне қосқанда қандай процесс жүреді? Реакциялар нәтижесі неге әр түрлі? Реакциялар теңдеулерін жазу керек.

  4. 1т 24%-ті K4[Fe(CN)6] ерітіндісін тотықтыру үшін хлордың (00С және 101,3кПа) қандай көлемі қажет?

  5. Аз еритін судағы темір (II) карбонаты ерітіндісі а) оны көміртегі диоксидімен қанықтырғанда; б) ауада тұрғанда қандай құбылыс болатындығын реакция теңдеулерімен көрсету керек.

  6. Ішкі сфераны нитрит-ионымен біртіндеп ауыстырып [Co(NH3)6]Cl3 комплексінің К3 [Co(NО2)6] комплексіне өтуінің қатарын көрсету қажет.

  7. Көмір (II) оксидімен темір, кобальт, никель қандай қосылыстар түзеді? Зарядсыз темір, кобальт, никель атомдарының электрондық структурасына сүйеніп, бұл қосылыстар құрамының әр түрлі болатындығын түсіндіру қажет.

  8. Стандартты электродтық потенциалдар мәніне сүйеніп, мына тотықсыздандырғыштардың а)Zn; б)Ni; в) H2S қайсылары (қайсысы) Fe2O3 оксидін бос металға дейін тотықтырады?

  9. Домна пешінің әр түрлі бөлігінде жүретін химиялық процестерді көрсету керек. Болат өндірісінде кенге не үшін кальций карбонаты қосылады?

  10. 10 мл FeSO4 ерітіндісіндегі темір (III) –ке дейін тотықтырылған, сосын гидроксид күйінде тұнбаға түскен. Тұнбаны қақтаған соң , оның массасы 0,4132 г болды. Алғашқы ерітіндідегі FeSO4 тұзының молярлы концентрациясын есептеу керек. Жауабы: 0,26 моль/л.

  11. Мына қатарда Fe(II)-Co(II)-Ni(II) тотығуға тұрақтылығы қалай өзгереді? Ал мына қатарда Fe(III)-Co(III)-Ni(III) тотықтырғыш қабілеттілігі қалай өзгереді?

  12. VIII В топ элементтерінің горизонталь немесе вертикаль қатарлары

қалай бөлінеді? Қай элементтің тотығу дәрежесі топ нөмеріне сәйкес

келеді? Платинаны қандай еріткішпен ерітеді? Теңдеуін жазу керек.

Платина (II) және (IV) үшін координациялық сан нешеге тең?


  1. Fe,Co,Ni стандартты электродтық потенциалдар қатарында қай орында?

Осы металдардың қышқылдарға қатынасы. Темір қандай жағдайда және

қай қышқылдармен пассивтеледі? Бұл құбылысты түсіндіру керек.



  1. Fe,Co,Ni табиғатта көбінесе қандай қосылыстар күйінде кездеседі?

Химиялық таза металдарды қалай алады? Темір карбонилі қандай

жағдайларда түзіледі? Fe,Co,Ni металдар үшін қандай тотығу

дәрежелері белгілі.


  1. Темір (II, III) оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттері

бірдей ме? Олардың тұздары гидролизге қалай ұшырайды? FeCl3

ерітіндісі гидролиз әсерінен сары-қоңыр түске боялады, қыздырған

кезде ерітінді түсі қоюланады, ал қышқыл қосса, ашықтанады. Неге?

VII В топша элементтері


  1. Марганец топшасы және галогендер атомдарының құрлысындағы

айырмашылықты көрсету керек. Қай тотығу дәрежесінде бұл

элементтердің қасиеттерінде ең жақын ұқсастықты көруге болады?



  1. Массасы 7,60 г FeSO4 бейтарап және қышқыл ерітінділерде тотығуы үшін қажет калий перманганатының массасын есептеу керек. Жауабы:2,63г; 1,58г

  2. Марганец қосылысының а) тотықтырғыш; б) тотықсыздандырғыш; в) тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алатындығын көрсететін реакциялар теңдеулерін жазу керек.

  3. Мына реакциялар теңдеулерін анықтау керек: а)KMnO4+K2SO3+H2SO4→ б) KMnO4+K2SO3+KOH → в)KMnO4+K2SO3+H2O→

  4. Бір мезгілде мына иондар болатын ерітінділерді дайындауға бола ма: Sn2+ және Hg2+; Sn2+ және Fe3+; SO32- және MnO4-; Cr2O7 2- және SO4 2-? Қай иондар тобы бірге бола алмайды және неге?

  5. Калий перманганатының термиялық айрылу реакциясының теңдеуін жазу керек. Бұл реакция тотығу-тотықсыздану реакциясының қай типіне жатады?

  6. Күкірт қышқыл ерітіндісінде 40мл 0,12н KMnO4 ерітіндісі неше грамм FeSO4 7H2O тұзын тотықтыра алады? Жауабы: 1,334 г

  7. Металл рений алу үшін KReO4 немесе NH4ReO4 тұздарын сутегі қатысында қыздырады, екінші жағдайында азот бөлінеді, реакция теңдеулерін жазу керек.

  8. Тұз қышқылы 1 кг MnO2 оксидімен әрекеттескенде хлордың қанша көлемі (170С және 99,3 кПа) бөлінеді? Жауабы: 279 л

  9. 87% MnO2 оксиді бар 100 кг пиролюзиттен K2MnO4 тұзының қанша мөлшерін алуға болады? Оның шығымы 60% -ті құрайды. Осы алынған K2MnO4 мөлшерін KMnO4 тұзына дейін тотықтыру үшін 1000 А тоқты неше сағат өткізуге болады? Жауабы: 118,2 кг; 16,1 сағ.

  10. Рений қышқылын алу үшін азот қышқылында ренийді ерітеді, реакция теңдеуін жазу керек.

  11. Рений (VII) оксиді, рений қышқылы және калий перренаты қасиеттерін марганецтің сәйкес қосылыстарымен салыстыру керек. Кернеу қатарында Mn, Te, Re қалай орналасқан? Қышқылдармен қалай реакцияға түседі? Бұл элементтердің тотығу дәрежесі өскен сайын оксидтертері мен гидроксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді?

  12. KMnO4 қосылысынан оттегі алу реакциясының теңдеуін жазу керек. KMnO4 және MnSO4 ерітінділері арасында жүретін диспропорциялану реакциясының теңдеуі. [MnCl6]2- және [CrCl6]3- комплекстерінің магниттік қасиеттері неге бірдей?

  13. Құрамында 12% қоспасы бар 4,35 кг техникалық MnO2 қосылысынан K2MnO4 алу үшін калий селитрасының қанша массасы жұмсалады? Жауабы: 4,45 кг


VI B топша элементтері


  1. Хром, молибден және вольфрам периодтық жүйенің VI тобында орналасуын түсіндіру керек. VI B және VI А топша элементтеріндегі ұқсастықты көрсету керек.

  2. Хромның қасиеттерін: а) атом құрылысы мен периодтық жүйеде орналасуына байланысты; б)хромның ауаға, суға және қышқылдарға қатысты; в) оксидтері мен гидроксидтерінің құрамы мен сипатын көрсету қажет.

  3. Хром (VI) қосылыстарының тотықтырғыш қасиеті қандай ортада (қышқыл орта да әлде сілтілік орта да) көбірек көрінеді? Хром (Ш) қосылыстарының тотықсыздандырғыш қасиеттері ше? Осы жағдайларды түсіндіру керек.

  4. 1 кг ашудас (квасцы) алу үшін K2Cr2O7 массасын есептеу керек. Жауабы 294,7г.

  5. Мына өзгерістерді Cr2O3 → K2CrO4 → K2Cr2O7 → Cr2 (SO4 )3 → K3 [Cr(OH)6] қалай жүргізеді?

  6. 500 мл K2Cr2O7 ерітіндісін күкірт қышқылы қатысында тотықсыздандыру үшін 560 мл H2S (0 0C және 101,3кПа) жеткілікті болса, осы ерітіндінің нормальды концентрациясы қанша болғаны? Жауабы: 0,1 н

  7. VI топтың d-және р-элементтер атомдарындағы электрондардың конфигурациясын көрсету керек. Олардың мына қасиеттері сәйкес келе ме: а)валенттілік электрондар сандары; б) валенттілік АО сандары; в) максимал тотығу дәрежесі?

  8. Стандартты электродтық потенциалдар мәндері Cr, Мо, W элементтерінің қышқылдарға қатынасын қалай анықтайды?

  9. Вольфрамның а) ыстық балқытқыш және азот қышқылдары қоспасымен; б) тотықтырғыш қатысында сілтімен, мысалы NaNO2 балқытқан кездегі жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек. Na2CO3 пен Fe(CrO2)2 қосылыстарын ауада балқытқанда натрий хроматының алу реакциясының теңдеуін жазу керек.

  10. Аквакомплекстер [Cr(H2O)6] 2+ және [Cr(H2O)6] 3+ түстері қандай? CrСl36H2O қосылысы жағдайларға байланысты ерітінділер түсі күлгін, ашық жасыл және қою жасыл түсті болады?

  11. Мына реакцияларды аяқтау керек: а) CrSO4 + O2+H2SO4 → б)CrCl2+O2+HCl→ в) CrSO4 + O2+H2O→ г) [Cr(H2O)6]2+ +O2

  12. Аммоний дихроматы мен аммоний вольфроматы термиялық айрылғанда қандай оксидтер алынады? Неге реакцияларда айырмашылық бар?

  13. Хром (Ш) тұздары ерітіндісіне сульфид-немесе карбонат-иондарын қосқанда құрамдары бірдей тұнбалар түседі. Неге? Хром (Ш) гидроксидінің тұнбасы неге сілтінің артық мөлшерінде ериді, сосын сұйылтқанда немесе ерітіндіні қайнатқанда қайтадан неге тұнба түзіледі?

  14. Сулы ортада хромат- пен дихромат-иондары қандай тепе-теңдік жүйе түзеді? Қышқыл не сілті қосқанда тепе-теңдік қалай ығысады? Барий тұздары ерітіндісіне K2Cr2O7 қосқанда неге BaCrO4 тұнбасы түзіледі?

  15. Егер сулы ортада мына иондар NO2-, Cr2O7 2-, H+, NO3 - болса, олардың арасында реакция жүруі мүмкін бе?

  16. Мына оксидтердің CrO3, MoO3, WO3 қайсысы а)суда ериді; б) қыздырғанда айрылады және в) күшті тотықтырғыш болады? Мына қышқылдардың H2CrO4, H2MoO4 , H2WO4 қайсысы ақ ұнтақ күйінде не тек ерітіндіде бос күйінде болады?

  17. Хромның изополиқышқылдарының жалпы формуласын жазу керек. Олар қандай ортада түзіледі? 2 және 3 хром атомы бар полиқышқылдарының графикалық формулаларын жазыңдар.

  18. 200 мл 0,1 моль/л [Cr(H2O)5Cl]Cl2 ерітіндісінен хлорид-иондарын тұнбаға түсіру үшін қанша күміс нитраты қажет? Жауабы: 6,8 г.

  19. 5,6 л (қ.ж.) хлор КCr(SO4)2 ерітіндісімен әрекеттесу үшін концентрациясы 2 моль/л КОН ерітіндісінің қанша көлемі жұмсалады? Жауабы: 667 мл.

  20. 200 г хром (Ш) сульфатымен әрекеттесуге концентрациясы 2 моль/л КОН ерітіндісінен қанша көлем және 3%-ті Н2О2 (ρ=1) ерітіндісінен қанша көлем қажет болады? Жауабы: 2,55 және 1,73 л

  21. K2Cr2O7 ерітіндісінің эквивалентінің молярлы концентрациясы 0,25 моль/л. Қышқыл ортада (қандай қышқыл) иодид-ионы мөлшері 0,01 моль болатын KI ерітіндісімен әрекеттесу үшін K2Cr2O7 ерітіндісінің қандай көлемі қажет? Жауабы: 40 мл.

  22. Көлемдері бірдей және концентрациялары 0,01 моль/л болатын K2CrO4 және BaCl2 ерітінділерін араластырса, тұнба түзіледі ме? Жауабы: иә.


VB, IVB және III B топша элементтері


  1. Ванадий топшасының элементтерінің қасиеттерін а) V топтың негізгі топша элементтерімен; б) титан топшасы элементтерімен; в) хром топшасы элементтерімен салыстыру керек.

  2. Мына иондардағы VO+, VO2+, VO4 3-, VO3-, VO3+, VO2-, VO2+, V4O9 2- ванадийдің тотығу дәрежелерін анықтау керек.

  3. V2O5 оксидін оттегі қатысында NaCl тұзымен балқытқанда хлор бөлінеді және натрий ванадаты түзіледі. Реакция теңдеуін жазу керек.

  4. Суық жағдайында натрий ортованадаты гидролизі кезінде пированадат түзілсе, қыздырғанда – натрий метаванадаты түзіледі. Бұл реакцияларды ионды - молекулалық түрінде жазу керек.

  5. (NH4)2S және NH4NO3 ерітінділері әрекеттескенде аммоний тиометаванадаты түзіледі, егер бұл қосылысқа НCl қышқылымен әсер етсе, ол айрылып, аз еритін тиоангидрид түзіледі. Реакция теңдеулерін жазу керек.

  6. Сұйытылған диоксониобий (V) сульфатын қайнатса, ол гидролизге ұшырайды, реакция теңдеуін жазу керек.

  7. Калий танталатын (КТаО3) танталдың қай қосылысынан және оған қандай реагентпен әсер етіп алуға болады?

  8. Сұйытылған азот қышқылымен Pb2O3 және Pb3O4 оксидтеріне әсер етсе, екі жағдайда да PbO2 түзіледі. Бұл реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциялары ма? Реакция нәтижесінде түзілген зат бойынша Pb2O3 және Pb3O4 оксидтер құрылысы туралы қорытынды жасау керек.

  9. Титан топшасы элементтерінің қайсысы НCl және сұйытылған Н2SO4 қышқылдарында ериді? Алынған қосылыстардағы металдың тотығу дәрежесі қандай?

  10. Титан топшасындағы 3 металл да балқытқыш қышқылда, патша арағында, әсіресе HNO3 пен HF қоспасында ериді. Реакциялар теңдеулерін жазып, бұл жағдайларда HF функциясын көрсету керек.

  11. Цирконий және гафнийдің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттеріндегі өте үлкен ұқсастықтарды қалай түсіндіруге болады?

  12. Титан концентрлі азот қышқылымен қалайы сияқты, сілтілер ерітіндісімен кремний сияқты әрекеттеседі, реакция теңдеулерін жазу керек.

  13. Титан (Ш) қосылыстарының қасиеттері қандай? Мына реакциялар теңдеулерін аяқтау керек: а)TiCl3+FeCl3→… б) TiCl3+ K2Cr2O7+ НCl сұйыт. →.... в) TiCl322О→....; г) Ti2(SO4)3 +KMnO4 +H2SO4 →…

  14. Оксотитан (IV) сульфаты мен оксоцирконий (IV) хлоридтерінің графикалық формуласын жазу керек.

  15. Егер ZrCl4 тұзына біраз (NH4)2CrO4 қосса, ақ тұнба түзіледі, ал егер оның артық мөлшерін қосса, тұнба ериді, реакция теңдеулерін жазу керек.

  16. Периодтық жүйенің III тобының d -элементтер атомдарының электрондық формуласын жазу керек.

  17. III топтың d- элементтерінің электрондық потенциалдары бойынша олардың қышқылдарға қатынасын көрсету керек, бұл элементтер өте сұйық азот қышқылындағы азоттың тотығу дәрежесін ең төменгі мәніне дейін жеткізеді. Бұл реакцияның теңдеулерін ионды-молекулалық және молекулалық түрде жазу керек.

  18. Гидроксидтердің қышқыл-негіздік қасиеттері және ерігіштігі скандийден актинийге қарай қалай өзгереді? Скандий топшасы элементтерінің қос тұздарына мысал келтіру керек.

II B және I B топша элементтері


  1. d –элементтер периодтық жүйеде қай топтарда және қай топшаларда орналасқан? Қай элементтердің жоғарғы тотығу дәрежесі топ номеріне сәйкес келеді, қайсыларыныкі сәйкес келмейді?

  2. I топтың d –элементтері атомдарының жалпы сипаттамасын атомдардың электрондық құрылысы тұрғысынан түсіндіру керек. Бұл элементтер үшін электронның «құлау» эффектісін қалай түсіндіруге болады? Неге күмістің +1 тотығу дәрежесі ерекше тұрақты?

  3. I-ші топтың бір периодында орналасқан d –және s- элементтер атомдарының құрылысы мен радиустарын салыстырып, олардың қасиеттерінің айырмашылығын түсіндіру керек.

  4. Күміс пен алтынды өндірісте цианид әдісімен алу d –элементтеріне тән қандай қасиеттерге негізделген? Реакциялар теңдеуін жазу керек.

  5. Реакция теңдеулерімен: а) мыстың азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесуін; б) күмістің азот қышқылымен әрекеттесуін; в) алтынның «патша арағымен» әрекеттесуін көрсету керек.

  6. Қандай процесс әсерінен мыс ауада жасылтым қабыршықпен, күміс қара қабыршықпен жабылады? Металл беттерін қалай тазартады?

  7. Мыс (I) және мыс (ІІ) оксидтері мен гидроксидтері қандай қасиеттермен сипатталады? Сусыз мыс (ІІ) сульфаты арқылы сұйық заттарда, мысалы, бензинде судың барлығын не жоқ екендігін анықтайды, қалай?

  8. Сілтілік ортада мыс (ІІ) тұздарының ерітіндісі формальдегидпен әрекеттескенде натрий формиаты және қызыл мыс (I) оксиді Си2О түзіледі, реакция теңдеуін жазып, бұл реакцияның практикада қолданылуын айту керек.

  9. Мыс (I) және күміс (I) металдарының ерімейтін тұздары а) аммиак ерітіндісінде; б) галоген сутек қышқылдарының концентрлі ерітінділерінде немесе сілтілік металдардың галогенидтерінде ериді, неге ? Оларды мына мысалдармен көрсетіңдер: CuCl+HCl→; AgI+NaJ→; AgCl+KCl→ ;

  10. 0,1 моль/л Na[Cu(CN)2] және K[Ag(CN)2] тұздары ерітінділеріндегі Cu+ және Ag+ иондарының концентрацияларын анықтау керек. Комплекс-иондардың [Cu(CN)2]- және [Ag(CN)2]- тұрақсыздық константалары 110-24 және 110-21 сәйкесінше.

  11. Күміс иондарының бактерицидті әрекеті неге негізделген? Неге күміс қосылыстарын қоңыр шыныларда сақтайды? Күміс галогенидтерінің фотосуретте қолданылуы оның қандай қасиетіне негізделген? Күміс галогенидтерінің натрий тиосульфатымен реакциясы фотосуретте қандай қолданыс табады?

  12. AgCl және AgI тұнбалары аммиак ерітіндісін қосқанда неге олар өздерін әр түрлі ұстайды?

  13. Мыс (ІІ) сульфаты және күміс (I) нитраты ерітінділерінің а)мыс б) платина электродтарында жүретін электролиз процесін жазу керек.

  14. 1,6645 г жез сынамасын анализдегенде 1,3466 г Cu(SCN)2 және 0,0840 г SnO2 алынды. Анализденетін сынамадағы мыстың, қалайының және мырыштың массалық үлестерін санау керек. Жауабы, %: мыс-28,77; қалайы-3,98; мырыш- 67,25.

  15. Егер AuСІ3 ерітіндісімен H2S әрекеттескенде Au2S тұнбасы түзілсе, Au(Ш) қандай қасиет көрсетеді? Реакция теңдеуін жазу керек. AuCl3 гидролизге ұшырағанда H2[AuOCl3] қоңыр-қызыл түсті қышқыл түзіледі, егер тұз қышқылын қосса, ерітінді түсі сары болады. Теңдеулерді жазып, түсіндіру керек.

  16. 0,5 л ерітінді дайындауға кеткен CuSO4 ерітіндісінің молярлы концентрациясын және CuSO4 5 H2O массасын мына мәндер бойынша анықтау керек: 0,1 моль/л концентрациялы 25 мл ерітіндісі 50 мл KI ерітіндісінен (титрлеу арқылы) бос иодты бөліп шығарады. Жауабы: 0,05 моль/л

  17. Мыс пен тағы бір екі валентті металдың балқымасына тұз қышқылымен әсер еткенде 276 мл (қ.ж.) сутегі бөлінген. Балқыманың қалған бөлігі концентрлі күкірт қышқылында ерітілгенде бөлінген газды жұтуға концентрациясы 2 моль/л 18,75 мл NaOH жұмсалған. Екінші металды және оның балқымадағы массалық үлесін анықтау керек. Жауабы: Zn, 40%.

  18. 24 г мысты еріту үшін 8% азот қышқылы ерітіндісінің қанша көлемі жұмсалады? Бұл жағдайда бөлінген NО (қ.ж.) көлемін анықтау керек. Жауабы: 754 мл; 5,6 л.

  19. 25 мл CuCl2 ерітіндісі 0,3173 г иодты KJ ерітіндісінен ығыстырған болса, CuCl2 ерітіндісінің молярлығы нешеге тең? Тотықтырғыш ретінде CuCl2 ерітіндісінің нормальдығы қанша? Жауабы: 0,1 М және 0,1н.

  20. 1 т қос тұз - мыстың арсениті мен ацетаты – 3 Cu(AsO2)2(CH3COO)2 түзілуі үшін қанша As2O2 және мыс (ІІ) купоросы CuSO4 5 H2O қажет? Жауабы: 585,5 кг; 985 кг

  21. Мына реакциялар теңдеулерін аяқтау керек: а) Au + HCl + HNO3→ … ; б) Au +KCN +H2O+O2 →….

  22. ІІ топ d-элементтерінің жалпы сипаттамасы. Бұл элементтер атомдарының (n-1) d10 электрондық конфигурацияларының тұрақтылығы қалай көрінеді?

  23. Сынаптың 6s2 жоғары тұрақтылықтағы электрондық конфигурациясына негізделген қандай қасиеттері мырыш пен кадмий қасиеттерінен айырмашылық көрсетеді?

  24. Кернеу қатарында Zn, Cd, Hg қай жерде орналасқан? Кадмий мырыш пен сынапты оларды тұздарының ерітінділерінен ығыстыра ала ма? Олардың қышқыл және сілті ерітінділеріне қатынастырын көрсету керек.

  25. Zn2+, Cd2+, Hg2+ иондарының тотықтырғыш қасиеттері а) Н+ ионымен салыстырғанда; б) осы элементтердің жай заттар ретінде тотықсыздандырғыштық қасиеттері газ тәріздес сутегімен салыстырғанда әлсізірек немесе күштірек көріне ме? Неге?

  26. Мырыш азот қышқылының концентрациясы азайған сайын оны қандай өнімдерге дейін тотықсыздандырады? Осы реакциялардың электронды-иондық және молекулалық теңдеулерін жазу керек.

  27. Сынаптың еру процесіндегі айырмашылық: а) егер HNO3 артық мөлшерде болса; б) сынап артық мөлшерде болса, реакция теңдеулерін жазу керек. Екі атомды топ –Hg - Hg- түзілу себебін түсіндіру керек.

  28. Мырыш және кадмий гидроксидтері сілтілермен, аммиактің судағы ерітіндісімен қалай әрекеттеседі? Теңдеулерін жазу керек. ZnCl2 ерітіндісі арқылы H2S өткізгенде ZnS толық тұнбаға түспейді. Неге? ZnS тұнбасы толық түсу үшін қандай реагент қосу керек?

  29. Сынап (I) нитратын металдың артық мөлшерін сұйытылған азот қышқылында еріту арқылы алады. Егер молярлы қатынастары 1 Hg:1,19 HNO3 болса, 1 кг сынапты еріту үшін неше метр 25% - ті (ρ=1,15) азот қышқылы қажет? Жауабы: 1,3 л.

  30. Zn(NO3)2 және ZnSО4 тұздарының гидролиз теңдеулерін жазу керек, реакция ортасын көрсету керек.

  31. Ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) мәндерін пайдаланып, ZnS және CdS тұздарының HCl ерітіндісіне қатынасын түсіндіру керек. Ерітіндідегі Cd2+ және Zn2+ иондарын бөлудің екі түрлі әдісін ұсыну қажет.

  32. Амальгама деген не? Амальгамадағы маталдардың химиялық қасиеттері өзгере ме? Натрий амальгамасы сумен қалай әрекеттеседі, неге оны металл натрий орнына тотықсыздандырғыш ретінде қолданады?

  33. Сынаптың қандай қосылыстары сулема, каломель, киноварь деп аталады? Каломельдің Cl2 және SnCl2 заттарымен әрекеттескендегі тотығу-тотықсыздану мүмкіндіктерін көрсету керек. Hg22+ қосылыстарына тән диспропорциялану реакцияларына мысалдар келтіру керек.

  34. Массасы 9,9 г Zn(ОН)2 толық еруі үшін концентрациясы 2 моль/л NaOH ерітіндісінің қанша көлемі қажет? Жауабы: 100 мл

  35. Мырыш 5,2 г 8% азот қышқылымен әрекеттескенде қанша көлем (қ.ж.) аммиак бөлінеді? Бұл ерітіндінің көлемін және аммиактың бөлінуіне жұмсалған концентрациясы 2 моль/л NaOH ерітіндісінің көлемін есептеу кажет. Жауабы: 0,448 л; 150,9 мл; 10 мл.

  36. Мырыш алдамышынан 260 кг мырыш алу үшін ауаның қандай көлемі жұмсалады (қ.ж.)? Сонда кен құрамындағы мырыш сульфидінің массалық үлесі қанша? Жауабы: 640 м3 , 38,8 %

  37. Zn/ Zn2+ және Cd/ Cd2+ жүйелерінің стандартты электродтық потенциалдар мәні бойынша, кадмий-мырыш гальваникалық элементінде өздігінен қандай реакция жүреді: а) Zn+ Cd2+ = Cd+ Zn2+; б) Cd+ Zn2+= Zn+ Cd2+ ? Егер гальваникалық элементте өздігінен мына процесс Fe+ Cd2+ = Cd+ Fe2+ жүрсе, қай электрод анод: а) Fe; б) Cd болады?

  38. Мына реакциялар теңдеуін аяқтау қажет:

а) Hg2Cl2+HCl+HNO3→ ….

б) НgS+HCl+HNO3 → ….



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет