ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химия-2» пәні


ОРТОБОР (БОР) ҚЫШҚЫЛЫН АЛУ



бет7/7
Дата15.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#136853
1   2   3   4   5   6   7

ОРТОБОР (БОР) ҚЫШҚЫЛЫН АЛУ
Пробиркаға 5-6 тамшы ыстық қаныққан бура ерітіндісін құйып, оған 2-3 тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызу керек. Сонда өте тез арада бор қышқылының тұнбасы пайда болады. Жүрген реакция теңдеуін жазып, натрий тетраборатының қай қышқылдың тұз екендігін айту керек.

НАТРИЙ ТЕТРАБОРАТЫНЫҢ ГИДРЛИЗІ

Пробиркаға 5-6 тамшы лакмус ерітіндісін құйып, натрий тетрабораты ерітіндісінен 3-5 тамшы тамызып, лакмус түсінің өзгергенін байқаңдар. Натрий тетраборатының сатылап жүрген гидролиз процесінің теңдеулерін жазыңдар: гидролиздің І сатысында ортобор қышқылы мен натрий метабораты түзіледі, ІІ сатыда – ортобор қышқылы мен натрий гидроксиді түзіледі.


АЗ ЕРИТІН БОРАТТАР АЛУ
Үш пробиркаға 3-5 тамшыдан натрий тетраборатының қанық ерітіндісін құйып, бірнеше тамшыдан мына тұздар ерітінділерінен тамызыңдар: І – күміс нитратын; ІІ – мыс сульфатын; ІІІ – алюминий сульфатын. Түзілген тұнба түстерін жазыңдар. Барлық реакцияларда су қатысатынын есте ұстаңдар, үш жағдайда да бор қышқылы түзіледі және күмістің метабораты, мыстың гидроксометабораты, алюминий гидроксиді түзіледі. Реакциялар теңдеулерін жазып, неге осындай заттардың түзілгенін түсіндіріңдер.


АЛЮМИНИЙДІҢ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ
Үш пробиркаға 4-5 см3тұз қышқылының, күкірт және азот қышқылдарының ерітінділерін және үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылының ерітінділерін құйыңдар. Әр пробиркаға алюминий фольгасын салыңдар. Суық күйінде барлық пробиркада да реакция жүре ме? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Нені байқадыңдар? Реакциялар теңдеуін жазыңдар. Сұйытылған азот қышқылымен алюминий әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Сұйытылған күкірт, тұз қышқылымен әрекеттескенде ше? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қыздырған кезде концентрлі азот қышқылы азот диоксидіне дейін, концентрлі күкірт қышқылы бос күкіртке дейін (қыздырғанда) суық күйінде күкіртті газға дейін тотықсызданады. Тұз қышқылының концентрациясы оның алюминиймен әрекеттесуіне әсері бар ма?
АЛЮМИНИЙДІҢ СУЛЫ ЕРІТІНДІДЕ ЕРУІ
Алюминий фольгасын пробиркаға салып, үстіне 3-4 см3 су құйыңдар. Пробирканы су моншасында қыздырыңдар. Сутегі бөліне ме? Пробиркаға 4-5 см3 2 н натрий гидроксидін құйыңдар: Сутегі жақсы бөлінеді. Реакция мына кесте бойынша жүреді: Al2O3+NaOH + H2O → Na3[Al(OH)6]

Al + H2O → Al(OH)3 + H2

Al(OH)3 + NaOH → Na3[Al(OH)6]

Бұл реакциялардағы коэффициенттерді қойыңдар.


АЛЮМИНИЙ ГИДРОКСИДІ, ОНЫ АЛУ, ҚАСИЕТТЕРІ
Екі пробиркаға 2-3 см3 алюминий тұзының ерітіндісін құйып, оған 2-3 см3 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тұнба түскенге дейін құйыңдар. Бір пробиркадағы тұнбаға 3-4 см3 2 н тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар, екіншісіне сонша 2н натрий гидроксидін құйыңдар.

Екі пробиркадан да нені байқадыңдар? Алюминий гидроксидінің қасиеті туралы қорытынды жасаңдар. Алюминий гидроксидін алу реакциясының және оның тұз қышқылы мен натрий гидроксидімен әрекетесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Al(OH)6]3- комплекс анионы түзіледі. Алюминий гидроксидінің диссоциациясының тепе-теңдігінің кестесін жазыңдар. Al3+ және [Al(OH)6]3- иондарының концентрациясы қышқыл құйғаннан, сілті құйғаннан қалай өзгереді?


АЛЮМИНИЙ СУЛЬФИДІНІҢ ГИДРОЛИЗІ

Пробиркаға бірнеше алюминий сульфидінің кристалдарын салып, 5-8 см3 су құйыңдар. Газ шыққанын байқаңдар. Газды иісі арқылы ол қандай газ екенін анықтаңдар. Алюминийдің қандай қосылысы пайда болады? Алюминийдің сульфидінің сумен әрекеттескендегі реакциясының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. Гидролиз неге аяғына дейін жүргенін түсіндіріңдер.



Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:

1.60 г магний оксидін алюминий оксидімен балқытқанда Mg(AlO2)2 шпинелі түзілген. Реакцияға түскен алюминий оксидінің массасын есептеңдер. Жауабы: 153 г.

2.Калий карбонатын алюминий оксидімен балқытқанда 39,8% К, 32,65% О2, 27,55% Al тұратын тұз түзілген. Алынған қосылыстың формуласын табыңдар. Жауабы: КAlО2.

3.4 г алюминий 8,3 г калий гидроксиді мен 13,3 г сумен әрекеттескенде түзілген тұз массасы мен бөлінген сутегі көлемін есептеңдер. Жауабы: 25,19 г; 5 л.

4.Алюминий тұздарының гидролизі дәрежесіне аниондар табиғаты қалай әсер етеді? Алмасу реакциясы арқылы Al2(CO3)3 тұзы түзілуі мүмкін бе?

5.Натрий тетраборатының сұйытылған сулы ерітіндісінде қандай иондар болады?

6.Ортобор қышқылын біртіндеп қақтағанда қандай заттар түзіледі? Жүрген реакциялар теңдеулерін жазып, алынған заттарды атау керек.

7.Мына заттардың а. боридтердің; б. борандардың; в. бораттардың химиялық құрылысы бойынша қай кластарға жататынын анықтап, формулаларын жазу керек.


Практикалық сабақта және студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар әр тақырыптарға мына оқу құралында берілген:

Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М., Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар - Семей, 2012 - 72-86 беттер.

Осы оқу құралы практикалық сабақтарда студенттердің қолдарында болуы керек!

Білім алушының өздік жұмысына арналған тапсырмалар (әр студент үшін) Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М., Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар, Семей,2012 оқу құралының 95-125 беттерінде берілген және мына тапсырмаларды орындау керек.
1 аптада 1 МБ тапсырмалары
1

1. VII A топтың р-элементтеріне жалпы сипаттама беріп, фтор қасиеттерінің ерекшелігін көрсету керек. Электртерістік мәні бойынша фтор қай орында және қай элемент атомымен қосылысында ең берік иондық байланыс түзеді? Фтор үшін оң тотығу дәрежесі бола ма?

2. Галогендердің және галогенид-иондарының фтордан иодқа қарай тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Мысалдармен көрсету керек.

3.Ковалентті және ионды байланыстарға анықтама беріп, олардың қасиеттерін сипаттау керек. Валенттілік байланыс ( ВБ) әдісі оларды қалай түсіндіреді? Мына молекулалар үшін электронды нүктелік формулаларының кестесін көрсетіңдер: СО2 , РН3 , НОСІ , Н2 SO4 .

4. 1 т NaCl ерітіндісінен электролиздің қандай жағдайларында және қанша масса а) металл Na және газтәріздес хлорды; б) натрий гидроксидін және тұз қышқылын алуға болады, егер бірінші жағдайда тоқ бойынша шығым 95 % , екінші жағдайда - 90% болса. Жауабы а) 373,5 және 576,5 кг; б) 615,6 кг.

2


1. Галогендер сумен және сілтілермен (ыстық және суық жағдайларда) қалай әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін жазу керек.

2. Галогенсутектер молекулаларының диполінің электр моменті мәні қалай өзгереді? Бұл мән бойынша қай қышқыл ең күшті болу керек, бірақ шын мәнінде неге олай емес, түсіндіру керек.

3.Қандай атомдар мен иондар электрондар жұбының доноры , акцепторы болады: BF4 , NH4+ , Н3 О+ ?

4. Егер бір тәулік бойы NaCl ерітіндісін 1050 А тоқ күшімен электролизге түсірсе, 30,5 кг хлор бөлінеді, сонда: а)хлордың тоқ бойынша шығымын; б) бұл кезде бөлінетін NaOH пен Н2 массаларын; в) қанша көлем сутегі (қ.ж.) бөлінетіндігін есептеу керек.

Жауабы а) 91,3 %; б) 34,4 кг; 0,86 кг; в)9,6 м3 .

3

1. Галогенсутектерге: а) қайнау және балқу температурасы; б) термиялық беріктігі; в) тотықсыздандырғыш қасиеттері бойынша сипаттама беру керек.

2. Галогенсутектерді алу әдістерін көрсету керек, HF алу үшін аппаратура қандай материалдардан жасалады? HF қандай ыдыстарда сақталады, неге?

3.ЭТ мәндері бойынша К- СІ , Са – СІ , Ғе – СІ байланыстар үшін мәнін есептеп, қай байланыстың иондылығы жоғары екенін анықтау қажет.

4. Массалық үлесі 24% (ρ=1,2 г/мл) 200 мл KJ ерітіндіде қанша иод ериді? Жауабы 88,1 г.

4
1. Галогендердің табиғаттағы қосылыстары, галогендерді қалай алады?

Фтор және оның қосылыстары қай жерде қолданылады?

2. Тұз қышқылының концентрациясы оның металдармен әрекеттесуіне әсер ете ме? Неге тұз қышқылын басқа қышқылдарды олардың тұздарынан алу үшін қолданбайды? Аз еритін хлоридтерді көрсетіңдер.

3.Мына молекулалардың N2 , O2 , NO қайсысы парамагнитті?

4.Егер 200 мл, концентрациясы 0,1 моль/л AgNO3 ерітіндісіне 2г калий бромидін қосса, қанша күміс бромиді тұнбаға түседі? Жуабы 3,16 г.
5
1. Мына қатар бойынша HOCl-HClO2-HClO3-HClO4 а) беріктілік; б) тотықтырғыш қасиеттері; в) қышқылдық қасиеттері қалай өзгереді? Мына қатар бойынша HOCl-HBr-HOJ қалай қышқылдық және тотығу-тотықсыздану қасиеттері өзгереді?

2. Сілтімен әрекеттескенде а) перхлораттар мен хлораттар; б) хлориттер мен хлораттар беретін хлордың оксидтерін көрсетіп, реакция теңдеулерін жазу керек. Неге хлор оксидтері оттегі мен хлордың тікелей әрекеттесуінен алынбайды? ( ∆G оң ба, теріс пе?).

3.Мына молекулалардың H2 , CO, CN қайсысы парамагнитті?

4. Егер СНJO =0,01 моль/л, КD,НJO = 2,510-11 болса, натрий гипоиодитінің гидролиз дәрежесі қанша? Жауабы 20%.


6
1. Қыздырғанда H5JO6 қалай айрылады? J2O7 оксиді алынған ба? КОН қатысында хлор мен HJO3 әрекеттескендегі ортопериодат түзілу реакциясын жазу керек. HClO4 иодпен әрекеттескенде хлор және метаиод қышқылы түзіледі (теңдеуі), бұл қышқыл ары қарай ортоиод қышқылына айналады (теңдеуі).

2. Неге галогендерден тек иод көп негізді оттекті қышқыл түзе алады? Қай тұзы - орто- не метаиодаттар - тұрақсыздау және қыздырғанда қопарылыспен айрылады?

3.Мына молекулалар СН4 , СО2 , SiF4 , SO2 , H2SiF6 түзілгенде көміртегінің, кремнийдің, күкірттің АО-дарының гибридтелу типін көрсету керек.

4. 200 мл массалық үлесі 30% пероксид ерітіндісі (ρ=1,9 г/мл) кальций перхлоратымен әрекеттескенде, қанша оттегі бөлінеді? Жауабы 10,73 г.


7

1. Мына теңдеулерді аяқтау керек: а. MnSO4+KClO3+KOH→…. , б.NaCrO2+Br2+NaOH→…. , в.Ca(OH)2+Br2+H2O→…. , г.J2+Cl2+H2O→….

2. Fe2+ -ионын Fe3+ -ионына тотықтыру үшін а) бром суын; б) иод суын (J2+KJ) қолдануға бола ма?

3.Байланыстың ұзындығы, энергиясы және беріктігі арасында қандай байланыс бар, мысал келтіру керек.

4. Хлордың қандай көлемін (қ.ж.): а)2 л концентрациясы 5 моль/л ыстық NaOH ерітіндісі; б) суық , массалық үлесі 12 % 0,5 л КОН ерітіндісі жұтады? Жауабы 112 л; 13,2 л.
8


  1. Калий хлоратын қалай алады? Егер оны а) MnO2 катализаторы қатысында қыздырса; б) катализаторсыз орташа және қатты қыздырса, қандай заттар түзілетінін теңдеулер арқылы көрсету керек.

  2. Егер AgNO3 және KClO3 ерітінділерінің бірдей көлемдерін араластырса, AgClO3 тұнбасы пайда бола ма? СAgNO3 =0,1 моль/л; СKClO3 =0,01 моль/л. Ерітінділерді араластырғанда көлемнің өсетінін еске алмау керек.

ЕКAgClO3 = 510-2.

3.Байланыс еселігі деген не және екі өзара байланысатын атомдардан 2е-, 4е- , 6е- қатысатын болса, байланыс саны қанша болады, мысал келтіру керек.

4. 0,1 моль/л фторсутек қышқылы 8%-ке диссоциацияланса, оның диссоциация константасы (КD) қанша? Жауабы 6,410-4 .

8 аптада 2 МБ арналған тапсырмалар


1

1.VI A топша элементтерінің жалпы сипаттамасын атомдарының электрондық құрылысына сәйкес беру керек. Осы элементтердің негізгі табиғаттағы қосылыстарын және жай заттарын атаңдар.

2.Күкірт сутектің тотықсыздандырғыштық қасиетін калай түсіндіруге болады? Реакциялардың электрондық және молекулалық теңдеулерін құру керек: a) H2S + CI2 → … ; б) H2S + HCIO3 →… в) H2S + SO3 → …

3.Реакциялардың жылу эффектілері деген не? Қай жағдайларда химиялық реакциялар теңдеулері термохимиялық деп аталады? Реакция жылу эффектілерінің мәндері термохимиялық және термодинамикалық өрнектелгенде қалай белгіленеді? Өлшем бірліктері.

2

1.Оттегіні зертханада және өндірісте алу жолдары, оның қолданылуы. Молекулалық оттегіге мына мәндер а) химиялық қасиеттері; б) МО әдісі бойынша құрылысы; в) молекуласының магниттік қасиеттері бойынша сипаттама беру керек. Қай жай заттармен оттегі тікелей (бірден) әрекеттеспейді? Озон қалай алынады? Оны оттегі қасиеттерімен салыстыру керек.

2.Реакция теңдеулерін аяқтау керек: а. H2SeO3+H2S→ … б.H2TeO3+SO2+…→… в) H6TeO6+H2S → … г)H2TeO3+SnCl2+HCl→ …

3.Жүйенің ішкі энергиясы деген не? Энтальпия және оның өзгерісі қандай теңдеулермен анықталады? Қандай жағдайда жүйенің энтальпиясы оң және теріс мән көрсетеді? Энтальпия өзгерісі температураға тәуелді ме?


3

1.Оттегінің бинарлы қосылыстарына: оксидтеріне, пероксидтеріне және надпероксидтеріне қысқаша сипаттама беріп, мына қосылыстардағы H2O; H2O2; Na2O2; KO2, SO2, Cs2O байланыстар сипаты қандай және сутегі пероксидінің бір мезгілде тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін реакция теңдеуін жазу керек.

2.Егер гидролиз нәтижесінде түзілген өнімді бейтараптау үшін 1,2 н. 25 мл NaOH жұмсалса, неше грамм хлорсульфон қышқылы сумен әрекеттескен? Жауабы 1,165 г.

3.Термохимияның негізгі заңының анықтамасын беру керек. Гесс заңынан шығатын салдарлардың термохимиялық есептеулерде қолданылуы.


4

1.Бөлме температурасында оттегі а) сутегімен; б)азотпен әрекеттесе ала ма? Жауапты стандартты Гиббс энергиясына сүйеніп беру керек.

2.1 кг пирокүкірт қышқылынан неше литр 26%-ті H2SO4 (ρ=1,19) алуға болады? Жауабы 3,56 л.

3.Аммиак синтезі кезінде тура және кері реакциялар үшін жүйе энтропиясы қалай өзгереді?


5

1.Күкірт, селен, теллур атомдары құрлысына байланысты бұл элементтерге қандай тотығу дәрежелері және валенттілік күйлер сәйкес келеді? Жоғарғы гидроксидтерінің формуласы. Күкірт-селен-теллур қышқылдарының осы қатар бойынша қышқылдық қасиеттері қалай және неге олай өзгереді?

2.Нәтижесінде натрий тетратионаты (Na2S4O6) және иодиді түзілетін болса, неше грамм Na2S2O35H2O 250 мл 0,2 н иодпен реакцияға түседі? Жауабы 12,4 г.

3.Заттар айрылғанда, синтез реакцияларында жүйе энтропиясы температураға байланысты қалай өзгереді? Буланғанда, конденсацияланғанда, қысым жоғарылағанда, фазалық өзгерістерде жүйе энтропиясы қалай өзгереді?


6

1.Күкіртті, селенді, теллурлы (H2SO3, H2SeO3, H2TeO3) қышқылдарының сипаттамаларын: а) тұрақтылық; б) қышқылдық қасиеттері, в) тотығу-тотықсыздану қасиеттері өзгерістерін реакциялар теңдеулері арқылы көрсету керек.

2.Эквивалентінің молярлы концентрациясы 0,1 моль/л 250 мл KMnO4 ерітіндісін түссіздендіру үшін қанша көлем SO2 (қ.ж.) қажет? Жауабы 0,28 л.

3.Гиббс энергиясы деп нені айтады? Процестердің өздігінен термодинамикалық жүру – жүрмеу жағдайын Гиббс энергиясы қалай көрсетеді? Өте төмен температурада (өте жоғары температурада) химиялық реакциялардың бағытын энтальпиялық не энтропиялық фактор анықтай ма?


7

1.VIА топша элементтерінің сутекті қосылыстарын а)термиялық тұрақтылығы; б) балқу және қайнау температуралары; в) қышқыл-негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеттері бойынша қалай өзгеретінін көрсету керек.

2.Өндіріс шығыны 5 % болса , 24% FeS2 бар 1 т кеннен 40 %-олеумнің қанша мөлшерін алуға болады? Жауабы 345 кг.

3.Стандартты энтальпия өзгерісінің мәні жүйеде катализатор қатысына байланысты ма? Жауапты дәлелдеу керек. Заттардың суда еруі экзотермиялық және эндотермиялық эффектпен болса да өздігінен жүре алады, неге?


8

1.VI топ элементтерінің қайсысы 6-негізді қышқыл түзеді? Формуласын жазу керек, қалған элементтер неге осындай қышқыл түзбейді?

2.80 г олеумнен, жалпы SO3 мөлшері 92,17% болса, массалық үлесі 20% H2SO4 бар қышқылдың қандай көлемін дайындауға болады? Қанша көлем су керек? Жауабы 396,5 және 372 мл.

3.Аммоний хлориді термиялық айрылғанда жылу бөліне ме, сіңіріле ме? Есептеп көрсету керек.


8 аптада 2 МБ арналған тапсырмалар
1

1. V топтың р-элементтеріне олардың атомдарының электрондық құрылысы бойынша жалпы сипаттама беру керек. Бұл элементтердің маңызды табиғи қосылыстарын айтып, жай заттарды алудың негізгі әдістерін көрсету керек.

2. Концентрациясы 0,8 моль/л және массалық үлесі 48 % болатын 200 мл азот қышқылдарымен висмут әрекеттескенде қандай газ және қандай көлемде (қ.ж.) бөлінеді? Жауабы 0,9 л NO; 22,2 л NO2 .

3.Химиялық кинетика нені оқиды және оның практикалық мақсаты. Гомогенді және гетерогенді реакцияларға анықтама беріп, мысалдар келтіріңдер. Олардың жылдамдықтарын қалай табады?


2

1. Азот молекуласында байланыс энергиясы (Е байл.) неге жоғары, бұл мән жай заттың реакцияласқыш қабілетіне қандай әсері бар? Азот және фосфор атомдарында валенттілік орбиталдар мен валенттік электрондар сандары қанша? Химиялық байланыс түзілгенде азот атомында электрондардың проматирленуі (электронның бір орбиталдан екіншісіне өтуі) неге мүмкін емес?

2. 1 т As2O3 кальций гидроксидінде ерігенде қанша метаарсенит түзіледі және жұмсалған гидроксид массасы қанша?

Жауабы 1282 және 374 кг.

3.Жылдамдық константасы деген не? Оның физикалық мәні неде және қандай факторларға тәуелді? Мына факторлардың қайсысы реакция жылдамдығының константасына әсер етеді: а) қысым өзгерісі; б) температура өзгерісі; в) реакция жүретін ыдыстың көлемі; г) жүйеде катализатордың болуы; д) реакцияласатын заттардың концентрациясының өзгерісі.
3

1. Аммиактың судағы ерітіндісіндегі тепе-теңдік қалай ығысады: ерітіндіні қыздырғанда, қышқыл, сілті, комплекс түзгіш иондар қосқанда? Аммиакқа тән реакцияларды а) сутегі атомдарының орнын басу; б) тотығу; в) донорлы-акцепторлы әрекеттесу әсерінен қосылыс түзілу теңдеулерін жазу керек.

2.Мына реакция теңдеулерін аяқтау керек:а) KBiO3+Mn(NO3)2+HNO2 → KMnO4+… (бұл реакция KBiO3 тұзының қандай қасиетін көрсетеді?)

б) Na3AsO4+H2S+HCl→… в) K[Sb(OH)6]+H2S+HCl→…. Алынған тұздар тұнбаларын қалай тиотұздар ерітіндісіне ауыстыруға болады және ерітіндіге қышқыл қосса, не болады?

3.Химиялық реакциялар жылдамдығы температураға қалай байланысты? Химиялық реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті деген не? Вант-Гофф ережесінің формуласы. Неге температураны жоғарылатса, жылдамдық артады? Қандай реакциялар жылдамдығы (эндотермиялық, экзотермиялық, кез келген) температураны көтергенде өседі?
4

1. Гидразиннің N2H4, гидроксиламиннің NH2OH графикалық формулаларын жазып, азоттың тотығу дәрежелерін және коваленттілігін көрсету керек. Олардың алу әдістерін көрсетіп, химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялар теңдеулерін жазу керек.

2. Мына реакциялар теңдеулерін аяқтау қажет:

а) NH3+O2 кат ...

б)N2H4+KMnO4+H2SO4→ N2 + …

3.Химиялық тепе-теңдік деген не және ол қандай факторларға тәуелді? Ле Шателье принципінің мәні. Неге химиялық тепе-теңдік динамикалық болады?

5

1. Азот және азотты қышқылдарының алу жолдары мен химиялық қасиеттерін көрсететін теңдеулерін жазу керек. Электронды-иондық теңдеулер арқылы барлық мүмкін болатын азот қышқылының тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін көрсету керек.

2. Мына реакциялар теңдеулерін аяқтау қажет:

в) NH2OH+FeSO4+H2SO4→…

г) NH2OH→ N2+ NH3 + ...

3.Тепе-теңдік константасы деген не ол қандай шамаларға тәуелді? Неге оның мәні реакция тереңдігін көрсетеді? Неге реакция жылдамдығын, тепе-теңдік константасын есептейтін формулаларға қатты заттың концентрациясы кірмейді?


6

1. «Патша арағының» тотықтырғыш әсері неге негізделген? Нитраттардың термиялық айрылуының 3 түрін мына тұздардың айрылуы арқылы көрсету керек: KNO3, Cu(NO3)2, AgNO3.

2. Мына реакция теңдеулерін аяқтау керек: а) PH3+KMnO4+H2SO4 → ;

б) Mg3P2+K2Cr2O7+HCl(сұйыт.)→ ; в) H3PO2+HNO3 → ; г)P2H4+KMnO4+H2SO4 → ; д) H3PO2+I2+H2O →

3.Әр химиялық тепе-теңдік қандай параметрлермен сипатталады? Бір параметрдің өзгерісі қандай өзгерістерге әкеледі? Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасының мәнін мына фактор өзгертеді: а. қысым өзгерісі; б. температура өзгерісі; в. катализаторды ауыстыру; г. Реакцияласатын заттардың концентрацияларының өзгерісі.
7

1. Мышьяктан висмутқа қарай элементтер(III) гидроксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді: а) суда ерігіштігі және басқа қасиеттері бойынша фосфорлы қышқылға жақындығы; б) қышқылдармен ғана әрекеттесетіні? Бұл реакциялардың теңдеулерін жазу керек.

2. Н3РО4 қышқылын бейтараптау үшін 0,1 моль/л NaOH ерітіндісінің қанша көлемі қажет? Қышқылды 0,31 г кальций фосфатынан алған. Жауабы 60 мл.

3Берілген химиялық реакцияның жылдамдығын арттыратын және азайтатын әдістерді көрсетіңдер. Катализаторлар, ингибиторлар және каталитикалық реакциялар деген не? Гомогенді , гетерогенді катализдің мәні неде? Жүйеде катализатор болғанда неге реакция жылдамдығы артады?


8
1. Фосфор (III) және фосфор (V) галогенидтеріне қысқаша сипаттама беру керек: алу, қалыпты жағдайдағы агрегаттық күйі, гидролиз, тотығуға және донорлы-акцепторлық әрекеттесуге қабілеті.

2. Егер с(НNO2) =0,1 моль/л болса, оның ерітіндісіндегі диссоциация дәрежесін және рН анықтау керек. Жауабы 6,4%; 2,2.

3. = c/t мен  = dc/dt белгіленген жылдамдықтар арасында қандай айырмашылық бар? Әрекеттесуші массалар заңына анықтама беріңдер. Осы заңға сәйкес теңдікте реакция жылдамдығының реакцияға түсетін заттардың табиғатына байланыстылығы көрсетілген бе? Химиялық реакциялар жылдамдығы қандай факторларға тәуелді?

9 аптада 2 МБ арналған тапсырмалар


1

1.IV топтың р-элементтеріне олардың атомдарының электрондық структуралары негізінде жалпы сипаттама беру керек. Топтың бірінші және соңғы элементтерінің қасиеттерін салыстырып, айырмашылығын түсіндіру керек.

2. Реакциялар теңдеулерін аяқтау керек: a). Sn(NO3)2 + KOH = …,

b). SnCI2 + KBrO3 + HCI = ….

1.Көрсетілген электролиттер ерітінділері арасында жүретін реакцияларды молекулалық және ионды-молекулалық түрде жазу керек :

a) К2 [HgJ4] + KBr → д) K [Ag(CN)2] + NH3

б) К2 [HgJ4] + KCN → e) K [Ag(NO2)2] + NH3
2

1. - және π-байланыстар саны сәйкесінше 4 және 0; 3 және 1; 2 және 2 болғанда көміртегі атомындағы орбиталдар гибридизациясын көрсету керек. Мына молекулалардың CH4, CO2, CS2, C2H2 және CO32- ионының геометриялық конфигурациялар қандай? Әр жағдайда көміртегі атомы неше - және π-байланыстар түзеді?

2. 100г қорғасын(ІІ) нитратын қақтағанда қандай газдар және қандай көлемде бөлінеді? Жауабы 3,38л оттегі және 13,52л азот диоксиді.

3.Көрсетілген электролиттер ерітінділері арасында жүретін реакцияларды молекулалық және ионды-молекулалық түрде жазу керек :

в) [Ag(NH3)2] Cl + K2S2O3 → ж) [Ag(NH3)2] Cl + NiCl2

г) K [Ag(CN)2] + K2S2O3 → з) K3 [Cu(CN)4] + Hg (NO3)2


3

1. Көміртегі (II) оксидін зертханада және өндірісте қалай алады? СО молекуласында неге байланыс энергиясы (Е байланыс) жоғары? Металдармен СО молекуласы комплекс қосылыстарды қалай түзеді? Олар қалай аталады және қайда қолданылады?

2. 15 м3 сутегі (17 0С және 98,64 кПа) алу үшін неше килограмм кремний және 32 % NaOH ерітіндісінің қандай көлемі қажет? Жауабы 8,6 кг; 56,7 л.

3. 2.Мына комплекс ионының [Cd(CN)4]2- тұрақсыздық константасы 7,810-18. 0,1М K2[Cd(CN)4] ерітіндісіндегі кадмий ионының концентрациясын есептеу керек. 1л ерітіндіде 0,1 моль KCN артық мөлшерде бар.

Жауабы 7,810-15 моль/л.

4

1. CO2 алу әдістерін көрсетіп, физикалық және химиялық қасиеттеріне сипаттама беру керек. CO2 суда ерігенде қандай тепе-теңдік орнайды және ерітіндіні қыздырғанда, сілті не қышқыл қосқанда тепе-теңдік қалай ығысады?

2. Массалық үлесі 20 % азот қышқылының қандай көлемінде а) Sn; б) Pb; в) «припой», құрамында 70 % Sn және 30 % Pb ерітіледі? Әр үлгіні 100 г алған, азот қышқылы NO оксидіне дейін тотықсызданады.

Жауабы а)633 мл; б)364 мл; в)552 мл.

3. 12.Мына комплекс тұздарды атаңдар: [Pt(NH3)3Cl] Cl;

[Co(NH3)5 Br] SO4;Ba[Cr(NH3)2 (SCN)4]2; (NH4)2[Pt(OH)2Cl4]
5

1. Көмір қышқылына мына параметрлер бойынша сипаттама беру керек: беріктілік, негіздік, қышқыл күші, гидротұздар түзу мүмкіндігі. Аз еритін карбонаттарды көрсету керек.

2. Ерітіндіде 0,05 моль Pb2+ ионы, онымен бірге Sn2+ ионы болса, оларды бөлу үшін концентрациясы 2 моль/л KI ерітіндісінің қандай көлемін алу керек. Жауабы 50 мл.

3. 12.Мына комплекс тұздарды атаңдар:

[Pd(H2O) (NH3)2 Cl]Cl;[Cu(NH3)4] (NO3)2; K4[Fe(CN)6]
6

1. Өндірісте KCN және NaCN алу реакция теңдеулерін жазу керек. Цианид-ионының электрондық құрылысын көрсетіңдер. Комплекс түзгіш қабілетін түсіндіріңдер, металлургияда NaCN және KCN тұздарының қолданылуын көрсету керек.

2.Қорғасын аккумуляторы зарядталғанда және кері процесі жүргенде электродтарда өтетін реакциялар теңдеулерін жазу керек.

3.[Ag(CN)2]- комплекс ионының Ктз = 1,410-20. 1л ерітіндіде 0,01 моль KCN бар 0,05М K[Ag(CN)2] ерітіндісіндегі күміс ионының концентрациясын есептеу керек. Жауабы 710-18 моль/л.


7

1.Карбамидті CО(NH2)2 (мочевина) алу үшін СО2 және NH3 10-40 МПа қысым, 160-200С температура қажет. Реакция теңдеуін жазу керек және неге бұл реакция қысым астында жүретінін түсіндіру керек. Карбамид қайда қолданылады?

2.Бірдей жағдайда, қай тұздың Na2SnO2 не Na2SnO3 , Sn(NO3)2 не Pb(NO3)2 гидролиз дәрежесі жоғары? Ерітіндідегі қай ионның артық мөлшері бұл тұздардың гидролизін азайтады?

3.1л 0,1 моль KCN бар 0,05М K2[Cd(CN)4] ерітіндісіне S2- ионы бар ерітінді қосқанда CdS тұнбасы сульфид-ионының қандай концентрациясынан бастап пайда бола бастайды? ЕКCdS = 7,910-27. Kтз=7,810-18.

Жауабы <2,010-12 моль/л.
8

1. Кальций карбиді азотпен әрекеттескенде кальций цианамиді CaCN2 және көміртегі түзіледі, реакция теңдеуін жазу керек. Цианамид сумен қалай әрекеттеседі? Кальций цианамиді қайда қолданылады?

2.0,2335 г СоCl3 · 4NH3 тұзы бар ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісінің артық мөлшерін қосса, 0,1435г тұнба (AgCl) түзілген, сонда тұздың координационды формуласы қандай болады?

3.Мына заттар: а) K4[Fe(CN)6] және CuSО4; б)FeSО4 және Na3[Со(CN)6]; в) K3[Fe(CN)6] және AgNO3 арасындағы алмасу реакцияларын молекулалық және ионды – молекулалық түрде жазу керек. Комплекс иондардың диссоциация теңдеулерін жазып, тұрақсыздық константаларын (Ктз) «анықтамадан» табу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет