| Аумағы | Ел саны | Жалпы ауданы | млн км2 | % | 1 | | 2,5 млн км2-ден астам | 9 | 75,8 | 55,8 | 2 | | 350 мың – 2,5 млн км2 | 48 | 45,2 | 33,3 | 3 | Орташа мемлекеттер | 150-350 мың км2 | 28 | 7,1 | 5,2 | 4 | Шағын мемлекеттер | 30-150 мың км2 | 43 | 3,5 | 2,6 | 5 | Ұсақ мемлекеттер | 30 мың км2-ден аз | 66 | 1,8 | 1,3 | 6 | Тәуелді аумақтар | 2,3 | 1,7 |
|
Барлығы
|
|
194
|
135,8
|
100,0
|
Мемлекетке аумағы бойынша баға беруде оның игерілу деңгейі де ескеріледі. Мысалы, Аустралия Одағының 1/3 бөлігін шөлдер алып жатыр, ал Ресей Федерациясының 3/5 бөлігі табиғаты қатал аудандар болып табылады.
Мемлекет жерінің ауданы оның халықаралық мәртебесі мен егемендігін бағалауда кедергі бола алмайды. кестеде жерінің ауданы бойынша «экстремум-мемлекеттер» деп аталатын елдер топтамасы берілген.
Мемлекет аумағы бойынша экстремум-мемлекеттер
Макромемлекеттер | Микромемлекеттер | атауы | аумағы, млн км2 | атауы | аумағы, км2 | | 17,1 | Ватикан | 44 га | Канада | 9,9 | Монако | 1,6 | Қытай | 9,5 | Науру | 21,3 | АҚШ | 9,3 | Тувалу | 30,0 | Бразилия | 8,5 | Сан-Марино | 61,0 | Аустралия Одағы | 7,7 | Лихтенштейн | 157 | Үндістан | 3,2 | Сент-Китс және Невис | 260 | Аргентина | 2,8 | Мальдив Республикасы | 298 | Қазақстан | 2,7 | Гренада | 300 |
Мемлекет аумағының пішіні және таралып орналасуы бойынша да мемлекеттер айырмашылық жасайды. Бұл фактор ел аумағын игеруде, экономикалық дамуына, мемлекеттік шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Осы тұрғыда елдерді бірнеше типтерге бөліп қарастыралды:
Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер (Чили, Норвегия, Швеция, Вьетнам, Италия, Панама, Того, Гамбия). Олардың аумағы теңіз жағалауы бойымен немесе ірі өзендер бойымен жүздеген километрге созылып жатыр. Бұл көптеген аудандардың елдің әкімшілік орталығынан шалғай жатуына әсер етіп, аумақты басқаруға кедергі келтіреді. Мысалы, Чилидің орта бөлігінде орналасқан астанасы Сантьяго қаласы солтүстігіндегі шөлді аудандармен және оңтүстігіндегі Отты Жердегі теңіз маңы аудандарымен экономикалық жағынан әлсіз байланысқан. Италияның солтүстіктен оңтүстікке созылып жатуы елдің оңтүстігі мен солтүстік аудандарының экономикалық тұрғыда біркелкі дамуына кедергі келтіруде.
Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер (Франция, Испания, Польша, Венгрия және т.б.). Олардың аумағы квадрат немесе дөңгелек пішінді болып келеді. Бұл шеткі аудандардың ел орталығына шамамен бірдей қашықтықта орналасуына, мемлекеттік шекараларының салыстырмалы түрде қысқа болуына, қатынас жолдарының неғұрлым жақсы тарамдалуына, аумақтың экономикалық дамуына және басқарылуына қолайлы жағдай жасайды. Дегенмен, сыртқы пішіні қолайлы елдің аумағында да оның игерілуі мен басқарылуына кедергі келтіретін табиғи факторлар (биік таулар, батпақтар және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, Перу биік Анд тауларымен екі бөлікке бөлініп жатыр.
Шашыраңқы мемлекеттер (Индонезия, Филиппин сияқты аралдық мемлекеттер, екі бөліктен тұратын Малайзия және т.б.). Аумағы біртұтас емес, бірнеше бөліктерден тұратын мұндай мемлекеттерде басқару және қорғаныс, қатынас жолдары, экономикалық байланыстар бойынша қиындықтар туындайды. Оқшауланған аумақтарда мемлекеттің ішкі бірлігін бұзуға әрекеттену қимылдары, әртүрлі ішкі кикілжіңдер, ел астанасының орнына қатысты таластар туындауы мүмкін. Мұндай мемлекет типіне АҚШ-ты да жатқызуға болады: оның құрамына кіретін Аляска мен Гавай аралдары негізгі аумақтан шалғайда орналасқан, бұл қосымша экономикалық шығындарға себепші болады.
Құрамында анклавтар бар мемлекеттер. Анклав – мемлекеттің негізгі аумағынан басқа мемлекеттердің жерлері арқылы бөлініп жатқан немесе басқа мемлекеттің аумағында орналасқан аудандар. Анклав жағдайындағы аудандар қатарына Ресей Федерациясының құрамына енетін Калининград облысы, Әзірбайжан құрамындағы Нахичевань, Испания құрамына енетін, бірақ Мароккода жатқан Сеута мен Мелилья және т.б. анклавтар жатады. Анклавтар жалпы алғанда мемлекеттің стратегиялық жағдайына қолайлы әсер еткенімен, елдің әскери жағынан осал, экономикалық байланыстарға қолайсыз аудандары болып табылады.
Елдерді халық саны бойынша да топтастырады. Ең алдымен халық саны 100 млн адамнан асатын 11 мемлекетті бөліп қарайды (Қытай – 1 314 млн, Үндістан – 1 095 млн, АҚШ – 290 млн, Индонезия – 235 млн, Бразилия – 182 млн, Пәкстан – 166 млн, Бангладеш – 147 млн, Ресей – 143 млн, Нигерия – 132 млн, Жапония – 128 млн, Мексика – 105 млн адам). Халық саны ең аз мемлекеттерге Ватикан, Монако, Сан-Марино т.б жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |