Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе



бет7/37
Дата07.09.2022
өлшемі0.52 Mb.
#460356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
П нні О У- дістемелік кешені «Экономикалы , леуметтік ж не сая

Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе
Адамзат тіршілік етіп отырған жер планетасы табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары күрделі де, ауқымды аса бай, тұтас дүние. Оның үстіне әлем халықтары мен елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлары да әр түрлі. Біз осы кеңістікте өмір сүріп отырғандықтан, қоршаған әлемдегі өзгерістерді танып білуге тиіспіз. Осы жағдайлармен толығырақ танысқанда ғана оны игере аламыз әрі бай, бақытты өмір сүре аламыз. Десе де планетамызды тек «Елтану» немесе «Аймақтану» деңгейімен танып-біле алмайтынымыз анық. Сол үшін жалпы «Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе» пәнін оқып үйренуге тура келеді.
«Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе» пәні  дүниежүзінің, сонымен бірге оның жеке аймақтары мен мемлекеттерінің экономикалық-географиялық жағдайын, халқының орналасуын, шаруашылығының даму деңгейін, сыртқы экономикалық-әлеуметтік және саяси байланыстарын, сондай-ақ халықаралық экономикалық, саяси ұйымдар мен одақтарды және олардың қызметін зерттейтін қоғамдық-географиялық ғылым. Оның зерттеу аясына адамзаттың ғылыми-техникалық даму тарихы мен қазіргі экономиканың ғаламдану мәселелері және адамзаттың ғаламдық даму мәселелері де қамтылады. Сондай-ақ осы пән арқылы енді ғана жалпы әлемдік экономика мен саясаттың орны мен рөліне экономикалық-географиялық тұрғыда баға бере аламыз. Әрі әлемнің жалпы даму бағытына дұрыс сипаттама беруге мүмкіндік аламыз.
«Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе» дүниежүзіндегі қалыптасып отырған мәселелерді экономикалық-географиялық тұрғыда қарастыру арқылы табиғат пен қоғам үндестігін, шаруашылық пен аймақ (аумақ) сәйкестігін, халық пен өркениет байланысын, экономика мен экология өзара байланысын, ғылым-техниканың дамуы мен ғаламдық мәселелердің себеп-салдарлық қатынасын, саяси, ұлттық мүдделер мен жалпы адамзаттық құндылықтар қайшылығын т.б. байланыстарды ашып көрсетуге бағытталған ғылыми пән болғандықтан экономикалық және әлеуметтік география ғылымдары жүйесіндегі негізгі пән болып табылады.
Алғашқы «Экономикалық географияға кіріспе» атты монография 1925ж АҚШта жарық көрді. Кейін келе бұл саланы орыс ғалымдары да жалғастырды. Көш басында Н.Н.Баранский тұрды, кең таралған ғылымды Ю.Г.Саушкин, Б.Н.Семевский, Г.И.Гладкевич, М.М.Голобчик сияқты тб ғалымдар тобы терең зерттеулер жүргізген болатын. Сол үрдіс әлі жалғасын тауып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет