ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені физикалық химияны және электрохимияны оқытудың әдістемелік аспектілері «6М011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет5/10
Дата15.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мақсаты: ІІІ топтың негізгі топша элементтерінің жалпы сипаттамасымен, табиғатта таралуымен, молекулаларының құрылымымен, өндірісте және зертханада алу тәсілдерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен және маңызды қосылыстарымен танысып білу.
Негізгі сұрақтар:

  1. Элементтерге жалпы сипаттама.

  2. Бор және оның қосылыстары.

  3. Алюминий және оның қосылыстары.


Қысқаша мазмұны:

ЭЛЕМЕНТТЕРГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

ІІІ топтың негізгі топша элементтеріне бор (B), алюминий (Al), галлий (Ga), индий (In), таллий (Tl) жатады. Бұл элементтердің сыртқы электрондық қабаттарында ns2np1 болады.

Қалыпты жағдайда бұл элементтердің барлығының бір дара р-электрондары болады. Сондықтан олар химиялық қосылыстарда бір валентті болулары мүмкін, ал қоздырған кезде үш дара электрондар түзіледі де элеметтердің қосылыстардағы валенттілігі үшке тең болады. Топша элементтерінің ядро зарядтарының өсуіне қарай электрондық қабаттарының саны екіден алтыға дейін артады. Сондықтан негізгі топша элементтерінің жоғарыдан төмен қарай химиялық активтігі немесе тотықсыздандырғыштық қасиеттері артады. Осы бағытта элементтердің металдық қасиеттері де артады.

Химиялық қосылыстардағы бордың, алюминийдің, галлийдің, индийдің тотығу дәрежелері +3, ал таллийдің тотығу дәрежесі көбінесе +1 болады.

Үшінші негізгі топша элементтері оттекпен Э2О3 типтес оксидтер және соған сәйкес Э(ОН)3 типтес гидроксидтер (таллийдікі - TlOH) түзеді. Бор металемес болғандықтан гидроксидіне Н3ВО3 – ортобор немесе НВО2 – метабор қышқылы сәйкес келеді.

Химиялық байланыс түзуге үшінші негізгі топша элементтерінің қозған күйдегі бір s-, екі р-дара электрондары қатысады. Бұл орбитальдар өзара гибридтеліп жаңадан пішіндері бірдей үш гибридті sp2-орбитальдарын түзеді. Мұндай гибридті үш орбитальдар бір-біріне 1200 бұрыш жасай орналасқандықтан үшбұрышты пішінді болады. Сондықтан осы орбитальдардың қатысуымен түзілген молеклалардың пішіндері де үшбұрышты болады.


БОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

Бор табиғатта оттекті қосылстар түрінде кездеседі: бор қышқылы жерден шығатын ыстық суларда болады, бура және тағы басқа тұздар түрінде кездеседі.

Бордың екі аллотропиялық түрі белгілі – аморфты және кристалл. Аморфты бор қоныр түсті ұнтақ, кристалл бор – қара сұр кристалл зат, өте қатты. Қаттылығы жағынан алмазға пара-пар. Электр тогін шнашар өткізеді. Температураны жоғарылатқан сайын электр өткізгіштігі артады.

Қалыпты жағдайда бор инертті зат, қыздырса оттек, галогендер түгіл, күкірт, азот, көміртекпен де қосылады. Бор металдармен, әсіресе, сілтілік және сілтілік-жер металдарымен әрекеттесіп боридтер түзеді. Боридтердің көпшілігінін құрамы да, құрылымы да өте күрделі.

Бор суда ерімейді, концентрленген қышқылдар, патша сұйығы мен сілтілерде реакцияласып ериді:

4B+6H2SO4→4H3BO3+6SO2

2B+2NaOH+2H2O→2NaBO2+3H2

Бор сутекпен тікелей реакцияласпайды, бірақ магний боридін тұз қышқылымен әрекеттегенде газ түрінде борсутектердің (борандардың) бірнеше қоспасы бөлініп шығады.

6MgB2+12HCl→H2+B4H10+6MgCl2+8B

Борсутектер – көмірсутектерге, кремнийсутектерге де ұқсайды. Борсутектер – түссіз, өте сасық иісті, қалыпты жағдайда тұрақсыз, ауада өздігінен тұтанып кететін, улы заттар. Жанғанда В2О3 және су түзіледі.



Бордың галогенді қосылыстары элементтерді қыздырып, тікелей реакцияластырғанда түзіледі, жалпы формуласы ВГ3. Бұлар түссіз заттар, ауадағы дымқыл мен гидролизденетін болғандықтан түтінденіп тұратын сияқты көрінеді.

Бордың оттекті қосылыстары.

Борды қыздырса ауадағы оттекпен тікелей қосылысып оксидті түзеді : 4В+3О2→2В2О3

Бұл түссіз шыны тәрізді масса, суда еріп реакцияласып әуелі полиметабор (НВО2)3, сонан соң полиортобор Н5В3О7, ақырында ортобор қышқылының өзін түзеді: бұлай болу себебі, су қосылғанда (гидраттанғанда) В - О – В байланыстары біртіндеп үзіледі.

Бор қышқылы балықтың қабыршағы сияқты кристалданатын, ақ түсті зат, суық суда нашар ериді. Қыздырса ерігіштігі артады. Бор қышқылы әлсіз қышқылдар қатарына жатады.

Бор қышқылын қыздырса, ол біртіндеп құрамындағы суын жоғалтады.

Н3ВО3→НВО22О (1000, метабор қышқылы)

4НВО2→ Н2В4О72О (1400, тетрабор қышқылы)

Одан әрі қыздырса бор оксидіне айналады:

Н2В4О7→2В2О32О

Су араластырып қыздырса бұлардың барлығы қайтадан бор қышқылына айналады. Бор қышқылын бейтараптағанда оның өз тұзы емес, полибор қышқылының тұзы түзіледі; оның себебі бұл реакцияда су бөлініп шығатындықтан, борды сипаттаушы байланыс В - О – В қайта туып, полибораттар түзіледі.

Бор қышқылдарының тұздарын борат деп атайды.
АЛЮМИНИЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

Алюминийді алғаш 1828 ж. неміс химигі Ф.Велёр алюминий хлоридын калиймен тотықсыздандыру арқылы бөліп алған.

Таза алюминий күміс сияқты ақ түсті, жеңіл, өте созылғыш металл. Балқу температурасы 6600С. Элект тогы мен жылуды жақсы өткізеді.

Алюминий актив металдардың қатарына жатады. Алюминий күшті тотықсыздандырғыш. Қыздырған кезде алюминий хлормен, күкіртпен, азотпен, көміртекпен әрекеттеседі. Алюминий ауада тотығып өте жұқа және тығыз оксидпен қапталады. Бұл оксид алюминийді ары қарай тотығудан сақтайды. Сондықтан алюминий актив бола тұрса да суық және ыстық сумен әрекеттеспейді. Егер алюминийдің бетін оксидтен тазартса ол сумен қуатты әрекеттеседі. Алюминий сұйытылған тұз, күкірт қышқылдарымен әрекеттеседі. Алюминий ыстық концентрлі күкірт және азот қышқылдарымен әрекеттеседі. Суық концентрлі азот және күкірт қышқылдары алюминиймен әрекеттеспейді.

Алюминий амфотерлі элемент болғандықтан қышқылдарда ғана еріп қоймай, сілтілерде де жақсы ериді. Ұсатылған алюминийді 600-7000С шамасында қыздырғанда ашық жалынмен көп жылу бөле жанады.

Алюминий оксиді (Al2O3) – ақ түсті, суда іс жүзінде ерімейтін, қиын балқитын өте қатты зат. Алюминий оксиді амфотерлі қосылыс болғандықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі.

Алюминий гидроксиді (Al(OH)3) амфотерлі қосылыс болғандықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі.

Алюминий тұздары гидролизге ұшырайды, нәтижесінде қышқылдық ортаны көрсетеді.


Тақырыпты бекіту:

  1. ІІІ топтың негізгі топшаға қандай элементтер жатады, олар қалыпты және қозған күйде неше валентті болады?

  2. ІІІ топтың негізгі топша элементтерінің ядро зарядтарының өсуіне байланысты қасиеттері қалай өзгереді және олар қандай оксидтер мен гидроксидтер түзеді?

  3. AlCl3 молекуласының түзілу схемасын жазып, молекуласының пішінін анықта?

  4. Алюминий табиғатта қандай қосылыстар түрінде тараған? Оны өнеркәсіпте бокситтен өндіргенде қандай реакциялар жүреді?

  5. Мына реакциялардың теңдеулерін аяқтап, олардың не себепті және қандай жағдайда жүретінін түсіндір:

Al+HBr→

Al+KOH →


Al+H2O→

  1. Алюминотермия әдісін қолданып металлургия өнеркәсібінде қандай металдарды өндіреді?

  2. Алюминий оксиді мен гидроксидінің амфотерлік қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз?

  3. Алюминий және оның қосылыстары қандай мақсаттар үшін қолданылады?

  4. Алюминотермиялық әдіспен барий алу үшін 3,06 г барий оксидін тотықсыздандыруға қанша алюминий керек?

  5. 1,8 г алюминий жанғанда 54,8 кДж жылу бөлінеді. Алюминий оксидінің түзілу жылуын есептеп шығар.


Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы: Ана тілі, 1991.- 640 бет.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.- 320 бет.

  3. Аханбаев К. Химия. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 280 бет.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия / Под ред. Рабиновича В.А.- Л.: Химия, 1988. - 704 с.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.- 527 с.

16 Дәріс. II топтың негізгі топша элементтері.

Мақсаты: ІІ топтың негізгі топша элементтерінің жалпы сипаттамасымен, табиғатта таралуымен, молекулаларының құрылымымен, өндірісте және зертханада алу тәсілдерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен және маңызды қосылыстарымен танысып білу.
Негізгі сұрақтар:

  1. Элементтерге жалпы сипаттама.

  2. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері.

  3. Сілтілік-жер металдарды сақтау ережелері, олармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары.

  4. Металдардың негізгі қосылыстары.

  5. Судың кермектілігі және оны жою әдістері.


Қысқаша мазмұны:

ЭЛЕМЕНТТЕРГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

Периодтық жүйенің екінші тобындағы элеметтердің барлығының, оқып өткен басқа топтардағы элементтермен салыстырғанда, екі ерекшелігі бар:



  1. бұлардың барлығының сыртқы электрондық құрылымы бірдей электроннан тұрады;

  2. сырттан екінші қабаты да электрондары толық құрылып біткен қабат болады.

Сондықтан бұл топтың негізгі және қосымша тобының элементтері қасиет жағынан бірінен бірі алыс емес. Екінші топтың элементтерінің сыртқы қабатында екі электрон болғандықтан (сыртқы электрондық деңгейлері ns2np0 ), ол элементтер енді электрон қосып ала алмайды, қайта екі электронды оңай беріп жіберіп, оң екі зарядты ионға айналғыш екенін көрсетеді.

Бұл екінші топтың типтік элементтері бериллий мен магний. Электрондық құрылымы жағынан ұқсас болғандықтан үлкен периодтардың жұп қатарларының элементтері – кальций, стронций, барий және радий осыларға жатады.

Топ бойынша үстіден төменге қарай атомдық, иондық радиустары артады, иондану энергиясы кемиді; металдық, тотықсыздандырғыш қасиеттері артады, бейметалдық қасиеттері кемиді.

ЖАЙ ЗАТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.

ІІ топтың негізгі топша элементтерінің барлығы (Ве басқасы) металдар. Бос жеке күйде бұлар күмісше жылтыраған, жеңіл металдар. Бұл элементтер химиялық жағынан актив металдар қатарына жатады, сыртқы электрондарын оңай береді, сондықтан қалыпты температурада ауада оңай тотығып, судан сутекті ығыстырып шығарады. Химиялық қасиеті жағынан алдынғы екі элемент – бериллий алюминийге, магний мырышқа ұқсайды. Бұлар сумен реакцияласқанда да баяу реакцияласады, өйткені реакцияда түзілетін гидроксид нашар еритін зат, ол металдық бетін қаптап сумен әрекеттесуге кедергі жасайды.

Сілтілік-жер металдар тікелей сутекпен әрекеттесіп ЭН2 типтес гидридтер түзеді.


СІЛТІЛІК-ЖЕР МЕТАЛДАРДЫ САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ОЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ.

Сілтілік-жер металдар активті болғандықтан, олар сумен оңай әрекеттеседі және ауада тез тотығып кетеді, сондықтан оларды керосин астында сақтайды. Бериллий мен барий қосылыстары оте улы заттар.


МЕТАЛДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

Екінші негізгі топша элементтері оттекпен ЭО типтес оксидтер түзеді және оларға Э(ОН)2 типтес гидроксидтер сәйкес келеді. Элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне байланысты гидроксидтерінің негіздік қасиеттері артады. Элементтердің оксидтері негіздік қасиеттерімен сиптатталады, тек қана BeO амфотерлік қасиеттерімен сипатталады. BeO басқасы суда жақсы ериді. Бериллий гидроксиді амфотерлік қасиетерімен сипатталады. Бериллийден барийға дейін гидроксидтердің ерігіштігі артады.

Сілтілік-жер металдардың қосылыстары жалынның түсін әр түрлі түстерге бояйды: кальцидікі – қызыл-кірпіш; стронций мен радийдікі – қызыл-карминді; барийдікі – сарғылт-жасыл түстерге. Бериллий мен магний тұздары гидролизе ұшырайды.

Элементтердің негізгі қосылыстары: СаО – сөндірілмеген ізбес, Са(ОН)2 – сөндірілген ізбес, СаСО3 – ізбес тасы, мәрмәр, бор, СаС2 – кальций карбиді , СаSO4*2Н2О – гипс және т.б..


СУДЫҢ КЕРМЕКТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ ӘДІСТЕРІ.

Құрамында гидрокарбонаттар, хлоридтер, сульфаттар түрінде қальций мен магнийдің тұздары бар табиғи суларды кермек сулар дейді. Судың кермектілігін 1 л судағы Са2+ және Mg2+ иондарының миллиэквиваленттерінің санымен анықталады.

Кермектілік уақытша немесе карбонатты және тұрақты немесе карбонатсыз кермектілік болып екі топқа бөлінеді. Уақытша кермектілік судың құрамындағы кальций мен магнийдің гидрокарбонаттарының болуына байланысты да, тұрақты кермектілік судың құрамында кальций мен магнийдің сульфаттары, хлоридтері, нитраттары болуына байланысты болады.

Уақытша кермек суды қайнату немесе сөндірілген ізбес қосу арқылы жояды.

Ca(HCO3)2→CaCO3+CO2+H2O

Ca(HCO3)2+Ca(OH)2→2 CaCO3+2H2O

Тұрақты кермек суды сода немесе натрий фосфатын қосу арқылы жояды.

CaSO4+Na2CO3→CaCO3+Na2SO4

3CaCl2+2Na3PO4→Ca3(PO4)2+6NaCl

Тұрақты кермектілікті жою кезінде уақытша кермектілік те бірге жойылады.

Соңғы кездерде кермек суларды тазарту үшін ион алмасу әдісі жиі қолданылады. Ион алмастырғыштарға табиғи силикат пермутит және жасанды ион алмастырғыш смола – иониттер жатады. Катиондарды сіңіретін иониттерді катиониттер, ал аниондарды сіңіретіндерін – аниониттер дейді.


Тақырыпты бекіту:


  1. Екінші негізгі топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін анықта?

  2. Екінші негізгі топша элементтері түзетін қосылыстарда химиялық байланыстардың бағыты мен молекулалардың пішіндері қандай болады? MgCl2 молекуласының пішінін сызып көрсет.

  3. Кальцийді қосылыстарынан қандай әдіспен алады?

  4. Кальцийдің жай және күрделі заттармен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазып, оның тотықсыздандырғыш екенін дәлелде?

  5. Кальцийдің оксиді мен гидроксиді қандай реакциялардың көмегімен алынады және олар қандай химиялық қасиеттер көрсетеді?

  6. Бериллий, магний және сілтілік-жер металдардың алынуы, химиялық қасиеттері қандай?

  7. Екінші топтың негізгі топша элементтерінің маңызды қосылыстары қандай? Қайда қолданады?

  8. Судың кермектілігі дегеніміз не және оны қалай жоюға болады?

  9. Молекулалық сутектің кальциймен әрекеттесуі нәтижесінде 4,2 г кальций гидриді түзілді. Осы реакцияға сутектің қанша молекуласы қатысты?

  10. 10 литрінде 4,44 г қальций хлориді бар судың кермектігін анықта?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы: Ана тілі, 1991.- 640 бет.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.- 320 бет.

  3. Аханбаев К. Химия. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 280 бет.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия / Под ред. Рабиновича В.А.- Л.: Химия, 1988. - 704 с.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.- 527 с.

17 Дәріс. I топтың негізгі топша элементтері.



Мақсаты: І топтың негізгі топша элементтерінің жалпы сипаттамасымен, табиғатта таралуымен, молекулаларының құрылымымен, өндірісте және зертханада алу тәсілдерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен және маңызды қосылыстарымен танысып білу.
Негізгі сұрақтар:

  1. Элементтер атомдарына жалпы сипаттама.

  2. Жай заттардың химиялық және физикалық қасиеттері.

  3. Сілтілік металдармен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі, сақтау ережелері.

  4. Элементтердің маңызды қосылыстары.


Қысқаша мазмұны:

ЭЛЕМЕНТТЕР АТОМДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

Бірінші негізгі топша элементтерге литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций жатады. Бұл элементтерді сілтілік металдар деп атайды. Бұл металдар сумен тікелей әрекеттесіп сілтілер түзеді. Химиялық реакциялар кезінде сілтілік металдар өздерінің бір s-электрондарын басқа элементтерге оңай беріп бір оң зарядты ионға айналады. Сыртқы электрондық деңгейінің формуласы ns1np0.

Атомның ядро заряды өскен сайын: атом радиусы артады, электртерістілік кемиді, иондану энергиясы кемиді, электронға жақындық энергиясы кемиді.

Топшада элементтердің электрондық орбитальдарының өсуіне байланысты жоғарыдан төмен қарай металдық, тотықсыздандырғыш қасиеттері артады.

ЖАЙ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.

Жай заттар - өте активті металдар. Қосылыстарында +1 тотығу дәрежесін көрсетеді. Ауада металдық жылтырлары жойылады, себебі металдар оксидтік қабатпен қапталады. Бірінші негізгі топша элементтері оңай балқитын, жеңіл металдар, парамагниттік қасиеттерімен сипатталады. Барлығы да күміс тәрізді ақ түсті, тек цезий сарғылт түсті болады.

Сілтілік металдар оттекпен әрекеттесіп Э2О типтес оксидтер, ал сумен әрекеттесіп ЭОН тәрізді гидроксидтер немесе сілтілер түзеді. Сутекті қосылыстарының жалпы формуласы ЭН.

СІЛТІЛІК МЕТАЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ, САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

Сілтілік металдар активті болғандықтан, олар сумен оңай әрекеттеседі және ауада тез тотығып кетеді, сондықтан оларды керосин астында сақтайды.

ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

Оттекпен әрекеттескенде литий – оксид, натрий – пероксид, калий – надпероксид, рубидий, стронций – озонидтерді түзеді. Na2O2 – күшті тотықтырғыш, жабық жүйелерде оттегін алу үшін қолданылады. Металдардың оксидтері негіздік қасиеттерімен сипатталады, суда еріп еритін негіздерді түзеді. Оларды сілтілер деп атайды; сілтілер теріні, маталарды, қағазды ойып (күйдіреді) қояды.

NaOH – каустикалық сода, NaCl – ас тұзы, KNO3 - калий селитрасы, Na2CO3 – сода, Na2CO3*2H2O – кристалдық сода, K2CO3 – поташ, NaHCO3 – ас сода және т.б.
Тақырыпты бекіту:


  1. Сілтілік металдардың және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзара ұқсастығын атом құрылысы мен периодтық заң тұрғысынан қалай түсіндіруге болады?

  2. Натрий мен калий табиғатта қандай қосылыстар түрінде тараған?

  3. Калийдің оттекпен, броммен, фосформен, сутекпен, сумен мыс (ІІ) хлоридымен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жаз.

  4. Балқыған калий хлориды мен калий гидроксидін электролиздеу процестерінің теңдеулерін жаз.

  5. Натрий пероксидінің алынуын және оның химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз.

  6. Натрий мен калийдің оксидтері мен гидроксидтері қалай алынады және олардың физикалық, химиялық қасиеттері қандай?

  7. Натрий мен калий және олардың қосылыстары қандай мақсаттарға қолданылады?

  8. Калий-40 изотопы α-бөлшегін бөліп шығара ыдырайды. Бұдан қай элементтің изотопы түзіледі?

  9. Мына өзгерістерді іске асыруға қажетті реакциялардың теңдеулерін жеке-жеке жазып, теңестір:

NaCl→Na→NaOH→NaH2PO4→Na3PO4→NaNO3→NaNO2
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы: Ана тілі, 1991.- 640 бет.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.- 320 бет.

  3. Аханбаев К. Химия. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 280 бет.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия / Под ред. Рабиновича В.А.- Л.: Химия, 1988. - 704 с.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.- 527 с.

18 Дәріс. VIII топтың негізгі топша элементтері.



Мақсаты: VIII топтың негізгі топша элементтерінің жалпы сипаттамасымен, табиғатта таралуымен, молекулаларының құрылымымен, өндірісте және зертханада алу тәсілдерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен және маңызды қосылыстарымен танысып білу.
Негізгі сұрақтар:

1. Элементтер атомдарына жалпы сипаттама.

2. Табиғатта таралуы, оларды бөлу әдістері, физикалық қасиеттері.

3. Ксенонның, криптонның маңызды қосылыстары.


Қысқаша мазмұны:

ЭЛЕМЕНТТЕР АТОМДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

He, Ne, Ar, Kr, Xe, Ra – асыл (инертті) элементтер.

Сыртқы энергетикалық деңгейдің электрондық құрылымы …ns2np6 :






ns2 np6
Сыртқы энергетикалық деңгейлері аяқталған. Молекулалары бір атомды. МОӘ тұрғысынан бұл элементтердің молекулалары екі атомды болалмайтындығы түсіндірілген, себебі байланыс реті 0 тең болады. Басқа газдармен салысытрғанда электр өткізгіштігі жоғары, ток өткенде әр түрлі түс беріп жарқырайды: гелий – ашық сары, неон – оттай қызыл. Бұлардың сұйылу және қату температуралары да өте төмен.

Инертті элементтердің радиустары өскен сайын олардың атомдарының поляризациялануы күшейіп, олардың арасындағы Ван-дер-Ваальс күштері молайып, балқу және қайнау температуралары гелийден радонға қарай жоғарылай бастайды. Осы бағытта асыл газдардың судағы, органикалық еріткіштердегі еріткіштігі ұлғаяды, сол сияқты адсорбциялану қабілеті артады.



ТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ, ОЛАРДЫ БӨЛУ ӘДІСТЕРІ, ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.

Асыл газдар – түссіз заттар. Табиғатта таралуы: ауаның 1м3 10-4%-тен (гелий) 10-17% дейін (радон) бола алады. Бұл газдарды ауаны айдау арқылы және бір неше рет активтендірілген көмірде адсорбциялау арқылы алады.

КСЕНОННЫҢ, КРИПТОННЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

Инертті газдардың сыртқы қауызы 8 электронды тұрақты болады, сондықтан олар электрон беріп немесе алып реакцияласпайды – инертті. Бірақ молекулалар арасында туатын Ван-дер-Ваальс күштерінің себебінен қосылыстар түзеді: Э*6Н2О (клартраттар), бұл қосылыстар тұрақсыз -400С және оданда төмен температурада ыдырап кетеді.

Ксенонды платинаның гексафторидімен әрекеттестіру реакциясы мүмкін болды, нәтижесінде Xe[PtF6] алынды. Ксенонның фтормен әрекеттесу нәтижесінде әртүрлі құрамды фторидтер алынды. Бұл элементтердің басқа да қосылыстары алынған: оксидтері, тұздары. Асыл элементтердің барлық қосылыстары тұрақсыз заттар, күшті тотықтырғыштар.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет