ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені физикалық химияны және электрохимияны оқытудың әдістемелік аспектілері «6М011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет7/10
Дата15.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#136789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әдебиеттер:

1. Практикум по неорганической химии: Учеб. пособие для студентов пед. ин-тов/ Л.В. Бабич, С.А. Балезин, Ф.Б. Гликина – М.: Просвещение, 1991. – 320 с.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ТАҚЫРЫПТЫ БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ.


Тақырыптардың аталуы

Сабақтың мақсаты
Бақылау сұрақтары

1
2

3
4

1.


Сутегі.


Сутегінің алу тәсілдерімен және қасиеттерімен танысып білу.

1.Зертханада сутегінің алу және жинау тәсілдерін анықтау. Реакция теңдеулерін жазу.

2.Сутегінің физикалық қасиеттері қандай?

3. Сутегінің химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жаз. 4. Сутегінің металдар және бейметалдармен қосылыстарындағы химиялық байланыстың табиғатында қандай айырмашылық бар? 5.Бейметалдардың сутекті қосылыстары мен металл гидридтерінің тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерін сипатта?.

6.Бейметалдардың сутекті қосылыстары мен металл гидридтерінің суға қатынасы қандай?

7.Сутегінің металл осидтерімен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш қасиетін қалай түсіндіруге болады?


2.

Хлор және хлорсутегі.


Хлор және хлорсутегін алу әдістерімен және қасиеттерімен танысып білу.

1.Анықта, хлорды концентрлі тұз қышқылынан тотықтырғыш ретінде FeCl3, PbO2 қолданғанда алуға болама?

2. ІІІ период элементтерінің хлоридтерінің молекулярлық формулаларын құрастыр. Қосылыстардың химиялық қасиеттерін және қосылыстардағы химиялық байланыс типін анықта?

3. Неге сульфатты әдіспен хлорсутегін алғанда қатты түрдегі натрий хлоридін және күкірт қышқылының концентрлі ерітіндісі қолданылады? Реакция теңдеулерін жаз.

4.Фтор және хлордың сутекті қосылыстарының қасиеттері мен молекулаларының құрылымын салыстыр. Қандай ұқсастық және айырмашылық болады?

5.Концентрлі тұз қышқылының тотықсыздандырғыш қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаз?


3.



Хлордың оттекті қосылыстары.



Хлордың негізгі оттекті қосылыстарының алу әдістерімен және олардың қасиеттерімен танысып білу.

1.Оттекті қосылыстарда хлор атомы қандай тотығу дәрежелерде болады? Мысалы келтір. 2.Хлордың оксидтері мен гидроксидтерінің құрылымдық формулаларын құрастыр.

3. HСlO, HClO3, HClO4 алынуының реакция теңлеулерін жаз.

4.Хлордың оксидтерінің, гидроксидтерінің, тұздарының тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерін сиптта?

5. HСlO, HClO2, HClO3, HClO4 қатарында хлордың оттекті қосылыстарының қышқылдық және тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Түсіндірме бер? 6.Хлордың оттекті қосылыстары қайда қолданылады?



4.

Бром, иод және олардың қосылыстары.

Бром, иод және олардың қосылыстарының алу әдістерімен және олардың қасиеттерімен танысып білу.

1. Бром және йод атомдарының электрондық формулаларын жаз.

2. Бром және йодтың физикалық және химиялық қасиеттері қандай?

3. Бром мен йодтың хлормен ұқсас қасиеттерін сипаттайтын теңдеулерін жаз.

4. Галогендерді олардың тотықтырғыш қасиеттерінің кемуі реті бойынша орналастыр? Бұл заңдылықты түсіндір?



5.

Күкірт, күкірсутегі, сульфидтер.

Күкіртті, күкіртсутегін, сульфидтерді алу әдістерімен және қасиеттерімен танысып білу.

1.Күкірттің модификацияларын ата? Қандай модификациялары полиморфты болады? Қалыпты жағдайда күкірттің қандай модификациясы тұрақты болады?

2.Тотығу-тотықсыздану процестерде күкірт қандай химиялық қасиеттерімен сипатталады? Мысаплы келтір. 3.Қосылыстарында күкірт атомы қандай тотығу дәрежелерде болады? Мысалы келтір.

4. Күкірттің қандай қосылыстары химиялық реакцияларда тек қана а)тотықсыздандырғыш б)тотықтырғыш в)тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш болады?

5.Қандай сутекті қосылыс(H2S,

H2Se,H2Te) термиялық тұрақты, күшті тотықсыздандырғыш?

6. H2S, Na2S,CS2 қосылыстарда химиялық байланыс характері қандай?

7. Na2S2 және FeS2 полисульфидтердің құрылымдық формуласын жаз.

8. Металл сульфидтерінің сатылы және толық гидролиз теңлдеулерін жаз.



6.

Күкірттің оттекті қосылыстары.

Күкірттің оттекті қосылыстарын алу тәсілдерімен және қасиеттерімен танысып білу.

1.Күкірттің (ІҮ) және (ҮІ) оксидтерінің химиялық қасиеттерін сиптта. Молекулаларының құрылмын ескеріп айырмашлықтарын түсіндір.

2.Зертханада және өнерәсіпте күкірттің (ІҮ) және (ҮІ) оксидтерін алынуының реакция теңдеулерін жаз.

3.Күкірт (ІҮ) оксидінің тотығу-тотықсыздану реакцияларында қандай қасиеттерімен сипатталатының көрсет. Реакция теңдеулерін жаз, мысалы келтір.

4. Күкірт қышқылының графикалық формуласын жаз. Химиялық байланыс характерін, гибридизация типін, күкірттің координациялық санын анықта.

5. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында күкірт қышқылы қандай қасиеттермен сипатталады? Мысалы келтір.

6. Сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылының металдармен әрекеттесу механизмін көрсет. Қандай айырмашылықтар бар?

Реакция теңдеулерін жаз.


7.

Азот және оның сутекті қосылыстары.


Азот және оның сутекті қосылыстарын алу тәсілдерімен және қасиеттерімен танысып білу.

1.Азотты зертханада қандай заттардан және қандай жағдайларда алады? Реакция теңдеулерін жаз.

2. Азоттың қандай сутекті қосылыстарын білесін? Олардың формулалары мен атауларын жаз. Тотығу-тотықысыздану реакцияларда қандай қасиеттермен сипатталады?

3.ВБӘ тұрғысынан аммиак молекуласының құрылымын түсіндір? Аммиак молекуласының өрістегі құрылымы қандай? Аммиак молекуласының құрылымы қасиеттеріне қалай әсер етеді?

4.Зертханада аммиакты қандай заттардан және қандай жағдайларда алады?

5.Аммиактың химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жаз.

6. NH4Br , (NH4)3PO 4, NH4 NO3,

NH4NO2 бұл тұздарды қыздырғанда қандай заттар түзіледі? Реакция теңдеулерін жаз.


8.

Азоттың оттекті қосылыстары.

Азоттың оттекті қосылыстарын алу тәсілдерімен және қасиеттерімен танысып білу.

1.Азот (ІІ) оксидін алынуының әдістерін анықта? Реакция теңдеулерін жаз. Қандай жағдайларда бұл реакциялар жүреді?

2.Азот (ІҮ) оксидінің химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жаз.

3.Тотығу-тотықсыздану реакцияларда нитриттер қандай қасиеттермен сипатталады? Бұл реакциялар қандай ортада жүреді? Мысалы келтір.

4.Азот және азотты қышқылдардың графикалық формулаларын жаз? Химиялық байланыстардың характері мен гибридизация типін анықта?

5.Азот қышқылын аммиактан алу әдісінің реакция теңдеулерін жаз? Бұл реакциялар қандай жағдайларда жүреді?

6.Азот қышқылы қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз. Азот қышқылы металдармен қалай әрекеттеседі?

7.Азот қышқылының тұздарының ерігіштігі қандай? Қандай нитраттар ерітіндіде гидролизге ұшырайды? Реакция теңдеулерін жаз.

8.Әр түрлі металдардың нитраттары қыздырғанда қалай ыдырайды? Түсіндірме бер. Реакция теңдеулерін жаз.



9.

Фосфор және оның қосылыстары.

Фосфор және оның қосылыстарын алу тәсілдерімен және қасиеттерімен танысып білу.

1.Фосфордың маңызды химиялық қасиеттерін ата? Реакция теңдеулерін жаз. Фосфордың тотығу, тотықсыздану, диспропорциялану реакцияларының теңдеулерін жаз.

2.Фосфинді алу реакция теңделерін жаз. Аммиак пен фосфинның электрондонорлық қасиеттерін салыстыр. Тотығу-тотықсыздану реакцияларда фосфин қандай қасиеттермен сипатталады?

3.Фосфор (ІІІ), (Ү), фосфор қышқылдарының графикалық формулаларын жаз. Бұл қосылыстардағы фосфордың химиялық байланыстар характері мен гибридтену типін анықта? Фосфордың қандай қышқылдары тотықсыздандырғыш қасиеттермен сипатталады?

4.Ортофосфор қышқылының алу тәсілдерін анықта? Реакция теңдеулерін жаз.

5.Фосфор (ІІІ), (Ү) галогенидтерінің гидролиз теңдеулерін жаз.

6.Фосфор (ІІІ), (Ү) оксидтерінің графикалық формулаларын анықта. Бұл оксидтер қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз.



10.

Көміртегі және оның қосылыстары.

Көміртегі және оның қосылыстарын алу тәсілдерімен және қасиеттерімен танысып білу.

1.Қосылыстарында көміртегі атомы қандай тотығу дәрежелерде бола алады? Тотығу-тотықсыздану реакцияларда көміртегі қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз.

2.Көміртегінің қандай аллотропиялық өзгерістері белгілі? Олардың қасиеттері қандай?

3.Метан, этилен, ацетилен молекулаларының құрылымы қандай?

4.Көміртегі (ІІ), (ІҮ) оксидтерінің қышқылдық-негіздік, тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстыр. Реакция теңдеулерін жаз.

5.Карбонаттар мен гидрокарбонаттарды қандай әдістермен алады? Олардың термиялық тұрақтылығы қандай? Реакция теңдеулерін жаз.

6.Келесі тұздардың: K2CO3, KHCO3 , (NH4)2CO3 гидролиз теңдеулрін жаз.

7.Көміртегі (ІІ) оксидінің молекуласы комплексті қосылыстарда лиганд ретінде болады. Бұл оксидтың осындай қасиетін қалай түсіндіруге болады?


11.

Кремний және оның қосылыстары.

Кремний және оның қосылыстарын алу тәсілдерімен және қасиеттерімен танысып білу.

1.Қосылыстарында кремний атомы қандай тотығу дәрежелерде болады? Мысалы келтір. Тотығу-тотықсыздану реакцияларда кремний қосылыстары қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз.

2.Кремний мен көміртегінің сутекті қосылыстарының химиялық қасиеттерінде қандай ұқсастық және айырмашылық бар? Түсіндірме бер. Реакция теңдеулерін жаз.

3.Силицидтерді, кремний (ІҮ) оксидін және кремний қышқылдарын қандай әдістермен алады? Реакция теңдеулерін жаз.

4.Кремний және көміртегі оксидтерінің және гидроксидтерінің қасиеттерін салыстыр.



12.

Бор, алюминий және олардың қосылыстары.

Бор, алюминий және олардың қосылыстарын алу тәсілдерімен және қасиеттерімен танысып білу.

1. Бор және алюминийді қандай табиғи қосылыстардан алады? Реакция теңдеулерін жаз.

2.Бордың қосылыстарының алу әдістері қандай? Қосылыстарында бор қандай тотығу дәрежеде болады?

3.Алюминийдің химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жаз.

4.Алюминий сұйытылған және концентрлі тұз, күкірт, азот қышқылдарымен қалай әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін жаз.

5.Алюминий оксиді мен гидроксидінің химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жаз. Протолиттік теория тұрғысынан алюминий гидроксидінің амфотерлік қасиеттерін түсіндір?

6.Бор мен алюминийдің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін салыстыр. Түсіндір неге бор және оның оттекті қосылыстары химиялық қасиеттері бойынша басқа ІІІ топтың негізгі топша элементтерінен айырықша? Алюминий тұздары гидролизге ұшырайды ма? Гидролиз теңдеулерін жаз.



13.

Бериллий, магний, сілтілік-жер металдар және олардың қосылыстары.

Бериллий, магний, сілтілік-жер металдардың және олардың қосылыстарын алу тәсілдерімен және қасиеттерімен танысып білу.

1.Бериллий және магний гидроксидтерінің диссоциациялану теңдеулерін жаз. Магний және бериллий гидроксидтерінің қасиеттерінде қандай ұқсастық және айырмашылық бар?

2.Түсіндір неге магний гидроксиді аммоний тұздарының ерітіндісінде ериді?

3.Сілтілік-жер металдардың гидроксидтерін қалай алуға болады? Реакция теңдеулерін жаз. Сілтлік-жер металдардың гидроксидтерінің ерігіштігі және күші қалай өзгереді?

4.Сілтілік-жер металдардың карбонаттар мен сульфаттарының ерігіштігі қалай өзгереді?

5.Судың кермектігі дегеніміз не? Оны қалай жоюға болады? Реакция теңдеулерін жаз.


14.

Сілтілік металдар және олардың қосылыстары.

Сілтілік металдардың алу әдістерімен және олардың қосылыстарының қасиеттерімен танысып білу.

1.Сілтілік металдардың алу әдістерін ата? Реакция теңдеулерін жаз.

2.Сілтілік металдардың бинарлы оттекті қосылыстарын анықта? Олардың практикалық маңызы қандай?

3.Сілтілік металдардың нашар еритін тұздарының мысалын келтір.


15.

Мыс, күміс және олардың қосылыстары.

Мыс, күмістің алу әдістерімен және олардың қосылыстарының қасиеттерімен танысып білу.

1.Мыс, күміс қышқылдармен қалай әрекеттеседі: суықта және қыздырғанда? Реакция теңдеулерін жаз.

2.Мыс, күміс, алтынның гидроксидтерінің қасиеттерін сипатта? Реакция теңдеулерін жаз.

3.Мыс, күміс, алтынға комплексті қосылыстарда қандай координациялық сандар тәе болады? Мысалы келтір. Реакция теңдеулерін жаз. Мыс және күмістің комплексті қосылыстарының алу жолдарын жаз?


16.

Мырыш, кадмий, сынап және олардың қосылыстары.


Мырыш, кадмий және сынапты алу әдістерімен және олардың қосылыстарының қасиеттерімен танысып білу.

1.Неге қалыпты жағдайда мырыш пен кадмий судан сутегін ығыстырп шығарады?

2.Мырыштың тотықтырғыш қышқылдармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жаз.

3.Zn2+, Cd2+, Hg2+ иондарын комплекстүзуші ретінде қарастыр?

4.Мырыш, кадмий және сынап гидроксидтерінің қасиеттерін сипатта. Реакция теңдеулерін жаз.



17.

Хром және оның қосылыстары.

Хромның және оның қосылыстарының алу әдістерімен, қасиеттерімен танысып білу.

1. Хром, молиблен, вольфрам атомдарының электрондық формулаларын жаз?

2. Алтыншы топтың негізгі және қосымша топша элементтерінің электрондық құрылымы мен қасиеттерінде қандай айырмашылық бар?

3.Cr (II) Cr (III) Cr (VI) қатарындағы хромның оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық табиғаты қалай өзгереді?

4.Хром (ІІІ) гидроксидінің қышқылдар және сілтілермен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жаз?

5.Хром-комлекстүзушінің тотығу дәрежесі мен координациялық саны нешеге тең болады? Хромның комплексті қосылыстарының мысалдарын келтір?

6.Қандай жағдайларда ерітінділерде хроматтар мен дихроматтар тұрақты? Реакция теңдеулерін жаз?

7.Тотығу-тотықсыздану реакцияларында Cr (III), Cr (VI) қосылыстары қандай қасиеттермен сипатталады? Қандай ортада мұндай процестер жүреді? Мысалы келтір. Реакция теңдеулерін жаз?


18.

Марганец және оның қосылыстары.

Марганецтің және оның қосылыстарының алу әдістерімен, қасиеттерімен танысып білу.

1. Қалай марганец сұйытылған және концентрлі азот, тұз, күкірт қышқылдарымен суықта және қыздырғанда әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін жаз.

2.Марганецтің оксидтері мен гидроксидтерін қалай алады? Реакция теңдеулерін жаз. Қайсылары бос күйінде бөлініп алынған?

3.Марганецтің тотығу дәрежесі артқан сайын оның оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық характері қалай өзгереді? Түсіндірме бер.

4.Марганецтің қандай қосылыстары химиялық реакцияларда тек қана а)тотықсыздандырғыш б) тотықтырғыш в) тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш бола алады? Түсіндірме бер.

5.Mn (II) қосылыстары тотығу-тотықсыздану реакцияларда қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз. Қандай ортада бұл қосылыстар тұрақты болады? Мысалы келтір.

6.MnO2 концентрлі тұз, күкірт қышқылдармен және сілтілермен балқытқанда әрекеттескенде қандай заттар түзіледі? Бұл реакцияларда MnO2 қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз.

7. Марганец (VI) қосылыстарын қалай алады? Реакция теңдеулерін жаз. Бұл қосылыстардың тұрақтылығы қандай?

8.Калий перманганатының тотықсыздану өнімдерінің құрамы қандай факторларға тәуелді? Реакция теңдеулерін жаз.



19.

Темір, кобальт, никель және олардың қосылыстары.

Темір, кобальт, никель және олардың қосылыстарының алу жолдарымен, қасиеттерімен танысып білу.

1. Кобальт, никель, темір атомдарының электрондық формулаларын жаз.

2.Темір, кобальт, никель үшін қандай тотығу дәрежелер тән болады?

3.Зертханалық жағдайларда темірді қалай алуға болады? Бұл жағдайда қандай тотықсыздандырғыштар қолданылады? Реакция теңдеулерін жаз.

4.Темірлік металдардың химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жаз.

5.Темірлік металдардың оксидтері мен гидроксидтерін қалай алады? Реакция теңдеулерін жаз.

6.Темір, кобальт, никель тұздарының қасиеттерін (түсі, суда ерігіштігі, гидролиз, ауаның оттегісіне қатысы) сипатта?

7.Темір, кобальт, никель қосылыстары тотығу-тотықсыздану реакцияларында қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз.

Әдебиет:


  1. Практикум по неорганической химии. Учебное пособие для студентов пед.институтов. Л.В.Бабич, С.А.Балезин, Ф.Б.Гликина. М., Просвещение, 1991


ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЛАТЫН

ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА (ОЖОӨЖ) ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыстар зертханадағы жұмысты, бақылау тапсырмаларын, берілген тапсырманың теориялық негізін түсінуге, тақырып бойынша зертханалық тәжірибиелерді орындау әдістемесі, зертханалық журналардарына жасалған жұмыстарын жазу, есеп шығару, зертханалық жұмыс бойынша есеп тапсыру, курстың негізгі бөлімдері бойынша коллоквиум тапсыруды қамтиды. Оқытудың бұл түрі студенттердің алған білімін бекітуге бағытталған. ОЖОӨЖ кеңес беру және бақылау функциясын атқарады.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ОЖОӨЖ ЖОСПАРЫ



Аудиториялық сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты мен мазмұны

Әдебиет

негізгі

қосымша


Сағат

саны



Бақылау формасы

1

2

3

4

5


6

1.

Сутегі. VII топтың негізгі топша элементтері.

Элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың және қосылыстардың алынуы, химиялық және физикалық қасиеттерін білу.

Элемент атомдарының электрондық және графикалық формуласын, химиялық реакциялардың тендеуін құрастыруын білу. Сұрақтарға жауап беру және жеке карточкалар бойынша есептерді шығару.

№1-4 зертханалық жұмыстардын орындау әдістемесін тапсыру. №1-4 зертханалық жұмыстардын орындап болған соң есеп тапсыру.


/1/, 232-242; 323-350

/4/,272-308.



/5/, 330-359.

/1/,292-303; 456-473




2,0

Жазбаша бақылау жұмысы.

Ауызша сұрау.

Конспект.

Зертханалық журналды жазу, әңгімелесу.




2.

VI топтың негізгі топша элементтері.

Элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың және қосылыстардың алынуы, химиялық және физикалық қасиеттерін білу.

Элемент атомдарының электрондық және графикалық формуласын, химиялық реакциялардың тендеуін құрастыруын білу. Сұрақтарға жауап беру және жеке карточкалар бойынша есептерді шығару.

№5-7 зертханалық жұмыстардын орындау әдістемесін тапсыру. №5-7 зертханалық жұмыстардын орындап болған соң есеп тапсыру.


/1/, 350-376;

/4/,309-343.



/5/,359-383.

/1/,432-448.




1,5


Жазбаша бақылау жұмысы.

Ауызша сұрау.

Конспект.

Зертханалық журналды жазу, әңгімелесу.




3.

V топтың негізгі топша элементтері.

Элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың және қосылыстардың алынуы, химиялық және физикалық қасиеттерін білу.

Элемент атомдарының электрондық және графикалық формуласын, химиялық реакциялардың тендеуін құрастыруын білу. Сұрақтарға жауап беру және жеке карточкалар бойынша есептерді шығару.

№8-11 зертханалық жұмыстардын орындау әдістемесін тапсыру. №8-11 зертханалық жұмыстардын орындап болған соң есеп тапсыру.


/1/,376-413

/4/,343-389.



/5/,383-417

/1/,396-432.




1,5


Жазбаша бақылау жұмысы.

Ауызша сұрау.

Конспект.

Зертханалық журналды жазу, әңгімелесу.




4.

IV топтың негізгі топша элементтері.

Элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың және қосылыстардың алынуы, химиялық және физикалық қасиеттерін білу.

Элемент атомдарының электрондық және графикалық формуласын, химиялық реакциялардың тендеуін құрастыруын білу. Сұрақтарға жауап беру және жеке карточкалар бойынша есептерді шығару.

№12-13 зертханалық жұмыстардын орындау әдістемесін тапсыру. №12-13 зертханалық жұмыстардын орындап болған соң есеп тапсыру.


/1/,413-445

/4/,390-431



/5/,417-434; 504-513

/1/,355-390.



1,5

Жазбаша бақылау жұмысы.

Ауызша сұрау.

Зертханалық журналды жазу, әңгімелесу.


5.

III топтың негізгі топша элементтері.

Элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың және қосылыстардың алынуы, химиялық және физикалық қасиеттерін білу.

Элемент атомдарының электрондық және графикалық формуласын, химиялық реакциялардың тендеуін құрастыруын білу. Сұрақтарға жауап беру және жеке карточкалар бойынша есептерді шығару.

№14,15 зертханалық жұмыстардын орындау әдістемесін тапсыру. №14,15 зертханалық жұмыстардын орындап болған соң есеп тапсыру.

№ 1 СӨЖ тапсыру.

№ 1 коллоквиумды тапсыру.


/1/, 467-479

/4/,435-469



/5/,608-619

/1/,325-346



1,0

Жазбаша бақылау жұмысы.

Ауызша сұрау.

Зертханалық журналды жазу, әңгімелесу.

Конспект.

Тест.


6.

II топтың негізгі топша элементтері.

Элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың және қосылыстардың алынуы, химиялық және физикалық қасиеттерін білу.

Элемент атомдарының электрондық және графикалық формуласын, химиялық реакциялардың тендеуін құрастыруын білу. Сұрақтарға жауап беру және жеке карточкалар бойынша есептерді шығару.

№16,17 зертханалық жұмыстардын орындау әдістемесін тапсыру. №16,17 зертханалық жұмыстардын орындап болған соң есеп тапсыру.


/1/, 479-488

/4/,470-484.



/5/,587-599

/1/,315-322



1,0

Жазбаша бақылау жұмысы.

Ауызша сұрау.

Зертханалық журналды жазу, әңгімелесу.

Конспект.




7.

I топтың негізгі топша элементтері.

Элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың және қосылыстардың алынуы, химиялық және физикалық қасиеттерін білу.

Элемент атомдарының электрондық және графикалық формуласын, химиялық реакциялардың тендеуін құрастыруын білу. Сұрақтарға жауап беру және жеке карточкалар бойынша есептерді шығару.

№18,19 зертханалық жұмыстардын орындау әдістемесін тапсыру. №18,19 зертханалық жұмыстардын орындап болған соң есеп тапсыру.


/1/, 488-495

/4/,484-493



/5/,543-551

/1/,303-310




1,0

Жазбаша бақылау жұмысы.

Ауызша сұрау.

Зертханалық журналды жазу, әңгімелесу.

Конспект



8.

I топтың қосымша топша элементтері.

Элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың және қосылыстардың алынуы, химиялық және физикалық қасиеттерін білу.

Элемент атомдарының электрондық және графикалық формуласын, химиялық реакциялардың тендеуін құрастыруын білу. Сұрақтарға жауап беру және жеке карточкалар бойынша есептерді шығару.

№20,21 зертханалық жұмыстардын орындау әдістемесін тапсыру. №20,21 зертханалық жұмыстардын орындап болған соң есеп тапсыру.


/1/,516-526

/4/,619-630



/5/,551-563

/1/,310-315



1,0

Жазбаша бақылау жұмысы.

Ауызша сұрау.

Зертханалық журналды жазу, әңгімелесу.

Конспект.




9.

II топтың қосымша топша элементтері.

Элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың және қосылыстардың алынуы, химиялық және физикалық қасиеттерін білу.

Элемент атомдарының электрондық және графикалық формуласын, химиялық реакциялардың тендеуін құрастыруын білу. Сұрақтарға жауап беру және жеке карточкалар бойынша есептерді шығару.

№22,23 зертханалық жұмыстардын орындау әдістемесін тапсыру. №22,23 зертханалық жұмыстардын орындап болған соң есеп тапсыру.


/1/,526-533

/4/,630-638

/5/,599-608

/1/,322-324



1,0

Жазбаша бақылау жұмысы.

Ауызша сұрау.

Зертханалық журналды жазу, әңгімелесу.

Конспект.




10.

VI топтың қосымша топша элементтері.

Элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың және қосылыстардың алынуы, химиялық және физикалық қасиеттерін білу.

Элемент атомдарының электрондық және графикалық формуласын, химиялық реакциялардың тендеуін құрастыруын білу. Сұрақтарға жауап беру және жеке карточкалар бойынша есептерді шығару.

№24,25 зертханалық жұмыстардын орындау әдістемесін тапсыру. №24,25 зертханалық жұмыстардын орындап болған соң есеп тапсыру.


/1/,541-553

/4/,548-568

/5/,633-641

/1/,448-456



1,0

Жазбаша бақылау жұмысы.

Ауызша сұрау.

Зертханалық журналды жазу, әңгімелесу.

Конспект



11.

VII топтың қосымша топша элементтері.

Элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың және қосылыстардың алынуы, химиялық және физикалық қасиеттерін білу.

Элемент атомдарының электрондық және графикалық формуласын, химиялық реакциялардың тендеуін құрастыруын білу. Сұрақтарға жауап беру және жеке карточкалар бойынша есептерді шығару.

№26,27 зертханалық жұмыстардын орындау әдістемесін тапсыру. №26,27 зертханалық жұмыстардын орындап болған соң есеп тапсыру.

№ 2 СӨЖ тапсыру.

№ 2 коллоквиумды тапсыру.


/1/,553-562

/4/,568-580

/5/,641-646

/1/,473-482



1,0

Жазбаша бақылау жұмысы.

Ауызша сұрау.

Зертханалық журналды жазу, әңгімелесу.

Конспект.

Тест.


12.

VIII топтың қосымша топша элементтері.

Лантаноидтар. Актиноидтар.



Элементтер атомына жалпы сипаттама, жай заттардың және қосылыстардың алынуы, химиялық және физикалық қасиеттерін білу.

Элемент атомдарының электрондық және графикалық формуласын, химиялық реакциялардың тендеуін құрастыруын білу. Сұрақтарға жауап беру және жеке карточкалар бойынша есептерді шығару.

№28-30 зертханалық жұмыстардын орындау әдістемесін тапсыру.

№28-30 зертханалық жұмыстардын орындап болған соң есеп тапсыру.

№ 3 СӨЖ тапсыру.

№ 3 коллоквиумды тапсыру.



/1/,562-592

/4/,580-619;639-656

/5/,649-679; 621-625

/1/,488-501; 504-518; 346-355



1,5

Жазбаша бақылау жұмысы.

Ауызша сұрау.

Зертханалық журналды жазу, әңгімелесу.

Конспект.

Тест.





Жалпы







15 сағат






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет