ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту әдістемесі» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет12/30
Дата17.07.2016
өлшемі1.3 Mb.
#205012
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

сурет - а сурет - б

«Ток күші, кернеу, кедергі» тақырыптарын оқып үйрену өткізгіштерді тізбектеп және параллель қосуды қарастырумен аяқталып, өткізгіштерді тізбектеп және параллель қосқан кездегі тізбектің жалпы кедергісін есептеп шығару үшін формула қорытылады.

Алдымен оқушылар тәжірибелер нәтижесінде:

-резисторларды (өткізгіштерді) тізбектеп қосқанда барлық резисторлар (өткізгіштер) арқылы өтетін ток бірдей болатынын;

- резисторларды (өткізгіштерді) тізбектеп қосқанда, ондағы жалпы кернеудің түсуі жеке резисторлардағы (өткізгіштердегі) кернеулердің түсулерінің қосындысына тең болатындығын;

- резисторларды (өткізгіштерді) параллель қосқанда тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток, тармақталған бөліктеріндегі токтардың қосындысына тең болатынын;

-параллель қосылған барлық резисторлардағы (өткізгіштердегі) кернеудің түсуі бірдей болатынын меңгерулері керек.

Барлық осы заңдылықтардың мәнін ашуға гидродинамикалық аналогия көмектеседі.

Жоғарыда аталған заңдылықтар мен Омның тізбек бөлігіне арналған заңы негізінде резисторларды (өткізгіштерді) қосудың жалпы кедергісі үшін формула тағайындалады.

Бұл материалды оқып үйренуде оқушыларға бұрыннан таныс тәуелділігін қолданып және сапалық баға берген пайдалы: тізбекке тізбектеп қосылған өткізгіштердің ұзындығы, ал параллель қосылған өткізгіштердің көлденең қимасының ауданы артатын сияқты болады. Бірінші жағдайда жалпы кедергі өсетіні, ал екінші жағдайда кемитіні өзінен-өзі түсінікті.

Резисторларды (өткізгіштерді) параллель қосудың практикада қолданылуының мысалы ретінде лампылы реостатты қарастыруға болады. Практикада «жүктеме» деген термин жиі қолданылады. Оқушыларға неғұрлым кедергі аз болса, соғұрлым тізбекте ток және «жүктеме» көп болатынын түсіндіру керек. Лампылы реостаттағы параллель қосылған лампылардың санын арттыра отырып, біз лампылы реостаттың кедергісін азайтамыз да, тізбектегі «жүкті» көбейтеміз.

Электр тогының жұмысы мен қуаты

Электр тогының жұмысы

Электр тогының жұмысы энергияның бір түрінің (электр өрісінің энергиясы) екінші түріне (денелердің ішкі энергиясының механикалық энергияға және энергияныңбасқа түрлеріне) айналу процесін сипаттайтыны айтылады.

Металдардағы электр тогы электр өрісі тарапынан әсер ететін күштің әсерінен электрондардың реттелген қозғалысы болғандықтан, тізбектегі электр тогының жұмысы деп өткізгіштегі электрондардың орын ауыстыру бойынша электр өрісінің күш жұмысын айтады.

Қандай да бір тізбек бөлігі ұштарындағы кернеу осы бөлікте бір кулон электр мөлшері жүріп өткенде атқарылатын жұмысқа тең. Кернеуден жұмыс шамасын есептеуге көшеді:

А = Uq,

Мұндағы А - жұмыс, U – кернеу, q – электр мөлшері.

Сонымен, алдымен A=Uq формуласын енгізеді, өйткені бұрын осы формула арқылы кернеуді U енгізген. Осы формуладан кейін, іс жүзінде көп қолданылмайтын формуласына өтеді.

Жұмыстың джоуль бірлігі оқушыларға белгілі. формуласы оны вольт, ампер, секунд арқылы өрнектеуге мүмкіндік береді.

Электр тогының қуаты

Оқушылар қуат ұғымымен механиканы өткенде кездескен болатын. Сондықтан алдымен қуаттың анықтамасы мен оның өлшеу бірліктері қайталанады. Механикалық қуатты әрпімен, ал электр тогының қуатын әрпімен белгілеу қабылданғаны ескертіледі. Сонан соң электр тогының қуатын қорыту оқушылардың өздеріне тапсырылады: .


Механикалық қуат сияқты, электр тогының қуаты да ваттпен өлшенетіні айтылады.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Электростатика элементтері оқыту әдістемесі

  2. Тұрақты токты оқыту әдістемесі

  3. Электромагниттік құбылыстарды оқыту әдістемесі

  4. Электромагниттік өрісті оқыту әдістемесі

  5. Жарық құбылыстары тақырыптарын оқыту әдістемесі


4 -тақырып. Механикалық тербелістер мен толқындар, атом, атом ядросының құрылысы тақырыптарын оқыту әдістемесі.

Дәріс мақсаты: Механикалық тербелістер мен толқындар, атом, атом ядросының құрылысы тақырыптарын оқыту әдістемесін көрсету.

Жоспар:


        1. Механикалық тербелістер мен толқындарды оқыту әдістемесі

        2. Атом, атом ядросының құрылысы тақырыптарын оқыту әдістемесі.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Механикалық тербелістер мен толқындарды оқыту әдістемесі

Механикалық тербелістер мен толқындарды меңгерумен «Механика» бөлімі аяқталады. Алғашқыда әртүрлі тербелістер мен толқындарды біріктіріп оқытудың қажет емес екендігі әдістемелік тұрғыдан дәлелденді. Табиғаты әртүрлі тербелістер мен толқындарды алғашында біріктіріп емес, механика бөлімін меңгеруде – механикалық тербелістер мен толқындар, ал электродинамика бөлімін меңгеруде – электромагниттік тербелістер мен толқындар оқытылу дәлелденді.

Еркін механикалық тербелістер

Тербелістері меңгеру осы тқырыптағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылатын тербелмелі қозғалыс жайындағы ұғымды енгізумен басталады. Оқушылар периодты, яғни бірдей уақыт аралығында қайталанатын қозғалыстармен (мысалы, шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалыс) таныс. Периодты қозғалыстың әртүрлілігі – тербелмелілік, яғни дене өзінің тепе-теңдік қалпынан біресе бір жаққа, бірсе екінші жаққа қозғалады. Тербелмелі қозғалысқа мысалдар келтіреді және анықталған белгілі бір жағдайларда тербеліс жасай алатын денелер жүйесін (вериткаль және горизонталь серіппелі маятниктер, жіпке ілінген жүк, және т.б.) демонстарциялайды. Осы тербелмелі жүйелер мысалында олардың кез келгеніне ортақ сипатты ерекшеліктерін: тепе-теңдіктің тұрақты қалыптың бар болуы (наличие устойчивого поло­жения равновесия), инертілік факторы және т.б. көрсетеді. Содан кейін оқушыларға төмендегі суретте көрсетілген жүйелерде тербеліс бола алама деген сұраққа жауап берулерін және өз жауаптарын эксперимент жүзінде тексерулерін талап етуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет