ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»



бет6/15
Дата30.06.2016
өлшемі4.92 Mb.
#167711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Есеп 12 18г көмір жанғанда қанша көлем оттегі қатысады.

Шешуі:


m(С)=18г С + О2 = СО2

--------------

М(С)=12г/моль Теңдеу бойынша 1моль С және 1моль О2

Vm= 22,4л/моль m (С) =1моль ∙12г/моль =12г

V(О2) =1моль ∙22,4л/моль =22,4л

18г >12г (1,5есе) олай болса О2 де 1,5 есе көп керек етеді.



V(О2) =22,4л ∙1,5 = 33,6л



Жауабы:18г С жанғанда 33,6л О2 кетеді.
Газдардың салыстырмалы тығыздығын анықтау

Бір литр газдардың көлемдері 22,4л тең, молекула саны 6∙1023 тең. Ал массалары бірдей емес.


Мысалы: СО2 мен Н2 салыстырсақ әртүрлі (m1 Мr)

m (СО2) М (СО2)

m (Н2) М r 2)

Массаны формула арқылы да анықтаймыз

m = V∙ p m (СО2) = V(СО2) ∙ p (СО2)

m (Н2) = V(Н2) ∙ p (Н2) осыдан
V(СО2) p (СО2) = Мr(СО2)

V(Н2) ∙ p (Н2) Мr 2)


Көлемдері бірдей болғасын (1л) былай болады:
p (СО2)Мr(СО2) немесе p1 : p2 = Мr(1) : Мr(2)

p(Н2) Мr 2)

p1 : p2 = d тығыздық дейді.
d = m1 : m2 = p1 : p2 = Мr(1) : Мr(2)

Есеп 13 Тұз қышқылының (НСІ) азот бойынша тығыздығын анықтау

Шешуі:



Бірінші әдіс(Формула бойынша)

НСІ


d = Мr(НСІ) : Мr(N2) = 36,5 ׃ 28 =1,3

d(НСІ) -?

Екінші әдіс(Тығыздық бойынша)

М r (НСІ) =36,5 Газдардың тығыздығын кестеден қараймыз.

М r (N2) = 28

p (НСІ) =1,63г/л p (N2) = 1,25г/л


d = p (НСІ) : p (N2) = 1,63 : 1,25 = 1,3
Жауабы: d (НСІ) =1,3
Теңдеу бойынша газдардың көлемдік қатынасын анықтау

(Гей-Люссак заңы)
Есеп 14. 2л NН3 жанғанда қандай көлем О2 керек және қандай көлем N2 бөлінеді:

Шешуі: 4 NН3 + 3 О2 = 2 N2 + 6Н2О

V (NН3) =2л 4 моль 3 моль 2 моль

-------------------

V (N2)-? V (О2)-? Химиялық теңдеу бойынша аммиак 4 көлем, ал

азот 2 көлем болып тұр, олай болса азот 2 есе, ал оттегі 1,5 есе кем бөлінеді,


Жауабы: 2л NН3 жанғанда 1,5л О2 және 1л N2 керек.
Есеп 15. 1 л зат жанғанда 5л оттегі жұмсалады. Реакциядан кейін 3л СО2 және 4л Н2О бөлінеді. Заттың формуласын табу?

Шешуі: газ + 5О2 = 3СО2 + 4Н2О
Теңдеу бойынша оттегін санасақ газдың құрамында оттегі болмаған, тек С,Н болған. Осыдан:

СхНу + 5О2 = 3СО2 + 4Н2О



3моль 4моль
Химиялық теңдеу бойынша 3моль СО2 құрамында 3моль С болады, олай болса көміртегінің белгісіз саны х=3 тең болады, ал 4моль Н2О - 8моль Н тең болады, яғни у = 8
Жауабы: С3Н8 (пропан)

Өзін-өзі бақылау сұрақтары


  1. Символика арқылы төмендегі мәліметтерді жазыңдар: 1) құрамында 12 атом көміртегі 22 атом сутегі және 11 атом оттегі кіретін сахарозаның салыстырмалы молекулалық массасы; 2) сахароза молекуласының массасы.

  2. Сахарозаның құрамындағы сутегі, көміртегі және оттегінің массалық үлесін анықтаңдар.

  3. Н24 –күкірт қышқылы. Символика арқылы белгілеңдер. а) Н24 молекуласының массасы;б) Н24 – салыстырмалы молекулалық массасы; в) Н24 құрамындағы элементтердің массалық үлесін анықтаңдар.

  4. Н24 молекуласы судың молекуласынан неше есе ауыр?

  5. 150г NО2 құрамында қанша молекула болады?

  6. Азот оксидінің осы массасы неше моль болады? Басқа мәліметтерді пайдаланып есепті кері байланыс арқылы шығарыңдар.

  7. 5моль сутегі газында қанша молекула болады.

  8. 1,5моль Н24және 0,2моль АІ2О3 массасын анықтаңдар.

  9. 6,4г мыс сымының ұзындығы 1м. Бір моль мыстың мөлшері болатын мыс сымның қандай ұзындығын алуға болады?

  10. . Бір кг тұз сатып алынды. Ондай мөлшердің моль саны қанша. 1моль тұздың бағасы қанша?

  11. . 18г зат 200г ерітіндіде болады. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін анықтаңдар.

  12. . 5% 500г иод ерітіндісін дайындау үшін қанша г иод және спирт алуға болады.

  13. . 3л 50% КОН ерітіндісі (ρ=1,51г/см3) берілген. Еріген заттың массасын анықтаңдар.

  14. . 0,2М 500мл КNО3 ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм КNО3 алуға болады.

  15. . 3М 12л ерітіндіге 1440зат ерітілген. Ерітіндідегі заттың молярлық массасын анықтаңдар.

  16. . 0,1моль О2; 0,4моль Н2; 0,5моль СО2 қандай көлем алады (қ.ж.)

  17. . 110г құрғақ мұзды буландырғанда түзілетін СО2 көлемі (қ.ж.) қандай болады.

  18. . 10,8г АІ тұз қышқылының әрекеттескенде қандай көлем сутегі (қ.ж.) бөлінеді. Кері есепті құрастырыңдар.

  19. 1,5моль НСІ мен алюминий әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын және сутегінің көлемін анықтаңдар. Кері есепті құрастырыңдар

  20. 0,5моль суды айырғанда түзілген сутегімен оттегінің (қ.ж.) көлемін анықтаңдар.

  21. Сутегі бойынша төмендегі заттардың салыстырмалы тығыздығын анықтаңдар: а) оттегі; б) азот; в) көмір қышқыл газы

  22. . Ауа бойынша салыстырмалы тығыздықты табу. 1-Хлор; 2.Азот оксиді 3. Күкіртті сутек 4. Көмір қышқыл газы

  23. . 3л метанды, 3л этанды, 3л ацетиленді жаққанда қандай көлем көмірқышқыл газы бөлінді.

  24. . 2л иіс газын, күкіртті сутекті, бутанды жаққанда қандай көлем оттегі жұмсалады.


2. 9 сынып есептері
Химиялық теңдеулер бойынша есептеу, егер реакцияға қатысқан екі заттың біреуі артық алынса
Тоғызысыншы сыныпта алдыңғы тарауда айтылғандай 13 және 14 вариантты есептердің түрлері шығарылады. Бұл есептердің ерекшелігі сол, есептерде екі заттың массасы көрсетіледі оның біреуі артық мөлшерде беріледі. Химиялық реакция жүргенде алынған заттың бір мөлшері реакцияға толық қатыспай артық қалады. Химиялық есептеулерді реакцияға толық қатысатын заттармен жүргізеді. Сондықтан есеп шығарарда алдымен қандай зат артық алыңғаны анықталып, содан кейін барып негізгі есептер шығырылады.

Есеп 1. 20 г МдО құрамында 94,5г НNО3 бар ерітіндісімен әрекеттеседі. Қанша грамм тұз пайда болады.

Бұл есепте ең бірінші әрекет, ол магний оксиді мен азот қышқылының қайсысының артық алынғаның анықтау.

0,5моль 0,5моль

m( MgO) =20г MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О

m(НNО3 ) =94,5г 1моль 1моль


m(Mg(NO3)2) -? γ( MgO) = 20г : 40г/моль = 0,5моль

γ(НNО3 ) = 94,5г : 63г/моль =1,5моль

М( MgO)=40г/моль γ( MgO)=0,5моль=γ(Mg(NO3)2) = 0,5моль

М(НNО3 )=63г/моль Осыдан:

М(Mg(NO3)2)=148г/моль m(тұз) = γ · М = 0,5моль·148 г/моль =74г



Жауабы: 20г MgO азот қышқылымен әрекеттескенде 74 г Mg(NO3)2 тұзын береді.
Химиялық реакцияға қатысқан артық заттарды анықтаудың бірнеше әдістері бар.

1-әдіс. Заттардың сандық мөлшерін моль ұғымы арқылы анықтау. Бұл әдіс №1 есепте қарастырылды.

2-әдіс Химиялық реакцияға қатысқан заттардың массалар арақатынасы арқылы.

Реакция теңдеуі бойынша:

m (MgO) : m (НNО3 ) = 40 : 126 = 2 : 6,3



Есептің шарты бойынша:
m (MgO) : m (НNО3 ) = 20 : 94,5 = 2 : 9,4

6,3 < 9,4 қышқыл артық алынған



3-әдіс. Химиялық реакцияға қатысқан заттардың массаларын салыстыру. Химиялық реакция теңдеуі бойынша:

m (MgO) = 1моль · 40 г/моль = 40 г

m(НNО3 ) = 2моль · 63г/моль = 126г

20 г < 40 г 2есе кіші, олай болса, қышқыл да 2 есе аз болу керек, яғни

m (НNО3 ) = 126 г : 2 = 63г, ал есептің шарты бойынша қышқыл 94,4 г олай болса қышқыл артық алынған.

4-әдіс. Пропорционалдық коэфициент арқылы.

20г 94,5


MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О

40г 126
20 г : 40 г = 0,5; 94,5 : 126 = 0,75

0,5 < 0,75 қышқыл артық алынған.

5-әдіс.Пропорция әдісі арқылы.

20г mх

а) MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О

40г 126
20 : 40 = mх : 126

m(НNО3 ) = 20 г ·126 г / 40 г = 63 г

63 < 94,5 - қышқыл артық алынған.



mх 94,5 г

ә) MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О

40г 126

mх ׃ 40 = 94,5 : 126

m (MgO) = 40 г ·94,5 г / 126 г = 30 г




Теориялық мүмкіншілікпен салыстырғанда өнімнің шығымын анықтауға арналған есептер

Бұл есептеулерде өнімнің шығымының массалық үлесі туралы ұғым қалыптастырылады. Өндіріске байланысты есептеулерде алынған өнімнің шығымы әруақытта шығынға байланысты болады. Сондықтан да технолог- иялық есептеулерде өнімнің шығымына байланысты формуланы пайдалануға болады.

Нη= mП / mТ ·100; η = mпрак / mтеор

Есеп 2 Құрамында 45% S бар 320 т күкіртті колчеданнан  405 т күкірт қышқылы алынған. (есептеу сусыз қышқылға) Күкірт қышқылының шығымының массалық үлесін анықтаңдар.

Шешуі:


m (руда) = 320т Формуланы жазамыз

ω(S) = 0,45 η = mпр / mт

mпр 24) = 405 т Өнімнің шығымының массалық

үлесін анықтау үшін күкірт қышқыл -

η (Н24) - ? - ының практикалық және теориалық

массасын білсе болғаны. Ал, практика-

М(S) = 32·10-3кг/моль лық масса есептің шартыңда көрсетілген.

М(Н24) = 98 ·10-3 кг/моль Сондықдан да, күкірт қышқылының теориалық массасын анықтау үшін алдымен рудадағы күкірттің массасын анықтау керек.

mS = 32 ·103 кг · 0,45 = 144 · 103 кг = 144т

Күкірт қышқылын алу кезінде жүретін химиялық реакция теңдеуін жазамыз.

S + О2 = SО2 ; 2 SО2 + О2 = 2SО3 ;

3 + Н2О = Н24

Үш теңдеуді біріктіріп жалпы теңдеу алынады:


2S + 3О2 + 2 Н2О = 2 Н24

Сонымен өндіріс үрдісінде 1 моль күкірт 1 моль күкірт қышқылын береді: S → Н24

Енді есепті қажетті әдістермен шығаруға кірісеміз. Алдымен күкірттің сан мөлшерін табады: γ = m / М

γ (S) = 144 · 103 кг׃ 32 ·103 кг /моль = 4,5 · 106 моль

Күкірт қышқылының массасын табамыз: m = γ · М

m теор ( Н24) = 4,5 · 106 моль · 98 · 103 кг /моль = 441· 103 кг = 441 т

Осыдан күкірт қышқылының шығымын анықтаймыз:
η (Н24) = 405 т / 441 т = 0,94 = 94%

Жауабы: η (Н24) = 94%

Есеп 3. 20 г аммоний хлориді артық мөлшерде кальций гидроксидімен әрекеттескенде қанша көлем аммиак түзіледі, егер аммиактың көлемдік шығымы 98% болса.

Шешуі:

m(NН4СІ) =20 г η = Vпр / Vт Vпр = η · Vтеор

η(NН3 ) = 98%



20г хл

V(NН3 ) = ? NН4СІ + Са(ОН)2 = 2 NН3 + СаСІ2 + 2Н2О

107г 44,8

Химиялық теңдеу бойынша

m(NН4СІ) =2 моль · 53,5 г/моль = 107 г

V(NН3 ) = 2 моль · 22, 4 л/моль = 44,8 л

Пропорция құрамыз:

20 ׃ 107 = V ׃ 44,8

Vтеор (NН3) = 20 г ·44,8 л / 107 г = 8,4л

Vпр (NН3) = 8,4л · 0,98 = 8,2л



Жауабы: 20 г 4СІ 8,2 л NН3 алынады.
Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеу
Есеп 4. 12г сутегі оттегінде жанғанда қанша мөлшерде жылу бөлінеді, егер сутегінің жануының термохимиялық теңдеулері мынаған тең болса:

12 г х


2 + О2 = 2Н2О + 571,6кДж



Химиялық теңдеу бойынша 4 г сутегі жаңғанда 571,6 кДж жылу бөлінеді. Енді есепті бірнеше әдіспен шығарайық.

1- әдіс. Пропорция әдісі.

12 г ------------------------------ х

4 г -------------------------- 571,6

х = 12 · 571,6 / 4 = 1714,8 кДж

2-әдіс. Зат мөлшері арқылы есептеу.

Химиялық теңдеу бойынша 2моль сутегі жаңғанда 571,6 кДж жылу бөлінеді. Ал 12г сутегін сандық мөлшерге аударсақ:

γ = m / М

γ(Н2) = 12 г / 2 г / моль = 6моль сутегі шығады. Сонда 6моль Н2 3есе көп жылу бөледі

Q = 571,6 ·3 = 1714,8 кДж



Есеп 5. Егер 1 г Мg жанғанда 25,6кДж жылу бөлінетін болса, термохимиялық теңдеуді қалай құруға болады?

2Мg + О2 = 2МgО

Химиялық теңдеу бойынша 2 моль магний жаңғанда қанша жылу бөлінетінің анықтау керек. Ол үшін оны массаға айналдырып табамыз.

m = γ ·М m (Мg) = 2моль · 24г/моль = 48г

48 г > 1г (48есе) олай болса жылу да сонша есе көп болады.

Q1 = Q ·48 Q1 =25,6 · 48 = 1228,8 кДж


Жауабы: 2Мg + О2 = 2МgО + 1228,8 кДж
Құрамында қоспасы бар заттардан алынған өнімнің массасын табу
Өндіріске байланысты есептерде көбінесе берілген шикізаттардың құрамында қоспасы болып келетін мәліметтер болады. Бұл қоспалар өндірістік үрдіс кезінде тиісті өнімге айнала алмайды. Сондықтан да тиісті өнімге айналатын таза заттың массасын анықтау қажет болады. Оны формула арқылы анықтауға болады.

ω (таза зат) = m (таза зат) / m (қоспа)

m (таза зат) = m (қоспа) · ω (таза зат)

Есеп 5. Құрамында 35% породасы бар 50т фосфорит заводқа әкелінді. Таза кальций фосфатының салмағын табу.

Шешуі:


Рудадағы таза кальций фосфатының мөлшері 65% (100% -35%) , ал бос порода ω (бос порода) = 0,35, ω (Са3(РО4)2) = 0,65

m ( Са3(РО4)2 ) = 50т · 0,65 = 32,5 т

немесе m ( қоспа ) = 50т · 0,35 = 17,5 т осыдан

m ( Са3(РО4)2 ) = 50т - 17,5 = 32,5 т


Жауабы: m ( Са3(РО4)2 ) = 32,5 т
Есеп 6 Құрамында 92% кальций карбонаты бар (СаСО3) бар 500 кг известняктен қанша көлем көмір қышқыл газын алуға болады және сөңдірілген известінің массасын табу.

Шешуі:

m(изв) = 500кг Известняктегі СаСО3 массасын табу:

ω(СаСО3 ) = 0,92 m (СаСО3 ) = 500 кг · 0,92 = 460 кг

V(СО2)-? m(СаО)-? Известняктің айырылу реакциясын жазамыз:

СаСО3 = СаО + СО2

Химиялық теңдеу бойынша m (СаСО3 ) = 100 кг

m (СаО) = 56 кг

V(СО2) = 22,4 м3

Есепті шығару үшін массаларын салыстыру әдісін қолданамыз.

460 кг > 100 кг (4,6 есе) олай болса V(СО2) және m (СаО) да 4,6 есе көп болады.

V(СО2) = 22,4 м3 · 4,6 = 103 м3

M (СаО) = 56 кг · 4,6 = 257,6 кг

Жауабы: Известнякті өртегенде 257,6 кг СаО және 103 м3 СО2 алынады.

Есептер мен тапсырмалар


  1. . Артық алынған заттарға байланысты 8-11сыныптарға арналған есептер жинағынан төмендегі есептерді шығарыңдар: №5-107, 5-109,5-111,5-118,5-135,5-136, 6-25.

  2. 30г тұз қышқылымен 25г кальций карбонаты әрекеттестірілген. Реакция нәтижесінде қандай көлем көмірқышқыл газы бөлінді.

  3. . 10г азот қышқылы мен 5,35г темір гидроксиді(ІІІ) әрекеттестірілген.Тұздың массасын анықтаңдар.

  4. Аммоний нитратын NН43 қыздырып айырғанда азот және су түзіледі. 6,4г аммоний нитратын ыдыратқанда бөлінетін азоттың көлемін анықтаңдар, егер азоттың көлемдік үлесінің шығымы 89% болса.

  5. 5,6л аммиакты тотықтыру арқылы алынған азот оксидінің (ІІ) көлемін анықтаңдар, егер азот оксидінің (ІІ) көлемдік мөлшердегі шығымы 90% болса.

  6. 4,59кг барий оксидін алюминиймен тотықсыздандыру арқылы 3,8кг барий алынған. Барийді шығымын анықтаңдар.

  7. . 2г алюминий жанғанда 62кДж жылу бөлінеді. Процестің термохимиялық теңдеуін құрыңдар.

  8. Құрамында 80% мырыш сульфиді бар. 1т мырыш алдамшысының қанша көлем (қ.ж.) күкіртті газ алуға болады.

  9. 8% қоспасы бар 500кг көмірді жаққанда қанша көлем көмірқышқыл газы бөлінеді.

  10. 10,8% 75г темір хлориді (ІІІ) ерітіндісіне артық мөлшерде натрий гидроксидін қосқан. Алынған тұнбаның массасын анықтаңдар.



3. 10 сыпып есептері

Газ күйіндегі заттардың молекулалық формуласын анықтау
Есеп 1. Заттың құрамы С = 54,55 % , Н = 9,09 % , О = 36,36 % , dН2 = 22 тең. Белгісіз зат күміс оксидің оңай тотықтырып , қышқылға айналады. Заттың формуласын анықтаңдар.

Шешуі:


dН2 (зат) = 22 1- әдіс. ω = n ·Ar / Мr ; n = ω · Mr / Ar ;

ω(С) = 0,5455

ω(Н) = 0,0909 Мr = 2 · dН2 ; n = ω · 2 · dН2 / Ar ;

ω(О) = 0,3636



n (С) = 0,5455 · 2 · 22 / 16 = 2

Формула - ? n (Н) = 0,0909 · 2 · 22 / 1 = 3,9 = 4

n (О) = 0,3636 · 2 · 22 / 16 = 0,99 = 1

Қосылыстың молекулалық формуласы С2Н4О, бұл сірке альдегиді, оның құрлымдық формуласы:

О

∕∕

СН3 – С



\

Н
2- әдіс. Бұл әдіс бойынша салыстырмалы тығыздық арқылы газ тәрізді заттардың салыстырмалы молекулалық массасын табады:

Мr = 2 · dН2

Мr = 2 · 22 = 44

Белгісіз заттарды х : у : z әріптерімен белгілеп, әрбір элементке келетін атомдардың массалық үлесін табамыз.

m (С) = 44 · 0,5455 = 24

m (Н) = 44 · 0,0909 = 4

m (О) = 44 · 0,3636 = 16

х : у : z = 24 / 12 : 4 / 1 : 16 / 16 = 2 : 4 : 1

Заттың формуласы: С2Н4О



Есеп 2. 0,29 г газ тәрізді көмірсутегін жаққанда 448 мл көмір қышқыл газы ; 0,45 г су алынған. Белгісіз газ тәрізді көмірсутегінің сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы dН2 = 29 тең. Көмірсутегінің молекулалық формуласын анықтаңдар.

Шешуі:


m(зат) = 0,29 г 1-әдіс. Заттың массасы мен көлемінен заттың

V(СО2) = 448 мл сандық мөлшеріне ауысу.

m(Н2О ) = 0,45 г Белгісіз заттың алдымен салыстырмалы

dН2 (зат) = 29 молекулалық массасын анықтайды.



Формула-?
Мr = 2 · dН2 , Мr = 29·2 = 58; М = 58 г / моль

Формула бойынша белгісіз заттың, судың және көмірқышқыл газдың сандық мөлшерін анықтаймыз. γ = m / М

γ(зат) = 0,29 г : 58 г/моль = 0,005 моль

γ (СО2 ) = 0,448 л ׃ 22,4 л/моль = 0,02 моль

γ (Н2О) = 0,45 г : 18 г/моль = 0,025моль

Олай болса белгісіз заттың сандық мөлшері мен жанудан пайда болған заттардың сандық мөлшерлері бір-біріне мынадай ара қатынаста болады:


γ (зат) : γ (СО2 ) ׃ γ (Н2О) = 0,005: 0,02 : 0,025 =1: 4 : 5

Сонда 4 моль СО2 құрамында 4моль С атомы болады, ал 5моль Н2О – 10 моль Н атомы кіреді.


Жауабы: С4Н10

2- әдіс. Математикалық формуланы пайдаланып көмір қышқыл газ бен судың құрамындағы көміртегі мен сутегінің массаларын анықтайды.

m (С) = V(СО2) · n · M(С) / Vm ;

m (С) = 0,448л · 1· 12 г/моль / 22,4г/моль = 0,24г

m (Н) = V(Н2О) · n · M(Н) / М (Н2О) ;

m (Н) = 0,45 г · 2 ·1 г/моль / 18г/моль = 0,05г

Элементтердің массасы мен жаңған заттың массалары арқылы әрбір элементтің массалық үлесін анықтаймыз:

ω = m(эл) / m(зат); ω (С) = 0,24 г / 0,29 г = 0,83;

ω (Н) = 0,05 г / 0,29 = 0,17

Формула арқылы әрбір элементтің атомдарының саның анықтаймыз:
n = ω · 2 · dН2 / А;

n (С) = 0,83 ·29 · 2 = 4

n (Н) = 0,17 · 29 · 2 / 1 = 10

Көмір сутегінің формуласы- С4Н10



3-әдіс. Пропорция әдісі. Бұл әдіс бойынша бір моль көмір сутегі жанғанда оның массасын 58 г деп аламыз. Осы 58 г көмір сутегі жанғанда V л СО2 және m г Н2О бөлінеді. Пропорция құрамыз.
СхНу + О2 → СО2 + Н2О

58 г ----------- Vл СО2

0,29 г ----------- 0,448 л
V = 58 г· 0,048 л / 0,29 = 89,6 л СО2

58 г ------------ mг Н2О

0,29 г ---------- 0,45 г

m = 58 г · 0,45 г / 0,29 г = 90 г


γ (СО2) = 89,6 л : 22,4 л/моль = 4 моль

γ (Н2О) = 90 г : 18 г/моль = 5моль

Көмір сутегінің формуласы - С4Н10

4-әдіс. Математикалық әдіс.

Есептің шартыңда белгісіз заттың салыстырмалы тығыздығы берілген. Осы мән бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын табамыз.

Мr = 29 · 2 = 58
Шамамен көмір сутегінің формуласын СхНу деп белгілейміз. Бұл формулаға элементтердің салыстырмалы атомдық массасын қоямыз.

12 х + у = 58

Қаныққан көмір сутегінің далпы формуласы Сn Н2n + 2

Көмір сутегі үшін қаныққан көмір сутегіне қарағанда (2х+2) у мәні мынаған тең болады:

У ≤ 2х + 2
Теңдеуден у мәнің табамыз. У = 58 -12 х 58 -12 х ≤ 2 х + 2

58 - 2 ≤ 2 х + 12 х немесе

56 ≤ 14 х осыдан Х ≥ 4 болады.

Егер х > 4, мысалы х =5, онда тепетеңдіксіз мынаған тең болады.

12 х + у > 58 , бұл 12 х + у = 58 теңдеуіне сәйкес келмейді.

Олай болса х = 4, онда 12 · 4 + у = 58; у = 10


Көмір сутегінің формуласы - С4Н10



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет