ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»



бет14/15
Дата30.06.2016
өлшемі4.92 Mb.
#167711
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Бромдалуы.

Тәжірибені бензолмен және толуолмен катар жүргзіңдер. Екі пробиркаға 1 мл. ден бром суын құяды. Бірінші пробиркаға бензолдық бірнеше тамшысын құяды да, екіншісіне соншама толуылды. Екі пробирканы шайқап араластырады.


Реакциялардың теңдеулерін жазып, дәлелді жауап беріңдер.

Тотығу.

Пробиркаға калий перманганатынын судагы ертіндісін сулы


күкірт қышқылымен араластырып, екі пробиркаға бөледі.
біріншісіне бензол, ал екіншісіне толуол құйып, араластыра-
ды. реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. .....
Көп атомды спирттердің комплексті қосылыс түзуі.

Пробиркада мыстың гидроксидін алу үшін мыстың сульфатына натрий сілтісін құяды. Тұнбаны суқұйғыштан бөліп лады. Алынған тұнбаны бірнеше пробирқаға щыны таяқ арқылы бөліп салады. Әр пробиркаға су және 3-5 тамшыдан спирттерді құяды., Салыстыру үшін бір пробиркада таза тұңбанық судагы ертіндісін қалдырады. Барлық пробиркаларды шайқап, болған езгерістерді байқайды. Реакциялардың теңдеулерін жазып, жауаптарыңды деделдеңдер.


Фенолдар мен нафтолдардың темір хлоридімен реакциясы.

А. Тәжірибені бірнеше фенолдар, нафтолдармен жүргізеді. Тексеретін ертінділерге су және-FeCI3 құяды. Фенолдардың ертінділерінің түсі қалай өэгереді, ол неге байланысты? Дәлелді жауап беріңдер.

Б. А Тежірибесінен алынған бояулы ертінділерді (фенол, пирогаллол) әрқайсысын үшке бөліп, біреуіне тең мелшерде этил спиртін, екіншісіне сілтінің бірнеше тамшысын құю керек.

Алъдегидтерді күміс тұздарымен тотықсыздандыру.

Еірінші тәжірибедегі алынған альдегидтік 1 мл. Тамшысын құйып , үстіне жаңадан дайындалган күміс оксидінің аммиактағы ертіндісімен косып шайқаса, ертіндінін түсі өзгереді.


Жұмыс №1Көмірсутектерді анықтау
Қаныққан көмірсутектер суда ерімейді , қыздыру арқылы концентрлі күкірт қышқылыда әсер етпейді. Қанықпаған көмірсутектер концентрлі күкірт қышқылында ериді, және бромды қосып алады, калий перманганатының қышқылды ертіндісімен әрекеттеседі..

А) Пробиркаға 3-4- тамшы көмірсутек ертіндісін(скипидар) құйып оған, бром суы ертіндісін қосады. Өзгерісті байқаймыз.

В) Пробиркаға 1 мл көмірсутек сұйықтығын құйып, оған 10% калий перманганатының қышқылды ертіндісін құйяды, қоспаны жақсылап шайқайды. Ертіндінің өзгерісін байқаймыз.
Көрсетілген эксперименттік есептерді шешудің жоспарын ұсын

Тапсырма1

Сапалық реакция көмегімен берілген: натрий сульфаты, натрий карбонаты, натрий хлориді ертіндісін анықтау керек.



Тапсырма2

Нөмірленген төрт сынауықта фенол, сірке қышқылы , сірке альдегиді және глицерин ерітіндісі берілген. Әр заттың қай сынауыққа құйылғанын анықтаңдар.



Тапсырма 3

Көмірсутектер қоспасын ажыратуға сапалық анализге арналған эксперименттік есептерді шешу әдістемесі. Нөмірленген төрт сынауықта гесан, гексен,гесин-1, және сірке қышқылының ертіндісіберілген.Әр заттың қай сынауықта екендігін анықтау керек.


Бақылау сұрақтары

  1. 8-9сыныптарда қандай сапалық есептердің типтері кездеседі,мысалдар келтір

  2. 10-11 сыныптарда қандай сапалық есептердің типтері кездеседі,мысалдар келтір.

  3. Органикалық қосылыстарды сапалық анықтау кестесін құраст

  4. Бейорганикалық қосылыстарды сапалық анықтау кестесін құрастыр.


Әдебиеттер:



  1. Ерыгин Д.П., Шишкин Е.А. Методика решения задач по химии. - М.: Просвещение, 1989 - 173 с.

  2. Хомченко Г.Г., Хомченко И.Г. Задачи по химии. -М.: Высшая школа, 1987 - 238 с.

  3. Лабий 10.М. Решение задач по химии с помощью уравнений и неравенств. - М.: Просвещение, 1987. - 80 с.

  4. ТемірболатоваӘ.Е.Химия есептері мен жаттығуларының жинағы. Алматы:Рауан,2000.96б

  5. БекішевК.Б. Химия есептері (оқу құралы)Алматы. «Білім».2007ж

  6. Усманова М.Б.,Сақариянова К.Н. Химия сандық есептер шығару әдістемесі Алматы «Атамұра» 2004

СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ) –студенттерде өзбеттерімен білім алуына және дамуына қол жеткізетін ,сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыратын әрекеттің түрі. СӨЖ теориялық материалдарды интернет, компьютер сыныбы арқылы ,кітапхана жүйесімен жұмыс жасау арқылы дәрістерге,зертханалық сабақтарға, коллоквиумдарды тапсыруға ,СӨЖ тақырыптары бойынша конспект жазуға дайындыққа бағытталған, аудиториядан тыс жұмыстар . СӨЖ жоспарларында сұрақтары көрсетілген. СӨЖ оқытушы көрсеткен тақырыпқа , мерзіміне, формасына сәйкес толық көлемде тапсырылуы керек.



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ
Ескерту: Студент әр нұсқадан бір тапсырманы жеке орындайды.Тапсырма номері студенттің журналдағы нөміріне сәйкес.
4- апта
І-НҰСҚА

  1. Мына мәліметтер нені білдіреді: Аr(O); Ar(Си); Mr; m0 (Ji); m(Ji);

  2. m0(Н)=1,66·10-27кг; М(СО2); Mr(С2Н5ОН); m0(СО2)=7,3·10-23кг; Mr(СО2)=44;

  3. ω(Н2SO4); С(NаОН)=0,1моль/л; γ(Н2О); γ(Аl); η(Ғе); V(СО2); Vm; dн2(СО2)=22; ω=m/Vp; η = mтеорН2SО4/ mтеорН2SО4 ; NА; dауа(СО2)=1,5; p(Н2SO4)=1840кг/м3.

  4. Шартты таңбалар арқылы белгілеу: а) салыстырмалы кальции атомының массасы, б) кальцийдің молярлық массасы, кальций ионының молярлық массасы.

  5. Мына таңбалар нені білдіреді: а) Мг(СН3СООН); М(СН3СООН)г/моль; m(СН3СООН); mМ(СН3СООН); б) ω(S)=(Н24); ω(Н)=(СН4); аммиак шығымының массалық үлесі η(NН3)=30%; в) V(С3Н6); Vm2Н2).

  6. Элементтердің массалық үлесін анықтаңдар: Н24 (ω(Н); ω(S); ω(О)-? ω(NаОН)-? ω(NН43)-?

  7. Төмендегі өлшемдердің айырмашылығы мен ұқсастығы қандай: оттегі атомының массасы, оттегінің салыстырмалы атомының массасы, оттегі молекуласының салыстырмалы массасы, оттегі атомының молярлық массасы, оттегінің массасы. Осыларды арнаулы белгілер арқылы өрнектеңдер.

  8. 20г CaCО3 тұрақты массаға дейін қыздырғанда 10,12 г СаО алынған.Бөлінген СО2 массасын табу.

  9. 2,7 г суды толық сутегі мен оттегіне ыдыратқанда 0,3 г сутегі алынған. Алынған оттегінің массасы қанша?

  10. Егер газдың көлемі 250 мл, массасы 0,715г тең болса (қ.ж). Оның салыстырмалы молекулалық массасы қандай болады?

  11. 0,2 моль О2 , 0,2 моль Н2 (қ.ж) қандай көлем алады?

  12. 7г N2 ; 5,1 г NH3 ; 6,8 г H2S (қ.ж) қандай көлем алады?

  13. Сутек газының 2 моль мөлшерінің массасын,көлемін(қ.ж.) және ондағы сутек молекулаларының санын есептеңіздер

  14. Зат мөлшері 64г оттек газындағыдай болу үшін натрий хлоридінің қандай массасын алу керек?

  15. Қалыпты жағдайдағы қоспасы 2,24л оттек пен 3,36л күкірт (IV) оксидінен тұрады. Қоспаның массасын табыңыздар.

  16. Тығыздығы 1,43 кг/м3 болатын оттектің 1м3 молекула санын анықта

ІІ-НҰСҚА


  1. 11,1г малахитті қыздыру нәтижесінде сынауықта 8г мыс (ІІ)оксиді қалды, 2,2г көмір қышқылы газы түзілді.Малахит толық ыдыраған жағдайда түзілген судың массасы қандай? Қандай заңға сүйену арқылы бұл есеп шығарылады, анықтамасын бер

  2. 20,2г судың толық ыдырауы нәтижесінде 17,8г оттегі және 2,2г сутегі түзілді.Алынған суда қоспа болды ма?

  3. Бір тәжірибеде 3,2г мысты оттекте қыздыру арқылы4г мыс(ІІ) оксидін алды, басқа тәжірибеде 4г мыстан 5гмыс (ІІ) оксиді алынды. Бұл тәжірибедегі мәліметтер бір-біріне сәкес пе және құрам тұрақтылық заңы сақталама? Бұл реакцияда мыспен қанша оттегі реакцияға түскен?

  4. Газдың оттегі бойынша тығыздығы 2-ге тең.Оның а) сутегі бойынша;б)көміртегі (IV)оксиді бойынша тығыздығын есепте

  5. Газ тәріздес заттың оттегі бойынша тығыздығы0,875 –ке тең. Оның молярлық массасы қандай?

  6. Массасы 3,665 г Н3РО2-ні бейтараптау үшін 2,222 г натрий гидроксиді жұмсалса, кышқылдың эквиваленттік массасын, факторын анықтаңдар.

  7. Массасы 20,06 г металл тотыкканда 21,66 г оксид түзсе, металдың эквиваленттік массасын есептеңдер.

  8. Элементтің эквиваленттік массасы Массасы 40г оттек газының көлемін (қ.ж.) және ондағы молекулалардың санын табыңыздар

  9. Сұйық судың 1 л көлеміндегі зат мөлшері қандай және онда шамамен қанша молекула бар?

  10. а) біреуі оттектен екі есе жеңіл,біреуі екі есе ауыр болатын екі газды мысалын келтірб)кез келген басқа газ бойынша тығыздығы бірдей болатын үш газдың мысалын келтір.

  11. Озон мен оттек қоспасының сутек бойынша тығыздығы 18. Қоспасындағы әр газдың көлемдік үлестерін табыңыз.

  12. Массасы 0,471 г қышқылды бейтараптау үшін 0,644 г калий гидроксиді жұмсалса, кышкылдың эквиваленттік массасын есептеңдер.

  13. Екі валентті массасы 1,168 г металл (17°С, 98,642 кПа) 0,438 л сутегіні ығыстырса, металдың эквиваленттік мас-сасын жөне оның кай металл екенін анықтаңдар.


ІІІ-НҰСҚА
Көрсетілген есептің түрлеріне байланысты мысал келтір (1-2 мысал жеткілікті). Есеп мысалдарын 8-11сынып мектеп химия оқулықтарынан ал.


  1. Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау;

  2. Заттың құрамындағы элементтердің массаларының ара қатынасы;

  3. Қосылыстардағы элементтердің массалық үлесін анықтау;

  4. Белгілі заттың массасынан элементтің массасын анықтау;

  5. Элементтің массасы арқылы заттың массасын анықтау;

  6. Салыстырмалы тығыздық арқылы газдардың молекулалық массасын анықтау ;

  7. Газдардың салыстырмалы тығыздығын анықтау;

  8. Массасы арқылы заттың саның анықтау;

  9. Заттың белгілі мөлшері бойынша массасын анықтау;

  10. Қосылыстағы элементтердің массалық үлесі бойынша, заттың қарапайым формуласын анықтау;

  11. Газдардың тығыздығы мен элементтердін массалық үлесі бойынша заттардың молекулалық формуласын анықтау;

  12. Жаңу өнімінің массасы арқылы заттың формуласын анықтау;

  13. Заттың массасы, мөлшері мен көлемі бойынша (газдар үшін) молекулалардың сандарын анықтау;

  14. Көлемі бойынша газ тәрізді заттардың массасын анықтау;

  15. Заттың массасы, мөлшері бойынша газ тәрізді заттардың көлемін анықтау.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ

5В011200-Химия
Ескерту: Студент әр нұсқадан бір тапсырманы жеке орындайды.Тапсырма номері студенттің журналдағы нөміріне сәйкес.

І-НҰСҚА


  1. Массасы 14,6г НСl калыпты жағдайда кандай көлем алады?

  2. Көлемі 20л ыдыс 22°С-да, 500кПа қысымда көміркышқыл газымен толтырылған. Осы газдың массасы кандай?

  3. Массасы 30,3 г газ 18°С-да көлемі 15 ыдыста тұрғанда 122 кПа қысым көрсетсе, оның молярлык массасы қандай?

  4. Температурасы 20°С 500 мл көлем алатын газдың көлемі 100°С-да қандай болады?

  5. Көлемі 2л газдың қысымы 90 кПа. Осы газдың % көлемін 4 л-ге шейін жеткізу үшін қысым кандай болу керек?

  6. Мына газдардың О2, Ν2, СО2,ауа, ЅО2, ΝН3,НСl бір литрінің массасын анықтаңдар.

  7. Қалыпты жағдайда берілген 500м3 гелийдің,сутегінің , азоттың массаларын аныктаңдар. Температурасы 20°С-да 730 мм с.б. N2О, СО, N0,ЅО2, ΝН3,НСl,ЅО3 газдарының бір литрінің массасы канша болады?

  8. Көлемі 344 мл газдың 42°С-да 772 мм с. б. массасы 0,865 г. Осы газдың салыстырмалы молекулалык массасын табыңдар.

  9. Массасы 0,879 г оттегінің 18°С-да 752 мм с.б.көлемі қандай?

  10. 10 г СS2 буы 100°С-да, 1 атм қысымда қандай көлем алады?

  11. Көлемі 20 л баллонда 3 кг оттегі бар. 20°С-да баллондағы газ қысымы қандай?

  12. Температурасы 17°С-да болат баллондағы азоттың қысымы 12,5 мПа. Баллон 20,3 мПа қысымға шыдайтыи болса, газ шекті қысымға қандай температурада жетеді?

  13. Температурасы 17°С-да газдың көлемі 850 мл, егер кысым түрақты болса, 100°С-да газ қандай көлем алады?

  14. Массасы 1,73 г газ 39°С-да, 741 мм с. б. 640 мл икөлем алады. Газдың молярлық массасы қандай?


ІІ-НҰСҚА

Төмендегі есептерді кем дегенде екі әдіспен шығарыңдар: қандай әдісті тиімді деп санайсыңдар.



  1. Бір литр КСІ ерітіндісіне толық тұнба түзілгенше күміс нитраты ерітіндісі қосылған. Тұнбаның массасы 28,7г. Ерітіндідегі КСІ массалық үлесін табыңдар.

  2. 12 л сутегі алу үшін (қ.ж.) Н24 ерітіндісімен қанша грамм алюминий қатысады.

  3. Құрамында 94% Ғе2О3 бар 2 т темір рудасынан қанша т.темірді алуға болады.

  4. 10 л сутегін алу үшін (қ.ж.) темірмен 163 г тұз қышқылы ерітіндісі әрекеттескен. Қышқылдағы хлорлы сутектің массалық үлесін табыңдар.

  5. Анализ үшін алынған аммоний сульфатының нұсқасының құрамында 1,4 г азот болған. Анализ үшін алынған тұздың массасын анықтаңдар. Есептерді графикалық әдіспен шығарыңдар. Бұл әдіс барлық есепке тиімді ме? Қандай әдісті тиімді деп санайсыздар.

  6. Белгісіз заттың құрамы 40% магний оксиді және 60% кремнийдің диоксидінен тұрады. Заттың формуласын анықтау.

  7. 600г 52% КОН ерітіндісін 400 мл сумен араластырған. Алынған ерітіндідегі КОН массалық үлесін табыңдар.

  8. Белгісіз заттың формуласын анықтаңдар, оның құрамына кіретін элементтердің массалық үлесі Са -0,2, молибден -0,98, және оттегі -0,32 тең болса.

  9. 2,5 г мырыш пен магнийдің құймасын Н24 ерітіндісіне еріткен. Сонда 1,19л сутегі (қ.ж.) алынған. Құймадағы әрбір металдың массасын анықтаңдар.

  10. 10 г темір сульфиді(ІІ) мен мыс сульфидінің (ІІ) қоспасына артық мөлшерде тұз қышқылы ерітіндісін қосқанда 2,24 л газ бөлінеді. Қоспаның құрамын анықтаңдар?

  11. 1 кг 40 % күкірт қышқылы ерітіндісін дайындау үшін 62 % пен 15% күкірт қышқылының қандай массалық қатынастарын араластыруға болады.

  12. Калий нитраты тұзын қаныққанға дейін 70° С температурада 500 г

суға еріткен, сонан кейін 0° дейін салқындатқан. Тұздың массасын

анықтаңдар?


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ

5В011200-Химия


Ескерту: Студент әр нұсқадан бір тапсырманы жеке орындайды.Тапсырма номері студенттің журналдағы нөміріне сәйкес.

І-НҰСҚА

  1. Екі валентті темір сульфатының кристаллогидраты болып табылатын темір купоросында темірдің үлесі 20,14%.Темір купоросының формуласын анықта

  2. Егер бұл затта оттектің массалық үлесі0,4408,фосфордың атом саны оттектің атом санынан3,5 есе аз, ал калий және сутектің атом сандарының қатынасы1:1-ге тең болса , оттектен,калийден,фосфордан және сутектен тұратын заттың формуласын анықта.

  3. Бір металдың бромидіндегі бромның массалық үлесі басқа бір металдың бромидтіндегі бромның массалық үлесінен 1,153 есе үлкен. Металдарды анықта.

  4. Ароматты қатардың көмірсутегі буының ауа бойынша тығыздығы2,68.Молекулалық формуласын тап.

  5. Массасы 3,1г органикалық заттың жануы кезінде4,4гСО2 және 2,7г Н2О түзіледі.Осы заттың 12,4г натрийдің артық мөлшерімен әрекеттескенде 4,9г сутегін 250С және101,3кПа жағдайда бөледі.Органикалық заттың нақтылы формуласын табыңыз.

  6. Ароматты көмірсутек құрамына 93,75% көміртегі және 6,25% су-тегі енеді. Көмірсутектің молекулалық массасы 128-ге тең. Заттың молекулалық және структуралық формуласын анықтап көрсетіңіз.

  7. 1л хлордың газ тәрізді оксидінің толық ыдырауы нәтижесінде1л хлор және0,5л оттегі түзіледі.Оксидтің формуласын анықта

  8. 28л газдың жануы нәтижесінде84л көміртегі оксиді(IV) және 67,5г су түзілді.Газдың сутегі бойынша тығыздығы21.Газдың молекулалық формуласын анықта.

  9. Бір атомды спирт дегидратация нәтижесінде этилен қатары көмірсутегін түзеді.Алынған массасы 2,1г алкен массаы 6,0г броммен қалдықсыз реакцияласады.Спирттің формуласын анықта.

  10. Қаныққан бір негізді қышқыл буының ауа бойынша тығыздығы2,68.Осы қышқылдың молекулалық формуласын табыңдар.

  11. Ауамен салыстырғанда тығыздығы 1,93 болатын алкеннің формуласын құрастыр.

  12. 0,1800 г. қосылысты жаққан кезде 0,2475 г. көмірқышқыл газы және 0,2023 г. су түзіледі. Заттың сутегі бойынша тығыздығы 16-ға тең.Заттың эмпирикалық және молекулалық формуласын анықта.

  13. Егерде 28,8г оксидте 25,6г мыс болатындығы белгілі болса оксидтің формуласы қандай?

  14. Құрамына 87,5% азот,12,5% сутегі кіретін заттың формуласын анықта.Заттың салыстырмалы молекулалық массасы 32-ге тең.


ІІ-НҰСҚА

  1. Массасы 600г еріген заттың массалық үлесі 50% ерітінді дайындау үшін 90%-дық және 30% -дық ерітінділерден қанша керек?

  2. Массасы 400 г еріген заттың массалық үлесі 42% ерітінді алу үшін неше грам су және 75%-дық тұз ерітіндісін араластыру керек?

  3. Көзге тиген сілтіні бейтараптау үшін бор қышқылының 2%-дық ерітіндісі қолданылады. Еріген заттың массалық үлесі 2%-дық 0.5 л (р=1г/мл) ерітінді дайындау үшін 4.7% осы қышқыл бар қаныққан ерітіндіден неше грам алу керек?

  4. Массасы 50г 20%-дық Na2 SO4 ерітіндісін дайындау үшін қанша кристаллогидрат Na2 SO4 .10H2O және су керек?

  5. Көлемі 8.96 л (қ.ж.) күкүрті ангидридтен массалық үлесі 4.1% қышқыл әзірлеу үшін қанша көлем су қажет?

  6. Массасы 676 г ерітіндіде 160 г натрий гидрогсиді бар, осы ерітіндіде қанша натрий оксидін еріткенде ерітінді концентрациясы 40% болады?

  7. Натрий карбонатының 20%-тік ерітіндісінің 1000 грамына оның кристаллогидратының 1000 грамын қосқанда пайда болған ерітіндегі еріген заттың массалық үлесін табыңыздар.

  8. Натрий карбонатының 20%-тік ерітіндісін дайындау үшін оның кристаллогидратының 1000 грамына қанша грамм су қосу керек? Қосқанда пайда болған ерітіндегі еріген заттың массалық үлесін табыңыздар?

  9. Дәріханада 1кг нашатыр спиртін (10%-дық аммиак ерітіндісі)25%-дық аммиак ерітіндісін сумен сұылту арқылы даярлайды.Осы сұйықтарды қандай массалық қатынаста араластырған?

  10. Еріген заттың массалық үлестері 0.3 және 0.05 болатын ерітінділерден 500 г 10%-дық ерітінді дайындау үшін ерітінділер қандай массалық қатынаста алған?

  11. Еріген заттың массалық үлесі 18.43%-дық тығыздығы 1.09г/мл тұз қышқылы ерітіндісінің концентрациясын басқаларымен өрнектендер.

  12. Титрі 0.130г/мл Na2CO3 тығыздығы 1.12г/мл ерітіндісіндегі заттың массалық үлесін, молярлығы мен эквиваленттің молярлы концентрациясын есептеңдер

  13. Массасы 50 г 20% -дык Νа24 ерітіндісін дайындау үшін қанша кристаллогидрат Νа24 * 10Н 2О және су керек?

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ



5В011200-Химия
Ескерту: Студент әр нұсқадан бір тапсырманы жеке орындайды.Тапсырма номері студенттің журналдағы нөміріне сәйкес.

І-НҰСҚА

  1. Массасы 5 г темір сульфидін (II) жакканда алын-ған газды оттегінің артык мөлшерімен косып, контакт аппаратында кыздырылған катализатордан өткізгенде өнімнің шығымы 80% болады. Алынған енімді 300 мл 18%-дық (р=1,4 г/мл) күкірт кышкылында ерітті. Алынған ерітіндіге 150 г барий хлоридінің артык мөлшерін косып, түзілген түнбаны сүзіп алып кептірген, оның массасы кандай?

  2. Массасы 42,8 г кұрамында 18,4% коспасы бар кальций карбидінен канша ацетилен алуға болады, егер оның шығымы 40% болса?

  3. Массасы 100 т техникалық кяльций карбидінің күрамында 4% қоспасы болса, осы кальций карбидінен неше тонна концентрлі сірке кышқылын алуга болады?

  4. Массасы 1 кг 28% коспасы бар кальций карбидіиен канша нитробензол алуға болады, егер шығы-мы 55%і болса?

  5. Қүрамында 10% коспасы бар 200 г ацетиленнен шыгымы 60% болғанда массалық үлесі 50% (р=1,02 г/мл) кашпп көлем анилин түзіледі?

  6. Массасы 400 г 15% коспасы бар этаннан шығы-мі,і 70% болғанда ңанша альдегид алуға болады?

  7. Тығыздығы 0,79 г/мл көлемі 126,6 мл этанол-даи неше грамм әтилацетат алуға болады, егер шығымы 75% болса?

  8. Массасы 0,08 кг таза пропаннан шығымы 65% болса қанша альдегид алуға болады?

  9. Егер оттектің концентрациясын 3есе көбейтсе ,онда С+О2=СО2 реакциясының жылдамдығы неше есе өсереді?.

  10. 4,2г темір мен күкірт қосылғанда 7,15кДж жылу бөлінді. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрастырыңдар;

  11. 6,5г мырышты жағу кезінде 34,8кДж жылу бөлінді. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңдар;

  12. Оқулықта келтірілген термохимиялық теңдеулерді пайдаланып 1 мольден этан С2H6, пропан C3H8 және бутан C4H10 бар газдар қоспасы толық жанғанда қанша жылу бөлінетінін есептеңдер;

  13. Мына реакция теңдеуімен өрнектелетін: A3B2(c) → 3A(c) + 2B(c) реакцияға алынған A3B2 затының бастапқы концентрациясы 2,5 моль/л болса, оның 20 %–і жұмсалғаннан кейінгі заттар концентрациясын және реакцияның бастапқы және есеп шартында көрсетілген жылдамдығын есептеңіз.

І І-НҰСҚА

  1. Ерітіндіден 2 г сутек пен 2 г оттек бөліп шығару үшін қанша заряд керек?

  2. Күкірт қышқылының ерітіндісінен 1,5 сағ бойы 6А ток өткенде канша су айырылады жөне канша оттек пен сутек (к.ж.) бөлінеді?

  3. Ас түзының ерітіндісінің әлектролизі нөтижесінде 30 минутта катодта 560 мл Н2 белінеді. Өнімнің ток бойынша шығымы 95% болса, ток күші кандай болган?

  4. Белгісіз (II) валентті металл түзының ерітіндісінен 1А ток 15 мин өткенде 0,524 г металл бөлінеді. Бұл кай металл?

  5. Мыс сульфаты ерітіндісінен 30 мин бойы ток өткенде 20 г мыс бөлінсе, ток күші қандай болған?

  6. Натрий гидроксидінің ерітіндісінің әлектролизі нәтижесінде катодта 44,8 л сутегі бөлінсе, анодта канша көлем оттегі белінеді?

  7. Массасы 4,54 г калий гидрокарбонаты мен натрий гидрокарбонатынан тұратын қоспаны қыздырганда 0,56л СО2 (қ.ж.) бөлінген. Әуелде алынған және реакция нәтижесінде түзілген коспалардың кұрамын аныктаңдар.

  8. Массасы 22,2 г калий карбонаты мен кальций гидрокарбонатының қоспасына күкірт қышқылымен әсер еткенде 21,76 г кальций сульфаты түзілген.Алынған коспаның күрамы кандай?

  9. Массасы 4,15 г калий хлориді мен натрий хлоридінің коспасына күкірт қышқылымен өсер еткенде 4,90 г натрий мен калий сульфаттары түзілген. Әуелде алынған жөне түзілген қоспалардың қүрамы кандай?

  10. Массасы 36,4 г натрий мен калий нитраттарының коспасын қыздырғанда4,48 л оттегі (к.ж.) бөлінген. Алынған қоспаның күрамын анықтаңдар.

  11. Массасы 10,4 г мырыш оксиді мен мырыштан тұратын коспаға сілтімен өсер еткенде бөлінген газды жаккандаО,72 г су түзілген. Қоспадағы металдын, мөлшері (%) кандай?

  12. Массасы 9,28 г натрий карбонаты мен натрий гидрокарбонатының қоспасына күкірт кышкылымен әсер еткенде 9,94 г сусыз натрий сульфаты түзілді. Алынған қоспаның кұрамын анықтаңдар.

  13. Қалыпты жағдайда 20 л көлем алатын ауа мен этиленнің коспасын бром суынаи еткізгенде реакциялык коспаның массасы 21 г арткан. Реакция нәтижесінде түзілген заттарды, олардың мөлшерін анықтаңдар. Газ коспасындагы этиленнің мөлшері (%) қандай?

  14. Жабық ыдыста 120 мл метан мен оттек коспасын жақкан. Түзілген су мен көміркышкыл газын сіңіріп алып, қалған газды өуелгі жағдайға келтіргеннен кейін шырақ жана алатындай газдың көлемі 30 мл. Алынған коспаның құрамы кандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет