ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Химиялық сандық анализ» пәні 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет2/2
Дата25.06.2016
өлшемі396.7 Kb.
#157873
1   2

2. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР:
1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Бейорганикалық дәрі-дәрмектердің шынайылығына жалпы реакциялар. Ерігіштігі.

Аналитикалық таразымен жұмыс істеу.



  1. Анализ жасауға алынатын заттарды бірден аналитикалық таразыда өлшеуге бола ма?

  2. Аналитикалық таразының өлшеу дәлдігі қандай?

  3. Гирьлермен қалай жұмыс істеу керек? Миллиграмдық гирьдің орнына не қойылады?

  4. Таразымен ыстық заттарды өлшеуге бола ма, өлшеу кезінде есігі ашық бола ма, әлде жабық болу керек пе?

  5. Таразының үстіне басқа заттар қоюға бола ма, оны орнынан қозғауға бола ма?

Аналитикалық таразыда өлшеу ережелерін оқып үйренген соң, өлшеу техникасына бірнеше жаттығулар жасау керек.

Көлем өлшейтін колбалар, бюреткалар, пипеткалар.



  1. Өлшегіш колбалар не үшін қолданылады? Өлшегіш колбаларды ертінділермен қалай толтырады?

  2. Өлшегіш колбаларды алдын ала оларда дайындалатын стандарт ерітінділермен шаюға бола ма?

  3. Пипеткалар не үшін қолданылады және оның қандай түрлері бар?

  4. Пипетканы алдын ала ерітіндімен шайқауға бола ма?

  5. Пипеткадағы ерітіндіні басқа ыдысқа қалай ауыстырады?

  6. Бюретка не үшін қолданылады? Қандай түрлері бар?

  7. Бюретканы алдын ала ерітіндімен шайқауға бола ма?

8. Бюретканы ерітіндімен қалай толтырады? Бюреткаға ерітіндіні құю үшін қолданылатын воронканы неге алып тастау керек?

2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ



Йодты, йодтың спирттік ерітіндісін анализдеу

Жұмысқа байланысты сұрақтар:

1. Кристаллогидраттар деген не? Кристаллдық су деген не?

2. Қандай тұздардың кристаллогидраттарын білесің?

3. Кристаллдық су мөлшерін гравиметриялық анализдің қандай әдісімен анықтайды?

4. Неліктен тұзды тұрақты массаға дейін құрғату қажет?

5.Не себептен құрғатылған тұзы бар бюксті эксикаторда суыту қажет?



Жұмысты орындау жолы:

Таза бюкске белгі қойып, массасын техно-химиялық таразыда өлшейді. Бюксті құрғатқыш шкафқа ( 120оС) салады.(Бюкс қақпағын жаппау керек.) 30 минуттан соң бюксті қысқышпен алып, эксикаторға салып, суытады. Суығаннан кейін бюкс массасын аналитикалық таразыда өлшейді. Бюксті массасы тұрақты болғанша құрғатқыш шкафта құрғатады.

Массасы белгілі бюкске ұнтақталған BaCl2* 2H2 O кристаллогидратын 1-3 грамм мөлшерінде салып,массасын өлшейді.

Тұзы бар бюксті құрғатқыш шкафқа салып,қақпағын қырынан қояды. 1 сағат өткен соң, қысқышты қолданып, бюксті қақпағымен бірге эксикаторға ауыстырып, суытады. Суығаннан кейін массасын өлшейді. Масса тұрақты болғанша құрғату, суыту және масса өлшеуді қайталай береді.

Есептеу мысалы.

Бос бюкстің техно-химиялық таразыда өлшенген массасы – 20,500 г.

Бос бюкстің аналитикалық таразыда өлшенген массасы – 20,5228 г.

Кристаллогидраты бар бюкс массасы – 23,1150 г.

Анализге алынған BaCl2* 2H2 O массасы – 2,5922 г.

Құрағытылған BaCl2 бар бюкс массасы:

1-өлшеу – 22,7276 г.

2-өлшеу – 22,7274 г.

3-өлшеу – 22,7274 г.

Ұшып кеткен су массасы:23,1150-22,7274=0,3876 г H2 O

Судың проценттік мөлшері х=100*0,3876/2,5922=14,94%

Ескерту: анализдің абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеу керек.

3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Тазаланған суды анализдеу

Жұмысқа байланысты сұрақтар:

1.Барий хлориді мен күкірт қышқылының арасындағы реакция теңдеуінің молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

2.Ерігіштік көбейтіндісі ережесін пайдаланып, барий сульфатының тұнба түзілу жағдайын көрсетіңдер.

3.Кристаллдық тұнбаларды алу жағдайлары қандай?

4.Тұндырғышты қандай мөлшерде қосу қажет, неліктен?

5.Декантация деген не?

6.Фильтрленген тұнбаны неге шаю қажет? Шаюды қай уақытта тоқтатады?

7.Тұнбаны неге 8 сағатқа қалдыру керек?



Жұмысты орындау жолы:

Массасы өлшенген бюкске мөлшермен 0,5 г BaCl2* 2H2 O салып, техно-химиялық, сосын аналитикалық таразыда өлшеңдер. Өлшенген тұзды көлемі 300 мл стақанда 100мл дистильденген суда ерітіңдер. Үстіне 2 мл 2Н HCl қосып,элекр плиткасында қыздырыңдар.Басқа стақанда 30 мл дистильденген судға 5 мл 2Н H2SO4 құйып, қыздырады.Сонан соң ыстық күкірт қышқылының ерітіндісін ыстық тұз ерітіндісіне біртіндеп,шыны таяқшамен араластыра отырып, қосады. Түзілген тұнбаны тұндырып алып, үстіндегі мөлдір ерітіндіге 1-2 тамшы 2Н H2SO4 тамызады.Егер ерітінді лайланбаса, барий толық тұнбаға түскені.Тұнбасы бар стақанды шыны таяқшасымен бірге бетін қағазмен жауып 8 сағатқа қалдырады.

8 сағаттан соң тұнба бетіндегі ерітіндіні күлсіз көк жолақты фильтр қағазына декантациялайды, сосын тұнбаны фильтрлейді.Тұнбаны 3-4 рет дистильденген сумен шаяды. Соңында фильтраттан 3-4 тамшы алып, 1-2 тамшы AgNO3 тамызады. Егер Cl- ионы шайылып бітсе фильтрат лайланбауы керек. Воронканы фильтр қағазымен, тұнбамен бірге құрғатқыш шкафқа салып, кептіреді. Сонан соң филтр қағазын ақырындап бүктеп, алдын ала тұрақты дейін құрышталған, массасы өлшеген фарфор тигельге салады да, Фильтрді муфель пешінің аузына ұстап, көмірлендіреді. Тұнбамен бірге фарфор тигельді бір 9000С температурада муфель пешінде, тұрақты массаға дейін құрыштайды (алғаш рет 30 минут, сонан соң 10 минуттай құрыштау қажет). Тұнбаны эксикаторда суыту қажет, тигельді қысқышпен ұстау қажет..

Есептеу мысалы:

Бос бюкс массасы 15,0592 г.

BaCl2* 2H2 O бар бюкс массасы – 15,5628 г.

BaCl2* 2H2 O массасы – 0,5036 г.

Тигель массасы 7,8134 г.

Тигель мен BaSO4 массасы:

1-өлшеу – 8,2925 г.

2-өлшеу – 8,2919 г.

3-өлшеу – 8,2919 г.

BaSO4 массасы: 8,2919-7,8134=0,4785 г.

Алдымен BaSO4 тұнбасында қанша Ba бар екенін табады:

(1 моль) 233,4 г/моль BaSO4 - (1 моль) 137,4 г/моль Ba

0,4785 г - х г

х = 0,4785*137,4/233,4=0,2817 г Ва

Сонан соң осы Ва мөлшері арқылы BaCl2* 2H2 O құрамындағы Ва проценттік мөлшерін есептейді:

х = 0,2817*100/0,5036=55,93%

Ескерту: анализдің абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеу керек.

4 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

III , II , I топтардың бейорганикалық дәрілік заттары

Тұз қышқылының ерітіндісін бура (Na2В4O7 10Н2О) арқылы стандарттау:

Жұмысқа байланысты сұрақтар:

1.Қышқылдардың концентрациясын анықтау үшін натрий тетраборатын стандартты ерітіндісін қолдану ыңғайлы. Неге?

2. Тұз қышқылымен натрий тетраборатын титрлегенде жүретін реакция теңдеуін жазыңдар. Натрий тетраборатының эквиваленттік массасы неге тең?

3. Индикатор ретінде неге метилоранж қолданылады?

4. Куәгер ерітінді деген не және ол не үшін қолданылады?

Жұмысты орындау.

Көлемі 200 (250) мл болатын 0,1н натрий тетраборатының ерітіндісін дайындау үшін қажет Na2B4O7*10H2O мөлшерін есептеп шығарыңдар.

Техникалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г __________________

Аналитикалық таразыда өлшенген бюкс массасы, г _______________

Аналитикалық таразыда өлшенген бюкс пен Na2B4O7*10H2O массасы, г _______

Na2B4O7*10H2O массасы, г __________________

Өлшеніп алынған натрий тетраборатын құрғақ воронка арқылы көлемі белгілі өлшегіш колбаға толық ауыстырады. (Колбаны алдын ала жақсылап жуып, дистильденген сумен шайып алу керек.) Ыстық дистильденген сумен натрий тетраборатын воронкадан колбаға өткізіп, еріту керек. Воронканы бірнеше рет ыстық сумен шайып, колбаға құяды. Колбаның 2/3 бөлігіне дейін ыстық дистильденген су құйып, араластырып, натрий тетраборатын еріту керек. Ерітінді суыған соң, колбаның белгісіне дейін салқын дистильденген су құйып, колбаның аузын жақсылап жауып, колбаны бір-екі рет төңкеріп, ерітіндіні араластыру керек.

Бюретканы жақсылап жуып, дистильденген сумен шайып, тұз қышқылының ерітіндісімен 2 рет шаю керек. Сосын таза тұз қыщқылымен бюретканы толтырады.

Титрлеуге арналған колбаға дайындалған натрий тетрабораты ерітіндісінің 10,00 см3 аликвотын пипетка көмегімен құяды. (Бұл пипетка алдын ала осы ерітіндімен шайқалған болу керек.) Ерітіндіге екі тамшы индикатор метилоранж қосады.

Осы сияқты тағы бір колбаға «куәгер ерітінді» дайындау керек. Ол үшін 20,00 см3 дистильденген су алады, бір тамшы тұз қышқылын және екі тамшы метилоранж құяды. Ерітінді түрі қызғылт болады. Титрлеу кезінде титрленетін ерітінді түсінің өзгеруін бұл ерітіндімен салыстырып, тез анықтауға болады.

Титрлеуді ерітінді түсі әлсіз қызғылт түске дейін жүргізу керек. Титрлеуді 4 рет жүргізу керек.

Оқытушыға жұмыстың нәтижесін өткізу керек.

Натрий тетрабораты ерітіндісінің титрі, г/мл ______________

Натрий тетраборатының нормальды концентрациясы, ______________

Тұз қышқылының нормальды концентрациясы (статистикалық өңдеу нәтижесі),______

Тұз қышқылының титрі, г/мл (орташа нормальдік бойынша есептеледі)_________

5 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

VII,VI,V топтардың бейорганикалық дәрілік заттары

Жұмысқа байланысты сұрақтар:


  1. Сілтінің ерітіндісін дайындағанда оны неге (Na23) карбонаттың қоспасынан тазалау керек?

  2. Натрий гидроксидін тұз қышқылымен титрлегенде жүретін реакция теңдеуін жазыңдар.

  3. Титрлеу үшін неге индикатор ретінде фенолфталеин алынады?

Жұмысты орындау.

Бюретканы жақсылап жуып, дистильденген сумен шайып, тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен 2 рет шайып, осы ерітіндімен толтырыңдар. Титрлеуге арналған колбаға 10 мл анықталатын NaOH ерітіндісін алып, 3-4 тамшы фенолфталеин тамызыңдар. Ерітінді түсі малина түстен түссізге айналғанша титрлеңдғр.

Титрлеуді 4 рет қайталап, сілті ерітіндісінің нормальдігін және колбадағы сілті массасын есептеңдер. Нәтижені статистикалық өңдеңдер..

6 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ



Спирттер және олардың туындылары негізіндегі дәрілік заттар Жұмысқа байланысты сұрақтар:

  1. Натрий гидроксиді мен карбонатын не себептен бір ерітіндіден анықтайтын жағдай туады?

  2. Бірінші және екінші эквиваленттік нүктедегі рН мәнін есептеңдер. Титрлеуге қандай индикаторлар қолданылады?

  3. Титрлеу кезінде жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңдар

Жұмысты орындау

Бюретканы жақсылап жуып, дистильденген сумен шайып, тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен 2 рет шайып, осы ерітіндімен толтырыңдар.Титрлейтін колбаға 10,00 мл анықталатын ерітіндіні пипеткамен алыңдар. Пипетканы алдын ала ерітіндімен 1-2 рет шайқаңдар.

Титрлеуге арналған ерітінді тұрған колбаға 8 тамшы фенолфталеин тамызып, тұз қышқылымен ерітінді малина түстен түссізденгенге дейін титрлейді. Нәтижесін (Vф-ф) жазыңдар.

Бұл колбаға енді 1-2 тамшы метилоранж тамызыңдар да (ерітінді сары түске боялады) тұз қышқылымен титрлеуді ары қарай жүргізіңдер. Ерітінді түсі қызыл түске боялады. Нәтижесін (Vм-о) жазыңдар.

Титрлеуді 4 реттен жасап, әр индикатор үшін тұз қышқылының көлемін табыңдар (Vф-ф, Vм-о).

Фенолфталеинмен NaOH толық, ал Na2CO3 жартысы титрленеді. Метиоранж қатысында Na2CO3 қалған жартысы титрленеді.

Осыны ескере отырып, HCl ерітіндісінің NaOH және Na2CO3 титрлеуге жұмсалған көлемдерін есептеңдер. NaOH титрлеуге жұмсалған HCl r-көлемі.

V1= Vф-ф- Vм-о

HCl ерітіндісінің Na2CO3 титрлеуге жұмсалған көлемі:

V11=2 Vм-о

Анализ нәтижелері бойынша ерітіндідегі NaOH және Na2CO3 массасын есептейді.

7 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ



Дәрілік заттар көмірсуларды анализдеу.

Калий перманганатының (KMnO4) нормальды концентрациясы мен титрін қымыздық қышқылы арқылы анықтау.

Жұмысқа байланысты сұрақтар:

1. Перманганаттың тотығуы ортаға байланысты қалай жүреді. (қышқылдық, сілтілік және нейтрал ортада) және оны қалай түсіндіруге болады? KMnO4 барлық жағдай үшін эквивалентін табыңдар.

2. Перманганаттың стандарт ерітіндісін дайындау үшін не себепті дәл массасын өлшеу қажет емес? Неге оның титрін бірнеше күннен кейін анықтайды?

3.Қымыздық қышқылын калий перманганатымен титрлеген кезде титрлеудің соңғы нүктесін қалай анықтайды?

4.Перманганатпен қымыздық қышқылын титрлегенде жүретін реакция теңдеуін жазыңдар. Қымыздық қышқылының эквиваленттік массасы (H2C2O4*2H2O) қанша болатынын есептеңдер.

5. Қышқыл орта үшін неге тек күкірт қышқылын қолданады?



Жұмысты орындау

0,05 н ерітіндіні алу үшін қанша H2C2O4*2H2O массасы керек екенін анықтаңдар. Колба көлемі 200-250 мл.

Бюкс массасы техникалық таразыда, г _________________

Бюкс массасы аналитикалық таразыда, г _________________

Бюкс массасы мен H2C2O4*2H2O массасы техникалық таразыда, г____

Бюкс массасы мен H2C2O4*2H2O массасы аналитикалық таразыда, г___

Қымыздық қышқылын толық өлшегіш колбаға көшіріп, дистильденген суда ерітіңдер. Колбаны белгісіне дейін дистильденген су құйып, араластырыңдар.

Бюретканы бірнеше рет перманганат ерітіндісімен шайқап, оны осы ерітіндімен толтырыңдар

10,00 мл қымыздық қышқылын пипеткамен алып (пипетканы бірнеше рет осы қышқылмен шайқау керек) титрлеуге арналған колбаға ауыстырыңдар, үстіне 10 мл 2н күкірт қышқылын (қышқыл көлемін цилиндрмен өлшеңдер) құйып, 80-900С-қа дейін қыздырыңдар.

Қымыздық қышқылының ыстық ерітіндісін калий перманганатына тамшылап құйып, титрлендер. Әрбір келесі тамшыны KMnO4 түсі өзгерген соң құйыңдар.

Өзгермейтін ашық малина түс болғанға дейін титрлеуді жүргізіңдер. Титрлеуді 4 рет жасаңдар. Есептеулер жүргізіңдер.

Қымыздық қышқылының массасы, г ____________

Қымыздық қышқылының титрі, г/см3 ____________

Қымыздық қышқылының нормальды концентрациясы, ____________

Калий перманганатының нормальды концентрациясы, (нәтижелерді статистикалық өңдеңдер) ____________

Калий перманганатының титрі, г/см3 (орташа нормальдік бойынша есептеледі)______


8 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Дәрі-дәрмектерді анализдеуде рефрактометрия әдісі

Жұмысқа байланысты сұрақтар:

  1. Иодометрия әдісінің негізгі стандарт ерітінділері. Иодометрия әдісі бойынша титрлау жүргізгенде қандай жағдайларды сақтау керек?

  2. Калий перманганаты мен калий иодиді әрекеттескенде және натрий тиосульфаты мен иод әрекеттескенде жүретін тотығу-тотықсыздану процесстерінің теңдеуін жазып, теңестіріңдер.

  3. Неліктен натрий тиосульфатын дихроматпен тура титрлеуге болмайды?

  4. Калий перманганатының, натрий тиосульфатының, иодтың (І2) эквивалент массаларын анықтаңдар.

  5. Крахмал қандай индикаторларға жатады? Не себепті иодтың аз мөлшері қалғанда ғана, яғни реакция аяғында ғана крахмалды қосады?

Жұмысты орындау жолы:

Бюретканы натрий тиосульфаты ерітіндісімен шайқап, осы ерітіндімен бюретканы толтырыңдар.

Титрлеуге арналған колбаға пипеткамен стандартты калий перманганаты ерітіндісінен 10 мл аликвот алып, үстіне 10 мл 4н күкірт қышқылы, 15 мл калий иодиді ерітіндісін құйыңдар.

Ерітінділер қоспасын иод толық бөлінгінше, колба бетін шынымен жауып, 5-6 минутқа қараңғы жерге қоя тұру керек.

Бөлінген иодты натрий тиосульфатымен ерітінді түрі сарғайғанға дейін титрлеу керек. Сосын 2мл крахмал құйып, титрлеуді ары жалғастырыңдар. Титрлеуді ерітінді ашық жасыл болғанша жүргізіңдер.

Титрлеуді 4 рет жасаңдар.

Калий перманганатының нормальды концентрациясы, ________________

Натрий тиосульфатының нормальды концентрациясы, (статистикалық өңдеу жасау керек)________

Натрий тиосульфатының титрі, г/см3 (орташа нормальдік бойынша есептеледі) ______

9 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ



Антибиотиктер

Сабақтың жоспары


1 Антибиотиктерге қысқаша сипаттама
2 Флеммингтің пенициллині
3 Өнеркәсіптік жағдайда микроорганизмдердің антибиотиктерге
құралу мүмкіндіктерін жоғалтуы.
4 Антибиотиктерді өнеркәсіпте алу
5 Антибиотиктерді өндірістік алуы және қолданылуы
6 Пенициллин
7 Азық-түлік биомицині (хлортетрациклин)
8 Дәрілік заттардың адам ағзасына қолданылуының мақсаты
3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
3.1 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ НЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1 Бүкіләлемдік ден-саулық сақтау ұйымы: құрылу тарихы, құрамы, қызметі

2. Осмос және осмолярлық түсінігі, осмолярлықты анықтау.

3 Дәрілік заттың мөлшерін анықтауға есептер.

4 Жалпы фармокопеялық анализ әдістеріне жағдаяттық есептер шығару.

5 Дәрі-дәрмек құрамындағы бейорганикалық көмекші заттар.

6 Бейорганикалық дәрі-дәрмектерге жағдаяттық есептер шығару.

7 «Әлемдік фармацевтиканың қазіргі мәселелері» тақырыбында эссе жазу.

8 Фармокогнозия – негізгі түсініктері, қолданылуы.

9 Биофармацевтикалық анализде электрофорез және электрохимиялық әдістерді қолдану.

10 «ҚР фармацевтикалық өнеркәсібі – қазіргі жағдайы мен келешегі» тақырыбында эссе жазу.

11 Плазмоалмастырғыш препараттар. Диагностикалық препараттар.

12 Органикалық дәрі-дәрмектерге жағдаяттық есептер шығару.

13 Органикалық қосылыстардың құрылысы мен олардың дәрілік әсері арасындағы байланыс.

14 «Фармацевтикалық анализде аспаптық анализ әдістерін қолдану» тақырыбында эссе жазу


3.2 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТТЕР
1. Фуран гетероциклдардың қандай тобына жатады?

  1. Бір гетероатомды алтымүшелі

  2. Екі гетероатомды бесмүшелі

  3. Конденсацияланған гетероцикл

  4. Бір гетероатомды бесмүшелі

  5. Екі гетероатомды алтымүшелі

2. Фуранды каталитикалық гидрлегенде түзілетін зат:



  1. Пентан

  2. Фурфурол

  3. Пентанол

  4. Тетрагидрофуран

  5. Дигидрофуран

3. Құрамында оттегі атомы бар бес мүшелі гетероцикл:



  1. Пирролидин

  2. Фуран

  3. Тиофен

  4. Пиррол

  5. Имидазол

4. Циклдың құрамында 1,3-жағдайда орналасқан екі азот атомы бар алты

мүшелі гетероцикл қалай аталады?


  1. Пиразин

  2. Пиразол

  3. Пиримидин

  4. Пиридазин

  5. Имидазол

5. Пиррол гетероцилдардың қандай тобына жатады?

  1. бес мүшелі бір гетероатомды

  2. алты мүшелі бір гетероатомды

  3. бес мүшелі екі гетероатомды

  4. алты мүшелі екі гетероатомды

  5. конденсацияланған гетероцикл

6. Фуран гетероцилдардың қандай тобына жатады?



  1. бес мүшелі бір гетероатомды

  2. алты мүшелі бір гетероатомды

  3. бес мүшелі екі гетероатомды

  4. алты мүшелі екі гетероатомды

  5. конденсацияланған гетероцикл

7. Тиофен гетероцилдардың қандай тобына жатады?



  1. бес мүшелі бір гетероатомды

  2. алты мүшелі бір гетероатомды

  3. бес мүшелі екі гетероатомды

  4. алты мүшелі екі гетероатомды

  5. конденсацияланған гетероцикл

8. Индол гетероцилдардың қандай тобына жатады?



  1. бес мүшелі бір гетероатомды

  2. алты мүшелі бір гетероатомды

  3. бес мүшелі екі гетероатомды

  4. алты мүшелі екі гетероатомды

  5. конденсацияланған гетероцикл

9. Имидазол гетероцилдардың қандай тобына жатады?

  1. бес мүшелі бір гетероатомды

  2. алты мүшелі бір гетероатомды

  3. бес мүшелі екі гетероатомды

  4. алты мүшелі екі гетероатомды

  5. конденсацияланған гетероцикл

10. Құрамында азот гетероатомы бар гетероцикл



  1. пиррол

  2. фуран

  3. тиофен

  4. пиридин

  5. пиримидин

11. Құрамында оттегі гетероатомы бар гетероцикл



  1. пиррол

  2. фуран

  3. тиофен

  4. пиридин

  5. пиримидин

12. Құрамында екі азот гетероатомы бар бес мүшелі гетероцикл



  1. пиразол

  2. фуран

  3. тиофен

  4. пиридин

  5. пиримидин

13. Пирролдың құрамында қандай гетероатом болады

  1. азот

  2. күкірт

  3. оттегі

  4. атом азот

  5. 4 атом азот

14. Фуранның құрамында қандай гетероатом болады?

  1. азот

  2. күкірт

  3. оттегі

  4. атом азот

  5. 4 атом азот

15. Қандай гетероциклдың құрамында пиррол және бензол болады



  1. тиазол

  2. пиразол

  3. индол

  4. имидазол

  5. оксазол

16. Индолдың құрамында қандай гетероатом болады



  1. азот

  2. күкірт

  3. оттегі

  4. атом азот

  5. 4 атом азот

17. Имидазолдың құрамында қандай гетероатом болады



  1. азот

  2. күкірт

  3. оттегі

  4. 2 атом азот

  5. 4 атом азот

18. Пиразол туындыларына жататын дәрілік заттар

  1. феназон

  2. фурацилин

  3. пилокарпин гидрохлорид

  4. фенилбутазон

  5. этилбискумацетат

19. Бензопиран туындыларына жататын дәрілік заттар



  1. феназон

  2. фурацилин

  3. пилокарпин гидрохлорид

  4. фенилбутазон

  5. этилбискумацетат

20. 5-нитрофуран туындыларына жататын дәрілік заттар



  1. феназон

  2. фурацилин

  3. пилокарпин гидрохлорид

  4. фенилбутазон

  5. этилбискумацетат

21.Имидазол туындыларына жататын дәрілік заттар



  1. феназон

  2. фурацилин

  3. пилокарпин гидрохлорид

  4. фенилбутазон

  5. этилбискумацетат

22. Пиразол гетероцилдардың қандай тобына жатады

  1. бес мүшелі бір гетероатомды

  2. алты мүшелі бір гетероатомды

  3. бес мүшелі екі гетероатомды

  4. алты мүшелі екі гетероатомды

  5. конденсацияланған гетероцикл

23. Қандай бес мүшелі гетероциклды қосылыс фуразомидонның құрамында болады?

  1. пиррол

  2. фуран

  3. тиофен

  4. пиридин

  5. пиримидин

24. Қандай бес мүшелі гетероциклды қосылыс индолдың құрамында болады?



  1. пиррол

  2. фуран

  3. тиофен

  4. пиридин

  5. пиримидин

25. Қандай бес мүшелі гетероциклды қосылыс триптофанның құрамында болады?



  1. пиррол

  2. фуран

  3. тиофен

  4. пиридин

  5. пиримидин

26.Қандай конденсацияланған гетероциклдың құрамында пиррол болады?



  1. тиазол

  2. пиразол

  3. индол

  4. имидазол

  5. оксазол

27.Қандай дәрілік заттың құрамында фуран болады?

  1. тубазид

  2. фтивазид

  3. фурацилин

  4. антипирин

  5. амидопирин

28. Қандай дәрілік заттың құрамында фуран болады?



  1. тубазид

  2. фтивазид

  3. фуразолидон

  4. антипирин

  5. амидопирин

29.Қандай биогенді аминнің құрамында имидазол болады?



  1. триптамин

  2. дофамин

  3. норадреналин

  4. гистамин

  5. адреналин

30. Қандай витаминнің құрамында пиррол болады?



  1. витамин В12

  2. витамин В1

  3. витамин РР

  4. витамин С

  5. витамин Д

31. N-(5-Нитро-2-фурфурилиден)-1-аминогидантоиннің рационалды атауын атаңыз:



  1. Фуродонин

  2. Фурацилин

  3. Фуразолидон

  4. Фурагин

  5. Фепромарон

32. N-(5-Нитро-2-фурил)-аллилденаминогидантоиннің рационалды атауын атаңыз:



  1. Фуродонин

  2. Фурацилин

  3. Фуразолидон

  4. Фурагин

  5. Фепромарон

33. 3-α-Фенил-β-пропионил-3-этил-4-оксикумариннің рационалды атауын атаңыз:



  1. Фуродонин

  2. Фепромарон

  3. Аценокумарол

  4. Этилбискумацетат

  5. Фепромарон

34. Кумарин туындыларына қайсысы жатады?



  1. Фуродонин

  2. Фурацилин

  3. Фепромарон

  4. Фурагин

  5. Феназон

35. 5-нитрофуран туындыларына қайсысы жатады?



  1. Фепромарон

  2. Аценокумарол

  3. Этилбискумацетат

  4. Феназон

  5. Фурацилин

36. Индол туындыларына қайсысы жатады?



  1. Индометацин

  2. Метамизол-натрий

  3. Этилбискумацетат

  4. Феназон

  5. Фурацилин

37. Пиразол туындыларына қайсысы жатады?



  1. Индометацин

  2. Метамизол-натрий

  3. Этилбискумацетат

  4. Феназон

  5. Фурацилин

38. 1-(4-Хлорбензоил)-5-метокси-2-метил-1Н-индол-3-сірке қышқылының рационалды атауын атаңыз:



  1. Фепромарон

  2. Аценокумарол

  3. Этилбискумацетат

  4. Феназон

  5. Индометацин

39. 1-(β-Оксиэтил)-2-метил-5-нитро-имидазолдың рационалды атауын атаңыз:



  1. Метранидозол

  2. Аценокумарол

  3. Этилбискумацетат

  4. Феназон

  5. Индометацин

40. Этирификациялыну реакциясы – бұл ...



  1. спирттердің әрекеттесуі

  2. спирттердің сумен әрекеттесуі

  3. дегидридтелу

  4. спирттердің карбон қышқылдарымен әрекеттесуі

  5. карбон қышқылдардың металдармен әрекеттесуі

41. Нуклеофилдік орын басу реакциялары белгіленеді:



  1. SE

  2. SN

  3. AE

  4. E

  5. AN

42. SN — қандай реакцияның символы:



  1. электрофильдік орын басу

  2. нуклеофильдік орын басу

  3. электрофильдік қосылу

  4. элиминирлену

  5. нуклеофильдік қосылу

43. Хлорангидридтер — карбон қышқылдарының немен әрекеттесу нәтижесінде түзіледі



  1. Cl2

  2. HCl

  3. PCl5

  4. HClO3

  5. FeCl3

44. Карбон қышқылдарының ангидридтері - карбон қышқылдарының немен әрекеттесу нәтижесінде түзіледі



  1. Р2О5

  2. NaOH

  3. C2H5OH

  4. PCl5

  5. HClO3

45. Карбон қышқылдардың спирттермен әрекеттесуі күрделі эфирлердің түзілуіне әкеледі, осы реакция аталады:



  1. полимерлену

  2. конденсациялану

  3. этерификациялану

  4. диспропорциялану

  5. изомерлену

46. Сірке қышқылының этил спиртімен этирификациялану нәтижесінде тұзіледі:



  1. этил ацетат

  2. метил ацетат

  3. бутил ацетат

  4. натрий этилаты

  5. пропил ацетат

47. Қышқылдардың екі молекуласынан су молекуласы үзілуі нәтижесінде түзіледі:



  1. эфирлер

  2. қышқылдардың ангидридтері

  3. карбон қышқылдарының тұздары

  4. күрделі эфирлер

  5. дұрыс жауабы жоқ

48. Күрделі эфирлерді алу үшін қолданылатын реакция:



  1. гидратталу

  2. этерификациялану

  3. дегидратталу

  4. дегидрогенделу

  5. полимерлену

49. Ароматты карбон қышқылдарына жатады:



  1. бензой

  2. сірке

  3. пропион

  4. май

  5. валериан

50. Құрамында қандай функционалды тобы бар гидроксиқышқылдарды гетерофункционалды қосылыстар деп атайды:



  1. гидроксил және амин тобы

  2. карбоксил және гидроксил

  3. карбоксил және оксо топ

  4. карбоксил және нитро топ

  5. нитро топ және оксо топ



Жауаптар эталоны
1-В; 2-D; 3-B; 4-C; 5-А; 6-A; 7-A; 8-E; 9-C; 10-A; 11-B; 12-A; 13-A; 14-C; 15-C; 16-A; 17-D; 18-A; 19-E; 20-E; 21-E; 22-C; 23-B; 24-A; 25-A; 26-C; 27-C; 28-C; 29-D; 30-A; 31-А; 32-D; 33-В; 34-С; 35-Е; 36-А; 37-В; 38-Е; 39-А; 40-D; 41-B; 42-В; 43-С; 44-А; 45-С; 46-А; 47-В; 48-В; 49-А; 50-В;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет