Сұрақтары. Бейне жарнама. Түсінік, телевизиялық жарнамалық каналдардың мінездемесі, телевизиялық роликтардың құрылымдық элементтері.
Тележарнама өмірдегі шынайы оқиғалар көрсетілген шағын сахналық қойылымды елестетеді. Кейіпкерлер көріністің басында қарапайым адамдар болса, ал соңында пайда болған қиыншылықтың шешушісіне айналды. Осы әдіспен жасалған жарнаманың жақсы шығуының кілті -қарапайымдылық. Жарнама белгілі бір тауарды жариялауға бағыттап, оны көрермен есінде қалатындай етіп берілуі тиіс. Әрбір эпизодтың нанымды шығуын қамтамасыз ету және жақсы идея қажет. Ал осы идеяның ойдағыдай жүзеге асуы, жарнаманың сәтті шығуы көрініске қатысушы тұлғаның актерлік шеберлігінің жоғарылығына байланысты. Өз күшіне сенімді жарнама жасаушылар әртүрлі жанрлық көрініс түрін қолданады.
«Өмір бейнесі» - бұл жарнама түрі тауарды емес, осы тауар тұтынушысын көрсетуді басты мақсатқа арнайды. Өздеріне арналған тауарды жарнамалық роликке түсуші өмірдің түрлі жағдайларында қолдануын көрсету арқылы ұсынылып отырған тауар тұтынушының қандай тобына өте қажетті екендігін түсіндіруге ұмтылады.
Анимация. Қолдан салынған сурет, қуыршақ арқылы жасалған және бейне көріністер, көп ақпарат беретін және балаларға арналған жарнамаларда қолданылады. Қазіргі техниканың жетістігі компьютерлік сызбаның көмегімен кез келген жарнамаға жан бітіру мүмкіндігін туғызып отыр. Өте қымбат ақы алынып отырған мұндай жарнаманы қолға алу өте жауапты. Телеарна жарнамалары осындай негізгі түрлерге бөлінеді.
№12 Сыртқы жарнамалардың ерекшеліктері
Сұрақтары. Сыртқы жарнамалар. Түсінігі, сыртқы жарнамалардың мінездемесі, құрылымдық элементтері, сыртқы жарнамаларды жасаудың технологиялары, сыртқы жарнамаларды жасаудың негізгі құралдары
Сыртқы жарнама көбіне тұтыну тауарларын жарнамалауда тиімді құрал болып табылады, өйткені ол ең алдымен халықтың кең көлемінің қабылдауына арналған. Алайда, соңғы кездері көптеген ірі өндірістік кәсіпорындар, бірлестіктер және концерндер оны престижді жарнаманың түрлі шаралар кешенінде өз тауар белгілерін насихаттау үшін пайдаланып жүр.
Сыртқы жарнама объектісін орналастырудың тәртiбi мен шарттары жарнама орналасқан объектiлердiң – елдi мекендердiң шекарасы шегiндегi (қала маңындағы аймақтарды қоса алғанда) үйлердiң, ғимараттардың, жер учаскелерінің (гүлдердi немесе өзге де өсiмдiктердi арнайы тақырыптық отырғызу жолымен көгалға және үйме топыраққа жарнама орналастырған жағдайларды қоса алғанда) барлық түрлерiне таралады.
Сыртқы жарнаманы монтаждаған (бөлшектеген) кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде және пайдалану процесінде саяси үгіт және насихат жүргізетін, сондай-ақ қоғамдық-әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік органдардың өзге де көрнекі ақпараты бар объектілерді елді мекендерге орналастырғанда ұсыным ретінде қолданылуы мүмкін және маңызды халықаралық, республикалық немесе өзге де маңызы бар оқиғаларды, халықтың арасындағы танымал мемлекеттік және қоғамдық мүдделерде өткізілетін іс-шараларды баяндайды.
Сыртқы жарнама:
1) көлiк құралдарында (әуе шарларын, аэростаттарды, дирижабльды, тұрақсыз жүзу құралдарын қоса алғанда) орналасқан жарнамаға (жарнамалық ақпаратқа);
2) қалалық жерлерде жарнаманы тарату құралы ретiнде адамдар мен жануарлар қатысатын жарнамаға (жанды жарнама);
3) сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының (дәрiханаларды қоса алғанда) витринасын (терезесiн) iшкi ресiмдеуге, егер осы ресiмдерде тек осы кәсiпорындар өткiзетiн тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер туралы жарнамалық ақпарат болса.
№13 Пошталық жарнама
Сұрақтары. Түсінігі, пошталық жарнамалық каналға мінездеме, құрылымдық элементтері, классификациясы, пошталық жарнамаларды өндірудің технологиясы, құрудың негізгі құралдары, пошталық жарнамаларды безендіру мен өндірудің талаптары. Берілген жарнамалық каналдардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Жарнамалық материал пошта жөнелтімдері (хатттар, бандерольдар және басқа) түрінде таратылады, көрсетілген мекенжайдың пошта жәшігіне салынды, сондай-ақ өз қолыңызға да тапсырылады. Бұл қызмет мерзімдері және тарату тәртібі қарастырылған компаниялармен отырған шарттардың негізінде көрсетіледі. Жарнамалық материал буып түйілген, яғни пошта жөнелтімі түрінде немесе оралмаған күйінде де беріледі. Тапсырыс беруші-компания шартқа қол қою кезінде айтылғандар бойынша жарнамалық материалдарды тарату кезінде мекенжай деректерін дұрыс көрсету талаптарын орындауы қажет
Тікелей пошталық жарнама — жарнамалық хабарларды тұтынушы мекен – жайына жарнама хаттар немесе хабарландыру – ақпараттық материалдардың басылымдары ретінде жіберу.
Туризмнің ұдайы өсуі біртұтас әлемдік экономикаға әсер етуі сияқты бөлек елдер мен аймақтар экономикасына әсер етуі дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы мен құрылымына жалғасатын күрделі, тұрақты ұзақ мерзімді беталыстардың бірі болып табылады. Қызметі халықтың өзгеше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған туризмнің ұлттық экономикадағы ірі өз алдына салаға айналуы осыдан байқалады. Осы қажеттіліктердің алуан түрлілігі туристік кәсіпорындармен ғана қанағаттандырылып қоймайды, сонымен қатар экономика дамуына мултипликаттық әсері факторларының бірі ретінде туризм мәнісін себепші ететін басқа салалардағы кәсіпорындармен қанағаттандырады. Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес. Осы туралы американдық кәсiпкер Джон Ванемейкер былай дейдi: Менiң жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бiрталайы бекерге кететiнiң бiлемiн. Бiрақ оның нақты мөлшерiн анықтай алмайдым. Салыстырмалы есеп бойынша жарнама өзiн сонда да ақтайды. Мұнда жарнаманың экономикалық тиiмдiлiгi жарнаманың сату көлемiне тигiзетiн әсерiмен анықталады. Жарнама науқаның өткізбей тұрып және оны өткізгеннен кейін, оның тұтынушыға әсерін анықтау қажет. Жарнаманың тиімділігін бағалаудың әдістері коммуникативтік психологиялық, коммерциялық (сандық) болып бөлінеді.
Тиімділікті бағалаудың коммуникативтік әдісінің түрлері;
1. Тікелей бағалау. Бір топ тұтынушыларға жарнаманың балама нұсқалары ұсынылып, олардың әрқайсысына баға беру сұралады.
2. Қоржынды тексеру. Тұтынушылар жарнама хабарларын тындайды, содан соң олардан жарнама мазмұнын айтып беруін сұрайды. Есте қалған жарнама хабары тиімді болып есептеледі.
3. Зертханалық. Арнайы құралдарды пайдалану арқылы жарнаманың тартымдылығы өлшенеді.
4. Нарықты тестілеу.
Нарықты арнайы тестілеу арқылы жарнаманың өткізу көлемінің өсуіне ықпалын тигізгендігі немесе тигізбегендігі анықталады. Бұл әдіс қымбатқа түсетіндіктен сирек қолданылады. Жарнаманың есте сақталуын және оңай танылуын тест жүргізу арқылы анықтау. Жарнаманың есте сақталу және танылу деңгейі арнайы құралдарға сүйене отырып немесе оқырмандар мен көрермендерден пікір сұрау жүргізу арқылы анықталуы мүмкін. Мысалы, теледидар бойынша жарнаманы көргендерден компания немесе жарнамада көрсетілген тауарлар туралы еске түскендерін айтып беруді сұрайды. Жарнаманың оңай танылуын тексеру кезінде журнал оқырмандарынан осы жарнаманы бұрынырақ көргені туралы сұрау жүргізеді.
Қазіргі кезде жарнама балаларды белсенді пайдалануына ешкім күмәнданбайды. Брэндаға қатысты «дұрыс» бағдарлар адамдарда ертерек қалыптасуға тырысады. Мұның өз логикасы бар. Барлық жаңаны жеңіл қабылдайтын, талғамы мен әдеті әлі тұрақталмаған, өмірлік стилі әлі қалыптаспаған жас аудиторияны өзіне қарату тиімдірек болады. Ұрпақ жастайынан брэнданың жолын қуушы ретінде тәрбиеленген ол өзінің барлық өмірінде байланыстылығын сақтайды. Олар өздерінің адалдығын жыл сайын білдіреді, ал жарнама ақшасы әлі қалыптаспаған тек сол адамдардың қызығушылығын қолдап отырады. Мұндай пікірді психология ғылымы да қолдайды. Қазіргі жаңарулар бойынша, адамның миына оның шынайылығын анықтайтын верификациялық ақпараттар процесі енуде. Кез-келген тірі организм үлкен әртүрлі кейде қарама-қарсы сигналдарға әруақытта қарсы шығады. Олар ішкі және сыртқы ортада болған ақпараттарды олар өзіне алады. Шынайлығы және маңыздылық көзқарас бойынша, адамда барлық ақпараттар логикалық (саналы) не автоматты (бейсаналы) болады. Осыған орай ол өзін жоқ не жалған ақпараттарға керек емес сигналмен әсер білдіріп өзін қоршайды. Ақпаратты оны қайта өңдеусіз қабылдау дәл кішкентай балаларға қатысты. Бұл шақта ол биологиялық мақсатталған. Адамның миы губка сияқты кез-келген ақпаратты сіңіреді ол оған болашақта керек болуы мүмкін. Кейін ол өмірлік тәжірибе жинағанда, логикалық ойы дамығанда, қабылдағандарынкритикалы анализдей бастайды. Табиғат ақылды ол көп нәрсені қарастырады бірақ жарнама индустриясы және уағызын емес. Адам эволюциясының мыңжылдық бойында бұл мақсатты болды, қазір индивидке күнделікті қарсы тұратын ақпаратта санының кеңеюінен олай бола амауы да мүмкін.
Бұған тележарнаманың тәжірибесінің қызықты фактісі байланысты. Үлкендердің көбісінің теледидардағы жарнаманы көргісі келмейтіндігі құпия емес. Бұл жарнаманы тоқтаусыз қайталау «перекорма» тиімділігіне әкеледі. Бұдан теледидардағы бағдарламаны біреуінен келесіне тез ауыстырады өйткені, жарнаманы көрмеу үшін қашады. 1980-90жылдары пульттің пайда болуынан бұл көрініс кең жайылды. Үлкен жастағы көрермендердің көпшілігі жарнаманы көрмеу үшін теледидарды өшіреді. Ал тоқтаусыз қайталанатын біртипті жарнамалық клиптерден кішкентай балалар мүлде жалықпайды. Бір теле роликті олар жалықпайтын қызығушылықпен көруге дайын, әсіресе 4-5жасқа дейін. 2003жылы «КОМКОН-Медиа» компаниясында өткізілген сауалнама нәтижесі бойынша көрермен аудиториясының жартыдан көбісін балалар құрайды (52,4) олар жарнамалаушыға сенеді. Бала үлкен болған сайын жарнаманы аз көреді. Алған мәліметтер бойынша егер 9 жастағы балалардың 44,8 телероикті аяғына дейін көрсе, ал 19 жаста тек 15,9 болады. 12 жасқа дейін балалар орташа есеппен жылына 25000-ға дейін жарнама көреді. 2-7 жас аралығындағы балалар күніне теледидар алдында 2-сағат отырады.
Кішкетай балаларды бірінші кезекте жарнамалық мәліметтің мағынасы емес, экрандағы ашық катиналар, қимылдар өзіне тартады деп есептейді психологтар. Олар мағыналы ақпаратты бейсаналы қабылдайды. Бұл қабылдаудың физиологиялық ерекшеліктеріне негізделген: адамның зейіні өзгермегенге емес, айдаладағы кеңістіктің өзгеруіне көзі түседі. Қосымша ерік күшсіз адам станционарлы обьектіге көп шоғырлана алмайды. Шаршау туындап зейін өз еркінше тоқталады. Керісінше өзгерулер көп болған сайын оған зейін күштірек болады.
Қазіргі жарнама динамикалықты сипаттайды. Бейнелерді бір-біріне ауыстыру қарқыны өте жоғары. Алайда үлкендердің еркі жеткілікті дамыған, критикалық ойлауы қалыптасқан, олар экранда жарнамалық картиналар көрсеткенде басқа бағдарламаға жеңіл ауысады. Бала толығымен жарнама билігіне түседі. Жарнама клиптерінде визуалды бейнелер тез ауысады, балалардың зейіні шаршауға үлгермей, оны көріп тыңдап отыра береді. Сондықтан да қай тауарды алсақта ол тездігімен ашық түстілігімен, көңіл көтеретінімен ерекшеленеді. Онда нағыз өнім туралы ақпарат таратпайды. Баланың қабылдауының физиологиялық ерекшелігі, әрқашан баланың әлеуметтену процесіне байланысты, басында мектепте оқи бастауымен сай келеді, балалар аз критикасыз үлкендерге сенеді, бірінші кезекте ата-ана және мұғалім. Сондықтан, әлеуметтенудің ерте этапында ақпараттың әсері индивидке өте маңызды. Балардың әсері өте күшті деп босқа айтпайды бүгінде ұлттық корпорациялар өзі мұны қолдануға асығуда. «Сіз осыған лайықсыз» деген әсермен өзіндік ойлауы қалыптаспаған жас қыздар мен балалар баруы керек. Азаннан кешке дейін құлақтың еститіні «сатып ал әйтпесе, жауынның астында қаласын».
Жоғарыдағы бала психикасын ескере отырып сізді ерте жастан сендіруге болмайды. Мысалы, «Кока-кола» расында да «Пепсиден» күшті. Бұларды тек коммерциялық емес, сонымен қатар, саяси жарнамада кең қолдануда.
АҚШ-та 4тен-12ке дейін жас аралығындағы балалар өз қалталарынан жыл сайын шамамен 4 миллиард доллар жұмсайды. Бұл халықтың әсерлі тобы. Бақылауға алынғаны шамамен 15 миллиард доллар ақшаларының барлығының сатып алуға кеткені осы мұнда балалардың ойыншығы, тәттісі, киімі, аяқ киімі сөз болуда емес. Жарнама әсерінің соншалықты күштілігі жанұяда қымбат тұратын затты сатып алушы 2жасар бала болған (авокөлік, тұрмыс техникасы). Жарнама мұндай балалар үшін олардың миына шешуші әсер ететін негізгі ақпарат көзі. Жарнама берушілер үшін жайлы аудитория ол жеткіншектер. Тинэйджерлер жыл сайын киімге, косметика, жеке заттарына, видео және аудиокасетаға және СD 30 миллиард доллар жұмсайды. Күнделікті үйге зат сатып алу жеткіншек қыздардың 60%, балалардың 40% құрайды. Балалардың бұл ата-аналарының қалтасына өте тиімді әсер ету тәсілі. Балалар өздерінің талпынысыда өте тұрақты болатыны барлығына аян. Балаларына ашық бірақ керексіз қымбат ойыншықтарды немесе компьютер ойындарын пайдаландырады және кінә сезімін сезінеді өйткені, олар бұның бәрі балаларға пайдасыз екеніне сенімді. Ал мүмкін балалары ата-аналары оларды сүймейді деп шешеді. Оларда барлық қыздар мен балаларда бар зат менде жоқ деп оның депрессиясы шығады және өзін кемісту комплексі туындайды. Балаларда мұндай комплекстердің қалыптасуы өзіндік жарнаманы белсенді жүргізеді. Америкалық жарнама агенстваларының бірінің жетекшісі былай деді: «Жақсы жарнама- бұл жарнамадағы затты қолданбағаны үшін өзін жолы болмайтын деп сезінуге мәжбүрлеу. Атақты болу мен сәттіліктің уәдесінде барлық өндірушілер өз тауарын дәстүрлі жарнамамен жабдықтайды, бұл алдаулар үлкендердің көпшілігіне таныс. Бірақ балар және жеткіншектер өте сезімтал. Егер олар оны сатып алмаса олармен ешкім достаспайды деп ойлайды.
Батыста ойыншық шығаратын компаниялар үшін оларды сату отандық мерекелерде ғана болады. Олардың мәселесі келесі екі айда ойыншықтарды сату төмендейді. Адамдар сыйлық сатып алуға арналған ақшаларын жаратты, енді олар балаларын жаңа ойыншық алуға көндіреді. Балалар мультфилм көру кезінде теледидардан ашық жарнама роликтерінің берілуі жылдың қай мезгілде пайда болуын ескерместен, балаларда ата-аналарына қылқылдау туындайды. Мереке кезінде ақша жаратқанына қарамастан ата-аналары тағы да бірнеше сыйлықтар сатып алады, ол ойыншықтар балаларында көп болса да. Бағасының төмендігіне қарамастан мерекеден кейін ата-аналардың ойыншық сатып алуға көңілі болмайды. Кейбір ойыншық шығаратын компаниялар, жарнамаға көп шығынды талап етпейтін, жақсы шешім тапты. Бұл ата-аналар психологиясын түсінуге негізделген. Мереке адында теледидардан ойыншықтарды белсенді жарнамалай бастайды. Әрине балалар көрген нәрсесін алғысы келеді, олар ата-аналарынан мерекеде осы ойыншықтарды әперем деген уәдесін алады. Міне осыдан компанияның жоспары жүзеге асады. Олар дүкенге ата-аналары балаларына уәде берген ойыншықтарды аз қояды. Оларға керек ойыншықтардың сатылып кеткенін білген ата-аналар дәл сол бағадағы сыйлықпен алмастыруға мәжбүр болады. Әрине ойыншық шығаратындар көптеген түрлі орын ауыстыратынның дүкенге тоқтамай жабдықталуын қамтамасыз етеді. Сосын мерекеден кейін компания қайтадан «ерекше» ойыншықтарды жарнамалай бастайды. Бұл балаларда уәде берген ойыншықтарға әсіресе күшті қалауға мәжбүрлейді. Олар қайтадан ата-аналарына қылқылдай бастайды «Сіз уәде бердіңіз ғой деп» үлкендер сөз бергендерін бұзбау үшін дүкенге баруға тура келеді.
Ата-аналардың көпшілігі жарнама берушілерге теріс қатынасты. Мұнда психологтар бір жақты жауап бере алмауда. Қазір психологтардың өзі жарнама индустриясында ізденіп жүр. Олар тауарды соғы сатып алуға мәжбүр етуге бағытталған, ықпал ету әдісін өңдеу үшін жарнама берушілерге белсенді көмектесуде. Психологтардың бұл тапсырманы жақсы орындауы күмән туғызбайды. Олардың қатысуымен құралған жарнама балаларды тек басқармайды, сонымен қатар жай ғана оларды алдайды, осыдан олар ұялу, қорқуды сезінеді ме екен? Мамандарда балалар жарнамасы туралы екі көзқарас бар. Бірінші жақтағылар былай дейді. Жарнама баланың психикасына ешқандай теріс әсер етпейді. Максимум ол неге жетуі мүмкін- бұл болашаққа мәдени посылка жібереді. «Көп жыл өтті. Бала өсті, балалар үшін ертегі жазылды. Басты ролдің аты Проктор, ал фамилиясы Гембл. Кейіпкердің аты Занусси (Бұл тауар маркасын көптен ұмытып кеткен делік). Өнерді зерттеушілер автордан сұрайды: батырлардың аты қайдан? Автор білмейді». Балаларға ешқандай жамандық болмайды. Психологтар да жарнама берушілер де тамақтанғысы келеді, оларда балаларын тамақтандыру керек. Онда ешқандай моральды мәселе жоқ, заңда рұқсат етілгендер шешілді, ал рұқсат берілмегендер жолын табуға болады.
Жарнамада белсенді жұмыс істеуші психологтардың арасында мәселенің моральды аспектісі өте асырып айтылған деген пікір қалыптасқан. Ия, жарнама өтірік екенін олар мойындайды, сондықтан балалар ерте жастан бастап жарнаманы нағыз өмірден ажырата білуі қажет. Оны жарнама емес жанұя және мектеп үйрету қажет. Басқа сөзбен айтқанда-«бұл сіздердің мәселелеріңіз». Сонымен қатар қазіргі жарнама баланың әлеуметтену бөлігі болып табылады. Олар ерте жастан бастап, үлкендердің ақша тауар әлеміндегі қатынасқа бағдарлануға балаларды үйретеді.
Екінші топ психологтар мұндай әдісті бірдестен талқылайды. Онда келесі аргументтер қарастырылады. Қазіргі жарнама беруші және жарнамалаушылар «материалдық» бағдарды ертерек бастауға тырысуда, бұл мына жағдайға әкелуі мүмкін, балалар өсе келе өзінің еркелік қасиеттерін емес, олар нені игере алады соны және өзінің ерекшелігін бағалайтын болады. Бұл болашақта есейген кезінде көптеген психологиялық комплекстердің туындауына әкеледі. Бұндай индивидумның сұрағына жауап тек мынадай болады: Мен қандайда бір машинаны айдайтын, қандайда бір үйде тұратын, қандайда бір киім киетін адаммын. Өзін теңестіру тек пайдаланылған брэндалардың тізімін құру арқылы болуы мүмкін. тізімнің барлығын меңгере алмау тотальды комплекске және өзін кемістуге әкелуі мүмкін. Көбіне жарнама пайдасыз, зиян заттарды, тауарды пайдалануға балаларды күштейді. Көптеген мамандар жарнамалық баспасөздер балалардың интеллектуалды дамуына кедергі асайды деп есептейді. Оларды критикалық ақпараттарды ұғыну процесі болмайды
Білесіздер ме, жалғыз өзі теледидар көріп отырған бала, жарнамаға ата-аналарымен көріп отырған балаларға қарағанда, олар алғырлы және ұққыш. Мұны британдық психологтар анықтады. Зерттеулерде анықтағандай күнделікті үзбей теледидар көретін балалардың арасында 41% ата-аналарына жарнамалаушы тауарды сатып алдырады. Психология саласындағы мамандардың пайымдауынша: толық емес, ата-анасының екеуі де жұмыс істейтін, ата-аналары 30 толғанда балалары дүниеге келген жанұяда балалары ерке көп ақша жұмсайды.
Барлық Еуропалық елдердің ішінде Швецияда балалар жарнамасына өте қатал заңдылықпен қарайды. Швецияда 12-ден төмен жастағы балаларға жарнамаға рұқсат бермейді. Нағыз либеральды заңдар Британияда онда балалар жарнамсының шығынының көп бөлігі білім беру телебағдарламаның шығуына бағытталған. Зерттеушілер анықтағандай, ағылшын балаларының 25% Швеция балаларының қатары онда балаларға рұқсат етілмейді, олар ата-аналарынан тақты брэнда сыйлықтарының сапасы негізінде сатып алуды сұранады.
Еуропада жарнама индустриясы өз өнімін мұқият қарауға қоғамдық қарсылық жоқ. Негізгі қағидалардың бірі жарнама потенциалын тәрбиелік мақсатта қолдану болып табылады. Қазір де жарнаманы осындай түрде басқаруға тырысуда. Балалар жарнамасы достықты, мейірімділікті, адалдықты, жанұялық байлықты қолдауды және сақтауды уағыздауға тырысуда.
Кәмелетке толмағандардың өз ата-аналарын және жақындарын жарнамалаушы тауарды әперуге көндіру, тікелей иландыру дұрыс емес. Кәмелетке толмаған балаларың тауар алуға деген зейін аудару, басқа толғандардан артықшылығын көрсетеді. Сонымен қатар, тауардың болмауы қарсы эффект береді. Кәмелетке толмағандардың түсінігіне тауардың бағасы туралы мысалы, мына сөздерді қолдана отырып «тек», «сол ғана» деген тіке немесе жанама жолды көрсетумен жарнамалаушы тауар кез-келген жанұя бюджетіне тиімді деп түсіндіру. Бірақ жарнамалаушылар бұл тосқауылдарды әруақытта бұзады.
№14 Жарнамадағы зерттеу жұмыстары
Сұрақтары. Зерттеу жұмыстарын жарнамаға бағыттау, жарнамадағы зерттеу жұмыстары және олардың мінездемесі. Жарнамадағы зерттеу жұмыстары бағыттарының мазмұны: жарнамалық мәліметтердің психологиялық бағасы және жалпы жарнамалық компаниялар, практикалық зерттеу жұмыстары. Жарнамалық компания этаптарына сәйкес зерттеу міндеттері
Жарнама агенттіктері дегеніміз - жарнамалық қызметтерді орындауға маманданған (жарнама зерттеулерін жүргізу, жарнамалық қызмет жоспарын жасау, жарнама компанияларынның жұмысын жүргізу және өткізу, сондай-ақ жарнамалық арналар даярлау, орнату және т.б.) тәуелсіз фирма. Жарнамалық агенттіктер бұл жұмысты өз тұтынушылары атынан және солардың қаржысымен жасайды.
Жеке жарнамалық қызметтері бар ірі жарнама беруші фирмалар жарнама агенттігіне жүгінеді. Ол төмендегідей себептерге байланысты:
-
Жарнама агенттіктері күн сайын аудитория мүдделерін, өзіндік тәжірибелерін, компитенттілігін түсінуге көмектесетін маркетингтік жағдайларды кең спекторымен ұштастырады. Өз кезегінде бұл жарнаманың сапасын мен тиімділігін анықтайды;
-
Агенттік тәуелсіз ұйым болып табылады, бұл жарнама берушінің проблемаларына «сырт көзбен қарауға», яғни әлдеқайда обьективті қарауға мүмкіндік береді;
-
Жарнама агенттіктері бұқаралық ақпарат құралдарымен жақсы қарым-қатынаста болады, жарнаманы беру үшін уақыт пен орынды тұрақты және алдын ала сатып алады. Жарнама берушілердің жарнама агенттіктерімен істес болуы оларға өз мәселелерін жедел шешуге және қаражат пен уақытты үнемдеуге көмектеседі;
-
Жарнама агенттіктеріне (әсіресе, жарнама қызметінің толық кешенімен толық қамтамасыз ететіндер) жарнамада жүйелік әдісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жарнаманың тиімділігін әлдеқайда жоғарылатады.
Жарнама агенттіктерін таңдау кезінде жарнама беруші оның қызметінің келесі аспектілеріне назар аударғаны жөн:
- агенттіктің құрылған уақыты, жұмыс тәжірибесі;
- ұсынылатын жарнамалық қызметтер тізімі;
- қажетті мамандар болуы;
- кәсіби мамандардың (орындалатын қызметтер, жарнамаланатын тауарлар, мақсатты аудитория типтері, т.б. бойынша) болуы;
- қызметтер төлемінің реті мен құны.
Агенттік ұсынатын қызметтер саны ұйымдағы жарнамалық қызметке қарағанда әлдеқайда жоғары және олардың түрлері әлдеқайда кең. Кең спекторлы қызметі бар жарнамалық агенттік әдетте жұмысқа жоғары шығармашылық қабілеті бар қызметкерлерді тартады. Халықаралық деңгейде жұмыс істейтіндерінің шетелдерде коммерциялық агенттіктері болады. Агенттіктер болашақ клиенттерге әр түрлі мамандар қызметін, соның ішінде мәтіншілер, суретшілер, продюсерлер, жарнама құрылымдары бойынша мамандар, әлеуметтанушылар, психологтар, ПР қызметкерлер т.б. ұсынады.
Жарнама агенттіктері жарнама берушілер тапсырмасы бойынша қызметтердің кең спекторын атқарады.
1. Жарнаманы жасауға байланысты (жарнама материалдарын, фирмалық стиль, брендтер жасау) шығармашылық және орындаушылық қызметтер атқарады.
2. Өндірістік базалармен (типография, студиялар), басқа жарнамалық және баспалық фирмалармен (соның ішінде шетелдік фирмалар) қарым-қатынас жасайды.
3. Жарнама таратушы құралдармен, оның ішінде БАҚ-пен қарым-қатынас орнатады.
4. Тапсырыс орындалуының барысы мен сапасына бақылау жасайды.
5. Қаржылық есептеулер жүргізеді.
6. Тауарлар, нарық, тұтынушыларды жарналық компанияны негіздеу және жарнамалық идеяларды жасауға қажетті көлемде зерттейді.
7. Жарнамалық түпнұсқаларды даярлап, оны БАҚ-та жариялайды.
8. Көрмелер, жәрмеңкелер сияқты жарнамалық іс-шаралар ұйымдастырады.
9. Жарнамалық-техникалық семинарлар және баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, оларды өткізеді.
10. Сыртқы жарнама құралдарының техникалық жұмыстарын жасап, оларды іске асырады.
11. Телерадиоға бейнежазбалар, бейнеклиптер түсіреді.
12. Сауда залдары және витриналар интерьерлерін жасайды.
Жарнамалық агенттіктер жарнама берушінің өкілі ретінде қызмет істейді және бұқаралық ақпараттар құралдарымен олардың атынан және олардың тапсырысы бойынша қарым-қатынас жасайды. Жарнамалық агенттік мекеме немесе фирмаға коммуникацияның әлдеқайда қолайлы құралын ұсына алады, жарнамалық хабарламаның баспа басылымдарында орнын, ол қанша рет шығуы керек екендігін көрсете алады және жарнама роликтерінің эфирге шығу жағдайы туралы келісім жасауға мүмкіндігі бар.
№15 Жарнамалардағы зерттеудің негізгі типтері және оларды жүзеге асырудың әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |