ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Жеке тұлғаның резервтік бейімделу мүмкіндіктерін белсендірудің проективті диагностикасы және психотерапевтік әдістері»



бет2/7
Дата03.07.2016
өлшемі461 Kb.
#173994
1   2   3   4   5   6   7

$$$ 1Заттық


Компьютерлік

Вербальды, вербальды емес.

Мағынасы қарай:

Интелект тестер

Қабілет тестер

Жеке адамға арналған тестер

Жетістік тестілері.


Сұрақшалар- тапсырмалар сұрақ ретінде беріледі немесе пікір ретінде. Нәтижесі сұрақтарға жауап берген адамның пікірлеріне негізделе отырып беріледі.

Проекциялық әдістеме – адам өзінің ішкі дүниесін сызады.

Психодиогностика ерекше ғылым ретінде дамуымен тұрақтануыдың белгілі жолдарынан өтті.Сол жолдың негізгі этаптарын қарастырамыз.

Психодиагностика психологиядан бөлініп 20 ғасырда шетелдерде практика қажеттілігі әсерімен қалыптаса бастады. Оның пайда болуы, психология дамуының көптеген бағыттарымен даярланған болатын. Оның бірінші ағымын эксперименталдық психология болды. Өйткені эксперименталдық әдіс психодиогностикалық әдістердің негізіне жатады. Психодиогностика эксперименталдық психодиогностикадан өсті. Ал оның пайда болуы 1850 – 1870 жылы психологиялық құбылыстардың аумағында жаратылыстанудың әсерімен байланысты болады. Бірінші енетін эксперименталдық әдістерімен психодиогностиканы басқа ғылымдар қаруландырды. Әсіресе физиология ғылымы.

Эксперименталдық психологияның пайда болуы деп 1878 жылды айтамыз. Себебі дәл осы жылы В. Вунд Германияда ең алғаш эксперименталдық психологиялық лоборотория ашты. Оның теориясы бойынша жаратылыстану ғылымдық эксперимен-талдық әдісті тек элементарлық немесе психиканың ең төменгі денгейінде пайдалану керек деген.

Эксперименталдық зерттеулерге тек жан емес оның сыртқы бейнелеріде жатады. Сондықтан оның лабороториясында негізінен түйсіктер және оның қозғалмалы актерінен пайда болатын – реакция. Сол сияқты перифериалды және бинокулярлық көру, түйсіну т.б. зерттелген.

В.Вунд лабороториясы үлгісі бойынша осындай түрлі лабороториялар мен каби-неттер тек Германияда емес басқа да елдерде (Француз, Голландия, Англия,АҚШ) ашылады.

Американдық психолог Джеимс Кеттел (1860-1944) зейіннің көлемін зерттеген ол тахистоскоп арқылы түрлі объектілерді – формалар, әріптер, сөздерді және т.б. қабылдап оны атауға қажетті уақытты анықтаған.

Тахистоскоп (зерттеуші адамдарға қысққа мерзім уақытында көру стимулын көрсетуге мүмкіндік беретін қурал) оның нәтижесінде 5- объекті қатарының ұлғаюы зейін көлемін құраған. Айланбалы барабанда жазылған әріптер мен сөздерді оқумен жасаған эксперментерде Кеттел антиципация феноменін айқындады.

Осылайша 20 ғасырда шет елдер психологиясында көлемді эксперементальдық әдіс бекітеді. Ол әдіс толығымен психологиялық ғылым мінездерін анықтай бастады.

Психодиагностика әдістерінің классификациясы.


  1. Диагностикалық әдіс түрлері.

Қазіргі кездегі психодиагностика өзінің қасиеттеріне қарай екіге топқа бөлінеді:

  1. қатаң ережелі әдістемелер.

  2. Қатаң ережесіз әдістемелер.

Формалық әдістемелерге: тестілер, сұрақшалар, проектілік техника, және психофизиологиялық әдістер жатады.

Бұл әдіс қысқа мерзім ішінде адамды басқа адаммен саналық жағынан салыстыратын диогностикалық мәлімет жинауға мұмкіндік береді.

Шағын формализданған әдістерге: бақылау, сұрақ қою мен анализдерді жазуға болады.

Бұл әдіс сыналушы туралы бағалы мәліметтер береді.

Шағын формолизданған диогностикалық құралдарды қатал формализация мен қарама- қарсы қоюға болмайды.

Ереже бойынша олар бір-бірін толықтырып отырады.

Толық диогностикалық зерттеулерде формализацияланған әдіспен гормондық үйлесімділігі болуы керек. Тест арқылы жинаған мәліметтерде сынаушының объективті көрсеткіштері туралы танысу периоды болуы тиіс (мысалы: сынаушының биографиалық мәліметтері, бейімдері және тағы басқалар).






Бақылау сұрақтары

  1. Психологиялық диагностиканың зерттеу пәні.

  2. Психодиагностиканың басқа ғылым салаларымен және практикамен байланысы.

  3. Психодиагностиканың негізгі қолдану саласы.

  4. Мектепте психодиагностика қандай мақсатта қолданылады?

  5. Кәсіби таңдау мен кәсіби кеңес беруде психодиагностиканың қолдану ерекшеліктері.

  6. Медициналық-психологиялық кеңес беру мен психодиагностикалық зерттеудің айырмашылықтары.

  7. Сұраныс алған психодиагносттың негізгі қадамдарын атаңыз?


Әдебиеттер

Анастази А. Психологическое тестирование. –М., 2008. Кн.1.-С. 5-19.

Бурлачук Л.Ф. Морозов С.М. Словарь-справочник по психологической диагностике. –Киев, 2009. –С.44-45, 112-115.

Вопросы практической психодиагностики и психологического консультирования в вузе/ Психодиагностика ред. Н.Н. Обозова. –Л., .

Гуревич К.М. Что такое психологическая диагностика. –М., 2005.

Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. –М., 2008.- С.104-117.

Кабанов М.М., Личко А.Е., Смирнов В.М. Методы психологической диагностики и коррекции в клинике. –Л., 2005.-С. 22-25.

Кулагин Б.В. Основы профессиональной психодиагностики. –М., 2004.

Общая психодиагностика / Под ред. А.А. Бодалева, В.В. Столина. –М., 2007. –С. 3-15.

Основы психодиагностики / Под ред. А.Г. Шмелева. –Ростов-н/Д, 2006. –С.3-66.

Психологическая диагностика / Под ред. К.М. Гуревича. –Бийск, 2008. – С. 3-41.

Психологическая диагностика / Под ред. К.М. Гуревича, Е.М. Борисовой.- М., 2007. –С. 3-16.

Психологическая диагностика детей и подростков / Под ред. К.М. Гуревича. –М., 2005. –С. 5-32.

Россолимо Г.И. Психологические профили. –М.; СПб., 2008.

Рубинштейн С.Л. Экспериментальные методики патопсихологии.- М., 2007.
Тақырып 2. Негізгі психодиагностика әдістерінің классификациясы мен сипаттамасы.

Аз және қатаң формадағы психодиагностика. Аз формалы диагностиканың негізгі әдістеріне сипаттама: бақылау, әңгіме, контент-анализ. Бақылауды өткізудің басты ережелері; бағалау шкалалары; Д. Стот картасы. Диагностикалық интервью құрудың ережелері мен негізгі түрлері. Балалармен жұмыстағы әңгімелесудің ерекшеліктері. Тесттер, олардың сипаттамасы, классификациялау критериилері. Сұрақшалар мен анкеталар, олардың ерекшеліктері, түрлері; оларды жасаудағы және өңдеудегі қиыншылықтар. Қайталау сұрақтары мен бақылау шкалалары сұрақшалар нәтижелерінің сенімділігін бағалаудың тәсілі ретінде. Проективті техникалар, проективті әдістер түрлері, олардың сипаттамалары. Психодиагностикалық әдістердің әр түрінің практикада қолданылуының қиындықтары мен мүмкіндіктері.


Бақылау сұрақтары

  1. Психодиагностикалық әдістерді аз формалы және қатаң формалы деп бөлудің критерилері.

  2. Психодиагностикалық әдіс ретінде бақылаудың жағымды, жағымсыз жақтары.

  3. Бағалау шкаласы деген не?

  4. Әңгімелесуді өткізудің негізгі қиындықтары.

  5. Диагностикалық интервью өткізудің ережелерін кткңыз?

  6. Тесттер, сұрақшалар және проективті әдістерді өзара салыстырыңыз, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін атаңыз?

  7. Проективті әдістемелерді қолданудағы мүмкін болатын қателерді атаңыз. Олардың алдын-алуға бола ма?


Әдебиеттер

Анастази А. Психологическое тестирование. –М., 2008. Кн.1.-С. 5-19.

Бурлачук Л.Ф. Морозов С.М. Словарь-справочник по психологической диагностике. –Киев, 2009. –С.44-45, 112-115.

Гуревич К.М. Что такое психологическая диагностика. –М., 2005.

Основы психодиагностики / Под ред. А.Г. Шмелева. –Ростов-н/Д, 2006. –С.3-66.

Психологическая диагностика / Под ред. К.М. Гуревича. –Бийск, 2008. – С. 3-41.

Психологическая диагностика / Под ред. К.М. Гуревича, Е.М. Борисовой.- М., 2007. –С. 3-16.

Психологическая хрестоматия / Под ред. К.Н. Корнилова. –М.; Л., 2007. –С. 132-153.


Тақырып 3. Психодиагностикалық әдістерге, оларды қалыптастырушылар мен қолданушыларға қойылатын талаптар.

Психодиагностикалық әдістердің психологиялық әдістерден айырмашылығы. Тесттік өлшеу әдістерінің негізгі ерекшеліктері және оларды қалыптастыруда қойылатын талаптар. Психодиагностикалық зерттеу процедурасына қойылатын талаптар. Жас ерекшелік нормасы, статистикалық норма, орындау критерилері, әлеуметтік-психологиялық норматив. Психодиагностикалық әдістердің сенімділігі: оның түрлері, құрастыру тәсілдері. Жарамдылық: оның түрлері, құрастыру тәсілдері. Әдістеменің жарамдылығын анықтауға арналған сыртқы критерилерді таңдау мәселесі. Корреляциялық әдіс жарамдылық пен сенімділікті анықтауға арналған тәсіл ретінде.



Бақылау сұрақтары

  1. Психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын негізгі талаптарды атаңыз. Бұл талаптарды қоюдың себебі неде?

  2. Әдістемелерді стандарттау деген не?

  3. Стандарттаудың қандай ережелері бар?

  4. Статистикалық норманы анықтаудың шарттары мен мазмұнын ашыңыз?

  5. Статистикалық норма және әлеуметтік-психологиялық норматив: ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  6. «Әдістеменің сенімділігі» ұғымын ашыңыз. Сенімділіктің негізгі түрлері қандай, олар қалай құрылады?

  7. Жарамдылық деген не? Негізгі түрлері, құру тәсілдері.

  8. Тәуелсіз сыртқы криьерий деген не? Олардың негізгі түрлерін және оған қойылатын талаптарды атаңыз?


Әдебиеттер

Акимова М.К., Козлова В.Т. Статистическая норма или социально-психологический норматив? // Психологический журнал, 2006. -№2.

Анастази А. Психологическое тестирование. –М., 2008. Кн.1.-С. 5-19.

Бурлачук Л.Ф. Морозов С.М. Словарь-справочник по психологической диагностике. –Киев, 2009. –С.44-45, 112-115.

Гуревич К.М. Проблемы дифференциальной психологии. –М.; Воронеж, 2008. –С. 256-271, 343-366.

Психологическая диагностика / Под ред. К.М. Гуревича. –Бийск, 2008. – С. 3-41.

Психологическая диагностика / Под ред. К.М. Гуревича, Е.М. Борисовой.- М., 2007. –С. 3-16.

Психологическая диагностика: проблемы и исследования / Под ред. К.М. Гуревича. –М., 2008. –С. 24-35.



Тақырып 8. Проективті техникалар (әдістер).

Проективті әдістердің пайда болу тарихы. Проективті әдістердің жалпы сипаттамасы және олардың психодиагностиканың басқа әдістерінен айырмашылығы. Проективті әдістер қлассификациясы. Бұл әдістердің сенімділігі мен жарамдылығы мәселесі. Классикалық проективті әдістемелермен таныстыру; ТАТ, Г.Роршахтың «Сия дақтары» әдістемесі, С. Розенцвейгтің «суретті фрустрация» әдістемесі, М. Люшердің түстерді анықтау тесті. Проективті техникалар көмегімен алынған нәтижелерді өңдеу ерекшеліктері. Проективті әдістемелерді қолданатын мамандарға қойылатын талаптар.


Бақылау сұрақтары

  1. Проективтік әдістерді қолданудың мақсаты неде?

  2. Проективті техникалардың негізгі түрлерін атаңыз.

  3. Проективті әдістердің артықшылығы мен кемшіліктерін атаңыз?

  4. Проективті техникаларды қолданатын маманға қойылатын талаптар.

  5. ТАТ және САТ-тың жалпы сипаттамасы, қолдану аумағы, қорытындыларын талдау тәсілдері.

  6. С. Розенцвейг әдістемесінің теориялық негізі.

  7. Г. Роршах әдістемесін қолдану мақсаты және жауаптарды интерпретациялаудың негізгі бағыттары.


Әдебиеттер

Анастази А. Психологическое тестирование. –М., 2008. Кн.2.-С.182-210.

Белый Б.И. Тест Роршаха. Практика и теория.-СПб., 2008.

Бурлачук Л.Ф. Руководство САТ.-Киев, 2005.

Данилова Е.Е. Детский тест «рисуночной фрустрации» С. Розенцвейга.- М., 2008.

Джос В.В. Практическое руководство по тесту Люшера. –Киев, 2007.

Общая психодиагностика / Под ред. А.А. Бодалева, В.В. Столина. –М., 2007. –С. 34-46, 179-228.

Основы психодиагностики / Под ред. А.Г. Шмелева. –Ростов-н/Д, 2006. –С.171-180.

Соколова Е.Т. Проективные методы исследования личности. –М., 2007.

Тақырып 12. Психодиагностика дамуындағы жаңа тенденциялар.

Психодиагностикалық зерттеулерді гуманизациялау. Критерилі-бағдарланған диагностика. Әлеуметтік-психологиялық норма позициясы тұрғысынан әсер ету. Мазмұнды диагностиканың дамуы (ойлау түрлерінің диагностикасы: математикалық, гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстанушылық, техникалық). Психодиагностикалық әдістерді өңдеуде коррекциялық принципті қолдану.



Бақылау сұрақтары

  1. Психодиагностикадағы негізгі жаңа бағыттарды атаңыз?

  2. Психодиагностикалық әдістерге неліктен коррекйиялық талаптар қойылады?

  3. Статистикалық бағдарланған тесттердің критерилі-бағдарланған тесттерден айырмашылығы неде?

  4. Әлеуметтік-психологиялық норматив тесттердің критерилі-бағдарланған тесттерден айырмашылығы неде?

  5. Мазмұнды психодиагностиканың дәстүрліден артықшылығы. Мазмұнды психодиагностиканы қолданудың болашағы қандай?


Әдебиеттер

Акимова М.К., Гуревич К.М., Зархин В.Г. Диагностика индивидуально-психологических различий в обучении // Вопросы психологии, 2004. №6.-С. 71-78.

Анастази А. Психологическое тестирование. –М., 2008. Кн.2.

Берулова Г.А. Развитие теоретического мышления подростков.- Бийск, 2007.

Гуревич К.М., Акимова М.К., Козлова В.Т. Статистическая норма или социально-психологический норматив? // Психологический журнал, 2006. -№2.

Гуревич К.М., Горбачева Е.И. Умственное развитие школьников: критерии и нормативы.- М., 2007.

Психологическая диагностика / Под ред. К.М. Гуревича, Е.М. Борисовой.- М., 2007. –С.213-222.
Тақырып 13. Психодиагностиканың этикалық аспектілері.

Психодиагност жұмысының этикалық нормалары, зерттеуді өткізу ережелері. Клиенттің жеке бас сырларын сақтау және конфиденциалдылығы. Зерттеу нәтижелерін жеткізу ережелері. Психодиагностикалық жұмыстың барлық стадияларында зерттелушілерге гуманистік бағытта қарым-қатынас жасауды дамыту. Психодиагностикалық әдістерді қолдану ерекшеліктері.


Бақылау сұрақтары

  1. Диагностикалық әдістер қалай алынады?

  2. Әдістемелерді таратуға шектеулер қою талабы не үшін қажет?

  3. Диагностиканың нәтижелері жайлы ақпаратты алуға клиенттің құқығы және оның конфиденциалдығы.

  4. Балаларды диагностикалау кезінде қандай мәселелер туындайды?

  5. Диагностикалық нәтижелерді қолдану ережелері.


Әдебиеттер

Анастази А. Психологическое тестирование. –М., 2008. Кн.2.-С. 50-66.

Психологическая диагностика / Под ред. К.М. Гуревича, Е.М. Борисовой.- М., 2007. –С.223-231, 281-292.

Психологическая диагностика детей и подростков / Под ред. К.М. Гуревича. –М., 2005. –С.270-352.

Толстых А.В. Морально-этические проблемы психологической практики. –М., 2008.

Шванцара Й. И др. Диагностика психического развития. – Прага, 2008.

8 дәріс Практикалық коррекцияның әдістері

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Ойын терапиясы туралы түсінік.

2. Арттерапия туралы түсінік.



Ойын терапиясы. Ойынның бала психикасына әсері.

Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым – қатынасты тиімді жасауы педагогикалық, психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Осы тұрғыда қорда материалдардың аздығы аңғарылмайтын сияқты – да. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психикалық дамуы, осыған қатысты оқыту – тәрбиелеу жолдары, мінез – құлық, жүріс – тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс – тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық. Осы контексте балалардың ойын әрекеті біршама зерттелінген.

Ойын – баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс - әрекеттің мақсат – бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден – баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл – ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі (Рубинштейн С.Л., Выготский Л.С., Эльконин Д.Б., Шмаков С. және т.б.). [43]

Ойынды психикалық дамудың әр жағдайларында коррекциялық бағытта қолдану мәселелерінің теориялық және әдістемелік негіздері Фрейд А., Роджерс К., Леви Д., Тафт Д. Және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады. Ойын әрекеттерін оқыту үрдісінде қолданудың тиімділігі, әлеуметтік – психологиялық тренинг жүйесіндегі басты компонент ретінде қарастырудың әдістемелері психологиялық, педагогикалық әдебиетте жеткілікті (Вербиций А.А., Пахомов Ю.В., Бедерханов В.И. және т.б.). Ойын – халық мәдениетінің құндылығы ретінде де аз зерттелінген жоқ (Измайлов А.Э., Мұқанбаев А. және т.б.). Егер адам өмірінде қарым – қатынас жасау ең алғашқы қажеттіліктердің бірі екендігі дәлелденсе (Божович Л.И., Запорожец А.В., Лисина М.И., Люблинская А.А., Шерьязданова Х.Т. және басқалары). Онда қарым – қатынас дара түрде қарастырылып, оны жетілдіру әдіс – тәсілдерін құрастыру мүмкін емес. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін жағдайға талдау жасауды қарым – қатынаспен тығыз байланыста қарастыру қажет екендігі белгілі. Артемова Л.В., Кушина В.Ф., Иванова Р.А., Теплицкая И.Б., Щербакова Е.И. зерттеулерінде ойын әрекетіне қатысты дағды мен икемділікті жетілдіруді өз қатарластарымен және ересектермен қарым – қатынасты тиімді жасаудың алғы шарты деп қарастырылды.

Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастады. Ең алғаш оны Анна Фрейд ІІ – ші дүние жүзінің соғыс кезінде Лондонды бомбылаған кезде бастарынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған. Егер бала өзінің қайғы мұңын ойында көрсете алса, онда ол қорқыныштан арылады және оның басынан кешкені психологиялық жарақатқа айналмайды. Ойын арқылы әсер етудің дамуындағы екінші ірі бағыт 30 – шы жылдары Дэвид Левидің жұмысының шығуына байланысты пайда болды. Д.Левидің жұмысында алдын – ала құрылған ойындар мен әсер етудегі қандай да бір психологиялық жарақат жағдайды басынан өткізген балалармен жұмыс істеу кезіндегі әсер ету жайлы ойлар дамыды. Леви ойын балаларға әсер ету мүмкіндігін береді деп сендіруге ықпал жасады.

Джессн Тафт пен Фредерика Адленнің көңіл қою ойыны деп аталатын зерттеулерінің шығуымен байланысты ойынмен әсер етудің үшінші маңызды бағыты болып табылады. [29]

Ойын әсерінің төртінші ірі бағыты болып Вирджинии Экслайн жұмысы табылады. Ол ойынның принципін жақсы қолданады (мысалы индивидтің өсуге талпынуы, индивидтің өзінің дамуын басқара алу қабілеті).

Ойынның бала өмірінде орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті ХVIII ғ. Руссо былай деп жазған: “Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек”.

Зигмунд Фрейд балалармен өте аз жұмыс жасаса да, бала ойынының мәнін айқын түсінді. Ол былай деп жазды: “Біз бала бойынан елестің алғашқы белгілерін іздеуіміз керек. Баланың ең сүйікті және тартымды іс - әрекеті – ойын. Ойын үстінде бала жазушыға ұйқас келеді: ол өзінің жеке әлемін жасайды немесе әлемді өзіне қалай ұнаса, солай етіп құрады. Ол өз әлемін шын етіп қабылдамайды десек, қателескен болар едік. Керісінше, ол ойынға шшын беріледі және барлық эмоциясын салады”.

Фрэнктің тұжырымы бойынша, бала үшін ойын ешкім үйрете алмайтын нәсеге үйрету әдісі болып табылады. Бұл шын өмірдегі, кеңістік пен уақыттағы, заттардағы, жануар құрылымындағы және адамдардағы зерттеу және ориентациялау әдісі. Ойын процесіне араласа отырып балалар біздің символикалық әлемде өмір сүруге үйренеді. [48]

Уолтман былай деп жазады: “Баланың өзінен туындайтын іс - әрекеті өз тәжірибесін және соған байланысты сезімін құруға мүмкіндік береді. Ойын сонымен бірге балаға өзіне жағымсыз жағдайларға жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Кішкентай балаға семантикалық жылдамдық жетіспейді, онда түсіну қабілеті енді ғана қалыптасып келеді”.

Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырылады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді және фрустрациядан арылады.

Ойын – бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан оның сөйлеуін талап ету, яғни автоматты түрде қарым – қатынастағы барьерді жылжыту. Жоғарғы қатынас деңгейіне көтерілу үшін сөзді пайдалану қажет. Психолог бала деңгейіне түсіп және онымен қарым – қатынас жасау үшін жауапкершілікті болады. Ойын сезімдерінің берілуімен және кикілжіндердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вербальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезінгенін айту үшін когнитивті, вербальды құралдары жетіспейді; эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша (мысалы, Пиаже), біз 11 жасқа дейін балалардың абстрактілі ойлауға және талдауға қабілетті емес екенін білеміз.

Сөз символдардын құралады, ал символдар – абстракция. Онда біздің сөзбен айтайын дегеніміздің көбі абстрактілі болып келетіні таң қаларлық жай емес.Баланың әлемі – бұл нақты заттардың әлемі, егер біз баламен байланыс жасағымыз келсе, ең алдымен осыған жақын болуымыз керек. Ойын – бұл баланың нақты өз ойы өз әлеміне қалыптасу тәсілі. Ойын – бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс - әрекет. Бала ойын процесіне қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді оның нәтижесі маңызды да емес.



Ойында баланың физиологиялық, сана – сезімдік, эмоционалды сапалары шығармашылық үдеріске қосылады және оған әлеуметті әрекеттер қажет болуы мүмкін. Осылайша, бала ойнаған кезде оған толығымен қатысады деп айтуға болады. Ойын әсерлері бала мен психолог арасындағы қарым – қатынастың динамикалық жүйесі ретінде анықталады.

Үлкендердің көпшілігі өз сезімдерін, реніштерін, алаңдатушылықтарын және жеке мәселелерін білдіре алады (вербальды түрде). Үлкендер үшін сөз қандай рөл атқарса, ал бала үшін ойын да сондай рөлде болады. Бұл сезімді білдіру қарым – қатынас зерттеу үшін құрал болып табылады. Оларға осындай мүмкіндік берілген кезде, балалар өз сезімдердің және қажеттіліктерін үлкендер сияқты жеткізе алады. Балаларға қарым – қатынас жасау құралы және айту динамикасы біраз бөлектеу, бірақ сезімдері үлкендердікімен бірдей (мысалы, қорқыныш, қанағаттану, бақыт). Сезімдерін жеткізуде немесе бастан кешкендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзәк сезінетін, эмпатикалы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады. Бала ойын мағынаға толы және оларға сөз табу қиынға түсетін сәттерде ойын арқылы өз дегеніне жеткізу мүмкін болғандықтан, ойын бала үшін өте маңызды. Балалар айта алмайтындарын айту үшін, өздері жасауға ыңғайсыз санайтын әрекеттерді жасау үшін ойыншықтарды пайдалану мүмкін. Ойын - өз ойын айту үшін символикалық тіл және ойын бала қандай күй кешкенін, оған қалай қарайтынын, қандай арман – тілектері бар, қандай қажеттіліктер туатынын ашып бере алады. Ойын баланың өз тәжірибесін, өз жеке әлемін ұйымдстыруға талпынысын көрсетеді. Ойын үдерісіне бала жағдайды бақылау сезімін бастан кешіреді, типті шын мәніндегі жағдайлар бұған қарсы келсе де. Баланың бұл талпынысын Фрэнк былай түсіндіреді: “Ойында бала өзін осы шаққа бұра отырып, өз өткеніне көңіл аударады. Ол өткендегі қиындықтарын жаңа қабылдауға және қатынастарда араластыра отырып, ойнайды. Осылайша, бала өзінің “Мен” образын, өз мүмкіншіліктерін және міндеттемелерін үзіліссіз қайта қарап, ашады. Аналогия түрде ойында бала ойын материалдармен манипуляция жасай отырып, өз мәселелері мен шиеленістерін шешуге тырысады”.Ойындағы бала әрекеті деген ұғым психологқа баланың ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік беретін нұсқауды береді. [44] Бала әлемі – бұл іс - әрекеттер мен қозғалыстар әлемі болғандықтан, ойын әсерлері психологқа осы әлемге енуге мүмкіндік береді. Психологқа баланың қиындықтарын бөлісуге және эмоционалды өміріне қатысуына рұқсат етіледі. бАла ойынға толығымен енетін болғандықтан, экспрессия және сезім балаларда ерекше, нақты және осы сәттік болып өтеді, бұл психологке баланың іс - әрекетіне, сезіміне және эмоциясына көңіл аударуына мүмкіндік береді. Ойын арқылы әсер ету үдерісінің стадиялары психолог пен бала арасындағы өзара әрекет етуінің нәтижесі ретінде пайда болады. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті – ойын. Баланың барлық психикалық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Бала сан түрлі ойындарды үйренеді. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын әсері арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынаста жасайды. Ал мұның өзі дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі артады.

Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ойын үстінде бала ересек адамдардың әрекеттерін қайталауға тырысады. Мазмұнды – рөлдік, әсіресе, интеллекттік (ақыл – ой) ойындар белгілі бір ережелерді сақтап ойнауды талап етеді. Осындай ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік, сезім үдерістерін де дамытады. Бала ойынында басшылық ету, рөлдік, мазмұнды ойындарын қадағалау, тәрбиелік маңызы бар ойындар ұйымдастыру – тәрбиешілердің негізгі міндеттерінің бірі. Баланың ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ – топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсінеді. Өзінің басындағы мінез – құлықтың кейбір теріс бітістерінен ұялып, одан арылғысы келеді. осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыш қабілетін байқатса, екінші бала табынады, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық – эстетикалық қалыптасуына әсер етеді. Ойын үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, оның құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады. Ойын ақыл – ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс - әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл – ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бал затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және, екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс - әрекеттер тірегі ретінде көрінеді. Сонымен ойында ой жүзінде іс - әрекеттер жасау қабілеті дами бастайды. Ойын әсері психикалық іс - әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.

Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буына қоғамдық тәжіриьені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет