Пәннің оқу-әдістемелік кешені (контент) «Мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының мәжілісінде қаралды



бет19/23
Дата10.06.2022
өлшемі0.64 Mb.
#459105
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
20-21-2 Балалар әдебиеті - ДШО-20-2 дист - контент - Садуахасова Г. (1)

Қосымша әдебиеттер


Бердібаев Р. Эпос – ел қазынасы. –Алматы,1996.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология.-Алматы,1987.
Ғабдуллин М, Сыдықов Қ. Қазақ халқының батырлық жыры.-А.,
1972.
Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.-Алматы,1973.
Сейтжанұлы З. Тарихи эпос.-Алматы,1994.
Рақымов Б.С. Тарихи жырлар тағлымы. Қарағанды,1999.
Рақымов Б.С. Эпостану негіздері.-Қарағанды,2000.
5-дәріс
XIX ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті
Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы
Қазақ балалар әдебиетіндегі Абай шығармаларының тәрбиелік мәні

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы Затобол ауданында туып өсті. Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен белгілі Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітатар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында жұрттың күткен мектебі ашылады.


Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытатындай туындылыр туды. Ұлы педагог ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады.
Өнер, білім – бәрі де
Оқуменен табылар,– деп жар салды. Қазақ балаларына оқыған адамның қараңғылықтан құтылып, дүниенің шырағын жағып, ілгері нық басатынын ескертті. Өнерлі, білімді адамдарды надандарға қарсы қойып, айырмашылығын бейнелейді.
Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады.
Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оөушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді...»
Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту ісіндегі тағы бір ерен еңбегі қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін қолға алуында еді. Ол осы мәселеге ерекше мән беріп, қолөнер, ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Көп ұзамай Торғай қолөнер училищесі ұйымдастырылып, өзі қайтыс боларының алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауыл шаруашылығы училищесінде өзінің қора жайын беретіні туралы өсиет қалдырды. Қазақ қыздарын оқытып-тәрбиелей ісіне де жол ашқан Алтынсарин еді. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының өмірінде орасан өор маңызды трихи оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуды өтінді. Оның бұл ұсынысы өзі қайтыс болған соң екі жылдан кейін жүзеге асты. 
Балаларға ақыл айтып, ой салмайтын оның бір де бір әңгімесі жоқ. Жалпы оның әңгімелері дидактикалық прозаның жарқын үлгілері. Еңбек тақырыбындағы «Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Кигіз үй мен ағаш үй», т.б. әңгімелері өзінің өнегелігі мен образдылығымен ерекше мәнді тәлім берер күші мол көркем шығармалар. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде баланы ұшқан құс, түрлі жәндіктердің тіршілігімен таныстырады. Олардың әрекеттерін мысал етіп, балаларды еңбекті сүюге тәрбиелейді.
Ыбырай – болашақ ұрпақтың өнерлі, талапты болғанын аңсаған балалар әдебиетінің атасы.
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғалия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы.
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамымн ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы бодлы.
Оқудағы мақсат халыққа адал ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге – 
деп жастарды білім – ғылымды меңгеруге шақырды.
Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбие рөліне тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қослады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсыжәне жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті жақсы мінезге; сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал»-дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқтлады. Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. Абай адам мәнезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»-деді. 
Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік сезіммен қарауға шақырады. Өзінің «Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат» деген өлеңінде:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма, 
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, - 
деп жігіттердің жар таңдау мәселесіне тоқталып, қазақтың «Аяғына көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деген мақалына орай тәрбиелі жақсы ананың перзентін малды болмаса да бағала, өмірлік жодласты дұрыс таңдай біл дегенді айтады. Сөйтіп отбасы өмірдің этикасын, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен сыйласымды өмір сүруін ескерте келіп, күнделікті тіршілікте кездесетін қисындық атаулыны қол ұстаса отырып жеңе білуге жастардың әзір болуын талап етеді.

Негізгі әдебиеттер:


Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. Алматы, 1965
Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиеті (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Алматы: Мектеп, 1981
Қ.Жұмалиев. Егеулі найза (зерттеулер) Алматы: Арыс, 2003
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. А: Мектеп, 1980.
Ергөбеков Қ. Мейірім шуағы. Алматы, 1985
Ыбырайым Б. Сырлы әлем. Алматы,1997
Қазақ балалар поэзиясының антологиясы. Алматы: Жалын, 1977
Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы. Алматы: Балауса, 1992
Қосымша әдебиеттер:
Сарай Әнес. Екі тарлан. Зерттеулер. Алматы: Арыс, 2003
Б.Аманшин. Жыр-семсер. Алматы: Арыс, 2004
Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай (өлеңдер). Алматы: Жазушы, 1989
Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы,1992
Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Өлеңдер, әңгімелер, хаттар. 1988
Алтынсарин Ы. Өнер-білім бар жұрттар. Алматы: Жалын,1991
Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай (өлеңдер). А: Жазушы, 1989
Махамбет Өтемісұлы. Өлеңдер. А: Жазушы, 2002
6-дәріс
ХХ ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті
Ұлт-азатшыл бағыт өкілдері шығармаларының тәрбиелік мәні
1920-30 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері шығармаларының тақырыптық, көркемдік, тәрбиелік сипаты

ХХ ғасырдың басы Қазақстан мәдениетінің халық ағарту жұмысына біраз өзгерістер әкеп, дамуына ықпал етті.


Қазақ халқының халық ағарту жұмысының жандануына, дамуына әсер етті. Қазақ жерінде ана тілінде шығатын «Дала уалаяты», «Айқап», т.б. басылымдар шықты..
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялы интеллигенциясы мен ақын-жазушылардың ой-өрістері, мақсаттары ХІХ ғасыр ақын-жазушыларымен салыстырғанда анағұрлым жоғары болды. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов М.Сералин, С.Дөнентаев, С.Көбеев, С.Торайғыров, т.б. көтерген нақты проблемалық мәселелері болды:
1. Ана тілінде оқу құралдарын жазу.
2. Мектептің көптеп ашылуы.
3. Орысша білім алу.
4. Әлеуметтік мәселелер:
а) әйел бостандығы;
ә) кедей теңдігі ;
б) діни көзқарас.
Қазақ демократияшыл интеллигенциясы осы күрделі мәселелерді көтерумен қатар балаларға білім беретін мектеп қоғамдық өмірмен тығыз байланысты болу керек деген мәселені көтерді.
ХХ ғасырдың бас кезінен бастап балаларға арналған бірталай методикалық оқу құралдары шықты (1910 жылы «Үлгілі тәржімә», 1912 жылы «Үлгілі бала», 1912 жылы «Балаларға жеміс», «Әліппе»). ХХ ғасырдың бас кезіндегі интеллигенция халық ағарту жұмысының дамуына мейлінше атсалысты.

А.Байтұрсыновтың балалар тәрбиесіне қосар үлесі айтарлықтый. «Қазақ этнопедагогикасының негізі – халық педагогикасы. Халық педагогикасының арқауы – ауыз әдебиеті мен халықтың салт-дәстүрлері. Ауыз әдебиеті мен халықтың салт-дәстүрлері – ұлттық тәрбиенің негізі. Міне, осы тұғырлы тұжырымды ірі ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсемсөз иесі, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұлама – Ахаң жан-жақты зерттеп, олардың тәрбиелік мәнін ашып берді. Яғни, ол қазақ этнопедагогикасының негізгі нұсқаларын зерлей зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми-теориялық негіздерін жасады. Ұлттық педагогиканың (этнопедагогиканың) ғылым ретінде дамып, қалыптасуы сол ұлтқа білім берумен, яғни оқумен, оқытумен, тәрбиелеумен байланысты деп пайымдаған данышпан Ахаң ең әуелі халыққа білім беру ісін қолға алып, жетілдіруді алдына мақсат етіп қойды.


А.Байтұрсынов – «араб» алфавиті негізінде жасалған қазақ әліппесін жетілдірді. «Ғалымның 1912 жылы Орынборда басылған «Қазақша әліппе» (Оқу құралы) халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралында әрі сауат ашу, әрі ұлттық(этнопедагогикалық) дүниетанымды іске асыру мақсаттары көзделді. Мысалы: туысқан-туған, іліктес, киімдер, ойын-ойыншықтар, тамақтар-сусындар, дене мүшелері, үй саймандары, ыдыс-аяқ, малдар аты, малдан басқа төрт аяқтылар, құстар, жер түгінің аттары (ағаштар, шөптер), жер жүзінің аттары, сан, жаңылтпаш, жұмбақ, мақалдар түзіліп берілді. 1926 жылы бұл әліппенің жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. «Ғұламаның «Тіл жұмсар» (1928), «Ана тілінің әдісі», «Зерттеу мен сүгіреттілік әдісі туралы», «Жалқылауды жалпылау әдісі» (1927) деген еңбектері қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасы болды. Оның жазу таңбаларын түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылы, үлкендерге арналған «Сауат ашқыш» оқу құралы 1926 жылы жарық көріп, бүкіл ұлттық сауат ашу құралы болды. Ахмет оқулықтары негізінде талай қазақ балалары сауаттарын ашты. «Оқу құралы» туралы әдебиетші ғалым Қ.Мұхаметханов былай дейді: «Кітап оқуға жеңіл, тілі ұғымды, баланы қызықтырып, ынталандырып, баурап әкетеді. Туысқан-туған қалай аталады, киім-кешек, ойын, ойыншықтар, тамақ, сусын, дене мүшелері, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал аттары, малдан басқа төрт аяқтылар, құстар, бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жер аттары... – осының бәріне үйретеді». А.Байтұрсынов – қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын. Өз бетін танытқан қаламгер. Ол Абай үлгісімен өлеңнің аясын, әлеуметтік тынысын кеңейтті.
М.Жұмабаев өзінің шығармашылығын демократтық әдебиет дәстүрінде жалғастырды. Алғашқы өлеңдері «Шолпан» (1912) деген атпен басылды. Мағжан ғасыр басындағы қазақ халқының отаршылдық пен езгіге қарсы күресіне үн қосты. Халықты оқу-білім іздеуге шақырды. 1922 жылы «Педагогика» оқулығын жазған ағартушылардың бірі. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Мағжан бала тәрбиесінде қиялдың алатын орны зор екенін дәлелдеп: “Фантазия – өмірдің гүлі, көрікті болуының түпкі діңгегі, фантазиясыз (қиялсыз) адам – тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңейтеді”,– дейді.“Бала санасы қиялмен оянады, бала ертегінің бәрі шын деп ұғады, баланың қиялы әсіресе, ойында жарыққа шығады” деп ұстаз бала қиялын ұшқырлайтын қызықты ертегілерді, ойындарды, ойыншықтарды тәрбие ісіне пайдаланудың жолдарын көрсетеді. 1920 жылдар ішінде М.Жұмабаев балалар әдебиетін жасауға ерекше көңіл бөлді. Балаларға арнап сындарлы, жүйелі жұмыс істеп, алуан түрлі кітап шығарған. «Шолпан» жинағында ақынның «Балалық шақ», «Қарағым», «Мен сорлы» («Шәкірт зары») атты өлеңдері жарияланды. Бұлар Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңімен орайлас.
Мәскеуде шыққан «Жаңа мектеп» журналына қосымша «Тегін қосымша», «Балаларға тарту» жинақтарына Мағжан белсене қатысады. Бұл өлеңдер жасөспірімдердің ұғымына лайық жеңіл тілмен жазылған. «Аққала» өлеңі ойынға құрылған. Балалар ауылдағы омбы қардан аққала соғады. Қардан төрт бұрыш жасап, терезе жасайды, мәре-сәре болады. Беттері бүлдіргендей қызарады. 1924 жылы «Ақ жол» газетінде жарияланған «Әже» өлеңінде ақын ертегіге елтіген Кенжебай деген баланы суреттейді. Бұл – әжесі мен немересі арасындағы нәзік, қымбат сезімді мадақтайтын өлең. Ақынның «Бөбектің тілегі» өлеңі балаларды ата кәсіп – мал бағуға баулиды. Әр төл үшін мейірлі сөз табады. Өлеңнің әр жолы өзінен өзі жатталады. «Ақ жол» газетінде 1924 жылы жазылған «Немере мен әжесі», «Қойшы бала мен күшік» өлеңдерінде мектеп беретін білімді насихаттайды, байдың мейірімсіздігін әжуа етеді.Балаларға да, үлкендерге де бірдей арналған «Өтірік ертек» поэма-ертегісі 1926 жылы «Жаңа мектеп» журналында жарияланды. Мысыққа қарсы тышқандар көтерілісі автордың негізгі ойын жеткізу үшін схемалық түрде алынады. Шираз қаласындағы бір тышқан жүзім шарабына тойып алады. Күш біткесін ойндағы құсасын сездіріп қояды. Мысық мешітке барып сәжде киеді. Тышқандармен бітісемін деп алдайды. Тарту-таралғысымен келген тышқандарды қан-жоса етеді. Тамам тышқан мысықты көптігін істеп байлап тастайды. Мысық босап кетеді. Тышқандар өз хандарын да, мысықты да елден аластайды. Осының бәрі Ресейдегі тарихи оқиғалардың елесін береді. Ертегінің соңында автор сол кезең рухында образдың шешімін береді.
М.Дулатов жастарға өзі білген мәслихатын айтады. «Насихат ғуммия» атты өлеңінде адамгершілік, ар-инабатқа жетектейтін көп кеңес береді. Міржақып кеңес-насихатының қоғамдық маңызы әлі де зор. Өйткені оның бәрі халық, ел қамын ойлаудан туған.
Қазақ поэзиясында алғаш рет мейірбандық, ізгілік тақырыбына арнау жасады. «Аяңыздар жетімді» өлеңі оқушы көңіліне бауырмалдық сезім егеді. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің балалар үшін тәрбиелік қызметі үлкен. М.Дулатов «Газет-журнал» өлеңі газет-журнал маңызын түсіндіреді. Олардың жазылу бағасын да айтады. Керенауларға «Дүниені жүріп көрмей, естіп білмей, Жатасың ішің пыспай үйде неғып?» деп реніш білдіреді. «Хибстағы ұрының мінажаты» өлеңінде өз кәсібінен көрген қорлығын жіпке тізе келе ұры тәубесіне келеді.
Ж.Аймауытов қоғам қайраткері ретінде халық ағарту жүйесінде қызмет істей жүріп, жас ұрпақты өнерге, білімге, ғылымға баулуда да көп еңбек сіңірді. «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) кітаптары жарық көреді. Жазушының балаларға арнап жазған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Үш қыз» атты суретті кітапша ертегілері бар. «Кейде негізгі тақырып басқа болса да, білімді мен білімсізді салыстыра көрсету дәстүрі басым болды» дей келіп, Ө.Әбдиманұлы басты тақырыпқа авторлар сауаттылықты қарсы қою идеясын өзек еткендігі жайында айтады. Дәл осындай жағдай Ж.Аймауытов «Қыс» өлеңінен байқалады. Өлеңнің басты тақырыбы қыс болғанымен, идеясы оқуға шақыру болып табылады. Автор қыс келбетін ел тірлігімен байланыстыра суреттейді. Бұл байланыс, әсіресе, өлеңнің құылымдық жүйесінен анық байқалады.
«Жаман тымақ» поэмасы (1929). Ж.Аймауытовтың поэмасы М.Жұмабаевтың «Жүсіп хан», «Өтірік ертек» поэмаларына қарағанда шағын көлемді. Мағжан поэмаларындағыдай ұзын-сонар кіріспе жоқ. Балаларды шығарма оқиғасына дайындау ыңғайы да байқалмайды. Кейіпкер сипаттамасы да көп берілмейді. Жеті, сегіз буын аралас жыр өлшемімен жазылған.
Жаман тымақты кедейдің жалғыз сиырын ауылнай алып қояды. «Сорлы кедей қалбаңдап, жаман тымақ жалбаңдап» ақсақалға барады, одан қайыр болмаған соң болысқа келеді, болыс ұрса жөнелген соң молдаға жолығады.
Кітап ұстап молдасы,
Қазандай боп сәлдесі,
Ол да отырды кедейге:
«Бер деп айтса, бересің!»
Байдан несиеге он сом сұрайды. «Ортан қолдай бес бұзау жыл шығарып бересің?» – деген соң начальникке жолықпақ болып кеңсеге келеді.
Кеңседе төре тұр еді,
«Тымақшаңды» көреді.
«Малақай!»– деп бақ етті,
Тымақ бастан топ етті.
Мне, осыдан бастап жаман тымақ хикаясы басталады. Көп қағаздың арасында жатқан тымақты бір күні тілмаш тысқа лақтырады. Көшеде жүрген бір ақ ит тістеп алып кетеді де, ат қора түбіне тастайды.
Өткен түні қорадан
Ат жоғалған түн екен.
Қазақ-орыс иесі
Атын іздеп жүр екен.
Тымақ тапты, кенелді,
Кеңсеге алып жөнелді.
Жаман тымақ бүрісіп,
Құлақтары құрысып,
Шәрке, телпек серік боп,
Жатты шкафта құнысып.
Арада айлар, жыл өтеді. Шкаф ашылып, тымақ та, телпек те, шәрке де бостандыққа шығады. Билік өзгерген. Өзін тысқа лақтырған тілмаш та, шкафқа тастаған қазақ-орыс та қуғынға түскен. Бұл өзгеріске жаман тымақ әжептәуір желпінеді. Бір қазаққа селбесіп еліне қайтады. «Жаман тымақ қаладан келіпті» деген хабар жедел тарайды. Тымақ біткен жиылып қалады. Түлкі тымақ, сәлде, күрең тымақ, көнетоздау көк тымақ, боқша асынған сұр тымақ бірі қонаққа шақырып, екіншілері бата бермек болып жік-жапар болады. Жаман тымақ иесін табады.
Поэмада елдегі өзгерістер ғана емес, ел мінезі де жақсы көрінген.
С.Сейфуллинның «Маузер», «Бандыны қуған Хамит», «Балалар», «Келіншектің бесік жыры», «Ананың хаты», «Анаға жауап», «Пионерлер», «Біз комсомол», «Совпарттағы қарындасыма» шығармалары кеңес кезеңінде балалар оқуына ұсынылды. Аталған шығармалар кеңес дәуіріндегі балалар әдебиетіне жаңа тақырып, жаңа мазмұн енгізді. Социалистік құрылыс идеясымен жандандырды. Революцияшыл, солшыл бағыттың топ бастаушысы С.Сейфуллин азаттық үшін күрестің от-жалынын кешкен болатын. Омбыда оқып, білім алды. Ондағы орыс революционерлерімен қарым-қатынас жасаған. 1917 жылы Ақмолада Кеңес үкіметін орнатуға қатысқан. 1918 жылғы көтеріліс кезінде ақ гвардияшыл атаман Анненковтың қолында, Колчактың Омбыдағы концлагерінде азап көрген. 1919 жылы қашып шығып, Оңтүстік Қазақстанға өткен. Орынборда Қазақ республикасының басшы қызметтерінде болған. Сол себепті де С.Сейфуллин ұлттық әдебиетте тұңғыш рет азаттық сүйгіш, күрескер қаһарманның бейнесін жасады.
Б.Майлиннің балаларға бағышталған шығармалары баршылық. Сондықтан да оны балалар қаламгері деп таныған да орынды. «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі» секілді поэмаларын айтпағанда, Б.Майлиннің 1915 жылы жазған «Жазғы қалып», «Жазғы кеш», «Бұлтты күн» секілді өлеңдерінің өзі балаларға лайық. Рас, бұл кездерде Бейімбет саналы түрде балаларға арнап жазған жоқ. Алайда ақын жүректің тілегі мен балалар мұқтажы сәйкес келіп, өз-өзінен балалар өлеңдері туған еді. Бірақ 1921 жылдан кейін Бейімбет асыл мұрат, азаматтық кәмелеттік танытып, балаларға арнайы өлең жаза бастапты. Мұның бірі көрінісі – «Жаз келді» атты өлең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет