ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары»


-сурет. Оқытушының автоматтандырылған комплексі



бет4/10
Дата17.06.2016
өлшемі2.9 Mb.
#141827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


14-сурет. Оқытушының автоматтандырылған комплексі




Комплекстің орталығы дербес компьютер болып табылады 1 (бұдан кейін ДЭЕМ белгіленеді). Ол видеомагнитофонмен 2 бірге сыртқы проекциялық экранда 4 (өлшемдері, мысалы диагонал бойынша шамамен 3,5м) түрлі-түсті және ақ-қара ақпаратты бейнелейтін видеопроекторға 3 шыға алады. Кескін экранда жақсы көрінеді, себебі видеопроектор үлкен жарық ағынына ие (900лм). Видеопроектормен 3, диапроектормен 7, проекциялық экранмен 4, терезелерді перделеу 9 және сынып-аудиторияны жарықтандыру дистанциялық пульттың 17 көмегімен басқарылады. Комплекс датчиктермен 16, аналогты-цифрлық түрлендіргіштермен 15 комплектіленеді. Комплексте видеокамералар 5 және фреймграбердің 6 болуы мұғалімге магнитті лентаға визуальды ақпаратты жазуға мүмкіндік береді. ОАК (АКП) портативті магнитофонмен 8 жарықтандырылған, ол күшейткішпен 10 және акустикалық аппаратурамен 11 жалғанған. Бұл мүмкіндік береді:

- магнитті лентаға жазылған тексті шығаруға мүмкіндік береді;

- кабинетте сабақтың музыкамен жүргізілуіне жақсы жағдай жасайды.

Оқушылардың жеке жұмыстарын ұйымдастыру үшін телефондарды 12 қолдануға болады.

ОАК (АКП) көппультті сұрақ-өлшегіш жүйесімен 13 жабдықталған. Ол ДЭЕМ базасында құрылады.




2.Сынып тақтасымен жұмыс

Әрбір оқу кабинетінде сынып тақтасы бар, әрине ол физика кабинетінде де болады. Ол алдыңғы қабырғада, демонстрациялық үстелдің есігінен сәл жоғары немес оның деңгейінде биіктікке ілінеді, себебі ондағы жазу партада отырған барлық сынып оқушыларына көрінетін болуы керек.

Тақтаның жұмыс беті линолеумнан немесе қалың әйнектен жасалады, ол қоңыр немесе жасыл түсті болады, қара түсті де тақталар кездеседі.


Соңғы уақытта ақ әйнекті тақталар да шыға бастады, оған арнайы фломасте­р-маркерлермен жазады және суреттер салады.

Қазіргі заманғы оқытудың техникалық құраларының (ОТҚ) енуіне байланысты сынып тақтасына деген қажеттілік болмайды деген көзқарас қалыптасуы мүмкін. Мұнымен келісуге болмайды. Сынып тақтасы физика кабинетінде болған және де бола да береді, себебі оның қажеттілі:

- жаңа материалды түсіндіру суреттермен, чертеждармен, схемалармен, формулалармен және жазбалармен жүргізілгенде мұғалімге қажет.

Жоғарыда көрсетілген кескіндер – бұл процесс, сабақ элементтері емес, өйткені бұл процесс түсіндіру, және бейнелеу, деталдар анықтап көрсетіледі, керек еместері сүртіледі, басқалармен алмастырылады (мұның барлығын графопроектор пленкасында немесе ЭЕМ-да жасау үнемі жүзеге аса бермейді);

- тақтада жауап беріп тұрған оқушыға суреттерді салу, формулаларды жазу үшін қажет.

Физика мұғалімі тақтаға жақсы жаза алуы және сурет сала алуы керек. Егер мұны бірден жасай алмаса, онда сабақтан бос уақытта осы жұмыспен айналысу керек; осы үшін төмендегі дағдыларды қалыптастыру керек:

- жазу жақсы көрінуі үшін борды қатты басу керек;

- жазбалардың өлшемі өте үлкен, немесе өте кіші болмауын қадағалау керек;

- тақтадағы жазбаның горизонтальдығына көңіл аудару керек;

- тақтадан қажет емес жазбаларды өшіру үшін губка немес тряпкамен жұмыс істеуді әдетке айналдыру керек.

Сынып тақтасындағы сурет дидактикалық мақсатта орындалатындықтан, ол қарапайым болуы керек.

Кестелер мен моделдер

Кестелер негізінен жаңа оқу материалын түсіндіру үшін және тақтада жүзеге асыру мүмкін болмайтын мұғалімге қажетті иллюстративті материалды қамтиды. Кестелерде, ережеге сай табиғи түрінде көрсету мүмкін емес техникалық қондырғылар бейнеленген. Әдетте құрылымның жалпы түрінен басқа оның конструктивті ерекшеліктерін және барлық деталдарын көруге мүмкіндік беретін кесік бейнеленеді.


Кестелер жұқа қағаздарда әртүрлі авторлардың қолымен жасалған, олар рулондармен дайындалған, мұғалімдер оларды кар­тонға жапсырады. Кестелер осы түрінде сынып тақтасының төменгі жағындағы бөлек жәшіктерде сақталған.

Қазіргі уақытта жаңа кестелер шығарылмайды. Оларды кестелер мазмұнын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқа құралдар алмастыруда.

Физика мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне өз сабақтары үшін қолдан жасалған плакаттар қолданысқа енді, олардың бағасы өте жоғары. Олар сабақтың мазмұнын арттырады, сабақтың көркін кіргізеді.

Плакаттардан басқа физика кабинетінде әртүрлі моделдер бар, бұл моделдердің бір бөлігі – заводта жасалған, бір бөлігі – қолдан жасалған моделдер. Моделдер сәйкес приборлармен қондырғыларды меңгеру кезінде көрнекілік функциясын арттыру ролін атқарады.

Моделдер статикалық (кристалл тор) және динамикалық, немесе кинематикалық (броундық қозғалыс моделі, бу турбиналары және т.б.). Оқушыларға моделдерді дайындау бойынша тапсырмаларды берген пайдалы.



Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және оларға арналған арнайы дидиактикалық материалдардың жиынтығы.

Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық канал бойынша берілетін оқытудың техникалық құралдары.

Экрандық (визуальды) құралдар – ақпарттарды көру каналдары бойынша беретін оқытудың техникалық құралдары.

Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – ақпаратты бірмезгілде көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін оқытудың техникалық құралдары.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Оқытудың техникалық құралдары деген не?

2.Оқытудың техникалық құралдары қандай түрлерге жіктеледі?

3.Оқытудың техникалық құралдары не үшін қолданылады?

4.Дыбыстық құралдарға қандай құралдар жатады?

5.Экрандық құралдар қандай құралдар?

6.Аудиовизуальды құралдар қандай құралдар?
Тақырыбы: Кейс-метод технологиясы
Дәріс жоспары

1. Әдістің тарихы

2. Кейс әдісін ұйымдастыру және қолдану

3. Кейс әдісін қолданудың нәтижелері


Дәрістің қысқаша мазмұны

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталған халқына Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуына тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз.» деп атап көрсеткені баршаға мәлім.

Қазіргі кезде білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар, білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында түрлі белсенді әдістерді қолдануда. Өйткені ұстаздың мақсаты - әрбір болашақ маман иесіне сапалы білім беру, олардың әр жақты дамуына мүмкіншілік жасау, білім алуға қызығушылығын арттыру.

Кейс әдісін қолданудағы оқытудың табысты болуы модератор жұмысына байланысты. Оның негізгі мақсаты студенттер бір командада жұмыс істеп, үйреніп ақпараттың тапшылығына қарамастан, ең тығыз уақытта, тез арада шешім қабылдай білу. Ашық пікір айырбастау, әрбір қатысушының өз мүмкіндігін, іс - қимылын толық қолдануына жағдай жасау және өзінің іс жобасын жүзеге асыру барысында қатысушының атқаратын мүмкіндігі үшін әрекет ету, сарапшы, аналитик және экспериментатор қатысуына мүмкіндік жасау. Кейс міндетіне мыналар кіреді: Модератор - барлық пікірлерді тіркейді, оларды айтылу барысындағы пікірлерді сараптап, оларды топтап сынын бақылап отырады.



Әдістің тарихы

1. Кейс ұғымы ағылшынның «case» сөзінен алынған яғни жағдай дегенді білдіреді. Немесе оны нақты жағдаятты талдау әдісі деп те атайды. Оның мәні де қарапайым оқытуды ұйымдастыруда нақты жағдаят қолданылады. Бұл әдіс оқытушы тарапынан шығармашылықты талап етеді және оның ой-өрісінің бейнесі көрініс табады.

Яғни екі тараптанда ой, шығармашылық еркіндік көрініс табады. Кейс әдісі алғашында Гарвард университетінде басқарушылыққа қатысты пәндерді оқытуға қолданылған.

Кейс – әдісі білім алушылардың оқуға қызығушылқтарын арттырады ол өз кезегінде болашақ маман ретінде тұлғаның дамуын қалыптасуына ықпал етеді.

ХХ ғасырдың басында Гарвар университетінде оқытушылар дәріс оқу барысында студенттер арасында мәселені талқылауды қолдана бастады. Оқытушы студенттерге әртүрлі жағдаяттар ұсынады және оның бірнеше шешімін табу міндеттерін қойды. Бұл әдіске байланысты алғашқы оқулықты 1921 жылы Гарвардтық бизнес-мектебінің деканы Волос Донамның белсенді араласуымен Коупленд жарыққа шығарды.

Кейс әдісі – нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы деп түсінуге негіз бар. Жағдай (кейс) деп – ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты шынайы жағдайдың жазбаша берілуді айтуға болады. Мысалы, кәсіпорынның құрылуы, оның дамуы, бизнестегі табыстары мен қиыншылықтары, т.б. Білім алушылар ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетуді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс. Осы талдау барысында білім алушылар, өздерінің алған білімдерін ұтымды пайдалана алады. Ал ұстаздың міндеті, осы кейс әдісін қолдану барысында, оқушылардың белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Сонымен қатар, білім алушылардың талдауына берілетін кейстің түсінікті және пән тақырыптарына сай болуы өте маңызды. Кейс әдісі, оқытудың басқа технологияларына қарағанда күрделі жүйе. Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс - әрекеті екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс: - жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; - мақсат пен міндетті анықтау; - жағдайды құрастыру және суреттеу.

Екінші кезең – оқытушының аудиториядағы іс - әрекеті. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі: - кейске кіріспе; - жағдайдың талдануы (шағын топтарда); - пікірталас; - қортынды шығару. Экономикалық пәндерді оқыту барысында сабақтың мазмұнына, психолгиялық ерекшеліктеріне қараудың маңызы өте зор.

Х ғасырдың 80-90 жылдары әдісті дүниежүзі бойынша қолдана бастады, сонымен қатар Кеңес Одағында да. Әсіресе экономикалық пәндер бойынша кеңінен қолданылды. Бұл әдісті құрастыру мен ендіруде Г.А.Брянский, Ю.Ю. Екатеринославский, О.В.Козлова, Ю.Д.Красовский, В.Я.Платов, Д.А.Поспелов, О.А.Овсянников және т.б.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары бұл әдіс қарқынды дами бастады

2. Кейс әдісін ұйымдастыру және қолдану

CASE STUDY әдісі бойынша қалыптасатын дағдылар:

1. Аналитикалық дағдылар. Оларға: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б жатқызуға болады. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
2. Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.
3. Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз  CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.

Коммуникативті дағдылар. Оған: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қатысушылардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа қажетті ақпараттар мен құралдарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа нақты есеп даярлау.
5. Әлеуметтік дағдылар. Мұнда мәселені талқылау барысында CASE-те нақты: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама-қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін-өзі ұстау және т.б. сынды әлеуметтік дағдылар қалыптасады.
6. Өзіндік саралау. Яғни, пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Мұнда, туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру талап етіледі.    
Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі.

Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай  байланысады. 


Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты:
Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар «жағдай» және «анализ», сонымен қоса олардан туатын – «жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады.

Кестеде кейс - әдісін қолдану кезіндегі әр түрлі анализ түрлері көрсетілген.


 

Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі

Оларға сипаттама

Негізгі түрлері

Проблемалық анализ

Проблемаларды атап көрсету, проблемалық өріс қалыптастыру, олардың квалификациясы

1. Жағдайдың проблемалық  мазмұнын талдау.
2. Жағдайдың проблемалық шарттарын талдау.
3. Жағдайдың проблемалық нәтижесін талдау.

Жүйелі анализ

Құрылымымен  және функцияларымен сипатталатын кейбір жүйелер сияқты объектіні жүйелік жол жағынан қарастыру.

1. Дескриптивті анализ, яғни бар құрылымдар негізінде, функция қалыптасады.
2. Конструктивті анализ яғни, берілген функциялар негізінде құрылым құрылады.

Праксеологиялық анализ

Қызметтік процесстерді оптимизациялау көзқарысына байланысты қарастыру.

1. Қызметті оптимизациялау жолдарын талдау.
2. Қызметті алгоритимизациялау  және  үлгілеу.

Прогностикалық анализ

Жағдайдың болашақ дамуына қатысты болжауды қалыптастыру.

1. Жүйенің болашақ күйі берілсе және болашаққа жетудің мүмкіндіктері анықталған болса нормативті прогностикалық талдау.  
2. Трендттік модельдер құру арқылы  болашақтың жағдайы анықталатын ізденісті  прогностикалық талдау.


Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі:

Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі,  оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері берілген.


 

Кейс-әдісімен үйлескен әдіс

Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты

Үлгілеу

Жағдайдың үлгісін құру

Жүйелі талдау

Жүйелік ұсыныс және жағдайды талдау

Ойша тәжірибе

Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы  алу тәсілі.

Сипаттау әдістері

Жағдайдың сипатын құру

Проблемалық әдіс

Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну.

Жіктеу әдісі

Жағдайды құрастыратын қасиеттер, тараптардың реттелген тізімін құру.

Ойын әдістері

Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын ұсыну.

«Миға шабуыл»

Жағдайға қатысты ойларды  генерациялау.

Пікірталас

Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы көзқарастармен алмасу.

Кестеден көрініп тұрғандай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері  кейс - әдіспен сәтті үйлесуі мүмкін.

Кейстердің бастаулары:

Кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады.  Интеллектуалды азық ретінде оның өзінің бастаулары бар. Кейстердің бастауы - өмір деген тезис біреуге күмән келтіруі мүмкін емес. Қоғамдық өмір өзінің әртүрлілігімен кейстің сюжетінің, түйінді мәселесінің және деректік базасының бастауы болады.


Білім келесі бастау болып табылады. Ол кейс - әдіске үйлескен басқа   оқыту мен тәрбие әдістерінің мақсаттары мен  міндеттерін анықтайды.
Ғылым  – бұл бейнелік кешен  ретіндегі  кейстің үшінші бастауы. Ол аналитикалық іс-әрекетпен және жүйелік  жақындасумен, сонымен қатар, кейске және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен, екі негізгі әдістемелерді ұсынады.
Кейстің негізгі детерминация бастауларының ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Кейстерді құраудың шынайы тәжірибесінде әдетте бастаулардың біреуі басым болуы  байқалады. Осылай қарастыру негізгі бастауларының әсер ету дәрежесіне қарай кейстерді топтауға негіз болуы мүмкін. Бұл жерде даусыз шынайы өмір жағдайларын бейнелейтін, тәжірибелік кейстерді, негізгі міндеті оқыту болып табылатын оқыту кейстерін, зерттеулік іс-әрекетті іске асыруға бағытталған ғылыми-зерттеулік кейстерді ерекшелеуге болады.
Кейстің құрылымы:

Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.


Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:

- Жағдайлар  – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.

- Жағдайдың контексті  -  хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.

- Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.

- Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

- Қосымшалар. 



Кейсті құрастыру сатысы:

Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.

Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.

-Жағдай моделін құру немесе таңдау.

-Сипаттауды құру.

-Қосымша ақпараттарды жинау.

-Соңғы мәтінді даярлау.

- Кейстің тұсаукесері, талқылауды  ұйымдастыру.



Кейспен жұмыс істеуді  ұйымдастыру:

Нұсқалары өте көп, бұл оқытушының шығармашылығы үшін мүмкіндік. Біз жұмыс ұйымдастыруға болатын, максималды жалпыланған сабақ үлгісін ұсынамыз. 



Сабақты  ұйымдастыру сатылары:

Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті: бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы. 

Бұл сатыда келесі жұмыс нұсқалары болуы мүмкін:

  • Кейс-стади мәтіні студенттерге өз бетімен зерделеу және сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін.
    Сабақ басында тыңдаушылардың кейс-стади материалдарын білуі және  талқылауға қызығушылығы анықталады.

  • Кейс-стади негізінде жатқан басты мәселе анықталады, және ол курстың сәйкес бөлімімен үйлестіріледі.

Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті: – мәселелені шешуге арналған  іс-әрекетті ұйымдастыру. Іс-әрекет кішігірім топтарға біріктірілуі және жеке болуы мүмкін. Тыңдаушылар  оқытушы  берген қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, тұсаукесер үшін рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Әрбір топта шешімді жеткізетін «спикер» таңдалады немесе тағайындалады. Егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек. Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы  жалпы дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды. 

3. Кейс әдісін қолданудың нәтижелері

Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиясы сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті: - кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулық нәтижелерін айқындау. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды, оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.

Кейс стади әдісі интерактивті әдістің  бір түрі ретінде студенттер үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Оқушы ситуацияға талдау жасау арқылы  болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады.


      Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын  ерекше құруға шығармашылық  мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.

Кейс әдісінің білім беру мақсаттары:

1) Оқушының міндеті кейс жүйесін үйреніп және оны іс жүзінде жүзеге асыра отырып нақты шешім қабылдай білуі керек .

2) Оқушылогикалық ойлау қабілетін пайдаланып, ашық жүйені қолдана отырып, бастапқы ойдың мағынасын және болжамын түсіну қажет.

3) Оқушы өзінің сараптамасын сенімді түрде айқын түсінуі тиіс.

4) Оқушы кейстің негізгі сұрақтарын байыпты айқын көруге, орынды айтуға, бөліп көрсетуге және қатысуға міндетті.

5) Оқушы өзінің дайындығын  және бейімділігін көрсетіп, сандық анализ әдістемесін қолдануға  тиісті.

6)  Ең озық оқушылар («өте жақсы» бағаға үміткер) қандай жағдайда болсын өзінің жан-жақтылығын, біліктілігін көрсетуі керек.

   Қорытындылай келе оқытушылар білім сараптамасының қорытындысы озық ойлы технологиялардың интелектуалдық білім байлығы осы бағытта кемелдіктің жоғарғы санатына және ғылыми негізге негізделу керек деп түйіндеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Кейс - технология ұғымының мәні мен мағынасы қандай?

  2. Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс-әрекеті қандай кезеңдерден тұрады?

  3. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясының сатыларын атаңыз.

  4. Кейстің құрылымы қандай?

Тақырыбы: Жобалап оқыту технологиясы
Дәріс жоспары:

1.Жобалау әдіс жайында мағұлымат

2.Жобалау әдісін жүзеге асыру жолдары
Дәрістің қысқаша мазмұны

Жобалау латын сөзінен алынған, бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана  емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б.

Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп сабақтың өткізілу түрі айтылады. Сонымен қатар жобалау әдісі – оқушы мен оқытушының  бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға  негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады.

Қазіргі уақытта жобалау жұмыстарына байланысты жобалау сабақтары, жобалық апталықтар, жобалық жұмыстар т.б  тіркестер кеңінен қолданылып жүр. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді.



Жобалау әдісі - оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту  тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс - оқушыларға іс-әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. 

Жоба әдісі – оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің элементтерінен тұратын технология, мұнда:

-мұғалім оқытпайды, ізденіс іс-әрекетіне бағыттайды;

- білімді пайдалану және жаңа білімді игеру құралы;

-таным қызметі белсенділігінің оқыту құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет