ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары»



бет3/10
Дата17.06.2016
өлшемі2.9 Mb.
#141827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Дәріс жоспары

  1. Техникалық құралдар. Олардың түрлері

  2. Сынып тақтасымен жұмыс.


Дәрістің қысқаша мазмұны

1.Техникалық құралдар. Олардың түрлер

Оқытудың техникалық құралдары дегенде техникалық қондырғылардың және оларға арналған арнайы дидиактикалық материалдардың жиынтығын түсенеміз.

Орта мектептердің физика кабинеттерін оқытудың техникалық құрлдарымен жабдықтау және оларды қолдану әдістемесіне 15-20 жылдай уақыт өтті. Қазіргі уақытта мектептердің барлығы дерлік оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарымен жабдықталған. Бұрынғы техникалық құралдарды біртіндеп сырып келеді.

Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының әртүрлі классификациясы бар. 12-суретте соның бірі келтірілген.

Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық канал бойынша берілетін ОТҚ (ТСО). Оған радио, магнитофон жатады. Бұл жағдайда сәйкесінше дидактикалық құралдар оқу радиоқабылдағыштары және магнитофонды жазбалар болып табылады, мысалы физикалық диктанттарды, текстерді экрандық құрал арқылы бейнелейді.

Экрандық (визуальды) құралдар, яғни ақпарттарды көру каналдары бойынша беретін ОТҚ, оған кодоскоп графопроектор жатады - бейнелерді пленкада проекциялайтын прибор; эпидиаскоп – бейнелерді қағазда проекциялау үшін қолданылатын прибор; диапроектор - диапозитивтер және диафильмдерді проекциялауға арналған прибор.



12-сурет. Оқытудың техникалық құралдары



Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бір мезгілде көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ. Оларға: кинофильмдерді («Украина», «Школьник» және т.б.) демонстрациялауға арналған кинопроектор, телевизор, бейнемагнитофон жатады. Осы ОТҚ керекті дидактикалық материалдар 13-суретте көрсетілген.

Оларды қарастырайық.

Диапозитивтер кез-келген статистикалық проекция құралы сияқты экранда қозғалмайтын кескінді алуға мүмкіндік береді; өзінің мүмкіндігі бойынша диапозитивтер қабырға кестелеріне ұқсас. Бірақ диапозитивтің кескіні кестеге қарағанда ірірек бола алады дәл осы оның артықшылығы болып табылады.

Диапозитивтер жекелеген кадрлар сияқты (ғалымдардың портреттері, техникалық қондырғылардың фотосуреттері, диаграммалар, графиктер және т.с.с.).



13-сурет.Оқытудың техникалық құралдарына керекті дидактикалық материалдар



Диафильмдер бейнелер мен оған байланысты текстер кадрлардың қатаң жалғасымдылығын бейнелейді. Кадрлардың жалғасымдылығы диафильмге енгізілген мәселенің логикасымен анықталады.

Диапозитивтер және диафильмдер өзіндік ақпарат көзі, мұғалім әңгімесінің иллюстрация құралы ретінде қолданылады. Олар оқытудың басқа құралдарымен бірлесе қолданылуы мүмкін. Кодоскоптың көмегімен мөлдір пленкада орындалатын транспаранттар немес суреттер,чертеждар, тексттер. Оларды үш топқа бөледі:

1) белгілі бір ақпартты қамтитын алдын-ала дайындалған жекеленген транспаранттар;

2) материалды түсіндіру процесінде суреттер мен немесе текстермен толтырылған транспаранттар;

3) әрбіреуі бүтіндей бір кескіндердің фрагментін қамтитын алдын-ала дайындалған транспаранттар сериясы.

Кодоскоптың диапроектордан артықшылығы қараңғыланбаған сыныпта да жұмыс істеуге болатындығында.



Эпидиаскоп мөлдір емес қағазда дайындалған текстің, суреттердің, чертеждардың проекциясын алуға мүмкіндік береді.

Кинофильмдер қозғалыстағы, дамудағы, өзгерістегі объектілерді көрсетуге мүмкіндік береді. Кинофильмдерде мультипликация көмегімен процестерді моделдеу кеңінен қолданылады. Тікелей бақылауға мүмкін емес объектілер мен процестерді кино көмегімен көрсетуге болады.

Физиканы оқыту процесінде оқу кинофильмдері мақсатты түрде қолданылады:

- қуатты микроскоптың көмегімен бақыланатын (броундық қозғалыс) микропроцесстерді демонстрациялауда;

- мектепте қойылуы мүмкін (Штерн, Кавендиш тәжірибелері және т.б.) емес іргелі тәжірибелерді демонстрациялауда;

- мультипли­кация (электрондар мен иондардың қозғалысы, электр­магниттік толқындардың таралуы және басқалар) көмегімен құбылыстар мен процестерді моделдеу;

- жылдам өтетін процестерді көрсету (қатты дене деформацияларының барлық стадиялары және т.б.);

- баяу өтетін процестерді көрсету (қатты денелер диффузиясы және т.б.);

- меңгерілген білімдер мен заңдардың техникалық қолданылуын көрсету (интерференцияның, поляризацияның және т.б. қолданылуы).

Кинофильм сабақта тұтастай немесе фрагмент бойынша көрсетілуі мүмкін. Ол жаңа материалды меңгеру барысында, немесе мұғалімнің түсіндіруін иллюстрациялау құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Соңғы уақытта кинофильмдерді бейнефильмдермен алмастыруда.

Телевизор, кино сияқты үлкен дидактикалық мүмкіндікке ие, оның көмегімен кино және оған тән құралдарды біріктіреді.

Радиоқабылдағыштар оқушылар үшін қосымша ақпарат көзі болып табылады. Олар меңгерілген материалмен уақыт бойынша келісілмеген, сондықтан мұғалім ғылыми-танымал радиохабарламаларды магнитофонға жазып алып, сәйкес сабақта қолдана алады.

Магнитофонды жазба физикалық диктантарды өткізу кезінде қолданылады.

Олай болса, дәстүрлі ОТҚ оқу процесінде үлкен мәнге ие, олар оқушылардың оқу-танымдық іскерлігін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, олар білім көзі және көрнекілік құралы болып табылады.

Қазіргі заманға ОТҚ жатады:

- видеопроекторлар;

- қараңғыланған және аз жарықталынған бөлмеде жұмыс істейтін үлкен экран;

- дербес компьютер;

- видеокамера және видеомагнитофон;

- фреймграбер және т.б.



А.В.Смирновтың жетекшілігімен жасалған нақты жүйені мысал ретінде қарастыруға болды. Бұл жүйе алдымен МАЖ (АРМ) – мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс (физика мұғалімі) орны деп аталды, ал жаңа модификацияда – ОАК (АКП) (оқытушының автоматтандырылған комплексі). Смирновтың ОАК схемасы төмендегі 14-суретте көрсетілген:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет