ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Оқытушы коммуникативтік құзырлығының тренингі»



бет2/8
Дата17.07.2016
өлшемі1.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс №6.

Тренингтегі тренер рөлі.


Жоспар:

1.Тренер - белсенді басшы.

2. Тренер – кеңесші.

      Психологиялық  тренингті  өткізудегі маңызды рольді  тренердің  тәртібі атқарады, яғни ол оның теоретикалық бағдарының маңызды  деңгейімен анықталады. Тренингтің жетістігін тренердің тұлғасы анықтайды.

      Тренер:


  • топ қатысушыларына өз іс-әрекеттерінде  қандай ережеге негізделетінін, арқа  сүйейтінін  ақпараттау;

  • жұмыстың басында  топтың  зейіні  неге  концентрацияланатынын  түсіндіруге;

  • топқа  қандай материал  беруді, іс-әрекеттің  қандай түрлерінде  ойнауды  шешуге;

  • топтағы қатысушыға  қатысты  тұлғалық материал  қатынасында конфиденциялдық принципінің маңыздылығын  анықтауға;

  • қатысушылардың  өз проблемасы мен атмосферадағы  эмоцияларын  ашық ұстауға  жағдай жасауға ;

  • қатысушылар өз  жетістіктерін  талқылап,  тренер болса топтың  эффективтілігін  бағалауы үшін  қосымша  кездесулерді  жоспарлауға міндетті:

Тренинг кезінде  мынадай қиын  ситуациялар  туындауы мүмкін:

1. Қатысушы  өзін агрессивті  көрсетеді. Бұл  қатысушыны  шеңберден  тыс  артына қаратып  отырғызу  тиімді. Тренер бұл  ситуацияны  этикалық  және психологиялық  міндет ретінде  талқылайды.

2. Пассивті  қатысушалрдың  болуы. Бұл жағдайда  әдетте  ұзақ үнсіздік болады. Бұл үнсіздік қысымның төмендеуіне  әкеліп соғады.

3. Қатысушылардың  өздері жайында  айтқысы келмеді.  Бұл жағдайда тренер топтағы  мақсаттар мен міндеттерді талқылауды стимулдау қажет.

4. Жеке  жеткіншектердің  топшаларға  бірігуі – топтық жұмыстан  бас тарту  формасы. Тренер  әр қатысушыны  эмоционалды қабылдайды, топқа  нақты  талап қояды.  Мұнан топтағы өзара  қатынастың  қысымы мен  нығыздығын үнемі   бағалау қажеттігі  көрінеді.  «Лидерс А.Г. психологический тренинг с подростками».

Тренердің немесе басқарушанаң негізгі қызметтері:

-тренинг тақырыбын таңдау

- бағдарламасын құру;

- қатысушылар тобын анықтау және құру;

- топтағы тәртіп нормаларын анықтау;

- топта сенімділік, белсенділік атмосферасын құру;



Тренер рөлдерін классификациялау:

Белсенді лидер, басшы- адамдардың белсенділігін анықтайды, олардың әрекеттерін бағыттайды, түсіндіреді, басқарады, талдайды.

Аналитик қолданылған әдістерге, топтағы адамдардың іс –әрекетіне талдау жасайды.

Делдал немесе эксперт– топта болып жатқандарға толық жауап бермейді, көбінесе қажет кезде ғана көмекке келеді.

Кислинг-зонтаг бойынша тренерлік рөлдер классикасы

Мұғалім- құжаттармен жұмыс жасауда және әдістерді таңдауда профессионал, білімдерін тиімді қолдана алады.

Эксперт – ақпарат, кеңес береді; теория мен техниканы жақсы біледі.

Оқу бойынша серіктес– сұрақтар мен жауаптарға және ортақ оқуға қызығады, қатысушыға бейімделуге тырысады, топтағы қатынас динамикасына сезімталдықпен жауап қайтарады.

Спаррингсеріктес– қатал шынайылықпен таныс, қатысушыға рөлдік ойында серіктес бола отырып, тәжірибеге дайындалуға көмектеседі.

Модератор – топтағы процестерде әдістемелік көмекші, жұмысты құрастырушы; нейтральды бола отырып, топта позитивті қатынас орнатуға көмектеседі.

Коуч – процестер мен қарым қатынасты басқару сферасында шебер, жеке қатысушылардың дамуына сәйкес келеді.

Бірге жүруші–қиын жағдайларда табылып, болып жатқандарға құлақ асады, қызығушылығы ортақ адамдарға сфера құра алады.

Жүргізушінің жұмыс істеу стилі топты басқаруда еркін және директивті

(бағлдарлы) болады. Еркін басқару формасы пасивті түрде көрінуі мүмкін.

«Сыртқы пасивтіліктің» болуы қатысушыларда сенімділіктің болмауында

туады, өйткені тренер қатысушыларға мақсатты, жетістікке жету құралдарын

айтпайды. Тренердің сыртқы «пасивтілігі» ашық көрінгендіктен кей кездері

қытысушыларға ызаландыруды тудыру мүмкін. Жүргізуші ешқандай әрекет

етпей «тек қана тындайды». Топта ұзақ уақыт пауза болуы мүмкін. Жүргізуші

бірақ ешкімді сендірмей және ештене түсіндірмеу мүмкін. Ол қатысушылардың

сұрақтарынан, талаптарынан қашқақтауы мүмкін. Топта қысымдылық пен

белгісіздік пайда болады. Бұл топты басқарудың ең қиын формасы. Мұнда

жүргізушіден жоғары кәсібилікті, эмпатикалық тындаудың жеткілікті

техникасын меңгеруді, әр қатысушыдан шыққан вербалсыз ақпаратты көру

қабілетін, топты қабылдау мен «сезіну» қабілетін білу және топты жалпы

басқара алуы керек. Әйтпесе қатысушылар тарқап, не үшін келгендігін,

жиналғандарын білмеулері мүмкін. Бірақ берілген форма (техника ретінде)

жақсы нәтижеге жеткізуі де мүмкін. Егер, бұл форма техника түрінде

қолданылатын болса, онда басында мәселе анықталып алынуы тиіс. Бұндай

форманы сонымен қатар кейбір тақырыптық немесе кәсіби топтарға қолдануға

болады, бұл жерде жүргізуші өзіне басынан бастап кеңесші рөлін алады да оған

тек қажетті болған кезде ғана назар аударады. Бұл жағдайда топқа еркіндік

беріліп, олар проблема мен оның шешу жолдарын таңдайды. Басқарудың басқа

ақырғы формасы- бұл бағдарламалар, онда топты басқаруды қатаң түрде

директивті стиль қолданылады. Бастаушы тренерге шынайы топтық жұмысты

жүргізуі үшін компромисстік форманы қолданған пайдалы. Сабақтын жоспары

мен тренингтің құрылымын ұстану және әр уақытта топтың барысын,

қатысушылардың көңіл-күйін қарау, қажет болса жұмыстың жоспарланған

мазмұнынан ауытқуға, бірақ бастапқы мақсатты ұстану дайын болуы қажет.


Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

3.Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

4.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

5.Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет