ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Омыртқалылар зоологиясы»



бет2/14
Дата09.06.2016
өлшемі2.26 Mb.
#125234
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жүйке жүйесі. Дөңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен:алдыңғы (tеlепсерһаlоп), аралық (dіепсерһаlоп), ортаңғы (mеsепсерһаlоп), мишық (mеtепсерһаlоп), сопақша мидан (mуеlепсерһаlоп) тұрады. Әсіресе алдыңғы ми және мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді олардың иректері болмайды. Ми қақпағында нервтік заттар болмайды, ол дерлік эпителиядан тұрады. Аралық мидың үстіңгі жағында көру төбешіктері мен эпифиз, ал оның төменгі жағында ми воронкасымен гипофиз орналасқан.

Мидан 10 пар нерв тарайды. Жұлын нервтері екі түбірлі болып (арқа және құрсақ) кеткенімен, бұлар басқа омыртқалылардың нервтері сияқты бір-бірімен косылмайды, сондыктан ондай нерв аралас нерв болмайды. Сезім органдары — өте қарапайым. Есіту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері де нашар жетілген. Миногаларының қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілігіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Иіс органы дара болғанымен иіс нервтері жұп болады. Иіс қапшықшасының түп жағынан іші қуыс өсінді шығып, мидын, астынан хорданың бастамасына дейін созылады. Бұл өсіндінің атқаратын қызметі толық анықталмаған. Шамалы ғана ойыстанған бүйір сызығының түбінде кезеген нервтің ұштары жатады.



Зәр шығару органдары — мезонефрикалық (теsоперһгоs) бүйректерден құралады. Бұлардың алдыңғы бөліміне пронефростың (ргоперһгоs) қалдықтары жалғасады. Зәр заттарын шығару түтігінің қызметін вольфов каналдары атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ұштасады.

Жыныс бездері — дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды. Жыныстық клеткалар — гонаданың қабырғасын жарып, денесінің ішіне құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр-жыныс қуысына құйылып, зәр-түтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер қос жынысты болады (гермафродит).

  1. ДӨҢГЕЛЕК АУЫЗДЫЛАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ

Қазіргі тіршілік ететін дөңгелек ауыздылар екі отрядқа бөлінеді.

МИНОГАЛАР (РЕТКОМУZОNІҒОКМЕS)

Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген.

Ұрықтанған жұмыртқалардан, ересек миногаларға ұқсамайтын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Олардың арқасы-нан құрсақ бөліміне қарай қанаты бар екендігі байқалады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалары жұтқыншақ ішіне ашылады.

Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар, бұл ланцетниктегі эндостильдің қызметін атқарады. Бауырында өті болады, көзі тері-сінің астына жасырынған. Миы басқа органдарымен салыстырғанда үлкенірек деуге болады. Құмқазғыш кейбір белгілерінін, болуына қарағанда (эндостильдің болуы), тіршілік ету тәсілдері жағынан да жалпы алғанда ланцетниктерге ұқсайды. Құмқазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып, сонын, ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2—5 жылдың ішінде айналады.

Бұл отряд бір тұқымдастан (реіготуzопісіае) және жеті туыстан құралады. Миногалар — барлық суларда тіршілік ететін-космополиттер.

Теңіз миногасының (реtгоmуzоп maчiпиs) ұзындығы 50— 100 см. Бұлар Атлантика мүхитының теңіздерінде кездеседі. Теңізде тіршілік етеді, ал уылдырық шашу кезінде өзенге шығады. Олар теңіздің түрлі тереңдіктерінде тіршілік етеді, кейде олар-ды 500 м терендіктен де кездестіруге болады. Көпшілігінде балықтармен және су түбіндегі омыртқасыздармен (4-сурет) қоректенеді. Теңіз миногалары уылдырығын көктемде шашады. Уылдырықтарын су түбін қазып, шұңқыр жасап салады. Кәсіптік маңызы аз.



4 - с у р е т. Үстіңгі теңіз миногасы, астыңңы өзен миногасы.
2-отряд. МИКСИНДЕР (МУХІNІFОRMЕS)

Балықтардың уақытша паразиті миксиндер болып есептеле-ді. Бұлардың паразиттік тіршілігіне байланысты кейбір органдары нашар дамыған да, ал кейбір органдары паразиттік тірші-лікке икемделіп маманданған. Миксиндердің арқа қанаттары болмайды, нашар дамыған көздері тері астында жатады, көз хрусталигі болмайды. Құлағының жартылай шеңбер қуысы біреу-ақ. Миы, оның алдыңғы және мишық бөлімдері жақсы жіктелмеген. Омыртқа жотасының құйрық бөлімінде ғана омыртқаның жоғарғы доғасының нұсқасы бар. Ауыз воронкасының жиегінде 4 пар қармалағыштары, тілі-нің үстіңгі жағында мүйізді тістері болады. Көпшілігінде желбезектерінің сыртқы тесіктері бірден сыртқа ашылмай, желбезек қапшықшаларының арт жағынан қашығыраққа ашылатын әр-бір бүйірінде болатын каналға ашылады. Олардың мұндай ерекше құрылыста болуы, балықтың денесіне тереңірек еніп кеткеннің өзінде де тыныс алуына мүмкіндік береді, өйткені иіс сезу капсуласы ерекше қуыс арқылы жүтқыншақпен байланысады да, ылайға көміліп, тұмсығы ғана шығып жатқан организмнің тыныс алуына жағдай жасалады. Желбезек тесіктерінің саны 5—45-ке жетеді.

Миксиндер қос жынысты организмдер. Жүмыртқалары үлкен, 20 мм жетеді. Жұмыртқаларыйың сыртын мүйіз тәрізді капсула қаптап жатады 'да сонымен к,атар ұшы ілмекті жіпше-лері болады. Миксиндер 20—30 жұмыртқа, ал миногалар 20— 30 мыңға дейін жұмыртқа салады.

Миксиндер — Атлантика, Тынық және Индня мұхиттарында таралған жануарлар. Кәдімгі миксиндер көбінесе тереңдігі 20— 50 метрге жететін су жағасына жақынырақ жерде кездеседі, ал кейде 500—1000 м тереңдіктен де кездестіруге болады (5-сурет).




Миксиндер көбінесе балықтардың желбезектері арқылы ішіне кіріп, олардың терісі меи скелеттерінен басқасының барлығын жеп қоректенеді. Көбінесе ауға, қармаққа түскен балықтарды жеп, зиянын тигізеді. Миксиндердің кәсіптік маңызы жоқ.

Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Дөңгелек ауыздылар класына жалпы сипаттама.

  2. Дөңгелек ауыздылардың сыртқы және ішкі құрылысы.

  3. Дөңгелек ауыздылардың систематикасы мен экологиясы.

  4. Миногалардың құрылысы.

  5. Миксиналардың құрылысы

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.

  2. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.

  3. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.


4 дәріс: Балықтар класы. Шеміршекті балықтар. Тұтас бастылар.

Жоспар.

  1. Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы.

  2. Тақтажелбезектілер. Акулалар. Скаттар.

  3. Тұтас бастылар немесе химералар.




  1. Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы

2-класс. БАЛЫҚТАР (РІSСЕS)

Дөңгелек ауыздылардан балықтардың ерекшелігі олардың аузында қозғалмалы жақтары болады. Міне, сондықтан да ба-лықтарды алғашқы жақтылар деп атайды.

Дөңгелек ауыздылармен салыстырғанда, балықтардың ерекшеліктеріне; біріншіден, балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы; екіншіден, көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының; үшіншіден, иіс сезімі және танау тесіктері жұп болуы; төртіншіден, желбезектерінің жапырақшаларының, эктодермадан пайда болуы; бесіншіден, балықтардың денесінің қабыршақтармен қапталуы т. б. жатады.

Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық. сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші — шеміршекті балықтар; екінші —сүйекті балықтар.



1-топ. Шеміршекті балықтар (Сһоndгісһtуеs)

Шеміршекті балықтар — осы заманда тіршілік ететін балық-тардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құ-рылысты организмдер болып есептеледі.Желбезек тесіктерінің аралықтары жалпақ перделермен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.

Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді. 1-тақта желбезектілер (еІаsmоЪгапсһіі) және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер (һоіосерһаіі).


  1. 1-класс тармағы. ТАҚТА ЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР (ЕLАSМОВRАNСҺll)

Тақта желбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар және скаттар.

Тақта желбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп, өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында — рос-, трум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау .түрінде орналасқан.

Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Басы-ның екі бүйір жағында 5—7 желбезек саңылаулары бар. Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцелер деп атайды. Брызгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек сақылауларының жұрнағы болып саналады. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клеткасы болады. Құйрық қанатының жапырақшалары бір келкі емес. Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы — одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайды.

Бас сүйегі — ми сауытынан, сезім органдарының капсуласы-нан және рострумнан құралған Ми сауытының төбесі шеміршекпен қапталған. Демек, осы шеміршек ми сауытын тұтасынан жауып тұрмағандықтан оның алдыңғы жағы жарғақпен қапталған. Оны алдыңғы фонтанель деп атайды. Бірінші ауыз омыртканың бас сүйегімен кірігуі салдарынан бас сүйегінің желке бөлімі пайда болады. Бас сүйегінін, алдыңры бөліміяен тараған үш шыбық тәрізді шеміршектерден рострум құралады. Желбезек, тіл асты және жақ доғаларынан висцеральдық скелеттің негізі құрылады (6-сурет).


6 - с у р е т. Акуланың бас сүйегі

1 — мұрын капсуласы, 2 — тұмсық өсіндісі (рострум), 3 — көз ұясы, 4 —шүйде капсуласы, 5 —таңдай шаршы шеміршегі, 6— меккелев шеміршегі (төменгі жақ), 7 — ерін шеміршектері, 8 — гиомандибуляре, 8 — гионж, 19 —желбезек доғалары
Аяқ скелеттері екі бөлімнен тұрады. Бірінші — аяқтарға ті-реу болатын белдеу, екінші — бос төменгі бөлімінің скелеттері. Алдыңғы аяқтардың яғни көкірек қанаттарының белдеуі қалың ет қабатында жатады және ол қанатгарына тірек болады. Бұл белдеу бір ғана шеміршек доғасынан тұрады. Қанаттары бір жақ ұшымен белдеу бөлімше бекісе, ал екінші ұшы денесінің сыртында болады. Белдеу доғасынын, дөңес беті құрсақ жағына қарай бағытталған, демек, белдеу қаңқасы ет қабатына берік орналасқан. Бұл доғаның әрбір жартысының (оң, сол) орта жерінде дөңесі бар. Кеуде қанаттарының ішкі ұштары осыған келіп бекиді.

Артқы аяқ яғни құрсақ қанаттарының белдеуі клоаканың алдыңғы жағында денесіне көлденең орналасқан дара шеміршектен тұрады. Құрсақ қанатының скелетінде бір немесе екі базалиялар ғана болады. Олардың сыртқы жиектеріне радиалиялар орналасады. Дара қанаттардың скелеті радиалиялардан және серпілімді жіпшелерден құралады.



А с қ о р ы ту органдары. Ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында ірі тістері болады. Ауыз қуысы желбезек саңы-лауларын аралап өтіп, жұтқыншаққа жалқасады. Жұтқыншақ-қа желбезектер саңылауларының жұрнақтары брызгальцелер ашылады. Қысқа өңеші доға тәрізді иілген қарынға ашылады, ал қарыннан ары қарай қысқа аш ішек кетеді. Шажырқайда ұйқы безі жатады. Тоқ ішегі жуандау ішінде спиралды қақ-пақшалары болады. Қақпақшалар ішектің ішкі ас қорыту бетін ұлғайтады, астың жайлап қозғалуына, толық қорытылуына әсер етеді. Екі бөлімнен тұратын бауырында өті болады. Өт жолы осы ішектің алдыңғы бөліміне ашылады (7-сурет). Көк бауыр қарынның иілген жағында жатады.

Т ы н ы с о р г а н д а р ы. Әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншақка, ал екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек тесіктерінің әркайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделерімен бөлінген. Желбезек перделерінің қалың қабатында шеміршекті желбезек доғалары жатады. Желбезек саңылауларының алдыңғы және артқы қабырғаларына желбезек жапырақшаларының орналасуы нәтижесінде желбезектер пайда болған. Желбезек жапырақшалары шеміршекті балықтарда эктодермадан пайда болады.

Қан айналу системасы. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүрекшеге кең, қабырғасы жұқа вена қаны құйылатын веноздық қуыс (синус) жалғасады. Қарыншаға — артериалдық конус жалғасады. Артериялық конус жүрек қарыншасының бір бөлімі болып саналады. Артериялық конус сырт жағынан карағанда құрсақ қолқасының түбіріне ұқсайды.

7 - с у р е т. Акуланың ішкі құрылысы:

1 — еркегі; 2 — ұрғашысы: 1 — танау тесігі; 2 — қалқан без; 3 — желбезектер; 4 — желбезектің алып келуші артериясы, 5 —артериальды конус; 6 — жүрекше; 7 —қарынша; 8 — вена қолтығы; 9 —бауыр; 10 — өт; 11— бауырдың қақпа венасы; 12— қақпа веналарының қарынға тараған бұтақтары; 13 — қарын: 14 — шарбы; 15—ұйқы безі, 16 — талақ; 17 — қарынның пилорикалық бөлімі; 18 — ішінде спиральдары көрсетілген тоқ ішек; 19 — 34 — тік ішек; 20, 37 —.жарып көрсетілген клоака; 21, 33—бүйрек; 22—аталық безі; 23 — тұқым жолы; 24 — тұқым қалтасы; 25 — тік ішек безі; 26 — несеп-жыныс өсіндісі; 27 — құрсақ тесігі; 28 — шағылыс органы; 29 — жұмыртқа жолы воронкасы; 30— өңеш кесіндісі; 31 — жұмыртқа жолы; 32 — аналық безі; 35 — жатын; 36 — несеп жолының тесігі; 38 — несеп түтікшесі.


Артериялық конустан құрсақ қолқасы басталады Құрсақ қолқасынан желбезекке бес пар желбезек артериялық доға кетеді. Желбезек жапырақшаларына дейін қан алып келген арте-рияларды қан алып келуші, ал желбезектен тотыққан қанды денеге алып кетуге бағытталған қан артериялары алып кетуші артериялар деп аталады. Бұл желбезек артериялары қолқа түбіріне келіп қосылады, Екі жағындағы (оң және сол) қолқа түбірлері қосылып — жалпы арқа қолқасын құрайды. Қолқа гү-бірінің алдыңры бөлімінен, бас бөліміне ұйқы артериялары тарайды. Арқа қолқасы денесінің артқы бөліміне қарай бағытталып, одан ішкі органдарға қан тамырлары таралады (8-сурет).

8- с у р е т. Акуланың қан айналу схемасы: (ақ сызықтармен артериялар, қара сызыкпен веналар көрсетілген): 1 — күре тамыр; 2 — желбезек үсті артериясы; 3— арқа қолқасы; 4 — вена қуысы; 5 —Кювьев құйылысы; 6 — шажырқайға тарамдалған артерия; 7 — ардинальдық вена; 8 — бүйрек қақпа венасы: 9 — құйрық венасы; 10 — бауыр қақпа венасы; 11 — бүйрек қуысы, 12 — жүрекше; 13 — қолқа конусы мен жүрек қарыншасы; 14 — құрсақ қолқасы; 15—желбезек артериясы; 16 — шықшыт венасы;
Құйрық венасы дененің алдыңғы бөліміне қарай созылып келіп, қос кординал веналарына тарамдалады. Бұл веналардың бүйрекке келіп торлануының нәтижесінде бүйректе қан айналу системасының қақпасы пайда болады. Артқы және алдыңғы кардинал веналары жүректің тұсына келгенде оң жақтағылары өз ара және сол жақтағылары өз ара қосылады. Осының нәтижесінде веноздық қуысқа келіп құйылатын қос кювьеров өзектері пайда болады. Бауырдың қақпа венасы ішектерден басталады. Ол бауырдың ішіне енген соң ұсақ қан тамырларына тарамдалып барып, қайтадан бауыр венасына айналады. Келешекте бұл вена тамыры веноздық қуысқа келіп жалғасады.

Нерв системасы. Миы едәуір үлкен болады. Ол алдыңғы, ортаңғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Нервтік заттар алдыңғы ми жарты шарларының түбінде ғана болып қоймай, оның бүйірінде және үстіңгі ми қабатында да болады. Сүйекті балықтардың құрылысы қаншама күрделі десек те, олардың миының үстіңгі жағы эпидермиспен қапталғанын байқаймыз. Шеміршекті балықтардың миының үлкендігі, оның нерв клеткаларынан құралатын сұр түсті қапшықпен қапталуынан болады. Миынан 11 жұп нерв тарайтындығы және олардың ми бөлімдерінің қалыптасу тәртібі жоғары дәрежеде дамыған омыртқалылардікі сияқты. Сүйекті балықтардың миынан 10 пар нерв тарайды, ал дөңгелек ауыздыларда *ми бөлімдері жақсы жетілмеген, әрі орналасуы да қарапайым болады. Аралық миының үстіңгі жағына эпифиз орналасқан. Аралық мидың төменгі жағында көрініп тұрған екі дөңесі бар. Олардың аралығына воронка орналасқан. Воронканың арт жағына гипо-физ бекиді. Ортадғы миы жақсы жетілген, мишығы үлкен болады. Шеміршекті балықтардың алдыңғы миы екі қарыншаққа жіктелмеген. Бұл белгісі шеміршекті балықтардың төменгі сатыдағы омыртқалылар екендігін дәлелдейді (9-сурет).


9 - с у р е т. Акуланың миы және мидан тарайтын нервтер арқа жағынан жарып көрсеткен бас бөлімі. Оң көзі

суретке салынбаған. 1 — алдыңғы ми; 2 — аралық ми (оның қақпағы алынып көрсетілген); 3— ортаңғы ми; 4 — мишық; 5 — сопақша ми; 6 — ұшы кеңейіп барып бітетін иіс бөлімінің сабақшасы; 7 — иіс апшықшасы; 8 — көз алмасының жоғарғы қиғаш еттері; 9 — ішкі ет талшығы; 10— жоғарғы ет талшығы, 11 — сыртқы түзу еттер; 12 — брызгальце;13 — бірінші желбезек саңылауы.


Сезім органдары. Шеміршекті балықтардың түйық бітетін қос иіс қапшықтары болады. Көзінін, өзіндік ерекшелігін аңғару ки ын емес. Өйткені, көзінің қасаң қабығы (роговица) жалпақ, ал хрусталигі шар тәрізді. Жоғарғы және төменгі қабақтары болмайды. Бұлардың біраз ғана түрлерінде көз — алмасын төменгі ішкі жиегінен жоғары қарай тартып, көзін ашып және жабатын ымдау жарғағы болады. Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Оның үш жарты шеңберлі каналдары болады. Бүйір сызығы айқын байқалады.

З әр ш ы ғ а р у о р г а н ы н ы ң қызметін — мезонефрос деп аталатын алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос вольфов каналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады. Бұлардың көпшілігінде аналық жыныс бездері жұп болады. Жұп жұмыртқа жолдары аналық бездерімен жалғаспай-ақ дене қуысындағы соларға жақынырақ маңайға ашылады. Жыныс жолдарының жоғарғы бөліміне қауыз бездері орналасқан. Ұрғашыларының зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады. Бір пар аталық безі бүйрек каналдарымен және оның алдыңғы бөлімімен байланысқан. Бұл каналшалар бүйрек заттарынан өтіп, вольфов каналына барып құйылады. Вольфов каналшалары еркек балықтарда зәр және жыныс жолының қызметін атқарады. Вольфов каналшалары клоакаға ашылатын зәр-жыныс қуысына келіп құйылады. Бүйректердің артқы бөлімдері зәр шығару органының қызметін атқарады да, ал алдыңғы бөлімі аталық жыныс бездерінің қосалқысы (сағағы) болып есептеледі.

1-отряд. АКУЛАЛАР (SЕLАСҺОlDЕІ)

Акулалардың денесінің ұзындығы бір метрден 15 метрге де-йін (кейде оданда ұзын) болады. Осы кезде олардың он шақты тұқымдасы белгілі. Бұлар барлық мұхиттар мен теңіздерге тараған. Каспий теңізінде ғана болмайды

(10-сурет).

10 - с у р е т. Акулалардың түрлері. 1- жалпақ тұмсықты акула; 2-ара тұмсықты акула; 3-майшабақ тәрізді акула; 4 — теңіз періштесі.


2-отряд. СКАТТАР (ВАТОІDЕІ).

Бұлардың денесі арқасынан құрсағына қарай қысылып барып бітеді де, қанаттары өте жалпақ болып көкірек қанаттары бас бөлімімен жалғасып кетеді. Осының нәтижесінде желбезек саңылаулары мен танау тесіктері, басының құрсақ жағына орналасқан. Құйрық және арқа қанаттары кішкене болады. Скаттар — жай қозғалатын, су түбінде тіршілік етуге бейімделген шеміршекті балықтар. Акулалар мен скаттардың аралық формасы болып саналатын шеміршекті балықтардың, барлығын жоғарыда келтіргенбіз, мысалы, ара тұмсықтылар. Олардың ұзындығы 4—5 м болады. Олар Жерорта теңізінде, Атлантика және Үнді мұхиттарында кездеседі. Көбінесе су түбіндегі топырақтарды тұмсықтарымен қазып сондағы омыртқасыздармен, сол сияқты балықтармен де қоректенеді.

Электрлі скаттар (Тогреdіnіdае) тұқымдасының денесі дөңгелектеу келеді, рострумы болмайды (11-сурет). Терісі жылтыр, біртегіс болады. Көкірек қанаттары мен басының арасында орналасқан электр қуатын шығаратын органдары болады.


11 - с у р е т. Скаттардық түрлері. 1 — түкті скат; 2 — мүйізді скат, 3 — электрлі скат; 4 — жарып көрсетілген электрлі скат.


  1. 2-класс тармағы. БҮТІНБАСТЫЛАР НЕМЕСЕ ХИМЕРЛІКТЕР (НОLОСЕРҺАLІ)

Бүтінбастылар терең су түбіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын және ұршық тәрізді болады, ол құйрығына карай сүйірленеді. Кейбір түрлерінің рострумы болмайды. Терісі жалаңаш және қабыршақсыз деуге болады. Бүйір сызығы айқын көрінеді, брызгальцесі болмайды. Желбезек саңылаулары тері қатпарларымен жабылып тұрғандықтан сырттан қарағанда желбезек қуысына жалғасатын бір ғана саңылау көрінеді. Скелеттерінің құрылысы қарапайым, яғни ол негізінен хордадан тұрады. Таңдайдың шаршы шеміршегі бас сүйегінің ми сауытымен бірігіл кеткен. Жалпақ тақташа тістері аз болады. Ас қорыту жолы айқын жіктелмеген. Ұрықтану іште болады. Жұмыртқасының сыртында қалың, күрделі қабығы бар. Олар көбінесе екі жұмыртқадан салады. Осы кезде тіршілік ететіндерін үш тұқымдасқа топтауға болады. Олар Атлантика мен Тынық мұхиттардың

солтүстік және оңтүстік жарты шардағы теңіздерінде тараған. Бізде батыс Мурманск тұсында химера, немесе теңіз мысығы деген түрі кездеседі. Ұзындығы 1 м. Көпшілігі 1000 м тереңдікте мекендеп, теңіз түбіндегі омырткасыздармен қоректенеді. Қәсіптік маңызы жоқ.



Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы.

  2. Тақтажелбезектілер.

  3. Акулалар.

  4. Скаттар.

  5. Тұтас бастылар немесе химералар.

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.

  2. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.

  3. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.


5 дәріс: Сүйекті балықтар классы.

Жоспар.

  1. Шеміршекті- сүйекті балықтардың жалпы сипаттамасы.

  2. Сәулеқанатты балықтар.

  3. Қалақанатты балықтар.

  4. Балықтардың экологиясы.


Сүйекті балықтар тобы (Оstеісһthуеs)

Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы, олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепші болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрылысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Сүекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтық ішіндегі газдың көлемінің өзгеруі балықтың меншікті салмағынын, өзгеруіне әсер етеді. Жүзу торсылдағындағы газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкіндік алады. Ұрықтанулары әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ, мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады. Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тыныстылар және саусақ қанаттылар.



  1. 3-класс тармағы. ШЕМІРШЕК-СҮЙЕҚТІЛЕР (Сһопdгоstеі)

Бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сү-йектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйекті балықтар көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балыктардың мына белгілері сақталған: рострумының, болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жұп қанаттары горизонтальды орналасқан, ішегінде қатпарлы қақпақшалары және жүрегінің,

артериялды конусы болады: Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезек қақпақшаларының болуы, желбезек аралық перделерінің жойылуы, торсылдақтарының болуы, уылдырықтың ұсақ қатты қабығы болмауы және ұрықтанудың сыртта болуы т. б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет