Тыныс органдары. Рептилилердің амфибилерден айырмашылығы, бұлардың суда тіршілік ететін личинкалары болмайды. Ұрықтарының эмбриональдық даму кезінде желбезек ап-параты қалыптаспай, жұмыртқаның ішіндегі ұрықтың газ алмасуы алантоис пен сары уыз қапшығы арқылы орындалады. Ересек рептилилер тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты тыныс алура қатыспайды.
Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Тасбақа, крокодил сияқты жоғарғы сатыдағы рептилилерде бұл бөлімі өте жақсы дамып, күрделене түскен. Осы кездегі өте қарапайым — гаттерилердің өкпесінің ішкі қуысының өзі де үлкен болады. Кесірткелердің, әсіресе хамелиондардың өкпесінің астыңғы жағында ұяшықтар мен аралық перделері болмай, саусақ тәрізді керегесі жұқа өсінділер — өкпе қапшықшалары болады. Бұларда газ алмасу процесі орындалмайды.
Көмекей қуысы оймақ тәрізді және бір пар ожау тәрізді ше-міршекпен шектелген көмекей камерасына жалғасады. Көмекейден ұзын кеңірдек кетеді. Қеңірдек екі бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады.
Тыныс алу және шығару көкірек қуысының, кеңейіп, тарылуы нәтижесінде орындалады.
Қан айналысы. Көпшілік рептилилердің жүрегі амфиби-лердікі сияқты үш камералы болады, бірақ жүрекшелерінің аралығындағы перделері толық жетіледі де қарыншаларының арасындағы пердесі толық болмайды. Крокодилдерде бұл перде толық жетілгендіктен қарыншаны толық екі бөлікке бөліп тұрады.
Жүрек қарыншасының. әр жерінен үш артерия кетеді. Оң қа-рыншадан өкпе қан тамыры шығады да біраздан соң оң және сол өкпе артериясына бөлінеді. Қарыншанын, сол жақ бөлімі-нен (ішінде артериялық қаны бар) аортаның оң жақ шеңбері шығады. Одан ұйқы, бұғана асты артериялары кетеді. Ең со-ңында қарыншаның ортасынан қолқаның сол жақ шеңбері кетеді. Ол жүрекке қарай иіліп, қолқаның он. жақ шеңберімен қосылып, арқа қолқасын құрайды (18-сурет).
18 - с у р е т. Қесірткелердін, қан айналу схемасы: 1— бас венасы; 2 — ұйқы артериясы; 3 — шықшыт венасы, 4 — ұйқы безі құйылысы; 5 — қолқанық сол доғасы; 5 — колқаның оң доғасы; 6 — өкпе артериясы; 7 — өкпе, 8 — төменгі қуыс вена; —арқа колқасы; 10 — омыртқа аралық артерия; 11 — бауыр; 12—ішек артериясы; 13 — бауырдың қақпа венасы; 14 — тоқ Ішек; 15 — төменгі қуыс вена; 16 — құрсақ венасы; 17 — шажырқай артериясы; 18 — сыртқы шажырқай артериясы; 19—алып кеткіш бүйрек венасы; 20 — сол жамбас венасы; 21 — сол жамбас артериясы; 22 — бүйрек; 23 — артқы аяқ артериясы; 24—артқы аяк венасы; 25— құйрық артериясы; —26 құйрық венасы.
Зәр шығарү органдары. Рептилилердің ересектерінің зәр шығару органы жамбас бүйректерінен (metanерһгоs) тұрады. Метанефрос дене бойымен созылып жатқан — дене бүйрегі бастамасының алдыңры жағынан дамиды. Дене бүйректері ұрықтың даму кезеңінде болатын орган. Дене бүйректері ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жүмыртқадан шыққан соң біраз уақытқа дейін жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі жетілген соң, вольфов каналының артқы бөлімінен, бүйректің зәр шығару түтігімен қосылатын канал шығады. Сөйтіп зәр шығару түтігі пайда болады. Оң және сол зәр шығару түтіктері клоаканың арқа жарынан құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың, кесірткенің кейбір түрлерінің қуығы жетілмеген. Мұндай жануарлардың зәр заты қоймалжың болады да, негізінен несеп қышқылынан тұрады.
Жамбас бүйрек қалыптасқан соң, дене бүйрегі редукцияла-нады. Ұрғашыларында алғашқы бүйрек толығымен редукция-ланады да еркегінде оның алдыңғы бөлігі қалып қояды. Оны ұрық безінің қосалқысын (еріdіdуmиs) деп атайды.
Жыныс органдары. Жыныс бездері дене қуысының ішінде, омыртқа жотасының екі жақ бүйіріне орналасқан. Ұрық безі, мезонефростың қалдығы, ұрық қосалқысы екені айтылған бо-латын. Ұрық қосалқысының қаналы рептилилерде тек қана ұрық өткізгіш болып саналатын вольфов каналына жалғасады. Гаттериден басқа рептилилердің барлығында да шағылыс органы болады. Кесірткелерде, жыландарда шағылыс органдары клоаканың арт жақ керегесінен өскен бір пар өсінді болып есептеледі. Крокодилдер мен тасбақалардың шағылыс органдары сыңар болады.
Нерв системасы. Рептилилердің нерв системасы амфибилердікінен анағұрлым жақсы жетілген. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сұр затынан тұратын қыртысы болады. Әйткен-мен бұл қыртысы әлі де жақсы жетілмеген, сондықтан да алдыңғы мидың көпшілік бөлімі жолақты денеден тұрады. Алдыңғы мидың үлкенірек болуы, аралық миды үстінен жауып қарағанда көрсетпейді. Төбе органы мен эпифиз жақсы жетілген. Төбе органы өзінің құрылысына қарағанда көзге ұқсайды. Бұл орган гаттерия және кесірткелерде жақсы жетілген. Ол төбе сүйектерінің аралығындағы тесікке орналасып,
жарықтың әсерін өте жақсы қабылдайды.
Сезім органдары. Механикалық қозуларды қабыршақтары-ның үстіне, эпидермистің астындағы сезім клеткаларының жиналған жеріне, сезім дақтарына орналасқан сезгіш “түктері” арқылы қабылдайды. Бірақ суда тіршілік ететін төменгі саты-дағы омыртқалыларда болатын бүйір сызықтарының органдары болмайды.
Иіс органының құрылысында оның иіс сезу жолының ортаңғы бөлімінің төменгі — тыныс алу, жоғарғы нағыз иіс сезу бөліміне бөлінуінің үлкен маңызы бар. Барлық иіс жолының бас жағында айқын бөлінген табалдырық бар, ол оның жұтқыншаққа ашылатын төменгі бөлімі мұрын жұтқыншақ жолын құрады. Бұған қосымша якобсонов органы болады. Бұл ауыз ішіндегі тамақтың иісін айырады. Кесірткелер тілін аузынан шырарып, кейбір заттарға тигізеді. Тілін шығарғанда иісі бар заттың ұсақ түйірі тіліне жабысады да, қайтадан тілін аузына ендіргенде тілімен бірге енген заттан якобсонов мүшесі арқылы оның иісін “аңғарады”, айыра біледі.
Дыбыс органдары. Рептилилерде қос мекенділер сияқты ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Ортадғы құлақта бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Жарғақты лабиринт иірімдері жіктеліңкі-реген, оның ішінде мүйіз тәрізді иірімді байқауға болады, ол көпшілігінде қалта тәрізді өсінді түрінде болады.
Олардын, көздерінің қозғалымды қабақтары болады. Оның төменгісі жақсы дамыған, тез қозғалады. Көзінің алдыңғы бұрышында көзін ашып, жұматын — үшінші қабағы болады. Жылан мен гекконның төменгі және жоғарғы қабақтары мөлдір болады және бірімен-бірі бірігіп кеткен. Көзінің құрылысында заттарды әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделушілік байқалады.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:
-
Бауырмен жорғаушылардың жалпы сипаттамасы.
-
Бауырымен жорғалаушылардың сыртқы құрылысы.
-
Бауырымен жорғалаушылардың ішкі құрылысы
Ұсылынған әдебиеттер:
-
Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.
-
Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.
-
Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.
9 дәріс: Бауырымен жорғалаушылардың жіктелу жүйесі және шығу тегі.
Жоспар.
-
Қазіргі кездегі бауырымен жорғалаушыларға систематикалық шолу
-
Бауырмен жорғаушылардың экологиясы.
-
Қазіргі кездегі бауырымен жорғалаушыларға систематикалық шолу
1.КЛАСС ТАРМАҒЫ, ЯЩЕРОГАДЫЛАР НЕМЕСЕ АЛҒАШҚЫ КЕСІРТКЕЛЕР (РRОSАURlА)
Бұл класс тармарына ертеде тіршілік еткен рептилилер жа-тады. Олардан қазір тұмсық бастылар (Rһупсһосерһаlіа) отрядына жататын — гаттерия (Sрһепоdоп рисtаtus) деп аталатын бір түрі белгілі.
19 - с у р е т. Кесірткелердің түрлері: 1-дала ағамасы, 2-құлақты дөгелек басты, 3-сарыбауыр, 4-кәдімгі кесіртке, 5-плащ тұмсықты кесіртке, 6-жүйрік кесіртке, 7-дала генконы, 8-сұр ешкіемер,
Гаттери—аз қозғалатын көбінесе түнде тіршілік ететін жануар. Оларды альбатростар мен басқа мұхит құстарының інінен жиі кездестіруге болады. Әдетте бір інде құста гаттери-де кездесетін жағдайлар жиі кездеседі, бірақ гаттерилер құстың жұмыртқасына да, балапанына да тимейді. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенеді. Көктемде және ноябрь — декабрь айларында көбейеді. Жұмыртқаларын жерді қазып, шұндырға салып, оның бетін топырақпен жауып тастайды. 8—17-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқанын, дамуы біркелкі болмай, ұзақ уақытқа созылады. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12—14 айдың ішінде өтеді. Жас организмнің өсуі өте баяу болады да жыныстық жетілуі 20 жылға созылады.
2-класс тармағы. ҚАБЫРШАҚТЫЛАР (sguaмаtа)
Қабыршақтылар казіргі кездегі бауырымен жорғалаушы-лардың ішіндегі ең көбі. Оның 5 мыңға жуық түрі белгілі, олар барлық материкте, алуан түрлі тіршілік жағдайларында өмір сүреді. Қабыршақталарға кесірткелер, хамелеондар және жыландар жатады. Бұлардың ортақ белгілері: денесі — көлемі мен формасы әр түрлі болатын мүйізді қабыршақтармен қапталған. Біраз түрлерінде мүйізді жабындының астында сүйекті қабыршақтары болады. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі — шаршы сүйегі бас сүйегімен қозғалмалы болып бекіген. Омыртқасы әдетте процельді болады, ал төменгі сатыдағы формаларында керісінше амфицельді болып келеді. Сүйекті таңдайы болмайды. Тістері жақ сүйектеріне бекіген. Клоакасы көлденең саңылау сияқты, копулятивтік органы қалта тәрізді болады.
1-отряд. ҚЕСІРТКЕЛЕР (LАСЕRТІLlА)
Олардын, көпшілігінін, денесі сопақша, құйрығы ұзын, мо -йыны денесінен айқын бөлінген. Алдыңғы және артқы аяқтары бір қалыпты дамыған, бірақ формасы түрліше болады. Аяғы редукцияға ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлері де бар. Аяқ-сыз кесірткелер жыландарға ұқсайды. Жыландардан аяқсыз кесірткелердің екі түрлі өзгешелігі
бар. Біріншіден, оларда кө-кірек қуысы болады, екіншіден, аяқ белдеуі сақталған. Жоғар-ғы жақ сүйектері ми сауытына қозғалмайтындай болып бекіген. Сонымен қатар олардың қозғалмалы қабақтары және дабыл жарғақтары болады. Көпшілік түрлерінің құйрықтарын үзіп, қалдыратын автотомия қабілеті бар. Құйрықтың үзілген бөлімі аз уақыт өткесін қайтадан қалыптасады, бірақ оның скелеті сүйектенбейді.Кесірткелердің көптеген түрлері тропик жақтарды мекендейді. Кейбір түрлері полярлық шеңберге дейін таралған. Таулы жерде бүларды 4000 м биікке дейін кездестіруге болады. Бірқатары жартылай орманды ортада тіршілік етеді. Біраз ғана түрі болмаса суда өте сирек кездеседі. 2500-ге жуық түрі белгілі.
Г е к к о н д а р (Gесkоnіdае). Бұлардың омыртқалары амфицельді. Олар негізінен қарапайым ұсақ кесірткелер. Түнде тіршілік ететін, жартасқа, ағаш діңіне, үйдің керегісіне жақсы өрмелейтін қабілеті бар организм. Саусақтарында сорғышы болады. Күндіз геккондар жердің жарығына, тастың астына, ағаштың тамырының астына Қырымда, Закавказьеде, Орта Азияда және Қазақстанда кездеседі.
Агамалар (Аgаmіdае). Денесі шағын, құйрығы ұзын, серпімді, үзіліп қалатын қабілеті жоқ организм. Жақсы дамыған аяқтарында ұзын саусақтары болады. Агамалар — Австрәлияның, Азияның, Африканың шөлді облыстарын мекендейді. Сонымен қатар оларды таулы алқаптан, тропик ормандардан да кездестіруге болады. Орта Азияда ұзындығы 25—35 см болатын дала агамасы (Аgаmа sапguiпоlепtа) кездеседі. Олар көбінесе топырақты және құмды бұталы шөл жерлерді мекендейді, қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Дала агамасына жақын кавказ ағамасы (Аgаmа саисаsіса) — Дағыстанның, Закавказьенің, Копет-Дагтың тауларын мекен-дейді. Құлақты дөңгелек басты (Рһгупосерһаlиs туstасеиs) агаманың басы жалпақ, дөңгелек болады да, ауызының екі езуінде үлкен тері өсіндісі болады. Қатер төнгенде ауызын ашып, жаңағы “құлақтарын” қозғалтады. Ол Орта Азияның, Қазақстанның құмды даласында кездеседі. Қауіп төнгенде құмның арасына тығылады.
2-отряд. ХАМЕЛЕОНДАР (СНАМАЕLЕОNТЕS)
Хамелеондар құрылысы күрделі, кесірткелерге жақынырақ негізінен орманда тіршілік етуге бейімделген организмдер. Дене мөлшері әр түрлі болады. Көпшілік түрлерінің ұзындығы 25—35 см өте ірі түрлерінің ұзындығы 50 кейде 60 сантиметр-ге жетеді, өте ұсақтары — 2—5 см болады.
Денесі екі бүйірінен қысыңқы, арқасында өткір жалы болады. Аяқтары ұзын, ағашқа өрмелеп шығуға бейімделген. Саусақтары бірімен-бірі қарама қарсы болып, қысқаш тәрізді орналасқан. Ол ағаш бұтақтарын қусырып ұстап, ағаш бойымен тез қозғалуды қамтамасыз етеді (20-сурет).
20 - с у р е т. Хамелеондар
Олардың құйрығы ұзын, ағашты орап алуға ыңғайлы келеді. Сонымен қатар көзінің құрылысында да ерекшелік болады. Қабақтары қалың, сақина тәрізді, ұсақ қа-быршақтармен қапталған және көз карашықтарының тесігі бо-лады. Оң және сол көзінін, қозғалуы бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл көру кеңістігін ұлғайтып, насекомдарды тез ұстауға мүмкіндік береді. Өкпесіндегі ауа қапшықшаларына ауа толғанда, хамелеондардың денесі ісініп ұлғаяды. Тері пигменттерінің өзгеруінен хамелеондардың түсі де өзгереді.
3-отряд. ЖЫЛАНДАР (ОРНIDIА)
Жыландар шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалу-ға, көлемді заттарды тұтасымен жұтуға бейімделген жануарлар.
Сыртқы пішініне қарағанда жыландар аяқсыз кесірткелерге ұқсайды. Аяқсыз кесірткелерден айырмашылығы жыландардың жақ аппаратының оң және сол жақ бөлімі жылжымалы болып байланысқан қозғалмалы қабағы, дабыл жарғағы болмайды. Сол сияқты жыландардың иық белдеуі де болмайды.
Жыландардың бірқатарында ғана мойын бөлімі байқалады. Көпшілігінің денесі — бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Жыландардың аяқтары және олардың скелеттері жүруге жарамайды. Тек қана айдаһарларда ғана артқы аяқтың қалдығы, мықын сүйегі мен ортан жіліктің қалдығы сақталған. Соқыр (ТурһІорidае) жыланында да жамбас сүйегінің қалдығы болады.
Жыландардың қазір 2300—2500-ге жуық түрі белгілі. Олар жер бөліктерінің барлығына тараған, әсіресе ыстық жерлерде көптеп кездеседі. Солтүстікте полярлық шеңберге дейін еніп жатады. Оңтүстікте — Оңтүстік Америкаға дейін тараған. Отты жерде, Жаңа Зеландияда және Полинезияның көптеген аралында жыландар болмайды. Жыландар ағашты, далалы, таулы жерлерге, кейбір түрлері суда, жер астында тіршілік етеді.
Олар жұмыртқа немесе тірі жұмыртқа салып көбейеді. Тек қана жануар тектес заттармен қоректенеді. Жыландар ұсақ насекомдар мен кемірушілерден бастап, бұғының бұзауына дейінгі әр түрлі организмдермен қоректенеді. Жануарларды сескендіріп барып, тез шабуыл жасап, ұстайды. Бұған қосымша* улы жылан адамды тек қана мазалағанда шағатынын айтуға болады.
Жыландарды бірнеше систематикалық топтарға бөлуге болады.
Соқырлар (Турһlоріdае) тұқымдасына жер астында тіршілік ететін, жер құрттарына ұқсас, залалсыз ұсақ жыландардың 150-ге тарта түрі жатады. Денесі цилиндр пішінді, басымен құйрығы денесінен бөлінбеген және денесі балық қабыршақ-тарына ұқсас тегіс қабыршақпен қапталған организм.
Айдаһарлар, немесе жалған аяқтылар (Воіdае). Бұл тұқымдасқа ең ірі түрлері жатады. Сонымен катар ұзындығы 1 м болатын ұсақ түрлері де кездеседі. Айдаһарлардың бас бөлімін, басқа жыландарға қарағанда, мойнынан айқын ажыратуға болады.
С а р б а с ж ы л а н т ә р і з д і л е р (СаІиЬгіdае) тұқымдасына жыландардың 1000-ға жуық түрі жатады. Бұлардың ішінде залалсыздары да, өте улы түрлері де болады. Бұл тұқымдастың сұр жыландардан ерекшелігі улы тістері және оның каналы болмайды, улы тісінің алдыңғы жақ бетіндегі сайшалар арқылы құйылады.
Жүмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын шірінділердің арасына салады (21-сурет).
21- с у р е т. Жыландардың түрлері: 1 — көзілдірікті жылан, 2 — ысқырғыш жылан, 3 — коралл аспид, 4 — торлы питон: 5-сұр жылан, 6 — сарыбас жылан.
Полоздар (СоІиЬег, Еіарһе) сарбас жыландарға жақын, үзындыры 2 м болатын жыландар. Улы тістері болмайды. Егер адам қуса қарсыласып, тістуге ұмтылады, өте қатты тістейді.
Медянка (Согопеllа аиstridса) ұсақ, ұзындығы 75 сантиметр-дей болатын жыландар. Түсі қызыл бурыл денесінде қара сұр дақтары болады. СССР-дің Европалық бөлімінің орталык жә-119не оңтүстік бөлігінде кездеседі. Ағашты немесе бұталы жерлерді мекендейді. Дымқыл жерлерде болмайды, уы жоқ. Негізінен кесірткелермен қоректенеді.
Сұр жыландар (Vірегidае) улы аппараттары жақсы дамыған улы жыландар. Улы тістерінің, ішінде каналдары болады. Үстіңгі жақтары қысқа, аузын ашқанда улы тістері алға қарай бағытталады.
Кәдімгі сұр жылан (Vірега Ьегиs) біздің еліміздін, Европалық бөлігінде және Сибирьде тараған. Түсі сұр, қара жолақты, немесе мүлдем қара болады. Олар көбінесе тоғайлы жерде болады, ал батпақты жерлерден кездеспейді. Бұларды күндіз үйінділердің, ағаш түбірінін, үстінен, таулы жерлердің күңгей жағынан көруге болады, қорегін аулауға түнде шығады.
Сұр жыландарға Американың сылдырмақты жыланы да (Сгоtаlиз һоггіdиз) жатады. Бұл жыландарды сылдырмақты жыландар деп атауының себебі, олардың құйрығында дыбыс шығаратын қозғалмалы байланысқан мүйізді бунақтардық болуына байланысты. Айбат шеккен кезде, құйрығын қозғалтып сылдырлаған дыбыс шығарады. Аса қауіпті улы жылан.
3-класс тармағы. КРОКОДИЛДЕР (Сгосоdilіа)
Осы кезде тіршілік ететін рептилилердің ішіндегі ең құрылы-сы күрделі жануарлар тобы — крокодилдер.
Бұлардың денесі ұзын және арқасынан құрсағына қарай жалпақтау келеді. Құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, жүзу қызметін атқарады. Алдыңғы аяғының бес саусағының арасында жарғақ болмайды, ал артқы аяғында төрт саусағы болады да олар өз ара жарғақпен жалғасады. Денесі мүйізденген қабыр-шақтармен қапталған, олардың астыңғы жағынан сүйекті пластинкалар дамиды. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі — төменгі жағының астында, иығының үстінде және клоаканың маңайында тері бездері болады. Олардың маңызы әлі анықталмаған.
Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ және тіс сүйектеріне сүт қо-ректілердің тістері сияқты, альвеолға орналасқан. Сондай-ақ сүт қоректілердікі сияқты, крокодилдерде сүйекті таңдай бола-ды. Сондықтан ауыз қуысы екіге: оның жоғарғы бөлімі — мұрын жұтқыншақ жолы, ал теменгісі — нағыз ауыз қуысы болып бөлінеді. Тамақты жұтқан кезде ғана аз уақытқа тыныс жолы жабылады.
Жүрек қарыншағы дербес екі бөлімнен тұрады, яғни крокодилдердің жүрегі төрт камералы болады. Бірақ сол жақ қарыншадан шығатын оң қолқа доғасымен қатар, оң қарыншадан (веналық қан) сол қолқа доғасы шығады. Сол қолқа доғасы арқа қолқасымен байланысқан, бірақ онымен таза артерия қаны жүрмей аралас қан жүреді (22-сурет).
22 - с у р е т Крокодилдің құрсақ жағынан көрсетшлген жүрепнің және артериалдық доғасының құрылысының схемасы: 1 —ішкі ұйқы артериясы, 2 —сыртқы ұйқы артериясы (он жақ бөлімі шөжіп кеткен), 3 — қолқаның оң жақ доғасы, 4 — сол жақ доға, 5 — арқа қолқасы, 6 — өкпе артериясы, 7—атсыз артерия, 8 — ішек қарын артериясы.
Крокодилдер триас дәуірінде кеңінен тараған. Қазір бір тұқымдасқа жататын 25-ке жуық түрі бар. Тропикалық субтропикалық облыстарда ғана кездеседі.
Гавиалдың (Gаvіаlіз gепgеtісиs) тұмсығы ұзын болады. Денесінің ұзындығы 6 метрдей, Индияның оңтүстігін мекейдейді. Нағыз крокодилдер Африкада, Азияда, Солтүстік Австралияда және тропиктік Америкаға тараған. Олардың бір түрі иль крокодилі (Сгосоdilиз піlotiсиs) ұзындығы 8—10 м болады және Қытай аллигаторы (Аllіgаtог sіпепsіs) ұзындығы 2 метрдей болатын үсақ крокодилдер.
Крокодилдердің еті мен терісін пайдалану үшін жергілікті халық кәсіп етеді.
4-класс тармағы. ТАСБАҚАЛАР (СһеІопіа)
Қазіргі рептилилерден ерекшелігі — тасбақалардың денесінің сүйекті сауытпен қапталуы. Басын, мойнын, аяқтарын, құйрығын қауіп төнгенде осы сауытының ішіне жиырып алады. Сауыты; а) жоғарғы жартысы — карапаксадан тұрады. Ол тері тектес пластинкалық сүйектерден пайда болған, оған қабырғалар және омыртқалардың көпшілігі қосылып, бірігіп кеткен; б) төменгі жартысы — пластрона, бұлда тері тектес сүйектен тұрады, бірақ мұнымен төс сүйегі мен бұғана қосылып кеткен. Көпшілігінің сүйекті сауытының сыртын мүйізді қабыршақ қаптап жатады.
Сүйекті сауыттың болуымен байланысты тасбақалардың тұлға еттері нашар жетілген. Керісінше мойын, аяқ, құйрық еттері өте күшті болады. .
Тыныс алу механизмінің де өзіндік ерекшелігі бар. Ауыз қуы-сының түп жағы біресе көтеріліп, біресе төмен түсіп, насостың қызметін атқарады. Осы кезде танау тесіктері арқылы ауыз қуысына ауа еніп, одан өкпеге өтеді. Сонымен қатар тыныс алуға мойын мен иықтың қозғалысы да әсер етеді. Тасбақаның өкпесі күрделі, губка тәрізді болады. Тасбақалар дымқыл тропикалық және ыстық шөлді жер-лерде тіршілік етеді. Қазір тасбақалардын, 183-ке жуық түрі белгілі.
1-отряд. ЖАСЫРЫН МОЙЫН ТАСБАҚАЛАР (СКУРТОDIRА)
Бұл отрядқа жататын тасбақалар мойынын “S” тәрізді етіп сауытының ішіне жиырып алады. Осыған байланысты олардың мойын омыртқаларының көлденең қанаттары жойылып кеткен, немесе нұсқасы ғана сақталған. Жамбас сүйектері дене сауыты-мен бірігіп кетпеген.
Өткен ғасырда Үнді және Тынық мұхиттың аралдарында, әсіресе Галапагосс аралында исполин тасбақалары тіршілік еткен. 1835 жылы осы аралдарда болған кезінде Ч. Дарвин бұл гасбақаларды толық сипаттап жазған. Олар систематикалык жағынан құрлықта тіршілік ететін тасбақаларға (Тезtиdо) жақын болған. Көпшілікке белгілі піл тасбақасының (Теstиdо рlорһапtориs) оның ұзындығы 2 м болады да салмағы 200 кило.грамға жетеді.
2-отряд. БҮЙІР МОИЫН ТАСБАҚАЛАР (РLЕURОDIRА)
Мойынын сауытының ішіне жиырғанда, ол оң немесе сол бү-йіріне қарай қисайып, басы қолтығына барып енеді. Сондықтан мойын омыртқаларының көлденең өсінділері және оған байланысты еттер жақсы дамыған. Екінші бір ерекшелігі — жамбасы құрсақ және арқа сауытымен қозғалмайтын болып бірігіп кеткен. Барлық түрлері Африкада, Австралияда және Оңтүстік Америкада суда тіршілік етеді.
3-отряд. ТЕҢІЗ ТАСБАҚАЛАРЫ (СНЕLОNIIDАЕ)
Нағыз өкілі—жасыл тасбақа (Сһеlопіа mуdаз), ірі, ұзындығы бірнеше метр, салмағы 450 кг болатын жануар. Бұлар тропикалық теңіздерді мекендейді. Көбінесе жағалауларда, өзен сағасында тіршілік етеді. Балдырлармен және түрлі жануарлармен қоректенеді. Аралдардын, құмды жағалауларына жұмыртқа салады. Бір ұрғашысы 200-ге
дейін жұмыртқа туады. Етінің қоректік сапасы жоғары болғандықтан жергілікті халық тамаққа пайдаланады.
4-отряд ЖҰМСАҚ ТЕРІЛІ ТАСБАҚАЛАР (ТRIОNУСНОIDЕА)
Жұмсак, терілі тасбақалардың сауытында мүйізді пластинка-лар болмайды. Дене жабындысы жұмсақ, қыртысты, немесе бұдырлы тері тәрізді болады. Тері астындағы сүйекті сауыты нашар жетілген. Тек қана арқасындағы сауытының ортаңғы бөлімінде шеті шеміршекпен көмкерілген сүйекті пластинкасы болады. Олардың ұзын қозғалғыш тұмсығының ұшынан танау тесігі ашылады. Аяқтарында жүзу жарғақтары болады.
-
Бауырмен жорғаушылардың экологиясы.
Тіршілік жағдайлары және жалпы таралуы. Амфибилерге қарағанда рептилилер алуан түрлі орталықтарда тіршілік ету-ге бейімделген организмдер. Мұның негізгі себебі рептилилер амфибилерге қарағанда құрылысы күрделі, жоғары сатыдағы организмдер. Екінші бір маңызды себебі, рептилилер эмбриональдық даму кезінде, сондай-ақ ересек кезінде де құрғақшылыққа төзімді болуында. Ересек организмдерде ол олардың эпидермис қабатының мүйізденіп кетуіне байланысты.
Су мен топырақта тұздың болуы рептилилердіқ тіршілік етуіне кедергі болмайды. Жылан мен кесірткелердің көптеген түрлері амфибилер тіршілік ете алмайтын тұзды топырақта тіршілік ете береді. Сол сияқты тасбақалар мен жыланның кейбір түрлері (мүйізді сауыты болмаса да) тұзды көлдер мен теңіздердің суларында тіршілік ете алады.
Рептилердің бірсыпырасы қалың шөптің арасымен тез қозғалуға бейімделген. Ондай рептилилердің денесі жылан тәрізді ұзынша, сонымен қатар аяғы да болмайды.Мұндай ерекшелік жыландардан тіпті айқын байқалады, олардың аяқтарының редукцияға ұшырауымен қатар, артқы және алдыңғы белдеу сү-йектері де жойылып кеткен. Артқы аяқтарының қалдығы (рудименті) айдаһарларда, соқырларда (Турһіоріdае), маржан жыландарда (Jіуsіа) сақталған. Кесірткелердің ішінде аяқтары мүлдем жоқ түрлері де кездеседі. Оған мысал етіп бізде кездесетін веретеницианы айтуға болады. Ал сары бауыр жыландарда артқы аяқтарының рудименті сақталған. Сонымен қатар аяқтары өте нашар жетілген түрлері де бар. Ондай рептилилерге жалаңаш көз (Аbleрһаrus), халцидті (Сһаlсіdеs) жатқызуға болады.
Рептилилердің ішінде тік жартастарға, ағаштардың басына оңай өрмелеп шығатын көптеген түрлері бар. Гекконның көптеген түрлері жартастар мен ағаштарға саусақтарында болатын жапырақ тәрізді сорғыштарының көмегімен тез өрмелеп шығады. Ал кейбір түрлерінің құйрығында және денесінің бүйір бөлімінде сорғыштары бар. Рептилилердің екінші бір түрлерінің жақсы жетілген саусақтарында ұзын, иілген тырнақтары, үзілмейтін ұзын құйрығы болады. Ағашқа өрмелеп шыққанда құйрығын оған орап, денесіне тірек етеді. Хамелеондардың саусақтары қарама-қарсы қысқаш тәрізді орналасып, ағашты қысып алуға бейімделген. Бізде кездесетін кесірткелердің ішінде бұталарға жақсы өрмелеп шығатыны агама. Жыландардың ішінен де осындай қабілеті бар
түрін кездестіруге болады.
Зонд аралдарын мекендейтін күрек құйрық гекконның (Ріусһохооп) басының, денесінің, құйрығының бүйірінде және саусақтарының арасында тері жарғақтары болады. 'Ағаш басынан секіргенде осы жарғағы едәуір жерге ұшып баруына көмектеседі. Малай архипелагасының ормандарында мекендейтін ушқыш драконныц (Вгасо) денесінің екі бүйіріндегі тері жарғақтарын жайып жіберуге 5—6 пар қабырғалары қатысады. Сондықтан да олар 20 м-дей жерге ұшып барып қонады. Ұшып бара жатқанда кейде насекомдарды да қағып алып, қоректенеді (25-сурет).
25 - с у р е т. Ұшқыш дракон.
Достарыңызбен бөлісу: |