ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Омыртқалылар зоологиясы»


Отряд үсті тармағы. Қырсыз төстілер немесе түйеқұс тәрізділер (Rаtitае)



бет8/14
Дата09.06.2016
өлшемі2.26 Mb.
#125234
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

1. Отряд үсті тармағы. Қырсыз төстілер немесе түйеқұс тәрізділер (Rаtitае)

Бұл топқа жататын құстардың өзіндік ерекшеліктері бар: бір жағынан олардың қарапайым құрылыстылығы болса, екінші жағынан ұшпай жердің бетімен адымдап, немесе жүгіріп жүруіне байланысты жоғары маманданған белгілерінін. болуы. Қарапайым құрылысты белгілеріне мыналар жатады: аптерийлерінің болмауы, қауырсындарының топқа бөлініп жіктелмеуі, желпуіш кауырсындарыньщ болмауы; осыған байланысты бұ-лардың қауырсындарының тек қана денесін суықтан сақтау қызметін атқаратындығы.



2-отряд. АФРИКА ТҮИЕҚҮСТАРЫ (SТRUTОNІFОRMЕS)

Осы замандағы құстардын, ең ірісі (Strutһіо сатеlиs) деген бір ғана түрге жатады. Ересек еркектерінің бойынын, биіктігі 260—275 см болады. Орта салмағы 50 кг, ал өте ірілерінід сал-мағы 90 /^г-ге жетеді. Бұлардың ерекшелігі — аяғының саусағы екеу ғана болады (қазіргі кездегі құстарда сирек кездесетін жағдай деуге болады). Шап сүйектері бірігіп кетудің салдарынан жабық жамбас сүйектерің құрайды. Қанаттары едәуір үлкен.

Бұлардың ақ түсті қанаттары мен құйрық қанаттарын әсем-дік үшін, ал етін тамақ үшін пайдаланады. Кейбір жерлерде оларды жартылай үй құстары есебінде асырайды.

2-отряд. АМЕРИКА ТҮЙЕҚҰСТАРЫ НЕМЕСЕ НАНДУ (RНЕІРОRМЕS)

Америка түйеқұстары Африка түйеқұстарынан гөрі кішірек келеді, түсі сұр-қоңыр және үш саусақты болады. Бойының биіктігі 150 см, ал салмағы 20 /сг-ға жуық. Қанаттары едәуір жақсы жетілген. Оңтүстік Американың жазық далалы аймақтарында оның екі түрі тараған. Kөбірек тараған түрі кәдімгі нанду (Rеа аmеriсапа). Бұлардың бірнеше он шақтысы бірігіп, топтасып жүреді. Көбею кезінде бір еркегіне 5—7 үрғашысы келетіндей болып, ұсақ топтарға жіктеледі. Нанду полигам.



3-отряд. АВСТРАЛИЯ ТҮЙЕҚҰСТАРЫ НЕМЕСЕ КАЗУАРЛАР (САSUАRIlFОRМЕS)

Бұлар ірі, үш саусақты, сыртынан қарағанда байқалмайтын шамалы қанаты бар құстар. Басқа түйеқұстарға қарағанда бұлардың аяқтары қысқарақ келеді. Бас жағындағы қауырсындары қысқа нашар жетілген. Қауырсындарының қосымша сабағы болады.

Э м у т у ы с ы (Dгоmісеіиз) біркелкі сұр түсті болүмен және мойны мен басының қауырсындарының болуымен сипатта-лады. Казуарлар (Саsиагіиs) туысына Жаңа Гвинейға және Австралияның көрші бөлімдеріне тараған бірнеше түрлері кездеседі Казуарлардың басы жалаңаш, және басымен мойнының үстіңгі бөлімдері ашық айқын түсті болады. Басында мүйізденген айдары бар.

4-отряд, ҚАНАТСЫЗДАР НЕМЕСЕ КИВИЛЕР (АРТЕRУGІҒОRМЕS)

Бұлар қырсыз төсті құстардың ішіндегі ең ұсағы. Дене мөл-шері ірі тауықтай, салмағы 2—3 кг. Денесі тығыз, мойны, аяғы түйеқұстарға қарағанда қысқарақ, төрт саусақты болады. Тұм-сығы ұзын, аздап төмен қарай иілген. Танау тесігі тұмсығының ұшына таман орналаскан. Қауырсындары ұзын тарқатылған сияқты болады.



2. Отряд үсті тармағы. ПИНГВИНДЕР (JMРЕNNЕS)

Бұған суда тіршілік етуіне байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар құстардың аз ғана тобы жатады. Бұлардың бір отряды оңтүстік жарты шарда, әсіресе Антрактикада тараған.



Отряд ПИНГВИНДЕР (SРНЕNІSСІҒОRMЕS)

Пингвиндер үша алмайтын, бірақ суда өте жақсы жүзетін және сүңги алатын құстар. Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ың-ғайлы, ескекке айналған. Сирактары нашар дамыған, табан сүйектерінің жоғарғы бөлімдері бір-бірімен толық қосылып кеткен. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қу-ыстары болмайды. Қауырсындарының өзіндік ерекшелігі бар, жіктелмеген аптериясы болмайды. Қауырсындарының түктері— пәрлері жіңішке болады. Пингвиндердің кейбір түрлерінің бауырында (1—2) жұмыртқа сақтайтын қатпарлары болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады.



3. Отряд үсті. ҚЫРЛЫ ТӨСТІ ҚҰСТАР (САRINАТАЕ)

Ұшатын құстардың көпшілігінде төс сүйектерінің қыры жақ-сы жетілген, контурлық қауырсындарының иілген желпуіштері және аптериясы, сүйектерінін, ауа қуыстары болады. Иық бел-деуінің құрылысы басқа құстардікі сияқты қалыпты түрде ка-лыптасқан, ал сирақ сүйегі табан сүйектерімен жымдасып бі-рігіп кеткен.



1. Отряд. ГАГАР ТӘРІЗДІЛЕР (ОАVІҒОRМЕS)

Бұл отрядка суда жақсы жүзетін және сүңгитін, бірақ нашар ұшатын, жүретін нағыз су құстары жатады. Аяқтары артына қарай созылыңқы біткен, сондықтан да жер бетінде тік тұрғанда денесі алдына қарай иіліп тұрады. Олардың табан сүйектері екі бүйірінен қысылыңқы келеді де, алдыңғы үш сау-сағының арасында жарғағы болады. Мойны ұзын, ал тұмсығы біршама ұзындау екі бүйірінен қысыңқы түзу және өткір бола-ды. Қанаттары қысқа және сүйір келеді, ал олар өте шабан ұшады. Құйрығы қысқа болады. Қауырсыны тығыз орналасқан. Балапандары ширақ және үлпілдек мамықты болады.



Гагар тұқымдасына (СоІугпЬіdае) алдыңғы үш саусағы тұтасып жарғақпен жалғасқан, ірі құстар жатады. Жер бетімен жақсы қозғалып жүре алмайды.

2. Отряд. ПОГАНКАЛАР (РОDІСІРЕDIFОКМЕS)

Поганкалар гагарларға туыстық жағынан жақын. Олардан мөлшері жағынан кішірек әрбір саусақтарының айналасында жарғақтары болады. Бұлардың ішінде үлкен поганка немесе чомга кең тараған (Роdіісерs сгіsіаtиs).



3. Отряд. ЕСКЕК АЯҚТЫЛАР (SТЕGАNОРОDЕS)

Ескек аяқтылар тұщы суда, көбінесе теңізде тіршілік ететін аяқтары қысқа, төрт саусағы кең жарғақпен қосылған, ал үлкен саусары кейін қарай емес Ішіне қарай қараған құстар. Тұмсығы ұзын екі жақ сүйегінің аралығындә азды-көпті созылмалы жалаң тері қалта болады. Монагамды. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, қызылшақа болып, ата-анасының екеуі де қоректендіреді. Солтүстік аймақтан баска жердің барлырына Да тараған.

Б і р қ а з а н д а р т ұқымдасына (Реlесапіdае) өте ірі, тұмсықтары екі жағынан қысыңқы төменгі жағының аралығы-на орналасқан созылғыш, тері қалтасы болады. Тұмсығының ұшы ілмек тәрізді иілген. Денесі аумақты, мойны ұзын жіңішке, ал аяқтары және құйрығы қысқа, жалпақ келеді.

С у қ ұ з ғ ы н д а р т ұ қ ы м д а с ы н а (Рһаіасгосогіdае) дене мөлшері орташа және ұсақ құстар жатады. Бірқазандарға қарағанда денесі ықшамды аяғы денесінің артына таман орналасқан түрлер жатады. Қонып отырған кезде құйрығынын. қатты қауырсындарына тіреп денесін тік бағытта ұстап отырады. Тұмсығы цилиндр пішіндес ұшы үлкен ілмекті болады.



4. Отряд. ДЕГЕЛЕК (АИСТ) ТӘРІЗДІЛЕР (СІСОNIFОRМЕS)

Дегелек тәрізділер — дене мөлшері әр түрлі көпшілігі ірі, ұзын иілімді мойынды, ұзын аяқты құстар. Олардың аяқтары сирақ бөлімінің жартысына дейін жалаңаш, қауырсынсыз, төрт саусақты; оның алдыңғы үш саусақтарының арасы кішірек тері жарғақтармен қосылған. Тұмсығы түрлі пішінді, көпшілігінің тұмсығы үшкір, қатты затты шоқуға ыңғайлы келеді.



Дегелек тұқымдасына (Сісопііdае. ұзын үшкір тұмсықты, отрядтың ірі құстары топтасады. Олардың тұмсығы ұзын, тік және үшкір келеді. Бұл құстардың көмекейінде дыбыс шығаратын қатпарлары болмайды. Сондықтан көпшілігі дауыс шығармайды.

Ивистер тұқымдасына (ІЬіdіdае) үлкендіктері орташа, сыртқы пішіні жағынан жылқышыларға ұқсас құстар топтасады. Олар тұмсықтарының жіңішке, орақ тәрізді иіліп қарабайларда (Ріеgаdіs fаlсіпеllиs) немесе тұмсықтарының ұшының күрек тәрізді жалпақ болып — қалбағай (Рlаtеlа Іеи-сагоdіа) келуімен сипатталады. Бұл көрсетілген екі түрдің екеуі де еліміздің оңтүстік бөлімінде қалың қамыстарда ұялайды.

Құтан тұқымдасы (Агdеidае). Құтандар туысына тұмсығы тік, әрі ұзын болатын біршама ірі құстар жатады. Тұмсығы екі жағынан қысыңқы және жиегінде ұсақ тісшелері болады. Үлкен ащ құтан (Еgгеtt аІhа) біршама назар аударарлық. Оның түсі жынысына, жасына және жыл маусымына қарамастан үнемі ақ түсті болады. Күй салтанаты кезінде арқасын қуа-лай құйрық қанатының үстіне дейін жалданып ұзын қауырсындар “эгретка” немесе “эспри” пайда болады. Бізде Европалық бөлімнің оңтүстігінде, Кавказда, оатүстік-батыс Сибирьде, бүкіл Орта Азия мен Қиыр Шығыстың қолайлы жерлерінде ұялайды.

Зиянды насекомдарды құртып, ауыл шаруашылығына аздап пайдасын тигізеді. '



5. Отряд. ҚАЗ ТӘРІЗДІЛЕР (АNSIRІFОRМЕS)

Бұл отрядқа ірі және орта үлкендікте болатын, ұзын мойынды, қысқа аяқты құстар жатады. Олардың саусақтары төртеу, оның үш саусағы денесінің алдына бағытталып, аралары тері жарғақтармен қосылған, Әдетте олардың тұмсығы жалпақ, үстіңгі жарынан төмен қарай қысыңқы келеді.



Аққулар тұқымдас тармағы (Суgпіпае). Бұл тұқымдас тар-мағына қаз тәрізділер отрядынын, ішіндегі ірі құстар жатады. Олардың мойындары 20—25 омыртқадан тұрады. Түсінде жы-ныстық диморфизмі жоқ. Бізде аққулардың үш түрі кездеседі, оның ішінде көбірек кездесетіндері: 1. Үншіл ақщулар (Суgпиз суgnus). Олардың тұмсығының үсті бүтіндей қара, тек қана ас-тыңғы бөлімі сарғылттау келеді. Мойынын әр уақытта тік ұстайды. Шиқылдауық аққу (Суgпиз оlог) түмсығы қызғылт, оның түп жағында қатты дөңесі бар; мойнын “5” тәрізді қалыпта ұстайды.

Қаздар тұқымдас тармағы (Апsегіпае). Бүл тұқымдас тармағына нағыз қаздар жатады. Олардьң мойыны денесімен салыстырғанда қысқарақ келеді, ал мойын омыртқаларының саны 21-ден артпайды. Жыныстық айырымы болмай-ды.

Қаздардың кәсіптік маңызы өте үлкен. Бұларды бізде Кас-пий теңізінің жағалауынан (қыста көбірек) аулайды. Еті дәмді, мамығы сапалы болады.

Ө з е н ү й р е к т е р і т ұ қ ы м д а с т а р м а ғ ы н а (Апаtі-пае) 80-ге жақын түрлер топтасады. Көпшілік түрінің жыныстық айырмасы бар. Еркегінің қанатының сыртында металдың жарқырауық түсіндей жалт-жұлт еткен түсі, артқы саусағының жіңішке тері жалпыншағы болады. Тұмсығы жіңішке және үсті көтеріңкі келеді.

С ү ңг у і р ү й р е к т е р т ұ қ ы м д а с т а р м а ғ ы (ҒиІіguligae).

Сүңгуірлер дене мөлшері әр түрлі болатын тұмсығы жалпақ, тұмсығының ұшында жіңішке қатты тырнақшасы бар құстар. Артқы саусағының тері қатпары басқа үйректерден гөрі жалпағырақ. Бұлардың түсі кәдімгі үйректерге қарағанда солғындау келеді. Бұл тұқымдас тармағына түрлі сүңгуір үйректер: қызылбасты сүңгуір (Nугоса fегіпа), айдарлы чернеть (Nугоса fulіgиlа, гоголь (Висерһаlа сіапgиlа), түрпан (Оіdеmіа fизса), гаганың (Sоmаtегіа) бірнеше түрлері жатады.

Крохалдер (Мегgіпае) тұқымдас тармағы жіңішке қармақ тәрізді тұмсығының болуымен сипатталады. Олардың тұмсығының жиегінде мүйізді тісшелері болады. Крохалдер балықтармен қоректенеді.



6. Отряд. КҮНДІЗГІ ЖЫРТҚЫШТАР (ҒАLСОNNІҒОRMЕS)

Бұлардың үлкендіктері мен жалпы тұлғасы әр түрлі болып, тұмсықтарының ұшы төмен қарай қармақ тәрізді иілген, оның түп жағында сарғылттау түсті сағызсымақ деп аталатын жала-ңаш терілі бөлімі болатын кұстар. Тырнақтары түрліше иілген. Қауырсындары тығыз.

А м е р и к а қ ұ м а й л а р ы о т р я д т а р м а ғ ы (Саtһаг-tае) Бұлар Оңтүстік Америкаға және Солтүстік Американың оң-түстігіне тараған, өз алдына ерекшеліктері бар азғана жырт-қыш құстар болып табылады. Олар жер бетінде жақсы жүгіреді, қорегін көбінесе иіс мүшелерінін, жәрдемімен іздеп табады. Төменгі көмекейінің дыбыс бұлшық еттері болмайды, сондықтан да бұл құстар мылқау үнсіз, кеңсірік перделері болмайтын құстар.

Қ а л ы п т ы ж ы р т қ ы ш қ ұ с т а р о т р я д т а р м а ғ ы (Ғаlсопеs). Осы отряд тармағына жататын жыртқыш құстардың барлығын қосып келгенде екі тұқымдасқа бөлінеді: сұнқарлар және қырғи тәрізділер.

С ұ ң қ а р л а р т ұ қ ы м д а с ы н а (Ғаlсопіdае) — орташа және ұсақ құстар жатады. Астыңғы жағының езуіне жақын жерінде өткір қайшы сияқты тісшелері болады. Бұлардың қанаттары ұзын және ұшты келеді.

Ұ с а қ с ұ ң қ а р л а р д ы ң т ү р л е р і: күйкентай (Ғаісо vеsреrіпеs), тұрымтай (Ғаlсо соІumЬагіиs), бөктергі (Ғаісо tіnсиlиs). Бұлар негізінен ашық жерлерді мекен етеді. Ұяларын ағаштың басына, тастардың арасына, жартастарға, жыраларға салады. Ұшу шапшаңдықтары жоғарыда көрсет-ілген түрлерден бәсең. Жемдерін ұшып жүріп те, жерден де ұстап жейді. Тышқан сияқты кемірушілермен, насекомдармен, кейде құстармен де қоректенеді. Ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына пайдалы құстар.

Қ ы рғ и т ә р і з д і л е р тұқымдасы (Апgиіlіdае). Бұлардың тұмсығының езуінде қайшы сияқты өткір тісшесі болмайтын қанаттары қыскарақ және моқалдау келетін жыртқыштар. Біздегі бүркіттер тұқымдасы мына топтарға жіктеледі: оларға қырғи (Ассіріtег gепitаІіs), қаршыға (Ассіріtег піsиs) жатады.

Қ ұ л а д ы н д а р (Сігсиs суапеиs). Бұлардың құйрықтары және аяқтары ұзын болады. Құладындар үш топқа бөлінеді: беткей құладыны (Сігсиs суапеиs), дала құладыны (С. тасгои-гиs) және саз құладыны (С. аегиgіпоsиs).



Кезқұйрықтардың (Міlvиs kогsсһип, М.mіlvиs) құйрығы екі айыр болады. Әдетге өзен, көлдердің маңайында мекен етеді. Бұлар қалықтап ұшады. Жалпы алғанда кезқұйрықтар пайда-лы қүстар болып есептеледі. Олар кемірушілермен, саршұнақтармен, құстармен, балықтармен және насекомдармен қоректенеді.

Қыран — қарадан басқасы ағаштарға, немесе жарлардың қуысына ұяларын салады. Қыран-қара ұясын жерге, немесе бұталарға салады. Ұяларында 1—3 жұмыртқа болады.

Ж а м а н с а р ы н е м е с е а қ с а р ы (Виtео), Олар бүркіттерге жақын, бірақ кішірек және қауырсыны саусақтарына дейін қаптап тұрмайды. Бізде кэдімгі жамансары (Вutео Ьutео) кездеседі. Олар ұяларын ағаштарға салады. Басқа түрлері жер үстіне, әдетте өзендердің жағалауларына, тастың қуыстарына салады. Ұясында 2—4 жұмыртқа болады.

Қ ұ м а й л а р д ы ң барлығы — ірі құстар. Басында және мойнында қауырсындары болмайтындығы арқылы айыруға болады. Тырнақтары моқал, тұмсығы төмен қарай иілген. Биологиялық ерекшелігі, олар бірыңғай өлекселермен қоректенеді. Негізгі түрлері: сип (Gурs fulvиs), қозықұмай (Gираёtиs ЬагЬаtиs) және қара құмайлар (Аеgуріиsтопасһиs) болып есептеледі.



7. Отряд. ТАУЫҚ ТӘРІЗДІЛЕР (GАLLIРОRМЕS)

Тауық тәрізділер барлық жерлерге тараған. Олардың дене-лері тығыз, қанаттары қысқарақ, ұштары дөңгеленіп біткен.

Ш ө п ш е к т а у ы қ т а р т ұ қ ы м д а с ы (Меgіипіdае). Тынық мұхиттың аралдарында, Австралияда тіршілік етеді. Бұлардың жұмыртқасы ірі болады, оны шіріген шөптесіндердің арасына қазып салады. Жұмыртқаларынан күннің жылуымен, шіріген көннің қызуының әсерінен балапан шығады.

Қ ы р ғ а у ы л д а р т ұ қ ы м д а с ы (Рһаsіапіdае). Бұлар оңтүстік және қоңыржай ендіктерге көбірек тараған. Аяқтарының саусақтары қауырсынсыз, еркектерінің аяғында үлкен тепкілері болады.

Б ө д е н е (Соtигпіх соtигпіх) тауық тәрізділер отрядының ішіндегі — ең кішісі, салмағы 100—120 г болады. Бұлар — жыл құсы.

Ш і л (Реrdіх регdіх). Бұлардың салмағы 400—500 г болатын кішірек құс, түсі қоңыр-сұр, еркегі де, ұрғашысы да бір түсті болады.



Кекілік (Аlесtогіs gгаеса) шілдерден көрі ірірек, салмағы 450—700 г болады. Бізде Қавказдың, Орта Азияның, Алтайдың таулы аймақтарында бір түрі кездеседі. Жақында бұлар Қырымда жерсіндірілген.

Б ұ лд ы р ы қ т ұ қ ы м д а с ы (Теtгаопіdае). Бұлар солтүстік және қоңыржай аймақтарда кездеседі. Қары көп және суық жерлерде мекендеулеріне байланысты, олар көпшілігінде ағаштарда тіршілік етеді. Қысты күні қатып тұрған бұтақтардан мықтап ұстайтын саусақтарында мүйізді қатты тісшелері болады. Балақтары азды-көпті қауырсынды. Тепкілері жоқ. Танауы қауырсындармен жабылған.



Бұлдырық (Lигигиs tеtгіх) үй тауығының үлкендігіндей бо-лады. Еркегі қара түсті, ұрғашысы қоңыр-қызғылт болады. Бізде бұлар ағашты және ағашты далалы жерлерде мекендейді. Бұлдырықтар — бұталы, маңайында ашық жерлері бар тоғайларда көбірек кездеседі. Бұлдырық қыста жерге қонақтап, күндіз ағаштың арасында болады. Жазда жерде тіршілік етеді.

Шұбар құр (Теігаstеs Ьопаsіа) — құр тұқымдастарының ең ұсағы, салмағы 400 е болады.

Шұбар құрлар ұяларын бұталардың түбінде шұңқырлап са-лып, құрғақ шөптер, жапырақтар төсейді. Ұяларында 6 —14 жұмыртқалары болады, оны басу мерзімі үш аптаға созылады. Балапандары жұмыртқадан шыққаннан соң бірнеше.сағаттан кейін анасының артынан ілесіп кетеді. Еркектері ұя салу, балапандарын тәрбиелеуге қатыспайды.



8. Отряд. ТЫРНАЛАР (GRUIFОRКМЕS)

Тырналар — ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды. Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар күшті дыбыстар шығарады.



9. Отряд. СУТАРТАРЛЫҚТАР (RАLLIFОRМЕS)

Батпақты тоғайлы, кейде сулы жерлерді мекен ететін кіші және орта үлкендікте болатын құстар. Олардың тұмсықтары сүйір, өтпелі танау тесіктері болады. Қанаттары кысқа, моқал келеді. Бұл құстар нашар ұшады, өсімдігі қалың жерлерде жақсы қозғалады. Ұяларын жерге немесе жапырылған қалың шөптердің үстіне салады. 10. Отряд. ДУАДАҚТАР (ОТІDІРОRМЕS)

Пішіні тауықтарға ұқсас, ірі құстар. Бұлардың мойыны мен саусақтарының ұзындығы орташа. Үш саусақты, қысқа тұмсықты құстар. Жер шарыньщ шығыс бөлімінің далалы және шөлді жерлерін мекен етеді. Құрғақ ортада тіршілік ететін болғандықтан, құймышақ безі болмайды.

ll Отряд. БАЛШЫҚШЫЛАР (СНАRАDРІFОRМЕS)

Бұлардын, көпшілігінің аяғы және тұмсығы ұзын келеді. Қанаттары үшкір, құйрығы қысқа болады. Дене мөлшерлері орташа және кіші болатын құстар деуге болады. Бұлар әдетте су жағасында батпақты жерде, кейде далада кездеседі. Балшықшылар ұясын жерге салады.

Р ж а н к ы л а р т ұ қ ы м д а с ы (Сһагаdrііdае). Бұларға дене мөлшері орташа балшықшылар жатады. Олардың тұмсығы түзу, бірақ қысқа ұшы катты мүйізді болады. Аяғы ұзындау келеді, артқы саусағы кішкене немесе тіпті болмайды. Кейбір түрлері тундраны және солүстік ағашты аудандарды мекен етеді.

Т а у қ ұ д р е т т е р т ұ қ ы м д а с ы (SсоІорасіdае). Бұл балшықшылардың ұзын және көпшілігінде жұмсақ терілі тұмсығы болады. Аяқтары әдетте ұзын және төрт саусақты келеді. Отрядтың көпшілік түрі осы туысқа жатады. Төменде бұлардың кейбіреулеріне тоқталамыз.

Кәсіптік маңызы бар ірі, к р о н ш н е п деген балшықшылардың тұмсығы орақ тәрізді иілген аяғында ұзын төрт саусағы болады. Біздің жерімізде бұлардың 4 түрі ұялайды. Далалы жер-лерге өзен жағалауларына, батпақты жерлерге ұялайтын үлкен ! кроншнеп (Nиmепius агqиаtа) жui кездеседі. Олар Закавказьеде, Индияда және Африкада

қыстайды.



Веретенник (Limоsа fіmоsа) деген түрінің тұмсығы ұзын, тү-зу, ұшы қатты мүйізденген, аздап жалпақтау болады. Бұлар ірі балшықшы деп есептеледі.

Турухтан (Рһіlотасһиs риgпах) деген балшықшының еркегі-нің мойнында, жазғытұрым “күй салтанаты” кезінде ашық түсті “жаға” пайда болады.

Песочниктер (Егоlіа) деген балшықшы кішірек келген, тұм-сығының ұзындығы орташа, көбінесе тузу, аяқтары аса ұзын болмайтын, төрт саусақты, саусағының арасында тері жарғағы болмайтын құстар.

Жылқышы (Sсоlорах rиstісоlа) біздегі балшықшылардың ең ірісі, салмағы 300—400 г

12. Отряд. ШАҒАЛАЛАР (LАRІFОRMЕS)

Шағалалардың денесі тұрықты, қанаты ұзын сүйір келеді. Тұмсығының ұшы ептеп төмен қарай иілген немесе түзу болады. Суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды. Олардың, аяғы қысқа көбінесе төрт саусақты болады. Алдыңғы үш саусағының арасы тері жарғақпен жалғасқан.

П о м о р н и к т е р т ұ қ ы м д а с ы (Stегсогагііdае) шағалалар отрядының ішіндегі орташа үлкендіктегі құс. Түсі жалпы қара-қоңыр немесе қара түсті болады. Тұмсығының үстіңгі бөлімі төмен қарай иілген. Тырнақтары күшті иілген ілмек сияқты келеді. Құйрық қауырсынының екі шеткісі қысқарақ, керісінше ортаңғы бір пары ұзынырақ болады.

Ш а ғ а л а л а р т ұ қ ы м д а с ы (Lагіdае). Шағалалар тұқымдасына осы отрядтың орта және ірі құстары жатады. Олардың түсі ақшыл, жалпы ақ сүр, ал балапандары қара қоңыр түсті болып келеді. Тырнақтары оншама иілмеген, тұмсығы күшті, бірақ поморниктерден өзгешелігі, тұмсығының ұшында ілмегі жоқ, тек қана ұшы төмен қарай иілген. Ұясын әр түрлі жағдайда түрліше орналастырады: солтүстікте көбінесе теңіз жағалауларының тастарының арасына, орталық орманды ендікте — батпақтарға немесе айналасы қалың шөпті өзен жағалауларына, ал оңтүстікте — өзен, көл және теңіздердің құмды жағалауларына салады



Құзғындар тұқымдасы (Stегпіdае). Бұлардың тұмсығы әлсіз, ілмегі болмайды. Құйрығы терең екі айыр, қанаттары ұзын, әрі жіңішке болады. Денелері жеңіл, ауада ұшып жүргенде қарлығаштарға ұқсайды.

12. Отряд. ЧИСТИКТЕР (АLСІҒОRМЕS)

Чистиктер — жақсы жүзіп және сүңги алатын, солтүстік те-ңіздердің, мұхит құстары. Үлкендігі үйректей, одан кішірек те түрлері кездеседі. Бұлардың денесі үзынша, мойны қысқарақ әрі айқындалмаған. Саусақтары үнемі үшеу.



Балта тұмсықтылар (Ғгаtегсиlа). Бұлардың түмсығының үсті көтеріңкі және екі жақ бүйірінен қысыңқы келеді.

Чистиктер (Серрһиs) — үлкендігі кіші-гірім үйректердей болады, тұмсығы үзынша, бірақ екі бүйірінен қысыңқы болмайды.

Қайрлар (Uгіа). Бұл отрядтың ішіндегі үлкендері ірі үй-ректердей, тұмсығы ұзынша, үшкір болады. Денесінің үсті және басы қара-қоңыр, құрсақ жағы ақшыл түсті келеді.

13. Отряд. ҚӨГЕРШІНДЕР (СОLUMВІFORМЕS)

Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар.

Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері — ағашты, тау-лы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шөптесін заттардан салады.

14. Отряд. КӨКЕКТЕР (СUСULІFОРМЕS)

Бұл отрядқа көкектердің 200-ге жуық түрі жатады. Көкектердің жұмыртқасының түсі түрліше, әдетте, жұмыртқасының түсі үядағы басқа қүстың жұмыртқасына түстес болып келетіні анықталған. Көкек жұмыртқасын басқа құстың ұясына, ата-анасының жоқ кезінде, не жерге салып,оны тұмсығымен басқа қүстың ұясына апарады. Жұмыртқадан шыққан көкектің балапандары ептеп иесінің балапанының астына кіріп, оны я жұмыртқаны ұядан итеріп шығарып тастайды. Көкектер басқа құстар жей алмайтын зиянкес түкті жұлдыз құрттарды жеп пайдасын тигізеді.



15. Отряд. ТОТЫЛАР (РSІТТАСІFОRМЕS)

Тотылар екі жарты шардың субтропик және тропик ендігінің ормандарында тіршілік ететін құс. Тұмсықтарының құрылысы өзгеше. Жоғарғы жағы ми сауытымен қозғалмалы түрде байланысқан. Ал төменгі жақ сүйегі тек жоғары-төмен қозғалып қана қоймай, екі жағына қарай да қозғала алады.



Айқын түсті ара (Ага) деген түрі оңтүстік Америкада, айдар-лы какаду (Сасаtuіпае), Австралияда, Африкада — сұр жако (Рsittacus), Жаңа Зеландияда — жапалак, тоты (Stгіngорs) мекендейді.

16. Отряд. ЕШКІЕМЕРЛЕР (САРRNULGIfОRMES)

Ешкіемерлер сырт жағынан сұр қарлығаштарға ұқсайды, үлкендіктері орташа, насеком қоректі, түн қүстары. Аузының көлемі өте үлкен және аузының жиегінде орналасқан қатты қылтандары бар. Тұмсығы керісінше кішірек келеді. Қанаты ұзын және үшкір болады. Қауырсындары сирек, жапалақтардікі сияқты жұмсақ, түсі тіршілік еткен ортасына сай сүр-қоңыр болады. Қонақтап немесе жерде отырған ешкіемерді байқау қиын, өйт-кені түсі ағаштың немесе жердің түсіне ұқсас болады.



17. Отряд. ҰЗЫН ҚАНАТТЫЛАР (АРОDІҒОRMЕS)

Бұл отрядқа сұр қарлығаштар және колибрилер жатады. Олардың қанаттары ұзын және сүйір болады, сондықтан тез бұрыла, ұша алады. Қаңқасы мен ішкі органдарының құрылысында өзіндік өзгешеліктері болады.



Колибрилер — ұсақ және өте ұсақ, ерекше құстардың тобы. Ірі колибрилер қарлығаштай, ал ұсағы түкті араның үлкендігіндей болады.

18. Отряд. ТОҚЫЛДАҚ ТӘРІЗДІЛЕР (РІСІҒОMЕS)

Тоқылдақ тәрізділердің. көлемі ұсақ және орташа болады, өздері ағашта тіршілік етуге ерекше бейімделген құстар.

Т у к а н д а р н е м е с е б ұ р ы ш ж е у ш і л е р (Rһаmр-һаstedае) — Оңтүстік және орталық Американың тропикалык ормандарын мекендейді..

Тоқылдақтар (Рісedае) — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Бағыттаушы қауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді.

19. Отряд. ЖАПАЛАҚТАР (PASSERFОRМЕS)

Жапалақтар сыртқы белгілеріне қарағанда, күндізгі жырт-қыш кұстарға ұқсас болғанымен, систематикалық жөнінен олардан анағүрлым алыстау тұрады. Олардың арасындағы кейбір ұқсастықтар тіршілік жардайларының үқсас болуының нәтижесінен келіп шыққан.



Ақ жапалақ (Nусtеа sсаndіаса) ірілігімен және ақ түсімен ажыратылады. Тундрада ұялайды. Қыста оңтүстікке ұшып келеді. Ақ жапалақ күндіз қорегін жақсы аулай алады.

Үкі (ВиЬо ЬиЬо) жапалақтардың ішіндегі ең ірісі. Ол бізде тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Ұяларын жерге, жартастарға, кейде ағаштарға салады. Құлақты. жапалақ (Аsіо оtus) аса ірі болмайтын, жақсы да-мыған “құлағы” бар құс. СССР-дің оңтүстігінде және қоңыржай өңірде кеңінен тараған. Бұлар көбінесе аралда және орманның ашық жерлерінде болады. Ұяларын ағаштардың қуысына, басқа қүстардың ескі ұяларына немесе жерге салады. Ұясында 3— 7 жұмыртқа болады. Қорегін түнде аулайды. Негізгі қорегі тышқан тәрізді кемірушілер, кұстар, кейде насекомдар болып есептеледі.

Байғыз (Аthеnе, GІаисidium)—ұсақ жапалақтар. Басы үлкен, “құлағы” болмайды.

Сұр неясыть (Sігіх аlисо) — кәдімгі біздің жапалақтардың бірі.Үлкендігі қарғадай, құлақ айналасындағы қауырсындары болмайды. Олар Европаның, Сибирьдід, Кавказдың және 20. Отряд. ТОРҒАЙ ТӘРІЗДІЛЕР (РАSSЕRІРОRМЕS)

Торғай тәрізділерге қазір тіршілік ететін құстардың жарты-сынан көбі жатады. Оныд 5000-ға тарта түрі белгілі. Сыртқы пішіні мен дене мөлшері алуан түрлі болады. Ең ұсағы королек, оныңсалмағы5—6 г болады, ал ірісі қарға салмағы 1100—1500 г болады.

1. Үншіл торғай тәрізділердің (Сіатоtогеs) дыбыс еттері симметриясыз орналасқан қарапайым құстар. Тропиктік ұсақ орман құстары. 1000-ға тарта түрі белгілі, 11 тұқымдасқа топ-тасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет