Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «органикалық химия іі» мамандық үшін 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет10/25
Дата09.12.2023
өлшемі2.41 Mb.
#486029
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
П?нні? О?У-?дістемелік кешені «органикалы? химия іі» маманды? ?ш

Химиялық қасиеттері. Диазоний тұздары реакцияға қабілетті органикалық қосылыстар болып табылады. Олар мұнай – химиялық синтездің аралық өнімдері болып есептеленеді.
Диазоқосылыстарға тән реакцияларды екі түрге бөліп қарастырады:
диазоқосылыстардың азотты бөле жүретін химиялық реакциялары;
диазоқосылыстардың азотты бөлмей жүретін химиялық реакциялары.
І. Азотты бөле жүретін химиялық реакциялары
1. Диазоний тұздарының қышқыл ерітінділерін қайнатқанда азот бөлініп шығады және фенолдар алынады.

2. Диазоний тұздарымен йодты калийды қыздырғанда амин тобы йодқа алмасады:

3. Диазотоптың басқа атомдарға немесе топтарға алмасуы катализатор ретінде тиісті мыс тұздарын қолдануды қажет етеді:


4. Әйгілі орыс ғалымы Несмьянов, диазоний тұздарына металл ұнтақтарымен әрекет ету арқылы көптеген металдардың, металорганикалық қосылыстарын алу әдісін жүзеге асырды, мысалы:


5. Формальдегидтің әсері:

6. Диазоний қосылыстарын тотықсыздандару кейде алифаттық спирттер көмігімен де жүзеге асырылады

ІІ. Азотты бөлмей жүретін химиялық реакциялары
1. Диазоқосылыстарды тотықсыздандыру.
2. Диазоқосылыстарды тотықтыру.
Диазотоптарды сутегінің асқын тотығымен тотықтырғанда нитроаминдер және нитрозогидроксиламиндер алынады.
3. Азобірігу реакциясы.
Бұл реакция сілтілік ерітіндіде фенолдарды және әлсіз қышқылдық ерітіндіде ароматты аминдерді диазоний тұздарымен әрекеттестіру арқылы жүреді:


Азоқосылыстар. Азоқосылыстар түрлі бояғыш заттар, себебі құрамында хромофорлы тобы бар, ол спектрдің көрінетін аймағында сәуле сіңіруге пайдалы әсерін тигізеді. Окси – және аминоазоқосылыстар да бояғыштар болып саналады.
Қазіргі техникада құрамы мен түрі бойынша алуан түрлі азобояғыштар қолданылады. Лабораториялық жұмыстарда индикатор ретінде азобояғыш метилоранж пайдаланады. Оның құрылымдық формуласы:

Оның түсі, яғни боялған түрлерінің бір – біріне айналуы ортаның сутектік көрсеткішіне байланысты мынадай тепе – теңдікпен анықталады.

сары форма қызыл форма
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: диазо- азоқосылыстардың құрылысы, алу жолдары, химиялық қасиеттері
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Азоқосылыстардың маңызы?

  2. Диазоқосылыстардың химиялық қасиеттері қандай?

  3. Метилоранждың құрылымдық формуласы?

Ұсынылған әдебиеттер:
1. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. – М.: Дрофа, 2008. –Кн.1, С. 541-558
2. В.Ф. Травень. Органическая химия. – М.: Академкнига, 2008. Т.1., С.408-427


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет