Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «органикалық химия іі» мамандық үшін 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Зертханалық сабақ № 4 – Орын басу реакцияларының механизмі



бет19/25
Дата09.12.2023
өлшемі2.41 Mb.
#486029
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
П?нні? О?У-?дістемелік кешені «органикалы? химия іі» маманды? ?ш

Зертханалық сабақ № 4 – Орын басу реакцияларының механизмі.
Сабақтың мақсаты: орын басу реакцияларының механизмін қарастыру
Сабақ жоспары:
1. Орын басу реакциялардың түрлері
2. Орынбасарлар түрі
3. І текті орынбасарлар
4. ІІ текті орынбасарлар
5. Есеп шығару
Бақылау сұрақтары:
1. І текті орынбасарларды келтіріңіз?
2. ІІ текті орынбасарларды келтіріңіз?
3. Келісілген бағытталу қандай жағдайда орындалады?


Зертханалық сабақ № 5 – Ароматты қосылыстарда галогеннің қозғалғыштығың салыстыру
Сабақтың мақсаты: Ароматты сульфоқосылыстарды алу
Құралдар: хлорбензол (немесе бромбензол); хлорлы бензил (немесе (1,2- дибромэтилбензол); күміс нитраты (қаныққан спиртті ерітінді).
Жұмыс барысы:
1,2-дибромэтилбензол ерітіндісінің кішкене көлемін этил спиртінде ерітеді.
Әрбір сұйықтықтың бірнеше тамшысымен галогенді бөліп алу реакциясын алдымен сілті әсерімен, кейін күміс нитратының спиртті ерітіндісімен жүргізеді. Молекуладағы орнына байланысты галогеннің қозғалысының айырмашылығы, екі істелеген тәжірибеде де өте өткір білінеді.
Түзілген хлорид пен бромидтарды иондалатын галогенге тексеру қажет (сумен жуу арқылы). Хлорлы бензилдің қалдықтарын сілтінің әсерімен ыдыратады.
Реакция теңдеулерін жазыңыздар
Бақылау сұрақтары:
1. Ароматты қосылыстардағы галогеннің әртүрлі қозғалғыштығын немен түсіндіріледі?
2. Фридель – Крафтс реакцияларында қандай катализатор қолданады?
3. Галоген туындыларды алу реакциялар немен ерекшеленеді?


Зертханалық сабақ № 6 – Ароматты көмірсутектерді сульфирлеу
Сабақтың мақсаты: Ароматты сульфоқосылыстарды алу
Жұмыс барысы:
Пробиркаларға 0,5-1 мл-ден (нафталин үшін 0,5-1 г) көмірсутектің әрбіреуін (бензол, толуол, ксилол, нафталин) енгізеді және 4 мл-ден концентрлі күкірт қышқылын қосады да, пробиркаларды жиі әрі қатты сілки отырып су моншасында 80°С дейін қыздырады. Нафталин алдымен бірен-сарандап сұйықтық деңгейінен жоғары пробирка қабырғасында қатады, сондықтан оны, сол жерлерді қыздыра отырып, қайта балқыту керек. Құрамында бензол бар пробирканы, бензол ұшып кетпес үшін, абайлап қыздырады.
Көмірсутектер оттегімен сілкігенде эмульсия түзеді және біртіндеп ериді. Зерттелетін көмірсутектердің қыздырудың және сілкудің бірдей тәртібінде толық еруіне қажет болғандағы уақыт айырмашылығын белгілейді.
Еру тоқтаған кезде барлық пробиркаларды суы бар стақанда суытады да, әрбір пробиркадағы сұйықтықты 10-15 мл суық суы бар колбаға немесе стақанға құяды. Бастапқы көмірсутек немесе реакция өнімі бөлінетінін байқайды.
Әрбір ароматты көмірсутек үшін сульфирлеу реакциясын келтірініздер
Бақылау сурақтары:
1. Тәжірибеде алынған қоспаның түсі қандай? Қандай қосылыстар түзіледі?
2. Қандай ароматты қосылыстар жеңіл сульфирленеді? Неліктен?
3. Ароматты қосылыстарды сульфирлеу жағдайы?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет