ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені “Орман аңдары мен құстарының биологиясы”



бет6/7
Дата03.07.2016
өлшемі1.01 Mb.
#174248
1   2   3   4   5   6   7

2 тапсырма. Тақырып бойынша құстардың мекендеу ортасындағы негізгі, ең ірі категорияларын теориялық бағытта талқылап, кестені дәптерге жазып алып, орманда неге ең көп құстар түрлері мекендейтінін түсіндіріңіз.

Құстардың мекендеу ортасы

түрі

туысы

тұқымдасы

Су ортасы (теңіз, көл, өзен)

425

111

17

Жағалау (су маңындағы құстар)

499

198

24

Ормансыз құрлық (жер үсті)

420

129

23

Орман

5640

1460

83

Орман және ашық кеңістік

1812

438

24

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Құстар қанша жыл тіршілік етеді?

  2. Жерде қанша құстар бар?

  3. Жерде құстардың қанша түрлері бар? Олардың әртүрлілігі дегеніміз не?


3 тақырып: Тауық тәрізділерді жүйелеу және түрлерін анықтау.

Мақсаты: Тауық тәрізділерді практикада ажырата алу, орманды мекендейтін басты құстар түрлерін айырып тану, олардың мекендеу ортасын бағалаудың практикалық дағдысын дамытып, меңгеру.

1 тапсырма. Тауық тәрізділердің түлеу ерекшеліктерін, олардың құс, аң аулау шаруашылықтарындағы рөліне теориялық зерделеу жүргізу.

2 тапсырма. Тауық тәрізділердің ұқсастығын, ерекшелік белгілерін; құрлар мен қырғауылдар тұқымдастарының биологиялық, қоректену ерекшеліктерін, қысқы экологиясындағы айырмашылықтарын, құрлардың қысқы мерзімге бейімделуін білу.

3 тапсырма. Тауық тәрізділер отрядының қазақша, орысша атауларын есте сақтап, Қазақстандағы негізгі аңшылық түрлерін, ауланатын тауық тәрізділер типтерін, оның ішінде құсойнақ кезіндегі аңшылықты және басқаларды атау керек.

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Құстардың жалпы қабылданған жүйелеу категориясын атаңыз.

  2. Құстардың қазіргі отрядтарына не жатады? Олардың қазақша, орысша атауларын атап, көлемін, құрылымын, негізгі тұқымдастарын және морфологиялық, биологиялық сипаттамаларын, ерекшеліктерін түсіндір.


4 тақырып: Қаз тәрізділерді жүйелеу және түрлерін анықтау.

Мақсаты: Құстар класының жалпы сипаттамасын, олардың ұқсастық, ерекшелік белгілерін, мекендеу ортасына бейімделуіне орай негізгі экологиялық топтарға бөлінуін, қоректенуін, жылдық тіршілік циклдерінің кезеңдік құбылыстарын, экологиясын және мінез-құлқын білу.

1 тапсырма. Қаз тәрізділердің кәсіптегі рөліне, етінің сапасына, Қазақстандағы өндіру көлеміне және негізгі ауланатын түрлерінің атауына теориялық зерделеу жүргізу.

2 тапсырма. Қаз тәрізділер отрядының қазақша, орысша атауларын есте сақтап, олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қаздарды аулау тәсілдерін баяндаңыз.

3 тапсырма. Үйректер тұқымдас тармақтарын, оның ұшып келетін, жер, ұшып өтетін, өзен, сүңгуір түрлерін, теңіз және бейнеарық үйректердің ерекшеліктерін сипаттаңыз.

4 тапсырма. Биологиялық ерекшеліктеріне байланысты үйректерді аулау тәсілдерін баяндаңыз.

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

1. Қаз тәрізділердің қазіргі отрядтарын, олардың қазақша, орысша атауларын, негізгі тұқымдастарын, сипаттамаларын, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін атаңыз.

2. Орман құстары орманда барлық қабаттарды пайдаланып орналасады, оны экологиялық тауша деп атайды. Ондағы қаз тәрізділер отрядтарының орнын анықтаңыз.

3. Жерден қорек іздеу үшін қаз тәрізділерде қандай арнайы құрылғы пайда болды?


5 тақырып: Жыртқыш құстар мен жапалақтарды жүйелеу және түрлерін анықтау.

Мақсаты: Күндізгі жыртқыш құстар мен жапалақтардың жүйелеу, морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін, олардың сыртқы, ішкі құрылысын, тіршілік етуін, таралуын және санының өзгеру себептерін білу.

1 тапсырма. Жыртқыш құстарды зерделеп, олардың қоректенуіне орай бөлінетін түрлеріне – балықпен (балықшы тұйғын-скопа, субүркіт-орланы), жәндікпен (ара-осоед, кобчик, дала күлкентайы-степная пустельга), құспен (қырғи-ястребы, сұңқар-соколы), тышқанмен (жамансары-канюки, кейбір құладын-луни) қоректенетіндер түрлерін сипаттау қажет.

2 тапсырма. Құстардың түңгі және жыртқыштық тіршілік етуіне бейімделуін теория бойынша зерделеп, олардың көзін, құлақ саңлауын, мойнын, басын, ұшуын, табанын саусақтарымен сипаттау керек.

3 тапсырма. Белгілі орман қорындағы күндізгі жыртқыш құстар мен жапалақтарды қорғауға, өсіруге, санын реттеуге арналған биотехниялық шаралар жобасын әзірлеп, олардың экономикалық тиімділігін бағалауды жүргізу шарт.

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Тіршілік қауымдастықтағы жапалақ тәрізділер отрядының рөлі қандай екенін атаңыз.

  2. Жапалақтар пайдалы ма? Олар онымен бірге аң аулау шаруашылығына зиянын тигізбей ме?

  3. Жапалақтардың қандай түрлері ұшып келетінін және ландшафтағы таралымын атаңыз.


6 тақырып: Аңдардың ішкі, сыртқы құрылысын сипаттау, суретін салу.

Мақсаты: Табиғатта қандай да болмасын жануаруар түрлерін анықтау дағдысын меңгеру және оны ауланатын жануарларды тиімді пайдаланудың биологиялық негізін әзірлеуде қолдану.

1 тапсырма. Басқа омыртқалы жануарлардан өзге аңдар ерекшелігін: денесі түктермен жабылған (наһантәрізділер, пілден басқа); кеуде қуысы құрсақ қуысынан ерекше көк етпен бөлінген; тек сол жақ қолқа доғасы бар; бас миы бірінші омыртқамен будандасқан екі желке бұдырымен (бедер) жабдықталған; әр төменгі жақ жартысы тек бір тіс сүйектерінен тұрады; сүтқоректілер балаларын тірідей туатынын (біртесіктілерден, жұмыртқасалу шылардан басқа) теория бойынша зерделеу қажет.

2 тапсырма. Дәптерге қоян қаңқасын салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-бас сүйегі; 2-мойын омыртқалары; 3-атлас; 4-эпистрофей; 5-кеуде омыртқалары; 6-бел омыртқалары; 7-құймұшақ омыртқалары; 8-құйрық омыртқалары; 9-бірінші қабырға; 10-төс тұтқасы; 11-жауырын; 12-жауырын қыры; 13-акромион; 14-төс; 15-төс шеміршегі; 16-қабырғалар; 17-тоқпақ жілік; 18-кәрі жілік; 19-шынтақ жілік; 20-алдыңғы тізе; 21-алдыңғы жіліншік; 22-бақайшық сүйектері; 23-мықын сүйек; 24-шонданай сүйек; 25-маңдай сүйегі; 26-сан; 27-тобық; 28-үлкен ортан жілік; 29-кіші ортан жілік; 30-өкше сүйек; 31-тілерсек сүйек; 32-тірсек сүйек; 33-бақайшық сүйектері.

Әдебиеттер: 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Сүтқоректілердің түк жабындысын сипаттаңыз.

  2. Сүтқоректілерде қандай тіс категориялары кездеседі? Басқа отрядтар өкілдерінде тіс жүйесі қалай дамыған?

  3. Сүтқоректілердің көбею, төлдерін сүтпен қоректендіру ерекшеліктері неде?

  4. Жұмыртқасалатын, қалталы, қағанақты сүтқоректілердің құрылысын, көбею ерекшеліктерін салыстырыңыз.

  5. Қағанақты сүтқоректілер негізгі отрядтарының құрылысын, тіршілік ету ерекшеліктерін сипаттап, оларға мысал келтіріңіз.


7 тақырып: Сүтқоректілерді отрядтарының жүйелеу белгілері бойынша анықтау.

Мақсаты: Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасын, аңдардың ұқсастық, ерекшелік белгілерін, мекендеу ортасына бейімделуіне орай негізгі экологиялық топтарға бөлінуін, қоректенуін, жылдық тіршілік циклдерінің кезеңдік құбылыстарын, экологиясын және мінез-құлқын білу.

1 тапсырма. 3-4 мың түрі бар сүтқоректілер класын зерделеу. Олардың ішіндегі қандай отрядтары Қазақстанның мақұлықатында барын анықтаңыз. Отырғызылған орманды, сүрек-бұталарды мекендейтін сүтқоректілер отрядтарының қайсысы жататынын анықтап, сипаттаңыз.

2 тапсырма. Жер шарын мекендейтін қағанақты сүтқоректілер отрядтарын атап, қалталылардың қағанақты жануарлардан ерекшеліктерін баяндаңыз.

3 тапсырма. Дәптерге мына кестені салып алып, ШҚО жабайы аңдардың сан динамикасын толтыру керек.

Түрлер

Жылдық сандары (дана)

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Тиін

15000

9550

4406

18350

36100

34701

Қасқыр

7300

4500

3800

3010

3010

2500

Кәмшәт

140

140

140

80

390

255

Ақкіс

3000

2400

2561

3000

2360

2781

Қояндар

24000

17000

15575

38900

34890

43496

Қарсақ

12000

7500

7430

4550

2910

5628

Сарыкүзен

2000

1300

1198

3200

3650

998

Түлкі

12000

8600

6400

14570

9580

14837

Су күзені

1400

1100

887

2855

5580

5580

Құну

60

60

50

60

133

154

Сілеусін

300

200

180

660

380

391

Сарғыш күзен

4000

3000

2829

9500

8110

7872

Бұлғын

3600

2728

1864

3750

4960

3371

Сасық күзен

6400

5000

4472

7900

4260

14737

Бұлан

1250

1080

933

1012

2531

1484

Марал

2300

1930

1416

2464

1716

2391

Доңыз

900

650

619

1364

300

1005

Құдыр

360

260

180

320

475

660

Елік

8200

7190

5366

8569

6060

10862

Сібір тау теке

820

450

80

1610

988

810

Аю

1200

1000

760

1320

1068

1124

Борсық

1000

1200

1300

1990

1760

3944

Құндыз

50

70

100

100

50

80

Суыр

106800

90000

96000

128200

90900

142190

Ондатр

36000

26000

27000

29500

19400

35270

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Сүтқоректілердің маңызы неде?

  2. Аң фермасында қандай аңдарды өсіреді?

  3. Кәсіптік сүтқоректілерді баяндаңыз.

  4. ШҚО жабайы аңдар санының динамикасын сипаттаңыз.

  5. Аңдардың қандай ұқсастықтары мен ерекшелік белгілерін білесіз?

  6. Сүтқоректілердің жылдық тіршілік циклі дегеніміз не?


8 тақырып: Жәндік қоректілердің жүйеленуін және түрлерін анықтау.

Мақсаты: Негізгі орман аңдарын сыртқы пішінінен және жүйелену белгілерінен ажыратуды; орман өсіруді жоспарлаудағы орман қорының белгілеген бөліміндегі жабайы аңдар түрлерінің құрамын, мекендеудегі санын бағалай білу.

1 тапсырма. Жәндік қоректілер отрядтарының құрылыс ерекшеліктерін теория бойынша зерделеу. Түсіндіріңіз, неге олардың бас миы сыңарында иірімдері болмайды; тістері көп, нашар жіктелген; негізінен жербетінде мекен еткенімен, олардың түрлері жартылай суға, жерастына, жер қазуға бейімделген; басты қорегі омыртқасыз жануарлар, аз мөлшерде ұсақ омырқалылармен және өсімдіктермен қоректенеді; өте кең таралған.

2 тапсырма. Жәндік қоректілердің негізгі түрлерін тікелей, жанама белгілерінен (оның 4 тұқымдасы бар) анықтау керек. Оларды сипаттаңыз.

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Жәндік қоректілер отрядтарының құрылыс ерекшеліктерін атаңыз.

  2. Орман және орманды дала аймағындағы кірпілер тұқымдасының ерекшелік белгілерін сипаттаңыз.

  3. Жәндік қоректілердің таралу аймағы, биологиялық ерекшеліктері және маңызы қандай?


9 тақырып: Жыртқыштар жүйеленуін және түрлерін анықтау.

Мақсаты: Жыртқыштар отрядтарының биологиялық негізін; олардың орман өсіруді жоспарлаудағы орман қорының белгілеген бөліміндегі түрлері құрамын, аңдарды қоса (қорқау қасқырдан басқа) теория бойынша зерделеу.

1 тапсырма. Не себепті барлық жыртқыштар жануар текті азықтармен қоректенуге біріккен және тіс жүйелерінің құрылысы да тән екенін айқындау қажет. Неге түрлі жыртқыш аңдарда 48-ден 28-ге дейін тістер болатынын анықтаңыз.

2 тапсырма. Жыртқыштар отрядтарында 240 түр, 7 тұқымдас болғанымен Қазақстанда олардың тек 5 тұқымдас өкілдері (ит, аю, сусар, мысық, қорқау қасқыр) мекендейтінін теория бойынша зерделеп, сипаттама беріңіз.

3 тапсырма. Не себепті жыртқыштар отрядтары орманды, далалы, таулы, шөлді аймақтарды бейімделгенін түсіндіріңіз.

4 тапсырма. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген тұрлерін атап, оларды қорғау жолдарын баяндаңыз.

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. Жыртқыш аңдардың тіс формуласы қандай?

  2. Жыртқыштардың азу тістерін сипаттаңыз.

  3. Жыртқыштар бас сүйегінің бұлшық еті, әсіресе шайнау еті неге күшті дамыған?

  4. Неге көптеген жыртқыштарда ең маңызды рөлді тырнағы орындайтынын түсіндіріңіз?

  5. Неге жыртқыш аңдардың көбі жылына бір рет қана күшіктейді және олардың саны аз болады, ал кейбір ірі аңдар 1-2 күшік әкеледі, оның өзі жыл сайын болмайды?


10 тақырып: Кемірушілердің жүйеленуін және түрлерін анықтау.

Мақсаты: Қазақстан аймағындағы орман қоры территориясында және орман ортасында мекендейтін немесе болатын омыртқалы жануарлардың биологиялық негізін теориялық білім ретінде меңгеру, кемірушілерді практикада ажырата білу және олардың мекендейтін орнында түгендеу жүргізу.

1 тапсырма. Кемірушілер өкілдерінің пайда болуын, эволюциясын, морфологиялық (тіс жүйесі ерекше, әсіресе күрек тістерінің құрылысы; қарны қарапайым, ішегі өте ұзын, бүйені күшті дамыған), физиологиялық ерекшеліктерін теория бойынша зерделеу.

2 тапсырма. Кемірушілер отрядтары 2800 жуық түрлерден тұрып, 40 тұқымдасқа біріккенін еске сақтаған жөн. ТМД елдері мен Қазақстан мақұлықатында олардың 15 тұқымдасының өкілдері мекендейді, оның 6 – кәсіптік аң терісінің зерзаты, ал қалғандары – бағалы жыртқыш аңдар мен құстардың қоректері болып саналатынын түсіндір.

3 тапсырма. Құндыздардың жартылай суда тіршілік етуге бейімделгенін және олардың дене құрылысындағы морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

  1. ТМД елдері мен Қазақстанда мекендейтін кемірушілер отрядтарының 15 тұқымдасын атаңыз.

  2. Не себепті тиіндер тұқымдасы орманда, далада, шөлді жерлерде, таулы аймақтарда мекендеуге бейімделгенін баяндаңыз.

  3. Қазақстанның Қызыл кітабына еңгізілген аламан тәрізділер тұқымдасы түрлерін атап, оларды қорғау жолдарын түсіндіріңіз.

  4. Қарақастар тұқымдасының айырмашылық белгілерін атаңыз.


11 тақырып: Қоян тәрізділердің жүйеленуін және түрлерін анықтау.

Мақсаты: Қоян тәрізділердің қандайда болмасын түрлерін практикада ажырата білу дағдысын меңгеру және оны ауланатын жануарларды тиімді пайдаланудың биологиялық негізін әзірлеуде қолдану.

1 тапсырма. Қоян тәрізділерге тән тіс жүйесіндегі ерекшелікті зерделеу. Онда неге 2 жұп күрек тістер жоғары жақта, бірінен соң бірі, әрі тікелей ірі алдыңғылардың артында 2 жұп ұсақ, қысқа тістері орналасқанын және төменгі жақта – барлығы 1 жұп күрек тістер барын түсіндір? Байқаңыз, қоян тәрізділердің тағы бір жақсы айырмашылық белгісіне, ондағы таңдай сүйегінің түрі. Ол кең емес, екі тістер арасында орналасқан жіңішке көлденең жатқан көпір тәрізді. Неге?

2 тапсырма. Қоян тәрізділердің 60 түрін білу ұшін Қазақстанда мекендейтін 2 тұқымдасы өкілдерінің (қоян, шақылдықтар) қазақша, орысша атауларын есте сақтап, олардың қарыны құрылысындағы ерекшеліктерді баяндаңыз.

3 тапсырма. Орманмен байланыстағы, ұсақ ақ тасты сирек мекендейтін, дала бұталарында, тоғай шеттерінде, тіпті еменді шоқ орманның шағын тоғайында тұратын Шақылдақтар тұқысдасын сипаттаңыз.

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:

1. Сіз білетін қоян тәрізділер тұқысдастарының қарын құрылысында болатын ерекшеліктерді атаңыз.

2. Қазақстанда қоян тәрізділер қалай таралған?

3. Қоян тәрізділер тұқымдастарына түрлі тұқымды үй қояндары жатама?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет