ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені “Орман аңдары мен құстарының биологиясы”



бет2/7
Дата03.07.2016
өлшемі1.01 Mb.
#174248
1   2   3   4   5   6   7

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Құстар класының жалпы сипаттамасын беріңіз.

  2. Құстардың пайда болуы және эволюциясы туралы не білесіз?

  3. Құстардың морфологиялық ерекшеліктері мен ұшуға бейімділігі неде?

  4. Құстың ағзалар жүйелері, сүйектері, бұлшық еттері құрылысындағы ерекшеліктері қандай?

  5. Қауырсындар, олардың жіктелуі, жұмыртқаның құрылысы қандай?

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)
1 Модуль Орнитология

3 дәріс тақырыбы – Құстардың физиологиялық және экологиялық ерекшеліктері.



Дәріс жоспары:

Құстардың физиологиялық, қозғалу (құрылықта жүруі, жүзуі, сүңгуі, ұшуы-қанат қағуы, қалқуы) және экологиясының негізгі ерекшеліктері, географиялық таралуы, саны.

Құстар организмінің қуат алу негіздері.

Су-тұз алмасуы.

Тыныс алу мен газ алмасуы.

Жылуды реттеу.

Бағдарлауды зерттеу тәсілдері,оның болжамдары (гипотеза).

Құстардың мекен ету ортасына, қоректенуіне бейімделуі.

Жыртқыш құстар мен жапалақ сыртқы пішінінің бейімделуі.

Жыртқыш, балық, жәндік, дән қоректілер және басқа құстар.



Дәрістің қысқаша жазбасы. Халық «Құстарды қауырсынына қарап таниды» демек, әрі оған қарап, оларды басқа омыртқалылардан ажыратады. Қауырсын екі түрлі қызмет атқарады: құс денесін суықтан, су өтпеуден қорғайды. Онымен бірге қанат үстін жазық етіп, құс денесінің салмағын кемітетін, ұшуға қажет сүйір форма береді. Сондықтан құс өз формасын, көлемін өзгертіп, мүйіз текті түзілістен тұратын қауырсынындағы ауа санын реттейді. Ол денесінің тұрақты қалыпты температурасын сақтауда аса маңызды, ал сүңгитін құстардың салмақ үлесін өзгертеді. Қауырсынды жұқа май қабатымен тұрақты майлау, оның формасын сақтап, су өтпеуінен қорғайды. Қаңқасының негізгі ерекшеліктері құс тіршілігіндегі ұшуымен, оның жеңілдігімен, зор беріктігімен анықталады. Қаңқаның жеңілдігі сүйектердің жұқалығына, олардың ауамен толуына байланысты. Ұзын сүйектердің көптеген бөлігі қуысты, ауамен толы болады. Ұшуға бейімділігі, сүйектердің бірігіп, кейбір сүйектер элементерінің қалдықтары есебінен, оның жалпы санының азаюына жеткізді. Құстар құйрығының формасы, оның атқаратын әуе рөлі, теңгергіш (балансир) қызметтеріне сай болады. Құстардың бұлшық еттері өте жұқа талшықтардан тұрады. Олар өте тығыз, жоғары зат алмасуға қабылетті келеді. Бұлшық еттің бұл ерекшелігі құстардың көбіне тән аса жылдам, күрт қозғалыс жасауына, әрі ұзақ ұшып барып, қайтуында ұзақ ширығуы жүретінін көрсетеді. Құстардың ұшуына орай, зор жұмыс атқаруға қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерінің құрылысын жетілдіру қажет. Құс жүрегі өте зор ауыртпашылық көтеруге қабылетті. Жүректің ұсақ құстардағы қағуы қалыпты күйдің өзінде минутына бірнеше жүз рет, ұшқанда ол екі есе артық соғады. Құстарда газ алмасуы жүрмейді, бірақ ауа қабы арқасында организмде әруақытта пайдаланбаған оттегі болады. Ауа қабы қатысуымен өкпедегі газ алмасу тек дем алғанда ғана емес, дем шығарғанда да (екінші тыныс алу деп аталады) жүреді. Өкпе мен ауа қабындағы ауаның ауысуы төстің тыныс алудағы қозғалысында, тыныштық күйдеде, ұшқандада өтеді. Ұшқанда дем алу жиілігі көптеген есе өседі: торғайда, мысалы, минутына 50-ден 200 есеге дейін жетеді. Құс әдетте оттегінің кемістігін сезбейді. Себебі, ол неғұрлы жылдам ұшса, оның өкпесіндегі газ алмасу қарқынды өтеді. Оның үстіне, тыныс алу процесінде ауа қабының жылуды реттеудегі маңызы зор. Ағзалар арасында ауа қабаттарын құрып, олар құс денесін артық жылу жоғалтудан, ұзақ ұшқан кезде қатты қызудан қорғайды. Суда жүретін құстар қауырсынындағы, ауа қабындағы ауа санын өзі реттеп, ерікті өз үлес салмағын өзгерте алады, ол әсіресе сүңгуде өте маңызды. Құстың дауыс аппараты қызметін жоғарғы көмекей емес, төменгісі атқарады. Төменгі көмекей мен кеңірдектегі ерекше бұлшық еттер жиырылғанда, жарғақ пен дауыс ернінде түрлі дәрежедегі керілу пайда болады, ауа өткенде олар дірілдеп, дауыс шығарады. Құстардың тістері болмайтындықтан, оның қызметін тұмсығы ғана емес, қарныда атқарады. Құстардың негізгі физиологиялық ерекшеліктері сол, оның зат алмасу қарқындылығы жоғары болады. Сондықтан бұл зат алмасуды оның үлкен қозғалмалылығымен, әсіресе ұшуына орай, қуатын жылдам жоғалтатындығы мен, оны жылдам қалпына келтіруін байланыстыру қажет. Құстардың дене қызуы өте жоғары, оның әр түрінде ол 38-ден 43,5 градус аралығында болады. Ұсақ құстардың дене қызуы орташа 40-42 градуске тең. Қуығы жоқ. Зәрі басында сұйық, клоакада қоюланады. Себебі, оған бөлінген су қайта сіңіріледі. Сондықтан құс организміндегі су өте үнемді, аз шығады. Құстардың географиялық таралуы жалпы заңдылықтарға бағынышты, ол мақұлықаттың даму тарихы, негізгі ландшафттың аумақтық таралуымен анықталады. Басқа географиялық аумақтар ішінде орман, әсіресе зор кеңістігімен ерекше орын алады. Орманда құстардың 400-ден артық түрлері мекендейді, ол біздің мақұлықаттың жалпы санының 60% артық. Құстардың саны да, өте көп. Орманның түрлі типтерінде ұя салған құстардың қоныс тебу тығыздығын әр ендіктегі жасанды қоныс тебумен салыстырса, ол кеңістік бірлігінде жұп санының оңтүстікке жақындаған сайын өсетінін көрнекі көрсетеді. Сондықтан сүтқоректілер мен құстар белгілі географиялық ауданның территориясындағы экологиялық жағдайларға, өсімдіктер сипатына қарай таралады. Сөйтіп, топтар немесе биоценоздар құрады. Жәндікқоректі құстар–орман санитарлары болып келеді. Орманның жыртқыш құстары, жапалақтар, тағы басқа көптеген врандылар танап, шабындық кеміргіштерін өте көп мөлшерде аулайды. Орманда ұя салатын көгершіндер, шұбар шымшықтар, сарыторғайлар, пайыз торғайлар және басқа дәнқоректі құстар арамшөп тұқымдарын жоюымен пайдалы. Онымен қатар, танапқа түсіп қалған мәдени өсімдіктердің дәндерін жинап, олар зиянды тышқан тәрізді кеміргіштердің азық қорын азайтады. Ұзақтар жүгері егісіне залалын тигізеді. Танап торғайлары бидай егістігіне, әсіресе тарыға ұшып келіп шабуыл жасап, 20%-ға дейін астық өнімін жояды. Тобымен ұшатын ементұмсықтылар мен қараторғайлар орманға жақын орналасқан шие бағына айтарлықтай залал тигізуге қабылетті. Құстар түрлі аурулардың вирустары мен бактерияларын тасымалдаушы болып, бүрге, кене және басқада сырт паразиттердің иесіне жатады, әрі түрлі ішкі паразиттердің негізгі немесе аралық иесі қызметін атқарады. Орман құстары қоректенуіне орай 4 топқа: жыртқыштар, жәндік, өсімдік, талғаусыз қоректілер деп бөлінеді. Жыртқыштардың өзін: құстармен (орнитофаг), тышқанмен (миофаг), өлексемен (некрофаг), балықпен (ихтиофаг) қоректенетіндер және басқалар деп бөледі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Құстардың физиологиялық, қозғалу және экологиясының негізгі ерекшеліктері, географиялық таралуы, саны қандай?

  2. Құстар қалай тыныс алады, онда газ алмасуы қалай жүреді?

  3. Мекен ету ортасына, қоректенуіне байланысты құстар қалай бейімделеді?

  4. Жыртқыш құстар мен жапалақтардың сыртқы пішіні қалай бейімделетінін түсіндіріңіз.

  5. Жыртқыш, балық, жәндік, дән қоректі құстарды сипаттаңыз.

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)
1 Модуль Орнитология

4 дәріс тақырыбы – Құстардың экологиялық топтары.



Дәріс жоспары:

Ағаш-бұта құстарының қанаттары, аяқтары және тұмсығы құрылысындағы ерекшеліктері.

Ағашта өрмелейтін, жерде ұя салатын, түнейтін, батпақ-шалғын, су маңында мекендейтін, сирақты батпақ, батпақ, су жағалауындағы балшықшы, ашық кеңістікте мекендейтін, жүгіретін, жылдам ұшатын, су, сүңгитін, әуе-су және құрлық-су құстары.

Ауа қапшығының, құйымшақ безінің маңызы.



Өлекселермен қоректентіндер, олардың өте биікте ұзақ қалқуға бейімділігі.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Эволюция процессінде құстар барлық географиялық аумақтарды, ландшафттарды қоныстанды. Қазақстанның көптеген өзендері қаз, аққу, үйрек, шағала және қызыл қаздардың тұрақты немесе маусымдық мекендейтін орындары болып келеді. Құстардың экологиялық топтары тіршілік етуінде, дарактардың сыртқы, ішкі құрылысында қатал айырмашылықтары байқалады. Сондықтан оларды экологиялық принципіне орай: суда жүретіндер (пингвиндер, гагаралар, қазтәрізділер және басқалар), батпақтылар (сирақтылар, көптеген балшықшылар, сутартарлар, қасқалдақтар және басқа), ашық кеңістікте мекендейтіндер (түйеқұстар, дуадақтар, шілдер және басқалар) және орман құстары деп бөледі. Мұндай бөлу, сөз жоқ шартты түрде ғана. Себебі, осы күнге дейін көптеген түрлерді, белгілі бір экологиялық топқа бөлу мүмкін болмай отыр. Мысалы, көптеген жыртқыш құстар орманда, тау баурайларында ұя салғанымен ашық кеңістіктерде қоректенеді. Онымен бірге экологиялық топтың өзі бірдей емес. Бір түрдің ішінде мекен орнына, қорекке, оны тауып, қоректенуіне бейімделген бірнеше түр бөліп алуға болады. Мысалы, суда жүретін құстарға тән жалпы белгілерді-өте тығыз қауырсындарын, құйымшақ безінің жақсы дамуын, артына ығысқан аяқтарын, жарғақтары бар саусақтарын атауға болады. Бірақ, олардың ішінде сүңгитін, жүзетін, су бетінде ұшатын түрлері де кездеседі. Аталған белгілерден басқа, түр өкілдері осындай жағдайларға бейімделіп те алады. Сүңгитін түрлердің (пингвин, гагара және басқалар) сүйектері өте әлсіз немесе тіпті ауаланбаған. Сондықтан олар су астында жүруі жеңіл болады. Себебі құс салмағы ауырлап, үлесі су үлесіне тең келеді. Су астында олардың жүруі әртүрлі іске асады. Кейбіреулері аяқтарының көмегімен (сұқсұр үйрек), басқалары-аяғымен, онымен қатар қанаттарымен жұмыс істеп (қырғыш, мұнтазақұс, сүңгіш үйрек), ал үшіншілері (пингвин)-қанаттары-жарғақ аяқтарымен қозғалады. Сүңгитін құстардың қанаты қысқа, сүйір, сондықтан олардың ұшуы өте зорлықпен, қанатын жиі қағуымен өтеді. Ұшу екпінді болғанымен, оның құбылмалығы нашар болады. Оны ұшу бағытын, жылдамдығын өзгерте алмайтын қырғыш, сұқсұр үйрек, басқалардан көруге болады. Кейбіреулері (пингвин, жуырда құрып біткен қанатсыз қырғыштар, басқалар) ұшу қабылетін мүлде жоғалтқан. Сүңги алмайтын (бірқазан, аққулар) суда жүретін құстар суда ұзақ жүруге бейімделген, әрі сүңгімей судан қоректенеді. Бұл түрдегі құстар қаңқасында, терісінде (бірқазан) ауа көп, ал әдетте мойындары, тұмсықтары ұзын болады. Негізінде олар таяз суларда қоректенеді. Субетінде ұшатындарға (шағала, альбатрос, дауылпаз) қалықтап ұшуды қамтамсыз ететін енсіз, ұзын қанаттар тән. Су беті оларға қорек көзі, әрі демалыс орны болып есептеледі. Батпақ, ашық кеңістікте мекендейтін құстарғада түрлі бейімделу тән. Түрлі бейімделу, әсіресе орман құстарында байқалады. Ол ормандағы көптеген мекен орындарына, мекен ортасына байланысты жүреді. Орман-көптеген құстардың мекендейтін орны. Мұнда құстар жүруінің негізгі формалары дамыған. Ормандағы ұшу. Құстар неше түрлі әдістермен ұшуға бейімделеген. Олардың қанаттары қысқа, кең, ұшы доғал, жайылғанда саусақ тәрізді орналасқан алғашқылары серпімді. Кішкене қанат жақсы дамыған, құйрығы әдетте айтарлықтай көлемді. Бұның бәрі орман құстарына ағаштың бұтағы, діңі арасынан еппен бұлтаруға, жылдам ұшып, тежелуге, отыруға мүмкіндік береді. Бұтақтар мен діңде жүруге бейімделу. Ертедегі юра кезеңіндегі құстардың-археоптерикстердің, қанаттары 3 ерікті қозғалатын тырнағы бар саусақтардан тұрған. Олар ағаш бұтақтарында барлық 4 аяқтары көмегімен жүретін. Қазіргі құстардың ішінде ол кейбір түрлердің балапандарында (гоацин, бананқоректілер) сақталған. Жетілген құстардың бәрі бұтақтарда тек артқы аяқтарына ғана сүйеніп жүреді, ал біраз түрлер (тоты, клесттер) кейде жүру үшін тұмсығын пайдаланады. Орман құстарының 90% бұтақтан бұтаққа секіріп жүріп жылжиды. Аяқтарының саусақтары бір деңгейде орналасқан, онымен бірге 3 саусығы алға, ал 1 артқа қараған, ол құстарға ең қалың бұтаны қатты қысуға мүмкіндік береді. Табан сіңірлері саусақтардың бүкірейген күйінде автоматты бекуін қамтамсыз етіп, бұтада бұлшық еттің ширығуынсыз тұруына мүмкіндік береді. Тотылар ағаш бұталары арасында өрмелеуге бейімделген, олар бұтаны кезекпен алдымен бір аяғымен, кейін екіншісімен ұстайды. Олардың 2 саусағы алға, 2 артқа бұрылған, ал саусақтарының табан жағы қатты кеңейген. Ағашқа өрмелеушілерге тоқылдақ, шиқылдақ, поползнилер жатады. Олардың жылжу тәсілдерін табаны құрылысынан білу керек. Тұмсығы мен тіл құрылысының бейімделуі. Ол тек қоректену сипатынан ғана емес, оны іздеп табу тәсілдерімен анықталады. Тұмсықтың бірнеше түрлі типтерін ажыратады: жәндік, дәнқоректілер, жыртқыштар және басқа типтері болады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Ағаш-бұта құстарының қанаттары, аяқтары және тұмсығы құрылысындағы ерекшеліктерді сипаттаңыз.

  2. Ағашта өрмелейтін, жерде ұя салатын, түнейтін, батпақ-шалғын, су маңында мекендейтін, сирақты батпақ, батпақ, су жағалауындағы балшықшы, ашық кеңістікте мекендейтін, жүгіретін, жылдам ұшатын, су, сүңгитін, әуе-су және құрлық-су құстары не білесіз?

  3. Ауа қапшығының және құйымшақ безінің маңызы неде?

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

1 Модуль Орнитология

5 дәріс тақырыбы – Құстардың тіршілік циклдері.



Дәріс жоспары:

Құстар тіршілігіндегі кезеңдік құбылыстар.

Әртүрлі экологиялық топтағы құстардың ұшып келу, ұшып кету кезектілігі.

Құс ойнағы. Жыныстық диморфизм, оның пайда болу формалары.

Түлеу (түрлі топтардағы құстардың толық түлеуі, құс ойнақ алдындағы түлеу, оның ерекшеліктері).

Түлеген құстарды қорғау, мерзімдік қоныс аудару, қыстау.



Құстар биологиясындағы ұшып кетудің маңызы, қоныс аударуының пайда болуы.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Құстар тіршілігіндегі кезеңдік құбылыстар ішінде алдымен жылдық тіршілік циклге, тәуліктік және мерзімдік ырғақтарға тоқталсақ. Құстардың жылдық тіршілік циклі. Климаттың маусымдық өзгерісі құстар тіршілігінде белгілі кезеңдік құбылыстарды тудырады. Құстардың әр түрінің тіршілігі жыл бойы бірнеше ауыспалы кезеңдерден тұрады. Оған олардың көбеюі, түлеуі, қоныс аударуы, көшуі, қыстауы, басқалар жатып, олар құстардың айқынды физиологиялық күйін сипаттайды. Осы кезеңдер немесе маусымдық тіршілік фазалары құстардың жылдық тіршілік циклін құрады. Енді, осы кезеңдерге сипаттама берелік. Құстардың қысқы тіршілігі. Олардың қыстауға қалған түрлер құрамы орман аумағында нашар, себебі құстардың барлығы оңтүстік ендікке ұшып кетеді. Оның ішіндегі су, батпақты қоныстанатын құстар толық кетеді. Жусан арасында қыстауға сушылқара, қоңырүйрек, өте сирек үлкен бейнеарық үйрек қалады. Бұл құстардың көбі орман құстары. Оларға құр, тоқылдақ, шекілдек, шымшық, қызыл бауыр шымшық, сарышымшық, жорғаторғай, шиқылдақ торғай, әрі жапалақтардың бірнеше түрлері және жыртқыш қырғи жатады. Шетен жемісі жақсы піскен жылы орманда қыс бойы саурауық қалады. Қыста көптеген құстар топталып, көшіп қонып тіршілік етеді. Түрлі экологиялық топтағы құстардың ұшып келу және кету кезектілігі. Бұл кезеңдер тұрақты жыл сайын жүргенімен. олардың өз мерзімі болады. Бірақ олар бір айға созылуы мүмкін. Алдымен кәрі еркектер ұшып келеді. Кейін аналықтармен жас құстар қайтады. Түрлі құстардың орманға ұшып келуінің өз мезгілінің бір ізділігі байқалады. 18.03. бірінші болып ұзақ, одан кейін қара торғайлар, дала, орман бозторғайы, наурыз соңында), 1-10.04-шұбар шымшық, ақ қаратамақ торғай, наурызек, шабындық жадырақ торғайы, қызғыш, күйкентай, кейбір жыртқыштар. 10-20.04-өзен үйректері, шалшықшы, шағала, тырна, орман құстарынан-саурауық, көгершіндер. Сәуірдің соңы-мамыр айының басында-аққулар, қаздар, басқалар келеді. Орман аумағына құстардың жалпы келу кезеңі 2 айдан артық мезгілге созылады. Құсойнақ (токование). Құстардың көктемде тәртібі өзгереді, олардың мінез-құлқында шұғыл өзгерістер байқалады. Қыстаған, ұшып келген құстар топтары ыдырайды, ұя салатын жерлерді мекендейді, территорияда тең бөліну байқалады, аталықтардың қарқынды құсойнағы басталады. Құсойнақ дауыс беру, әуе ойны, құсойын ұшуында, түрлі тұру кейпінде, ерекше қимылында көрінеді. Құстардың ойын түрлері өте түрліше болады. Оның биологиялық маңызы-басқа жыныс түрі дарағының назарын аудару, олардың жыныстық қозуына түрткі салу. Балапан жабыны алмасуы. Ұрықтық мамық (балапан жұмыртқаны жарып шыққанда), кейбіреуінде ұзын, әрі басқа түске боялған балапан мамығы (күндізгі жыртқыштар, гагаралар, дауылпаз) немесе ерекше ұрпақтанудағы мамық қауырсындану, жастық (ұядағы) қауырсын және маусымдық түлеу. Маусымдық түлеу. Түлеудің негізгі механизмі гормон әсерінен басталады. Оның алдында қанға қалқанша без гормондары қарқынды түсе бастайды. Ол әдетте гипофизбен жыныс бездерінің белсенділігі басылғаннан кейін жүреді. Құстардың түлеуі және көбеюі бір-бірімен байланысты, әдетте бір-бірінсіз жүретін құбылыс. Түлей бастаған құс, қосымша жұмыртқа салуға қабылетсіз болады. Піштіргенде түлеу кезеңі бұзылады. Кейбір құстарда түлеу мен көбею мерзімі жартылай бірге келеді. Орман аумағындағы құстардың негізгі түлеуі 07, 08, 09 айлардың соңына келеді. Жыл бойында көптеген құстар бір (күзгі), кейде 2 (үйректер, торғай тәрізділер, басқа), тіпті 3 рет (ақ шілдер) түлейді. Максымдық, немесе кезеңдік қоныс аударуы. Кезеңдік қоныс аудару деп, ұя салған жерден қыстақ орнына және кері қайтудағы құстардың көктемде және күзде үнемі қоныс аударуын атайды. Құстар мекенінде күрт қорек жетімсіздігі және қолайсыз ауа-райы болса, онда кезеңсіз қоныс аудару жүреді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Құстар тіршілігіндегі кезеңдік құбылыстар туралы не білесіз?

  2. Құстардың жылдық тіршілік циклін сипаттаңыз.

  3. Әртүрлі экологиялық топтағы құстардың ұшып келу, кету кезектілігі туралы не білесіз?

  4. Құсойнақ дегеніміз не?

  5. Құстардың жыныс диморфизмі, оның пайда болу формалары.

  6. Түлеу дегеніміз не? Түлеген құстарды қалай қорғайды, мерзімдік қоныс аударуы, қыстауы қалай жүреді?

  7. Құстар биологиясындағы ұшып кетудің маңызы, қоныс аударуының пайда болуын қалай түсінесіз?

Әдебиеттер. 7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)
1 Модуль Орнитология

6 дәріс тақырыбы – Құстардың практикалық маңызы және оларды қорғау.



Дәріс жоспары:

Әртүрлі орман типтерінде құстардың таралуы.

Құстардың түрлері. Жыртқыш құстар.

Орман жағдайына құстардың әсері.

Орманды қорғау үшін құстарды еліктіру техникасы.

Жасанды ұяларды жіктеу, оларға қоныстанған құстарды есептеу.

Құстардың мінез-қылықтарын басқару.

Қазақстанның Қызыл кітабы, сирек кездесетін түрлер мәртелері (тұрақтанған жай күйі - статус, топтары - категориялары).



Дәрістің қысқаша жазбасы. Жердегі өсімдіктер ресурстарында орман ерекше орын алады. Оның фитожиынтығы (массасы) барлық өсімдіктер массасының 88%. Үндістанда «Орман-ол су, су-түсім (өнім), түсім-тіршілік» деген нақыл сөзбен өткен Халықаралық орман шаруашылығы жиынында (конгресс) тіршілік сферадағы ормандар рөлі жоғары бағаланды. Орман Қазақстанның барлық территориясының 3,5% орналасқан. Оның көп бөлігі қылқанжапырақты орман, ал тауларда қайың, көктерек, алма ағашы, (арчевниктер). Еліміздің басқа территориясында аралас шөпті-астық тұқымдастар, жусанды астық тұқымдастар, жусанды-сортаң (сор), шөл өсімдіктер бірлестігі таралған. Биік тауларда субальпы, альпы алқабындағы көгалдар бар. Ормандар Қазақстанның негізінен Алтай, Жоңғар Алатауының таулы аудандарында, Тянь-Шаньның шығыс сілемінде шоғырланған. Солтүстікте қайың шоқтары орналасқан, Ертіс, Тобол өзендері бойы кішкене қарағайлы тоғайлар аумағы сақталған. Құмдарда отын үшін пайдаланатын және құмдарды бекітетін саксаул өседі. Ормандар біздің ғаламшардың 42 млн.кв.км. жуық алқапты алып жатыр, жыл сайын олардың алқабы 2% азаяды. Осы жерде көңіл аударарлық жай, ол біздің адамдар дәстүрлі орман өсіруге үйренбеген. Оның пайдасын біле тұра, құнарлы жер, тұщы су, жеткілікті күн сәулесі болғанымен ірі орман алабы түгілі елді мекендерді көгалдандыруға ниеті жоқ. Ниет, бір апатқа ұшырағанда ғана пайда болады. Оған Арал апаты аумағындағы Аманөткел, Райым, Қамбаш, басқа ауылдарының тұрғындары ормансыз тіршілік ету қиын екенін түсініп, кейінгі 3-4 жылда елді мекендерді қарқынды көгалдандырумен шұғылданып, кеуіп қалған теңіздің түбіне саксаул өсіруде. Орманның табиғат ортасында өтіп жатқан процеске тигізетін әсері тым әртүрлі (ылғал сақтағыш маңызы, егін және ауа қорғау, сауықтыру және орман – құнды азық-түлік өнімдерінің көзі). Орманды мекендейтін омыртқалылардың маңызы. Олар орман ортасына тікелей және жанама әсер етеді. Өсімдік қоректі жануарлардың вегетативтік тобына: күдір, елік, үзбара, бұғы, бұлан, доңыз-кабан, құндыз, кейбір құстар (құр, көгершін, қарға) жатады. Өсімдік қоректі жануарлардың генеративті тобына–тұқым, жеміс, гүл бүршігі және гүлмен қоректенетіндер жатады. Бөрікбастан қоректенетіндер: ұшар, тиын, алатышқан, бұлғын, аю, құстар (құнақ, тоқылдақ, құр, самырқұс, сайрауық). Арнайы көңілді ұсақ орманда жәндікпен қоректенетін құстар алады. Бұл құстардың пайдалы қызметін көру үшін, барынша оларды қорғау және еліктеу жолдарымен қолдау қажет. Қорғау үшін мұндай құстарды жоюға, ұяларын бұзуға, сирек және жоғалып бара жатқан түрлерін ұстауға қатаң тыйым салып, күту үшін жүргізілетін кесу мезгілін, межесін сақтау керек. Кейінгілер ұя салу кезеңі соңында өткізіліп, ұсақ қорықтар құрған дұрыс. Онымен қатар, жәндіктерге қарсы химиялық күресте қолданылатын улы химикаттар әсері құстарды жоятындай болмау керек. Кейбір аймақтардың ауыл шаруашылығында өсімдіктерді биологиялық қорғауда қолданылатын пайдалы омыртқасыздар түрлерін өсіріп, жерсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кейінгі жылы омыртқасыз жануарларды саудалау әсіресе, оның фармакологиялық маңызы бар түрлеріне (медициналық сүліктер, улы буынаяқты жәндіктер) бақылауға алынуда. Пайдалы құстарды еліктеу үшін орманның санитарлық күйін жақсартып, ықпалды алдын алу іс-шаралар өткізу қажет. Ол құстарға ұя салып, демалуы үшін, жылдың аш кезеңінде үстеп қоректенуі және суат құру үшін ыңғайлы орын бөлуден тұрады. Құстарды еліктеуде ең кең таралған, тиімді шара-кеуекті ұялылар үшін қолдан ұя жасап, іліп қою қажет. Жидек тұқымды ағаштар мен бұталар егуді еңгізіп, құстар сусындап, шомылу үшін тоғандар немесе жерге цементтен немесе ағаштан астау құрып, «Құстар күні» мерекесін өткізу керек. Қолдан жасаған ұяда өте жиі көптеген (20 мың. дейін дана) кенелер, мамықжегілер, бүргелер, басқа омыртқасыздар қоныстанады да, балапандарға тоғышарлар қаптап, олардың өлуіне жеткізеді. Бұған жеткізбеу үшін қазір үйшіктердің түбіне тор қояды. Ең ірі түңгі қанатты жыртқышқа-үкі жатады. Оның олжасына ең әртүрлі, тіпті ірі құстар, кейде күндізгі жыртқыштарда бола алады. Бір кезде үкінің тор қоршауына қырғиды отырғызды. Олар күні бойы әр бұрышта отырды. Қырғи кейде қорқыныш кейіп көрсетіп, шаңқылдады, ал үкі еңкейіп, қауырсынын көтеріп, тұмсығымен тықылдатты. Бұл кешке дейін созылды, ал таңертең қырғидың тек қауырсыны қалды. Үкінің олжасына құстар ішіндегі көгершіннен кішісі, әсіресе өте жиі түрлі орман кеміргіштері ұшырайды. Құстардың халық шаруашылығындағы маңызы зор. Олар ет, жұмыртқа, мамық, қауырсын көздері болып келеді. Кейбір жабайы құстар түрлерінің кәсіпшілік маңызы бар. Құстар медицинада да маңызды. Себебі олар адамға берілетін жұқпалы вирус ауруларының тобы-орнитозбен ауырып, зақымданады. Көптеген паразиттердің жанама иесі болып, адамға қауіпті токсоплазмоз, листериоз ауруларының табиғи орталығы болып келеді. Тайга құстары ми қабынуы вирусының-тайгалық энцефалиттің қоймасы-резервуар есептелінеді. Құстардың аурулар қоздырғыштарын ұзақ шалғай жерге тасымалдауы дәлелденген. Құстарға жоғары экологиялық созымдылық тән. Ұя салушы құстар түрлерінің 83% қорықтар территориясында кездеседі. Тундрада, тундра орманында, орманда, дала аумағында ұя салатын қаз тәрізділер күйі қорқыныш тудыруда, ол тырна тәрізділер түрлерінің бірталайына да қатысты. Басқа құстар түрлері мәдени, ғылыми, ағартушылық және басқа қоғам керегіне қолданылуда. Сауда мақсаты үшін сайрағыш (19 түрі), аушы жыртқыш құстарды (6 түрі) ұстау әлі жалғасуда. Құстардың жіктелуі өте күрделі, әлі бұл кластағы негізгі жүйелеу бірлік саны туралы орта пікір жоқ. ҚР 1978 ж. Қазақстанның қызыл кітабы (мамандарға арналған ғылыми құжат, ол оған еңгізілген өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғауды ұйымдастыруға әзірленетін іс-шаралар мен ұсынымдарға, арнайы қорықтар, басқа қорғау территорияларын құруға негіз болады) басылып шықты. Оған омыртқалы жануарлардың 129 түрі, түр тармағы-подвид (42-сі сүтқоректілер, 110-құстар, 10-бауырымен жорғалаушылар, 3-қосмекенділер, 16-балықтар), тұңғыш рет 105 омыртқасыз жануарлар түрлері: 96-жәндік, 1-шаянтәрізді, 6-моллюск, 2-құрт еңгізілді. Құстардың 9%-ға жуық түрлері аумақта сирек кездесетін, негізінен сұңқар тәрізділер қатарының өкілдері. Олардың 30 түрі Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО) Қызыл кітабына еңгізілген. «Барлығы Қазақстанда аң аулау үшін» журналы 2010 ж. № 2 санында көрсетілгендей, қазір Қазақстанның қызыл кітабына өсімдіктердің 387 түрі, омыртқалы жануарлардың 125, омыртқасыздардың 96 түрлері еңгізілген. Жерүсті сүтқоректілер ішінде: 1 – қызыл қасқыр, тарғыл бұғы, амур горалы; 2 – қоңыр құлақты жарқанат, үлкен түтік танаулы, саршұнақ, амур жолбарысы, орман мысығы. Құстар ішінде: 1–16 түрлер (ақ арқалы альбатрос, жалбағай, қалбағай, қарабай, қызылаяқты тырнақұтан, қиыр шығыс дегелек, құрғақтанаулы, қарала үйрек, қабыршақты крохаль, сақалды шіл, тырна, уссурий тырнасы, ақ тырна, даур тырнасы, дуадақ, аңшы улит, айдарша шал) и 2 – 22 түрлер (үлкен әупілдек, қара дегелек, америка қарашақазы, кіші аққу, клоктун, ала және сор құладын, құр, қырғи-ястреб ақсары, жамансары-сарыч, шаңқылдақ қыран, ақсұңқар, лашын, монтайшіл, қарқылдақ шағала, қызылқасқа сутартар, қарала шалшықшы, лопатень, Бэрд құмдауық, қиыр шығыс шалшықшы құс, үкі, балықшы үкі). Тағы құстардың 50 түрлері сирек және күйі (статусы) анықталмаған түрлерге жатады. Жануарлардың сирек кездесетін түрлері санының өсуі республикада жануарлар әлемінің күйі төмендегенін емес, біздің Қазақстан жануарлары туралы біліміміздің жақсы өзгергенін көрсетеді. Қазақстанның табиғи байлығын қорғау, өкінішке орай, жеке басының баюына, әрі оны қорғаймыз деп, халық дәулетін ұялмай ұрлап, сатып жіберетін адамдардың қолында тұруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет