ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «ортағасырлар тарихы»



бет16/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.38 Mb.
#11166
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

2. 1556 жылы Карл Ү-ні Испан тағында оның мұрагері Филипп ІІ (1555-1598 жж) алмастырды. Өзінің әкесінен айырмашылығы Филипп ІІ елді отырып басқарды, сыртқа шыққан жоқ. Филипп ІІ-де әкесі сияқты көптеген соғыстар жүргізді, бірақ оны көбіне өзінің генеральдарына тапсырды. Филипп ІІ-нің кезінде оның иелігі біршама шағындалды. Себебі, Германияның өз билеушісі Кар Ү-нің інісі Фердинанд І болды. Филиппте елді орталықтандыру бағытында кейбір қадамдар жасады. Мысалы, ол Испанияның жаңа астанасын – Мадрид қаласына көшірді. Филипп ІІ, Арагонның автономиясын жойып, Сарагоса қаласын алды және арагон дворяндарының артықшылықтарын жойды.1580- жылы Филипп ІІ Португалияны өзінің иелігіне бағындырды, ендігі жерде бүкіл Пиреней түбегі оның қарамағына өтті. Филипп ІІ-нің ең қаһарлы қаруы иннвизиция болды, ол елдің ең жоғарғы саяси сотына айналды. Филипп ІІ мемлекетті басқару ісімен де жеке басы көп айналысты. Орталықтағы жоғарғы чиновниктерді, жергілікті жерлердегі губернаторларды (коррехидорлар) өзі таңдап тағайындады. Филипп ІІ-нің тұсында мемлекеттік салықтың көлеміде орасан зор көлемге жетті. Соған қарамастан, испан абсолютизмі Карл Ү-нің кезіндегідей, Филипп ІІ тұсында да прогрессивті бола алмады. ФилиппІІ-ні елдің буржуазиялық жолмен дамуы қызықтырмады және ол Испан саудасы мен қолөнерінің дамуы үшін ешқандай нақты шаралар қолданбады. ХҮІ ғасырда да Испанияда ірі светтік және шіркеу жер иелігі өзінің қатаң артықшылықты, тұйық – касталық сипатын сақтап қалды.

Майорот, қорықтық жерлер, айрықша жеңілдіктегі шіркеу жерлері туралы және т.б. құжаттар бойынша Испанияда жер сатылмады, басқаға берілмеді, сөйтіп, қоғамның алдыңғы қатарлы буржуазиялық элементтерінің, ұсақ дворяндар мен шаруалардың жер алуына мүмкіндік бермеді.

Филипп ІІ-нің жүргізген соғыстарда ашықтан ашық династиялық, өрісі тар дворяндық, идеологиялық жағынан реакциялық – католиктік сипат алды. Оның мақсаты Испан королінің иелігін кеңейту, оны Европаның халықаралық саясатында гегемон ету болды. Алайда, уақыт көрсеткеніндей Испанияның сыртқы саясаты сәтсіздікке толы болды. Әсіресе, Англия мен болған соғыстар Испанияны халықаралық аренада масқаралады.

ХҮІ ғасырдың басында Испания аграрлы ел болып, өнеркәсібі мен саудасы әлсіз болды.Нидерланды мен Италияны айтпағанда , Англия мен Франциядан да артта қалды. Ұлы географиялық ашулар Испания үшін орасан зор Америка отарларын берді. Алғашқы уақыттарда отарлар Испан шаруашылығының дамуы үшін өте қолайлы жағдайлар туғызды. Америкадан Испанияға алтын мен күміс ағылды. Мұның барлығы елде қызу әлеуметтік шаруашылық жанданушылықты тудырды. Испанияда да мануфактуралар дамыды. Алайда Испаниядағы өнеркәсіп пен сауданың өрлеуі қысқа мерзімдік сипатта болды. ХҮІ ғасырдың ортасында да испан өнеркәсібі Нидерланды, Англия және Франция өнеркәсібінен артта қалды. Оның үстіне оның онан әрі дамуына қажетті жағдайлар нашарлап кетті. Оның себебі, басталған бағадағы революцияның испан шаруашылығы үшін ауыр салдарлары еді. Алтын мен күмістің Испанияға ағылуы бұл елдегі бағадағы революцияның басқа елдерге қарағанда ерте басталуына алып келді. Тарихшы экономистердің айтуынша Испаниядағы баға төрт есе өссе, Англияда екі есе ғана өсті.

Испан экономикасының құлдырауында ауылшаруашылығындағы дағдарыс әсер етті. Англия мен Нидерландыда фермерлік шаруашылық барынша өркендеп жатқанда, Испанияда феодалдық крепостниктік поместьелік шаруашылық сол күйінде тұрды. Дамып келе жатқан отандық өнеркәсіпке қамқорлық жасаудың орнына испан үкіметті, испан өнеркәсібіне жаны ашымаған өрісітар дворяндық саясат жүргізді. Өзінің салық саясаты арқылы үкімет өркендеп келе жатқан өнеркәсіпті тұншықтырды. Дворяндардың мүддесіне бола жергілікті өнімдермен бәсекелескен шетел тауарларына елде жол ашылды. Ақырғы соңында, мән мағынасыз тоқтаусыз жүргізілген соғыстар, елдің экономикасын тұқыртты. Ел саяси және экономикалық апатқа ұшырады.

Филипп ІІ-нің жүргізген соғыстарының бірен-сараны ғана сәтті аяқталды. Оған ХҮІ ғасырдың 60-70- жылдары түріктермен жүргізген соғысты және 1580- жылы Португалияны жаулап алуды жатқызуға болады. Әсіресе, 1571- жылы Лепанто түбіндегі (Морейге жақын) теңіс щайқасында түріктерді жеңудің маңызы зор болды. Бұл осман түрік империясы құлдырауының басы еді. Орасан зор 264 кемеден тұратын түрік флотилиясы талқандалып, онда 80 мың адам болды.

Алайда, қалған соғыстардың барлығында Филипп ІІ-і жеңіліске ұшырап, ақырғы соңында Испания ұлы держава болудан қалды. Ең бірінші кезекте ХҮІ ғасырдың екінші жартысында Нидерланды буржуазиялық революциясынан бастау алған голланд- испан соғыстарында Испанияның жеңілгенін айту қажет. Испанияның келесі бір үлкен жеңілісі Филипп ІІ-нің Англиямен болған сәтсіз соғысы еді. Ағылшын пираттары Дрэйк, Рэли және т.б.Америкадан алтын мен күміс тиеп келе жатқан испан кемелеріне шабуыл жасап тонауына жауап ретінде ,Филипп ІІ 1588 жылы шілде айында Англияны тізе бүктіру үшін оған қарсы орасан зор теңіз флотын жіберді. Өзінің жеңетіне күмәні болмаған Филипп ІІ оны “Жеңілмейтін Армада” деп атады. Оның құрамы 130 кеме, 7500 адам теңіз экипажынан және 17 000 жауынгерден тұрды. Теңіз шайқасы толығымен ағылшындардың жеңісімен аяқталып, ол тарихта “Жеңілмейтін армаданың жеңілуі” деген атпен қалды. Осы уақыттан бастап Испанияның теңіздегі үстемдігі келмеске кетті.

3. ХҮІ- ғасырда Нидерландыға (“төмендегі жерлер”) қазіргі Нидерландыдан бөлек, Бельгия, Люксембург және Францияның кейбір иеліктері кірді. Ел 17 провинциядан тұрды. Өлкеге тән ерекшеліктердің бірі – оның ерте өнеркәсіптік дамуы болды. ХҮІ ғасырдың бірінші жартысында Нидерландыда феодалдық қатынастардың ерте ыдырауы, капиталистік шаруашылық формасының тууы, капиталдың алғашқы қорлануы процесстері жүріп жатты. Мейлінше шағын өлкеде 300-ге жуық қалалар болды. Халықтың саны 3 млн-ға жетті. Орта ғасырлар үшін бұл мейлінше көп көрсеткіш болып табылады. Нидерланды сол замандарда “қалалар елі” атанды. Алайда, барлық провинциялар бірдей дамыған аудандар деген пікір қалыптаспауы тиіс, өйткені артта қалған провинцияларда болды.

1516- жылдан бастап Нидерланды Карл Ү Габсбург империясының құрамына кірді. Бұған дейін Нидерланды Бургундия герцогтығының құрамында болған еді. Карл Ү(І) Гент қаласында дүниеге келді және фламанд тілі оның ана – тілі болды. Карл Ү –нің тұсында Нидерландының саяси құрылымы өзіндік өтпелі сипатта еді. Нидерланды да габсбургтер үйі король – императорларының жоғарғы билігі мен өзін - өзі басқару элементтері сақталынды. Нидерландының әрбір 17 провинциясының өз провинциялық штаты (кеңесі), айрықша соттары, жергілікті сословиялық жеңілдіктері, атап айтқанда, қалалық көп еркіндіктері болды. 1464- жылдан бастап Нидерландыда провинциялық штаттардан тұратын Бас штаттар шақырыла бастады. Бургундия герцогтығы дәуіріндегідей, Габсбургтер тұсында да Бас штаттар алым салықтарды белгілеп дауысқа салды. Екінші жағынан Карл Ү-і жекеленген провинциялар мен қалалардың артықшылықтарына жүйелі түрде қол сұғып отырды. Нидерландыдан алынатын алым-салықтар орасан зор мөлшерге жетіп 2 миллион алтын ақшаны құрады, ал Карл Ү-і қазынасының жалпы көлемі 5 миллион еді. Карл Ү-нің тұсында Нидерланды шын мәнісінде Испанияға тәуелді провинцияға айналды. Нидерландыдан жиналған орасан зор ақша, алым–салықтар – Нидерландының мүддесі үшін қажеті жоқ соғыстарға жұмсалды. Капитализм дамуының феодалдық және жат жерлік езгімен ұштасуы, халық бұқарасына шексіз бақытсыздықтар алып келді.

Стратегиялық жағынан өте маңызды, аса бай елде өзінің бақылауын күшейту үшін Карл Нидерланддағы католик шіркеуіне қамқорлықты күшейтті. Алайда, алдыңғы қатарлы, экономикалық жағынан дамыған ел ретінде Нидерландының халқы протестантизмге іш тартты. Ірі дворяндар Лютерлік ағымға, уақ және орта дворяндар мен қалалықтар, ауқатты шаруалар Кальвинизм жағында болды. ХҮІ ғасырдың І жартысында Нидерландыда әлеуметтік – саяси қайшылықтар шиеленісе түсті. Оның айқын көрінісі реформациялық қозғалыстың өсуі болды. Карл Ү-нің “плакаттарымен” (указдары) реформациялық идеяларды жоқтағандардың барлығы күпірлер деп жарияланды. Карл Ү-нің мұрагері Филипп ІІ-нің тұсында нидерланды буржуазиясы мен абсолютизмнің арасындағы қарама-қайшылық күшейді. Шын мәнісінде Нидерландыны испан әскерлері окупациялап алды. Филипп ІІ-і нидерланды буржуазиясы пайдаланған азғантай экономикалық құқтарды да алып тастады (испан отарларымен сауда жүргізуге тиым салды, испан жүнінің Нидерландыға апарылуына салықты өсірді т.б.), күпірлерге қуғын сүргінді күшейтті. Бұл Нидерланды экономикасының берекесін кетіріп, елдегі эмиграция толқынын күшейтті. Мыңдаған шеберханалармен мануфактуралар жабылып жатты.

Елде революциялық ситуауация қалыптасты. Нидерланды қоғамында, оның ішінде дворяндық аристократиялық ортада да испан абсолютизміне қарсы наразылықтар күшейді. Алдыңғы қатарлы дворяндардың өнімдері ұлттық мүддені көтере алды. Филипп ІІ-нің мемлекеттік аппарат пен әскери қызметтен нидерланды дворяндарының көпшілігін қууы да жағдайды ұшықтырып жіберді. Дворяндар шіркеу жерлерін секулеризациялап, өзара тәркілеп алудан - өздерінің іргесі сөгіле бастаған әлеуметтік жағдайын жақсартудың бірден бір жолын көрді. Сондықтан, дворяндардың да бір бөлігі кальвинизм жағында болды.



4. Нидерландыдағы революциялық оқиғаларды төрт кезеңге бөлуге болады. Олардың алғашқысы 1566- жылы жаз айындағы Фландрия қалалары мен деревняларындағы халық бұқарасының иконаға қарсы қозғалысынан басталады. Дегенмен, алғаш рет Испан үкіметіне қарсы шыққан Нидерландының аса ірі аристократтары Вильгельм Оранский, граф Эгмонт пен адмирал Гоорн екенін айту қажет. Олардың талаптарында кейбір жалпы ұлттық мәселелер көрініс беріп, буржуазиялық ортада кең қолдауға ие болды. В.Оранский мен оның жақтастары Нидерландыдағы епископтар санының көбеюіне, инквизициялық биліктің озбырлығына қарсы шықты. Аристократтардың үлгісі неғұрлым кең дворяндық топтардың арасында да абсолютизмге қарсы қозғалыстар тудырды. 1565 жылы В.Оранскийдің басшылығымен “Дворяндар келісімі” атты дворяндар одағы құрылды.

1566- жылдың 5 сәуірінде дворяндардың біріккен делегациясы испан үкіметінің Нидерландыдағы наместнигі Маргарита Пармскаяға петииция тапсырды. Құжатта бір жағынан “ұлы мәртебелі испан короліне деген адалдық” білдірілсе, екінші жағынан – инквизицияны жойып тез арада Бас штаттарды шақыру талап етілді. Қабылдау бөлмесінде отырған Нидерланды дворяндарының киімдері жұпыны көрінгендіктен билеушінің маңайындағылар, оларды қайыршылар, яғни гездар деп атайды. Кейіннен бұл атау тәуелсіздік жолында күрескен Нидерланды революционерлеріне таңылып кетті. Маргарита Пармская дворяндардың талаптарын орындаудан бас тартты.

Жағдай онан сайын ұшыға түсіп, абсолютизмге қарсы қозғалыс кеңейе берді. Дворяндардың үлгісінде “Саудагерлер келісімі” деген атпен кальвинистік буржуазияның одағы құрылды. Кальвинизм халықтың арасында кеңінен танымал бола түсті. Кальвинистік уағызшылар “иконаға табынушылықты” өткір сынға алды. 1566 жылы тамыз айында төменгі Фландриядан бастау алған иконаға қарсы қозғалыс, бүкіл Фландрияға, Брабантқа, сондай-ақ, солтүстікт голландияға, Зеландия мен Фрисландияға тарады. Қозғалыс 17 провинцияның 12сін қамтып, , айқын байқалған революциялық сипат алды. Көтеріліске шыққандар монастырлар мен шіркеулерді талқандап, католик діні иелерін жазалаумен шектелген жоқ, олар елдегі бүкіл саяси тәртіптерді жойғысы келді. Қозғалыстың кең құлаш жаюы испандықтарды ғана емес, жергілікті дворяндарды да қатты үрейлендірді. Испан әскерлері мен нидерланды дворяндарының біріккен күштерімен ғана стихиялық қозғалысты басып тастаудың сәті түсті. 1567- жылдың 23 тамызында Маргарита Пармскаяның орнына Нидерландыны басқаруға герцог Альба жіберілді. Елде герцог Альбаның террористік диктатурасы орнады. Тіпті, аристократиялық оппозицияның жұмсақ – сабырлы өкілдері граф Эгмонт пен адмирал Гоорн өлтірілді. Бұрыннан басталған экономикалық құлдырау, енді апатты сипат алды. Барлық сауда келісімдеріне дейін алым салықтар салынып, шаруашылық пен экономика тұншықтырылды.

1571- жылы айрықша қорлықты а л ь к а б а л а салығы енгізілді. Ол бойынша әрбір өткен тауардан – он пайыздық алым салық алынды. Бұл сауда мен кәсіпкерлікті толығымен күйрету деген сөз еді. Шынында да елде дүкендер мен мануфактуралар жабылып, экономикалық жағынан белсенді тұрғындардың эмиграциясы күшейе түсті. 1566 жылғы көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін революциялық күрес партизандық күрес формасына ие болған еді (орман және теңіз гездары) жағдайдың ушыққаны сондай, жаңа кезең 1572-1576 жылдарды әлеуметтік жарылыстың бұрқ ете қалуы үшін болмашы сылтау жеткілікті еді.



Екінші кезең 1572-1576 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңнің ерекшелігі революцияның солтүстіккеде тарауы болды. Мұнда күрес испандықтармен ғана жүрген жоқ, католиктік дін басыларымен және реакцияшыл қала магистратурасыменде жүрді. 1572 жылдың 1 сәуірінде ұсақ дворян Люмэ басқарған теңіз гездерінің отрядтары зеладияның шағын қаласы Брильді басып алды. Көтеріліске шыққандарды негізінен шаруалар мен қала кедейлері құрады. Отрядтарды басқарған революцияға қосылған дворяндар болды. Бұл кезеңнің негізгі қорытындысы Солтүстік провинциялардың шын мәнісінде тәуелсіздік алуы еді. (заң жүзінде мойындалған жоқ). Солтүстік провинциялардың басшысы етіп дворяндар мен буржуазия 1572- жылдың жазында В.Оранскийді сайлады.

Революцияның үшінші кезеңінде (1576-1579) революциялық күрестің орталығы Оңтүстік провинцияларға алмасты. Мұнда революция үшін қалыптасқан жағдай өте күрделі еді, өйткені мұнда дворяндар мен католик шіркеуінің позициясы нық болды, әлеуметтік жағынан белсенді топтар Солтүстікке қашып кетті, ал қалған тұрғындар керітартпа келіп Испаниямен қарым қатынасты біржолата үзуден сескенді. Қозғалыстың басталуына түрткі болған бүлікшіл испан солдаттарының жүгенсіздігі еді. Көп айлардан бері жалақы алмаған солдаттар, жергілікті халықтарды тонаумен, қарақшылықпен күн көре бастады. Жекеленген тонаушылықтар бүтіндей бір қалаларды тонау ойрандауға ұласты. Қозғалыс басшыларының испан абсолютизміне қарсы оңтүстік және солтүстік провинциялардың күштерін біріктіру әрекетінен (8 қараша 1576, “Гент бітімі”) ештеңе шықпады. Келісім бойынша оңтүстікте католицизм сақталынатын болды, сонымен бірге Кальвинистік нанымға еркіндік берілді.

Алайда солтүстік буржуазия мен оңтүстік провинциялардың сауда топтарының арасындағы бәсекелестік көрініс берді. Тіпті белгілі бір дәрежеде Солтүстік провинцияның сауда топтары, оңтүстік провинциялардың еркіндік алуына қарсы болды. Бас штат әскерлерінің дворян қолбасшылары Испания әскерімен соғысуға ұмтылмады. Шын мәнісінде қарсылықты басқарған Брюссельдегі қолөнершілер, саудагерлер, буржуазиядан тұрған “он сегіздің комитеті” болды. Оңтүстіктегі әлеуметтік саяси күрес өте күрделі болып, буржуазияның қозғалысын басқаруға деген әлсіздігі айқын байқалды. Мұндай жағдайда реакцияшыл дворяндық топтар Испан үкіметімен келісімге баруды жағдайдан шығудың бірден – бір жолы деп білді. Революцияның үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша екі уния құрылды. 1579- жылдың 6- қаңтарында екі оңтүстік провинцияның – Артуа және Геннегау - реакцияшыл дворяндары күштерін біріктіріп “бүлікшіл” солтүстіктен бүлінгендігін білдірді. Бұған жауап ретінде 1579- жылдың 23 қаңтарында солтүстік провинциялар күштерін біріктіріп, болашақ тұңғыш буржуазиялық мемлекеттің негізін қалады. (Утрехт униясы)

Утрехт униясы Солтүстік провинциялардың “мәңгілік” бұлжымас одағын жариялады. Шын мәнісінде, арнайы жарияланбаса да Солтүстік Нидерланды республикаға айналды. Испан үкіметі Солтүстік провинцияларға қарсы әрекеттерін тоқтатпады. 1584- жылы В.Оранский Испан үкіметі жіберген жалдамалы агенттің қолынан қаза тапты. В.Оранскийдің өлімі жас мемлекет үшін үлкен соққы еді. Алайда, В.Оранскийдің ұлы Мориц Оранский аса жігерлі, талантты қолбасшы болып шықты. Ол көп ұзамай қарсы шабуылға шығып жеңістерге жетті. 1588- жылғы “Жеңілмейтін Армаданың жеңіліске ұшырауы” объективті түрде голландықтар үшін үлкен көмек болды. Англиямен Францияның дипломатиялық қолдауына ие болған бас штаттар 1609 жылы Испаниямен он екі жылға бітім жасады. 1648- жылы Вестфаль конгресінде Испания Солтүстік провинциялардың (Голландия) тәуелсіздігін біржолата мойындады.

ХҮІ- ғасырдағы Нидерланды буржуазиялық революциясының үлкен тарихи маңызы болды. Ең бірінші кезекте, бұл бірінші жеңімпаз буржуазиялық революция болды. Ревалюциядан кейінгі екі провинциялардың тағдырынан үлкен айырмашылықты байқау қиын емес. Оңтүстік провинцияларда феодалдық түнек орнап, экономика құлдыраса, солтүстік провинциялар гүлденді. “Голландия – К.Маркстің айтуынша, ХҮІІ ғасырдағы үлгілі капиталистік ел” болды. ХҮІІ ғасырда Голландия, нақ сауда елі ретінде орасан зор маңызға ие болды, ол дүние жүзілік сауда да делдалдық рөл атқарды. Тіпті ағылшын отарларынан тауарлар Голландия кемелері арқылы Англияға жеткізіліп отырды. Амстердам, Роттердам, Заандам кеме жасау ісінің басты орталықтары болып, жылына мың кемеге дейін жасалынды.

1609- жылы негізі қаланған Амстердам ұлттық банкі капиталистік типтегі тұңғыш Европалық банкі болды. Ұзақ уақыт бойы ол Европадағы бірден – бір банкі болды. Лондондағы 1694- жылы негізі қаланған ағылшын банкі, осы Амстердам банкісі үлгісінде жасалынды. ХҮІІ- ғасырда Голландия аса ірі отарлық держава болды.1602- жылы ағылшын “Ост – Индия компаниясымен” бір уақытта голландия “Ост – Индия” компаниясы құрылды.(1621)

Әдебиеттер:


  1. Альтамира и Кревеа Р. История Испании М.1951г.т.2

  2. Ведюшкин В.А. Идальго и Кабальеро: Испанское дворянство в ХҮІІ – ХҮІІ вв. М.1997г.

  3. Люди эпохи завоеваний. В.Оранский, Фернандо Альба. Ростов на Дону 1998г.

  4. Чистозвонов А.Н. Нидерланская буржуазная революция. М.1984г.

  5. Чистозвонов А.Н. Реформационное движение и классовая борьба в Нидерландах в первой половине ХҮІ века М.1964г.

  6. Литаврина Э.Э. К проблеме экономического упадка Испаний ХҮІ- века

  7. История средних веков Под редакция., С.П.Карпова . М.2003г

  8. История средних веков Под редакция З.В.Удальцева. М. 1990г.

  9. Державин К.Н.Сервантес: Жизнь и творчество. М. 1958г.


23 - Лекция. Ү – ХҮ ғасырлардағы батыс Европа мәдениеті
1. ҮІ – ХҮ ғасырлардағы христиан дінінің рольі

2. Орта ғасырлардағы ағарту ісі, ғылым мен білім.

3. ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы Италиядағы ерте қайта өрлеу мәдениеті.

4. Кітап басудың басталуы.
1. Орта ғасырлық мәдениет шіркеулік – діни идеологиямен тығыз байланыста болды. Орта ғасыр мәдениетінің барлық салаларында: ғылымда, мектепте, әдебиет пен өнерде шіркеудің ықпалы айқын сезілді. Шіркеу барлық европа елдерінде ірі жер иеленуші болды. Барлық корольдықтардағы жердің үштен бір бөлігі, осы шіркеу иелерінікіне тиесілі еді. Шіркеу сондай–ақ, үлкен саяси күште болды. Король кеңесшілері, какнцлерлер, мемлекеттік хатшылар, орталық мекеменің чиновниктері және т.б. дін иелерінің кеңесімен тағайындалып отырды. Орта ғасырлық сословиялық жиналыстарда да (Бас штаттар, парламент, кортестер т.б.) дін басыларының үлес салмағы, өкілеттілігі де қомақты еді. Әсіресе, шіркеудің идеологиялық саладағы рольі өте зор болды. Шіркеу орта ғасырлық феодалдық қоғамның рухани жетекшісіне айналды.

Орта ғасырлық дүние танымның сипатты ерекшеліктерінің бірі – діни тақуалық (аскетизм) болды. Тақуалыққа сәйкес, әлем, адамның тәндік табиғаты күнә мен зұлымдыққа толы. Діндәр адамның міндеті жанын бірте бірте жерлік бұғаулардан босату, “құмарлықтармен” күресу, сөйтіп, о дүниедегі жақсы өмірге дайындалу болып табылды. Ол үшін шіркеу діни жораларды: постылар, дұға оқу, жалбарыну, тәнін тылсымдау т.б. сақтауды ұсынды. Бұл дүниеден монастырға кету ең жоғарғы ерлік болып есептелді.

Алайда, нақты өмірде діни – тақуалық өмір салты үнемі басшылыққа алына берген жоқ. Жаугершіліктен қолдары босамаған феодалдар тақуа болуды ойлаған жоқ. Діни басшылардың өзі, тақуалық нұсқауларды көп жағдайда қатал ұстанбады, шын мәнісінде светтік өмір салтын таңдап алды. Қалалықтар мен шаруалар шама– шарқының келгенінше діни ұстанымдарды басшылыққа алуға тырысты, алайда, орта ғасырлық қоғамды тек діндәрлар қоғамы, монастырлар әлемі деп түсінуге болмайды. Айта кететін жәйіт, аскетизм – тақуалылық, шіркеу трибунасынан жарияланған ресми ілім болды. Аскетизм – орта ғасырлардағы дін үстемдігінің жарқын көрінісі, өйткені бұл кезде, дәл – нақты ғылымдар әлі дамымаған, адамның табиғат күштері алдындағы дәрменсіздігінің қаймағы бұзылмаған шағы еді. Оның үстіне шаруалар бұқарасы қатаң крепостниктік езгі жағдайында болды.

Шіркеудің үстемдігі орта ғасырлар заманының барлық кезеңінде бірдей күшті болған емес. Әсіресе, ерте орта ғасырлар дәуіріндегі шіркеудің ықпалы айрықша зор болды. Шамамен ХІ – ғасырдың жартысына дейін, яғни ортағасырлық қалалар пайда болғанға дейін шіркеу беделімен ешкім таласа алмайтын. Ал ХІІ–ХІІІ ғасырдан бастап ортағасырлық мәдениетте шіркеу үстемдігі ресми сақталғанымен, мәдениет шіркеуден тыс светтік бағытта да дами бастады. Қалалық мәдениеттің пайда болуы, светтік әдебиет пен өнердің қалыптасуы, шіркеуге қарсы балама мәдениеттің дүниеге келгенін көрсетті. Орта ғасырлық мәдениет шіркеу езгісінен азат бола бастады.

Әдетте, ерте орта ғасырларға қараңғы “түнек” ғасырлар деп қарау үрдіске енген. Алайда, нақ осы ерте орта ғасырларда болашақ Европаның бет бейнесін айқындаған түбегейлі міндеттер шешімін тапты. Ең бірінші кезекте, болашақ христиандық Европа өркениетінің ірге тасы қаланды. Христиандық Европа барлық жағынан: - этникалық, саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік,құрылымдық– қалыптасып жатты. Христиандық өркениеттің қалыптасуына шешуші үлес қосқан грек, рим, кельт, герман, славян т.б. этникалық топтар болды. Айта кету қажет, ерте орта ғасырларда римнің саяси институттары мүлде жойылып кеткен жоқ, ұзақ уақыт германдықтардың рулық – тайпалық институттарымен қатар жүріп болашақ Европа өркениетінің қалыптасуына әсер етті.

Ү–ҮІІ ғасырларда варварлық тайпалардың антикалық мұраларды “талқандаумен” ғана айналыспай, игеруге тырысқандығын көрсететін дәйектер мен дәлелдер көптеп кездеседі. Остгот корольі Теодорихтың магистр – оффициі (бірінші министрі) Северин Боэций (480 – 525) орта ғасырлардағы ең танымал авторлардың бірі болды. Оның арифметика мен музыка, логика мен теология саласындағы трактаттары, Арисстотельдің логикалық шығармаларының аудармасы – орта ғасырлық білім беру жүйесі мен философиясының іргетасы болды.

Вестготтық Испаниядан шыққан көрнекті оқымыстылардың бірі Исидор Севильский (570 – 636) орта ғасырлардағы бірінші энциклопедист ғалым ретінде танымал болды. Оның негізгі еңбегі “Этимология” 20 кітаптан тұрды.

Ерте орта ғасырлар варварлыр тайпалардың этникалық сана сезімінің де дамыған кезеңі. Нақ осы уақытта римдіктердің емес, варварлардың іс -әрекетін, қызметін баяндаған еңбектер пайда болды: Иорданның “Гетикасы” (ҮІ ғ.), Григорий Турскийдің “Франктар тарихы” (ҮІ ғ.), Исидор Севильскийдің (ҮІІғ) “Гот, вандалдар мен свев корольдарының тарихы туралы); Павел Диаконның “Лангобардтар тарихы” (ҮІІІ ғ.) т.б.

Ерте орта ғасырлық мәдениет–кейінгі антик, христиандық және варварлық үрдістердің синтезінен қалыптасқан, күрделі құбылыс. Нақ осы уақытта болашақ Европа өркениетінің архетипін анықтаған процесстер жүрді. ХІ – ХҮ ғасырларда орта ғасырлық батыс европа мәдениеті өзінің классикалық формаларына йе болды.XIV-XV ғасырларда европада жаңа құбылыс Қайта Өрлеу мен Гуманизм жоғарғы сатыға жетті.

2. Орта ғасырларда мектептің үш түрі болды: төменгі мектептерде , бастауыш сауатын ашқан діни қызметшілер – клириктер даярланды. Мұнда латын тілін білуге басты назар аударылды, өйткені діни рәсімдер мен дұғалар латын тілінде оқылып, атқарылды. Епископаттық кафедралардағы орта мектептерде жеті “еркін өнер” (грамматика, риторика, диалектика немесе логика, арифметика, геометрия, астрономия, музыка) оқылды. Алғашқы үш ғылым жинақталып тривиум, соңғы төртеуі – квадривиум деп аталды. Жоғарғы мектеп studia generalia (дәлме дәл: жалпы ғылымдар), кейіннен университеттер деп аталды (Латынның Universitas – профессорлар мен студенттер қауымы, корпорациясы).

Алғашқы университеттер ХІІ – ғасырда епископаттық мектептер негізінде пайда болды. ХІІІ – ғасырда ондай жоғарғы мектептер Балонияда, Монпельеде, Палермода, Парижде, Оксфордта, Салернода болды. ХҮ – ғасырдың басында Европада 60 – қа жуық университет қызмет етті. Көптеген университеттер Париж университеті үлгісінде құрылды. Париж университетінде төрт: артистік, медицина, заң және дінтану факультеттері ашылды. Европаның ең көне университеттерінің қатарында Кембридж, Неополитан, Прага, Краков, Гейдельберг, Эрфурт, Кельн т.б. университеттер айрықша орын алады. 1500- жылы бүкіл Европада 65 университет болды. Университеттердің заңнамалық, әкімшілік, финанстық автономиясы рим папаларының немесе корольдардың арнайы құжаттарымен беріліп отырды. ХІІ – ғасырға дейін кітаптар негізінен шіркеу кітапханаларында шоғырландырылса, ХІІІ – ХҮ ғасырларда университеттер жанында, король сарайында, ірі феодалдардың үйінде, ауқатты қалалықтарда бай кітап-ханалар пайда болды.

Орта ғасырлардағы университеттердегі сабақ латын тілінде жүрді. Сабақ берудің негізгі методы профессорлардың лекциялары болды. Ғылыми пікір алысудың танымал әдістерінің бірі пікір таласулар, көпшілік алдындағы диспуттар еді. Негізгі тақырыптары діни – философиялық сипат алды. Диспуттарға негізінен университет профессорлары қатысып, студенттер тыңдап отырды. Кейіннен мұндай диспуттар студенттер арасында да ұйымдастырылды.

Орта ғасырлық архитектура. ІХ–ХІІ ғасырларда Европада екі негізгі архитектураның стиль – романдық және готикалық – алмасты. Королингтер дәуірінде бастау алған романдық стиль – ежелгі рим архитектурасына електеу болды. Шын мәнісінде, романдық архитектуралық стиль – антикалық, рим стильіне қарағанда өте дөрекі де, тұрпайы болды. Қалың қабырғалар, салыстырмалы түрде аласа күмбездер, қалың әрі тапал калонналар, тар әрі шағын терезелер сол дәуірдегі әлі әлсіз құрылыс техникасынан және саяси жағдайдан (бытыраңқылық) мол хабардар береді.

Техникалық жағынан алып қарағанда неғұрлым жетілген және әсерлі де тиімдісі готикалық архитектуралық стиль ХІІ – ХІІІ ғасырларда Оңтүстік Франциядан бастау алып, бүкіл Европаға тарады. Оның сипатты ерекшеліктерінің бірі архитектордың неғұрлым ғимаратты биік етіп салуға ұмтылуы. Жартылай шеңберлі күмбез тәрізді арканың орнын көкке тік бағытталған сүйрік арка алды. “Готика” атауын айналымға енгізген кейінгі гуманистер еді. Олар орта ғасырға жататын нәрселердің барлығын готика деп атаған. Готикалық Соборлардың ішінде биік те әсем колонналар көп болды. Терезелері үлкен келіп, әртүрлі, түрлі түсті шынылармен көмкерілді. Дөңесте шығыңқы - мүсіндер, барельефтер, аспалы аркалар, ғажайып тасты сызбалар ғимараттың ішімен сыртына керемет әр беріп тұрды. Бірнеше заңғар мұнаралар мен биік порталдар (есік) Гот ғимараттарына айрықша сән салтанат берді. Готикалық ғимараттар орта ғасырлық қаланың өзіндік архитектуралық орталығы болды.

Роман және Готтың стильдерден бөлек орта ғасырларда Италияда: Византиялық және Испанияда араб (Мавританиялық) стильдері болды.

Роман архитектураларының ескерткіштері болып Францияның Пуатье және Арле, Германияның Шпейер, Вормс, Майнц, Аахен қалаларындағы, ал Готикалық өнердің тамаша ескерткіштері Париждегі құдай ана саборы және Францияның Руан, Реймс, Шартр қалаларындағы саборлар болып табылады. Италиядағы Византиялық стильдегі салынған Венеция қалаларындағы Әулие Марктің саборы болды. Испанияның Севилье аласындағы Алькасар, Гренададағы, Альгамбра мешіті-сарайлары араб стильінде салынды.



Рыцарлық мәдениет. Орта ғасырлардағы романтикаға толы мәдениеттердің бірі рыцарлық мәдениет болды. ХІ – ХҮ ғасырларда рыцарлық мәдени гүлденді. Сееньорға деген адалдық рыцарлық этостың (мінез – құлық нормалары) ядросы болды. Сатқындық пен опасыздық рыцарь үшін ауыр күнә болып есептеліп, ондай жағдайда рыцарлық корпарациядан шығу қаупі төнді. Соғыс рыцардың кәсібі болды, алайда уақыттың өтуімен рыцарлық әділетті жақтаушылар ретінде қабылдана бастады. Рыцарлық ар– ождан кодексі – рыцарлардан көп қасиетті талап етті. “Рыцарьдің ісі бекзатты болып, ізгілікті өмір салтын ұстануы қажет” болды.Сарай маңындағы бекзадалық мәдениеттің қалыптасуы да рыцарлықпен байланысты (айрықша мінез желісі, тұрмыс ерекшелігі, сезімін білдірудегі асқақтық). Әйелге табыну, аса құрметтеу бекзадалық мәдениеттің маңызды элементі болды. Жүрек қалауы болған әйел, құдай анадай құрметтелді, ерлік оның құрметіне жасалды ,ол әнге қосылып жырланды. Рыцарьлар даңқты сүйді, олардың есімін бүкіл христиан әлемі білуге тиіс болды. Рыцарлық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі – рыцарлық турнирлер ХІІІ – ХІҮ ғасырларда айрықша танымал болды. Рыцарлық ортада “Ролланд туралы жыр” (ХІ), “Менің Сидім туралы жыр” (ХІІ), “Нибелунгтер туралы жыр” (ХІІІ ғ.) – т.б. эпостары дүниеге келді.

Қалалық әдебиеттің танымал жанрлары - өлеңмен жазылған новеллалар, мысалдар, әзіл – оспақ (Францияда фаблио, Германияда шванктар) т.б. Діни уағызға қарағанда бұларға сатиралық рух, тұрпайы қалжың, жарқын бейнелілік тән болды. Фаблио мен шванктарда кейіпкерлердің жаңа типі – шаршамайтын шалдықпайтын, сары уайымға салынбайтын, ақылды да тапқыр, ең қиын жағдайлардан жол тауып кететін – пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет