Жиынтық бағалау: Әр аудиториялық сабақ төмендегі күнтізбелік кестеге сәйкес алдын-ала дайындалуы керек. Үйге берілген тапсырмалар сабақ кестесінде көрсетілгендей семестр бойы орындалады. Бағалау критерийі студенттердің білімін бағалау көрсеткіштері: студент дәріс сабақтарына, СОӨЖ сабақтарына толық қатысып, СОӨЖ және СӨЖ бойынша барлық тапсырмаларды орындаған жағдайда ең жоғары балл; тапсырманы орындауға шығармашылық үшін көтермелеу балын, толық орындалмаған жазба жұмыстары, тапсырмалардың орындалмауы, босатқан сабақтары, тапсырмаларды белгіленген мерзімде тапсырмағандары үшін айып балдарын алуы мүмкін. СӨЖ жүргізу кезінде келесі ережелерді сақтау керек: СӨЖ көрсетілген мерзімде аяқталуы керек. Кейін СӨЖ қабылданбайды.
Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,6 + емт 0,4
Қалыптасатын құзыреттіліктер: Жоғары кәсіптік білім берудің бағдарламасына сәйкес бітіруші түлек құзыреттілігіне қойылатын талаптарына сәйкес, студент:
- ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі ролі туралы;
- әлемдік білім кеңістігіндегі қазіргі тенденциялар жөнінде;
- 12-жылдық орта білім беретін мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктері туралы және т.б. түсінуге;
- қазіргі қоғамдағы педагогтың әлеуметтік мәні мен рөлі туралы;
- болашақ мамандықтарының әлеуметтік мәні мен мазмұны туралы;
- болашақ мұғалім іс-әрекетінің объектісі жайлы;
- педагогтың үздіксіз кәсіби-тұлғалық қалыптасуының факторлары туралы.
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы;
- педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін және оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды;
- тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын;
- педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын;
- мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін және т.б. білуге;
Біліктілікті игеру:
- педагогикалық үдерісте педагогикалық қарым-қатынасты орната алу және өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;
- сөйлеу және педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін, өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу негіздерін меңгеру;
- педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиелік тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру;
- сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) және оның ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыру;
- оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-әрекет түрлерін, формалары мен әдістерін таңдау;
- білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну және т.б. біліктіліктерін игеруге;
Достарыңызбен бөлісу: |