Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет62/74
Дата24.05.2023
өлшемі215.38 Kb.
#474217
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Дидактиканың міндеттері:
- білім беру мақсатын ғылыми негіздеу, білім беру мазмұнын құрылымын анықтау, білім беру мазмұнының оқытудың әрбір деңгейіндегі көлемін нақтылау;
- оқыту үдерісінің теориялық модельдерін ойластыру және оны практикада тексеру;
- оқыту үдерісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілген жаңа жүйесін, оқытудың жаңа технологияларын жасау.
Бүгін дидактика білім беру және оқыту туралы ғылым ретінде танылып отыр.
Я.А. Коменскийдің педагогикалық теориясы.
«Дидактика» термині грек тілінен шыққан, яғни «didaktikos»-үйренуші, ал «didasko»-зерттеуші деген мағынаны білдірген. «Дидактика» түсінігі мазмұнын толық түсіну үшін, бұл ғылыми пәннің дамуына қысқаша тарихи шолу берген жөн. Тарихта ұзақ уақыттар бойы «педагогика» терминімен қатар «дидактика» термині бір мағынада қолданылып келген. Ең алғаш рет оны ғылымға неміс педагогі В. Ратке (1571-1635 жж.) енгізген және өзінің лекция курсына «Дидактикадан қысқаша ғана есеп нәтижесі немесе Ратихияның оқыту шеберлігі» деп атаған. Коменский Ян Амос (1592– 1670 жж. ) - чех педагогы, қоғам қайраткері.
Ол 1657 ж. Амстердамда өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегін бастырып шығарды. Коменскийдің педагогикалық көзқарастары – гуманизм мен демократияға негізделген. Ол ортағасырлық жаттамалы оқуға, баланы жазалап оқытуға қарсы болды. Я.А. Коменский дидактиканы «бәрін бәріне оқыту өнері» ретінде қарастырды Дидактиканың құрамында ол «жан-жақты моральдікке бағытталған ойлардың қалыптасуы» туралы оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын қарастырды. Мектеп баланың «адамгершілік, сүйіспеншлік шеберханасы» болуы керек деген көқарасты насихаттады. Коменский адам танымының үш сатысын анықтады. Олар: 1) эмпирикалық; 2) теориялық; 3) практикалық. Коменский тәрбиені адамның табиғатына сәйкес жүргізу керек деп есептеді. Ол оқытудың жеті түрлі принципін анықтады: білім беру үдерісін көрініп тұран заттан бастап, біртіндеп абстрактылыққа көшіру, жеңілден ауырға қарай жылжу, көрнекілікке басакөңіл бөлу, білімнің жүйелі түрде меңгерілуі, білім сатыларының бір- бірімен байланысты берілуі, теорияның пратикалық өмірмен тығыз байланысты болуы, баланың жас және жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып білімді меңгеру.
Коменский бурыңғай білім беру жүйесін ұсынды: ана мектебі (6-12 жас аралығы), ана тілі мектебі (12-18 жас), академия (18-24 жас). Ол оқу жылын тоқсанға жіктеу, оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - сынып-сабақ жйесін педагогика тарихында алғаш рет ұсынды. Коменский оқулықтарға талаптарды да анықтады. Оның педагогикалық талабы бойынша, оқулық жүйелі, ғылыми негізге сүйенген, теория мен тәжірибенің байланысын іске асыруға талпыныс жасауы қажет.
Коменскийдің дидактикалық принципін әлемнің педагог-ғалымдары ұдайы қағида тұтып, басшылыққа алып келеді.
Педагогика ғылымының дамуы барысында дидактика білім беру мен оқытуға көңіл аудара бастайды. Әлемдік дидактиканың дамуына Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841 жж.), И.Г. Песталоцци (1746-1827 жж.), А. Дистерверг (1790-1816 жж.), К.Д.Ушинский (1824-1870 жж.), Д.Дьюи (1859-1952 жж.), Г.Кершенштейнер (1854-1932 жж.), В.Лай (1862-1926 жж.) және т.б. үлкен еңбек сіңірді.
.Дамыта оқытудың мақсаты білім алушының күнделікті өмірге тәуелсіз, сонымен қатар ақиқатты іздей отырып, өзіндік оқуы арқылы білім алуға қол жеткізуі. Модульдік оқыту – оқу ақпаратын блокты – модуль негізінде беру арқылы оқу процесін ұйымдастыру тәсілі. Оқу мазмұны ақпаратты блоктарда беріледі де меңгеру мақсатқа сәйкес жүзеге асырылады. Проблемалық оқыту – өзіндік дүниетанымын қалыптастырудың барынша өзекті құралы. Проблемалық оқытудың тиімділігі ол білім алушылардың сыни, шығармашылық, диалектикалық ойлауын қалыптастыру міндетін шешуден тұрады. Оқытудың үш функциясы бар: білім беру, тәрбиелік, дамытушылық.
Білім реформалары қазір әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр. Оларда бейімдік оқыту мәселесіне көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жағдайында бейімдік оқыту мәселесін дұрыс шешуге мүмкіндік бар.
Бейімдік (міндетті) оқу бағдарламалары шығармашылық (тереңдетіп оқыту) және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін.
Жалпы орта білім берудің басты мақсаты – әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі іске асыруға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделерін үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі үш деңгейін бөліп алуға болады, олар: жалпы теориялық, түсінік деңгейі, оқу материалының деңгейі. Жалпы орта білім беру тәжірибесінде оқу жоспарының бірнеше түрі орындалады: базистік, типтік, жұмыстық. Базистік оқу жоспары бұл негізгі мемлекеттік нормативтік құжат, мемлекеттік стандарттардың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол типтік және жұмыстық оқу жоспарының негізгі және мектепті қаржыландырудың басты құжаты ретінде қызмет етеді. Типтік оқу жоспары базистік жоспар негізінде жасалады. Жалпы орта білім беретін мектептің оқу жоспары базистік оқу жоспарының нормативтерін сақтай отырып құрылады. Мектептің оқу жоспарының 2 түрі болады.

  • мектептің өз оқу жоспары, ол ұзақ мерзімге жасалады да, нақты бір мектептің екшеліктерін көрсетеді.

  • Жұмыстық оқу жоспары, ағымдағы жайларды ескере отырып жасалынады да, жыл сайын мектептің педкеңесінің шешімімен бекітіледі.

Жалпы білім беретін орта мектептің базистік оқу жоспары негізгі сабақтастық ұстанымдарын жүзеге асыру болып табылады. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар:1-фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі. Қазіргі білім беру тұлғалық-бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы-оқушыларға механикалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңіcтігін құру. Оқушыларды жоғары мектеп жүйесіндегі білім алуға даярлау арқылы жалпы орта білім алу формаларын маңдау мақсатында жоғары буынды оқытуды бағдарландыру және бүкіләлемдік беталыстарды ескере отырып арнайы ұйымдастырушылық, әдістемелік жағынан жағдай туғызылуы тиіс.
2-фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау. Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20 сағаттың орнына 22 сағат, жоғары сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін орындайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, республикада 2 миллионнан астам бала 66% әр түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүшелерінің, көз, асқорыту, жүйке-психикалық, тірек-қозғалыс аппараттарының зақымдануы сияқты т.б. аурулар ондаған есеге артып отыр.12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесін азайту, оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларына, бос уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды. 3-фактор.Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету. Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру нарығының қажеттіліктеріне орай оқытудың тәжірибелік бағытына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете алмайды. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.Негізге мектептен кейін көпшілік оқушылар кәсіптік мектептерде немесе колледждерде оқиды. Кәсіптік мектеп (11-12 сыныптар) оқушылардың еңбек нарығына, өз кәсіптеріне бейімделулеріне жағдай туғызады. Ендеше 12 жылдық мектеп оқушыларының әлеуметтік дамуына, болашақ мамандықтары бойынша қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбек нарығына бейімделулеріне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына септеседі.4-фактор. Оқу сапасын арттыру. 12 жылдық білім беруге көшу күнделікті оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін педагогикалық жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асады. 5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс-тәжірибелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет