Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару техникасы және базалық машиналар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған



бет17/17
Дата09.07.2016
өлшемі9.77 Mb.
#187724
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Практикалық сабақ №5 Жүктерді орау
Сабақтың мақсаты: Жүктерді орау арнайы ілмектермен жүзеге асырылады, ал олар жоқ болған кезде – тікелей жүктің өзін көтереді. Негізгі такелажды тораптар төменде көрсетілген. Жүктерді орап үйрену.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5



Тік – кендір және капрон арқандарды қосып бос тарту


Күрмеп байлаукендір және капрон арқандарды біріктіріп, мықтап қосып ілмек жасау



Қосарлы тіккендір және капрон арқанды қатты тартып біріктіру


Ажыратқыш - (бір элемент үшін) кендір және капрон арқандармен ажырату


Ажыратқыш - (екі элемент үшін) кендір және капрон арқандармен ажырату



Тіктеп байлау – болат арқандарды біріктіру және болат арқанның ұшынан ілмек шығару



Тіктеп байлау – кендір арқандарды біріктіріп жалғау



Тартылмайтын ілгек – әртүрлі заттарға өзгертілмейтін уақытша ілгек кигізу



Тартылмайтын ілгек – әртүрлі заттарға өзгертілмейтін уақытша ілгек кигізу



«Бұғалық» (Лассо) – әртүрлі заттарға кендір және капрон арқандарды тартып байлау



Қарапайым үзік-үзік байлауболат және кендір арқанды діңгекке, не болмаса дөңгелек стерженьді көтеру үшін бекіту



Екі қабаттап үзік – үзік байлау – болат және кендір арқанды діңгекке не болмаса дөңгелек стерженьді көтеру үшін бекіту

20d



Қатты ілмек – тартқанға дейін және кейін. Оларды бір немесе екі ұшынан орау кезінде болат және кендір арқан­дарды байлау. Екінші ұшының ұзындығы арқан ұзындығынан 20 диаметрден кем болмау керек.



Айқастырылған ілмек – тартқанға дейін және кейін. Болат және кендір арқандардың бір ұшына жүкті орап байлау



Ілгекке матау – тартқанға дейін және кейін. Жүкті көтеру үшін жеңіл болат және кендір тростарды арқанның бір ұшына ілмексіз байлау



Қабаттап шлаптен бірге сегіздік байлау – тұрқы ұзын заттарды көтеру (тақтай, бөрене, діңгек)



Бекімелі байлаутартқанға дейін. Белгілі бір қалыпта ұстап тұру үшін кендір арқанды болат арқанға бекіту (бағытқа қарай байланады, арқанды қайта түсіру)



Тіктеп матап байлауболат және кендір арқандарды байлап, үлкен ұзындықтағы жүктерді тік жағдайда көтеру



Бекімелі байлау - тартқаннан кейін. Белгілі бір қалыпта ұстап тұру үшін кендір арқанды болат арқанға бекіту (бағытқа қарай байланады, арқанды қайта түсіру)



Ілгекке қарапайым айқастырып ілуарқанның екі ұшына жүкті байлау кезінде болат және кендір арқан­дарды ілмексіз ілгекке байлау



Ілгекке қосарлап айқастыра байлау – арқанның екі ұшына жүкті байлау кезінде болат және кендір арқандарды ілмексіз ілгекке байла



Ілгекті – тартқанға дейін және кейін. Арқанның бір ұшына жүкті ілу үшін болат және кендір арқандарды ілмексіз байлау. Арқанның ұзын бос ұшы арқанның 20 диаметрінен кем болмау керек



Қатты буындырып байлау – тұрқы ұзын заттарды көтеру (тақтай, бөрене, діңгек)



Жылжымалы штык – арқанды стерженьмен бекіту (құбырмен, діңгекпен, зәкірмен)



Үзікпен қысқартып байлау – кендір және капрон арқандарды үзікпен қысқарту



Күрделі қысқарту - кендір және капрон арқандарды кеспей қысқарту



Қабаттап буындырып байлау – тартылмайтын ілмектердің кендір және капрон жіптердің ұштарында пайда болу


Қабаттап буындырып байлау – тартылмайтын ілмектердің кендір жіптің ұшында байлануы



Аспалы (ілмелі) біріктірушікендір және капрон арқандарды қосу



Қатайтып сақиналап байлауболат арқандардың ұшын нығыздап түйістіріп байлау



Тартылмайтын – кендір және капрон арқандардың ұшында тартылмайтын ілмектердің пайда болуы



Шөмішке байлау (ілу)болат арқанның ожаумен және ілмекпен бітетін болат арқанды ұзарту. Ұзартылған арқандардың ұшына қысқыш қойылады



Кендір арқанды ұзартушөмішпен немесе ілмекпен бітетін кендір арқанды ұзарту

№5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Жүктеді ораудың түрлері

  2. Қауіпсіздік ережелері


Практикалық сабақ №6 Такелажды жұмыс кезіндегі белгі дабылы.

Сабақтың мақсаты: Дабылды бейнелеу, суреттеу, көрсетуді үйрену.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6

Жүкті немесе ілгекті көтеру

Үзік – үзік қозғалыс кезінде алақаныңды жайып, қолыңды жоғары көтеру, қол шынтақтан бүгіледі



Жүкті немесе ілгекті түсіру

Үзік – үзік қозғалыс кезінде алақаныңды жайып, қолыңды төмен түсіру, қол шынтақтан бүгіледі



Жебені көтеру

Өзіңнің алдындағы созылған қолыңды көлденең жағдайда жоғары көтеру



Жебені түсіру

Өзіңнің алдыңдағы созылған қолыңды көлденең жағдайда төмен түсіру



Жебені бұру

Өзіңнің алдыңда көлденең жағдайда созылған қолыңды керекті бағытқа бұру (оңға немесе солға)



Телескоптық жебені итеріп шығару


Оң қол көлденең созылады. Сол қолдың алақаны оң қолдың барлық ұзындығы бойымен «өзіңнен кері» бағытқа қарай жылжиды
Телескоптық жебені тарту

Оң қол көлденең созылады. Сол қолдың алақаны оң қолдың барлық ұзындығы бойымен «өзіңе қарай» бағытталып жылжиды



Кранды козғалту

Қажетті бағытқа қарай кранның орнын ауыстыру үшін қолды алақанмен өзіңнен ары қозғалту



абайла, «сәл сәл»

Қолдың саусақтары алақанмен шағын қашықтықта, бір – біріне қаратылады, сонымен бірге қол жоғары көтеріледі



Тоқта (орын ауыстыруды тоқтату)

Қолды шынтақтан бүгіп, белдің деңгейінде оңды – солды жылдам қимылдату, алақан төмен қарайды



Жұмыстағы үзіліс

Қолдарды бастың деңгейінде айқастыру


№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Такелажды жұмыс кезіндегі белгі дабылы

  2. Дабылды бейнелеу, суреттеу, көрсету ережелері.


Практикалық сабақ №7 Өрт сөндіру автомобилі және өрт сөндіру техникасы

Сабақтың мақсаты: Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдармен танысу.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7

Өрт сөндіру техникасы. Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. Өрт сөндіру техникасын жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған. Б.з.б. ежелгі грек механигі әрі өнертапқышы Ктесиби суды жоғары қарай шашатын машина жасаған. Бұл – су сепкіш машинаның ең алғашқы үлгісі еді. 16 ғасырларда өрт сөндіргіш қол насостары жасалды. Бу машинасы шыққаннан кейін онымен жұмыс істейтін өрт сөндіргіш қондырғылар жасалды. Бұлар ат арбамен тасылды. Кейіннен ат арбаның орнына бу автомобилі пайдаланылды. Алғашқы кезде іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған автомобильдер өрт сөндірушілерді ғана тасыса, бертін келе оған өрт сөндіру сорғылары орнатылды. 1907 жылы автомобильге механикалық өрт сөндіру сатысы орнатылды. Өрт сөндіру ісінде автомобильді пайдалану өрт сөндіру техникасына түбегейлі өзгеріс әкелді. Ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруге су пайдаланылып келді. Кейбір жағдайларда, яғни май мен мұнай жанған кезде сумен өшіру мүмкін болмады. 20 ғасырлардың бас кезінен өрт сөндіру ісіне химиялық көбіктер пайдаланылуда.

Өрт сөндіру автомобилі. Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі ӨСА-не автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы станциаларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер жатады, олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады. Автоцистерналы ӨСА өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт сөндіруге қажет әр түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады. Өрт сөндіру сатысы, жарықтандыру, техникалық, т.б. мақсаттарға арналған құралдармен жабдықталған автомобиль арнайы ӨСА деп аталады. Техника қызметтің ӨСА өрт ошағына өрт сөндірушілерді, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза ауа айдайтын, үйді бұзатын не тесетін, жөндейтін, т.б. құрал-жабдықтарды тасиды. Көмекші ӨСА ірі өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру техникасының жұмысына көмек (жанар май құяды, жөндейді, тех. қызмет көрсетеді) көрсетеді, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады. Барлық ӨСА-н өзге көлік түрлерінен оңай ажырату үшін қызыл түске (немесе қызыл және ақ) бояйды. ӨСА көк сәулелі шамшырақпен және сиренамен жабдықталады.

Өрт сөндіру депосы. Өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері, өрт сөндіру автомобильдері мен құрал-жабдықтары орналастырылған ғимарат. ӨСД-ның құрамында: тұрақ, байланыс пункті, класс бөлмелері, кезекшілер тынығатын бөлмелер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту посттары, өрт сөндіруге қажет құралдар мен жабдықтар қоймасы, т.б. бөлмелер болады. ӨСД-нда 2-ден 8-ге дейін (кейде одан да көп) өрт сөндіру автомобилі болады. Автомобильдер тұрақта бір қатар болып тұрады. Депо ауласында оқу-жаттығу қалашығы, жанар май ст. болады. Біздің республикамыз бойынша ең алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі 1877 жылы Верный (қазіргі Алматы қ.) қаласында ұйымдастырылған. Ол кезде өрт сөндірушілер және сорғылар мен су құйылған бөшкелер ат арбамен тасылған.

Өрт сөндіру кемесі. Кемелерде және порт аймағындағы өртті сөндіруге арналған кеме. Ол арнаулы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. ӨСК-нде суды лафеттік оқпанға айдайтын сорғы бар. Сорғы кемеқозғалтқышы немесе арнайы жетекпен жұмыс істейді. Сорғы сағатына 1000 м3-ге дейін су айдай алады. Су атқыш лафеттік оқпан кеменің тұмсық жағына не кормасына орнатылады. Лафеттік оқпандар алыстан басқарылады. ӨСК-нде көбікті от сөндіргіш заттар толтырылған ыдыстар болуы себепті танкерлер мен жағалаулардағы мұнай қоймаларында шыққан өртті сөндіруге де болады.

Өрт сөндіру сатысы. Өрт сөндіру сатысы (ӨСС) – өрт болып жатқан үйдің үстіңгі қабатына өрт сөндірушілерді және құралдарды шығаруға әрі ол жердегі адамдарды өрттен құтқаруға арналған ұзын саты. ӨСС-ның қол саты, автомобильдік және орнықты саты деп аталатын түрлері бар. Қол сатысы жиналмалы және аспалы болады. Жиналмалы қол сатысы созылған кезде 10 метірге дейін ұзарады. Автомобильдік ӨСС (ұз. 16, 30 және 45 метірге дейін жетеді) және иінді автокөтергіш (18 не 30 м биіктікке дейін көтереді) деп екіге бөлінеді. ӨСС-ның жоғары иініне су атқыш лафеттік оқпан орнатылады. Орнықты ӨСС әр үйдің сыртына орнатылады.
№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Өрт сөндіру автомобилі

  2. Өрт сөндіру техникалары



Практикалық сабақ №8 Хабарландыру және байланыс құралдарын басқару жүйесі

Сабақтың мақсаты: Хабарландыру және байланыс құралдарын басқару жүйесімен танысу.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8

Байланыс – бұл нақты ұйым мен іздестіру – құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел өткізудің маңызды элементі. Байланыстың ең негізгі бір түрі радиобайланыс болып табылады. ТЖ аймағына жылжу кезінде ол KB және УКВ радиостанциясы командалық – штабтық машинасымен немесе басқа көлік құралдарымен жөнделеді.

Радиохабарды өткізу тәртібі алдын ала белгіленіп, экипаж, станция, байланыс операторлары мен басқа да тартылған мамандарға жеткізіледі. ІҚЖ өткізу кезінде тораптар мен байланыс станциялары, ереже бойынша, бір дегеннен, сонымен қоса барлық элементтер бір уақытта құрастырылады. Тораптар мен байланыс станцияларының орналасуы мен инженерлік жабдықталуы:

  • байланыс құралдары мен жеке құрамды ТЖ – ның зақымдаушы әсерінен қорғауды;

  • талап етілген байланысты уақытында орнатуды және басқару пунктінің лауазымды тұлғаларына жеткізуді;

  • байланыс құралдарының пайдалануға қолайлы болуын;

  • ТЖ зақым келтіру факторларының қауіпі төнген кезде жылдам көшіру мүмкіндігін;

  • байланысты жедел басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

ТЖ аймағында тораптар мен байланыс станцияларының жылдам әрі ширақ орналасуын қамтамасыз ету үшін, бұйрық жеке құрамға аймаққа көшер алдында беріледі, олар келгенде болған жағдайға сәйкес анықтай алады.

Байланыс тораптары мен олардың элементтерін орналастыратын орынды тандау кезінде ұйымдар мен радио – радиожелілік және сым байланыстарының шарттарын, байланыс құралдарын орналастыру мен оларды күзету мүмкіндіктерін ескеру керек.

Радиобайланыс радиобағыт және радиожелісі арқылы тәулік бойы немесе сеанс бойынша жүзеге асырылады. Пайдаланылатын қысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – бір полюсті модуляция тәртібіндегі телефон (БПМТ). Ультрақысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – модуляциялық жиілік тәртібіндегі телефон. (ЖМТ).

Сым құралдарымен байланыс бағыт бойынша және ось бойынша өрістеп отырады. Алғашқы ұйымдастыру, ереже бойынша, бөліктерді, жеке бөлімшелерді қосу және далалық кабель желілерін жүргізуді басқару пункттері арасында болады. Екіншісі – бірнеше басқару пункттері арасында бір кабелді желілер бойынша ұйымдастырылады. Негізінен сымдық телефон байланысы қолданылады.

ІҚЖ кезінде құтқарушылар мен басшылар арасындағы байланыстардың үзілмеуі үшін мобильді және тасымалданушы радиостанциалар қолданылады. Ауруханалармен және басқа ұйымдармен, сонымен қатар, едәуір қашықтықта орналасқан күштермен байланыс үшін, ұялы телефон байланысы, сондай – ақ СВ және УКВ диапозонды радиостанциялар пайдаланылады.



Жұмыс түрлерінің көптігі, олардың орындалу шарттары, ТЖ – ның әртүрлі қысылтаяң – ерекше факторларының әсері, уақыт тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданатын қорғану құралдарына, құрал – саймандарға, көлік құралдарына жоғары талап қояды.
№8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Хабарландыру және байланыс құралдарын басқару жүйесі

  2. Сым құралдарымен байланыс

  3. Радиохабарды өткізу тәртібі


Емтихан сұрақтары

  1. Құтқару техникасы және байланыс құралдарының мәні.

  2. Қазақстан Республикасының транспорттық жүйесінің бірлігі.

  3. Автомобиль транспорты, олардың эксплуатациялық көрсеткіштері

  4. Іздеу-құтқару және апаттық құтқару құралдары

  5. Жол – жерқазу құралдары

  6. Жүк көтергіш құралдар

  7. Сумен және электрмен қамтамасыз ету құралдары

  8. Кіші механизация құралдары

  9. ТЖ байланысты ұйымдастыру мен басқарудың сенімділігін қамтамасыз ету жолдары

  10. Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды тасымалданатын радиостанциялар эксплуатациясы

  11. Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды мобильді радиостанциялар эксплуатациясы

  12. Хабарландыру және байланыс құралдарын басқару жүйесі

  13. ТЖ аймағын материальды техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

  14. Радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зардап кезінде транспортпен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру

  15. Қауіпті жүктерді тасымалдау

  16. Желілік хабарласу, байланыс құралдарының негізгі техникалық көрсеткіштері.

  17. Жабдықтар мен саймандар

  18. Түйіндер.

  19. Таудағы қозғалысқа байланысты қолданылатын түйіндер

  20. Құтқарушылардың жабдықталуына қойылатын талаптар

  21. ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын саймандар

  22. ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын механизмдер, машиналар

  23. ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстар

  24. Такелажды жұмысты орындау үшін негізгі жүк көтеретін құралдар

  25. Такелажды жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік ережелері

  26. Жүктерді орау

  27. Такелажды жұмыс кезіндегі белгі дабылы

  28. Шұғыл радиостанциялар

  29. Радиотолқындар түрінің топтастырылуы

  30. Радиобайланысты ұйымдастырудың принциптері

  31. Шұғыл радиостанциялардың техникалық сипаттамасы, жинақтық құрылымы және жұмыс принциптері

  32. Автокөліктік радиостанциялардың негізгі техникалық сипаттамасы

  33. Тасымалдаушы радиостанциялар

  34. «Виола-Н» РАДИОСТАНЦИЯСЫ

  35. «Сигнал-402А» радиостанциясының қабылдағышпередатчигі мен манипуляциясы индикациясының сәулелік мағынасы

  36. «Гранит Р-33П-1» РАДИОСТАНЦИЯСЫ

  37. Транспорт туралы негізгі түсініктер

  38. Құрлыс жүктерін тасымалдау ерекшеліктері.

  39. Транспорттың жіктелуі.

  40. Қауіпті жүктерді тасымалдау ерекшеліктері.

  41. Жолаушы тасымал транспортының жіктелуі

  42. Ультра қысқа толқындағы радиостанцияларды пайдалану шеңберлері

  43. Транспорт жұмысына әсер ететін жағдайлар.

  44. Р-105м, Р-107м радиостанцияларының құрлысы, жұмыс принципі, пайдалану көрсеткіштері

  45. Жүкті тиеп-түсіру жұмыстарының элементтері.

  46. Байланыс құралдарын басқару жүйелері. Оларды күту, пайдалану жолдары.

  47. Жүкті тасымалдау технологиялары.

  48. ТЖ кезінде материалдық қамтамасыз етуді жоспарлау.

  49. Автомобиль трансрортымен жүкті тасымалдау технологиясы.

  50. Транспорттық жұмыстарды атқаруға қажетті техниканы жоспарлау.

  51. Темір жол транспортымен жүкті тасымалдау технологиясы.

  52. Техниканы күту, жөндеудің маңызы, олардың түрлері.

  53. Радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зардап кезінде транспортпен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру.

  54. Әуе транспортымен жүкті тасымалдау технологиясы.

  55. Өзен, теңізтранспортымен жүктерді тасымалдау технологиясы.

  56. Жер сілкінісі жағдайын үнемі бақылаудың жолдары.

  57. Т-57 байланыс құралының құрылысы, негізгі техникалық көрсеткіштері.

  58. Құтқару, шұғыл жұмыстарды атқаруға, қалпына келтіру жұмыстарын атқаруға техниканы бөлу, оны басқару жолдары.

  59. Көлік туралы ұғым.

  60. Жүкті тиеп-түсіру жұмыстарының элементтері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет